37
it
37
kz
4. Максималды жұмыс істеу уақыты 10 минуттан
аспауы тиіс, араластырғыш екі кезектес
айналым арасында суу үшін белгілі бір уақыт
керек.
Ескертпе: Пайдалану кезінде табақты ең
жақсы нтижелерге жету үшін қолмен бұра
аласыз.
5. Араластыру аяқталғаннан кейін жылдамдық
таңдау құралын “Өшірулі” параметріне
қойыңыз да, қуат сымын қуат розеткасынан
ажыратыңыз.
Ескертпе: Қажетінше, тамақ қалдықтарын
ұрғыштардан не қамыр ілмектерінен не ағаш
күрекшеден қырып тастаңыз.
6. Ұрғыштарды немесе қамыр ілмектерін бір
қолмен ұстап тұрып, ұрғыштарды немесе
қамыр ілмектерін алып тастау үшін басқа
қолыңызбен Шығарғыш түймесін қатты
басыңыз.
Ескертпе: Ұрғыштарды немесе қамыр
ілмектерін жылдамдықты таңдау құралы
өшірулі болғанда ғана алып тастаңыз.
Ескертпе: Пайдалану кезінде
араластырғышты жоғары орналастырып
жылжытуыңызға болады, бірақ жылдамдықты
таңдау өқралының өшірулі екеніне көз жеткізіңіз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
1. Аспапты ажыратып, тазаламастан бұрын
оның толығымен суығанын күтіңіз
2. Сулы матамен жоғарғы бөлік жазықтығының
сыртқы жағын сүртіңіз де, жұмсақ құрғақ
матамен құрғатыңыз.
3. Қуат сымынан артық тамақ қалдықтарын
сүртіңіз.
4. Ұрғыштар мен қамыр ілмектерін жылы
сабынды суда жуыңыз да, оларды жұмсақ
матамен құрғатыңыз.
Ескертпе: Ұрғыштар мен қамыр ілмектерін
ыдыс жуғыш құрылғысында жууға болады.
Абай болыңыз: Араластырғышты суға
немесе басқа да сұйықтыққа түсіруге
болмайды.
Ескерту: Кез келген жөндеу жұмысы өкілетті
сервистік қызметкер тарапынан жасалуы тиіс.
ПІСІРУ КЕҢЕСТЕРІ
Ескертпе: Араластырмастан бұрын
мұздатылған ингредиенттерді, мысалы, май
мен жұмыртқа бөлме температурасында еруі тиіс.
Ескертпе: Рецептіңізде кез келген
қабықтарды алып тастау үшін алдымен
жұмыртқаларды бөлек контейнерде жарып алып,
қоспаға қосыңыз.
Ескертпе: Қатты ұрмаңыз. Рецептіңізде
ұсынылғандай қоспаларды
араластырғаныңызға снеімді болыңыз.
Ескертпе: Әрдайым аудару кезінде құрғақ
ингредиенттерді төмен жылдамдықты
пайдаланыңыз.
Ескертпе: Мерзімдік температура өзгереді,
ингредиенттердің температурасы және
олардың текстураларының аймақтан аймаққа
түрленуі қажетті араластыру уақыты мен ең соңғы
нәтижеде маңызды рөл ойнайды.
Ескертпе: Әрдайым төмен жылдамдықта
араластыра бастаңыз. Рецептте
айтылғандай, ұсынылған жылдамдыққа біртіндеп
жоғарылатыңыз.
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Біз өз тұтынушыларымызға қызмет көрсетеміз және
сервистік қызметті жоғары деңгейде ұсынуға тырысамыз.
Сізге құрылғымен оңай және қолайлы жұмыс жасауға
мүмкіндік беру үшін өз өнімдерімізді үздіксіз жетілдіріп
отыруға тырысамыз.
Құрылғыға күтім көрсету
Құрылғыға күтім көрсетуге арналған Hotpoint Ari-
ston ұсынатын құрылғының Professional кәсіби
бұйымдарының желісі құрылғының қолданыс
мерзімін ұзартады және оның сынып қалу қаупін
азайтады.
Professional кәсіби бұйымдарының желісі
құрылғыңыздың ерекшеліктерін ескере отырып
жасалған. Өнімдер сапа, экология және қолдану
қауіпсіздігі бойынша Еуропалық жоғары
стандарттарды қатаң сақтай отырып Италияда
жасалған. Толық ақпаратты www.hotpoint-ariston.
ru веб-сайтының “Қызмет көрсету” бөлімінен
қараңыз және қалаңыздағы дүкендерден
сұраңыз.
Уәкілетті қызмет көрсету орталықтары
Өз тұтынушыларымызға жақынырақ болу үшін шебер
мамандарының жоғары деңгейдегі кәсіби дайындығы
мен әділдігімен ерекшеленетін қызмет көрсету желілерін
қалыптастырдық.