32
аспапты қолдануға үйретілген
болса және аспапты дұрыс
пайдаланбауға байланысты
туындауы ықтимал қауіпті
түсінген жағдайда ғана осы
аспапты қолдануға рұқсат
етіледі. Аспап жұмысы кезінде
балаларды қадағалаңыз.
Балаларға аспаппен ойнауға
рұқсат етпеңіз! Балалар аспапты
үлкендердің қадағалауымен ғана
тазалай және қызмет көрсете
алады!
22. ЕСКЕРТУ! Қосымша қорғау үшін
ванна бөлмесінің электр сымына
30 мА аспайтын номиналды
сөндіретін дифференциалды
тоғы бар УЗО орнату ұсынылады.
Кеңес алу үшін сервис
орталығына хабарласыңыз.
23. Аспапты осы нұсқаулықта
көрсетілген мақсатта
қолданыңыз.
24. Аспап шаштараздар мен
салондарда қолдануға
арналмаған!
АСПАП СИПАТТАМАСЫ
1. Керамикалық жабыны бар білік
2. Қысқыш
3. Температуралық СК-дисплей
4. ҚОСУ/СӨНДІРУ батырмасы
5. Батырма температурасы 120° - 200°С аралығында
6. Ілуге арналған ілмегі бар айналып тұратын шнур
7. Тұғыр
8. Салқын ұштық
АСПАПТЫ ҚОЛДАНУ
1. Сәндер алдында шашыңызды кептіріп, тарап
алыңыз.
2. Аспап ҚОСУ/СӨНДІРУ батырмасымен қосылады
және сөндіріледі. .
3. Температураны орнату үшін + немесе -
батырмаларын басыңыз.
4. Таңдалған температура дисплейде көрсетіледі.
5. Аспап орнатылған температураға дейін қызған
кезде жолақтар жыпылықтауын тоқтатады.
6. Жұқа әрі зақымдалған шаштар үшін 120° - 140°С
аралығындағы, қалыңдығы орташа және сау
шаштар үшін 150° - 170°С аралығындағы, қалың,
бұйра және қатты шаштар үшін 180° - 200°С
аралығындағы температура ұсынылады.
7. Күйіп қалудың алдын алу үшін аспап жұмысы
кезінде білікке қолыңызды тигізбеңіз.
8. Шашты аз ғана бөліктерге бөліп алып бұйралаңыз.
9. Шашыңыздың ұшын білік пен қысқыш арасына
орналастырып, шашты білікке түбіріне дейін
ораңыз.
10. Бірнеше секунд күтіп, шашты босатып, қысқышты
босатыңыз. Бұйраңыз тегістелмеуі үшін
шашыңызды тартпаңыз. Қалған шаштарыңызды
да дәл осылай бұйралаңыз.
11. Аспапты орнына қоймас бұрын толықтай суытып
алыңыз.
12. Жұмыс аяқталған соң аспапты электр желісінің
розеткасынан ажыратып, суу үшін жылуға төзімді
бетке қойыңыз. Аспапты құрғақ, балалардың
қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Тазалауды бастамас бұрын аспап электр желісінің
розеткасынан ажыратыңыз және толықтай суытыңыз!
Аспапты суға батырмаңыз және ағын сумен жумаңыз.
Қатты тазалау құралдарын қолданбаңыз. Аспаптың
қызмет ету мерзімін ұзарту үшін білікті шаңнан, ластан
және сәндеуге арналған құралдардан жиі тазалап
тұрыңыз.
ҚОРШАҒАН ОРТА
Қызмет ету мерзімі аяқталғаннан кейін аспапты
тұрмыстық қалдықтармен бірге лақтырмаңыз. Оны
одан әрі жою үшін мамандандырылған жерге жіберіңіз.
Осылайша қоршаған ортаны қорғауға көмектесесіз.
Қолдану мерзімі аяқталған аспапты лақтырар алдында
оны одан әрі қолданбайтындай етіңіз. Бұйымды кәдеге
жарату туралы толық ақпарат алу үшін жергілікті билік
органдарына хабарласыңыз.
Бұл аспап Электрлік және электронды
жабдықтардың қалдықтарын қолдану туралы
2012/19/EU еуропа деректемесіне сәйкес
таңбаланған (Waste Electrical and Electronic
Equipment – WEEE). Осы деректеме ЕО барлық
елдерінде қолданылатын электрлік және
электронды жабдықтардың қалдықтарын жинау
және кәдеге жарату бойынша талаптарды
анықтайды.
КЕПІЛДІК ЖӘНЕ СЕРВИС
Қосымша ақпарат алу үшін немесе қандай да бір
мәселелер туындаған жағдайда Пайдаланушыларды
қорғау орталығына хабарласыңыз (телефон нөмірлері
кепілдік міндеттемелерінде көрсетілген). Авторлық
құқығы бар сервис орталықтарының мекенжайлары
мен телефон нөмірлері “Кепілді міндеттемелер”
кітапшасында немесе кепілдік талонында көрсетілген.
GORENJE АСПАПТЫ АСҚАН
ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚПЕН ҚОЛДАНУЫҢЫЗДЫ
ТІЛЕЙМІЗ!
Өндіруші өзгерістер енгізуге құқылы!
Импорттаушы: «Горенье БТ» ЖШҚ
119180, Мәскеу, Якиманская жағ., 4-үй, 1-құр..