AEG L56006SL Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я прочитал инструкцию по эксплуатации стиральной машины AEG L 5600 56006 SL и готов ответить на ваши вопросы. В руководстве подробно описаны функции, программы стирки, советы по уходу и устранению неисправностей. Задавайте ваши вопросы!
  • Как запустить программу стирки?
    Что делать, если стиральная машина не сливает воду?
    Как очистить барабан стиральной машины?
    Как включить функцию защиты от детей?
L 56006 SL KK Қолдану туралы нұсқаулары 2
RUИнструкция по эксплуатации 32
МАЗМҰНЫ
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4
3. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6
4. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6
5. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7
6. БАҒДАРЛАМАЛАР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10
7. ПАЙДАЛАНУ КӨЛЕМІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 12
8. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13
9. ҚҰРЫЛҒЫНЫ ПАЙДАЛАНУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13
10. АҚЫЛ-КЕҢЕС . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 17
11. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 18
12. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 23
13. ОРНАТУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 25
ТАМАША НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТУ
AEG бұйымын таңдағаныңызға рахмет. Біз көптеген жылдар бойы, өмір сүруді барынша
жеңілдетуді алға мақсат етіп қоя отырып, үздік технологияға негізделген, әдеттегі
тұрмыстық техникада кездесе бермейтін функциялармен жабдықталған, мінсіз жұмыс
жасайтын құрылғыларды өндіріп келеміз. Бірнеше минут уақытыңызды бөліп,
құрылғының мүмкіндігін толық пайдалану үшін нұсқаулықпен танысып шығыңыз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет көрсету
туралы ақпарат:
www.aeg.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.aeg.com/productregistration
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.aeg.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА КӨМЕК, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын
қамтамасыз етіңіз.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан табуға болады. Үлгісі, Өнім нөмірі,
Сериялық нөмірі
Ескерту / Абайлаңыз - Қауіпсіздік туралы маңызды мағлұмат.
Жалпы мағлұматтар менен кеңестер
Қорғаған ортаға зиян келдірмей пайдалану туралы нұсқаулар
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
2
www.aeg.com
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау
нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын
алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты
келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
Назарыңызда болсын!
Тұншығып қалу, жарақат алуы немесе мүгедек
болып қалу қаупі бар.
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым
келген адамдар не тәжірибесі аз адамдар өз
қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның
қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану
бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс
қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Орам материалдарының барлығын балалардан
алыс ұстаңыз.
Жуғыш заттардың барлығын балалардан алыс
ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй
жануарларын алыс ұстаңыз.
Құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен
жабдықталса, оны іске қосуды ұсынамыз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен
ағытып, ашасын розеткадан суырыңыз.
ҚАЗАҚ 3
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
Ең көп салмақ 6 кг көрсетілімін орындаңыз
("Бағдарлама кестесі" тарауын қараңыз).
Егер қуат көзі сымына зақым келген болса,
қатерден сақтану үшін оны өндіруші немесе оның
техникалық қызмет көрсетуші агенті немесе сол
сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
Судың жұмыс кезіндегі қысымы (ең аз және ең
көп) 0,5 бар (0,05 МПа) және 8 бар (0,8 МПа)
арасында болуға тиіс
Табанындағы желдеткіш саңылауларға (егер бар
болса) кілем кедергі жасамауға тиіс.
Құрылғыны жаңа түтіктер жинағын пайдаланып, су
жүйесіне қосу керек. Ескі түтіктерді қайта
пайдалануға болмайды.
2.
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
Орам материалдарының және
тасымал тетіктерінің барлығын
алыңыз.
Тасымал тетіктерін сақтап қойыңыз.
Құрылғыны қайта көшірген кезде,
барабанды бұғаттап қою керек.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғыны температурасы 0 °C
градустан төмен немесе ауа-райы
әсер ететін жерлерге орнатпаңыз
немесе пайдаланбаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғы орнатылатын еденнің тегіс,
орнықты, қызуға төзімді және таза
болуын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғыны есігі толық ашылмайтын
жерге орнатпаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі
абай болыңыз, себебі салмағы
ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын
киіңіз.
Құрылғы мен еден арасында
ауаның айналуын қамтамасыз
етіңіз.
Құрылғы мен кілемнің арасында
тиісті орын болуын қамтамасыз ету
үшін өзгермелі тіректерін реттеңіз.
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын!
Өрт шығу және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы электр
параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз
жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге
хабарласыңыз.
4
www.aeg.com
Әрқашан дұрыс орнатылған,
қатерден сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына және сымына
зақым келтірмеңіз. Құрылғының
қорек сымын ауыстыру қажет болса,
оны міндетті түрде қызмет көрсету
орталығы жүзеге асыруға тиіс.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін
ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан
кейін ашаның қол жететін жерде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
Қорек сымын немесе ашасын су
қолмен ұстамаңыз.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай
келеді.
Суға қосу
Су қосылымы түтіктеріне ешбір
зақым келтірмеңіз.
Құрылғыны жаңа түтіктер жинағын
пайдаланып, су жүйесіне қосу керек.
Ескі түтіктерді қайта пайдалануға
болмайды.
Құрылғыны жаңа құбырларға
немесе ұзақ уақыт қолданылмаған
құбырларға жалғамай тұрып, суын
тазарғанша ағызыңыз.
Құрылғыны алғаш рет қолданған
кезде еш жерінен су ақпай
тұрғанына көз жеткізіңіз.
2.2 Қолданылуы
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу, электр қатері,
күйіп қалу және өрт қаупі,
құрылғыны бүлдіріп алу қаупі
бар.
Бұл тұрмыста қолдануға арналған
құрылғы.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Жуғыш заттың орамында
көрсетілетін нұсқауларды
орындаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған
кезде есіктің шынысына қол
тигізбеңіз. Шыны ыстық болуы
мүмкін.
Кірдегі темір заттардың
барлығының алынғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғының астына ағып кетуі
мүмкін суды құю үшін сауыт
қоймаңыз. Қолданылатын керек-
жарақтың түрін Қызмет көрсету
орталығына хабарласып біліңіз.
2.3 Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу немесе
құрылғыны бүлдіріп алу қаупі
бар.
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын
розеткадан суырыңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы
спрейді және буды қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Тек
бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе
темір заттарды пайдаланбаңыз.
2.4 Құрылғыны тастау
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу немесе тұншығып
қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің
бекітпесін алыңыз.
ҚАЗАҚ 5
3. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ
Өлшемдері Ені / Биіктігі / Тереңдігі 600 / 850 / 450 мм
Жалпы тереңдігі 487 мм
Электртоғына қосу: Кернеу
Жалпы қуат
Сақтандырғыш
Жиілік
230 В
2000 Вт
10 A
50 Гц
Төмен кернеумен жұмыс істейтін және ылғалға
қарсы қорғалмаған жерлерден басқа жерлердің
барлығы қатты заттар және ылғалдың кіруіне
жол бермейтін қорғаныс қабатымен қорғалған.
IPX4
Сумен жабдықтау
қысымы
Ең азы 0,5 бар (0,05 MПa)
Ең көбі 8 бар (0,8 MПa)
Сумен жабдықтау
1)
Суық су
Ең үлкен салмақ Мақта мата 6 кг
Айналдыру
жылдамдығы
Ең көбі 1000 мин/айн
1)
Су құятын түтікті 3/4'' бұрамасы бар су шүмегіне жалғаңыз.
4. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
5
6
7 12
4
1 2 3
11
10
8
9
1
Жұмыс алаңы
2
Жуғыш зат үлестіргіші
3
Басқару панелі
4
Есіктің тұтқасы
5
Техникалық ақпарат тақтайшасы
6
Су сорғы
7
Құрылғы деңгейін реттеуге
арналған тірек
8
Су төгетін түтік
9
Су құю клапаны
10
Қорек сымы
11
Тасымал тетіктері
6
www.aeg.com
12
Құрылғы деңгейін реттеуге
арналған тірек
4.1 Керек-жарақтар
1 2
4 3
1
Гайка кілті
Тасымал болттарын алуға
арналған.
2
Пластик түтік бағыттағыш
Су төгетін түтікті раковина жиегіне
жалғау үшін.
3
Пластик тығындар
Тасымал болттарын алғаннан
кейін, корпустың арт жағындағы
тесіктерді жабуға арналған.
4
Су құятын түтік
Құрылғыны суық су жүйесіндегі
шүмекке қосуға арналған.
5. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
1000
800
600
400
Хлопок
Eco
Микс 20°
Stop
1 2 3
456789
1
Қосу/Өшіру түймешігі (BKЛ/ВЫКЛ)
2
Бағдарлама тетігі
3
Бейнебет
4
Бастау/Үзіліс түймешігі (Старт/
Пауза)
5
Кешіктіріп бастау түймешігі
(Отсрочка старта )
6
Уақытты үнемдеу түймешігі
(Экономия времени)
7
Қосымша шаю түймешігі (Доп.
полоскание)
8
Айналдыру түймешігі (Отжим)
9
Температура түймешігі
(Температура)
5.1 Қосу Өшіру түймешігі
1
Құрылғыны қосу немесе сөндіру үшін
осы түймешікті басыңыз. Құрылғы іске
қосылған кезде дыбыстық сигнал
естіледі.
AUTO Stand-by функциясы қуатты аз
қолдану үшін келесі жағдайларда
ҚАЗАҚ 7
құрылғыны автоматты түрде
сөндіреді:
Құрылғыны
4
түймешігін басар
алдында 5 минут қолданбай
тұрсаңыз.
Барлық параметрлер біржола
тоқтатылған кезде.
Құрылғыны қайта іске қосу үшін
1
түймешігін басыңыз.
Жуу бағдарламасын және қажетті
параметрлердің барлығын қайта
орнатыңыз.
Жуу бағдарламасы аяқталғаннан
кейін 5 минут өткеннен кейін.
'Бағдарлама соңында' тарауын
қараңыз.
5.2 Бағдарлама тетігі
2
Бағдарламаны орнату үшін осы тетікті
бұраңыз.
5.3 Бейнебет
3
ABC
Бейнебетте төмендегілер көрсетіледі:
A Бағдарлама уақыты
Бағдарлама басталған кезде уақыт 1 минутқа тең қадам бойынша
азаяды.
Кешіктіріп бастау функциясы
Кешіктіріп бастау түймешігін басқан кезде бейнебетте кешіктіріп
бастау уақыты көрсетіледі.
Ескерту кодтары
Құрылғыда ақау бар болса, бейнебетте ескерту кодтары
көрсетіледі. 'Ақаулықты түзету' тарауын қараңыз.
•Err
Бейнебетте осы хабар келесі жағдайларда бірнеше секунд
көрсетіледі:
Бағдарламаға сай келмейтін функцияны орнатсаңыз.
Бағдарламаны жұмыс істеп тұрған кезінде өзгертсеңіз.
Бастау/Үзіліс түймешігінің индикаторы
4
жыпылықтайды.
Бағдарлама аяқталған кезде.
8
www.aeg.com
B Есіктің бекітпесі
Белгіше көрсетіліп тұрғанда құрылғының есігін аша
алмайсыз.
Белгіше жыпылықтап тұрғанда құрылғының есігін аша
алмайсыз. Есікті ашпай тұрып бірнеше минут күтіңіз.
Есікті белгіше көрінбей кеткенде ғана аша аласыз.
Бағдарлама аяқталса да, белгіше көрсетіліп тұрса:
Барабанның ішінде су бар.
•'Шаюды кідірту' функциясы қосулы.
C Бала қауіпсіздігі құралының белгісі
Осы құралды іске қосқанда белгі жанады.
5.4 Бастау/Үзіліс түймешігі
4
Бағдарламаны бастау немесе кідірту
үшін
4
түймешігін басыңыз.
5.5 Кешіктіріп бастау
түймешігі
5
Бағдарламаны 30 минуттан 20 сағатқа
дейін кешіктіріп бастау үшін
5
түймешігін басыңыз.
5.6 Уақытты үнемдеу
түймешігі
6
Бағдарламаның уақытын қысқарту
үшін
6
түймешігін басыңыз.
Күнделікті кірлейтін заттарды жуу
үшін 'Уақытты қысқарту'
бағдарламасын орнату үшін осы
түймешікті бір рет басыңыз.
Ешбір кірлмеген кірді жуу үшін осы
түймешікті екі рет басып 'Өте
жылдам' функциясын орнатыңыз.
Кей бағдарламалар бір немесе
екі функцияны орнатуға ғана
мүмкіндік береді.
5.7 Қосымша шаю түймешігі
7
Бағдарламаға қосымша шаю
циклдарын қосу
7
түймешігін
басыңыз.
Жуғыш заттарға аллергиясы бар
адамдар үшін немесе суы тым тұщы
жерлерде осы функцияны
қолданыңыз.
5.8 Айналдыру түймешігі
8
Төмендегі әрекеттерді орындау үшін
осы түймешікті басыңыз:
Бағдарламаның айналдыру циклінің
ең үлкен жылдамдығын азайту үшін.
'Шаюды кідірту' функциясын іске
қосыңыз. Мата мыжылып қалмас
үшін осы функцияны орнатыңыз.
Бағдарлама аяқталған кезде
құрылғы суы төгілмейді.
'Шаюды кідірту'
функциясы қосулы.
5.9 Температура түймешігі
9
Әдепкі температураны өзгерту үшін
9
түймешігін басыңыз.
= суық су
5.10 Дыбыстық сигнал
функциясы
Дыбыстық сигнал келесі жағдайларда
естіледі:
Құрылғыны іске қосқанда.
Құрылғыны сөндіргенде.
Түймешіктерді басқанда.
Бағдарлама аяқталғанда.
Құрылғыда ақау бар кезде.
Дыбыстық сигналдарды сөндіру/қосу
үшін,
8
және
9
түймешігін 6 секунд
қатар басыңыз.
ҚАЗАҚ 9
Дыбыстық сигналдарды
сөндірсеңіз, олар
түймешіктерді басқан кезде
және ақаулық орын алған кезде
ғана іске қосылады.
5.11 Бала қауіпсіздігі
функциясы
Бұл функция балаларға басқару
панелімен ойнауға жол бермейді.
Функцияны іске қосу үшін
6
және
7
түймешігін бейнебетте белгісі
көрсетілгенше қатар басыңыз.
Функцияны сөндіру үшін
6
және
7
түймешігін бейнебеттен белгісі
көрінбей кеткенше қатар басыңыз.
Функцияны былай іске қосуға болады:
Бастау/Үзіліс түймешігін
4
баспай
тұрып: құрылғы іске қосылмайды.
Бастау/Үзіліс түймешігін
4
басқаннан кейін, барлық
түймешіктер мен бағдарлама тетігі
ажырайды.
5.12 Тұрақты қосымша шаю
функциясы
Осы функцияның көмегімен, қосымша
шаю функциясын жаңа бағдарлама
таңдалған сайын тұрақты түрде қосып
қоя аласыз.
Функцияны іске қосу үшін
5
және
6
түймешігін
7
түймешігінің
индикаторы жанғанша қатар
басыңыз.
Функцияны сөндіру үшін
5
және
6
түймешігін
7
түймешігінің
индикаторы сөнгенше қатар
басыңыз.
6. БАҒДАРЛАМАЛАР
Бағдарлама
Температура ауқымы
Кір салынымының және кірдің түрі
Макс. кір салынымы, Макс. айналдыру
жылдамдығы
Χлопох
95° C - Суық
Ақ мақта мата және түрлі түсті мақта мата
(қалыпты және шамалы ластанған).
6 кг, 1000 мин/айн
Χлопох + Предв. стирка
95° C - Суық
Қатты кірлеген ақ және түрлі-түсті мақта
мата.
6 кг, 1000 мин/айн
Χлопох + Пятновыведение
95° C - 40° C
Дақтары бар ақ және бояуы берік түрлі-түсті
мақта мата.
6 кг, 1000 мин/айн
Синтетика
60° C - Суық
Синтетика немесе аралас матадан жасалған
заттар. Қалыпты кірленген.
3 кг, 1000 мин/айн
Легкая глажка
60° C - Суық
Синтетика матадан жасалған заттар.
Қалыпты кірленген. Кірдің бырысып қалуына
жол бермейді.
3 кг, 1000 мин/айн
Тонкие ткани
40 °C- Суық
Акрил, вискоза, полиэстер тәрізді нәзік
матадан жасалған заттар. Қалыпты
кірленген.
3 кг, 1000 мин/айн
10
www.aeg.com
Бағдарлама
Температура ауқымы
Кір салынымының және кірдің түрі
Макс. кір салынымы, Макс. айналдыру
жылдамдығы
Шерсть/Шелк
40 °C – Суық
«Қолмен жуылады» деген белгісі бар,
машинада жуылатын, қолмен жуылатын жүн
тоқыма заттар және нәзік матадан жасалған
заттар.
2 кг, 1000 мин/айн
Отжим Кірді айналдыруға және барабандағы суды
төгуге арналған. Барлық маталар.
6 кг, 1000 мин/айн
Слив Барабандағы суды төгуге арналған. Барлық
маталар.
6 кг, 1000 мин/айн
Полоскание
Суық
Кірді шаюға және айналдыруға арналған.
Барлық маталар.
6 кг, 1000 мин/айн
Mикс 20°
1)
20 °C
Шамалы кірлеген мақта матаға, синтетикаға
және аралас маталарға арналған арнайы
бағдарлама.
Қуат мөлшерін азайту үшін осы
бағдарламаны орнатыңыз.
3 кг, 1000 мин/айн
Джинсы
60 °C – Суық
Джинс және джерсиден жасалған заттар.
Және баран түсті заттарға да арналған.
6 кг, 1000 мин/айн
20 Mни - 3 kг Шамалы кірлеген немесе бір рет ғана киілген
мақта мата және синтетика заттар.
3 кг, 1000 мин/айн
Χлопох Эко
2)
60° C - 40° C
Ақ мақта мата және бояуы берік мақта мата.
Қалыпты кірленген.
6 кг, 1000 мин/айн
1)
Жақсы жуу нәтижелеріне қол жеткізу үшін, жуғыш зат төмен температурада
пайдаланылады.
2)
Жуу нәтижесін жақсарту және қуатты аз тұтыну үшін осы бағдарламаны
орнатыңыз. Жуу бағдарламасының уақыты ұзарады.
Бағдарлама параметрлерінің сыйысымдылығы
Бағдарлама Отжим
Доп.
полоска
ние
Экономи
я
времени
Отсрочк
а старта
Χлопох
Χлопох + Предв.
стирка
Χлопох +
Пятновыведение
ҚАЗАҚ 11
Бағдарлама Отжим
Доп.
полоска
ние
Экономи
я
времени
Отсрочк
а старта
Синтетика
Легкая глажка
Тонкие ткани
Шерсть/Шелк
Отжим
Слив
Полоскание
Mикс 20°
Джинсы
20 Mни - 3 kг
Χлопох Эко
7. ПАЙДАЛАНУ КӨЛЕМІ
Бағдарлама басталған кезде бейнебетте кірдің ең көп мөлшеріне
арналған бағдарламаның ұзақтығы көрсетіледі.
Жуу циклы кезінде бағдарламаның уақыты автоматты түрде
есептеледі, егер кірдің мөлшері ең көп кірдің мөлшерінен аз болса
(мысалы, Мақта мата 60°C, кірдің ең көп мөлшері 6 кг, бағдарламаның
уақыты 2 сағаттан асады; салынған кірдің нақты салмағы 1 кг болса,
бағдарламаның уақыты 1 сағатқа жетпейді).
Құрылғы бағдарламаның нақты уақытын есептеп тұрғанда бейнебетте
нүкте жыпылықтайды.
Осы кестеде жалпылама орташа мәндер көрсетілген. Әр түрлі себептер
деректердің өзгеруіне әкелуі мүмкін: кірдің мөлшері мен түрі, судың
және қоршаған ортаның температурасы.
Бағдарламалар Салыным
(Кг)
Қуатты
тұтыну
(кВт)
Суды
тұтыну
(литр)
Бағдарлама
ұзақтығы
(минут)
Χлопох 60 °C 6 1.00 56 146
Χлопох Эко 60 °C
1)
6 0.76 49 169
Χлопох 40 °C 6 0.75 56 145
Синтетика 40 °C 3 0.47 45 127
Тонкие ткани 40 °C 3 0.65 62 100
Шерсть 30 °C 3 0.25 55 56
1)
6 кг салмаққа арналған «Мақта мата, үнемді 60°» бағдарламасы, қуат мәндері
көрсетілген тақтайшадағы ақпарат негізінде EEC 92/75 стандартына сай берілген
бағдарлама.
12
www.aeg.com
Сөндіру режимі (Вт) Қосулы режим (Вт)
0.48 0.48
Жоғарыда көрсетілген кестедегі ақпарат ЕО Комиссиясының 1015/2010
стандартына 2009/125/EC сай берілген.
8. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
1.
Су төгу циклын іске қосу үшін
жуғыш зат үлестіргіштің негізгі жуу
циклына арналған бөлігіне 2 литр
су құйыңыз.
2.
Жуғыш затты аз мөлшерде жуғыш
зат үлестіргішінің негізгі жуу
бөліміне салыңыз. Мақта матаға
арналған бағдарламаны орнатып,
ең жоғары температураға қойып
ешбір кір салмай жуыңыз. Бұл
цикл барабан мен машинаның
ішінде бар болуы мүмкін кірлердің
барлығын кетіреді.
9. ҚҰРЫЛҒЫНЫ ПАЙДАЛАНУ
1.
Су құятын шүмекті ашыңыз.
2.
Ашаны розеткаға сұғыңыз.
3.
Құрылғыны іске қосу үшін
1
түймешігін басыңыз.
4.
Құрылғының ішіне кірді салыңыз.
5.
Жуғыш зат пен қосымша заттарды
дұрыс мөлшерде пайдаланыңыз.
6.
Жуу бағдарламасын кірдің түрі
мен кірлеу деңгейіне қарай дұрыс
таңдап, іске қосыңыз.
9.1 Кірді салу
1.
Құрылғы есігін ашыңыз.
2.
Кірді барабанға бір-бірден
салыңыз. Кірлерді құрылғыға
салар алдында сілкілеңіз.
Барабанға тым көп кір
салынбағанына көз жеткізіңіз.
3.
Есікті жабыңыз.
Тығыздағыш пен есіктің арасына
ешбір кір қыстырылып қалмағанына
көз жеткізіңіз. Су ағуы немесе кірге
нұқсан келуі мүмкін.
ҚАЗАҚ 13
9.2 Жуғыш зат пен үстемелерді салу
Алдын ала жуу циклына арналған жуғыш зат бөлігі, жібіту
бағдарламасы және дақ кетіру функциясы.
Алдын ала жуу, жібіту және дақ кетіру циклдарына арналған
жуғыш затты бағдарламаны бастамай тұрып салыңыз.
Жуу цикліне арналған жуғыш зат салынатын бөлік.
Сұйық жуғыш затты қолдансаңыз, оны бағдарламаны
бастаудың сәл алдында ғана салыңыз.
Сұйық үстемелерге (мата жұмсартқыш, крахмал) арналған
бөлік.
Жуғыш құралды бағдарламаны бастамай тұрып бөлікке
салыңыз.
Бұл сұйық үстемелердің ең жоғары деңгейін көрсетеді.
Ұнтақ немесе сұйық жуғыш затқа арналған бөлгіш
Ұнтақ немесе сұйық жуғыш затты қолдану үшін оны дұрыс
орынға (жоғары немесе төмен) бұраңыз.
Жуғыш заттардың орамында көрсетілетін нұсқауларды әрқашан
орындаңыз.
Бөлгіштің орнын тексеріңіз
1.
Жуғыш зат үлестіргішті тоқтап
қалғанша сыртқа қарай тартыңыз.
2.
Үлестіргішті алу үшін тетікті төмен
басыңыз.
14
www.aeg.com
3.
Ұнтақ жуғыш затты қолдану үшін
бөлгішті жоғары бұраңыз.
4.
Сұйық жуғыш затты қолдану үшін
бөлгішті төмен бұраңыз.
Бөлгіш ТӨМЕН қалыпта тұрған
кезде:
Қоймалжың немесе қою
сұйық жуғыш заттарды
қолданбаңыз.
Сұйық жуғыш затты бөлгіште
көрсетілген межеден
асырмаңыз.
Алдын ала жуу циклын
орнатпаңыз.
Кешіктіріп бастау
функциясын орнатпаңыз.
5.
Жуғыш зат пен мата
жұмсартқышты өлшеп алыңыз.
6.
Жуғыш зат үлестіргішін абайлап
жабыңыз. Үлестіргішті жапқан
кезде бөлгіштің ешбір бөгет
жасамайтынына көз жеткізіңіз.
9.3 Бағдарламаны орнату
және бастау
1.
Бағдарлама тетігін бұраңыз.
2.
4
түймешігінің индикаторы қызыл
түспен жанады.
3.
Әдепкі температура мен
айналдыру жылдамдығының
индикаторлары жанады.
Температура және/немесе
айналдыру жылдамдығын өзгерту
үшін тиісті түймешіктерді басыңыз.
4.
Таңдауға болатын функциялар
мен кешіктіріп бастау функциясын
орнатыңыз. Тиісті түймешікті
басқан кезде орнатылған
функцияның индикаторы жанады
немесе бейнебетте тиісті белгі
көрсетіледі.
5.
Бағдарламаны бастау үшін
4
түймешігін басыңыз.
4
түймешігінің индикаторы қызыл
түспен жанады.
Құрылғыға су құйылған кезде
су төгетін сорғы шамалы уақыт
жұмыс істеуі мүмкін.
9.4 Бағдарламаны кідірту
1.
4
түймешігін басыңыз.
Индикатор жыпылықтайды.
2.
4
түймешігін қайта басыңыз. Жуу
бағдарламасы жалғасады.
ҚАЗАҚ 15
9.5 Бағдарламаны біржола
тоқтату
1.
Бағдарламаны біржола тоқтату
үшін бағдарлама тетігін
қалпына бұраңыз.
2.
Бағдарлама тетігін қайта жаңа жуу
бағдарламасына бұраңыз. Осы
кезде қолжетімді функцияларды
да орната аласыз.
Құрылғыдан су ақпаса.
9.6 Функцияны өзгертіңіз
Кей функцияларды ғана басталмай
тұрып өзгерте аласыз.
1.
4
түймешігін басыңыз.
Индикатор жыпылықтайды.
2.
Орнатылған функцияны өзгертіңіз.
9.7 Кешіктіріп бастау
функциясын орнатыңыз
1.
Бейнебетте минут немесе сағат
мәндері көрсетілгенше
5
түймешігін қайта-қайта басыңыз.
2.
4
түймешігін басыңыз, құрылғы
кешіктіріп бастау функциясының
кері санағын бастайды.
Кері санақ аяқталған кезде,
бағдарлама автоматты түрде
басталады.
Құрылғыны іске қосу үшін
4
түймешігін баспай тұрып,
орнатылған кешіктіріп бастау
функциясын біржола тоқтатуға
немесе өзгертуге болады.
Кешіктіріп бастау функциясын
Бу бағдарламасымен бірге
орната алмайсыз.
9.8 Кешіктіріп бастау
функциясын біржола
тоқтатыңыз
1.
4
түймешігін басыңыз. Тиісті
индикатор жыпылықтайды.
2.
5
түймешігін бейнебетте 0’
көрсетілгенше қайта-қайта
басыңыз.
3.
4
түймешігін басыңыз.
Бағдарлама басталады.
9.9 Есікті ашыңыз
Бағдарлама немесе кешіктіріп бастау
жұмыс істеп тұрғанда, құрылғының
есігі бекітулі тұрады.
Құрылғының есігін ашу үшін:
1.
4
түймешігін басыңыз.
Бейнебеттегі есік құлпының белгісі
сөнеді.
2.
Құрылғы есігін ашыңыз.
3.
Құрылғының есігін жауып,
4
түймешігін басыңыз. Бағдарлама
немесе кешіктіріп бастау
функциясы жалғасады.
Егер барабан ішіндегі судың
температурасы немесе деңгейі
тым жоғары болса, есік
құлпының белгісі көрсетілген
қалпы тұрады және есікті аша
алмайсыз. Есікті ашу үшін
келесі қадамдарды орындаңыз:
1.
Құрылғыны сөндіріңіз.
2.
Бірнеше минут күтіңіз.
3.
Барабанда мүлдем су
жоғына көз жеткізіңіз.
Егер құрылғыны сөндірсеңіз,
бағдарламаны қайта орнату
керек.
9.10 Бағдарламаның соңы
Құрылғы автоматты түрде тоқтайды.
Дыбыстық сигналдар естіледі.
Бейнебетте
жанады.
Бастау/Үзіліс түймешігінің
индикаторы
4
сөнеді.
Есік құлпының белгісі сөнеді.
Құрылғыны сөндіру үшін
1
түймешігін басыңыз. Бағдарлама
аяқталғаннан кейін бес минут
өткеннен кейін, қуат үнемдеу
функциясы құрылғыны автоматты
түрде сөндіреді.
16
www.aeg.com
Құрылғыны қайта іске
қосқанда, бейнебетте соңғы
орнатылған бағдарламаның
аяқталуы көрсетіледі. Жаңа
циклді орнату үшін бағдарлама
тетігін бұраңыз.
Құрылғыдан кірді алыңыз.
Барабанның бос екеніне көз
жеткізіңіз.
Зең және иіс пайда болмас үшін
есікті сәл ашып қойыңыз.
Судың шүмегін жабыңыз.
Жуу бағдарламасы аяқталды, бірақ
барабанда су тұр:
Кір мыжылып қалмас үшін барабан
мезгіл-мезгіл айналып тұрады.
Есік құлыпталып тұр.
Есікті ашу үшін суды төгу керек.
Суды төгу үшін:
1.
Қажет болса, айналдыру
жылдамдығын азайтыңыз.
2.
Бастау/Үзіліс түймешігін басыңыз
4
. Құрылғы суды төгеді де,
айналдыру циклын орындайды.
3.
Бағдарлама аяқталып, есік
құлпының белгісі көрінбей
кеткенде есікті ашуыңызға
болады.
4.
Құрылғыны сөндіріңіз.
Құрылғы шамамен 18 сағаттан
кейін суды автоматты түрде
төгеді және айналдырады.
10. АҚЫЛ-КЕҢЕС
10.1 Кір салу
Кірді былай сұрыптаңыз: ақ, түрлі-
түсті, синтетика, нәзік және жүн
мата.
Кірдің затбелгісіндегі жуу
нұсқауларын орындаңыз.
Ақ және түрлі-түсті заттарды бірге
жумаңыз.
Кейбір түрлі-түсті заттарды алғаш
жуғанда бояуы шығуы мүмкін.
Оларды алғаш жуғанда бөлек жууға
кеңес береміз.
Жастық қаптарының түймесін
салып, тартпаларды тартып жауып,
ілгектер мен батырма түймешіктерді
салыңыз. Белбеулерді байлаңыз.
Қалталарды босатып, оралған
заттарды ашыңыз.
Көп қабатты матадан жасалған, жүн
матадан жасалған немесе сурет
салынған киімдердің астарын
сыртына аударыңыз.
Қатты дақтарды кетіріңіз.
Өте кір дақтарды арнайы жуғыш
затпен жуыңыз.
Перделерді абайлап жуыңыз.
Ілгектерін алыңыз немесе
перделерді кір жуатын торға немесе
жастықтың тысына салыңыз.
Құрылғыны келесі заттарды жуу
үшін пайдаланбаңыз:
Жиегі көмкерілмеген немесе
жыртығы бар заттарды жумаңыз
Сым өткізілген төс тартқыштарды.
Ұсақ заттарды кі жуатын торға
салып жуыңыз.
Кір өте аз салынса, айналдыру циклі
кезінде теңгерімді сақтауға қатысты
мәселе орын алуы мүмкін. Бұндай
жағдай орын алса, барабандағы
кірді қолмен таратып, қайта
айналдыра бастаңыз.
10.2 Оңай кетпейтін дақтар
Кейбір дақтарды кетіру үшін су мен
жуғыш зат жеткіліксіз болады.
Бұндай дақтарды кірді құрылғыға
салмай тұрып тазалауды ұсынамыз.
Дақ кетіретін арнайы құралдар
болады. Дақ пен матаның түріне сай
келетін арнайы дақ кетіргішті
қолданыңыз.
10.3 Жуғыш заттар мен
үстемелер
Кір жуғыш машиналарға арналған
жуғыш заттар мен үстемелерді ғана
қолданыңыз.
ҚАЗАҚ 17
Әр түрлі жуғыш заттарды
араластырмаңыз.
Қоршаған ортаға зиян келтірмеу
үшін жуғыш затты қажетті
мөлшерден артық пайдаланбаңыз.
Осы заттардың орамында
көрсетілетін нұсқауларды
орындаңыз.
Матаның түріне және түсіне,
бағдарламаның температурасы мен
кірдің деңгейіне сай келетін
құралдарды қолданыңыз.
Егер сұйық жуғыш затты
қолдансаңыз, алдын ала жуу циклін
орнатпаңыз.
Егер құрылғының жуғыш зат
үлестіргішінде мөлшерлегіш құрал
болмаса, мөлшерлегіш шарикті
қолданыңыз.
10.4 Судың кермектігі
Сіз тұратын жердегі су өте кермек
немесе орташа кермек болса, кір
жуғыш машинада су жұмсартқышты
қолдануды ұсынамыз. Суы тұщы
жерлерде су жұмсартқышты қолдану
қажет емес.
Жергілікті жердегі судың кермектігін
білу үшін су жүйесін басқару
мекемесіне хабарласыңыз.
Қолданылатын құралдардың
орамында көрсетілетін нұсқауларды
орындаңыз.
Судың кермектігін өлшейтін балама
өлшем бірліктерге мыналар жатады:
Неміс градусы (dH°).
Француз градусы (°TH).
ммоль/л (миллимоль/литр: судың
кермектігін өлшейтін халықаралық
бірлік).
Кларк градусы.
Су кермектігі кестесі
Деңгей Түрі
Судың кермектігі
°dH °T.H. ммоль/л Кларк
1 жұмсақ 0-7 0-15 0-1.5 0-9
2 орташа 8-14 16-25 1.6-2.5 10-16
3 кермек 15-21 26-37 2.6-3.7 17-25
4 өте кермек > 21 > 37 >3.7 >25
11. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны тазалар алдында тоқтан
ажыратыңыз.
11.1 Қақты тазалау
Біз қолданатын судың құрамында әк
болады. Қажет болса, әкті тазалау
үшін су жұмсартқышты қолданыңыз.
Кір жуғыш машиналарға арналған
арнайы құралдарды қолданыңыз.
Қолданылатын құралдардың
орамында көрсетілетін өндіруші
нұсқауларын орындаңыз.
Бұны кір жумай тұрғанда орындаңыз.
11.2 Сыртын тазалау
Құрылғыны сабын мен жылы суды
ғана қолданып тазалаңыз. Барлық
беттерін әбден құрғатыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Спирт, еріткіш немесе
химиялық заттарды
қолданбаңыз.
18
www.aeg.com
11.3 Тазалап жуу
Төмен температура бағдарламаларын
қолданғанда барабанда шамалы
жуғыш зат қалып қоюы мүмкін.
Құрылғыға күтім көрсету үшін
уақытылы жуыңыз. Ол үшін:
Барабаннан кірді алыңыз.
Мақта матаны ең ыстық сумен
жуатын бағдарламаны таңдаңыз
Биологиялық қасиеті бар ұнтақ
жуғыш затты тиісті мөлшерде
пайдаланыңыз.
Жуып болған сайын зең пайда болмас
үшін және жағымсыз иісті шығару үшін
есікті шамалы уақыт ашыңқырап
қойыңыз.
11.4 Есік тығыздағышы
Тығыздағышты мезгіл-мезгіл тексеріп,
ішіндегі заттардың барлығын алыңыз.
11.5 Барабан
Барабанның ішін мезгіл-мезгіл
тексеріп, әк және тот бөлшектерінің
жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
Барабандағы тот қалдықтарын
тазалау үшін арнайы бұйымдарды
ғана қолданыңыз.
Ол үшін:
Барабанды тот баспайтын темірге
арналған арнайы өніммен
тазалаңыз.
Мақта матаға арналған қысқа
бағдарламаны, аз ғана жуғыш зат
салып, ең жоғары температураға
қойып бастаңыз.
11.6 Жуғыш зат үлестіргіші
Жуғыш зат үлестіргішін тазалау үшін:
1
2
1.
Тетікті басыңыз.
2.
Үлестіргішті шығарып алыңыз.
ҚАЗАҚ 19
3.
Сұйық жуғыш затқа арналған
қорапшаның үстіңгі жағын
алыңыз.
4.
Барлық бөліктерін сумен жуыңыз.
5.
Үлестіргіштің ұясын шөткемен
тазалаңыз.
6.
Үлестіргішті ұясына салыңыз.
11.7 Су сорғы
Су төгетін сорғыны уақытылы
тексеріп, таза екеніне көз
жеткізіңіз.
Сорғыны келесі жағдайда тазалаңыз:
Құрылғыдан су ақпаса.
Барабан айнала алмаса.
Су төгетін сорғы бітеліп қалып,
құрылғыдан тосын шуыл естіледі.
Бейнебетте суды төгуге қатысты
ақаулыққа байланысты ескерту
коды көрсетіледі.
Назарыңызда болсын!
1.
Ашаны розеткадан
ағытыңыз.
2.
Құрылғы жұмыс істеп
тұрғанда сүзгіні алмаңыз.
Құрылғыдағы су ыстық
болса су төгетін сорғыны
тазаламаңыз. Су төгетін
сорғыны тазалау алдында
су суық болуға тиіс.
Су төгетін сорғыны тазалау:
1.
Су төгетін сорғының есігін
ашыңыз.
20
www.aeg.com
/