ESF2210DW

Electrolux ESF2210DW Руководство пользователя

  • Привет! Я — чат-бот, который ознакомился с инструкцией по эксплуатации посудомоечных машин Electrolux ESF2210 DW и ESF2210 DK. В этом руководстве подробно описываются программы мойки, функции, уход и устранение неполадок. Задавайте мне вопросы — я с удовольствием помогу!
  • Как настроить уровень жесткости воды?
    Что делать, если машина не сливает воду?
    Как использовать таблетки для мытья посуды?
    Почему посуда остается влажной после мойки?
МАЗМҰНЫ
1. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 30
2. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 31
3. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 32
4. БАҒДАРЛАМАЛАР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 32
5. ФУНКЦИЯЛАР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 33
6. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 34
7. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 36
8. АҚЫЛ-КЕҢЕС . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 37
9. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 39
10. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 39
11. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 41
12. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯН КЕЛДІРМЕУ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 41
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойғы кәсіби тәжірибе мен
инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық
бұл құрылғыны жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын тамаша нәтижеге
қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет көрсету туралы ақпарат:
www.electrolux.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.electrolux.com/productregistration
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және фирмалық қосалқы
бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА КӨМЕК, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын қамтамасыз етіңіз.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан табуға болады. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі
Ескерту / Абайлаңыз - Қауіпсіздік туралы маңызды мағлұмат.
Жалпы мағлұматтар менен кеңестер
Қорғаған ортаға зиян келдірмей пайдалану туралы нұсқаулар
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
ҚАЗАҚ 29
1.
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында
бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып
шығыңыз. Құрылғыны дұрыс орнатпау мен
дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам
жарақат алса және ақаулық орын алса
өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты
келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап
қойыңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз
адамдардың қауіпсіздігі
Назарыңызда болсын!
Тұншығып қалу, жарақат алуы
немесе мүгедек болып қалу қаупі бар.
Кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл-
есі кем, құрылғыны қолдану тәжірибесі жоқ
немесе қолдана білмейтін адамдарға,
балаларға оны іске қосуға рұқсат бермеңіз.
Олар осы құрылғыны өз қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін адамның нұсқауы
немесе қадағалауы бойынша пайдалануға
тиіс. Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат
бермеңіз.
Орам материалдарының барлығын
балалардан алыс ұстаңыз.
Жуғыш заттардың барлығын балалардан
алыс ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар
мен үй жануарларын алыс ұстаңыз.
1.2 Орнату
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
іске қоспаңыз.
Құрылғыны температурасы 0 °C градустан
төмен жерге орнатпаңыз немесе
қолданбаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Суға қосу
Су қосылымы түтіктеріне ешбір зақым
келтірмеңіз.
Құрылғыны жаңа түтіктер жинағын
пайдаланып, су жүйесіне қосу керек. Ескі
түтіктерді қайта пайдалануға болмайды.
Құрылғыны жаңа құбырларға немесе ұзақ
уақыт қолданылмаған құбырларға
жалғамай тұрып, суын тазарғанша
ағызыңыз.
Құрылғыны алғаш рет қолданған кезде еш
жерінен су ақпай тұрғанына көз жеткізіңіз.
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын!
Өрт шығу және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау
қажет.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз.
Сай келмесе, электршіге хабарласыңыз.
Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден
сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына және сымына зақым
келтірмеңіз. Зақым келген электр сымын
ауыстырту үшін қызмет көрсету
орталығына немесе электршіге
хабарласыңыз.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана
жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін
ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан
тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып
суырыңыз.
1.3 Пайдалану
Бұл құрылғы үйде және сол сияқты төменде
аталған жерлерде қолдануға арналған:
Дүкендердің, кеңселердің және басқа
жұмыс орындарының қызметкерлерге
арналған ас бөлмелерінде
Фермадағы үйлерде
Қонақ үйлерде, мотельдер мен басқа да
тұрғынды жерлерде
Төсек және таңғы аспен қамтамасыз
ететін жерлерде.
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу қауіпі бар.
30
www.electrolux.com
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
Өткір ұшты пышақтар мен ас
құралдарының ұштарын төмен қаратып
немесе көлденеңінен қойып ас
құралдарына арналған себетке салыңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрған кезде
соғылып қалмас үшін қараусыз
қалдырмаңыз.
Ашық тұрған есікке отырмаңыз немесе
үстіне шықпаңыз.
Ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш
заттар қауіпті. Жуғыш заттың орамында
көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыдағы сумен ойнауға немесе ішуге
болмайды.
Ыдыстарды бағдарлама аяқталғанша
құрылғыдан алмаңыз. Ыдыстарда жуғыш
зат болуы мүмкін.
Назарыңызда болсын!
Электр, өрт қатері пайда болуы
немесе адам күйіп қалуы мүмкін.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш
зат салынған дымқыл заттарды
құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне
қоймаңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және
буды қолданбаңыз.
Бағдарлама орындалып тұрғанда құрылғы
есігін ашсаңыз, ыстық бу шығуы мүмкін.
1.4 Құрылғыны тастау
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу немесе тұншығып қалу
қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін
алыңыз.
2. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
8
7 6
1 2 4 53
1
Тұз сауыты
2
Бүріккіш түтік
3
Сүзгілер
4
Негізгі себет
5
Ас құралдары себеті
6
Шайғыш зат үлестіргіші
7
Жуғыш зат үлестіргіш
8
Техникалық ақпарат тақтайшасы
ҚАЗАҚ 31
3. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
Басқару құралдары құрылғы есігінің
үстінде орналасқан. Басқару
құралдарымен басқару үшін
құрылғының есігін ашыңқырап
ұстаңыз.
1 32
45
1
Қосу/сөндіру түймешігі
2
Бағдарлама индикаторлары
3
Индикатор шамдар
4
Program түймешігі
5
Delay түймешігі
Индикатор
шамдар
Сипаттама
Тұз индикаторы. Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде бұл индикатор
үнемі сөніп тұрады.
Шайғыш зат индикаторы. Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде бұл
индикатор үнемі сөніп тұрады.
Аяқтау индикаторы.
4. БАҒДАРЛАМАЛАР
Бағдарлама
1)
Ластану
дәрежесі
Кірдің түрі
Бағдарлама
циклдар
Ұзақтық
(мин)
Қуат
(кВт)
Су
(л)
2)
Қалыпты
ластанған
Фарфор ыдыс-
аяқ пен ас
құралдары
Алғашқы жуу
Жуу 55 °C
Шаю циклдары
Құрғату
150 0.64 7.5
Қалыпты
ластанған
Фарфор ыдыс-
аяқ пен ас
құралдары
Алғашқы жуу
Жуу 65 °C
Шаю циклдары
Құрғату
94 0.80 7
32
www.electrolux.com
Бағдарлама
1)
Ластану
дәрежесі
Кірдің түрі
Бағдарлама
циклдар
Ұзақтық
(мин)
Қуат
(кВт)
Су
(л)
Қатты ластанған
Фарфор ыдыс,
ас құралдары,
кәстрөлдер мен
табалар
Алғашқы жуу
Жуу 70 °C
Шаю циклдары
Құрғату
117 1.15 9
Қалыпты не
шамалы
ластанған
Осал ыдыс-аяқ
пен шыны ыдыс
Жуу 40 °C
Шаю
31 0.35 6
3)
Шамалы
ластанған
Фарфор ыдыс-
аяқ пен ас
құралдары
Жуу 50 °C
Шаю
36 0.40 6
1)
Бағдарламаның ұзақтығы мен тұтыну мәндерін судың қысымы мен температурасы, электр қуатының
ауытқуы, параметрлер және ыдыс-аяқтың мөлшері өзгертуі мүмкін.
2)
Осы бағдарламаны қолданып, қалыпты кірлеген фарфор ыдыс-аяқ пен ас құралдарын жуғанда, су
мен қуат барынша тиімді жұмсалады. (Бұл сынақ мекемелеріне арналған стандартты бағдарлама).
3)
Осы бағдарламамен жаңа ластанған ыдыстарды жууға болады. Бұл қысқа уақыт ішінде жақсы
нәтиже береді.
5. ФУНКЦИЯЛАР
Параметрлерді бағдарламаны
бастамай тұрып іске қосыңыз немесе
сөндіріңіз. Параметрлерді
бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде
қосу немесе сөндіру мүмкін емес.
Егер бір немесе бірнеше
параметрлер орнатылса, тиісті
индикаторлардың бағдарламаларды
бастамай тұрып қосылғанына көз
жеткізіңіз.
5.1 Дыбыстық сигналдар
Дыбыстық сигналдар құрылғыда ақау пайда
болған кезде естіледі және оларды ажыратып
қою мүмкін емес.
Бағдарлама аяқталған кезде де дыбыстық
сигнал естіледі. Әдетте бұл дыбыстық сигнал
сөніп тұрады, бірақ оны қосуға болады.
Бағдарлама аяқталған кезде естілетін
дыбыстық сигналды қалай қосуға болады
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру
түймешігін басыңыз.
2. Қажет болса Reset функциясын
орындаңыз.
3.
Program түймешігін
бағдарлама
индикаторы жыпылықтай бастап,
бағдарлама индикаторы тұрақты
жанғанша басып ұстап тұрыңыз.
4. Program түймешігін дереу басыңыз.
Бағдарлама индикаторы
тұрақты жанып тұрады.
бағдарламасының индикаторы
жыпылықтай бастайды.
5.
Бағдарлама индикаторы
сөнгенше
күтіңіз.
бағдарламасының
индикаторы жыпылықтауын
жалғастырады.
ҚАЗАҚ 33
6. Program түймешігін басыңыз. "Соңы"
индикаторы жанады. Бағдарламаны
аяқтау дыбыстық сигнал естіледі.
7. Құрылғыны сөндіру және параметрді
растау үшін қосу/сөндіру түймешігін
басыңыз.
Бағдарлама аяқталған кезде естілетін
дыбыстық сигналды қалай сөндіруге болады
1. "Бағдарлама аяқталған кезде естілетін
дыбыстық сигналды қосу" тарауын
қараңыз да, (1)-(5) қадамдарын
орындаңыз. "Соңы" индикаторы жанады.
2. Program түймешігін басыңыз. Аяқтау
индикаторы сөнеді. Бағдарламаны аяқтау
дыбыстық сигналы ажырайды.
3. Құрылғыны сөндіру және параметрді
растау үшін қосу/сөндіру түймешігін
басыңыз.
6. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
1. Су жұмсартқыштың қойылған деңгейі
тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне
сай келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе,
су жұмсартқыштың деңгейін реттеңіз.
Тұратын жеріңіздегі судың кермектігін,
жергілікті сумен жабдықтау мекемесіне
хабарласып біліңіз.
2. Тұз сауытын толтырыңыз.
3. Шайғыш зат үлестіргішін толтырыңыз.
4. Су құятын шүмекті ашыңыз.
5. Құрылғыда өндіру үрдісінің қалдықтары
қалуы мүмкін. Оларды тазалау үшін
бағдарламаны бастаңыз. Жуғыш затты
қолданбаңыз және себеттерді
толтырмаңыз.
6.1 Су жұмсартқышты реттеу
Су қысымы
Электрон
ды
тәсілмен
реттеу
Германия
градусы
(°dH)
Франция
градусы
(°fH)
ммоль/л Кларк
градусы
> 24 > 40 > 4.2 > 29 10
22 - 24 39 - 40 3.9 - 4.2 27 - 29 9
20 - 22 35 - 39 3.5 - 3.9 25 - 27 8
18 - 20 32 - 35 3.2 - 3.5 23 - 25 7
16 - 18 28 - 32 2.8 - 3.2 20 - 23 6
13 - 16 23 - 28 2.3 - 2.8 17 - 20
5
1)
10 - 13 18 - 23 1.8 - 2.3 13 - 17 4
7 - 10 12 - 18 1.2 - 1.8 9 - 13 3
4 - 7 7 - 12 0.7 - 1.2 5 - 9 2
< 4 < 7 < 0.7 < 5
1
2)
1)
Зауытта орнатылған параметр.
2)
Тұзды осы деңгейге қойып қолданбаңыз.
6.2 Электондық жолмен реттеу
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру
түймешігін басыңыз.
2. Қажет болса Reset функциясын
орындаңыз.
3.
Program түймешігін
бағдарлама
индикаторы жыпылықтай бастап,
34
www.electrolux.com
бағдарлама индикаторы тұрақты
жанғанша басып ұстап тұрыңыз.
4.
Бағдарлама индикаторы
сөніп,
аяқтау индикаторы жыпылықтағанша
күтіңіз.
бағдарламасының
индикаторы жыпылықтауын
жалғастырады.
5. Program түймешігін басыңыз. "Соңы"
индикаторы жыпылықтай бастайды.
Аяқтау индикаторы ара-тұра
жыпылықтаса, ағымдық орнатылған
деңгейді көрсетеді.
Мысалы, 5 рет жыпылықтау + үзіліс + 5
рет жыпылықтау = 5-ші деңгей.
6. Параметрді өзгерту үшін Program
түймешігін қайта-қайта басыңыз. Program
түймешігін басқан сайын деңгейдің нөмірі
көбейеді.
7. Құрылғыны сөндіру және параметрді
растау үшін қосу/сөндіру түймешігін
басыңыз.
6.3 Тұз сауытын толтыру
1.
Тұз сауытының қақпағын сағат тілінің
бағытына қарсы бұрап ашыңыз.
2.
Тұз сауытына 1 литр су құйыңыз (ең
алғаш қолданғанда ғана).
3.
Тұз сауытына ыдыс жуғыш машина
тұзынан салыңыз.
4.
Тұз сауытының ернеуіндегі тұзды
тазалаңыз.
5.
Тұз сауытының қақпағын сағат тілінің
бағытымен бұрап жабыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Тұз сауытын толтырған кезде одан су
және тұз ағуы мүмкін. Тот басу қауіпі
бар. Бұндай жағдайға жол бермеу
үшін тұз сауытын толтырғаннан кейін
бағдарламаны бастаңыз.
6.4 Шайғыш зат үлестіргішін толтыру
A
B
C
D
1.
(D) босату түймешігін басып, қақпақты (C)
ашыңыз.
2.
Шайғыш зат үлестіргішін (A) толтырыңыз,
'max' деңгейінен асырмаңыз.
3.
Төгіліп қалған шайғыш зат қатты
көпіршімес үшін сіңіргіш шүберекпен
тазалаңыз.
4.
Қақпақшаны жабыңыз. Босату
түймешігінің бекіту қалпына қойылғанына
көз жеткізіңіз.
Үлестіру мөлшерін реттеу тетігін (B) 1
(ең аз мөлшер) және 6 (ең көп
мөлшер) аралығына қоюға болады.
ҚАЗАҚ 35
7. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
1. Су құятын шүмекті ашыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру
түймешігін басыңыз.
Тұз индикаторы қосулы тұрса, тұз
сауытын толтырыңыз.
Шайғыш зат индикаторы қосулы тұрса,
шайғыш зат үлестіргішін толтырыңыз.
3. Себеттерді толтырыңыз.
4. Жуғыш заттан қосыңыз.
5. Бағдарламаны салынған заттар мен
олардың ластану деңгейіне қарай дұрыс
орнатыңыз да, іске қосыңыз.
7.1 Жуғыш затты қолдану
A
B
C
D
1.
(B) босату түймешігін басып, қақпақты (C)
ашыңыз.
2.
Жуғыш затты (A) бөлігіне салыңыз.
3.
Егер бағдарламаның алдын ала жуу циклі
бар болса, (D) бөлігіне жуғыш заттан
аздап салыңыз.
4.
Жуғыш таблеткаларды қолдансаңыз,
оларды жуғыш зат үлестіргішіне (A)
салыңыз.
5.
Қақпақшаны жабыңыз. Босату
түймешігінің бекіту қалпына қойылғанына
көз жеткізіңіз.
7.2 Таблетка тәрізді құрама жуғыш
затты пайдалану
Тұз және шайғыш заты бар таблеткаларды
қолданғанда, тұз сауыты мен шайғыш зат
сауытын толтырмаңыз.
1. Су жұмсартқышты ең төмен мәнге
қойыңыз.
2. Шайғыш затты үлестіру мөлшерін ең
төмен мәнге қойыңыз.
Егер аралас таблетканы қолдануды
тоқтатсаңыз, жуғыш зат, шайғыш
зат мен ыдыс жуғыш тұзды жеке-
жеке қолданар алдында мына
қадамдарды орындаңыз:
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру
түймешігін басыңыз.
2. Су жұмсартқышты ең үлкен мәнге
қойыңыз.
3. Тұз сауыты мен шайғыш зат үлестіргішінің
толы екеніне көз жеткізіңіз.
4. Шаю циклы бар ең қысқа жуу
бағдарламасын, жуғыш зат қолданбай
және ыдыс салмай орындаңыз.
5. Су жұмсартқышты өзіңіз тұратын жердегі
судың кермектігіне лайықтап қойыңыз.
6. Шайғыш заттың қосылатын мөлшерін
реттеңіз.
7.3 Бағдарламаны орнату және
бастау
Reset функциясы
Құрылғы кей параметрлер үшін пайдаланушы
баптайтын режимде тұруға тиіс.
Барлық бағдарлама индикаторлары жанып,
аяқтау индикаторы жыпылықтаған кезде
құрылғы параметрлерді орнату режимінде
тұрады.
Құрылғыны пайдаланушы режиміне ауыстыру
үшін Reset функциясын орындаңыз.
1. Program түймешігін барлық бағдарлама
индикаторлары жанып, аяқтау индикаторы
жыпылықтағанша басып ұстап тұрыңыз.
Кешіктіріп бастау функциясы жоқ
бағдарламаны бастау
1. Су құятын шүмекті ашыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру
түймешігін басыңыз.
36
www.electrolux.com
3. Program түймешігін орнатқыңыз келген
бағдарламаның индикаторы ғана
жанғанша қайта-қайта басыңыз.
4. Құрылғы есігін жабыңыз. Бағдарлама
басталады.
Кешіктіріп бастау функциясы бар
бағдарламаны бастау
1. Бағдарламаны орнатыңыз.
2. Бағдарламаны 3 сағатқа кешіктіріп бастау
үшін Delay түймешігін басыңыз.
Delay индикаторы жанады.
3. Құрылғы есігін жабыңыз. Кері санақ
басталады.
Кері санақ аяқталған кезде, бағдарлама
басталады.
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде
есікті ашу
Есікті ашсаңыз, құрылғы тоқтайды. Есікті
жапқаннан кейін, құрылғы тоқтаған жерінен
бастап жұмыс істейді.
Кері санақ жұмыс істеп тұрған кезде
кешіктіріп бастау функциясын
біржола тоқтату
Reset функциясын орындаңыз.
Кешіктіріп бастау функциясын
біржола тоқтатқан кезде
бағдарламаны қайта орнату керек.
Бағдарламаны біржола тоқтату
Reset функциясын орындаңыз.
Жаңа бағдарламаны бастар
алдында, жуғыш зат үлестіргіште
жуғыш заттың бар екеніне көз
жеткізіңіз.
Бағдарламаның соңы
Бағдарлама аяқталған кезде, "соңы"
индикаторы жанады. Құрылғыны 3 минут
ішінде сөндірмесеңіз, бағдарлама индикаторы
ғана жанып тұрады. Бұл электр қуатын аз
тұтынуға көмектеседі.
1. Құрылғыны сөндіру үшін қосу/өшіру
түймешігін басыңыз.
2. Судың шүмегін жабыңыз.
Ыдыс-аяқтарды құрылғыдан
суығаннан кейін ғана алыңыз. Ыстық
ыдыс осал келеді.
8. АҚЫЛ-КЕҢЕС
8.1 Су жұмсартқыш
Кермек судың құрамында құрылғыға нұқсан
келтіруі және жуу нәтижесіне жаман әсер етуі
мүмкін минералдар өте көп мөлшерде
кездеседі. Су жұмсартқыш бұл минералдарды
бейтарап етеді.
Ыдыс жуғыш машинаға арналған тұз су
жұмсартқышты таза, жақсы қалыпта ұстайды.
Су жұмсартқыштың дұрыс деңгейін орнатқан
маңызды. Бұл су жұмсартқыштың ыдыс
жуғыш машина тұзы мен суды дұрыс
мөлшерде қолдануын қамтамасыз етеді.
ҚАЗАҚ 37
8.2 Себеттерді толтыру
230 mm
max 260 mm
190 mm
Құрылғыны ыдыс жуғыш машинада жууға
болатын заттарды жуу үшін ғана
қолданыңыз.
Ағаш, мүйіз, алюминий, қалайы және
мыстан жасалған заттарды құрылғыға
салмаңыз.
Құрылғыға су сіңіретін заттарды (жөке, ас
үй шүберектері) салмаңыз.
Заттарға жабысқан тағам қалдықтарын
алыңыз.
Заттарға күйіп жабысқан қалдықтарды
жібітіңіз.
Шұңғыл ыдыстардың (мысалы, кесе, стакан
және кәстрөл) аузын төмен қаратып
салыңыз.
Ас құралдары мен ыдыс-аяқты араласып
кетпейтін етіп салыңыз. Қасықтарды басқа
ас құралдарымен араластырып салыңыз.
Стакандарды бір-біріне тигізбей салыңыз.
Кішкене заттарды ас құралдары себетіне
салыңыз.
Жеңіл заттарды негізгі себетке салыңыз.
Заттарды жылжып кетпейтін етіп салыңыз.
Бағдарламаны бастамай тұрып, бүріккіш
түтіктің еркін айнала алатынына көз
жеткізіңіз.
8.3 Тұз, шайғыш зат және жуғыш
затты пайдалану
Тек ыдыс жуғыш машинаға арналған тұзды,
шайғыш және жуғыш затты пайдаланыңыз.
Басқа өнімдер құрылғыға нұқсан келтіруі
мүмкін.
Соңғы шаю циклі кезінде шайғыш зат
ыдыстарға ешбір жолақ, дақ қалдырмай
құрғатуға көмектеседі.
Аралас жуғыш таблеткалардың құрамында
жуғыш зат, шайғыш зат және басқа
қоспалар бар. Бұл заттардың тұратын
жеріңіздегі судың кермектігіне сай
келетініне көз жеткізіңіз. Өнімдердің
орамындағы нұсқауларды қараңыз.
Жуғыш таблеткалар қысқа
бағдарламаларда әбден ерімейді. Жуғыш
заттардың қалдықтары ыдыстарға тұрып
қалмас үшін жуғыш таблеткаларды
пайдаланғанда ұзақ бағдарламаларды
қолдануды ұсынамыз.
Жуғыш затты қажетті мөлшерден
артық пайдаланбаңыз. Жуғыш заттың
орамындағы нұсқауларды қараңыз.
Орамда көрсетілген нұсқаулар әдетте
(12 орынға арналған) үлкен ыдыс
жуғыш машиналар үшін беріледі.
8.4 Бағдарламаны бастау алдында
Мынаны ескеріңіз:
Сүзгілердің таза екенін және орнатылып
тұрғанын.
Бүріккіш түтіктің бітеліп қалмағанын.
Заттардың себеттерге дұрыс салынғанын.
Бағдарламаның салынған ыдыстың түріне
және ластану дәрежесіне сай екенін.
Жуғыш зат дұрыс мөлшерде
қолданылғанын.
Кір жуғыш машина тұзы бен шайғыш
заттың (егер аралас жуғыш таблетканы
қолданбасаңыз) бар екенін.
Тұз сауытының қақпағының мықтап
жабылғанын.
38
www.electrolux.com
9. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын
розеткадан суырыңыз.
Қоқыс тұрған сүзгілер мен лас
бүріккіш түтік жуу нәтижесін
төмендетеді.
Уақытылы тексеріп, қажет болса
тазалаңыз.
9.1 Сүзгілерді тазалау
B
A
1.
Сүзгіні (A) сағат тілінің бағытына
қарсы бұрап алыңыз.
2.
(B) сүзгісін алыңыз.
3.
Сүзгілерді сумен жуыңыз.
4.
(B) сүзгісін әдепкі орнына
салыңыз.
5.
(A) сүзгісін (B) сүзгісіндегі орнына
қойыңыз. Сырт етіп орнына
түскенше сағат тілінің бағытымен
бұраңыз.
Сүзгілер дұрыс салынбаса,
жуу нәтижесі қанағаттанғысыз
болуы және құрылғыға нұқсан
келуі мүмкін.
9.2 Бүріккіш түтікті тазалау
1.
Гайканы сағат тілінің бағытына қарсы
бұраңыз.
2.
Бүріккіш түтікті алыңыз.
3.
Тесіктерді тазалаңыз.
Бүріккіш түтіктің тесіктері бітеліп қалса,
қалдықтарды жіңішке үшкір шырпымен
тазалаңыз.
9.3 Сыртын тазалау
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз.
Тек бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі
жөкені немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.
10. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
Құрылғы жұмысын бастамай жатыр немесе
жұмыс жасап тұрған кезде тоқтап қалады.
Қызмет көрсету орталығына хабарласпай
тұрып, ақаулықты шешуге қатысты
ұсыныстарды орындаңыз.
Кей ақаулықтарда түрлі индикаторлар үздіксіз
немесе ара-тұра жыпылықтап, сонымен қатар
ескерту кодын көрсетеді.
ҚАЗАҚ 39
Ескерту коды Ақаулық
Орнатылған бағдарламаның индикаторы
үдіксіз жыпылықтайды.
"Соңы" индикаторы 1 рет
жыпылықтайды.
Құрылғыға су құйылмай тұр.
Орнатылған бағдарламаның индикаторы
үдіксіз жыпылықтайды.
"Соңы" индикаторы 2 рет
жыпылықтайды.
Құрылғыдан су ақпайды.
Орнатылған бағдарламаның индикаторы
үдіксіз жыпылықтайды.
"Соңы" индикаторы 3 рет ара-тұра
жыпылықтайды.
Тасқынға қарсы құрал қосулы.
Назарыңызда болсын!
Тексеріп көру алдында құрылғыны
тоқтан ажыратыңыз.
Ақаулық Ықтимал шешімі
Құрылғыны іске қоса алмасаңыз. Ашаның розеткаға қосылғанына көз жеткізіңіз.
Сақтандырғыш қорабындағы сақтандырғышқа
зақым келмегеніне көз жеткізіңіз.
Бағдарлама басталмай тұр. Құрылғы есігінің жабық тұрғанына көз жеткізіңіз.
Егер кешіктіріп бастау функциясы орнатылып
тұрса, оны ажыратыңыз немесе кері санақ
аяқталғанша күтіңіз.
Құрылғыға су құйылмай тұр. Су шүмегінің ашық тұрғанына көз жеткізіңіз.
Сумен жабдықтау жүйесіндегі судың қысымының
өте төмен емес екеніне көз жеткізіңіз. Бұл
ақпаратты жергілікті су ресурстары мекемесіне
хабарласып алыңыз.
Су шүмегінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
Су құятын түтіктің сүзгісінің бітеліп қалмағанына
көз жеткізіңіз.
Су құятын түтіктің бұратылып немесе майысып
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыдан су ақпайды. Раковина түтікшесінің бітеліп қалмағанына көз
жеткізіңіз.
Су төгетін түтіктің бұратылып немесе майысып
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Тасқынға қарсы құрал қосулы. Судың шүмегін жабыңыз да, қызмет көрсету
орталығына хаарласыңыз.
Тексеріп болғаннан кейін құрылғыны іске
қосыңыз. Бағдарлама үзілген жерінен бастап
жалғасады.
Ақаулық қайта орын алса, қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Басқа ақаулық кодтары көрініс берсе, қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
40
www.electrolux.com
10.1 Егер жуу және құрғату
нәтижелері қанағаттанарлықтай
болмаса
Стакандар мен ыдыстарда ақ жолақтар
немесе көк дақтар пайда болған
Шайғыш зат тым көп мөлшерде қосылады.
Шайғыш затты үлестіру мөлшерін ең
төменгі деңгейге қойыңыз.
Жуғыш зат тым көп мөлшерде салынған.
Стакандар мен ыдыстарда дақтар және
кепкен су тамшыларының ізі қалған.
Шайғыш зат жеткіліксіз мөлшерде
үлестірілген. Шайғыш затты үлестіру
мөлшерін ең жоғары деңгейге қойыңыз.
Бұл жуғыш заттың сапасына байланысты
болуы мүмкін.
Ыдыстар су болып тұр
Кептіру циклы жоқ немесе төмен
температурада кептіру циклы бар
бағдарлама таңдалған.
Шайғыш зат үлестіргіші босап қалған.
Бұл шайғыш заттың сапасына байланысты
болуы мүмкін.
Басқа ықтимал себептерді "АҚЫЛ-
КЕҢЕС" тарауынан қараңыз.
11. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ
Өлшемдері Ені / Биіктігі / Тереңдігі (мм) 545 / 447 / 515
Электртоғына қосу Техникалық ақпарат тақтайшасына қараңыз.
Кернеу 230 В
Жиілік 50 Гц
Сумен жабдықтау қысымы Ең аз / ең көп (бар / мПа) (0.8 / 0.08 ) / (10 / 1.0 )
Сумен жабдықтау
1)
Суық су немесе ыстық су
2)
макс. 60 °C
Сыйымдылығы Орналастыру параметрлері 6
Қуат тұтынуы Қосылған қалпы қалдыру
режимінде
0.99 Вт
Сөндірулі режимде 0.10 Вт
1)
Су құятын түтікті 3/4'' бұрамасы бар су шүмегіне жалғаңыз.
2)
Егер ыстық су басқа қуат көздерінен (мысалы, күн батареясы, желдің қуаты) алынса, тұтыну қуатын
азайту үшін ыстық суды қолданыңыз.
12. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯН КЕЛДІРМЕУ ТУРАЛЫ
МАҒЛҰМАТТАР
Белгі
салынған материалдарды қайта
өңдеуден өткізуге тапсырыңыз. Орам
материалдарын қайта өңдеуден өткізу үшін
тиісті контейнерлерге салыңыз.
Электрлік және электроникалық
құрылғылардың қалдығын қайта өңдеуден
өткізу арқылы, қоршаған ортаға және
адамның денсаулығына зиын келтіретін
жағдайларға жол бермеуге өз үлесіңізді
қосыңыз. Белгі
салынған құрылғыларды
тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз.
Өнімді жергілікті қайта өңдеу орталығына
өткізіңіз немесе жергілікті мекемеге
хабарласыңыз.
ҚАЗАҚ 41
/