10
KZ
Тоңазытқышты және оның толық күшін
пайдалану
• Температураны реттеу үшін дисплейді пайдаланыңыз.
• температураны жылдам төмендету мақсатында СУПЕР
САЛҚЫНДАТУ түймесін басыңыз, мысалы, үлкен
көлемде азық-түлікті сатып алғанда тоңазытқыштың
ішкі температурасы аздап жоғарылайды. Бұл функция
температураны уақытша төмендету арқылы өнімді ол
керекті деңгейге жеткенге дейін салқындатады.
• Орналастырылатын азық-түліктер суық немесе жылы болуы
керек, бірақ ешқашан олар ыстық болмауы керек («Алдын
ала сақтандыру» бөлімін қара).
• Пісірілген азық-түліктер шикілер секілді ұзақ сақталмайды.
• Тоңазытқыш камерасына сұйық құйылған беті жабылмаған
ыдыстарды қоймаңыздар, өйткені ылғалдың көбеюіне
және конденсаттың пайда болуына әкеледі.
СӨРЕЛЕР: тормен және торсыз.
Арнайы бағдарлар көмегімен сөрелердің биіктігін алып
тастауға және өзгертуге болады (суретті қара), ол ішінде азығы
бар үлкен контейнерлерді сақтауға мүмкіндік береді. Биіктігін
сөрені толығымен жылжытпай-ақ өзгертуге болады.
ЕТКЕ және ІРІМШІККЕ арналған БӨЛІМШЕ
Бұл бөлім балғын азық-түлікті сақтау үшін арналған, мысалы
ет және ірімшік. Барынша төмен температураға байланысты
осы бөлімше ішінде осы өнімдерді сақтау кезеңі ұлғаяды, олар
бір аптаға дейін барынша балғын күйін сақтайтын болады.
БАЛҒЫНДЫҚТЫ САҚТАУҒА арналған КОНТЕЙНЕР *
Бұл жаңа қосымша құрал, ол әртүрлі өнімдерді (мысалы
ірімшік және суық ет) балғын күйінде ұзақ сақтауға арналған.
Егер ол керек жоқ болса, оны алып тастауға болады.
Бөтелкеде тұратын өнімдерге арналған сөре болған жағдайда
Балғындықты сақтауға
ТЕМПЕРАТУРА индикаторы *: тоңазытқыштың ең суық жерін
көрсетеді.
1. Индикаторда «ОК» жазуының көрінуіне көз жеткізіңіз (суретті қара).
2. Егер «ОК» жазуы пайда болмаса, ол температураның
тым жоғары екендігін білдіреді: ТОҢАЗЫТҚЫШ ЖҰМЫСЫ
тұтқасы күйін оны жоғары қарай бұрай отырып реттеп
алыңыз және температура ретке келгенге дейін шамамен
10 сағаттай күтіңіз.
3. Индикаторды қайтадан тексеріңіз: қажет болған жағдайда,
процесті қайтадан қайталаңыз. Егер азық-түлік көп болатын
болса немесе тоңазытқыш есігін жиі ашқан болсаңыз, онда
индикатор ОК жазуын көрсетпеуі мүмкін. ТОҢАЗЫТҚЫШ
ЖҰМЫСЫ тұтқасын тағы жоғары бұрамас бұрын 10 сағаттан
кем емес уақыт күте тұрыңыз.
Светодиодтар *
Құралдың шығаратын жарық сәулесіне байланысты,
светодиодтары бар жаңа түс беру тоңазытқыштағы барлық
азық-түлікті анық көруге мүмкіндік береді, көлеңке түсірмейді.
Егер светоидттарды ауыстыру керек болса Техникалық қолдау
қызметімен хабарласыңыздар.
Мұздатқышты және оның толық күшін пайдалану
• Температураны реттеу үшін дисплейді пайдаланыңыз.
• Қатыруға арналған балғын азық-түлікті бұрыннан қатып
тұрған азық-түлікке жақындатпау керек, оны тоңазытқыштың
жоғары бөліміндегі ҚАТЫРУ ЖӘНЕ САҚТАУ бөлімінде
орналастыру керек, онда температура -18°С төмен болады,
бұл қатудың тиісті жылдамдығына кепілдік береді.
• Ерітілген немесе еріген азық-түлікті қайтадан қатыруға
болмайды. Бұндай азық-түлікті ас дайындап пайдалану қажет
(24 сағат ішінде).
• Мұздатқышқа ішінде сұйықтығы бар, тығынмен немесе
герметикалы жыбылған шыны бөтелкелерді салмаңыздарғ
өйткені олар шытынап сынып кетуі мүмкін.
• Тоңазытқыш камерасының сол жағындағы астыңғы
бұрышында орналасқан техникалық сипаттамалар берілген
кестеде күніне қатыруға болатын өнімдердің максималдық
көлемі көрсетілген (мысалы: кг/24с - 4)
! Қатыру барысында есікті ашпаңыз.
! Егер электр энергиясы өшіп қалған жағдайда, мұздатқыш
есігін ашпаңыз. Бұл мұздатқыш ішіндегі температураны
ұстап тұруға мүмкіндік береді, азық-түлікті 9-14 сағат ішінде
сақталуын қамтамасыз етеді.
! Мұздатқышта сақтау кеңістігін ұлғайту үшін сіз жәшіктерді
(температураны реттеуге болатын ең төменгі және арнайы
САЛҚЫНДАТУҒА арнылған жәшіктен басқасы) алып, азық-
түліктерді буландырғыш плитасына қоюыңызға болады.
Техникалық қызмет және
күтіп ұстау
Тоңазытқышты өшіру
Тоңазытқышты тазалау және техникалық жұмыстар жүргізу үшін
тоңазытқышты электр көзінен ажыратыңыз.
Тоңазытқыш жұмысын тоқтату үшін температура реттегішті
ӨШІРІЛГЕН (OFF) күйіне келтіру жеткіліксіз.
Бұйымды тазалау
• Бұйымның ішкі және сыртқы бетін, сонымен қатар каучук
төсемдерін тазалау үшін ас содасы немесе бейтарап
сабын салынған жылу суға малынған губканы пайдалану
керек. Еріткіш заттарды, түрпі, хлор және аммиак қосылған
заттарды пайдалануға болмайды.
• Алынатын заттарды сабынды ыстық суға немесе ыдыс жууға
арналған құрал құйылған суға жібітіп қою керек. Осыдан
кейін оларды шайып, мұқият құрғату керек.
• Тоңазытқыштың артқы қабырғасына шаң тұрып қалуы
мүмкін, оны орташа қуатпен жұмыс істейтін шаңсорғыш
көмегімен сорып алуға болады. Бұл ретте тоңазытқышты
жуар алдында розеткадан ажыратып алу керек.
ЕСКЕРТУ: * әрбір моделде ғана саны және/немесе орналасу орны
әртүрлі болады.