70
KZ
Сақтық шаралары
мен кеңестер
! Бұл құрылғы халықаралық қауіпсіздік
стандарттарына сай жасақталып, дайындалған.
Төмендегі ескертулер қауіпсіздік салдары үшін
берілген, оны мұқият оқу керек.
Жалпы қауіпсіздік
• Құрылғы үйде қолдану үшін жасақталған, ол
коммерциялық немесе өндірістік қолданыстарға
арналмаған.
• Құрылғыны жабық жер болса да, сыртта
қолданбау керек. Құрылғыны қорғаныссыз
жаңбыр мен боранда қалдыру барынша қауіпті
болып табылады.
• Құрылғыны жылжытқанда немесе
орналастырғанда пештің бүйіріндегі тұтқаларды
пайдаланыңыз.
• Құрылғыны жалаң аяқ немесе ылғал не дымқыл
қолмен де, аяқпен де түртпеңіз.
• Құрылғыны кітапшада берілген нұсқауларға сай
тек тағам дайындау мақсатында ғана үлкендер
пайдалануы тиіс.
• Қыздыру элементтерін немесе пеш есігінің
белгілі бір бөліктерін ұстамаңыз; бұл бөліктер
қатты қызады. Балаларды одан алыс ұстаңыз,
өзіңіз де ыстық жерлерін ұстамаңыз.
• Басқа электр құрылғыларына арналған
электр кабельдері пештің ыстық бөліктеріне
жақындамайтынын тексеріңіз.
• Ыстықты желдету мен тозаңдандыруға арналған
ашық жерлерді ешқашан жаппау керек.
• Пеш есігінің тұтқасын әрқашан ортасынан
ұстаңыз: шеттері ыстық болуы мүмкін.
• Пешке асханалық ыдысты қоярда немесе
оны алған кезде әрқашан пеш қолғаптарын
пайдаланыңыз.
• Пеш түбін туралау үшін алюминий фольганы
пайдаланбаңыз.
• Пешке жанғыш заттарды қоймаңыз: Егер
байқаусызда құрылғы қосылса, заттар жануы
мүмкін.
• Құрылғыны қолданбаған кезде түймешіктерінің
«l»/«¡» орнында екенін тексеріңіз.
• Құрылғыны ажыратқанда айырғышты әрқашан
желі розеткасынан алыңыз, кабельден тартып
суырмаңыз.
• Құрылғыны электр желісінен ажыратпастан
ешқашан тазалауға да, жөндеуге де болмайды.
• Егер құрылғы істен шықса, өзіңіз жөндеуге
тура келеді . Тәжірибесіз адам жасаған жөндеу
жұмыстарынан құрылғының істен шығуы немесе
жарамсыз болып қалуы мүмкін. Қызмет көрсету
орталығымен байланысыңыз («Көмек» бөлімін
қараңыз).
• Ашық пештің есігіне ауыр заттарды қоймаңыз.
• Құрылғыны физикалық, сезімталдық және ойлау
қабілеттері төмен адамдар (балаларды қоса),
тәжірибесіз немесе өнімнен хабары жоқ кез келген
адамның қолданбауы тиіс. Мұндай адамдарға
қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін біреулер
жетекші болуы керек немесе құрылғының
жұмысына қатысты кіріспе нұсқаулар алғаны жөн.
• Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат етпеңіз.
Жою
• Бумалау материалдарын жойғанда, жергілікті
заңды қарап шығыңыз, себебі орауышты қайта
пайдалануы мүмкін.
• Электр және электроникалық құралдардың
қалдықтарына (WEEE) қатысты 2002/96/EC
Еуропа заңнамасына сәйкес үй құрылғылары
қалыпты толық қалалық қалдық айналымын
пайдаланып жойылмауы тиіс. Қоршаған орта мен
халық денсаулығына тиетін зиянның алдын ала
отырып, жарамсыз құрылғылар қайта пайдалану
мен машина ішіндегі материалдарды өңдеу
құнын оңтайландыру мақсатында бөлек жиналуы
керек. Барлық өнімдердегі сызылған қоқыс жәшігі
өнім иесінің бөлектелген қоқыс жинауға қатысты
міндетін еске салады.
Жарамсыз үй құрылғыларын дұрыс жоюға
қатысты қосымша ақпарат алу үшін өнім иелері
тиісті халыққа қызмет көрсету орталығына немесе
олардың жергілікті өкілдеріне хабарласа алады.
Қоршаған ортаны сақтау және қорғау.
• Пешті таңертең ерте немесе түстен кейін кешірек
пайдалану арқылы электр қуатын қамтамасыз
етуші желілік компаниялардың ең жоғары
жүктемесін азайтуға көмектесе аласыз. Пісіру
функциясын бағдарламалау параметрлері –
әсіресе, «кейінге қалдырылған пісіру» функциясы,
(Пісіру функциялары» бөлімін қараңыз) және
«кейінге қалдырылған автоматты түрде тазалау»
функциясы (Күтім және пайдалану бөлімін
қараңыз) – пайдаланушының уақытын тиімді
ұйымдастыруына мүмкіндік береді.
• КӘУАП және ГРАТИН режимдерін пайдаланғанда
пеш есігін әрқашан жауып қойыңыз. Бұл
энергияны сақтай отырып (шамамен 10%-ға),
жақсартылған нәтижеге жеткізеді.
• Есік тығыздағыштарын жиі тексеріңіз, олар есікке
дұрыс келетіндей етіп, қалдық болмауы үшін
тазалап, сүртіп тұрыңыз, осылайша ыстықтың
сыртқа шығуын болдырмайсыз.