АҚЫЛ-КЕҢЕС
СУ ЖҰМСАРТҚЫШ
Кермек судың құрамында құрылғыға нұқсан
келтіруі және жуу нәтижесіне жаман әсер етуі
мүмкін минералдар өте көп мөлшерде
кездеседі. Су жұмсартқыш бұл минералдарды
бейтарап етеді.
Ыдыс жуғыш машинаға арналған тұз су
жұмсартқышты таза, жақсы қалыпта ұстайды.
Су жұмсартқыштың дұрыс деңгейін орнатқан
маңызды. Бұл су жұмсартқыштың ыдыс
жуғыш машина тұзы мен суды дұрыс
мөлшерде қолдануын қамтамасыз етеді.
СЕБЕТТЕРДІ ТОЛТЫРУ
Себеттерді толтыру мысалдары
көрсетілген парақшаны қараңыз.
• Құрылғыны ыдыс жуғыш машинада жууға
болатын заттарды жуу үшін ғана
қолданыңыз.
• Ағаш, мүйіз, алюминий, қалайы және
мыстан жасалған заттарды құрылғыға
салмаңыз.
• Құрылғыға су сіңіретін заттарды (жөке, ас
үй шүберектері) салмаңыз.
• Заттарға жабысқан тағам қалдықтарын
алыңыз.
• Заттарға күйіп жабысқан қалдықтарды
жібітіңіз.
• Шұңғыл ыдыстардың (мысалы, кесе, стакан
және кәстрөл) аузын төмен қаратып
салыңыз.
• Ас құралдары мен ыдыс-аяқты араласып
кетпейтін етіп салыңыз. Қасықтарды басқа
ас құралдарымен араластырып салыңыз.
• Стакандарды бір-біріне тигізбей салыңыз.
• Кішкене заттарды ас құралдары себетіне
салыңыз.
• Жеңіл заттарды үстіңгі себетке салыңыз.
Заттарды жылжып кетпейтін етіп салыңыз.
• Бағдарламаны бастамай тұрып, бүріккіш
түтіктердің еркін айнала алатынына көз
жеткізіңіз.
ТҰЗ, ШАЙҒЫШ ЗАТ ЖӘНЕ ЖУҒЫШ
ЗАТТЫ ПАЙДАЛАНУ
• Тек ыдыс жуғыш машинаға арналған тұзды,
шайғыш және жуғыш затты пайдаланыңыз.
Басқа өнімдер құрылғыға нұқсан келтіруі
мүмкін.
• Соңғы шаю циклі кезінде шайғыш зат
ыдыстарға ешбір жолақ, дақ қалдырмай
құрғатуға көмектеседі.
• Аралас жуғыш таблеткалардың құрамында
жуғыш зат, шайғыш зат және басқа
қоспалар бар. Бұл заттардың тұратын
жеріңіздегі судың кермектігіне сай
келетініне көз жеткізіңіз. Өнімдердің
орамындағы нұсқауларды қараңыз.
• Жуғыш таблеткалар қысқа
бағдарламаларда әбден ерімейді. Жуғыш
заттардың қалдықтары ыдыстарға тұрып
қалмас үшін жуғыш таблеткаларды
пайдаланғанда ұзақ бағдарламаларды
қолдануды ұсынамыз.
Жуғыш затты қажетті мөлшерден
артық пайдаланбаңыз. Жуғыш заттың
орамындағы нұсқауларды қараңыз.
БАҒДАРЛАМАНЫ БАСТАУ
АЛДЫНДА
Мынаны ескеріңіз:
• Сүзгілердің таза екенін және орнатылып
тұрғанын.
• Бүріккіш түтіктердің бітеліп қалмағанын.
• Заттардың себеттерге дұрыс салынғанын.
• Бағдарламаның салынған ыдыстың түріне
және ластану дәрежесіне сай екенін.
• Жуғыш зат дұрыс мөлшерде
қолданылғанын.
• Кір жуғыш машина тұзы бен шайғыш
заттың (егер аралас жуғыш таблетканы
қолданбасаңыз) бар екенін.
• Тұз сауытының қақпағының мықтап
жабылғанын.
ҚАЗАҚ
15