Zanussi ZOB35772BK, ZOB35772XD Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я ознакомился с руководством пользователя для духового шкафа Zanussi ZOB35772. В нем описаны различные режимы приготовления, функции часов, рекомендации по уходу и очистке, а также подробные таблицы с режимами приготовления различных блюд. Задавайте ваши вопросы!
  • Как установить время на часах духового шкафа?
    Как использовать функцию самоочистки паром?
    Какие режимы приготовления есть в духовом шкафу?
Қолдану туралы
нұсқаулары 2
Инструкция по
эксплуатации 26
Інструкція 52
KK
RU
UK
ZOB35772
Тұмшапеш
Духовой шкаф
Духова шафа
Мазмұны
Сақтық шаралары 2
Қауіпсіздік нұсқаулары 3
Бұйым сипаттамасы 6
Бірінші қолданғанға дейін 6
Әркүндік қолдану 7
Сағат функциялары 9
Керек-жарақтарды қолдану 9
Қосымша функциялар 11
Ақыл-кеңес 11
Күту менен тазалау 19
Ақаулықты түзету 22
Орнату 23
Техникалық ақпарат 24
Қуат тиімділігі 24
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
Сақтық шаралары
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны
дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам
жарақат алса және ақаулық орын алса өндіруші жауапты
емес. Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі
сақтап қойыңыз.
Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен денесіне,
сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым келген адамдар не
тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз
ететін адамның қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз
қолдану бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс
қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Орам материалдарының барлығын балалардан алыс
ұстаңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып тұрғанда,
балалар мен үй жануарларын оған жақындатпаңыз. Қол
жететін бөлшектері ыстық.
Құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен жабдықталса,
оны іске қосуды ұсынамыз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
3 жасқа толмаған балаларды үнемі қарап отырмаған
жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
2 www.zanussi.com
Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Тек білікті маман ғана осы құрылғыны орнатып, сымын
ауыстыруға тиіс.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының ішкі жағы ысып кетеді.
Құрылғының ішіндегі қыздырғыш элементтерге қол
тигізбеңіз. Керек-жарақтарды немесе ыдыстарды алып-
салған кезде үнемі қолғап киіңіз.
Күтім көрсетер алдында электр желісінен ажыратыңыз.
Электр қатеріне ұшырамау үшін шамды ауыстырар
алдында құрылғыны сөндіріп қойыңыз.
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды
немесе өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз, себебі
сызат түсіп, шыны шытынап кетуі мүмкін.
Егер қуат cымына зақым келсе, қатерден сақтану үшін
оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету орталығы
немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
Сөре сырғытпаларын алу үшін әуелі сөре
сырғытпасының алдыңғы жағын, содан кейін артқы
жағын бүйірлік қабырғадан тартыңыз. Сөре
сырғытпаларын кері ретпен салыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Орнату
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Бұл құрылғыны тек білікті маман
ғана орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі
абай болыңыз, себебі салмағы ауыр.
Әрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз.
Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
Осы құрылғы мен басқа
құрылғылардың, заттардың арасындағы
минимум қашықтықты сақтаңыз.
Құрылғының үсті мен жан-жағын
қоршаған конструкциялардың қауіпсіз
болуын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғының жан-жағын биіктігі осы
құрылғының биіктігімен бірдей
құрылғылармен жанастырып қою керек.
Электртоғына қосу
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Өрт шығу және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Электртоғына қосу жұмыстарын білікті
электрші ғана іске асыруға тиіс.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр
желісіндегі параметрлерге сай
www.zanussi.com 3
келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе,
электршіге хабарласыңыз.
Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден
сақтандырылған розетканы
қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына және сымына
зақым келтірмеңіз. Қорек сымын
ауыстыру қажет болса, оны міндетті
түрде қызмет көрсету орталығы жүзеге
асыруға тиіс.
Электр сымдарына қол тигізуге немесе
құрылғының есігіне жақындауға, әсіресе
ыстық тұрған есікке жақындауға
болмайды.
Тоққа қосулы тұрған және оқшаулағышы
бар бөлшектердің электр қатерінен
сақтандырғышын, саймансыз
алынбайтын етіп бекітіп қою керек.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін
ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан
кейін ашаның қол жететін жерде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Егер розетка босап тұрса, оған ашаны
сұқпаңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
Дұрыс оқшаулағыш құралдарды ғана
қолданыңыз. желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан
қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.
Электр жүйесі құрылғыны кез келген
полюсте ажыратуға мүмкіндік беретін
оқшаулағыш құралмен жабықталуға
тиіс. Оқшаулағыш құралдың контакт ара
қашықтығы кем дегенде 3 мм болуға
тиіс.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай
келеді.
Пайдалану
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу, күйіп қалу және
электр қатеріне ұшырау не
жарылыс шығу қаупі бар.
Бұл құрылғыны үйде ғана
пайдаланыңыз.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
Құрылғыны пайдаланып болған сайын
тоқтан ажыратыңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін
ашқан кезде абай болыңыз. Ыстық ауа
шығуы мүмкін.
Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз
немесе суға тиіп тұрған құрылғыны
пайдаланбаңыз.
Ашық тұрған құрылғы есігіне күш
салмаңыз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
Құрылғының есігін абайлап ашыңыз.
Алкоголь қосылған қоспаларды
қолданғанда, ауа мен алкоголь қоспасы
пайда болуы мүмкін.
Есікті ашқан кезде құрылғыға от
жарқылын немесе ашық отты
жақындатпаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз
мүмкін.
Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп
немесе өңі кетпес үшін:
пештің ыдыстарын немесе басқа
заттарды құрылғының табанына
тура қоймаңыз.
алюминий жұқалтырды құрылғының
табанына тура қоймаңыз.
суды ыстық құрылғыға тура
қоймаңыз.
тамақ пісіріп болғаннан кейін
дымқыл ыдыс пен тағамды
құрылғының ішінде ұстамаңыз.
керек-жарақтарды алғанда немесе
орнатқанда абай болыңыз.
Құрылғының эмаль қаптамасының
түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына әсер
етпейді. Бұл кепілдік заңына сәйкес
қарастырылатын ақаулық емес.
Сұйық қоспадан жасалатын тортты
пісіру үшін шұңғыл табаны қолданыңыз.
Жеміс шырындарынан кетпейтін дақ
қалуы мүмкін.
Бұл тек тағам пісіруге арналған
құрылғы. Басқа мақсатта, мысалы
4 www.zanussi.com
бөлмені қыздыру үшін қолдануға
болмайды.
Тағамды әрқашан тұмшапештің есігін
жауып пісіріңіз.
Күту менен тазалау
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу, өрт қаупі немесе
құрылғыны бүлдіріп алу қаупі
бар.
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын розеткадан
суырыңыз.
Құрылғының салқын тұрғанына көз
жеткізіңіз. Шыны панелі сынып қалуы
мүмкін.
Есіктің шыныларына зақым келсе дереу
ауыстырыңыз. Қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
Құрылғының қаптамасының сапасы
түспес үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
Құрылғының ішінде қалған майдың
немесе тағамның қалдығынан өрт
шығуы мүмкін.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Тек бейтарап
тазартқыш заттарды қолданыңыз.
Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені,
еріткіштерді немесе темір заттарды
пайдаланбаңыз.
Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз,
оның орамында көрсетілген сақтық
шараларын орындаңыз.
Каталитті эмаль қаптаманы (егер бар
болса) ешбір жуғыш затпен
тазаламаңыз.
Ішкі жарық шамы
Осы құрылғыда тек тұрмыстық
құрылғыларға ғана арналған жарықтама
шам немесе галоген шамы
қолданылған. Оны бөлмені
жарықтандыру үшін қолданбаңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Электр қатеріне ұшырау қаупі
бар.
Шамды ауыстырар алдында құрылғыны
тоқтан ажыратыңыз.
Техникалық параметрлері сай келетін
шамдарды ғана қолданыңыз.
Құрылғыны тастау
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе тұншығып
қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін
алыңыз.
www.zanussi.com 5
Бұйым сипаттамасы
Жалпы көрінісі
8
7
13
9
10
11
12
5
4
1
2
3
31 64 52
1
Басқару панелі
2
Тұмшапеш функцияларының тетігі
3
Қуат шамы / белгісі / индикатор
4
Электрондық бағдарламалағыш
5
Температура тетігі
6
Температура шамы/белгішесі/
индикаторы
7
Қыздырғыш элемент
8
Шам
9
Желдеткіш
10
Бұрылмалы істіктің тесігі
11
Сумен тазалауға арналған сауыт
12
Сөренің алмалы сырғытпалары
13
Сөре деңгейлері
Керек-жарақтары
Торкөз сөре
Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам
қуыруға арналған.
Пісірме табақ
Торттар мен печеньелерге арналған.
Алюминий пісірме табақ
Торттар мен печеньелерге арналған.
Гриль- / Қуыру науасы
Пісіру мен қуыруға немесе май
жинайтын таба ретінде қолдануға
арналған.
Бұрылмалы істік
Ет пен құс етінің ірірек кесектерін
қуыруға арналған.
Бірінші қолданғанға дейін
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Алғашқы тазалау
Құрылғыдан керек-жарақтардың барлығын
және алмалы сөре сырғытпаларын
алыңыз.
"Күту менен тазалау" тарауын
қараңыз.
Құрылғыны алғаш рет пайдаланар
алдында тазалаңыз.
Керек-жарақтарды және алмалы сөре
сырғытпаларын орындарына қойыңыз.
Уақытты орнату
Тұмшапешті іске қосар алдында уақытты
орнату керек.
Тәулік уақытының индикаторы құрылғыны
электр қуатына қосқан кезде, тоқ сөніп
қалғанда немесе таймер орнатылмаған
кезде жыпылықтайды.
Дұрыс уақытты орнату үшін немесе
түймешігін басыңыз.
Шамамен бес секунд өткеннен кейін
жыпылықтау тоқтайды да, бейнебетте сіз
орнатқан тәулік уақыты көрсетіледі.
6 www.zanussi.com
Уақытты өзгерту
Егер Ұзақтық немесе Соңы
функциялары жұмыс істесе,
тәулік уақытын өзгерте
алмайсыз.
түймешігін тәулік уақытының
индикаторы жыпылықтағанша қайта-қайта
басыңыз.
Жаңа уақытты орнату үшін "Уақытты
орнату" тарауын қараңыз.
Алдын ала қыздыру
Қалған майды күйдіріп жіберу үшін бос
құрылғыны алдын ала қыздырыңыз.
1. функциясы мен ең үлкен
температураны орнатыңыз.
2. Құрылғыны 1 сағат қосып қойыңыз.
3. функциясы мен ең үлкен
температураны орнатыңыз.
4. Құрылғыны 15 минут қосып қойыңыз.
5. функциясы мен ең үлкен
температураны орнатыңыз.
6. Құрылғыны 15 минут қосып қойыңыз.
Керек-жарақтар бұрыңғыдан да ыстық
болып кетеді. Құрылғыдан иіс және түтін
шығады. Бұл қалыпты жағдай. Бөлме
ішіндегі ауаның жеткілікті түрде ауысып
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Әркүндік қолдану
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Батырма тетіктер
Құрылғыны іске қосу үшін басқару тетігін
басыңыз. Басқару тетігі бері шығады.
Құрылғыны іске қосу және сөндіру
Тетіктің белгілері,
индикаторлары немесе
шамдарының болуы-болмауы,
құрылғының үлгісіне
байланысты.
Тұмшапеш қызғанда
индикатор жанады.
Құрылғы іске қосылғанда шам
жанады.
Белгіше арқылы тетіктің
тұмшапеш функцияларын
немесе температураны
басқаратыны көрсетіледі.
1. Тұмшапеш функциясын таңдау үшін
тұмшапеш функцияларының тетігін
бұраңыз.
2. Температураны таңдау үшін
температура тетігін бұраңыз.
3. Құрылғыны сөндіру үшін, тұмшапеш
функциялары мен температура
тетіктерін "сөндіру" қалпына қойыңыз.
Тұмшапеш функциялары
Тұмшапеш функциясы Қолданылуы
Сөндіру қалпы Құрылғы сөндірулі.
Жеңіл Шамды пісіру функциясынсыз жарықтандыруға арналған.
www.zanussi.com 7
Тұмшапеш функциясы Қолданылуы
Дәстүрлі пісіру /
Сумен тазалау
Тағамды 1 сөреде пісіруге және қуыруға арналған.
Сумен тазалау функциясына қатысты толық ақпаратты
"Күту менен тазалау" тарауынан қараңыз.
Астыңғы қызу Түбі қытырлақ торттарды пісіруге және тағамды
консервілеуге арналған.
Гриль жасау Жалпақ етіп тағамнан гриль жасауға және тост нанын
жасауға арналған.
Гриль жасау +
Бұрылмалы істік
Еттен гриль, сондай-ақ, кәуап және кішкене еттерден
гриль жасауға арналған.
Пицца параметрі Тағамды қатты қызартып, түбін қытырлақ ету үшін 1
сөреде пісіруге арналған. Температураны Дәстүрлі пісіру
функциясына қарағанда 20 - 40 °C төменірек қойыңыз.
Ыстық
желдеткішпен
пісіру
Тағамды бір уақытта 3 сөреде пісіруге және кептіруге
арналған.Температураны Дәстүрлі пісіру функциясына
қарағанда 20 – 40 °C төменірек қойыңыз.
Жібіту Мұздатылған тағамды жібітуге арналған.
Бейнебет
A B C
A) Функция индикаторлары
B) Уақыт бейнебеті
C) Функция индикаторы
Түймешіктер
Түймешік Функция Сипаттама
МИНУС Уақытты қоюға арналған.
САҒАТ Сағат функциясын орнатуға арналған.
ПЛЮС Уақытты қоюға арналған.
8 www.zanussi.com
Сағат функциялары
Сағат функцияларының кестесі
Сағат функциясы Қолданылуы
Тәулік уақыты Тәулік уақытын орнатуға, өзгертуге немесе қарауға арналған.
Минут
операторы
Кері санақ уақытын қоюға арналған. Бұл функция құрылғының
жұмысына әсер етпейді.
Ұзақтық Тұмшапеште пісіру уақытын орнатуға арналған.
Соңы Тұмшапеш сөндірілуге тиіс уақытты орнатуға арналған.
Ұзақтық және Аяқтау
функцияларын қолданып,
құрылғының жұмыс істейтін және
сөндірілетін уақыттарын
орнатуға болады. Бұл
құрылғыны кешіктіру уақытын
пайдаланып қосуға мүмкіндік
береді. Әуелі Ұзақтық
функциясын, содан кейін Аяқтау
функциясын орнатыңыз.
Сағат функцияларын орнату
Ұзақтық және Аяқтау параметрлері
үшін тұмшапеш функциясы мен пісіру
температурасын орнатыңыз. Бұл Минут
операторы функциясы үшін қажет емес.
1. түймешігін қажетті сағат функциясы
жыпылықтай бастағанша қайта-қайта
басыңыз.
2. Қажетті сағат функциясы үшін
немесе түймешігін басып, уақытты
орнатыңыз.
Сағат функциясы жұмыс істейді.
Бейнебетте орнатылған сағат
функциясының индикаторы көрсетіледі.
Минут операторы
қолданылғанда, дисплейде
қалған уақыт көрсетіледі.
3. Уақыт аяқталған кезде сағат
функциясының индикаторы
жыпылықтайды және дыбыстық сигнал
естіледі. Сигналды тоқтату үшін
түймешікті басыңыз.
4. Тұмшапеш функциясының тетігін және
температура тетігін "off" (сөндірулі)
қалпына қойыңыз.
Ұзақтық және Аяқтау
функцияларында құрылғы
автоматты түрде сөнеді.
Сағат функцияларын біржола тоқтату
1. түймешігін қажетті функцияның
индикаторы жыпылықтағанша қайта-
қайта басыңыз.
2. түймешігін басып ұстап тұрыңыз.
Сағат функциясы бірнеше секундтан кейін
сөнеді.
Керек-жарақтарды қолдану
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
www.zanussi.com 9
Бұрылмалы істікті қолдану
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Бұрылмалы істікті пайдаланған
кезде абай болыңыз.
Шанышқылары мен істігі өткір.
Жарақат алу қаупі бар.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Бұрылмалы істікті алған кезде
тұмшапеш қолғабын
пайдаланыңыз. Бұрылмалы істік
пен гриль ыстық. Күйіп қалу
қатері бар.
A B
C
D
A) Бұрылмалы істіктің жақтауы
B) Шанышқылар
C) Істік
D) Тұтқасы
1. Бұрылмалы істіктің тұтқасын істікке
салыңыз.
2. Шұңғыл табаны ең астыңғы сөре
қалпына қойыңыз.
3. Істіктің жақтауын астынан санағанда
үшінші деңгейге қойыңыз.
4. Бірінші шанышқыны істікке орнатыңыз
да, содан кейін етті бұрылмалы істікке
салып, екінші шанышқыны орнатыңыз.
5. Шанышқыларды қатайту үшін
бұрандаларды пайдаланыңыз.
6. Істіктің ұшын бұрылмалы істіктің
тесігіне салыңыз.
7. Істіктің артқы жағын бұрылмалы істіктің
жақтауына салыңыз.
"Бұйым сипаттамасы" тарауын
қараңыз.
8. Бұрылмалы істіктің тұтқасын алыңыз.
9. Бұрылмалы істік параметрі бар
функцияны таңдаңыз. Бұрылмалы істік
айналады.
10. Қажетті температураны орнатыңыз.
Пісіру кестелеріне қараңыз.
Егер сағат функциясы (Ұзақтық
және Аяқтау) аяқталып,
құрылғыны сөндірмесеңіз,
бұрылмалы істік тағы 10 минут
жұмысын жалғастыра береді.
10 www.zanussi.com
Қосымша функциялар
Желдеткіш
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде,
құрылғының беттерін салқын ұстау үшін
желдеткіш автоматты түрде қосылады.
Құрылғыны сөндірсеңіз, желдеткіш құрылғы
салқындағанша жұмыс істеп тұра береді.
Қауіпсіздік термостаты
Құрылғы дұрыс жұмыс істемесе немесе
бөлшектерінде ақау бар болса, қатты
қызып кету қаупі бар. Бұндай жағдайдың
алдын алу үшін тұмшапеш тоқты кідіртуге
арналған термостатпен жабдықталған.
Температура төмендеген кезде тұмшапеш
қайта автоматты түрде қосылады.
Ақыл-кеңес
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Кестелердегі температура мен
пісіру уақыттары тек нұсқау
ретінде беріледі. Олар
рецептерге, олардың құрамының
сапасы мен мөлшеріне
байланысты болады.
Жалпылама ақпарат
Құрылғының сөре қоюға арналған бес
деңгейі бар. Сөренің деңгейлерін
құрылғының астыңғы жағынан бастап
санаңыз.
Құрылғы ауа айналдыратын және буды
үздіксіз қайта айналдырып отыратын
арнайы жүйемен жабдықталған. Бұл
жүйенің көмегімен тағамды булы
ортада, ішін жұмсақ, сыртын кітірлек
етіп пісіруге болады. Бұл пісіру уақыты
мен пайдаланылатын қуат мөлшерін
барынша азайтады.
Құрылғының ішіне немесе есігінің шыны
панельдеріне бу тұруы мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай. Тағам пісіріп жатқанда
құрылғының есігін ашу қажет болса,
әрқашан артқа шегініңіз. Буды азайту
үшін құрылғыны тағам пісіру алдында 10
минут қыздырыңыз.
Құрылғыны пайдаланып болған сайын
ылғалды жерлерін тазалаңыз.
Заттарды құрылғының табанына тура
қоймаңыз және тағам пісіріп жатқан
кезде құрылғының ешбір бөлшектерін
алюминий жұқалтырмен жаппаңыз.
Себебі пісіру нәтижесіне әсер етіп,
пештің эмаль қаптамасын бүлдіруі
мүмкін.
Торт пісіру
Тұмшапештің есігін орнатылған пісіру
уақытының 3/4 мөлшері өткенше
ашпаңыз.
Егер бір уақытта екі пісіру сөресін
пайдалансаңыз, олардың арасына бір
ашық қатар қалдырыңыз.
Ет пен балық пісіру
Тұмшапешке мүлдем тазаланбайтын
дақ түспес үшін, өте майлы тағамды
пісіргенде шұңғыл табақты
пайдаланыңыз.
Етті кесердің алдында сөлі ағып кетпес
үшін шамамен 15 минут қоя тұрыңыз.
Тағам қуырған кезде тұмшапештің іші
қатты түтіндеп кетпес үшін шұңғыл
табаққа шамалы су құйыңыз. Түтін
жиналып қалмас үшін су таусылған
сайын үстемелеп құйып отырыңыз.
Пісіру уақыттары
Пісіру уақыттары тағамның түріне,
құрамына және мөлшеріне байланысты.
Бастапқыда тағам пісірген кезде пісіру
үрдісін бақылап отырыңыз. Осы құрылғыны
пайдаланған кезде қолданылатын
ыдыстарға, рецептілерге және тағамның
мөлшеріне сай келетін параметрлерді
(қызу параметрі, пісіру уақыты т.с.с.)
анықтап алыңыз.
www.zanussi.com 11
Пісіру және қуыру кестесі
Торттар
Тағам Дәстүрлі пісіру Ыстық желдеткішпен
пісіру
Уақыт
(мин.)
Түсіндірм
е
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
Көпіршітілг
ен тағам
рецептілері
170 2 160 3 (2 және 4) 45 - 60 Тортқа
арналған
қалыпта
Ашыған
қамыр
170 2 160 3 (2 және 4) 20 - 30 Тортқа
арналған
қалыпта
Сарысу
қосылған
чизкейк
170 1 165 2 60 - 80 26 см торт
қалыбында
Алма торты
(Алма
бәліші)
1)
170 2 160 2 (сол және
оң)
80 - 100 Тор сөреге
қойылған екі
20 см торт
қалыбында
Штрудель 175 3 150 2 60 - 80 Пісірме
табақта
Джем
тарталетка
сы
170 2 165 2 (сол және
оң)
30 - 40 26 см торт
қалыбында
Бисквит
торт
170 2 160 2 50 - 60 26 см торт
қалыбында
Кристмас
торты / Көп
жеміс
қосылған
торт
1)
160 2 150 2 90 - 120 20 см торт
қалыбында
Қара өрік
торты
1)
175 1 160 2 50 - 60 Нан
қалыбында
Кішкене
кекстер -
бір
деңгейде
170 3 140 - 150 3 20 - 30 Пісірме
табақта
Кішкене
кекстер -
екі
деңгейде
- - 140 - 150 2 және 4 25 - 35 Пісірме
табақта
12 www.zanussi.com
Тағам Дәстүрлі пісіру Ыстық желдеткішпен
пісіру
Уақыт
(мин.)
Түсіндірм
е
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
Кішкене
кекстер -
үш
деңгейде
- - 140 - 150 1, 3 және 5 30 - 45 Пісірме
табақта
Печенье /
тәтті
таспалар -
бір
деңгейде
140 3 140 - 150 3 30 - 35 Пісірме
табақта
Печенье /
тәтті
таспалар -
екі
деңгейде
- - 140 - 150 2 және 4 35 - 40 Пісірме
табақта
Печенье /
тәтті
таспалар -
үш
деңгейде
- - 140 - 150 1, 3 және 5 35 - 45 Пісірме
табақта
Меренга -
бір
деңгейде
120 3 120 3 80 - 100 Пісірме
табақта
Меренга -
екі
деңгейде
1)
- - 120 2 және 4 80 - 100 Пісірме
табақта
Тоқаштар
1)
190 3 190 3 12 - 20 Пісірме
табақта
Эклер - бір
деңгейде
190 3 170 3 25 - 35 Пісірме
табақта
Эклер - екі
деңгейде
- - 170 2 және 4 35 - 45 Пісірме
табақта
Тарталетка 180 2 170 2 45 - 70 20 см торт
қалыбында
Көп жеміс
қосылған
торт
160 1 150 2 110 - 120 24 см торт
қалыбында
www.zanussi.com 13
Тағам Дәстүрлі пісіру Ыстық желдеткішпен
пісіру
Уақыт
(мин.)
Түсіндірм
е
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
Виктория
сэндвичі
170 1 160 2 (сол және
оң)
50 - 60 20 см торт
қалыбында
1) Тұмшапешті алдын ала 10 минут қыздырыңыз.
Нан және пицца
Тағам Дәстүрлі пісіру Ыстық желдеткішпен
пісіру
Уақыт
(мин.)
Түсіндірм
е
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
Ақ нан
1)
190 1 190 1 60 - 70 1 - 2 бөлке,
біреуі 500 г
Қарабидай
наны
190 1 180 1 30 - 45 Нан
қалыбында
Булочка
1)
190 2 180 2 (2 және 4) 25 - 40 Пісіру
табасында
6 - 8
булочка
Пицца
1)
230 - 250 1 230 - 250 1 10 - 20 Пісірме
табақта
немесе
шұңғыл
табақта
Шелпек
1)
200 3 190 3 10 - 20 Пісірме
табақта
1) Тұмшапешті алдын ала 10 минут қыздырыңыз.
Ашық бәліштер
Тағам Дәстүрлі пісіру Ыстық желдеткішпен
пісіру
Уақыт
(мин.)
Түсіндірм
е
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
Паста
фланы
200 2 180 2 40 - 50 Қалып
14 www.zanussi.com
Тағам Дәстүрлі пісіру Ыстық желдеткішпен
пісіру
Уақыт
(мин.)
Түсіндірм
е
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
Көкөніс
фланы
200 2 175 2 45 - 60 Қалып
Киш
1)
180 1 180 1 50 - 60 Қалып
Лазанья
1)
180 - 190 2 180 - 190 2 25 - 40 Қалып
Каннелони
1)
180 - 190 2 180 - 190 2 25 - 40 Қалып
1) Тұмшапешті алдын ала 10 минут қыздырыңыз.
Ет
Тағам Дәстүрлі пісіру Ыстық желдеткішпен
пісіру
Уақыт
(мин.)
Түсіндірм
е
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
Сиыр еті 200 2 190 2 50 - 70 Торкөз
сөреде
Шошқа еті 180 2 180 2 90 - 120 Торкөз
сөреде
Бұзау еті 190 2 175 2 90 - 120 Торкөз
сөреде
Шала
қуырылған
ағылшын
ростбифі
210 2 200 2 50 - 60 Торкөз
сөреде
Орташа
қуырылған
ағылшын
ростбифі
210 2 200 2 60 - 70 Торкөз
сөреде
Жақсы
қуырылған
ағылшын
ростбифі
210 2 200 2 70 - 75 Торкөз
сөреде
Шошқаның
қол
омыртқасы
180 2 170 2 120 - 150 Терісі
алынбаған
www.zanussi.com 15
Тағам Дәстүрлі пісіру Ыстық желдеткішпен
пісіру
Уақыт
(мин.)
Түсіндірм
е
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
Шошқаның
жіліншігі
180 2 160 2 100 - 120 2 дана
Қой еті 190 2 175 2 110 - 130 Сирақ
Тауық еті 220 2 200 2 70 - 85 Тұтас
Күркетауық
еті
180 2 160 2 210 - 240 Тұтас
Үйрек еті 175 2 220 2 120 - 150 Тұтас
Қаз еті 175 2 160 1 150 - 200 Тұтас
Үй
қоянының
еті
190 2 175 2 60 - 80 Кесектеп
туралған
Қоян еті 190 2 175 2 150 - 200 Кесектеп
туралған
Қырғауыл 190 2 175 2 90 - 120 Тұтас
Балық
Тағам Дәстүрлі пісіру Ыстық желдеткішпен
пісіру
Уақыт
(мин.)
Түсіндірм
е
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
Бақтақ /
Теңіз
мөңкесі
190 2 175 2 40 - 55 3 - 4 балық
Тунец/
Албырт
балық
190 2 175 2 35 - 60 4 - 6 филе
Гриль жасау
Бос тұмшапешті тағам пісірер
алдында 3 минут алдын ала
қыздырыңыз.
16 www.zanussi.com
Тағам Мөлшері Температ
ура (°C)
Уақыт (мин.) Сөренің
орналасу
ы
Саны (г) 1-ші жағы 2-ші жағы
Қоң ет
стейктері
4 800 макс. 12 - 15 12 - 14 4
Сиыр етінің
стейктері
4 600 макс. 10 - 12 6 - 8 4
Шұжықтар 8 - макс. 12 - 15 10 - 12 4
Туралған
шошқа еті
4 600 макс. 12 - 16 12 - 14 4
Тауық (2-ге
бөлінген)
2 1000 макс. 30 - 35 25 - 30 4
Кәуап 4 - макс. 10 - 15 10 - 12 4
Тауықтың
төс еті
4 400 макс. 12 - 15 12 - 14 4
Гамбургер 6 600 макс. 20 - 30 - 4
Балықтың
қоң еті
4 400 макс. 12 - 14 10 - 12 4
Тост
сэндвичтері
4 - 6 - макс. 5 - 7 - 4
Қыздырылғ
ан нан
4 - 6 - макс. 2 - 4 2 - 3 4
Бұрылмалы істік
Бос тұмшапешті тағам пісірмес
бұрын 10 минут адын ала
қыздырыңыз.
Тағам Мөлшері Температура
(°C)
Уақыт
(мин.)
Сөренің
орналасуы
Құс еті 1000 250 50 – 60 2
Қуырылған тағамдар 800 250 50 – 60 2
www.zanussi.com 17
Жібіту
Тағам Мөлшері
(г)
Жібіту
уақыты
(мин)
Қосымша жібіту
уақыты (мин.)
Түсіндірме
Тауық еті 1000 100 - 140 20 - 30 Тауықты төңкерілген
табақша қойылған
табақтың үстіне қойыңыз.
Орта тұсында аударыңыз.
Ет 1000 100 - 140 20 - 30 Орта тұсында аударыңыз.
Ет 500 90 - 120 20 - 30 Орта тұсында аударыңыз.
Форель 150 25 - 35 10 - 15 -
Құлпынай 300 30 - 40 10 - 20 -
Сары май 250 30 - 40 10 - 15 -
Қаймақ 2 x 200 80 - 100 10 - 15 Кілегейдің кейбір жерлері
сәл тоңазыса да, шайқауға
болады.
Печеньелер 1400 60 60 -
Кептіру - Ыстық желдеткішпен пісіру
Табақтарды май өткізбейтін немесе
пісіруге арналған қағазға салыңыз.
Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін кептіру
уақытының жартысы өткен кезде
тұмшапешті тоқтатып, есікті ашып,
кептіруді аяқтау үшін бір түн ашық
қалдырыңыз.
Көкөністер
Тағам Температура
(°C)
Уақыт (сағ) Сөренің орналасуы
1-ші деңгей 2-ші деңгей
Бұршақ 60 - 70 6 - 8 3 1 / 4
Бұрыш 60 - 70 5 - 6 3 1 / 4
Тұздықталатын
көкөніс
60 - 70 5 - 6 3 1 / 4
Саңырауқұлақ 50 - 60 6 - 8 3 1 / 4
Шөптер 40 - 50 2 - 3 3 1 / 4
18 www.zanussi.com
Жеміс-жидек
Тағам Температура
(°C)
Уақыт (сағ) Сөренің орналасуы
1-ші деңгей 2-ші деңгей
Қара өрік 60 - 70 8 - 10 3 1 / 4
Сары өрік 60 - 70 8 - 10 3 1 / 4
Алма тілімдері 60 - 70 6 - 8 3 1 / 4
Алмұрт 60 - 70 6 - 9 3 1 / 4
Күту менен тазалау
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Тазалауға қатысты ескерім
Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш зат
қосылған жылы суға батырылған жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз.
Құрылғының металл беттерін тазалау
үшін әдетте қолданылатын жуғыш
заттарды пайдаланыңыз.
Құрылғының ішкі жағын пайдаланып
болған сайын тазалап отырыңыз. Май
жиналғанда немесе басқа тағам
қалдығы жиналса, өрт шығуы мүмкін.
Гриль табағында бұндай қауіп одан да
күшті.
Оңай тазаланбайтын қалдықтарды
арнайы пеш тазалағыштармен
тазалаңыз.
Керек-жарақтарды әр қолданып болған
сайын тазалап, құрғатып отырыңыз.
Шүберекті, жылы су мен жуғыш затты
пайдаланыңыз.
Тұмшапештің керек-жарағына ластық
тұрмайтын болса, жеміргіш затпен, өткір
қырлы құралмен тазаламаңыз немесе
ыдыс жуғыш машинада жумаңыз. Зат
жабыспайтын қаптаманы бүлдіруі
мүмкін.
Тот баспайтын болаттан не
алюминийден жасалған құрылғылар
Тұмшапештің есігін дымқыл
жөкемен ғана тазалаңыз.
Жұмсақ шүберекпен құрғатыңыз.
Темір жүн, қышқыл немесе
түрпілі материалдарды
қолданбаңыз, себебі бұндай
заттар тұмшапештің бетіне
нұқсан келтіруі мүмкін.
Тұмшапештің басқару панелін де
осындай сақтық шараларды
орындап тазалаңыз.
Есіктің тығыздағышын тазалау
Есіктің тығыздағышын уақытылы
тексеріңіз. Есіктің тығыздағышы
тұмшапеш жақтауының айналасында
орналасқан. Есіктің тығыздағышына
нұқсан келсе, құрылғыны
пайдаланбаңыз. Уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Есіктің тығыздағышын тазалау үшін
тазалауға қатысты жапы ақпаратты
қараңыз.
Сөре сырғытпаларын алу
Тұмшапешті тазалау үшін сөре
сырғытпалары.
www.zanussi.com 19
1
Сөре
сырғытпасының
алдыңғы жағын
қабырғадан тартып
шығарыңыз.
1
2
1
2
Сырғытпа
жолдардың артқы
жақтарын
қабырғадан ағытып
алыңыз.
2
Сөре сырғытпаларын кері ретпен салыңыз.
Сумен тазалау
Сумен тазалау функциясы тағамның
қалдықтары мен қалдық майларды
тұмшапештен бумен тазалайды.
1. Тұмшапештің астыңғы жағындағы
сумен тазалауға арналған сауытқа 300
мл құйыңыз.
2. функциясын орнатыңыз.
3. 90 °C градус температураны
орнатыңыз.
4. Құрылғыны 30 минут қосып қойыңыз.
5. Құрылғыны сөндіріп, суығанша
қойыңыз.
6. Құрылғы салқындаған кезде
тұмшапештің ішкі бетін шүберекпен
тазалаңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Құрылғыны ұстамай тұрып,
оның суығанына көз
жеткізіңіз. Күйіп қалу қатері
бар.
Тұмшапештің төбесі
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Құрылғыны қыздырғыш
элементті алмай тұрып сөндіру
керек. Құрылғының салқын
тұрғанына көз жеткізіңіз. Күйіп
қалу қатері бар.
Сөре сырғытпаларын алыңыз.
Тұмшапештің төбесін оңай тазалау үшін
қыздырғыш элементті алып қоюға болады.
1. Қыздырғыш элементті ұстап тұрған
бұранданы алыңыз. Ең алғаш рет алған
кезде бұранда бұрағышты
пайдаланыңыз.
2. Қыздырғыш элементті еппен төмен
тартыңыз.
3. Тұмшапештің төбесін жұмсақ шүберек
пен жылы суды, жуғыш затты
пайдаланып тазалаңыз және кептіріңіз.
Қыздырғыш элементті әрекеттерді
керісінше орындап орнатыңыз.
Сөре сырғытпаларын салыңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қыздырғыш элементтің дұрыс
орнатылғанына және құлап
кетпейтініне көз жеткізіңіз.
Тұмшапештің есігін тазалау
Тұмшапештің есігі екі шыны панельден
тұрады. Тұмшапештің есігі мен ішкі шыны
панелін алып тазалауға болады.
Ішкі шыны панельді тұмшапештің
есігін алмай тұрып алғыңыз
келсе, тұмшапештің есігі
жабылып қалуы мүмкін.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны ішкі шыны панельсіз
пайдаланбаңыз.
20 www.zanussi.com
/