HOTPOINT/ARISTON OS 997 C IX /HA, OS 89 IX /HA Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я изучил руководство пользователя по духовым шкафам Hotpoint Ariston моделей OS 89 IX/HA, OS 99 C IX /HA, OS 997 C IX /HA, OS 992 C IX /HA. В этом руководстве подробно описаны все функции, режимы работы и автоматические программы этих духовых шкафов, а также даны советы по приготовлению блюд и уходу за устройством. Задавайте ваши вопросы!
  • Как установить время на часах духового шкафа?
    Какие автоматические программы есть в духовом шкафу?
    Как очистить духовой шкаф?
KZ
OS 89 IX/HA
OS 99 C IX/HA
OS 997 C IX/HA
OS 992 C IX/HA
Мазмұны
Орнату, 62-63
Орналастыру
Токқа жалғау
Техникалық деректері
Құрылғы сипаттамасы, 64
Жалпы шолу
Басқару тақтасы
Дисплей
Қосу және пайдалану, 65-69
Пештің құрылымы
Сағатты орнату
Уақытты орнату
Пешті қосу
Пісіру үрдісін орнату
Тағам әзірлеу бойынша кеңес
Тағам әзірлеу бойынша кеңес кестесі
Сақтық шаралары мен кеңестер, 70
Жалпы қауіпсіздік
Жою
Қоршаған ортаны сақтау және қорғау
Күтім және пайдалану, 71
Құрылғыны ажырату
Құрылғыны тазалау
Пеш есігін тазалау
Шамды ауыстыру
Сырғымалы тартпалар жиынын орнына салу
Көмек, 72
Ағылшынша, 61
KZ
Пайдалану
нұсқаулығы
ПЕШ
62
KZ
Желдеткіш
Лайықты желдеткіштің орнатылғанын тексеру үшін
шкафтың артқы жағын алып тастау қажет. Пешті
екі ағаш тақтайға немесе кемінде 45 x 560 мм ашық
тұрған тегіс жерде орналастыру ұсынылады.
Ортаға қойып бекіту
Пештің бүйірлеріндегі 4 құлақша сыртқы
жақтаулардың 4 тесігіне сәйкес келетін етіп
орнатыңыз. Құлақшаларды төменде көрсетілгендей
шкаф бүйірінің жіңішкелігіне сай орнатыңыз:
жіңішкелігі 20 мм: құлақшаның
жылжымалы бөлігін алып
тастаңыз (
сызбаны қараңыз
).
жіңішкелігі 18 мм: зауытта
орнатылған бірінші тілікті
пайдаланыңыз (
сызбаны
қараңыз
).
жіңішкелігі 16 мм: екінші тілікті
пайдаланыңыз (
сызбаны
қараңыз
).
Есікті ашып, 4 бұрандалы бекіткішті сыртқы
жақтаудың 4 тесігіне кіргізіп құрылғыны шкафқа
бекітіңіз.
! Құрылғының қауіпсіз жұмыс жасауын қамтамасыз
ететін барлық бөліктері арнайы құралдың қолданбай
жылжымауы тиіс.
! Құрылғыны іске қоспастан бұрын нұсқаулық
кітапшасын мұқият оқып шығыңыз. Ол құрылғыны
қауіпсіз қолдану, орнату және оны күту туралы
маңызды ақпаратты қамтиды.
!Келешекте анықтама ретінде қарау үшін пайдалану
нұсқаулығын сақтап қойыңыз. Оны құрылғының жаңа
иесіне беріңіз.
Орналастыру
! Орау материалдарын балалардың қолы жетпейтін
жерде ұстаңыз. Тынысы тарылу немесе тұншығып
қалу қаупін туғызуы мүмкін (
Сақтық шаралары мен
кеңестер бөлімін қараңыз
).
!Құрылғыны берілген нұсқаулыққа сүйене отырып
білікті маман орнатуы қажет. Құрылғы дұрыс
орнатылмаған жағдайда, адамдар мен жануарлар
өміріне қауіп төндіруі немесе мүлікті зақымдауы
мүмкін.
Бекітілген құрылғы
Құрылғының дұрыс жұмыс жасауын тексеру үшін
қолайлы шкафты қолданыңыз.
Пештің жанындағы қабырғалары ыстыққа төзімді
материалдан жасалған болуы қажет.
Шкафтың сыртқы беті 100°C температураға төзе
алатын тұтқыр заттан құрылуы қажет.
Пешті ас үй үстелінің (сызбаны қараңыз) астына
немесе ас үй жиһазының ішіне орнату үшін
шкафтың өлшемдері төмендегідей болуы қажет:
! Құрылғы орнатылған кезде кез келген электрлі
заттардан алыс болуы қажет.
Негізгі деректер кестесінде берілген пайдалану
ортасының көрсеткіштері осы орнату түрі үшін
есептелген.
Орнату
63
KZ
ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ
СИПАТТАМАСЫ
Өлшемдері
ені – 43,4 см
биіктігі – 39,5 см
тереңдігі – 40,8 см
Көлемі 70 л
Электр
қосылымдары
кернеуі: 220 - 240 В ~ 50 Гц ең
көп тұтынылатын қуат – 2600 Вт
(техникалық деректер тақтасын
қараңыз)
ҚУАТ ТУРАЛЫ
БЕЛГІСІ
Электр пештерінің белгісіндегі
2002/40/EC нұсқауы. EN 50304
стандарты
Мәжбүрлі конвекция класы
– қыздыру күйіне арналған
мәлімденген қуат тұтынуы:
Gratin.
Бұл құрылғы Еуропа
экономикалық қауымдастығының
келесі нұсқауларына сай келеді:
12.12.2006 жылғы 2006/95/EEC
(төмен кернеу) және кейінгі
өзгертулері – 03.05.1989 жылғы
89/336/EEC (Электрмагнитті
үйлесімділік) және кейінгі
өзгертулері – 22.07.1993
жылғы 93/68/EEC және кейінгі
өзгертулері.
2002/96/EEC
Токқа жалғау
! Үш ұялы электр кабелі бар пеш айнымалы ток
кернеуімен және құрылғыда орналасқан негізгі
деректер кестесінде көрсетілген жиілікпен жұмыс
жасау үшін жасақталған (
төменге қараңыз
).
Электр кабелін орнату
1. Қақпақтың бүйір құлақшаларына бұрауышты
тығып, дәнекер қалқаншаны ашыңыз. Бұрауышты
төмен басқанда
қақпаны ашатындай
тұтқа түрінде
пайдаланыңыз
(
сызбаны қараңыз
).
2. Бұранданы бекітуге
арналған қысқыш пен
үш желілі L-N-
байланыс бұрандасын
босату арқылы электр
кабелін орнатыңыз.
Сымдарды сәйкес
өткізгіштерге көк
сымды (N) деп, қоңыр
сымды (L) деп және
сары/жасыл сымды
деп белгіленген
өткізгіштерге (
сызбаны
қараңыз
) қосыңыз.
3. Қыспа бұранданы
нығайтып, кабельді
бекітіңіз.
4. Дәнекер қалқаншаның қақпағын жабыңыз.
Электр кабелін желіге қосу
Негізгі деректер кестесінде көрсетілген жүктемеге
сәйкес стандартты айырғышты орнатыңыз (
кестені
қараңыз
).
Құрылғы мен ток желісі арасында орнатылған
3 мм ашық кішкене байланыс бар жан-жақты
айырып-қосқышты пайдалану арқылы құрылғы
тікелей электр желісіне қосылуы қажет. Айырып-
қосқыш анықталған жүктемеге лайықты және
ағымдағы ток реттеуіне сәйкес болуы қажет (жерге
қосылған сым айырып-қосқыштан ажыратылмауы
тиіс). Электр кабелін кез келген нүктесі 50°C-тан
төмен температурамен байланысатындай етіп
орналастыру қажет.
! Орнатушы дұрыс ток байланысын жасағанына
және оның қауіпсіздік шараларына сәйкес екендігіне
сенімді болуы қажет.
Құрылғыны токқа қоспастан бұрын төмендегі
әрекеттердің орындалғанын тексеріңіз:
Құрылғы жерге орнатылған және айырғыш заңға
сәйкес.
Розетка негізгі деректер кестесінде көрсетілген
құрылғының ең жоғарғы күшіне төзімді (
төменге
қараңыз
).
Кернеу негізгі деректер кестесінде көрсетілген
мән аралығы аумағында (
төменге қараңыз
).
Розетка құрылғы айырғышына сәйкестендірілген.
Розетка айырғышына сәйкес болмаса, өкілетті
маманнан ауыстырып беруін сұраңыз. Бірнеше
розетка немесе ұзартқыш пайдаланбаңыз.
! Құрылғы орнатылғаннан кейін электр кабелі мен
розетка жақын жерде болуы қажет.
! Кабель иілмеуі немесе қысылмауы қажет.
! Кабельді жиі тексеріп, тек өкілетті маман көмегімен
алмастыру қажет (
Көмек бөлімін қараңыз
).
! Қауіпсіздік шаралары сақталмаған жағдайда
өндіруші жауапкершілікті өз мойнына алудан бас
тартады.
64
KZ
Құрылғы
сипаттамасы
Жалпы шолу
Басқару тақтасы
Дисплей
Басқару тақтасы
Тартпа сөресі
Таба сөресі
Сырғымалы
тартпаларға
арналған
БАҒЫТТАУШЫ ЖОЛДАР
5-позиция
4-позиция
3-позиция
7-позиция
6-позиция
D позициясы
2-позиция
1-позиция
ФУНКЦИЯ
тұтқасы
ТЕМПЕРАТУРАНЫ
ОРНАТУ/ТАЙМЕР
тұтқасы
ДИСПЛЕЙ
ТАЙМЕРДІ ОРНАТУ
түймесі
ЖАРЫҚ
түймесі
ТЕМПЕРАТУРА жəне
УАҚЫТ сандары
ПІСІРУ АЯҚТАЛДЫ
белгішесі
ҰЗАҚТЫҚ
белгішесі
УАҚЫТ
белгішесі
65
KZ
Пештің құрылымы
Ашық пештің сыйымдылығы70 литр және
пайдаланушыларға бір уақытта 4 тартпада пісіру
опцияларын немесе кәдімгі пеште пісіру мүмкін емес
молырақ ас пісіруді ұсынады.
Үлкен әрі ашық кеңістік арқасында он ас пісіру
функциясының алтауы әмбебап және ас пісірудің
кез келген түріне келеді, ал қалған 4 функция
— кез келген рецептте жақсы нәтиже алу үшін
пайдаланылатын автоматты бағдарлама.
! Құрылғыны алғаш рет пайдаланғанда, оны бос
күйінде есігін жауып, ең жоғарғы температурада
кемінде жарты сағаттай қыздырыңыз. Пешті өшіріп,
оның есігін ашпастан бұрын бөлмені желдетіп
алыңыз. Құрылғыдан оны өндіру кезінде күйдірілген
қорғаныш заттарының жеңіл жағымсыз иісі шығуы
мүмкін.
! Ешқашан пештің астына ешқандай зат қоймаңыз;
бұл эмальді қабат зақымдануының алдын алады.
! Әрқашан асхана ыдыстарын берілген тартпа(лар)
ға қойыңыз.
Салқындату желдеткіші
Пештің сыртқы температурасын салқындату үшін
салқындату желдеткішінен басқару тақтасы мен пеш
есігінің арасына леп соғады.
! Пісіріп болғаннан кейін де пеш толық суығанша
желдеткіш жұмыс істеп тұрады.
Пештің шамдары
Пеш жұмыс істемей тұрған кезде, шамды тексеру
түймесін басу арқылы шамды кез келген уақытта
жағуға болады.
Сағатты орнату
! Пеш өшіп тұрған кезде ғана сағатты орнатуға
болады.
1. Дисплейге бірінші сан жыпылықтай бастағанға
дейін түймесін басыңыз, , және
белгішелері өшеді.
2. Сағаттың мәнін дұрыстау үшін ТАЙМЕР
ТҰТҚАСЫН “+” және “-” белгілеріне қарай бұраңыз.
3. Басқа екі сан ДИСПЛЕЙДЕ жыпылықтай
бастағанша түймесін қайта басыңыз.
4. Минуттың мәнін дұрыстау үшін ТАЙМЕР
ТҰТҚАСЫН “+” және “-” белгілеріне қарай бұраңыз.
5. Растау үшін түймешігін қайта басыңыз.
Уақытты орнату
! Бұл функция ас пісіруге кедергі жасамайды және
пешке әсер етпейді; бұл белгіленген уақыт өткен
кезде дыбысты сигнал беру үшін пайдаланылады.
1. ДИСПЛЕЙДЕ белгішесі мен үш сан шыққанға
дейін түймесін басыңыз.
2. Минуттың мәнін дұрыстау үшін ТАЙМЕР
ТҰТҚАСЫН “+” және “-” белгілеріне қарай бұраңыз.
3. Растау үшін түймешігін қайта басыңыз.
Дисплейде кері саналып жатқан уақыт көрсетіледі.
Осы уақыт аяқталған кезде дыбысты сигнал
беріледі.
Пешті қосу
1. ФУНКЦИЯ тұтқасын бұрау арқылы қажетті пісіру
функциясын таңдаңыз.
2. Пеш алдын ала қыздыру сатысын бастайды.
Температура ТЕМПЕРАТУРАНЫ ОРНАТУ тұтқасын
бұрау арқылы реттеледі.
3. Дыбыстық сигнал алдын ала қыздыру сатысының
аяқталғандығын білдіреді, енді пешке тағамды
салуыңызға болады.
4. Пісіру кезінде әрқашан мынаны жасауға болады:
- ФУНКЦИЯ тұтқасын бұрау арқылы қажетті пісіру
функциясын таңдау.
- ТЕМПЕРАТУРАНЫ ОРНАТУ тұтқасын қолданып
температураны реттеу (тек әмбебап пісіру
функциялары үшін).
- Ұзақтықты (тек әмбебап пісіру функциялары үшін)
және пісірудің аяқталу уақытын орнату.
- ФУНКЦИЯ тұтқасын “0” позициясына бұрап, пісіру
үрдісін тоқтату.
Қосу және пайдалану
ТА РТПА
ТА БА
ТА РТПА
ТА РТПА
ExtraLarge Space: 4 сөре деңгейінде пісіру
66
KZ
ТӨМЕНГІ ТЕМПЕРАТУРА функциясы
Пісірудің бұл түрі сынау, еріту, йогурт дайындау,
қажетті уақытта тамақты ысыту және төменгі
температурада ақырын ас пісіру үшін қолданылады.
Температураның опциясы: 40, 65 және 90 °C.
Істікте қуыру (тек белгілі модельдерде
қолданылады)
Істікте қуыруды іске қосу үшін (
диаграмманы
қараңыз
):
1. Табаны бірінші
позицияға
орналастырыңыз.
2. Гриль-барды
үшінші позицияға
орналастырып, істікті
пештің артқы тесігіне
кіргізіңіз.
3. немесе
функцияларын таңдау
арқылы істікте қуыруды
бастаңыз.
Автоматты пісіру функциялары
! Температура мен пісіру ұзақтығы әрқашан
автоматты түрде керемет нәтижеге кепілдік беретін
алдын ала анықталған мәндер болып табылады.
Бұл мәндер C.O.P (Алдын ала көрсетілген
оңтайлы пісіру) жүйесінің көмегімен орнатылады.
Пісіру үрдісі автоматты түрде тоқтап, пеш тамақтың
піскенін көрсетеді. Пісіру ұзақтығын төмендегі
жекелеген функциялардың сипаттамасында
көрсетілгендей бірнеше минуттық кезеңге өзгертуге
болады.
ЕТ функциясы
Бұзау, шошқа, қой және сиыр етін пісіру үшін осы
функцияны пайдаланыңыз. Тамақты қыздырылмаған
пештің ішіне салыңыз. Тамақты алдын ала
қыздырылған пешке де салуға болады. Ұзақтықты
-10/+10 минутқа ғана реттеуге болады.
ПИРОГ функциясы
Бұл — пирог пісіру үшін тамаша функция. Тамақты
қыздырылмаған пештің ішіне салыңыз. Тамақты
алдын ала қыздырылған пешке де салуға болады.
Ұзақтықты -10/+15 минутқа ғана реттеуге болады.
НАН функциясы
Бұл функцияны нан пісіру үшін пайдаланыңыз.
Рецепт пен қосымша мәліметтерді келесі тараудан
қараңыз.
5. Егер пеш жұмыс істеп тұрғанда ток болмай қалса,
құрылғының ішіндегі автоматты жүйе температура
белгілі деңгейден түспей тұрып пісіру функциясын
тоқтаған жерінен бастап қалпына келтіреді.
Қосылмаған бағдарламаға енгізілген режимдер
қалпына келтірілмейді және бағдарламаны қайта
орнату керек.
Әмбебап пісіру функциялары
! Барлық функциялардың әдепкі пісіру
температурасын 40°C пен 250°C арасындақолмен
реттеуге болады.
КӘУАП функциясы үшін әдепкі қуат деңгейінің мәні
(%) пайыздық көрсеткішпен көрсетіледі және қолмен
де реттеуге келеді.
КӨПДЕҢГЕЙЛІ функциясы
Барлық қыздыру элементтері мен желдеткіш іске
қосылады. Пештің қызуы тұрақты болғанда, ауа
тағамды біркелкі ысытып пісіреді. Бір уақытта
барлық төрт тартпаны пайдалануға болады. Егер
бірнеше тартпаларды бір уақытта пайдаланып
жатсаңыз, астыңғы тартпаға таба қоюға кеңес
береміз. Егер бір уақытта 4 тартпада да ас
пісіріп жатсаңыз, үшінші, бесінші және алтыншы
тартпаларға сөрелер, ал бірінші тартпаға таба қоюға
кеңес береміз.
ГРАТИН функциясы
Жоғарғы қыздыру элементі мен гриль-бар істігі (бар
болса) іске қосылады да, желдеткіш жұмыс істей
бастайды. Айналу кезінде айналдырып қыздыру
элементі де іске қосылады. Осы мүмкіндіктердің
жиыны пештің күшейтілген ауа айналымы мен
қыздыру элементі арқылы берілетін бір бағыттағы
жылу бөлу тиімділігін арттырады.
Бұл тағамның күйіп кетпеуін алдын алуға
көмектеседі және тағамды қыздыру мүмкіндігін
береді. Есігі жабылған пеште ас пісіргенде әрқашан
осы режимді қолданыңыз.
КӘУАП функциясы
Жоғарғы қыздыру элементіжәне гриль-бар істігі
(бар болса) іске қосылады. ТЕМПАРАТУРАНЫ
ОРНАТУ тұтқасы арқылы орнатылатын әртүрлі қуат
деңгейлері дисплейге шығады; бұл 5% және 100%
аралығында болады. Грильдің жоғарғы және тіке
температурасы қабаттың жоғарғы температурасын
қажет ететін тағамдар үшін ұсынылады. Есігі
жабылған пеште ас пісіргенде әрқашан осы режимді
қолданыңыз.
67
KZ
Ықтимал үздік нәтижелерге қол жеткізу үшін
төмендегі нұсқауларды мұқият орындауға кеңес
беріледі:
• Рецепт бойынша жасаңыз.
• 7-позицияға салынатын нан пісіретін науашаға
150 г (150 мл) салқын су құюды ұмытпаңыз.
Тамақты қыздырылмаған пештің ішіне салыңыз.
Егер тамақты алдын ала қыздырылған пешке
салғыңыз келсе, жоғары температуралы пісіру
бағдарламасынан кейін температура 40° градусқа
түскенше дисплейде бірден «Hot» («Ыстық») деген
мәтін көрінеді. Осы кезде нанды пешке салуға
болады.
ПИЦЦА функциясы
Бұл функцияны пицца пісіру үшін пайдаланыңыз.
Қосымша мәліметтерді келесі тараудан қараңыз.
Ұзақтықты -5/+12 минутқа ғана реттеуге болады.
Ықтимал үздік нәтижелерге қол жеткізу үшін
төмендегі нұсқауларды мұқият орындауға кеңес
беріледі:
Рецепт бойынша жасаңыз.
Қамырдың салмағы 350 г мен 500 г аралығында
болуы тиіс.
Таба мен нан пісіретін науашаларды аздап
майлаңыз.
Тамақты қыздырылмаған пештің ішіне салыңыз.
Егер тамақты алдын ала қыздырылған пешке
салғыңыз келсе, жоғары температуралы пісіру
бағдарламасынан кейін температура 120° градусқа
түскенше дисплейде бірден «Hot» («Ыстық») деген
мәтін көрінеді. Осы кезде пиццаны пешке салуға
болады.
ПИЦЦА рецептісі:
3 немесе 4 пицца жасау үшін: 1000 г ұн, 500 мл су,
20 г тұз, 20 г қант, 100 мл зәйтүн майы, 20 г ашытқы
(немесе 2 пакет ашытқы ұнтағы)
Бөлме температурасында ашыту: 1 сағат немесе
қолмен орнатылатын ТӨМЕНГІ ТЕМПЕРАТУРА
функциясы үшін 40° градус қойылған. Шамамен
30-45 минут көтерілгенше күтіңіз.
Тамақты қыздырылмаған пештің ішіне салыңыз.
ПИЦЦА пісіру режимін қосыңыз.
НАН рецептісі (қамырдың барынша мөлшері):
Құрамы:
1,3 кг ұн
700 г су
25 г тұз
50 г нан ашытқысы немесе 4 пакет құрғақ ашытқы
ұнтағы.
Дайындау әдісі:
Ұн мен тұзды үлкен кеседе араластырыңыз.
Ашытқыны жылымшы суға (шамамен 35 градус)
ерітіңіз.
Үйілген ұнның ортасында кішкене шұқыр жасаңыз.
Су мен ашытқы қоспасын құйыңыз.
Қамырды алақанмен созып, өзіне-өзін бүктеу
арқылы ол біртекті болып, жабысқақтығы
кеткенше 10 минут илеңіз.
Қамырды домалақтап, үлкен тегенеге салыңыз да,
қамыр кеуіп кетпеу үшін бетін мөлдір пластмасса
орағышпен жабыңыз. Тегенені пешке салып,
қолмен орнатылатын ТӨМЕНГІ ТЕМПЕРАТУРА
функциясының көмегімен 40° градусқа қойыңыз
да, шамамен 30–45 минут көтерілгенше күтіңіз.
Не болмаса, бөлме температурасында шамамен
1 сағатқа (қамырдың көлемі екі еселенгенше)
қойыңыз.
Қамырды жеңіл илей отырып, бірнеше бөлке етіп
бөліңіз.
Оларды тартпаның үстіндегі нан пісіретін қағазға
(немесе нандарды әр түрлі сөрелерде пісіргіңіз
келген жағдайда 2 немесе 3 тартпаларға)
қойыңыз да, аздап ұн себіңіз.
Өткір жүзбен үстіне бірнеше өрнек салыңыз.
Тартпаны тек бір деңгейді пайдаланған жағдайда
пештегі 2-деңгейдегі сөреге немесе екі деңгейді
пайдаланған жағдайда екі тартпаны 1 және
4-деңгейлердегі сөрелерге, не болмаса үш
деңгейді пайдаланған жағдайда үш тартпаны 1, 3
және 5-деңгейлердегі сөрелерге қойыңыз.
Табаны 7-деңгейдегі сөреге қойып, 150 г суық
су құйыңыз.
Тамақты қыздырылмаған пештің ішіне салыңыз.
НАН автоматты функциясын қосыңыз.
Пісіру аяқталған кезде, толық салқындағанша
нандарды тартпада қалдырыңыз.
68
KZ
Пісіру үрдісін орнату
! Бағдарламалаудан бұрын пісіру функциясы таңдап
алынуы керек.
Пісіру ұзақтығын бағдарламалау
1. түймесін ДИСПЛЕЙ бетіндегі белгішесі
мен үш сан жыпылықтай бастағанша бірнеше рет
басыңыз.
2. Ұзақтықты реттеу үшін ТАЙМЕР ТҰТҚАСЫН «+»
және «-» бағытына қарай бұраңыз.
3. Растау үшін түймешігін қайта басыңыз.
4. Белгіленген уақыт өткенде, ДИСПЛЕЙ бетінде
«END» («Аяқталды») деген мәтін шығып, пеш
пісіруді тоқтатады да, дыбыстық сигнал беріледі.
Мысалы: сағат 9:00 болғанда, ас пісіру ұзақтығы
1 сағат 15 минутқа орнатылады. Функция сағат
10:15 болғанда автоматты түрде тоқтайды.
Пісіру режимінің аяқталу уақытын орнату
! Пісірудің аяқталу уақыты белгіленбей тұрып, пісіру
ұзақтығын орнату керек.
1. Ұзақтықты жоғарыда сипатталғандай орнату үшін
1-3 қадамдарды орындаңыз.
2. Содан кейін, түймесін ДИСПЛЕЙ бетіндегі
белгішесі мен үш сан жыпылықтай бастағанша
басыңыз.
3. Сағаттың мәнін дұрыстау үшін ТАЙМЕР
ТҰТҚАСЫН “+” және “-” белгілеріне қарай бұраңыз.
4. Басқа екі сан ДИСПЛЕЙДЕ жыпылықтай
бастағанша түймесін қайта басыңыз.
5. Минуттың мәнін дұрыстау үшін ТАЙМЕР
ТҰТҚАСЫН “+” және “-” белгілеріне қарай бұраңыз.
6. Растау үшін түймешігін қайта басыңыз.
7. Белгіленген уақыт өткенде, ДИСПЛЕЙ бетінде
«END» («Аяқталды») деген мәтін шығып, пеш
пісіруді тоқтатады да, дыбыстық сигнал беріледі.
және белгішелері жыпылықтағанда
бағдарлама орнатылады. ДИСПЛЕЙ пісірудің
аяқталу уақыты мен пісіру ұзақтығын алма-кезек
көрсетіп тұрады.
Бағдарламадан бас тарту үшін ФУНКЦИЯ тұтқасын
“0” позициясына бұраңыз.
Пісіру бойынша пайдалы кеңес
КӨПДЕҢГЕЙЛІ функциясы
1, 3, 5 және 6-позицияларды пайдаланыңыз.
Табаны астына, ал тартпаны үстіне қойыңыз.
КӘУАП
Пешті 5 минут қыздырып алыңыз.
Осы режимде пісірген кезде пештің есігін жауып
қойыңыз.
Табаны 3-деңгейдегі сөреге қойыңыз. Тартпаны
тамақтың үлкендігіне қарай 4 пен 7 аралығындағы
позицияға қойып, тамақтың тартпаның ортасында
болуын тексеріңіз. Мысалдар: сиыр қабырғалары
4-деңгейдегі сөреде, ал бекон 6 немесе
7-деңгейдегі сөреде пісірілуі тиіс.
ПИЦЦА немесе ФОКАЧЧА
Диаметрінің үлкендігі 30 см болатын жеңіл
алюминий науашаны пеш жинағына кіретін
тартпаға қойыңыз.
Егер пиццаны көп азық-түлікпен дайындап
жатсаңыз, пісіру үрдісінің ортасында пиццаның
үстіне моцарелла ірімшігін қосуға кеңес беріледі.
69
KZ
ExtraLarge Space қуысы бар пештерге арналған тағам әзірлеу бойынша кеңестер кестесі
Функция Азық-түліктер Салмақ
(кг)
Пайдаланылатын
сөрелер №
Тартпа позициясы Алдын
ала
қыздыру
Ұсынылатын
температура
(°C)
Пісіру
ұзақтығы
(минут)
Таба 1-тартпа 2-тартпа 3-тартпа
Multilevel* Пирогтар/торттар 1
2
3
4
2 немесе 3
1-ден 2-ге дейін
1
1
3-ден 5-ге дейін
3
3
5
5 6
Иә
Иә
Иә
Иә
180
180
180
180
30-40
35-45
40-50
45-55
Шайқалған
қаймақты бәліш
1
2
3
4
2 немесе 3
1-ден 2-ге дейін
1
1
3-ден 5-ге дейін
3
3
5
5 6
Иә
Иә
Иә
Иә
190
190
190
190
25-35
25-35
30-40
30-40
Пицца 1
2
3
4
2 немесе 3
1-ден 2-ге дейін
1
1
3-ден 5-ге дейін
3
3
5
5 6
Иә
Иә
Иә
Иә
220
220
220
220
15-25
20-30
25-35
30-40
Печеньелер 1
2
3
4
2 немесе 3
1-ден 2-ге дейін
1
1
3-ден 5-ге дейін
3
3
5
5 6
Иә
Иә
Иә
Иә
180
180
180
180
15-25
15-25
20-30
20-30
Тәтті нан өнімдері 1
2
3
2 немесе 3
2
1
5
4 6
Иә
Иә
Иә
200
200
200
30-40
35-45
40-50
«Кремді карамель»
(буға пісіргіш)
1
2
3
2 немесе 3
2
1
5
4 6
Иә
Иә
Иә
170
170
170
35-45
35-45
40-50
Панеттоне 1 2 немесе 3 Иә 160 45-60
Йогуртты бисквит 1
2
2 немесе 3
1 4 немесе 5
Иә
Иә
160
160
60-75
60-75
Бисквит 1
2
3
2 немесе 3
2
1
5
4 6
Иә
Иә
Иә
190
190
190
30-35
35-40
40-45
Үлкен ет кесегі 1 1 2 Иә 160 90-240
Қаттама Қуырылған ет 1 2 3 Жоқ 200 35-75
Қаттама 1 3 немесе 4 Жоқ 190 40-60
Үлкен қақталған ет 1 1 2 Жоқ 200 90-120
Үлкен қақталған
құс еті
1 1 2 Жоқ 200 90-120
Кәуап Сиыр қабырғалары 1 3 4 немесе 5 Иә 100% 20-30
Шұжықтар 1 3 5-7 Иә 100% 10-20
Шошқа
қабырғалары
1 3 5-7 Иә 100% 15-25
Шошқа еті 1 3 5-7 Иә 100% 3-6
Төмен
температура
Тексеру / мұзды
еріту
1 2 Жоқ 40
Ақ зефир 4 1 3 5 6 Жоқ 65 8-12
сағат**
Ет/балық 3 1 3 5 Жоқ 90 90-180**
Автоматты
түрде нан
ұнтақтарына
аунату
Нан (рецептіні
қараңыз)
2
2
2
1
2
3
7***
7***
7***
2
1
1
4
3 5
Жоқ
Жоқ
Жоқ
Автоматты
түрде қақтау
Қақталған ет 1 2 3 Жоқ 60-90**
Автоматты
түрде
пісірілген
пирог
Десерттер 1
2
2
2 5
Жоқ
Жоқ
35-60**
35-60**
Автоматты
түрде пицца
пісіру
Пицца (рецептіні
қараңыз)
1
2
3
4
2
2
1
1
5
3
3
5
5 6
Жоқ
Жоқ
Жоқ
Жоқ
23-30**
25-35**
30-35**
35-40**
* Жоғарыдағы тізімде көрсетілген пісіру уақыттары тек нұсқау ретінде берілген және оларды жеке қалауға қарай өзгертуге болады. Пешті алдын ала қыздыру уақыты стандарт бойынша
орнатылған және оларды қолмен өзгертуге болмайды.
** Автоматты пісіру функцияларының ұзақтығы әдепкі бойынша орнатылған. Кестедегі мәндер әдепкі мәнді басталу нүктесі ретінде ала отырып пайдаланушы өзгерте алатын ең қысқа және ең
ұзын ұзақтықты білдіреді.
*** Рецептіде көрсетілгендей табаға 150 г су құйыңыз.
70
KZ
Сақтық шаралары
мен кеңестер
! Бұл құрылғы халықаралық қауіпсіздік
стандарттарына сай жасақталып, дайындалған.
Төмендегі ескертулер қауіпсіздік салдары үшін
берілген, оны мұқият оқу керек.
Жалпы қауіпсіздік
Құрылғы үйде қолдану үшін жасақталған, ол
коммерциялық немесе өндірістік қолданыстарға
арналмаған.
Құрылғыны жабық жер болса да, сыртта
қолданбау керек. Құрылғыны қорғаныссыз
жаңбыр мен боранда қалдыру барынша қауіпті
болып табылады.
Құрылғыны жылжытқанда немесе
орналастырғанда пештің бүйіріндегі тұтқаларды
пайдаланыңыз.
Құрылғыны жалаң аяқ немесе ылғал не дымқыл
қолмен де, аяқпен де түртпеңіз.
Құрылғыны кітапшада берілген нұсқауларға сай
тек тағам дайындау мақсатында ғана үлкендер
пайдалануы тиіс.
Қыздыру элементтерін немесе пеш есігінің
белгілі бір бөліктерін ұстамаңыз; бұл бөліктер
қатты қызады. Балаларды одан алыс ұстаңыз,
өзіңіз де ыстық жерлерін ұстамаңыз.
Басқа электр құрылғыларына арналған
электр кабельдері пештің ыстық бөліктеріне
жақындамайтынын тексеріңіз.
Ыстықты желдету мен тозаңдандыруға арналған
ашық жерлерді ешқашан жаппау керек.
Пеш есігінің тұтқасын әрқашан ортасынан
ұстаңыз: шеттері ыстық болуы мүмкін.
Пешке асханалық ыдысты қоярда немесе
оны алған кезде әрқашан пеш қолғаптарын
пайдаланыңыз.
Пеш түбін туралау үшін алюминий фольганы
пайдаланбаңыз.
Пешке жанғыш заттарды қоймаңыз: Егер
байқаусызда құрылғы қосылса, заттар жануы
мүмкін.
Құрылғыны қолданбаған кезде түймешіктерінің
«l»/«¡» орнында екенін тексеріңіз.
Құрылғыны ажыратқанда айырғышты әрқашан
желі розеткасынан алыңыз, кабельден тартып
суырмаңыз.
Құрылғыны электр желісінен ажыратпастан
ешқашан тазалауға да, жөндеуге де болмайды.
Егер құрылғы істен шықса, өзіңіз жөндеуге
тура келеді . Тәжірибесіз адам жасаған жөндеу
жұмыстарынан құрылғының істен шығуы немесе
жарамсыз болып қалуы мүмкін. Қызмет көрсету
орталығымен байланысыңыз («Көмек» бөлімін
қараңыз).
Ашық пештің есігіне ауыр заттарды қоймаңыз.
Құрылғыны физикалық, сезімталдық және ойлау
қабілеттері төмен адамдар (балаларды қоса),
тәжірибесіз немесе өнімнен хабары жоқ кез келген
адамның қолданбауы тиіс. Мұндай адамдарға
қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін біреулер
жетекші болуы керек немесе құрылғының
жұмысына қатысты кіріспе нұсқаулар алғаны жөн.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат етпеңіз.
Жою
Бумалау материалдарын жойғанда, жергілікті
заңды қарап шығыңыз, себебі орауышты қайта
пайдалануы мүмкін.
Электр және электроникалық құралдардың
қалдықтарына (WEEE) қатысты 2002/96/EC
Еуропа заңнамасына сәйкес үй құрылғылары
қалыпты толық қалалық қалдық айналымын
пайдаланып жойылмауы тиіс. Қоршаған орта мен
халық денсаулығына тиетін зиянның алдын ала
отырып, жарамсыз құрылғылар қайта пайдалану
мен машина ішіндегі материалдарды өңдеу
құнын оңтайландыру мақсатында бөлек жиналуы
керек. Барлық өнімдердегі сызылған қоқыс жәшігі
өнім иесінің бөлектелген қоқыс жинауға қатысты
міндетін еске салады.
Жарамсыз үй құрылғыларын дұрыс жоюға
қатысты қосымша ақпарат алу үшін өнім иелері
тиісті халыққа қызмет көрсету орталығына немесе
олардың жергілікті өкілдеріне хабарласа алады.
Қоршаған ортаны сақтау және қорғау.
Пешті таңертең ерте немесе түстен кейін кешірек
пайдалану арқылы электр қуатын қамтамасыз
етуші желілік компаниялардың ең жоғары
жүктемесін азайтуға көмектесе аласыз. Пісіру
функциясын бағдарламалау параметрлері –
әсіресе, «кейінге қалдырылған пісіру» функциясы,
(Пісіру функциялары» бөлімін қараңыз) және
«кейінге қалдырылған автоматты түрде тазалау»
функциясы (Күтім және пайдалану бөлімін
қараңыз) – пайдаланушының уақытын тиімді
ұйымдастыруына мүмкіндік береді.
КӘУАП және ГРАТИН режимдерін пайдаланғанда
пеш есігін әрқашан жауып қойыңыз. Бұл
энергияны сақтай отырып (шамамен 10%-ға),
жақсартылған нәтижеге жеткізеді.
Есік тығыздағыштарын жиі тексеріңіз, олар есікке
дұрыс келетіндей етіп, қалдық болмауы үшін
тазалап, сүртіп тұрыңыз, осылайша ыстықтың
сыртқа шығуын болдырмайсыз.
71
KZ
Күтім және пайдалану
Құрылғыны ажырату
Құрылғыда бір жұмысты бастамас бұрын оны токтан
ажыратыңыз.
Құрылғыны тазалау
Тот баспайтын болат немесе эмальданған сыртқы
бөліктер және резеңке тығыздағыштар салқын
суға малынып, түссіз сабын жағылған губкамен
тазартылады. Қиын дақтарды кетіру үшін арнайы
өнімдерді пайдаланыңыз. Жуып болғасын, оны
шайып, мұқият құрғатыңыз. Қатты ұнтақтарды
немесе өткір заттарды пайдаланбаңыз.
Пештің іші әрбір қолданғаннан кейін жылы
кезінде мұқият тазалануы тиіс. Ыстық су мен
тазартқышты пайдаланыңыз, одан кейін шайып,
жұмсақ матамен құрғатып сүртіңіз. Қырғыш
заттарды пайдаланбаңыз.
Сырғымалы тартпалардан басқа барлық
жабдықтар күнделікті ыдыстар сияқты жуылады,
сондай-ақ оларды ыдыс жуғыш аппаратты
пайдаланып жусаңыз да болады.
! Құрылғыда ешқашан бу тазартқышты немесе
шаңсорғышты пайдаланбаңыз.
Пеш есігін тазалау
Пеш есігінің әйнекті бөлігін губкамен және
қырмайтын тазартқыш құралдармен тазалап, жұмсақ
матамен мұқият құрғатыңыз. Қатты қырғыш затты
немесе өткір темір қырғыштарды пайдаланбаңыз,
себебі олар әйнек бетін тырнап, оның сынуына
әкелуі мүмкін.
Пеш есігін мұқият тазалау мақсатында оны шығарып
алуыңызға болады.
1. Пеш есігін толық ашыңыз (
суретке қараңыз
).
2. Шығарып алу үшін бұрағышты пайдаланыңыз
және F екі ілгекке орналасқан (
суретке қараңыз
)
кішкентай тұтқаларды бұраңыз.
3. Есікті екі жағынан қатты
ұстап, жартылай жабыңыз.
Оны өзіңізге қарай орнынан
көтере тартыңыз (
суретке
қараңыз
). Есікті орнына қою
үшін осы іс ретін соңғысынан
бастап орындаңыз.
Тығыздағыштарды тексеру
Пештегі есік тығыздағыштарын жиі тексеріп
тұрыңыз. Егер тығыздағыштар зақымдалған болса,
жақын жердегі Сатудан кейін қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз (
«Көмек» бөлімін
қараңыз
). Тығыздағыштар ауыстырылмайынша
пешті пайдаланбауды ұсынамыз.
Шамды ауыстыру
Пештің шамын
ауыстыру үшін:
1. Шам ұясының
шыны қақпағын
алыңыз.
2. Шамды алып,
оны сондай
басқа шаммен
ауыстырыңыз:
галогенді шам
230 В, 25 Вт, G 9.
3. Шыны қақпақты орнына қойыңыз (
суретке
қараңыз
).
! Шамды бірден қолыңызбен ұстамаңыз.
Сырғымалы тартпалар жиынын
құрастыру
Сырғымалы тартпаларды
құрастыру үшін:
1. Екі жақтауды A
бөлгіштерінен алысырақ
көтеріп, шығарыңыз (
суретке
қараңыз
).
2. Сырғымалы
тартпамен қайсы сөренің
пайдаланылатынын
таңдаңыз. Сырғымалы
тартпа шығарылып алынатын
бағытқа назар аудара отырып,
B ілмегін, одан кейін С ілмегін
жақтауға орналастырыңыз.
3. Пеш қабырғаларындағы
тесіктерді пайдаланып,
бағыттаушы жолдардың
көмегімен бекітіңіз (
суретке
қараңыз
). Сол жақ жақтауға
арналған тесіктер жоғарыда,
ал оң жақ жақтау үшін тесіктер
төменде орналасқан.
4. Ең соңында жақтауларды A бөлгіштеріне
орналастырыңыз.
B
C
Сол жақ
бағыттаушы
жол
Оң жақ
бағыттаушы
жол
Шығару бағыты
72
KZ
Ескерту:
Құрылғы кез келген дұрыс жұмыс істемеуін анықтайтын автоматты диагностикалық жүйе арқылы реттеледі.
Дұрыс жұмыс істемеу хабарлардың төмендегі түрімен бейнеленеді: “F сандардың алдында келеді.
Дұрыс жұмыс істемеу орын алғанда техникалық қолдау көрсету орталығына хабарласыңыз.
! Білімі жоқ адамның қызметін ешқашан қабылдамаңыз.
Келесі мәліметтерді жақын жерде ұстаңыз:
Туындаған проблема түрі.
Құрылғының моделі (Мод.).
Сериялық нөмірі (С/Н).
Кейінірек мәліметтердің екі бөлігін құрылғының деректер тақтасынан көре аласыз.
Көмек
10/2009 - 195069604.02
XEROX FABRIANO
/