AEG 4703RVD-MN Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя

Это руководство также подходит для

4703RVD
KK ПЕШ ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ
НҰСҚАУЛАРЫ
2
RU КУХОННАЯ ПЛИТА ИНСТРУКЦИЯ ПО
ЭКСПЛУАТАЦИИ
35
МАЗМҰНЫ
4 ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
7 БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
8 БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
9 ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
10 ПЕШТІҢ ҮСТІ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
11 ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
12 ТҰМШАПЕШ- КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
14 ТҰМШАПЕШ - САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ
15 ТҰМШАПЕШ - КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ
18 ТҰМШАПЕШ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
29 ТҰМШАПЕШ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
33 НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...
34 ОРНАТУ
ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯН КЕЛДІРМЕУ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Белгі салынған материалдарды қайта өңдеуден өткізуге тапсырыңыз. Орам материалдарын
қайта өңдеуден өткізу үшін тиісті контейнерлерге салыңыз.
Электрлік және электроникалық құрылғылардың қалдығын қайта өңдеуден өткізу арқылы,
қоршаған ортаға және адамның денсаулығына зиын келтіретін жағдайларға жол бермеуге өз
үлесіңізді қосыңыз. Белгі
салынған құрылғыларды тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз.
Өнімді жергілікті қайта өңдеу орталығына өткізіңіз немесе жергілікті мекемеге хабарласыңыз.
БІЗДІҢ ВЕБ-САЙТҚА БАРЫП КЕЛЕСІНІ ҚАРАҢЫЗ:
- Өнімдер
- Кітапшалар
- Пайдаланушы нұсқаулықтары
- Ақаулықты түзету
- Өнімдер
www.aeg.com
ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР
Ескерту - Қауіпсіздік туралы маңызды мағлұмат.
Жалпы мағлұматтар менен кеңестер
Қорғаған ортаға зиян келдірмей пайдалану туралы нұсқаулар
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
2
www.aeg.com
ТАМАША НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТУ
AEG бұйымын таңдағаныңызға рахмет. Біз көптеген жылдар бойы, өмір сүруді барынша
жеңілдетуді алға мақсат етіп қоя отырып, үздік технологияға негізделген, әдеттегі тұрмыстық
техникада кездесе бермейтін функциялармен жабдықталған, мінсіз жұмыс жасайтын
құрылғыларды өндіріп келеміз. Бірнеше минут уақытыңызды бөліп, құрылғының мүмкіндігін
толық пайдалану үшін нұсқаулықпен танысып шығыңыз.
КЕРЕК-ЖАРАҚТАР МЕН ШЫҒЫНДЫҚ МАТЕРИАЛДАР
AEG онлайн дүкенінен AEG құрылғыларыңыздың барлығының мінсіз, тамаша жұмыс істеуін
қамтамасыз етуге қажетті заттың барлығын табасыз. Жоғары стандартқа сай жасалған
керек-жарақтардың ішінен арнайы ыдыс-аяқтардан бастап, ас үй құралдары салынатын
себеттерді, бөтелке қойғыштан бастап, кір жуғыш машинаға арналған нәзік тор тәрізді
заттардың барлығын таба аласыз...
интернеттегі мына дүкенге барыңыз:
www.aeg.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА КӨМЕК, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Біз фирмалық бөлшектерді қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда, келесі деректер қолыңызда болуға тиіс.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Үлгі
Өнім нөмірі
Сериялық нөмірі
ҚАЗАҚ
3
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Құрылғыны орнатып, пайдаланудан бұрын
осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз:
Өз қауіпсіздігіңіз бен мүлкіңіздің қауіпсіздігін
қамтамасыз ету үшін
Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін
Құрылғының дұрыс жұмыс істеуі үшін.
Осы нұсқаулықты әрқашан, тіпті құрылғыны
сатсаңыз да, көшірсеңіз де, онымен бірге
қалдырыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс
пайдаланбау нәтижесінде орын алған
ақаулықтар үшін өндіруші жауапты емес.
БАЛАЛАР МЕН ДӘРМЕНСІЗ
АДАМДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар
мен денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне
зақым келген адамдар не тәжірибесі аз
адамдар өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін
адамның қадағалауы бойынша немесе
құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша
берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау
салдарын түсінген жағдайда қолдануына
болады. Балалар құрылғымен ойнамауға
тиіс.
Орам материалдарының барлығын
балалардан алыс ұстаңыз. Тұншығып қалу
немесе жарақат алу қаупі бар.
Балалар мен үй жануарларын есігі ашық
тұрған немесе жұмыс істеп тұрған
құрылғыға жақындатпаңыз. Жарақат алу
немесе кемтар болып қалу қаупі бар.
Құрылғының бала қауіпсіздігі құралы не
түймешікті құрсаулау тетігі болса, соны
қолданыңыз. Бұл құрал балалар мен үй
жануарларының құрылғыны байқаусызда
іске қосуына жол бермейді.
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ
АҚПАРАТ
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамаларын өзгертпеңіз. Жарақат алу
немесе құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны назардан
тыс қалдырмаңыз.
Пайдаланып болғаннан кейін әрдайым
құрылғыны өшіріңіз.
ОРНАТУ
Осы құрылғыны лайықтау жағдайлары
затбелгіде (немесе деректер
тақташасында) жазылған.
Құрылғыны тек білікті техник орнатып,
электр желісіне қосуға тиіс. Уәкілетті
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Бұл құрылғының бөлшектерінің бүлінуіне
немесе адамның жарақаттануына жол
бермейді.
Құрылғының тасымалдау кезінде
бүлінбегеніне көз жеткізіңіз. Бүлінген
құрылғыны іске қоспаңыз. Қажет болса,
сатушыға хабарласыңыз.
Құрылғыны бірінші рет пайдаланардан
бұрын барлық орамдарын, жапсырмалары
мен төсемдерін алыңыз. Техникалық
ақпарат тақтайшасын алмаңыз. Бұл
кепілдікті заңды күшінен айырады.
Құрылғы қолданылатын елдегі заңдарды,
жарлықтарды, нұсқаулар мен талаптарды
(қауіпсіздік ережелері, қайта пайдалану
ережелері, электр немесе газ қауіпсіздігі
ережелері т.с.с.) толық орындаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде абай
болыңыз. Бұл құрылғының салмағы ауыр.
Әрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз.
Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
Құрылғыны орнату барысында оның қуат
көзінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз
(егер қажет болса).
Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың,
заттардың арасындағы минимум
арақашықтықты сақтаңыз.
Құрылғыны тағанға қоймаңыз.
ЭЛЕКТРТОҒЫНА ҚОСУ
Құрылғыны тек білікті электрші орнатып,
электр желісіне қосуға тиіс. Уәкілетті
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Бұл құрылғының бөлшектерінің бүлінуіне
немесе адамның жарақаттануына жол
бермейді.
Құрылғыны міндетті түрде жерге қосу
қажет.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз.
Кернеу туралы ақпарат техникалық ақпарат
тақтайшасында көрсетілген.
4
www.aeg.com
Сізде дұрыс оқшаулағыш құралдар болуға
тиіс: желіні қорғайтын ажыратқыштар,
сақтандырғыштар (ұстатқыштан алынған
бұрандалы сақтандырғыштар), жерге
тұйықталудан қорғау тетіктері мен
тұйықтағыштар.
Электрлік қондырғыда оқшаулағыш
құрылғы болуға тиіс, ол құрылғыны барлық
магниттік полюстерде желіден ажыратуға
мүмкіндік береді. Оқшаулағыш құрылғының
ені кем дегенде 3 мм түйіспе саңылауы
болуға тиіс.
Тоқ соғуынан қорғайтын бөліктер құралсыз
ажыратуға болмайтында етіп орнатылуға
тиіс.
Әрқашан дұрыс орнатылған, электр
қатерінен сақтандырылған розетканы
қолданыңыз.
Электр құрылғыларын розеткаларға қосқан
кезде, қорек сымдарын құрылғының ыстық
есігіне тигізбеңіз немесе жақындатпаңыз.
Көп істікшелі ашаларды, жалғастырғыштар
мен ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз. Өрт
шығу қаупі бар.
Құрылғының арт жағындағы электр ашасы
(егер қолданылса) мен қорек сымының
жаншылып немесе бүлініп қалмағанына көз
жеткізіңіз.
Орнатып болғаннан кейін электр
розеткасының қол жететін жерде тұрғанына
көз жеткізіңіз.
Құрылғыны ажырату үшін қуат сымынан
тартпаңыз. Әрқашан ашасынан (егер
болса) тартып ажыратыңыз.
Қорек сымын ауыстырмаңыз немесе
өзгертпеңіз. Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
ПАЙДАЛАНУ
Құрылғыны тек үйде тамақ пісіру үшін ғана
пайдаланыңыз. Құрылғыны коммерциялық
немесе өндірістік мақсатта қолданбаңыз.
Бұл адам жарақаттанып немесе мүлікке
зиян келмес үшін қажет.
Жұмыс барысында құрылғыны үнемі
қадағалап отырыңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін,
әрқашан құрылғыдан алыс тұрып ашыңыз.
Ыстық бу шығуы мүмкін. Күйіп қалу қаупі
бар.
Бұл құрылғыны суға тиіп тұрса
пайдаланбаңыз. Құрылғыны су қолмен іске
пайдаланбаңыз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда, пісіру
алаңы ысып кетеді. Күйіп қалу қаупі бар.
Пісіру алаңына темір заттарды, мысалы ас
құралдары мен кәстрөл қақпақтарын
қоймаңыз, себебі олар қызып кетеді.
Құрылғыны пайдаланған кезде оның іші
ысып кетеді. Күйіп қалу қаупі бар. Керек-
жарақтары мен кәстрөлдерді алып-салған
кезде қолғап киіңіз.
Құрылғы мен оның қол жететін жердегі
бөлшектері қолдану барысында ысып
тұрады. Қыздырғыш элементтерге қолыңыз
тиіп кетпес үшін абай болыңыз. Жас
балаларды үнемі қадағалап отырмасаңыз
құрылғыдан алыс ұстау керек.
Есікті абайлап ашыңыз. Алкоголь қосылған
қоспаларды қолданғанда, ауа мен алкоголь
қоспасы пайда болуы мүмкін. Өрт шығу
қаупі бар.
Есікті ашқан кезде жарқыл немесе ашық
отты құрылғыға жақындатпаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш
зат салынған дымқыл заттарды және/
немесе балқығыш заттарды (пластмасса
немесе алюминийден жасалған) заттарды
құрылғының қасына немесе үстіне, ішіне
қоймаңыз. Жарылыс немесе өрт шығу қаупі
бар.
Пісіру алаңын қолданып болғаннан кейін
әрқашан "off" (сөндіру) қалпына қойыңыз.
Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып немесе
мүлде ыдыссыз пайдаланбаңыз.
Ыдыстың ішіндегісі сарқылғанша
қайнатпаңыз. Бұл ыдысқа және пештің
үстіне нұқсан келтіруі мүмкін.
Пештің үстіне зат немесе ыдыс-аяқ құласа,
оны бүлдіруі мүмкін.
Ыстық ыдысты басқару панеліне жақын
қоймаңыз, себебі қызудың әсерінен
құрылғы бүлінуі мүмкін.
Құрылғының эмаль қаптамасын бүлдіріп
алмас үшін, керек-жарақтарды алып-
салғанда абай болыңыз.
Шойыннан, құйма алюминийден жасалған
не түбіне бүлінген ыдысты әрі-бері
сырғытсаңыз, пештің үстіне сызат түсуі
мүмкін.
Құрылғының эмаль қаптамасының түсінің
өзгеруі құрылғы жұмысына әсер етпейді.
Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп
немесе өңі кетпес үшін:
ҚАЗАҚ
5
құрылғының табанына ешбір затты тура
қоймаңыз және оны алюминий
фольгамен жаппаңыз;
құрылғының ішіне ыстық суды тура
қоймаңыз;
тамақ пісіріп болғаннан кейін дымқыл
ыдыс пен тағамды құрылғының ішінде
ұстамаңыз.
Ашық тұрған құрылғы есігіне күш салмаңыз.
Тұмшапештің астыңғы бөлігіне тұтанғыш
заттарды қоймаңыз. Онда тек қызуға
төзімді заттарды (егер болса) ғана
қойыңыз.
Тұмшапештің бу шығатын саңылауларын
жаппаңыз. Олар тұмшапештің артқы
жағының үстін ала орналасқан (егер бар
болса).
Еріп кетуі мүмкін нәрсені пештің үстіне
қоймаңыз.
Бетіне сызат түскенін байқасаңыз, дереу
тоқтан ажыратыңыз. Электр тоғына түсу
қаупі бар.
Қызу өткізгіш материалдарды (мысалы,
жұқа темір тор немесе металл жалатылған
қызу өткізгіштер) ыдыстың астына
қоймаңыз. Аса көп қызу шағылысынан,
пештің шыны бетіне нұқсан келуі мүмкін.
Құрылғыны сыртқы таймердің көмегімен
немесе бөлек қашықтан басқару жүйесімен
басқармаңыз.
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Жуып-тазалардың алдында құрылғының
суық екеніне көз жеткізіңіз. Күйіп қалу қаупі
бар. Шыны панелі сынып қалуы мүмкін.
Құрылғыны әрқашан таза ұстаңыз.
Жиналып қалған май не тағам қалдықтары
өрт қатерін тудыруы мүмкін.
Құрылғыны үнемі тазалап отырса, оның
беткі қабаты бүлінбейді.
Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету және
мүлікке зиян келтірмеу үшін құрылғыны тек
сабынды сумен жуыңыз. Тұтанғыш
заттарды немесе тот басуына себеп
болатын заттарды қолданбаңыз.
Құрылғыны бумен тазалайтын, жоғары
қысыммен тазалайтын құралдармен, өткір,
түрпілі тазартқыш заттармен, түрпілі
жөкелермен және дақ кетіргіштермен
тазаламаңыз
Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз, оны
өндірушінің нұсқауларын орындаңыз.
Қыздырғыш элементтері мен термостат
сенсорына (қолданылатын болса) ешбір зат
бүрікпеңіз.
Шыны есікті жеміргіш заттармен немесе
металл қырғышпен тазаламаңыз. Ішкі
шыны панельдің қызуға төзімді беті сынуы
немесе шытынауы мүмкін.
Есіктің шыны панельдеріне нұқсан келсе,
босап, сынып қалуы мүмкін. Оларды
міндетті түрде ауыстыру керек. Қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр.
Осы құрылғыда тек тұрмыстық
құрылғыларда пайдалануға арналған
арнайы шамдар ғана қолданылған. Оларды
бөлмені жартылай немесе толықтай
жарықтандыру үшін қолдануға болмайды.
Егер шамды ауыстыру қажет болса, қуаты
дәл осындай, тұрмыстық құрылғыларға
арналған шамды ғана қолданыңыз.
Тұмшапештің шамын ауыстырар алдында
құрылғыны электр желісінен ағытыңыз.
Электр тоғына түсу қаупі бар. Құрылғы
суығанша күтіңіз. Күйіп қалу қаупі бар.
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ
Тек уәкілетті техниктің ғана құрылғыны
жөндеуіне немесе оған қатысты жұмысты
орындауына болады. Уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Тек фирмалық қосалқы бөлшектерді ғана
қолданыңыз.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАСТАУ
Адам жарақаттанып немесе мүлікке зиян
келмес үшін:
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
Есіктің бекітпесін ағытып алыңыз. Бұл
кішкентай балалардың немесе үй
жануарларының құрылғының ішіне кіріп,
қамалып қалуына жол бермейді.
Тұншығып қалу қаупі бар.
6
www.aeg.com
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
ЖАЛПЫ КӨРІНІСІ
11
10
7
8
9
1
2
3
4
1 2 3 1654
1
Пеш үстін басқаратын тетіктер
2
Температура индикаторы
3
Температура тетігі
4
Электрондық бағдарламалағыш
5
Тұмшапеш функцияларының тетігі
6
Қуат индикаторы
7
Гриль
8
Тұмшапештің шамы
9
Желдеткіш
10
Техникалық ақпарат тақтайшасы
11
Сөре деңгейлері
ПІСІРУ АЛАҢДАРЫНЫҢ КӨРІНІСІ
140 mm
140 mm
120/180 mm
140 mm
250 mm
1 2 3
456
1
Пісіру алаңы 1200 Вт
2
Бу шығатын саңылау
3
Пісіру алаңы 1100 / 900 Вт
4
Пісіру алаңы 1200 Вт
5
Қалдық қызу индикаторы
6
Пісіру алаңы 1700 / 700 Вт
ПЕШ ЖАБДЫҚТАРЫ
Тұмшапеш сөресі
Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам қуыруға
арналған.
Тегіс пісіру науасы
Торттар мен печеньелерге арналған.
Қуыруға арналған шұңғыл таба
Пісіру және қуыру үшін немесе май
жинайтын таба ретінде қолданылады.
Сырғытпа жолдар
Сөрелерді немесе науаларды қоюға
арналған.
Зат сақтау суырмасы
Пеш қуысынан төмен зат сақтау суырмасы
орналасқан.
Назарыңызда болсын!
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда зат
сақтау суырмасы ысып кетуі мүмкін.
ҚАЗАҚ
7
БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
Назарыңызда болсын!
"Қауіпсіздік туралы мағлұматтар"
тарауын қараңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Тұмшапештің есігін ашу үшін,
тұтқасын әрқашан ортасынан
ұстаңыз.
АЛҒАШҚЫ ТАЗАЛАУ
Құрылғы ішіндегі керек-жарақтардың
барлығын алыңыз.
Құрылғыны алғаш рет пайдаланар алдында
тазалаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Жеміргіш жуғыш заттарды
қолданбаңыз! Құрылғының бетіне
нұқсан келтіруі мүмкін. "Күтіп ұстау
және тазалау" тарауын қараңыз.
УАҚЫТТЫ ОРНАТУ
Уақытты тұмшапешті іске қоспай
тұрып орнату керек.
Құрылғыны тоққа қосқаннан кейін немесе тоқ
сөнгеннен кейін таймер функциясының
индикаторы жыпылықтайды.
Дұрыс уақытты орнату үшін + немесе -
түймешігін басыңыз.
Бес секундтай уақыт өткеннен кейін
жыпылықтау тоқтап, бейнебетте орнатылған
тәулік уақыты көрсетіледі.
Уақытты өзгерткен кезде Ұзақтық
немесе Аяқтау функциясын
қатар орнатпау керек.
АЛДЫН АЛА ҚЫЗДЫРУ
1.
Функцияны және ең үлкен
температураны орнатыңыз.
2.
Пешті шамамен 1 сағат тағам қоймай іске
қосып қойыңыз.
3.
Функцияны және ең үлкен
температураны орнатыңыз.
4.
Пешті шамамен 10 минут тағам қоймай
іске қосып қойыңыз.
5.
Функцияны және ең үлкен
температураны орнатыңыз.
6.
Пешті шамамен 10 минут тағам қоймай
іске қосып қойыңыз.
Бұл құрылғының ішіндегі қалдықтарды жағу
үшін керек. Керек-жарақтар әдеттегіден
ыстығырақ болады. Құрылғыны бірінші рет
алдын ала қыздырған кезде, одан иіс пен түтін
шығуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Ауа
айналымының жеткілікті екенін тексеріңіз.
8
www.aeg.com
ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Назарыңызда болсын!
"Қауіпсіздік туралы мағлұматтар"
тарауын қараңыз.
ҚАЛДЫҚ ҚЫЗУДЫ АНЫҚТАЙТЫН
ШАМ
Қалдық қызуды анықтайтын шам пісіру алаңы
ыстық тұрған кезде жанады.
Назарыңызда болсын!
Қалдық қызуға күйіп қалу каупі бар!
ҚЫЗДЫРУ ПАРАМЕТРЛЕРІ
Басқару
тетігі
Функция
Қос шеңберлі алаңның тетігі
0 Off (сөндірулі) қалпы
1-9 Қыздыру параметрлері
(1 = ең төмен қыздыру
параметрі; 9 = ең жоғары
қыздыру параметрі)
1.
Басқару тетігін қажетті қызу параметріне
қойыңыз.
2.
Тағам пісіруді аяқтау үшін басқару тетігін
“0” қалпына койыңыз.
Қуат тұтынуды азайту үшін қалдық
қызуды пайдаланыңыз. Пісіру алаңын
тағам пісіруді аяқтауға шамамен 5-10
минут қалғанда сөндіріңіз.
ҚОС ШЕҢБЕРЛІ ПІСІРУ АЛАҢЫН
ПАЙДАЛАНУ
Сақтандыру туралы ескерту!
Сопақ немесе қос шеңберлі пісіру
алаңын іске қосу үшін, сол алаңның
тетігін сағат тілінің бағытымен
бұраңыз. Тетікті "тоқтату" қалпынан
асыра бұрамаңыз.
1.
Тетікті сағат тілінің бағытымен бұрап "9"
қалпына қойыңыз.
2.
Тетікті ақырын бұрап белгісіне "сырт"
еткен дыбыс естілгенше бұраңыз.
Пісіру алаңының екі бөлігі де қосулы.
3.
Қажетті қызу параметрін орнату үшін,
"Қызу параметрлері" тарауын қараңыз.
ҚАЗАҚ
9
ПЕШТІҢ ҮСТІ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
ЫДЫС-АЯҚ
Ыдыстың түбі барынша қалың, әрі
мүмкіндігінше тегіс болуға тиіс.
Эмальмен қапталған темірден
жасалған, түбі алюминий не мыс
ыдыстар, пештің керамика бетінің
түсін өзгертеді.
ҚУАТТЫ ҮНЕМДЕУ
Мүмкін болса, ыдыстардың
қақпақтарын әрқашан жауып
отырыңыз.
Пісіру алаңын ыдысты үстіне
қойғаннан кейін ғана іске қосыңыз.
Қалдық жылуды пайдалану үшін
пісіру алаңдарын пісіру уақыты
аяқталмай тұрып өшіріңіз.
Ыдыстардың түбі мен пісіру
алаңдарының көлемі бірдей болуға
тиіс.
ТАМАҚ ПІСІРУ ҮЛГІЛЕРІ
Қызу
парам
етрі
Пайдалану: Уақыт
(мин)
Ақыл-кеңес
1 Піскен тағамды жылы ұстаңыз. қажетін
е орай
Ыдыстың қақпағын жабыңыз.
1-2 Голланд тұздығы, балқытылған:
сары май, шоколад, желатин.
5 - 25 Ара-тұра араластырыңыз.
1-2 Қойылту: шайқалған омлет, піскен
жұмыртқалар.
10 - 40 Ыдыстың қақпағын жабыңыз.
2-3 Күріш және сүтке пісірілген
тағамдарды баяу қайнату, дайын
тағамдарды жылыту.
25 - 50 Кем дегенде күріштен екі есе
көп сұйық қосыңыз, сүттен
жасалған тағамдарды белгілі бір
уақыт өткеннен кейін
араластырыңыз.
3-4 Буға піскен көкөністер, балық, ет. 20 - 45 Бірнеше ас қасық су қосыңыз.
4-5 Буға піскен картоптар. 20 - 60 750г картопқа ең көбі ¼ л су
қосыңыз.
4-5 Көп мөлшердегі тағамдар,
бұқтырылған тағамдар мен көже
пісіру.
60 - 150 3 литрге дейін су және
құраластар.
6-7 Баппен қуыру: эскалоп, "кордон
блё" бұзау еті, котлет, риссоль,
шұжық, бауыр, майға қуырылған ұн,
жұмыртқа, құймақ, бауырсақ.
қажетін
е орай
Орта тұсында аударыңыз.
7-8 Қатты қуыру, қуырылған картоп, қоң
ет, бифштекстер.
5 - 15 Орта тұсында аударыңыз.
9 Көп мөлшердегі суды қайнату, макарон пісіру, етті қызартып қуыру (гуляш,
бұқтырып пісіру), фри.
Кестедегі деректер жалпылама нұсқау ретінде
ғана берілген.
10
www.aeg.com
ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын!
"Қауіпсіздік туралы мағлұматтар"
тарауын қараңыз.
Құрылғыны әр пайдаланып болған сайын
тазалап отырыңыз.
Әрқашан табаны таза ыдыстарды
қолданыңыз.
Шыны керамикаға түскен сызаттар
немесе қошқыл дақтар құрылғының
жұмысына ешқандай әсер етпейді.
Қоқысты тазалау үшін:
1.
Дереу тазалаңыз:балқыған пластик,
пластик фольга, қант қосылған тағам.
Дереу тазаламасаңыз, құрылғыны
бүлдіріп алуыңыз мүмкін. Шыныға
арналған арнайы қырғышты
қолданыңыз. Қырғышты шыны бетке
сүйір бұрыш жасап қойып, жылжыту
арқылы тазалаңыз.
Құрылғы жеткілікті түрде суығаннан
кейін келесіні алыңыз:әк жолақтары, су
дақтары, май дақтары және металл
дақтары. Шыны керамикаға немесе
тоттанбайтын болатқа арналған
арнайы тазартқыш құралдарды
қолданыңыз.
2.
Құрылғыны дымқыл шүберекпен, шамалы
жуғыш зат қосып тазалаңыз.
3.
Соңында, құрылғыны таза шүберекпен
әбден құрғатыңыз.
ҚАЗАҚ
11
ТҰМШАПЕШ- КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Назарыңызда болсын!
"Қауіпсіздік туралы мағлұматтар"
тарауын қараңыз.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ІСКЕ ҚОСУ ЖӘНЕ
СӨНДІРУ
1.
Тұмшапеш функциясын таңдау үшін
тұмшапеш функцияларының тетігін
бұраңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда қуат
индикаторы жанып тұрады.
2.
Температураны таңдау үшін температура
тетігін бұраңыз
Температура индикаторы құрылғының
ішіндегі температура жоғарылаған кезде
жанады.
3.
Құрылғыны сөндіру үшін тұмшапеш
функцияларының тетігін және
температура тетігін "Off" (сөндірулі)
қалпына қойыңыз.
ҚАУІПСІЗДІК ТЕРМОРЕЛЕСІ
Бұл пеш(дұрыс пайдаланбау не
элементтерінің бірінің ақаулығына
байланысты)шамадан тыс қызып кету тәрізді
қатерлі жағдайдың алдын алу үшін қуатты үзіп
тастайтын қауіпсіздік терморелесімен
жабдықталған. Температурасы төмендеген
кезде пеш автоматты түрде қайта қосылады.
ТҰМШАПЕШ ФУНКЦИЯЛАРЫ
Тұмшапеш функциясы Қолдану
OFF (сөндірулі)
қалпы
Құрылғы сөніп тұр.
Тұмшапештің
шамы
Ешқандай пісіру функциясыз жанып тұрады.
Дәстүрлі пісіру
Жоғарғы және төменгі элементтен бірдей қыздырады.
Тұмшапештің бір деңгейінде пісіру және қуыру үшін.
Астыңғы қызу
Қызу тек тұмшапештің астыңғы жағынан келеді. Күртілдек,
әрі қыртысы қатты торттарды пісіру үшін.
Желдеткіш
арқылы пісіру
Бірнеше әр түрлі тағамды бір уақытта пісіру үшін. Қолдан
жасалған сироп қосылған сусындарды қайнату және
саңырауқұлақтарды кептіру үшін.
Ауамен желпіп
пісіру
Бірнеше сөрені пайдалана отырып, бірдей температурада
пісірілуге тиіс тағамдарды иістерін бір-біріне сіңірмей қуыруға
немесе қуырып-пісіруге арналған.
Желдеткішпен
қыздыру
Нанды қызартуға, торт және кондитер өнімдерін пісіруге
арналған.
Турбо гриль
Гриль элементі мен тұмшапештің желдеткіші кезек-кезек іске
қосылып, ыстық ауаны тағамның айналасына таратады.
Еттің үлкен кесектерін пісіруге арналған. Бұл функцияға
арналған ең үлкен температура: 210 °C.
Пицца функциясы
Астыңғы қыздырғыш элемент пицца, киш лорен немесе
бәліштердің астына қызуды тура жібереді де, желдеткіш
пицца мен бәліштің толтырмаларын пісіру үшін ыстық ауаны
айналдырып тұрады.
12
www.aeg.com
Тұмшапеш функциясы Қолдану
Жібіту
Мұздатылған тағамды жібітеді. Температураны басқару тетігі
"сөндірулі" қалпына қойылуы керек.
ҚАЗАҚ
13
ТҰМШАПЕШ - САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ
ЭЛЕКТРОНДЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАҒЫШ
1 2 3
456
1
Функция индикаторлары
2
Уақыт бейнебеті
3
Функция индикаторлары
4
+ түймешігі
5
Параметр таңдау түймешігі
6
- түймешігі
Сағат функциясы Қолданылуы
Тәулік уақыты Тәулік уақытын орнатуға, өзгертуге немесе қарауға арналған.
Минут операторы Кері санақ уақытын орнатуға арналған. Уақыт аяқталған кезде
дыбыстық сигнал естіледі. Бұл функция тұмшапештің
жұмысына ешбір әсер етпейді.
Ұзақтығы Құрылғының жұмыс істеу уақытын орнатуға арналған.
Соңы Құрылғының сөнетін уақытын орнатуға арналған.
"Ұзақтық" және "Аяқтау"
функцияларын құрылғының іске
қосылатын және сөнетін уақыттарын
орнату үшін қатар қолдануға болады.
Әуелі Ұзақтық
, содан кейін
Аяқтау
функциясын орнатыңыз.
САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫН ОРНАТУ
1.
Таңдау түймешігін қажетті функцияның
индикаторы жыпылықтағанша қайта-
қайта басыңыз.
2.
Минут операторының , Ұзақтық
немесе Аяқтау уақытын орнату үшін +
немесе - түймешігін қолданыңыз.
Тиісті функцияның индикаторы жанады.
Уақыт аяқталған кезде, функция
индикаторы жыпылықтайды да,
дыбыстық сигнал 2 минут естіледі.
Ұзақтық және Аяқтау
функциялары орнатылғанда, құрылғы
автоматты түрде сөнеді.
3.
Сигналды тоқтату үшін түймешікті
басыңыз.
САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫН
БІРЖОЛА ТОҚТАТУ
1.
Таңдағыш түймешікті қажетті
функцияның шамы жыпылықтағанша
қайта-қайта басыңыз.
2.
"-" түймешігін басып ұстап тұрыңыз.
Бірнеше секундтан кейін сағат
функциясы өшеді.
14
www.aeg.com
ТҰМШАПЕШ - КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ
Назарыңызда болсын!
"Қауіпсіздік туралы мағлұматтар"
тарауын қараңыз.
ПІСІРМЕ ТАБАҚТЫ САЛУ
Табақты тұмшапештің ішінің ортаңғы жағына,
алдыңғы және артқы қабырғаның ортасына
қойыңыз. Бұл пісірме табақтың алды-артында
ыстық ауаның айналуын қамтамасыз етеді.
Табақты суретте көрсетілгендей, қисық жағын
артқа қаратып салыңыз.
Назарыңызда болсын!
Пісірме табақты тұмшапештің артқы
қабырғасына тигенше итермеңіз.
Себебі бұлай істегенде табақтың
айналасына қызу келуге кедергі
жасайды. Тағамның әсіресе табақтың
артқы жағындағы бөлігі күйіп қалуы
мүмкін.
ТҰМШАПЕШТІҢ КЕРЕК-ЖАРАҚТАРЫН САЛУ
Пештің сырғымалы керек-жарақтарының қос
қырлы ұштарын пештің артқы жағына келтіріп,
төмен қаратып салыңыз. Пештің сырғымалы
керек-жарақтарын пеш қатарларының
біріндегі бағыттағыш жолдарға келтіріп
салыңыз.
Тұмшапеш сөресі мен қуыру табасын қатар
орналастыру
Тұмшапештің сөресін қуыру табасының үстіне
қойыңыз. Шұңғыл табаны тұмшапеш
деңгейлерінің біріндегі бағыттағыш жолдарға
келтіріп салыңыз.
ҚАЗАҚ
15
СЫРҒЫТПА ЖОЛДАР
Оларды 4-ші қатардан басқа әр түрлі
қатарларға орнатуға болады.
1 cm
Сырғытпа сөрелерін орнату
1.
Сырғытпа жолды шамамен 90° градусқа
бұрыңыз.
2.
Сырғытпа жолдың артқы жағындағы
бекітпені сөренің жолына сырғытып
енгізіңіз. Сөре сырғытпаларын 4-ші
деңгейден басқа кез келген деңгейге
орнатуға болады. Сөрені тұмшапештің
дұрыс қатарына орнатыңыз.
3.
Сырғытпаны дұрыс жаққа бұраңыз. Сөре
сырғытпасының бір ұшындағы тоқтату
элементі жоғары қарап тұруға тиіс.
4.
Сырғытпаны тұмшапештің артқы
қабырғасына жеткенше итеріңіз.
5.
Сырғытпа жолдың алдыңғы жағын
сөренің деңгейіне қарай итеріңіз.
Алдыңғы жақтағы бекітпе кіріккен кезде
сырт еткен дыбыс естіледі.
6.
Екінші сырғытпа жолды орнату үшін де
осы қадамдарды орындаңыз. Бір
деңгейге екі сөре сырғытпасының
қойылғанына көз жеткізіңіз.
1
2
Сырғытпа жолдарды алу
1.
Сырғытпа жолдың алдында жағында
орналасқан бекітпені басып ұстап
тұрыңыз.
2.
Сырғытпа жолдың алдыңғы жағын
сөренің деңгейінен шығарып алыңыз.
3.
Сырғытпа жолды шамамен 90° градусқа
бұрыңыз.
4.
Сырғытпа жолдың артқы жағын сөренің
деңгейінен шығарып алыңыз.
5.
Екінші сырғытпа жолды алу үшін де осы
қадамдарды орындаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Сырғытпаларды ыдыс жуғыш
машинада жумаңыз. Сырғытпаларды
майламаңыз.
16
www.aeg.com
СЫРҒЫТПА ЖОЛДАР - ТҰМШАПЕШТІҢ КЕРЕК-ЖАРАҚТАРЫН САЛУ
Пісіруге арналған жайпақ табаны немесе
қуыруға арналған шұңғыл табаны
сырғытпаларға қойыңыз.
Тұмшапеш сөресі мен қуыру табасын қатар
орналастыру
Тұмшапештің сөресін қуыру табасының үстіне
қойыңыз. Тұмшапештің сөресі мен қуыру
табасын сырғытпалардың үстіне қойыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Сөре сырғытпаларын тұмшапеш
есігін жаппай тұрып, құрылғыға әбден
итеріп кіргізгеніңізге көз жеткізіңіз.
ҚАЗАҚ
17
ТҰМШАПЕШ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
Сақтандыру туралы ескерту!
Өте сулы қоспадан жасалған тортты
пісіру үшін шұңғыл табақты
қолданыңыз. Жемістің шырыны
эмаль қаптамаға кетпейтін дақ
қалдыруы мүмкін.
Пештің сөре қойылатын төрт қатары бар.
Сөре қатарларын құрылғының астынан
бастап санау керек.
Түрлі тағамдарды бір мезгілде пештің екі
деңгейінде пісіруге болады. Сөрелерді 1-ші
және 3-ші деңгейге қойыңыз.
Құрылғының ішіне немесе есігінің
шынысына бу тұруы мүмкін. Бұл қалыпты
жағдай. Тамақ пісірген кезде есікті әрқашан
артқа шегініп барып ашыңыз. Бу аз
жиналуы үшін тамақ пісірер алдында пешті
10 минут іске қосып қойыңыз.
Құрылғыны пайдаланып болғаннан кейін
ылғал жерлерін сүртіп отырыңыз.
Заттарды құрылғының табанына тура
қоймаңыз және тағам пісірген кезде
құрылғының бөлшектерін алюминий
фольгамен жаппаңыз. Бұл пісіру
нәтижесіне әсер етіп, пештің эмаль
қаптамасын бүлдіруі мүмкін.
ТОРТ ПІСІРУ
Пісіруді бастамай тұрып пешті 10 минут
қыздырып алыңыз.
Пісіру уақытының 3/4 мөлшері өтпейінше
пештің есігін ашпаңыз.
Бір уақытта екі пісіру сөресін
пайдалансаңыз, олардың арасындағы бір
қатарды ашық қалдырыңыз.
БАЛЫҚ ПЕН ЕТТІ ПІСІРУ
Салмағы 1 кг-нан аз етті пісірмеңіз. Етті
тым аз мөлшерде пісіргенде, ол тым құрғақ
болып піседі.
Өте майлы тағамды пісірген кезде, пеште
кетпейтін дақ қалып қоймас үшін май
жинайтын табаны қолданыңыз.
Еттің сөлі ағып кетпес үшін, оны турамай
тұрып 15 минуттай қоя тұрыңыз.
Тағамды қуырған кезде пештің іші қатты
түтіндеп кетпес үшін, май жинағыш табаға
аздап су құйыңыз. Түтін жиналып қалмас
үшін суы сарқылған сайын үстінен су құйып
отырыңыз.
ПІСІРУ УАҚЫТТАРЫ
Пісіру уақыты тағамның түріне, құрылымына
және мөлшеріне байланысты.
Бастапқы кезде, тағамның қалай пісірілетініне
назар аударыңыз. Осы құрылғыны қолданған
кезде, ыдысқа, рецептілерге және тағамның
мөлшеріне барынша сай келетін
параметрлерді (қызу параметрі, пісіру уақыты
т.с.с.) табыңыз.
ДӘСТҮРЛІ ПІСІРУ
Тағам
Науа түрі мен
сөренің деңгейі
Алдын ала
қыздыру уақыты
(минут)
Температура
(°C)
Пісіру уақыты
(минут)
Тәтті таспалар
(250 г)
эмальмен
қапталған науа,
3-ші деңгей
- 150 25 - 30
Жалпақ торт
(1000 г)
эмальмен
қапталған науа,
2-ші деңгей
10 160 - 170 30 - 35
Алма қосылған
ашыған ұннан
жасалған торт
(2000 г)
эмальмен
қапталған науа,
3-ші деңгей
- 170 - 190 40 - 50
18
www.aeg.com
Тағам
Науа түрі мен
сөренің деңгейі
Алдын ала
қыздыру уақыты
(минут)
Температура
(°C)
Пісіру уақыты
(минут)
Алма бәліші
(1200+1200 г)
Алюминиймен
қапталған 2
дөңгелек табақ
(диаметрі: 20
см), 1-ші деңгей
15 180 - 200 50 - 60
Кішкене кекстер
(500 г)
эмальмен
қапталған науа,
2-ші деңгей
10 160 - 180 25 - 30
Майсыз бисквит
торт (350 г)
Алюминиймен
қапталған 1
дөңгелек табақ
(диаметрі: 26
см), 1-ші деңгей
10 160 - 170 25 - 30
Май таба торты
(1500 г)
эмальмен
қапталған науа,
2-ші деңгей
- 160 - 170
45 - 55
1)
Бүтін тауық
(1350 г)
тұмшапештің
сөресі 2-ші
деңгейде, пісіру
науасы 1-ші
деңгейде
- 200 - 220 60 - 70
Жарты тауық
(1300 г)
тұмшапештің
сөресі 3-ші
деңгейде, пісіру
науасы 1-ші
деңгейде
- 190 - 210 30 - 35
Қуырылған
шошқа котлеті
(600 г)
тұмшапештің
сөресі 3-ші
деңгейде, пісіру
науасы 1-ші
деңгейде
- 190 - 210 30 - 35
Флан наны (800
г)
эмальмен
қапталған науа,
2-ші деңгей
20 230 - 250 10 - 15
Толтырылған
ашыған қамыр
кексі (1200 г)
эмальмен
қапталған науа,
2-ші деңгей
10 - 15 170 - 180 25 - 35
Пицца (1000 г) эмальмен
қапталған науа,
2-ші деңгей
10 - 15 200 - 220 30 - 40
Чизкейк (2600 г) эмальмен
қапталған науа,
2-ші деңгей
- 170 - 190 60 - 70
ҚАЗАҚ
19
Тағам
Науа түрі мен
сөренің деңгейі
Алдын ала
қыздыру уақыты
(минут)
Температура
(°C)
Пісіру уақыты
(минут)
Алма қосылған
ашық бәліш
(1900 г)
эмальмен
қапталған науа,
1-ші деңгей
10 - 15 200 - 220 30 - 40
Рождество
торты (2400 г)
эмальмен
қапталған науа,
2-ші деңгей
10 - 15 170 - 180
55 - 65
2)
Киш лорен
(1000 г)
1 дөңгелек
табақ (диаметрі:
26 см), 1-ші
деңгей
10 - 15 220 - 230 40 - 50
Шаруа наны
(750 + 750 г)
Алюминиймен
қапталған 2
дөңгелек табақ
(диаметрі: 20
см), 1-ші деңгей
18
3)
180 - 200 60 - 70
Румын торты
(600 + 600 г)
2 дөңгелек
алюминий табақ
(ұзындығы: 25
см), 2-ші деңгей
10 160 - 170 40 - 50
Румын торты -
дәстүрлі (600 +
600 г)
2 дөңгелек
алюминий табақ
(ұзындығы: 20
см), 2-ші деңгей
- 160 - 170 30 - 40
Ашыған булочка
(800 г)
эмальмен
қапталған науа,
2-ші деңгей
10 - 15 200 - 210 10 - 15
Швейцария
орамасы (500 г)
эмальмен
қапталған науа,
1-ші деңгей
10 150 - 170 15 - 20
Меренга (400 г) эмальмен
қапталған науа,
2-ші деңгей
- 100 - 120 40 - 50
Үгілмелі торт
(1500 г)
эмальмен
қапталған науа,
3-ші деңгей
10 - 15 180 - 190 25 - 35
Қопсыма торт
(600 г)
эмальмен
қапталған науа,
3-ші деңгей
10 160 - 170 25 - 35
Майлы торт
(600 г)
эмальмен
қапталған науа,
2-ші деңгей
10 180 - 200 20 - 25
1)
Құрылғыны сөндіргеннен кейін тортты 7 минут тұмшапеште ұстаңыз.
2)
Құрылғыны сөндіргеннен кейін тортты 10 минут тұмшапеште ұстаңыз.
3)
Алдын ала қыздыру үшін температураны 250 °C мәніне орнатыңыз.
20
www.aeg.com
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56
  • Page 57 57
  • Page 58 58
  • Page 59 59
  • Page 60 60
  • Page 61 61
  • Page 62 62
  • Page 63 63
  • Page 64 64
  • Page 65 65
  • Page 66 66
  • Page 67 67
  • Page 68 68
  • Page 69 69
  • Page 70 70
  • Page 71 71
  • Page 72 72

AEG 4703RVD-MN Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя
Это руководство также подходит для

Задайте вопрос, и я найду ответ в документе

Поиск информации в документе стал проще с помощью ИИ