2
Қауiпсiздiк техникасы ережелерi
• Құрылғыны пайдаланар алдында осы қауiпсiздiк ережелерiн зер салып оқып шығуыңызды өтiнемiз.
• Бұл нұсқаулықтағы суреттер сiз сатып алған құрылғыдан сәл басқаша болуы мүмкiн, себебi, олар тек нұсқаулар
түсiнiктi болу үшiн көмек ретiнде берiлген.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ОРНАТУ КЕЗIНДЕГI САҚТЫҚ
ШАРАЛАРЫ
Электр жылытқыштары сияқты жылу
көздерiнен алыс ұстаңыз.
- Әйтпесе электр тогы соғуы, өрт шығуы, құрылғы
дұрыс жұмыс iстемеуi немесе пiшiнi бүлiнуi мүмкiн.
Егер сiз монитордан түтiн иiсiн немесе басқа иiс сезсеңiз
немесе бөтен дыбыс естiсеңiз, қуат көзiне қосу сымын
ажыратыңыз да, қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
- Егер сiз тиiстi сақтық шараларын қабылдамастан
пайдалана берсеңiз, электр тогы соғуы немесе өрт шығуы
мүмкiн.
Құрылғы дымқыл тартуы мүмкiн ванна
бөлмесi сияқты қандай да бiр ылғалды
жерде оны пайдаланбаңыз.
- Әйтпесе бұл өрт шығуына немесе электр
тогы соғуына себеп болуы мүмкiн.
Егер сiз құрылғыны жерге құлатып алсаңыз немесе
оның қорабы сынса, оны өшiрiп, қуат көзiне қосу сымын
ажыратыңыз.
- Егер сiз тиiстi сақтық шараларын қабылдамастан
пайдалана берсеңiз, электр тогы соғуы немесе өрт шығуы
мүмкiн. қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Құрылғыны тура түскен күн сәулесiнен
аулақ ұстаңыз.
- Құрылғыға зақым келуi мүмкiн.
Осы құрылғыны кiтап шкафы немесе сөре
сияқты құрастырмалы қондырғының iшiне
қоймаңыз.
- Желдетiлу талап етiледi.
ЭЛЕКТР ҚУАТЫНА ҚАТЫСТЫ САҚТЫҚ
ШАРАЛАРЫ
Қуат көзi кабелiн жерге қосылған ток
көзiне жалғауды ұмытпаңыз.
- Олай болмаса сiздi электр соғуы немесе
жарақат алуыңыз мүмкiн.
Қуат көзi ашасын дымқыл қолмен ұстамаңыз.
Сонымен бiрге, егер аша iстiкшесi дымқыл
немесе шаң басқан болса, қуат көзi ашасын Әбден
құрғатыңыз немесе шаңын сүртiңiз.
- Олай етпесеңiз, артық ылғалдың салдарынан сiздi
электр тогы соғуы мүмкiн.
Дауыл соққан немесе найзағай жарқыраған кезде қуат
көзi сымын немесе сигнал кабелiн ажыратып қойыңыз.
- Олай болмаса сiздi электр соғуы немесе өрт шығуы
мүмкiн.
Қуат көзiне қосу сымын оратылып, бұратылып,
қысылып, есiкке қыстырылып немесе үстiнен
басылып қалу сияқты физикалық немесе
механикалық зақымнан сақтаңыз. Әсiресе
ашаларға. қабырғалық розеткаларға және сым
электр аспабынан шығатын жер ерекше назар
аударыңыз.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ЖЫЛЖЫТҚАН КЕЗДЕГI САҚТЫҚ
ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны жылжытқан кезде оны соғып
алмаңыз.
- Әйтпесе сiздi электр тогы соғуы немесе өнiмге
зақым келуi мүмкiн.
Панелiн алдыңғы жаққа қаратуды ұмытпаңыз және
оны жылжытқанда екi қолмен ұстаңыз.
- Егер сiз құрылғыны құлатып алсаңыз, зақымданған
құрылғы электр тогы соғуына немесе өрт
шығуына себеп болуы мүмкiн. Жөндеу үшiн
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Құрылғыны токтан ажыратуды
ұмытпаңыз. Құрылғыны жылжытпас
бұрын барлық сымдарды шешiп
тастауды ұмытпаңыз.
- Әйтпесе сiздi электр тогы соғуы немесе
өнiмге зақым келуi мүмкiн.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI САҚТЫҚ
ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны өз бетiңiзше бөлшектемеңiз,
жөндемеңiз және өзгертпеңiз.
- Өйткенi өрт шығуы немесе электр тогы
соғуы мүмкiн.
- Тексеру, дәлдеу немесе жөндеу үшiн қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Өрт шығу не электр тогы соғу қатерiн
азайту үшiн осы құрылғыға жаңбыр не
ылғал тигiзбеңiз.
Бұл аппаратқа ештеңенiң тамшылауына
не шашырауына жол бермеу керек және
аппараттың үстiне ваза сияқты iшiнде
сұйықтық бар заттар қоюға болмайды.
Кез келген ағымдық жөндеуге байланысты
бiлiктi қызмет көрсетушi мамандарға жүгiнiңiз.
Ағымдық жөндеу құрылғыға кез келген түрде
зақым келген жағдайда, мысалы, қуат көзiне
қосу сымы немесе ашасы зақымданғанда,
құрылғының iшiне сұйық зат ағып кетсе немесе
қатты заттар түсiп кеткенде, құрылғыға жаңбыр
немесе ылғал тисе, ол дұрыс жұмыс iстемесе
немесе құлап кеткен жағдайда қажет болады.
- Егер орнатылған бейне (мысалы, логотип, бейнебет мәзiрлерi,
бейне ойын, компьютер дисплейi және телемәтiн беттерi)
теледидарда ұзақ уақыт бойы көрсетiлсе, оның iзi бейнебетте
уақытша қалып қоюы мүмкiн. Бұл құбылыс “бейненiң күйiп кетуi”
немесе “күйiп кету” деген атаумен белгiлi. Бейненiң күйiп кетуiне
дайындаушы кепiлдiгi берiлмейдi.
- Бейненiң күйiп кетуiн алдын алу үшiн орнатылған бейненiң
теледидар бейнебетiне шамадан тыс уақыт көрсетiлiп тұруына
жол бермеңiз (СКД үшiн 2 немесе одан көп сағат, плазмалық
теледидар үшiн 1 немесе одан да көп сағат).
- Егер 4:3 бейне пiшiмi теңшелiмiн ұзақ уақыт бойы қолданатын
болсаңыз, бейненiң күюi теледидардың кең бейнебеттiк пiшiм
аумағында да пайда болуы мүмкiн.
Бұл құрылғы айнымалы ток қабыға шығысына қосулы
кезде құрылғыны ҚОСУ арқылы өшiретiн болсаңыз да,
ол айнымалы ток қорегiнен ажыратылмайды.
y
Егер сiз ескерту хабарын назарға алмасаңыз, қатты жарақат алуыңыз мүмкiн
немесе тiптi жазатайым оқиға немесе өлiмге соқтыру қаупi бар.
y
Егер сiз ескерту хабарын назарға алмасаңыз, сiз жеңiл жарақат алуыңыз мүмкiн
немесе құрылғыға зақым келуi мүмкiн.
ЕСКЕPT
У
A
БAЙ БОЛЫ
Ң
Ы
З
ЕСКЕPT
У
A
БAЙ БОЛЫ
Ң
Ы
З
ЕСКЕPT
У
A
БAЙ БОЛЫ
Ң
Ы
З
ЕСКЕPT
У
ENG