Желдету саңылаулары жабық тұрған
кезде:
жеміс пен көкөніс тартпасына
салынған тағамның құрамындағы
табиғи ылғалдылық ұзағырақ
сақталады.
Желдету саңылаулары ашық тұрған
кезде:
ауа көбірек айналып тұрса, жеміс пен
көкөніс салынатын бөліктердегі
ауаның ылғалдылығы төменірек
болады.
5. АҚЫЛ-КЕҢЕС
5.1 Қалыпты жұмыс шуылы
Жұмыс істеп тұрған кезде келесі
дыбыстардың естілуі қалыпты жағдай:
• Салқындатқыш сұйық жіберілген
кезде көпіршіктенген және
сылдырлаған дыбыс шығуы мүмкін.
• Салқындатқыш сұйық жіберілген
кезде компрессордан діріл және
сылдырдың дыбысы естіледі.
• Қызудың әсерінен пайда болатын
дилатацияға (табиғи және қауіпті
емес физикалық құбылыс)
байланысты құрылғының ішінде
кенет пайда болатын сырт-сырт
еткен дыбыс.
• Компрессор қосылғанда немесе
сөндірілгенде температураны
реттегіштен әлсіз дыбыс естілуі
мүмкін.
5.2 Қуатты үнемдеуге
арналған кеңестер
• Егер аса қажет болмаса есікті жиі
ашпаңыз немесе ұзақ уақыт ашып
қалдырмаңыз.
• Егер ортаның температурасы
жоғары болса және Температура
тетігі төмен температура мәніне
қойылса және құрылғының іші
толып тұрса, компрессор үздіксіз
жұмыс істеп, буландырғышқа қырау
немесе мұз қатуы мүмкін. Бұндай
жағдайда, автоматты түрде жібітуге
мүмкіндік беріп, электр қуатын
үнемдеу үшін Температура тетігін
жылырақ параметрге қойыңыз.
5.3 Жаңа тағамды тоңазытуға
қатысты ақыл-кеңес
Ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін:
• жылы тағамды немесе буы
бұрқырап тұрған сұйықтарды
тоңазытқышқа қоймаңыз
• әсіресе иісі күшті шығатын
тағамдардың бетін жабыңыз
немесе орап қойыңыз
• тағамдарды ауа еркін айнала
алатын етіп орналастырыңыз
5.4 Тоңазытуға қатысты ақыл-
кеңес
Пайдалы кеңес:
• Ет (барлық түрі) : полиэтилен
таспаға орып, көкөніс тартпасының
үстіңгі жағындағы шыны сөреге
қойыңыз.
• Сақтық шарасын орындау үшін
тағамды осылайша бір немесе ең
көбі екі күн ғана сақтаңыз.
• Піскен тағамдар, салқын тағамдар,
т.с.с.: бұндай тағамдарды жауып,
кез келген сөреге қоюға болады.
• Жемістер мен көкөністер: бұларды
әбден жуып, арнайы тартпа(лар)ға
салыңыз.
• Сары май және ірімшік: ауа
өткізбейтін арнайы сауыттарға
салып немесе ауаны мүмкіндігінше
кіргізбеу үшін алюминий
www.electrolux.com46