AEG ABR682F1AF Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя
USER
MANUAL
KK Қолдану туралы нұсқаулары 2
Мұздатқыш
RU Инструкция по эксплуатации 20
Морозильник
UK Інструкція 39
Морозильник
ABR682F1AF
МАЗМҰНЫ
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ....................................................................................2
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ...............................................................................5
3. ОРНАТУ............................................................................................................... 7
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ...............................................................................................8
5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ........................................................................................ 10
6. АҚЫЛ-КЕҢЕС.....................................................................................................11
7. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ....................................................................................12
8. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ....................................................................................... 14
9. ШУЫЛ ТҮРЛЕРІ................................................................................................ 18
10. ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕР..............................................................................18
11. СЫНАҚ ИНСТИТУТТАРЫНА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ....................................18
ТАМАША НӘТИЖЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҮШІН
AEG өнімін таңдағаныңызға рахмет. Біз көптеген жылдар бойы, өмір сүруді
барынша жеңілдетуді алға мақсат етіп қоя отырып, үздік технологияға
негізделген, әдеттегі тұрмыстық техникада кездесе бермейтін
функциялармен жабдықталған, мінсіз жұмыс жасайтын құрылғыларды
өндіріп келеміз. Құрылғының функцияларын барынша толық қолдануға
мүмкіндік алу үшін осы ақпаратқа бірнеше минут уақыт бөліп оқыңыз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Пайдалануға қатысты кеңесті, кітапша, ақаулықты түзету, қызмет көрсету
және жөндеу туралы ақпаратты мына жерден алыңыз:
www.aeg.ru/support
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.part33.ru
БІЗДІҢ ВЕБ-САЙТҚА БАРЫП КЕЛЕСІНІ ҚАРАҢЫЗ:
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
www.aeg.com2
Дұрыс орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде
орын алған жарақат немесе зақымға өндіруші
жауапты емес. Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру
үшін әрқашан қауіпсіз және қол жетімді жерде
сақтаңыз.
1.1 Балалар мен әлсіз адамдардың қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым
келген не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін
қамтамасыз ететін адамның қадағалауы не
құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген
нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын
түсінсе, онда қолдануына болады.
3 және 8 жас арасындағы балаларға тиісті
нұсқаулар берілсе, оларға құрылғыны толтыруға
және босатуға рұқсат етіледі.
Бұл құрылғыны мүмкіндіктері өте шектеулі мүгедек
адамдар тиісті нұсқаулар алған болса пайдалана
алады.
3 жасқа толмаған балаларды үнемі қарап
отырмаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау
жұмыстарын бақылаусыз орындамауы керек.
Барлық орам материалдарын балалардан алыс
ұстап, қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Бұл құрылғы үйде не сол сияқты төменде аталған
жерлерде пайдалану үшін жасалған:
Фермадағы үйлердің; дүкендердегі, кеңселер
мен басқа жұмыс орындарындағы
қызметкерлерге арналған ас бөлмелерде;
Қонақ үйлерде, мотельдерде, төсек және таңғы
аспен қамтамасыз ететін қонақжайларда және
басқа тұрғынды жерлерде.
ҚАЗАҚ 3
Тағам ластанбас үшін келесі нұсқауларды
орындаңыз:
есікті ұзақ уақыт бойы ашпаңыз;
тағаммен және қол жетімді су ағатын
жүйелерімен жанасатын беттерді үнемі
тазалаңыз;
ЕСКЕРТУ: Құрылғының корпусындағы немесе
кіріктірілген элементіндегі желдеткіш
саңылауларды бітемей, ашық ұстаңыз.
ЕСКЕРТУ: Өндіруші ұсынысынан басқа,
механикалық құрылғыларды немесе басқа
құралдарды еріту үрдісін жылдамдату үшін
пайдаланбаңыз.
ЕСКЕРТУ: Салқындатқыш жүйенің контурын
зақымдамаңыз.
ЕСКЕРТУ: Өндіруші ұсынған үлгіге сәйкес
келмейтін электр жабдықтарын құрылғының азық-
түлік сақтайтын бөліктерінде қолданбаңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және буды
қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап жуғыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкелерді,
еріткіштерді немесе металл заттарды
пайдаланбаңыз.
Құрылғы ұзақ уақыт бойы бос тұрса, оны сөндіріңіз,
жібітіңіз, тазалап, құрғатыңыз және құрылғының
ішінде зең пайда болмас үшін есікті ашық
қалдырыңыз.
Бұл құрылғыда жанғыш заты бар аэрозольдық
баллондар сияқты жарылыс қауіпті заттарды
сақтамаңыз.
Егер қуат cымына зақым келсе, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету
орталығы немесе сол сияқты білікті маман
ауыстыруға тиіс.
www.aeg.com4
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
ЕСКЕРТУ!
Бұл құрылғыны тек білікті
маман ғана орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Қауіпсіздік техникасына
байланысты құрылғыны кіріктіріп
орнату алдында қолданбаңыз.
Құрылғымен бірге жеткізілген
орнату нұсқауларын орындаңыз.
Құрылғы ауыр болғандықтан,
орнынан жылжытқан кезде әрқашан
абай болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік
қолғабы мен бітеу аяқ киім киіңіз.
Құрылғының айналасында ауа
айналып тұруын қамтамасыз етіңіз.
Алғаш рет орнатқаннан кейін не
есіктің орнын ауыстырғаннан кейін
құрылғыны тоққа қосу алдында
кемінде 4 сағат күтіңіз. Бұл майдың
компрессорға қайта құйылуына
мүмкіндік беру үшін қажет.
Құрылғыға қатысты қандай да бір
жұмыс орындау алдында (мысалы,
есіктің орнын ауыстырғанда) ашаны
розеткадан ағытыңыз.
Құрылғыны радиаторға немесе
пештерге, тұмшапешке не пештің
үстіне жақын орнатпаңыз.
Құрылғыны жаңбырға шығармаңыз.
Құрылғыны күннің жарығы тура
түсетін жерге қоймаңыз.
Бұл құрылғыны тым ылғал немесе
тым суық жерге орнатпаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде,
еденге сызат түсіріп алмау үшін
алдыңғы бұрышынан ұстап
көтеріңіз.
2.2 Электртоғына қосу
ЕСКЕРТУ!
Өрт және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны орнатқанда
қуат сымының кептеліп
немесе оған нұқсан
келмегеніне көз жеткізіңіз.
ЕСКЕРТУ!
Көп тармақты адаптерлер
мен ұзартқыш сымдарды
қолданбаңыз.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат тақтасындағы
параметрлердің негізгі қуатпен
жабдықтау желісіндегі электр
параметрлеріне сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз.
Әрқашан дұрыс орнатылған,
соққыға төзімді розетканы
қолданыңыз.
Электр бөлшектеріне зақым
келтірмеңіз (мысалы, ашасына,
сымына, компрессорға). Электр
бөлшектерін ауыстыру үшін қызмет
уәкілетті көрсету орталығына
немесе электршіге хабарласыңыз.
Қорек сымы ашаның деңгейінен
төмен орналасуға тиіс.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан
кейін ғана қосыңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны ажырату үшін электр
сымынан тартпаңыз. Әрдайым
қорек ашаны қолмен тартып
шығарыңыз.
2.3 Қолдану
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, күйіп қалу,
электр тоғының қатеріне
ұшырау не өрт шығу қаупі
бар.
Құрылғының құрамында жылдам
тұтанатын изобутон (R600a), қоршаған
ортамен сыйысымдылығы өте жоғары
табиғи газ бар. Изобутоны бар
ҚАЗАҚ 5
салқындатқыш жүйеге зақым келтіріп
алмас үшін абай болыңыз.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Электр құрылғыларын (мысалы,
балмұздақ жасағыш құрылғы) егер
өндірушісі арнайы көрсетпесе,
құрылғыға салуға болмайды.
Егер салқындатқыш жүйеге зақым
келсе, бөлмеде ешбір оттың
жалыны және тұтануға себеп
болатын көздердің болмауын
қамтамасыз етіңіз. Бөлмені
желдетіңіз.
Ыстық заттарды құрылғының
пластик бөліктеріне тигізбеңіз.
Алкогольсыз сусындарды
мұздатқыш бөлікке қоймаңыз.
Себебі сусынның ыдысында қысым
пайда болады.
Құрылғыда тұтанғыш газ бен
сұйықтықты сақтамаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
Компрессорға немесе
конденсаторға қол тигізбеңіз. Олар
ыстық.
Қолыңыз су немесе дымқыл болса
мұздатқыш бөліктегі заттарды
алмаңыз немесе ұстамаңыз.
Жібіген тағамды қайта
мұздатпаңыз.
Мұздатылған тағамның
орамындағы тағам сақтау
нұсқауларын орындаңыз.
Тағамды мұздатқыш бөлікке салмас
бұрын, басқа тағамға тимес үшін
материалмен ораңыз.
2.4 Ішкі жарықтама
ЕСКЕРТУ!
Электр қатері бар.
Осы өнімнің ішіндегі шам(дар) мен
шамдардың қосалқы бөлшектері
жеке сатылады: Бұл шамдар
температура, діріл, ылғалдылық
сияқты төтенше физикалық
жағдайларға тұрмыстық
құрылғылардың қарсы тұруына
немесе құрылғының жұмыс
жағдайы туралы сигнал беруге
арналған. Олар басқа
қолданбаларда пайдалануға
арналмаған және тұрғын үйлерді
жарықтандыруға сәйкес келмейді.
2.5 Күту менен тазалау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
құрылғыны бүлдіріп алу
қаупі бар.
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын
розеткадан суырыңыз.
Бұл құрылғының салқындатқыш
жүйесінде көмірсутек бар. Жүйеге
күтім көрсету және оны қайта
толтыру жұмыстарын тек білікті
маман ғана іске асыруға тиіс.
Құрылғының су төгетін түтіктерін
уақытылы тексеріңіз, егер тазалау
керек болса тазалаңыз. Су ағатын
түтік бітелсе, еріген су құрылғының
табанына жиналады.
2.6 Сервис
Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Тек ғана фирмалық
қосалқы бөлшектерді қолданыңыз.
Өз бетінше жөндеу немесе кәсіби
емес жөндеу қауіпті және кепілдіктің
күшін жоюға әкелуі мүмкін екенін
ескеріңіз.
2.7 Құрылғыны тастау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғы
ішіне қамалып қалмас үшін есікті
ағытып алыңыз.
Құрылғының салқындатқыш жүйесі
мен изоляция материалдарының
озонға зияны жоқ.
Изоляция көбігінің құрамында
тұтанғыш газ бар. Құрылғыны
қоқысқа дұрыс тастауға қатысты
ақпаратты жергілікті әкімшілік
мекемеге хабарласып алыңыз.
www.aeg.com6
Салқындатқыш жүйенің қызу
алмастырғышқа жақын орналасқан
жеріндегі бөлігіне зақым
келтірмеңіз.
3. ОРНАТУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны орнату үшін
орнату туралы
нұсқаулықты қараңыз.
ЕСКЕРТУ!
Құрылғы орнықсыз болмас
үшін құрылғыны орнату
туралы нұсқаулыққа сәйкес
бекітіңіз.
3.1 Өлшемдер
H1
H2
W2
D2
W1
D1
W3
D3
111,6
Жалпы өлшемдер ¹
H1 мм 819
W1 мм 596
D1 мм 547
¹ құрылғының тұтқасыз және
табандарсыз биіктігі, ені және тереңдігі
Пайдалану кезінде қажет кеңістік ²
H2 мм 820
W2 мм 596
D2 мм 550
² тұтқаны қосқанда, құрылғының
биіктігі, ені және тереңдігі, плюс
салқындату ауасының еркін
айналымына қажетті кеңістік
Қолдануға қажетті жалпы кеңістік ³
H2 мм 820
W3 мм 777
D3 мм 1120
³ тұтқаны қосқанда, құрылғының
биіктігі, ені және тереңдігі, плюс
салқындату ауасының еркін
айналымына қажетті кеңістік, плюс
барлық ішкі жабдықтарды алып
тастауға мүмкіндік беретін минималды
бұрышқа дейін есікті ашуға қажетті
кеңістік
ҚАЗАҚ 7
3.2 Орналасуы
Құрылғы жақсы жұмыс істеуі үшін
құрылғыны жылу көзіне жақын жерде
(тұмшапеш, пеш, радиатор немесе
плита) немесе күн сәулесі тура түсетін
жерге орнатпаңыз. Ауаның корпустың
артқы жағында еркін айналатынына
көз жеткізіңіз.
Бұл құрылғыны құрғақ, жақсы
желдетілетін жерге орнату керек.
Бұл құрылғы 10°C бастап 43°C дейінгі
қоршаған орта температурасында
пайдалануға арналған.
Дұрыс температура
ауқымында пайдаланғанда
ғана құрылғы жұмысының
дұрыс болатынына кепілдік
беріледі.
Құрылғыны орнататын
жерді дұрыс анықтай
алмасаңыз, сатушыға,
сатып алушыға қызмет
көрсету немесе жақын
жердегі уәкілетті қызмет
көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Құрылғыны электр
желісінен ажырату
мүмкіндігі болуы керек.
Орнатқаннан кейін ашаға
қол жету оңай болу керек.
3.3 Электртоғына қосу
Токқа қоспас бұрын техникалық
ақпарат тақтайшасында көрсетілген
кернеу мен жиіліктің үйдегі қуат
көзіне сәйкес келетіндігін тексеріңіз.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет. Бұл үшін қуат
кабелінің ашасы контактпен
қамтамасыз етілген. Егер қуатпен
жабдықтау жүйесінің розеткасы
жерге тұйықталмаса, құрылғыны
білікті электршіден кеңес алып,
қолданыстағы ережелерді орындай
отырып, жерге жеке тұйықтау керек.
Жоғарыда көрсетілген қауіпсіздік
шаралары сақталмаса, өндіруші
жауапкершіліктен бас тартады.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне
сай келеді.
3.4 Желдету талаптары
АБАЙЛАҢЫЗ
Қажетті желдетуді
қамтамасыз ету үшін
құрылғыны орнату
нұсқауына сәйкес орнату
керек.
3.5 Есіктің ашылатын жағын
өзгерту
Есікті орнату және ашылатын жағын
өзгерту жөніндегі нұсқаулықтары бар
жеке құжатқа жүгініңіз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Есікті басқаша ашылатын
етіп өзгерту кезінде еденге
сызаттан қорғайтын
материал төсеңіз.
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
1 2 3 4 5
1
Қуат индикаторының шамы
www.aeg.com8
2
Температура реттегіш және On/Off
тетігі
3
Frostmatic шамы
4
Frostmatic тетігі және ескерту
сигналын бастапқы қалпына қою
тетігі
5
Ескерту шамы
4.1 Іске қосу
1. Ашаны розеткаға сұғыңыз.
2. Температура тетігін сағат тілінің
бағытымен бұрап орташа
температураға қойыңыз.
Егер құрылғы ішіндегі температура
тым жоғары болса, Ескерту шамы
жыпылықтайды да, дыбыстық сигнал
қосылады.
3. Frostmatic қосқышын басыңыз,
сонда дыбыстық сигнал сөнеді.
Ескерту шамы ішкі температура
мұздатылған тағамды қауіпсіз
сақтауға болатын деңгейге
жеткенше жыпылықтап тұрады.
4.2 Өшіру
1. Температура тетігін «O» күйіне
бұраңыз.
Қуат индикаторының шамы сөнеді.
2. Ашаны розеткадан суырыңыз.
4.3 Температураны реттеу
Температура автоматты түрде
реттеледі. Дегенмен, құрылғының ішкі
температурасын өзіңіз орнатуыңызға
болады.
Параметрді құрылғы ішіндегі
температураның төмендегі
жағдайларға тәуелді екенін ескеріп
таңдаңыз:
бөлме температурасы,
есікті ашу жиілігі,
сақталған тағамның мөлшері,
құрылғының орналасқан орны.
Әдетте орташа суықтықты таңдаған
дұрыс.
Құрылғыны қосу үшін:
1. Құрылғының ішіндегі
температураны төмендету үшін
температура тетігін сағат тілінің
бағытымен бұраңыз.
2. Құрылғының ішіндегі
температураны жоғарлату үшін
температура тетігін сағат тілінің
бағытына қарсы бұраңыз.
4.4 Frostmatic функциясы
Frostmatic тетігі мұздатқыш бөлікте
алдын-ала мұздату және жылдам
мұздату үшін қолданылады. Бұл
функция жаңа тағамды тездетіп
мұздатумен қатар, сақталып тұрған
тағамдарды жылудың әсерінен
қорғайды.
Жаңа тағамды мұздату
үшін Frostmatic
функциясын тағамды
мұздату алдында кем
дегенде 24 сағат бұрын
қосыңыз.
Функцияны іске қосу үшін:
1. Frostmatic түймесін 2-3 секунд
Frostmatic функциясын іске қосу
үшін басыңыз. Frostmatic шамы
жанады.
2. Тағамды мұздатқыш бөлікке салып,
Frostmatic функциясын 24 сағат
бойы қосып қойыңыз. "Жаңа
тағамды мұздату" бөлімін қараңыз.
Бұл функция 52 сағаттан
кейін өздігінен тоқтайды.
Функцияны кез келген
уақытта Frostmatic
қосқышын 2-3 секунд
басып сөндіруге болады.
4.5 Жоғары температураны
ескерту
Мұздатқыш камерадағы температура
жоғарылаған кезде (мысалы, электр
қуатының үзілуіне байланысты)
ескерту индикаторы жыпылықтап,
дыбыс беріледі.
ҚАЗАҚ 9
Дыбысты кез келген уақытта ескерту
индикаторының тетігін басу арқылы
сөндіруге болады.
Жағдай қалыпқа келтірілгеннен кейін
ескерту сигналы жыпылықтауын
тоқтатып, дыбыс автоматты түрде
өшеді.
4.6 Есік ашық сигналы
Есік шамамен 80 секунд ашық қалса,
дыбыстық сигнал естіледі.
Есікті жапқаннан кейін, дыбыстық
сигнал тоқтайды.
Қандай жағдай орын алса да,
дыбыстық сигналды сөндіру үшін
Ескерту сигналын бастапқы қалпына
қою тетігін басыңыз.
5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
5.1 Жаңа піскен тағамды
мұздату
Мұздатқыш бөлімі жаңа тағамды
мұздатуға және мұздатылған және
қатты мұздатылған тағамды ұзақ уақыт
сақтауға жарамды.
Жаңа тағамды мұздату үшін Frostmatic
функциясын мұздатылатын тағамды
мұздатыш бөлікке қоярдың алдында
кемінде 24 сағат бұрын қосыңыз.
Жаңа тағамды жоғарғы жағынан
бірінші бөлімде немесе тартпада
біркелкі таратылған күйде сақтаңыз.
24 сағат ішінде басқа жаңа тағам
қоспай мұздатуға болатын тағамның
максималды мөлшері техникалық
ақпарат тақтайшасында көрсетілген
(құрылғының ішінде орналасқан
затбелгі).
Мұздату процесі аяқталғаннан кейін
құрылғы алдыңғы температура
параметріне автоматты түрде
оралады («Frostmatic функциясы»
бөлімін қараңыз).
5.2 Қатырылған тағамды
сақтау
Құрылғыны бірінші рет немесе
пайдаланбау кезеңінен кейін іске
қосқанда, өнімдерді бөлімге қоймас
бұрын құрылғыны Frostmatic
функциясы қосулы күйде кемінде 3
сағат бойы жұмыс істетіңіз.
Мұздатқыш тартпалары қалаған тағам
орауышын жылдам және оңай табуды
қамтамасыз етеді. Егер көп тағам
сақталатын болса, барлық
тартпаларды шығарып алыңыз, тек
тиісті ауа айналымын қамтамасыз
ететін төменгі тартпаға тимеңіз.
Тағамды есікке 15 мм артық жақын
қоймаңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Электр қуатының өшуі
секілді күтілмеген еру
жағдайында электр қуаты
«көтерілу уақыты»
астындағы техникалық
деректер тақтасында
көрсетілген мәннен
ұзағырақ өшкен болса,
еріген тағамды жылдам
тұтыну немесе дереу
пісіру, кейін салқындатып
қайта қатыру керек
болады. «Жоғары
температура дабылы»
бөлімін қараңыз.
5.3 Жібіту
Қатты мұздатылған немесе
мұздатылған тағамды қолдану
алдында оны тоңазытқышта немесе
полиэтилен қалтаға салып, салқын
судың астында ерітуге болады.
Бұл жұмыс қол жетімді уақыт пен
тамақ түріне байланысты болады.
Кішкене кесектерді мұздатылған күйі
пісіруге болады.
5.4 Суық жинағыштар
Бұл құрылғы қуат көзі өшкен немесе
істен шыққан жағдайда сақтау уақытын
www.aeg.com10
ұлғайтатын суық жинағыштармен
жабдықталған.
Жинағыштар жақсы жұмыс істеу үшін,
оларды құрылғының алдыңғы жоғарғы
бөлігіне қойыңыз.
6. АҚЫЛ-КЕҢЕС
6.1 Қуатты үнемдеу туралы
кеңестер
Құрылғының ішкі конфигурациясы
энергияны ең тиімді пайдалануды
қамтамасыз етеді.
Суық аккумуляторларын
мұздатқыштың себетінен алмаңыз.
Есікті жиі ашпаңыз немесе оны
қажеттіден ұзағырақ ашық
қалдырмаңыз.
Температура параметрі неғұрлым
салқынырақ болса, энергияны
тұтыну соғұрлым жоғарырақ
болады.
Тиісті желдетуді қамтамасыз етіңіз.
Желдеткіш торларды немесе
тесіктерді жаппаңыз.
6.2 Мұздатуға қатысты ақыл
кеңес
Тағамды мұздатқыш камераға
салмас бұрын кем дегенде 24 сағат
бұрын Frostmatic функциясын
қосыңыз.
Мұздату алдында жаңа піскен
тағамдарды орап, желімдеңіз:
алюминий фольга, полиэтилен
пленка немесе қалталар, қақпағы
бар герметикалық контейнерлер.
Тағамды барынша тиімді мұздату
және жібіту үшін шағын бөліктерге
бөліңіз.
Барлық мұздатылған тағамдарға
жапсырмалар мен ай-күнді жазу
ұсынылады. Бұл тағамдарды
анықтауға және олардың бұзылуы
алдында қашан қолдану керектігін
білуге көмектеседі.
Жақсы сапасын сақтау үшін тағам
мұздатылған кезде жаңа болуы
керек. Әсіресе жемістер мен
көкөністер барлық қоректік
заттарын сақтау үшін өнімді
жинағаннан кейін мұздатылған
болуы тиіс.
Бөтелкелерді немесе сұйықтықтары
бар банкаларды, атап айтқанда
көмірқышқыл газы бар сусындарды
мұздатпаңыз - олар мұздату кезінде
жарылуы мүмкін.
Мұздатқыш камераға ыстық
тағамды салмаңыз. Бөлікке қою
алдында бөлме температурасына
дейін салқындатыңыз.
Мұздатылған тағамның
температурасының жоғарылауына
жол бермеу үшін оның қасына
мұздатылмаған жаңа тағамды
қоймаңыз. Бөлме
температурасындағы тағамды
мұздатылған тағамы жоқ,
мұздатқыш камераға қойыңыз.
Мұз текшелерін, мұздақтарды
немесе лолли тәрізді тағамдарды
мұздатқыштан алған бетте жемеңіз.
Қарып кетуі мүмкін.
Жібіген тағамды мұздатпаңыз. Егер
тағам жібіген болса, оны пісіріңіз,
суытыңыз да, мұздатыңыз.
6.3 Қатырылған тағамды
сақтау туралы кеңестер
Мұздатқыш бөлімі деп
белгіленген.
Орташа температура параметрі
мұздатылған тамақ өнімдерінің
жақсы сақталуын қамтамасыз етеді.
Құрылғының ішінде жоғарырақ
температураның орнатылуы сақтау
мерзімінің қысқаруына әкелуі
мүмкін.
Мұздатқыш бөлімінің барлығы
мұздатылған тамақ өнімдерін
сақтауға жарамды.
Ауаның еркін айналуы үшін
тағамның айналасында жеткілікті
орын қалдырыңыз.
Тиісті сақтау үшін тағамның
жарамдылық мерзімін көру үшін
тағам қаптамасының жапсырмасын
қараңыз.
Тағамды судың, ылғалдылықтың
немесе конденсаттың ішке енуіне
жол бермейтін етіп орау өте
маңызды.
ҚАЗАҚ 11
6.4 Сатып алуға қатысты
ақыл - кеңестер
Азық-түлік сатып алғаннан кейін:
Ораманың зақымдалмағанына көз
жеткізіңіз - тағам нашарлауы
мүмкін. Егер орама ісінген немесе
суланған болса, онда ол дұрыс
сақталмаған болуы мүмкін және
тағам жіби бастаған болуы мүмкін.
Мұздатылған тауарларды еріп
кетпес үшін соңында сатып алып,
жылу өткізбейтін салқын қалтаға
салып, жеткізіңіз.
Дүкеннен келгеннен кейін
мұздатылған тағамды бірден
мұздатқышқа салыңыз.
Егер тағам тіпті жартылай еріген
болса да, оны қайта мұздатпаңыз.
Оны мүмкіндігінше тез тұтыныңыз.
Қалтаның жарамдылық мерзіміне
және сақтауға қатысты ақпаратын
сақтаңыз.
6.5 Сақтау мерзімі
Тағам түрі Сақтау мерзімі (ай)
Нан 3
Жемістер (цитрусты жемістерді қоспағанда) 6 - 12
Көкөністер 8 - 10
Етсіз тағам қалдықтары 1 - 2
Сүт өнімдері:
Сары май
Жұмсақ сыр (мысалы, моцарелла)
Қатты сыр (мысалы, пармезан, чеддер)
6 - 9
3 - 4
6
Теңіз өнімдері:
Майлы балық (мысалы, ақсерке, скумбрия)
Майсыз балық (мысалы, нәлім, камбала)
Асшаяндар
Жаңа ауланған ұлулар және қабыршақтары
Піскен балық
2 - 3
4 - 6
12
3 - 4
1 - 2
Ет:
Құс еті
Сиыр еті
Шошқа еті
Қой еті
Шұжық
Ветчина
Ет бар тағам қалдықтары
9 - 12
6 - 12
4 - 6
6 - 9
1 - 2
1 - 2
2 - 3
7. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
7.1 Пештің ішін тазалау
Құрылғыны ең алғаш пайдалану
алдында, іші мен барлық ішкі керек-
жарақтарын, аздап бейтарап сабын
www.aeg.com12
қосылған жылы сумен жуып, ондағы
әдетте жаңа затқа тән келетін иісті
жуып, содан кейін мұқият құрғатыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Жуғыш заттарды, жеміргіш
ұнтақтарды, хлор немесе
май қосылған жуғыш
заттарды пайдаланбaңыз,
қаптаманы бүлдіреді.
АБАЙЛАҢЫЗ
Құрылғының керек-
жарақтарын және
бөліктерін ыдыс жуғыш
машинамен жууға
болмайды.
7.2 Мерзімді тазалау
Құрылғыны жиі тазалап отыру керек:
1. Құрылғының іші мен керек-
жарақтарын, аздап бейтарап
сабын қосылған жылы сумен
жуыңыз.
2. Есіктің тығыздағыштарын
уақытылы тексеріп, таза және
қоқыссыз болуын қамтамасыз ету
үшін сүртіңіз.
3. Шайыңыз да, жақсылап
құрғатыңыз.
7.3 Мұздатқыштың мұзын
еріту
АБАЙЛАҢЫЗ
Буландырғыштағы
қырауды ешқашан өткір
металл қырғышпен
қырмаңыз, оны бүлдіріп
алуыңыз мүмкін.
Мұзды жылдам еріту үшін
өндіруші ұсынған
құралдардан өзге
механикалық немесе басқа
жасанды заттарды
ешқашан қолданбаңыз.
Жібітуге шамамен 12 сағат
қалғанда, құрылғы
жұмысында үзіліс болған
жағдайда ішіндегі суық
жеткілікті болуы үшін
төмен температураны
орнатыңыз.
Мұздатқыш сөрелері мен үстіңгі
камераның айналасына белгілі бір
мөлшерде қырау әрқашан жиналады.
Мұздатқыш қырауының қалыңдығы
шамамен 3-5 мм болғанда жібітіңіз.
1. Құрылғыны сөндіріңіз немесе
розеткадан электр ашасын
суырыңыз.
2. Сақталған тағамды шығарып,
салқын жерге қойыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Құрылғының мұзын
еріту кезінде оралып
мұздатылған
тағамдардың
температурасының
жоғарылауы олардың
қауіпсіз сақталу
мерзімін қысқартуы
мүмкін.
Мұздатылған заттарды
дымқыл қолмен
ұстамаңыз.
Қолдарыңыз
мұздатылған заттарға
жабысып қалуы мүмкін.
3. Есікті ашық қалдырыңыз. Еріген
судан еденді шүберек төсеу
немесе жайпақ ыдыс қою арқылы
қорғаңыз.
4. Жібіту үрдісін жылдамдату үшін
мұздатқыш бөліктің ортасына
жылы су құйылған стакан қойыңыз.
Сонымен қатар сындыруға
болатын мұзды ерімей тұрып
алыңыз.
5. Мұзды еріткеннен кейін
құрылғының ішін жақсылап
құрғатыңыз.
6. Құрылғыны қосып, есігін жабыңыз.
7. Температура түймешігін ең үлкен
суықтыққа қойыңыз да, құрылғыны
осы параметрде тұрған қалпы кем
дегенде 3 сағат іске қосыңыз.
Осы уақыттан кейін ғана тағамды
мұздатқыш камераға салыңыз.
7.4 Ауа өткізетін
саңылауларды тазалау
1. Жақтаушаны (A), содан кейін
желдеткіш торды (B) алыңыз.
ҚАЗАҚ 13
C AB
2. Желдеткіш торкөзді тазалаңыз.
3. Ауа дефлекторын (C) еппен тартып
шығарыңыз, онда еріген мұздың
суы жиналмағанын тексеріңіз.
4. Құрылғының астыңғы жағын
шаңсорғышпен тазалаңыз.
7.5 Құрылғыны
қолданбаған кезде
Құрылғыны ұзақ уақыт бойы
қолданбаған кезде мына сақтық
шараларын орындаңыз:
1. Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
2. Тағамдардың барлығын
шығарыңыз.
3. Құрылғының мұзын жібітіңіз.
4. Құрылғыны және оның керек-
жарақтарының барлығын
тазалаңыз.
5. Жағымсыз иіс пайда болмас үшін
есікті ашық қалдырыңыз.
8. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
8.1 Не істерсіз, егер...
Мәселе Ықтимал себебі Шешімі
Құрылғы жұмыс істемейді Құрылғы өшірулі. Құрылғыны қосыңыз.
Қуат ашасы қуат
розеткасына дұрыс
қосылмаған.
Қуат ашасын қуат
розеткасына дұрыс
қосыңыз.
Қуат розеткасында кернеу
жоқ.
Қуат розеткасына басқа
электр құрылғысын
жалғаңыз. Білікті
электршімен
байланысыңыз.
Құрылғы шулы. Құрылғы дұрыс тірелмеген. Құрылғының орнықты
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Акустикалық немесе
көрнекі дабыл қосулы.
Шкаф аз уақыт бұрын
қосылды.
«Есік ашық» немесе
«Жоғары температура
туралы ескерту сигналы»
тарауын қараңыз.
www.aeg.com14
Мәселе Ықтимал себебі Шешімі
Құрылғының ішіндегі
температура тым жоғары.
«Есік ашық» немесе
«Жоғары температура
туралы ескерту сигналы»
тарауын қараңыз.
Есік ашық қалды. Есікті жабыңыз.
Компрессор үздіксіз жұмыс
істеуде.
Температура дұрыс
орнатылмаған.
«Басқару панелі» тарауын
қараңыз.
Бір мезгілде тым көп тағам
қойылған.
Бірнеше сағат күтіңіз де,
содан кейін
температураны қайта
тексеріңіз.
Бөлме температурасы тым
жоғары.
«Орнату» тарауын
қараңыз.
Құрылғыға салынған тағам
өнімдері тым жылы.
Тағам өнімдерін сақтаудан
бұрын бөлме
температурасына дейін
салқындатып алыңыз.
Есік дұрыс жабылмаған. «Есікті жабу» бөлімін
қараңыз.
Frostmatic функциясы
қосулы.
«Frostmatic функциясы»
бөлімін қараңыз.
Компрессор «Frostmatic»
тетігін басқаннан кейін
немесе температураны
өзгерткеннен кейін бірден
жұмыс істей бастамайды.
Компрессор белгілі бір
уақыттан кейін іске
қосылады.
Бұл — қалыпты жағдай,
ешбір қате орын алмады.
Есік дұрыс тураланбаған
немесе оған желдету торы
кедергі жасап тұр.
Құрылғы деңгейленбеді. Орнату нұсқаулығын
қараңыз.
Есік оңай ашылмайды. Есікті жапқаннан кейін
дереу қайта ашуға әрекет
еттіңіз.
Есікті жауып, содан кейін
қайта ашқанша бірнеше
секунд күтіңіз.
Тым көп аяз және мұз бар. Есік дұрыс жабылмаған. «Есікті жабу» бөлімін
қараңыз.
Сальник
деформацияланған немесе
лас.
«Есікті жабу» бөлімін
қараңыз.
Тағам өнімдері дұрыс
орнатылмаған.
Тағам өнімдерін жақсырақ
ораңыз.
ҚАЗАҚ 15
Мәселе Ықтимал себебі Шешімі
Температура дұрыс
орнатылмаған.
«Басқару панелі» тарауын
қараңыз.
Құрылғы толығымен
жүктеліп, ең төменгі
температураға
орнатылған.
Жоғарырақ температураны
орнатыңыз. «Басқару
панелі» тарауын қараңыз.
Құрылғыда орнатылған
температура тым төмен
және қоршаған орта
температурасы тым
жоғары.
Жоғарырақ температураны
орнатыңыз. «Басқару
панелі» тарауын қараңыз.
Су еденге ағады. Еріген су шығысы
құрылғының астындағы
буландырғыш науаға
қосылмаған.
Еріген су шығатын жерді
буландырғыш науаға
жалғаңыз.
Температураны орнату
мүмкін емес.
«Frostmatic функциясы»
қосылған.
«Frostmatic функциясын»
қолмен қосыңыз немесе
функция автоматты түрде
өшірілгенге дейін күтіңіз.
«Frostmatic функциясы»
бөлімін қараңыз.
Құрылғыдағы температура
тым төмен/тым жоғары.
Температура дұрыс
орнатылмаған.
Жоғарырақ/төменірек
температураны
орнатыңыз.
Есік дұрыс жабылмаған. «Есікті жабу» бөлімін
қараңыз.
Тағам өнімдерінің
температурасы тым
жоғары.
Тағам өнімдерін сақтау
алдында температурасын
бөлме температурасына
дейін азайтыңыз.
Бір уақытта көптеген тағам
өнімдері сақталған.
Бір уақытта азырақ тағам
өнімдерін сақтаңыз.
Мұздың қалыңдығы 4-5
мм-ден асады.
Құрылғының аязын ерітіңіз.
Есік жиі ашылған. Есікті қажет кезде ғана
ашыңыз.
Frostmatic функциясы
қосулы.
«Frostmatic функциясы»
бөлімін қараңыз.
www.aeg.com16
Мәселе Ықтимал себебі Шешімі
Құрылғыда салқын ауа
айналымы жоқ.
Құрылғыда салқын ауа
айналымының бар екеніне
көз жеткізіңіз. «Ақыл-
кеңестер және ұсыныстар»
тарауын қараңыз.
Қуат индикаторының шамы
жыпылықтайды.
Температураys өлшеу
кезінде қате орын алды.
Білікті электршімен немесе
ең жақын орналасқан
Уәкілетті қызмет көрсету
орталығымен
байланысыңыз.
Егер берілген кеңес
қажетті нәтижені бермесе,
ең жақын орналасқан
Уәкілетті қызмет көрсету
орталығына қоңырау
шалыңыз.
8.2 Есікті жабу
1. Есіктің тығыздағыштарын
тазалаңыз.
2. Қажет болса, есікті реттеңіз.
Орнату нұсқаулықтарын қараңыз.
3. Қажет болса, зақым келген
тығыздағыштарды өзгертіңіз.
Уәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
ҚАЗАҚ 17
9. ШУЫЛ ТҮРЛЕРІ
SSSRRR!
CLICK!
HISSS!
BRRR!
BLUBB!
10. ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕР
Техникалық ақпарат құрылғының ішкі
жағындағы техникалық ақпарат
тақтайшасында және қуат
жапсырмасында көрсетілген.
Кернеу Жиілік
220 - 240 В 50 Гц
11. СЫНАҚ ИНСТИТУТТАРЫНА АРНАЛҒАН
АҚПАРАТ
Құрылғы EcoDesign тексерісінен өте
алу үшін EN 62552 стандартына сай
орнатылуы және жасалуы керек.
Желдетуге қойылатын талаптар,
құрылғының арты мен қабырға
арасындағы саңылаудың ең аз
өлшемдері Пайдаланушы нұсқауының
3--тарауда көрсетілгендей болуы тиіс.
Құрылғыны толтыру және басқа
қосымша ақпараттар үшін өндірушіге
хабарласыңыз.
12. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫСТЫ ЖАҒДАЙЛАР
Белгі салынған материалдарды
қайта өңдеуден өткізуге тапсырыңыз.
Орам материалдарын қайта өңдеуден
өткізу үшін тиісті контейнерлерге
салыңыз. Электрлік және
электроникалық құрылғылардың
қалдығын қайта өңдеуден өткізу
www.aeg.com18
арқылы, қоршаған ортаға және
адамның денсаулығына зиын
келтіретін жағдайларға жол бермеуге
өз үлесіңізді қосыңыз. Белгі
салынған құрылғыларды тұрмыстық
қалдықтармен бірге тастамаңыз.
Өнімді жергілікті қайта өңдеу
орталығына өткізіңіз немесе жергілікті
мекемеге хабарласыңыз.
Осы өнімнің өндірілген күні сериялық нөмірде көрсетілген,
оның нөмірінің бірінші саны өндірілген жылдың соңғы
санына, екінші және үшінші сандар аптаның реттік нөміріне
сәйкес келеді. Мысалы, 14512345 сериялық нөмірі өнім 2021
жылдың қырық бесінші аптасында өндірілгенін білдіреді.
Өндіруші: Electrolux Appliances AB, St. Göransgatan 143, 105
45 Stockholm, Швеция
Импорттаушы және өндірушінің уәкілетті ұйымы:
OOO «Электролюкс Рус», Кожевнический проезд 1, 115114,
Мәскеу/Москва, тел.: 8-800-444-444-8
Венгрияда жасалған
ҚАЗАҚ 19
СОДЕРЖАНИЕ
1. СВЕДЕНИЯ ПО ТЕХНИКЕ БЕЗОПАСНОСТИ.................................................21
2. УКАЗАНИЯ ПО БЕЗОПАСНОСТИ................................................................... 23
3. УСТАНОВКА...................................................................................................... 25
4. ПАНЕЛЬ УПРАВЛЕНИЯ................................................................................... 27
5. ЕЖЕДНЕВНОЕ ИСПОЛЬЗОВАНИЕ.................................................................29
6. ПОЛЕЗНЫЕ СОВЕТЫ.......................................................................................30
7. УХОД И ОЧИСТКА............................................................................................ 32
8. ПОИСК И УСТРАНЕНИЕ НЕИСПРАВНОСТЕЙ.............................................. 34
9. ШУМЫ ПРИ РАБОТЕ........................................................................................ 37
10. ТЕХНИЧЕСКИЕ ДАННЫЕ...............................................................................37
11. ИНФОРМАЦИЯ ДЛЯ ТЕСТИРУЮЩИХ ОРГАНИЗАЦИЙ............................. 38
ДЛЯ ИДЕАЛЬНЫХ РЕЗУЛЬТАТОВ
Благодарим вас за выбор данного изделия AEG. Оно будет безупречно
служить вам долгие годы – ведь мы создали его, призвав на помощь
инновационные технологии, которые помогают облегчить жизнь и реализуют
функции, которых не найдешь в обычных приборах. Потратьте несколько
минут на чтение, чтобы получить от своей покупки максимум пользы.
На нашем веб-сайте вы сможете:
Найти рекомендации по использованию изделий, руководства по
эксплуатации, мастер устранения неисправностей, информацию о
техническом обслуживании:
www.aeg.ru/support
Зарегистрировать свое изделие для улучшения обслуживания:
www.promo.electrolux.ru
Приобрести дополнительные принадлежности, расходные материалы и
фирменные запасные части для своего прибора:
www.electrolux-1.ru
ПОДДЕРЖКА ПОТРЕБИТЕЛЕЙ И СЕРВИСНОЕ
ОБСЛУЖИВАНИЕ
Мы рекомендуем использовать оригинальные запчасти.
При обращении в сервис-центр следует иметь под рукой следующую
информацию: модель, продуктовый номер (PNC), серийный номер.
Данная информация находится на табличке с техническими данными.
Внимание / Важные сведения по технике безопасности.
Общая информация и рекомендации
Информация по охране окружающей среды
Право на изменения сохраняется.
www.aeg.com20
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56
  • Page 57 57
  • Page 58 58
  • Page 59 59
  • Page 60 60

AEG ABR682F1AF Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя

Задайте вопрос, и я найду ответ в документе

Поиск информации в документе стал проще с помощью ИИ