AEG S95391CTX2, S95391CTW2 Руководство пользователя

  • Привет! Я прочитал инструкцию по эксплуатации холодильника-морозильника AEG S95391 CTW2 и S95391 CTX2. Я могу ответить на ваши вопросы о функциях прибора, таких как регулировка температуры, функции ECO и FROSTMATIC, а также о его установке и уходе. Задавайте свои вопросы!
  • Как включить и выключить холодильник?
    Как отрегулировать температуру?
    Что означает сигнал "Дверь открыта"?
    Как часто нужно размораживать холодильник?
    Как правильно установить холодильник?
KK Қолдану туралы нұсқаулары 2
Тоңазытқыш-мұздатқыш
RU Инструкция по эксплуатации 23
Холодильник-морозильник
S95391CTW2
S95391CTX2
МАЗМҰНЫ
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ....................................................................................... 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 4
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ................................................................................. 6
4. ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ..............................................................................................7
5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ........................................................................................8
6. АҚЫЛ-КЕҢЕС.................................................................................................. 11
7. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ................................................................................. 12
8. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ.....................................................................................14
9. ОРНАТУ........................................................................................................... 17
10. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ..............................................................................21
ТАМАША НӘТИЖЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҮШІН
AEG өнімін таңдағаныңызға рахмет. Бұл өнімді тұрмыс-тіршілікті жеңілдету
үшін инновациялық технологияны - қатардағы құрылғыларда бола бермейтін
функцияларды қолдана отырып, сізге жылдар бойы мүлтіксіз көмек көрсету
үшін арнайы жасадық. Құрылғының мүмкіншіліктерін барынша толық қолдану
үшін бірнеше минутыңызды бөліп, осы ақпаратты оқып шығыңыз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет
көрсету туралы ақпарат:
www.aeg.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registeraeg.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.aeg.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
www.aeg.com2
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау
нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын
алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты
келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым
келген адамдар не тәжірибесі аз адамдар өз
қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның
қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану
бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс
қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
Орам материалдарының барлығын балалардан
алыс ұстаңыз.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Бұл құрылғы үйде және сол сияқты төменде
аталған жерлерде қолдануға арналған:
Фермадағы үйлердің; дүкендердегі, кеңселер
мен басқа жұмыс орындарындағы
қызметкерлерге арналған ас бөлмелерде
Қонақ үйлерде, мотельдерде, төсек және таңғы
аспен қамтамасыз ететін қонақжайларда және
басқа тұрғынды жерлерде
Құрылғының корпусындағы немесе кіріктірілген
элементіндегі желдеткіш саңылауларды бітемей,
ашық ұстаңыз.
ҚАЗАҚ 3
Жібіту үдерісін жылдамдату үшін өндіруші ұсынған
құралдардан басқа құралдарды немесе
механикалық құралдарды қолданбаңыз.
Салқындатқыш жүйенің контурын зақымдамаңыз.
Құрылғының ішіндегі азық-түлікті сақтауға арналған
бөліктерге электр құрылғыларын, егер оларды
өндіруші ұсынбаған болса қолданбаңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және буды
қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені,
еріткіштерді немесе темір заттарды
пайдаланбаңыз.
Құрылғы ішінде жанатын заты бар аэрозоль
сауыттары тәрізді жарылатын затты сақтамаңыз.
Егер қуат көзі сымына зақым келген болса,
қатерден сақтану үшін оны өндіруші немесе оның
техникалық қызмет көрсетуші агенті немесе сол
сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Бұл құрылғыны тек білікті
маман ғана орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі
абай болыңыз, себебі салмағы
ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын
киіңіз.
Құрылғының айналасында ауа
айналып тұруын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғыны тоққа қосар алдында
кем дегенде 4 сағат күтіңіз. Бұл
майдың компрессорға қайта
құйылуына мүмкіндік беру үшін
қажет.
Құрылғыны радиаторға немесе
пештерге, тұмшапешке немесе
пештің үстіне жақын орнатпаңыз.
Құрылғының артқы жағы қабырғаға
қарап тұруға тиіс.
Құрылғыны күннің жарығы тура
түсетін жерге қоймаңыз.
Құрылғыны аса дымқыл немесе өте
суық, құрылыс алаңдары, гараж
немесе шарап жерқоймасы тәрізді
жерлерге орнатуға болмайды.
Құрылғыны жылжытқан кезде,
еденді сызып кетпес үшін алдыңғы
жағынан көтеріңіз.
www.aeg.com4
2.2 Электртоғына қосу
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Өрт шығу және электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы электр
параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз
жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге
хабарласыңыз.
Әрқашан дұрыс орнатылған,
қатерден сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Электр бөлшектеріне зақым
келтірмеңіз (мысалы, ашасына,
сымына, компрессорға). Электр
бөлшектерін өзгерту үшін қызмет
көрсету орталығына немесе
электршіге хабарласыңыз.
Қорек сымы ашаның деңгейінен
төмен орналасуға тиіс.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан
кейін ғана жалғаңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
2.3 Пайдалану
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу, күйіп қалу,
электр тоғының қатеріне
ұшырау немесе өрт шығу
қаупі бар.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Электр құрылғыларын (мысалы,
балмұздақ жасағыш құрылғы) егер
өндірушісі арнайы көрсетпесе,
құрылғыға салуға болмайды.
Салқындатқыш жүйеге зақым
келтіріп алмас үшін абай болыңыз.
Оның құрамында изобутон (R600a),
қоршаған ортамен сыйысымдылығы
өте жоғары табиғи газ бар. Бұл
тұтанғыш газ.
Егер салқындатқыш жүйеге зақым
келсе, бөлмеде ешбір оттың
жалыны және тұтануға себеп
болатын көздердің болмауын
қамтамасыз етіңіз. Бөлмені
желдетіңіз.
Ыстық заттарды құрылғының
пластик бөліктеріне тигізбеңіз.
Алкогольсыз сусындарды
мұздатқыш бөлікке қоймаңыз.
Себебі сусынның ыдысында қысым
пайда болады.
Құрылғыда тұтанғыш газ бен
сұйықтықты сақтамаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
Компрессорға немесе
конденсаторға қол тигізбеңіз. Олар
ыстық.
Қолыңыз су немесе дымқыл болса
мұздатқыш бөліктегі заттарды
алмаңыз немесе ұстамаңыз.
Жібіген тағамды қайта
мұздатпаңыз.
Мұздатылған тағамның
орамындағы тағам сақтау
нұсқауларын орындаңыз.
2.4 Күту менен тазалау
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе
құрылғыны бүлдіріп алу
қаупі бар.
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын
розеткадан суырыңыз.
Бұл құрылғының салқындатқыш
жүйесінде көмірсутек бар. Жүйеге
күтім көрсету және оны қайта
толтыру жұмыстарын тек білікті
маман ғана іске асыруға тиіс.
Құрылғының су төгетін түтіктерін
уақытылы тексеріңіз, егер тазалау
керек болса тазалаңыз. Су ағатын
түтік бітелсе, еріген су құрылғының
табанына жиналады.
ҚАЗАҚ 5
2.5 Құрылғыны тастау
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғы
ішіне қамалып қалмас үшін есікті
ағытып алыңыз.
Құрылғының салқындатқыш жүйесі
мен изоляция материалдарының
озонға зияны жоқ.
Изоляция көбігінің құрамында
тұтанғыш газ бар. Құрылғыны
қоқысқа дұрыс тастауға қатысты
ақпаратты жергілікті әкімшілік
мекемеге хабарласып алыңыз.
Салқындатқыш жүйенің қызу
алмастырғышқа жақын орналасқан
жеріндегі бөлігіне зақым
келтірмеңіз.
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
3.1 Құрылғының жалпы көрінісі
8541 73
10 9
62
1
FreshBox тартпасы
2
Корпустың сөрелері
3
DYNAMICAIR функциясы
4
Шөлмек сөресі
5
Басқару панелі
6
Есіктің сөрелері
7
Шөлмек қоятын сөре
8
Мұздатқыштың тартпалары
www.aeg.com6
9
Техникалық ақпарат тақтайшасы
4. ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ
4.1 Басқару панелі
1
2
3
4
1
Температура шәкілі
2
ECO режимінің белгісі
3
FROSTMATIC белгісі
4
Температура пернесі және ON/OFF
пернесі
4.2 ҚОСУ/СӨНДІРУ
Құрылғынының ашасын розеткаға
сұғыңыз.
1. Құрылғыны ҚОСУ үшін ON/OFF
пернесін температура шәкіліне сай
келетін LED шамдары жанғанша
басыңыз.
2. ON/OFF пернесін 3 секунд басып,
құрылғыны СӨНДІРУ қалпына
қойыңыз.
Барлық LED шамдары сөнеді.
Құрылғыны қосқаннан
кейін температура ECO
режиміне сай келетін
әдепкі параметрлерге
қайтарылады.
4.3 Температураны реттеу
Құрылғыны іске пайдалану үшін
температура пернесін қажетті
температураға сай келетін LED шамы
жанғанша басыңыз. Таңдалған мән
прогрессивті түрде, 2°C бастап 8°C
дейін өзгеріп отырады.
Пернені кез келген уақытта басқан
кезде, орнатылған температура 1
орынға жылжиды. Тиісті LED шамы
жанады.
Температура пернесін қажетті
температура таңдалғанша басыңыз.
Параметр сақталады.
Ең суық параметр: +2°C.
Ең жылы параметр: +8°C.
ECO режиміне сай келетін
параметр ең қолайлы
болып табылады.
Дегенмен, дәл мәнді құрылғының
ішіндегі температураның төмендегі
жағдайларға тәуелді болатынын
ескеріп таңдау керек:
бөлме температурасы
ҚАЗАҚ 7
есіктің қаншалықты жиі
ашылатыны
сақталған тағамның мөлшері
құрылғының орналасқан орны.
4.4 ECO режимі
ECO режимін қосу үшін температура
пернесін басқару панеліндегі LED
шамы (ECO режимі белгісінің қасында)
жанғанша басыңыз.
Бұл параметрлер қуатты
барынша аз пайдалануға
және тағамды дұрыс
сақтауға көмектеседі.
4.5 FROSTMATIC
функциясы
Егер жылы тағамды көп мөлшерде
тоңазытқыш бөлікке салу керек болса
(мысалы, дүкеннен келгеннен кейін)
немесе жас тағамды дереу мұздату
үшін мұздатқыштың температурасын
жылдам төмендету қажет болса,
тағамның дұрыс сақталуын
қамтамасыз ету үшін FROSTMATIC
функциясын қосуды ұсынамыз.
FROSTMATIC функциясын
температураны 2°C градусқа қойып
қосуға болады.
FROSTMATIC функциясын
температура пернесін басып сөндіруге
болады.
Бұл функция 52 сағаттан
кейін өздігінен тоқтайды.
Бұл функция тоңазытқыш
пен мұздатқыш бөлікке сай
келеді.
4.6 “Есік ашық” ескерту
сигналы
Есік бірнеше минут ашық қалса,
ескерту сигналы беріледі. Есіктің ашық
тұрғаны орнатылған ағымдық
температураның LED индикаторының
жыпылықтауы арқылы көрсетіледі.
Қалыпты жұмыс режимі орнағаннан
кейін (есік жабылғанда) дыбыстық
сигнал өшеді.
4.7 Жоғары температураны
ескерту
Мұздатқыш камераның ішіндегі
температураның жоғарылағаны
(мысалы, электр қуаты өшкенде
немесе есік ашық кезде) орнатылған
ағымдық температураның LED
индикаторының жыпылықтауы арқылы
төмендегідей көрсетіледі.
Ескерту индикаторы
қалыпты жағдай қалпына
келгенше жыпылықтауын
жалғастырады.
5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
5.1 Жаңа тағамды мұздату
Мұздатқыш бөлік жаңа тағамды
мұздату мен тоңазыған және
мұздатылған тағамдарды ұзақ уақыт
сақтауға жарайды.
Жаңа тағамды мұздату үшін
FROSTMATIC функциясын,
мұздатылатын тағамды мұздатыш
бөлікке қоярдың алдында, кем дегенде
24 сағат бұрын қосыңыз.
Жаңа тағамды мұздату үшін астыңғы
бөлікке қойыңыз.
24 сағат ішінде мұздатуға болатын
тағамның ең көп мөлшері құрылғының
ішіндегі техникалық ақпарат
тақтайшасында көрсетілген.
Мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады:
осы уақыт аралығында мұздатқыңыз
келген басқа тағамды қосып
салмаңыз.
Мұздату үдерісі аяқталғаннан кейін
қажетті температураға қайта
оралыңыз ("FROSTMATIC Функция"
тармағын қараңыз).
www.aeg.com8
Бұндай жағдайда,
мұздатқыш бөліктің
температурасы 0°C
градустан төмен түсуі
мүмкін. Бұндай жағдай
орын алса, температура
тетігін жылырақ
параметрге қойыңыз.
5.2 Мұздатылған тағамды
сақтау
Құрылғыны жаңа іске қосарда не біраз
уақыт пайдаланбай барып іске қосқан
кезде, тағамды камераға салмай
тұрып, құрылғыны кем дегенде 2
сағатқа, FROSTMATIC функциясына
қойып іске қосыңыз.
Егер тағамды көп мөлшерде сақтау
қажет болса, құрылғының барлығын
тартпаларын алып, тағамды барынша
жақсы мұздату үшін шыны сөреге
қойыңыз.
Мысалы, электр қуаты
өшіп қалып құрылғы мұзы
кездейсоқ жібіп кетсе және
электр қуаты, техникалық
деректер кестесінің
"Температураның
жоғарылау уақыты"
бөлімінде көрсетілген
шамадан да ұзақ уақыт жоқ
болса, тағамды дереу
тауысу не пісіріп барып
қайта тоңазыту керек
(салқындатқан соң).
5.3 Жібіту
Қатты мұздатылған немесе
мұздатылған тағамды пайдалану
алдында уақыттың мүмкіншілігіне
қарай, мұздатқыш бөлікке салып
немесе бөлме температурасында
жібіту керек.
Кішкене тағамдарды мұздатқыштан
алған бетте тура пісіре беруге болады.
бұндай жағдайда пісіру ұзаққа
созылады.
5.4 DYNAMICAIR
Тоңазытқыш камера тағамдарды
жылдам суытып, камера ішіндегі
температураны барынша біркелкі
ұстауға көмектесетін құралмен
жабдықталған.
Бұл құрал қажетті болғанда өздігінен
іске қосылады, мысалы есік
ашылғаннан кейін немесе бөлме
температурасы жоғары болған кезде
температураны жылдам қалпына
келтіреді.
DYNAMICAIR құралы есік
ашық кезде тоқтайды да,
есік жабылғаннан кейін
дереу іске қосылады.
5.5 Есіктің сөрелерін
орналастыру
Әр түрлі мөлшерде оралған
тағамдарды орналастыру үшін есіктегі
сөрелерді түрлі биіктікке қоюға
болады.
Бұл үшін төмендегі әрекеттерді
жасаңыз:
1. Сөрені көрсеткі бағытымен
біртіндеп орнынан алынғанша
тартыңыз
ҚАЗАҚ 9
2. Сөрені қажет деңгейге қайта
орнатыңыз.
Ауа дұрыс айналып
тұру үшін, есіктің
астыңғы сөресін
жылжытпаңыз
5.6 Жылжымалы сөрелер
Тоңазытқыштың қабырғалары
сөрелерді қалауыңызша
орналастыруға арналған бірнеше
тіректермен жабдықталған.
Кейбір сөрелерді алу үшін, шет
жағынан ұстап көтеру керек.
Ауаның дұрыс айналуын
қамтамасыз ету үшін,
көкөніс салынатын
суырманың бетіндегі шыны
сөрені алмаңыз.
5.7 Шөлмек сөресі
Бөтелкелерді (ауызын алға қаратып)
алдын ала орналастырылған сөреге
қойыңыз.
Қақпағы жабылған
шөлмектерді ғана
қойыңыз.
5.8 FreshBox тартпасы
Бұл тартпа балық, ет, теңіз тағамдары
сияқты жас тағамдарды сақтауға
қолайлы, себебі бұл жердің
температурасы, тоңазытқыштың басқа
жеріндегі температурадан төмен.
5.9 Мұздатқыш себеттерді
мұздатқыштан алу
Мұздатқыш себеттер, кездейсоқ
алынып қалуға немесе құлап кетуге
жол бермейтін тіреуішпен
жабдықталған. Оны мұздатқыштан алу
үшін, себетті өзіңізге қарай тартыңыз
да, шегіне жеткен кезде себеттің
алдыңғы жағын жоғары көтеріп
қалыңыз.
www.aeg.com10
2
1
Қайта орнына қою үшін, себеттің
алдыңғы жағын ақырын ғана көтеріп
мұздатқышқа салыңыз. Шеткі
жақтарын келтіріп салғаннан кейін,
себеттерді өз орындарына қарай
итеріңіз.
6. АҚЫЛ-КЕҢЕС
6.1 Қалыпты жұмыс шуылы
Жұмыс істеп тұрған кезде келесі
дыбыстардың естілуі қалыпты жағдай:
Салқындатқыш сұйық жіберілген
кезде көпіршіктенген және
сылдырлаған дыбыс шығуы мүмкін.
Салқындатқыш сұйық жіберілген
кезде компрессордан діріл және
сылдырдың дыбысы естіледі.
Қызудың әсерінен пайда болатын
дилатацияға (табиғи және қауіпті
емес физикалық құбылыс)
байланысты құрылғының ішінде
кенет пайда болатын сырт-сырт
еткен дыбыс.
Компрессор қосылғанда немесе
сөндірілгенде температураны
реттегіштен әлсіз дыбыс естілуі
мүмкін.
6.2 Қуатты үнемдеуге
арналған кеңестер
Егер аса қажет болмаса есікті жиі
ашпаңыз немесе ұзақ уақыт ашып
қалдырмаңыз.
6.3 Жаңа тағамды
тоңазытуға қатысты ақыл-
кеңес
Ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін:
жылы тағамды немесе буы
бұрқырап тұрған сұйықтарды
тоңазытқышқа қоймаңыз
әсіресе иісі күшті шығатын
тағамдардың бетін жабыңыз
немесе орап қойыңыз
тағамдарды ауа еркін айнала
алатын етіп орналастырыңыз
6.4 Тоңазытуға қатысты
ақыл-кеңес
Пайдалы кеңес:
Ет (барлық түрі) : полиэтилен
таспаға орып, көкөніс тартпасының
үстіңгі жағындағы шыны сөреге
қойыңыз.
Сақтық шарасын орындау үшін
тағамды осылайша бір немесе ең
көбі екі күн ғана сақтаңыз.
Піскен тағамдар, салқын тағамдар,
т.с.с.: бұндай тағамдарды жауып,
кез келген сөреге қоюға болады.
Жемістер мен көкөністер: бұларды
әбден жуып, арнайы тартпа(лар)ға
салыңыз.
Сары май және ірімшік: ауа
өткізбейтін арнайы сауыттарға
салып немесе ауаны мүмкіндігінше
кіргізбеу үшін алюминий
жұқалтырға не полиэтилен қалтаға
орап салу керек.
Шөлмектер: оларға қақпақ жауып,
есіктің шөлмек сөресіне немесе
шөлмек сөресіне (бар болса) сақтау
керек.
Банан, картоп, пияз және сарымсақ
оралмаған болса, тоңазытқышта
сақтау керек.
6.5 Мұздатуға қатысты ақыл
кеңес
Мұздату үрдісін барынша жақсы
жүзеге асыру үшін мына маңызды
кеңестерді ұсынамыз:
ҚАЗАҚ 11
24 сағатта мұздатуға болатын
тағамның ең көп мөлшері
техникалық ақпарат тақтайшасында
көрсетілген;
мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады.
Осы кезде ешбір мұздатылатын
тағамды қосып салуға болмайды;
жоғары сапалы, жаңа және әбден
тазаланған тағамдарды ғана
мұздатыңыз;
тағамды жылдам және әбден
мұздату үшін, сондай-ақ кейін
тағамды қажетті мөлшерде ғана
жібіту үшін аз мөлшерге бөліп,
жеке-жеке сақтаңыз.
тағамды алюминий жұқалтырға
немесе полиэтилен орамға орап,
тағам орамдарының ауа
өткізбейтініне көз жеткізіңіз;
мұздатылған тағамның
температурасы жоғарылап кетпес
үшін, жаңа, мұздатылмаған
тағамды мұздатылған тағамға
тигізбеңіз;
майы аз тағамдар, майлы тағамға
қарағанда ұзағырақ сақталады; тұз
тағамның сақталу уақытын
қысқартады;
мұзды мұздатқыш бөліктен ала
сала пайдаланса, теріні қарып
жіберуі мүмкін;
тағамды сақтау уақытын есепке
алып отыру үшін, әр орамның
сыртына мұздатылған ай-күнін
жазып қою ұсынылады.
6.6 Мұздатылған тағамды
сақтау бойынша кеңес
Құрылғының барынша жақсы жұмыс
істеуін қамтамасыз ету үшін мына
әрекеттерді орындау керек:
сатушының мұздаған қалпы
сатылатын тағамдарды тиісті түрде
мұздатқанына көз жеткізіңіз;
мұздатылған тағамдарды дүкеннен
мұздатқышқа барынша аз уақыт
ішінде жеткізіңіз;
егер аса қажет болмаса есігін жиі
ашпаңыз немесе ұзақ уақыт ашып
қалдырмаңыз;
мұздап тұрған тағамды жібіткеннен
кейін сапасы дереу түсе бастайды
және оны қайта мұздатуға
болмайды;
тағамды өндіруші көрсеткен
жарамдылық мерзімінен артық
уақыт сақтамаңыз.
7. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
7.1 Жалпы ескертулер
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Қандай да бір жөндеу
жұмысын орындау
алдында, құрылғыны
сөндіріңіз.
Құрылғының
салқындатқыш жүйесінде
көмірсутек бар; жөндеу
және оны қайта толтыру
жұмыстарын тек уәкілетті
маман ғана іске асыруға
тиіс.
Құрылғының керек-
жарақтары мен
бөлшектерін ыдыс жуғыш
машинамен жууға
болмайды.
www.aeg.com12
7.2 Электртоғына алғаш рет
қосу
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Ашаны розеткаға қосу
және құрылғыны алғаш рет
іске қосу алдында,
құрылғыны кем дегенде 4
сағат тігінен қойыңыз.
Сонда май компрессорға
қайтып келуге уақыт
жеткілікті болады. Әйтпесе,
компрессорға немесе
электроникалық
бөлшектерге зақым келуі
мүмкін.
7.3 Пештің ішін тазалау
Құрылғыны ең алғаш пайдалану
алдында, іші мен барлық ішкі керек-
жарақтарын, аздап бейтарап сабын
қосылған жылы сумен жуып, ондағы
әдетте жаңа затқа тән келетін иісті
жуып, содан кейін мұқият құрғатыңыз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Жуғыш заттарды немесе
жеміргіш ұнтақтарды
қолданбаңыз, себебі
бұндай заттар құрылғының
қаптамасын бүлдіреді.
7.4 Мерзімді тазалау
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Камераның ішіндегі түтікше
немесе сымдардың
ешқайсысын тартуға,
қозғауға немесе бүлдіруге
болмайды.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Салқындатқыш жүйені
бүлдіріп алудан
сақтаныңыз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Корпусты жылжытқан
кезде, еденді сызып кетпес
үшін алдыңғы жағынан
көтеріңіз.
Құрылғыны жиі тазалап отыру керек:
1. Құрылғының іші мен керек-
жарақтарын, аздап бейтарап
сабын қосылған жылы сумен
жуыңыз.
2. Есіктің тығыздағыштарын
уақытылы тексеріп, қоқыстарын
тазалап отырыңыз.
3. Шайыңыз да, жақсылап
құрғатыңыз.
4. Егер қол жетімді болса,
құрылғының артында орналасқан
конденсат құрылғысы мен
компрессорды шөткемен
тазалаңыз.
Желдеткіш торды бұлай тазалау
құрылғының жұмысын жақсартып,
электр қуатын тұтынуды азайтуға
көмектеседі.
Салқынырақ бөлікті негізгі бөліктен
бөліп тұрған ең төменгі сөрені алып
тазалауға болады. Шығарып алу үшін
сөрені тура тартыңыз.
FreshBox бөлімінің толық
жұмыс істеуін қамтамасыз
ету үшін төменгі сөре мен
жайпақ қақпақтарды
тазалағаннан кейін
бастапқы орнына қою
керек.
Камераның ішіндегі тартпалы
жәшіктердің үстіндегі жайпақ
қақпақтарды тазалау үшін алып
шығуға болады.
ҚАЗАҚ 13
7.5 Құрылғыны
қолданбаған кезде
Құрылғыны ұзақ уақыт бойы
қолданбаған кезде мына сақтық
шараларын орындаңыз:
1. Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
2. Тағамдардың барлығын
шығарыңыз.
3. Құрылғыны және оның керек-
жарақтарының барлығын
тазалаңыз.
4. Жағымсыз иіс пайда болмау үшін
есікті/есіктерді ашық қалдырыңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Егер құрылғыны қосып
қалдыратын болсаңыз,
электр қуаты өшіп қалған
жағдайда ішіндегі тағам
бұзылып кетпес үшін,
басқа бір адамның
арасында бір рет бақылап
қойып отыруын сұраңыз.
7.6 Тоңазытқыштың мұзын
еріту
Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрса,
қырау тоңазытқыш камерадағы
буландырғыштан, мотор компрессоры
тоқтаған сайын автоматты түрде
шығарылады. Еріген су науа арқылы
құрылғының артқы жағында, мотор
компрессорының үстінде орналасқан
арнайы сауытқа жиналады да, сол
жерде буға айналады.
Жиналған су ағып, тоңазытқыштағы
тағамға тамшыламас үшін тоңазытқыш
бөліктегі науаның ортасындағы еріген
су ағатын саңылауды мезгіл-мезгіл
тазалап тұрған маңызды.
7.7 Мұздатқыштың мұзын
еріту
Мұздатқыш бөлікке мұз қатпайды. Бұл
құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде ішкі
қабырғаларының бетіне де, тағамның
үстіне де ешбір мұз қатпайтынын
көрсетеді.
Мұз қатпайтын себебі, автоматты
түрде басқарылатын желдеткіш
құрылғы ішінде үнемі суық ауаны
айналдырып тұрады.
8. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
8.1 Не істерсіңіз, егер...
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Құрылғы жұмыс істемейді. Құрылғы сөндірулі. Құрылғыны қосыңыз.
Қуат ашасы розеткаға
дұрыс сұғылмаған.
Ашаны розеткаға дұрыстап
сұғыңыз.
www.aeg.com14
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Розеткада тоқ жоқ. Розеткаға басқа электр
құрылғысын қосып көріңіз.
Электрші маманға
хабарласыңыз.
Құрылғыдан шуыл
шығады.
Құрылғы дұрыс
орнықпаған.
Құрылғының орнықты
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Көрінетін және естілетін
сигналдар қосылып тұр.
Құрылғы жақында ғана
қосылған немесе
температурасы тым
жоғары.
"Есік ашық" немесе "Жоғары
температураны ескерту
сигналы" тарауын қараңыз.
Құрылғының ішіндегі
температура тым
жоғары.
"Есік ашық" немесе "Жоғары
температураны ескерту
сигналы" тарауын қараңыз.
Есік ашық қалған. Есікті жабыңыз.
Құрылғының ішіндегі
температура тым
жоғары.
Жақын жердегі уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
немесе білікті электршіге
хабарласыңыз.
Шам жанбайды. Шам күту режимінде тұр. Есікті жауып, қайта ашыңыз.
Шам жанбайды. Шамда ақаулық бар. Жақын жердегі уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Компрессор үздіксіз жұмыс
істейді.
Температура дұрыс
орнатылған жоқ.
"Құрылғының жұмысы"
тарауын қараңыз.
Бір мезгілде тым көп
тағам қойылған.
Бірнеше сағат күтіңіз, содан
кейін температурасын қайта
тексеріңіз.
Бөлме температурасы
тым жоғары.
Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы ауа-райы
санатын қараңыз.
Құрылғыға тым жылы
тағамдар қойылған.
Тағамдарды бөлме
температурасына дейін
салқындатып алғаннан кейін
салыңыз.
Есік дұрыс жабылмаған. "Есікті жабу" тарауын
қараңыз.
FROSTMATIC функциясы
қосылған.
"FROSTMATIC функциясы"
тарауын қараңыз.
ҚАЗАҚ 15
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Компрессор FROSTMATIC
тетігін басқаннан кейін
немесе температураны
өзгерткеннен кейін бірден
жұмыс істей бастамайды.
Бұл қалыпты жағдай,
ешқандай ақаулық жоқ.
Компрессор біраз уақыттан
кейін жұмыс істей бастайды.
Су тоңазытқыштың ішіне
ағады.
Су ағатын түтікше бітеліп
қалған.
Су ағатын түтікшені
тазалаңыз.
Тағамдар судың
коллекторға қарай
ағуына бөгет жасайды.
Тағамдардың артқы тақтаға
тимейтінін тексеріңіз.
Су еденге ағады. Еріген су ағатын түтікше,
компрессордың үстіндегі
буландырғыш науаға
қосылмаған.
Еріген су ағатын түтікшені
буландырғыш науаға
жалғаңыз.
Температура
орнатылмайды.
FROSTMATIC немесе
COOLMATIC функциясы
қосылған.
FROSTMATIC немесе COOL‐
MATIC функциясын қолмен
сөндіріңіз немесе
температураны орнату үшін
функцияның өздігінен
бастапқы қалпына келуін
күтіңіз. "FROSTMATIC
немесе COOLMATIC
функциясы" тарауын
қараңыз.
Желдеткіш торкөз есікке
кедергі жасап тұр немесе
есік дұрыс деңгейленген
жоқ.
Құрылғы деңгейі дұрыс
орнатылмаған.
"Деңгейін реттеу" тарауын
қараңыз.
Құрылғының ішіндегі
температура өте төмен/өте
жоғары.
Температура тетігі дұрыс
мәнге қойылмаған.
Жоғарырақ/төменірек
температураға қойыңыз.
Есік дұрыс жабылмаған. "Есікті жабу" тарауын
қараңыз.
Азық-түліктердің
температурасы өте
жоғары.
Азық-түліктің
температурасын бөлме
температурасына дейін
азайтып барып сақтаңыз.
Бір мезгілде тым көп
тағам сақтауға қойылған.
Бір мезгілде сақталатын
азық-түліктер мөлшерін
азайтыңыз.
Есік тым жиі ашылған. Есікті ашу қажет болса ғана
ашыңыз.
www.aeg.com16
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
FROSTMATIC функциясы
қосылған.
"FROSTMATIC функциясы"
тарауын қараңыз.
Құрылғының ішінде суық
ауа айналымы жоқ.
Құрылғы ішінде суық ауаның
айналуын қамтамасыз етіңіз.
Егер ақыл-кеңес күткен
нәтиже бермесе, жақын
жердегі уәкілетті қызмет
көрсету орталығына
хабарласыңыз.
8.2 Есікті жабу
1. Есіктің тығыздағыштарын
тазалаңыз.
2. Қажет болса, есікті реттеңіз.
"Орнату" тарауын қараңыз.
3. Қажет болса, зақым келген
тығыздағыштарды өзгертіңіз.
Уәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
8.3 Шамды ауыстыру
Құрылғы қолданыс мерзімі ұзақ LED
ішкі жарықтама шамымен
жабдықталған.
Жарықтандыру құралын сервис
қызметкері ауыстыру керек. Уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
9. ОРНАТУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
9.1 Орналастыру
Құрылғыны құрғақ, жақсы желдетілген,
бөлме температурасы құрылғынының
техникалық ақпарат тақтайшасында
көрсетілген температураға сай келетін
жерге орнату қажет:
Ауа-
райы
санаты
Бөлме температурасы
SN +10°C бастап + 32°C дейін
N +16°C бастап + 32°C дейін
ST +16°C бастап + 38°C дейін
T +16°C бастап + 43°C дейін
Осы ауқымнан тыс
пайдаланған кезде кей
үлгілерде кейбір
функциональдық ақаулар
пайда болуы мүмкін. Дұрыс
температура ауқымында
пайдаланғанда ғана
жұмыстың дұрыс
болатынына кепілдік
беріледі. Құрылғыны
орнататын жерді дұрыс
анықтай алмасаңыз,
сатушыға, сатып алушыға
қызмет көрсету немесе
жақын жердегі қызмет
көрсету орталығына
хабарласыңыз
9.2 Орналасуы
Құрылғыны электр
желісінен ағытатындай етіп
орналастыру керек;
сондықтан оны
орнатқаннан кейін оның
ашасы қол оңай жететін
жерде тұруға тиіс.
ҚАЗАҚ 17
Құрылғыны радиаторлар, бойлерлер,
тура түскен күн жарығы сияқты жылу
көздерінен мүмкіндігінше алыс орнату
қажет. Құрылғының артқы жағында
ауаның еркін айналы тұруын
қамтамасыз етіңіз. Құрылғы жақсы
жұмыс істеуі үшін, егер құрылғы
қабырғаға ілулі заттың астына
қойылса, құрылғының үсті мен
қабырғаға ілулі заттың арасында кем
дегенде 100 мм орын қалуға тиіс.
Дегенмен, ең жақсысы, құрылғыны
қабырғаға ілінетін заттың астына
қоймаған дұрыс. Құрылғы корпусының
астындағы бір немесе бірнеше аяғын
реттеу арқылы оны бір деңгейлеп
орнатуға болады.
A
B
100 mm
min
20 mm
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Қоршаған ортаның
температурасы 38°C
градустан жоғары болған
жағдайда, құрылғының
дұрыс жұмыс істеуін
қамтамасыз ету үшін
құрылғының қабырғалары
мен жанындағы жиһаздың
арасына 30мм бос орын
қалдыру керек.
9.3 Электртоғына қосу
Құрылғыны қуат көзіне қосу
алдында үйдегі қуат көзінің
техникалық ақпарат тақтайшасында
көрсетілген кернеу мен жиілікке
сәйкестігіне көз жеткізіңіз.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет. Бұл үшін қуат
ашасы контактісімен бірге берілген.
Егер қуатпен жабдықтау жүйесінің
розеткасы жерге тұйықталмаса,
құрылғыны білікті электршіден
кеңес алып, қолданыстағы
ережелерді орындай отырып, жерге
жеке тұйықтау керек.
Жоғарыда көрсетілген қауіпсіздік
шаралары орындалмаса, өндіруші
ешқандай жауапкершілік алмайды.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне
сай келеді.
9.4 Тіктеп орнату
Құрылғыны орналастырған кезде
орнықты болуын қадағалаңыз. Оны
алдының төменгі жағындағы реттемелі
екі аяғының көмегімен орнықты етуге
болады.
9.5 Есікті ауыстыру
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қандай да бір жұмысты
іске асырмас бұрын ашаны
электр розеткасынан
суырыңыз.
Қандай да бір жұмысқа
кірісу алдында,
құрылғының бос екеніне
көз жеткізіңіз. Егер бос
болмаса, барлық тағамды
дұрыс сақтау үшін
температурасы сай келетін
орынға қойыңыз.
www.aeg.com18
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Төмендегі әрекеттерді
жүзеге асыру үшін,
құрылғының есіктерін
мықтап ұстап тұруға
көмектесетін тағы бір
адамның болуын
ұсынамыз.
1. Үстіңгі маска тақтаны алыңыз.
2. Үстіңгі топсаның қақпағын алыңыз
және сымды ағытыңыз.
3. Есікті ұстап тұрып үстіңгі топсаны
алыңыз. Сымның ұшын корпусқа
итеріңіз.
4. Басқару панелін алыңыз және оны
ағытыңыз. Сымды босатыңыз.
5. Сымды үстіңгі жағынан алып,
есіктің қарсы жағына салыңыз.
6. Құрылғының үстіңгі есігін абайлап
ағытып алыңыз.
7. Ортаңғы топсаның қақпақтарын
және тығынды алыңыз.
8. Құрылғының ортаңғы топсасын
алып, содан кейін астыңғы есікті
абайлап алыңыз.
ҚАЗАҚ 19
1
2
9. Астыңғы топсаның қақпағын және
тығындарын алып, содан кейін
астыңғы топсаның қапсырмасын
босатыңыз.
10. Астыңғы топсаның
қапсырмасындағы білікшені алып,
қарама-қарсы жаққа салыңыз.
2
3
1
11. Астыңғы топсаның қапсырмасын
құрылғының қарсы жағына
орнатыңыз.
Астыңғы топсаның
қақпағын және
тығындарын салуды
ұмытпаңыз.
12. Астыңғы есікті астыңғы топсаға
орнатып, оны құрылғының ортаңғы
топсасына бекітіңіз.
Ортаңғы топсаның
қақпақтарын және тығынын
салуды ұмытпаңыз.
2
1
13. Үстіңгі есікті ортаңғы топсаға
абайлап орнатып, содан кейін
есікті үстіңгі топсаға келтіріп
орнатуды жалғастырыңыз.
14. Үстіңгі топсаны орнатып, сымын
жалғап, қақпағын салыңыз.
15. Басқару панелін жалғаңыз және
орнатыңыз. Үстіңгі маска тақтаны
салыңыз.
www.aeg.com20
/