KZ
21
Сақтандырулар мен кеңестер
олар жасалған материалдарды оңтайландыру, қайта
пайдалану және рекуперациялау үшін, сондай-ақ
қоршаған орта мен денсаулық қауіпсіздігі үшін бөлек
жиналуы қажет. Барлық аспаптарда көрсетілетін
ортасынан сызылған қалдық жәшігі символы оларды
жеке утильдеу керектігін еске салу болып табылады.
Тұрмыстық электр аспаптарын дұрыс утильдеу туралы
толық ақпарат алу үшін пайдаланушылар арнайы
мемлекеттік ұйымға немесе дүкенге жүгіне алады.
! Кір жуғыш машина қауіпсіздіктің халықаралық
нормаларына сәйкес жобаланып, жасалған. Сіздің
қауіпсіздігіңіз үшін жасалған мына сақтандырулармен
мұқият танысып шығыңыз.
Қауіпсіздікке қойылатын жалпы талаптар
• Машинаны пайдаланып болғаннан кейін оны
міндетті түрде тоқ желісінен өшіріп, су құбыры
шүмегін жабыңыз.
• Бұл құрылғы қауіпсіздіктеріне жауапты адам құрылғыны
қолдану бойынша кеңес не нұсқау бермеген жағдайда,
дене, сезіну немесе ой қабілеті төмен немесе тәжірибесі
мен білімі жеткіліксіз адамдармен (оның ішінде
балалармен) қолданылуға арналмаған. Балалар
құрылғымен ойнамауы үшін оларды бақылау керек.
• Кір жуғыш машинаны осы нұсқаулықта
берілген нұсқауларды сақтайтын үлкендер ғана
пайдалануы керек.
• Бұйымға ылғал қолдармен, жалаң аяқ немесе
ылғал киіммен жанаспаңыз.
• Ашаны розеткадан шығару үшін қоректендіруші
кабельді тартпаңыз: ашадан ұстаңыз.
• Машина жұмыс істеп тұрғанда жуғыш құралдарды
бөлгішті ашпаңыз.
• Ағызатын суға тимеңіз, оның температурасы өте
жоғары болуы мүмкін.
• Машина тоқтағаннан кейін оның есігі үш минуттан
кейін ашылады. Бұл уақыт аралығында есікгін ашуға
тырыспаңыз (сондай-ақ аспап жұмыс істеп тұрғанда!):
бұл тосқауыл механизмін зақымдауы мүмкін.
• Қандай жағдайда да ақау пайда болғанда оны жөндеуге
әрекет жасап, машинаның ішкі бөлігіне тиіспеңіз.
• Балалардың жұмыс істеп тұрған кір жуғыш
машинаға жақындамауын қадағалаңыз.
• Кір жуу кезінде кір жуғыш машинаның есігі қызып
кетуі мүмкін.
• Егер кір жуғыш машинаның орнын ауыстыру керек
болса, оны екі-үш адам болып, барынша абайлап
жасау керек. Ешқашан да машинаны жалғыз өзіңіз
көтермеңіз – аспап өте ауыр.
• Кір жуғыш машинаға кір бұйымдарды салар алдында
барабанның бос екеніне көз жеткізіп алыңыз.
• Кір жуғыш машина физикалық, сезімталдық
немесе ақыл-ой қабілеті төмен (балаларды қоса
алғанда) немесе өмірлік тәжірибесі немесе білімі
жоқ адамдардың пайдалануына арналмаған,
егер олар бақылауда болмаса немесе олардың
қауіпсіздігіне жауап беретін адам аспапты
пайдалану туралы нұсқаулық бермесе. Балалар
кір жуғыш машинамен ойнамас үшін, қадағалауда
болулары керек.
Утильдеу
• Қаптама материалды утильдеу: қаптама
материалдарды қайта пайдалану мақсатында
жергілікті нормативтерді сақтаңыз.
• Электрондық және электрлік аспаптарды утильдеуге
қатысты Еуропалық 2002/96/СЕ Директивасына
сәйкес, электр аспаптары әдеттегі қалалық қалдықпен
бірге тасталмауы керек. Қатардан шыққан аспаптар