46
it
46
kz
Ескертпе: Блендермен тиімді түрде
орындау мүмкін емес кейбір тапсырмалар:
жұмыртқаның ақтарын шайқау, кремді шайқау,
картопты езу, етті майдалау, қамырды араластыру,
жемістер мен көкөністерден шырынды шығару.
Назар аударыңыз: Келесі заттарды
құрылғыға ешқашан салмау керек, өйткені
олар зақым тигізуі мүмкін: сүйектер, қатты,
қатырылған тамақтың үлкен бөліктері немесе
шалқандар сияқты қатты тамақтар.
Ескертпе: Мұзды жару үшін 6 мұз текшесін
қосыңыз. Егер көбірек мұз керек болса,
саптыаяқты алыңыз және қақпақ саңылауы
арқылы текшелерді бір бірден қосыңыз.
КҮТУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
Бұл өнімде пайдаланушы жөндей алатын
бөлшектер жоқ. Қызмет көрсетуді білікті қызмет
көрсету мамандарына тапсырыңыз.
1. Тазалау алдында блендерді розеткадан
ажыратыңыз.
2. Әрқашан оңайырақ тазалау үшін
пайдаланудан кейін бірден жуыңыз. Тамақтың
құмыра жинағында кеуіп қалуына жол
бермеңіз, өйткені бұл тазалауды қиын етеді.
3. Құмыраға біраз жылы, сабынды суды құйыңыз
және тұқтаны бірнеше секундқа Р күйіне
бұраңыз, содан кейін құмыраны босатыңыз.
Барлық ажыратылатын бөлшектерді
ажыратыңыз. Құмыра жинағын қозғалтқыш
блогынан көтеріңіз, пышақтар жинағын сағат
тілімен бұрау арқылы құмыра негізінің түбінен
ажыратыңыз, сөйтіп 2-тығыздаманы және
пышақтар жинағын алыңыз (7-сур. қараңыз).
Бұған қоса, құмыра қақпағынан құмыра
қақпағының 1-тығыздамасын алыңыз.
4. Өлшеу қақпағын, қақпақты, тығыздамаларды,
құмыра блогын және пышақтар жинағын
қолдармен немесе ыдыс жуу машинасымен
шайыңыз, содан кейін кептіріңіз. Бұл —
ыдыс жуу машинасында жууға болатын
құрамдастар, бірақ температура параметрі
65-тен аспауы керек.
5. Жылы, сабынды суды пайдаланып
пышақтарды щеткамен тазалаңыз, содан
кейін шүмек астында мұқият шайыңыз. Үшкір
пышақтарға тимеңіз, ақырын ұстаңыз.
Назар аударыңыз: Пышақтар жинағын суға
батырмаңыз
Назар аударыңыз: Балалардан аулақ,
аударылған күйде кебуге қалыңыз.
6. Қозғалтқыш блогын дымқыл шүберекпен
сүртіңіз және мұқият кептіріңіз. Қатты
дақтарды абразивтік емес тазалағышпен
үйкеу арқылы кетіріңіз. Егер сұйықтықтар
қозғалтқыш блогына төгілсе, алдымен
құрылғыны розеткадан суырыңыз, содан
кейін дымқыл шүберекпен сүртіп алыңыз
және мұқият кептіріңіз.
Назар аударыңыз: Ток соғу қаупін
болдырмау үшін қозғалтқыш блогын
сұйықтыққа батырмаңыз.
Назар аударыңыз: Қатты қырғыш
төсемелерді немесе тазалағыштарды
бөлшектерде немесе беткі қабатта пайдаланбаңыз.
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Біз өз тұтынушыларымызға қызмет көрсетеміз және
сервистік қызметті жоғары деңгейде ұсынуға тырысамыз.
Сізге құрылғымен оңай және қолайлы жұмыс жасауға
мүмкіндік беру үшін өз өнімдерімізді үздіксіз жетілдіріп
отыруға тырысамыз.
Құрылғыға күтім көрсету
Құрылғыға күтім көрсетуге арналған Hotpoint Ari-
ston ұсынатын құрылғының Professional кәсіби
бұйымдарының желісі құрылғының қолданыс
мерзімін ұзартады және оның сынып қалу қаупін
азайтады.
Professional кәсіби бұйымдарының желісі
құрылғыңыздың ерекшеліктерін ескере отырып
жасалған. Өнімдер сапа, экология және қолдану
қауіпсіздігі бойынша Еуропалық жоғары
стандарттарды қатаң сақтай отырып Италияда
жасалған. Толық ақпаратты www.hotpoint-ariston.
ru веб-сайтының “Қызмет көрсету” бөлімінен
қараңыз және қалаңыздағы дүкендерден
сұраңыз.
Уәкілетті қызмет көрсету орталықтары
Өз тұтынушыларымызға жақынырақ болу үшін шебер
мамандарының жоғары деңгейдегі кәсіби дайындығы
мен әділдігімен ерекшеленетін қызмет көрсету желілерін
қалыптастырдық.
Ақау пайда болған жағдайда
Қызмет көрсету орталығына хабарласар алдында,
ақаулықты өзіңіз түзетіп көруге тырысыңыз (“Ақаулықтар
және оларды түзету жолдары” тарауын қараңыз).
Қызмет көрсету орталығына кепілдік құжатында
көрсетілген телефон нөмірімен хабарласуға болады.
! Біз уәкілетті қызмет көрсету орталықтарына ғана