Electrolux RKR560202X, RKR560202W Руководство пользователя

  • Привет! Я чат-бот, который прочитал инструкцию по эксплуатации кухонных плит Electrolux RKR560202W и RKR560202X. Я знаю о функциях варочной поверхности и духового шкафа, таких как гриль, конвекция и PlusSteam, а также о настройках времени и рекомендациях по уходу. Задавайте ваши вопросы!
  • Как установить время на часах духового шкафа?
    Как использовать функцию PlusSteam?
    Как очистить стеклокерамическую поверхность?
RKR560202W
RKR560202X
KK Пеш Қолдану туралы нұсқаулары 2
RU Кухонная плита Инструкция по эксплуатации 37
МАЗМҰНЫ
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ................................................................................. 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 5
3. ОРНАТУ............................................................................................................. 8
4. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ............................................................................... 11
5. ЕҢ АЛҒАШ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА.............................................................12
6. ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ................................................... 12
7. ПЕШ - АҚЫЛ-КЕҢЕС.......................................................................................14
8. ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ...........................................15
9. ТҰМШАПЕШ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ ....................................................16
10. ТҰМШАПЕШ - САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ...................................................... 18
11. ТҰМШАПЕШ - КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ....................................... 19
12. ТҰМШАПЕШ - КЕҢЕСТЕР............................................................................20
13. ТҰМШАПЕШ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ...........................................31
14. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ...................................................................................33
15. ҚУАТ ТИІМДІЛІГІ........................................................................................... 35
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар
бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны
таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны
жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын
тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Пайдалануға қатысты кеңесті, кітапша, ақаулықты түзету, қызмет көрсету
және жөндеу туралы ақпаратты мына жерден алыңыз:
www.electrolux.kz/support
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.part33.ru
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
www.electrolux.com2
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Дұрыс орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде
орын алған жарақат немесе зақымға өндіруші
жауапты емес. Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру
үшін әрқашан қауіпсіз және қол жетімді жерде
сақтаңыз.
1.1 Балалар мен әлсіз адамдардың қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым
келген не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін
қамтамасыз ететін адамның қадағалауы не
құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген
нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын
түсінсе, онда қолдануына болады. 8 жасқа
толмаған балаларды және мүмкіндіктері өте
шектеулі мүгедек адамдарды басқалар
қадағаламаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау
керек.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Барлық орам материалдарын балалардан алыс
ұстап, қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
ЕСКЕРТУ: Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе
ол суып тұрғанда, балалар мен үй жануарларын
оған жақындатпаңыз. Қол жетімді бөлшектер
пайдалану кезінде ыстық болады.
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау
жұмыстарын бақылаусыз орындамауы керек.
1.2 Жалпы қауіпсіздік
Білікті маман ғана осы құрылғыны орнатуы және
кабельді ауыстыруы тиіс.
Бұл құрылғыны артқы панельдің температурасына
төтеп беру үшін электр желісіне H05VV-F түріндегі
кабельмен жалғау керек.
ҚАЗАҚ 3
Бұл құрылғы теңіз деңгейінен 2000 м-ге дейін
биіктікте пайдалануға арналған.
Бұл құрылғы кеме, қайық немесе контейнерлерде
пайдалануға арналмаған.
Құрылғы қатты қызып кетпеу үшін декоративті
есіктің артына орнатпаңыз.
Құрылғыны тағанға қоймаңыз.
Құрылғыны сыртқы таймермен немесе бөлек
қашықтан басқару жүйесімен басқармаңыз.
ЕСКЕРТУ: Май немесе өсімдік майы қосылған
тағамды пештің үстіне қараусыз қалдыру қауіпті
және өрт шығуы мүмкін.
Өртті ЕШҚАШАН сумен сөндіруге әрекет
жасамаңыз, оның орнына құрылғыны сөндіріп,
жалынды қақпақ немесе өртке төзімді көрпе, т.б.
тәрізді затпен жабыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: Пісіру барысын қадағалап отыру
керек. Пісіру барысы қысқа болса, үздіксіз
қадағалап отыру керек.
ЕСКЕРТУ: Өрт қаупі бар: Пісіру алаңына зат
сақтамаңыз.
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
Пештің шыны есігін немесе топсамен бекітілген
шыны қақпақтарын тазалау үшін қатты жеміргіш
заттарды немесе өткір темір қырғыштарды
пайдаланбаңыз, себебі сызат түсіріп, шыны
шытынап кетуі мүмкін.
Пышақ, шанышқы, қасық және қақпақ тәрізді темір
заттарды пештің үстіне қоймаңыз, себебі ысып
кетеді.
Егер шыны керамика бет / шыны сынса, электр
қатері пайда болмас үшін құрылғыны сөндіріңіз
және ток көзінен ағытыңыз. Құрылғы ток көзіне
электр корапшасы арқылы қосылған болса,
құрылғыны тоқтан ағыту үшін сақтандырғышты
алыңыз. Осы жағдайларда уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
www.electrolux.com4
ЕСКЕРТУ: Құрылғы мен оның қол жететін жердегі
бөлшектері қолдану барысында ысып тұрады.
Қыздырғыш элементтерге тиіп кетпеу үшін абайлау
керек.
Тұмшапеш ыдыстарын немесе керек-жарақтарын
алып-салған кезде үнемі қолғап киіңіз.
Техникалық қызмет көрсетуден бұрын қуат көзін
ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Электр қатеріне ұшырамау үшін шамды
ауыстырар алдында құрылғыны сөндіріп қойыңыз.
Қуат cымына зақым келсе, электр қатерінен
сақтандыру үшін оны өндіруші немесе оның
уәкілетті қызмет көрсету орталығы немесе сол
сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
Сақтау тартпасын ұстаған кезде абай болыңыз.
Ысып тұрады.
Сөре сырғытпаларын алу үшін әуелі сөре
сырғытпасының алдыңғы жағын, содан кейін артқы
жағын бүйірлік қабырғадан тартыңыз. Сөре
сырғытпаларын кері ретпен салыңыз.
Сөндіруге арналған құралдарды электр сымдарын
тарту ережелеріне сай, тұрақты орнатылған сымға
орнату керек.
ЕСКЕРТУ: Пісіру құрылғысының өндірушісі жасаған
пеш қорғағыштарды ғана немесе құрылғы
өндірушісі пайдаланушы нұсқаулығында арнайы
көрсеткен немесе құрылғының өзіне орнатылған
қорғағыштарды ғана қолданыңыз. Сай келмейтін
қорғағыштарды пайдалансаңыз, оқыс жағдай орын
алуы мүмкін.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
ЕСКЕРТУ!
Бұл құрылғыны тек білікті
маман ғана орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге жеткізілген
орнату нұсқауларын орындаңыз.
Құрылғы ауыр болғандықтан,
орнынан жылжытқан кезде әрқашан
абай болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік
қолғабы мен бітеу аяқ киім киіңіз.
Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
ҚАЗАҚ 5
Ас үй қаптамасы мен ұясының
өлшемдері құрылғыға сай келуге
тиіс.
Құрылғылар мен заттардың
арасындағы минимум қашықтықты
сақтаңыз.
Құрылғыны орнату талаптарына
сәйкес ыңғайлы және қауіпсіз жерге
орнатыңыз.
Құрылғының бөлшектерінде кернеу
бар. Құрылғының қауіпті
бөлшектеріне қол тиіп кетпес үшін
оны ас үй қаптамасымен жабыңыз.
Құрылғының бүйір жақтарында
биіктігі осы құрылғының биіктігімен
бірдей құрылғылар орнатылуы
керек.
Құрылғыны есікке жақын жерге
терезенің астына қоймаңыз. Бұл
есік немесе терезе ашылған кезде
ыстық ыдыс құрылғыдан құлап
кетпеу үшін қажет.
Құрылғы аударылып кетпес үшін
оны орнықты етіп орнататын
құралдарды орнатыңыз. Орнату
тарауын қараңыз.
2.2 Электр тогына қосу
ЕСКЕРТУ!
Өрт және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Барлық электр қосылымдарын
ұсынған білікті электрик орнатуы
керек.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат тақтасындағы
параметрлердің негізгі қуатпен
жабдықтау желісіндегі электр
параметрлеріне сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз.
Әрқашан дұрыс орнатылған,
соққыға төзімді розетканы
қолданыңыз.
Көп тармақты адаптер мен
ұзартқыш сымды қолданбаңыз.
Электр сымдарына қол тигізуге
немесе құрылғының есігіне не
құрылғының төменгі жағына,
әсіресе ыстық тұрған есікке
жақындауға болмайды.
Ток жүріп тұрған және
гидроизоляциясы бар бөлшектерді
электр қатерінен қорғау үшін
құралсыз алынбайтын етіп мықтап
орнату керек.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан
кейін ғана қосыңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Егер розетка бекітілмеген болса,
ашаны жалғамаңыз.
Құрылғыны ажырату үшін электр
сымынан тартпаңыз. Әрдайым
қорек ашаны қолмен тартып
шығарыңыз.
Тек дұрыс оқшаулағыш құралдарды
қолданыңыз: желіні қорғайтын
ажыратқыштарды,
сақтандырғыштарды (ұстатқыштан
алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге
тұйықталудан қорғау тетіктері мен
тұйықтағыштарды пайдаланыңыз.
Электр қондырғысында құрылғыны
кез келген ток полюстерінен
ажыратуға мүмкіндік беретін
оқшаулағыш құрылғы болуы керек.
Оқшаулағыш құрылғыда кеңдігі 3
мм-ден кем емес саңылау болу
керек.
Ашаны розеткаға қосар алдында
құрылғының есігін толық жабыңыз.
2.3 Пайдалану
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу және күйіп
қалу қаупі бар.
Ток соғуы қаупі бар.
Бұл тек үйде ғана пайдалануға
арналған құрылғы.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Желдеткіш саңылаулардың
бітелмегенін тексеріңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
Құрылғыны пайдаланып болғаннан
кейін әрқашан сөндіріңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының
есігін ашқан кезде абай болыңыз.
Ыстық ауа шығуы мүмкін.
Құрылғыны дымқыл қолмен немесе
суды қолданып тұрған кезде
пайдаланбаңыз.
www.electrolux.com6
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде
қолданбаңыз.
ЕСКЕРТУ!
Өрт және жарылыс пайда
болу қаупі бар
Тоңмайларды немесе майды
қыздырған кезде тұтанғыш бу пайда
болады. Тоңмайға немесе майға
тамақ пісірген кезде қызған
заттарды немесе оттың жалынын
алыс ұстаңыз.
Қатты қызған майдан бөлініп
шығатын бу, кенет жарылыстың
орын алуына себеп болады.
Құрамында тағам қалдықтары бар
қолданылған май, бірінші рет
қолданылып отырған майға
қарағанда, төмен температурада
өрт пайда болуға әкелуі мүмкін.
Тез тұтанатын өнімдерді немесе
жанғыш, дымқыл заттарды
құрылғының ішіне, жанына немесе
үстіне қоймаңыз.
Есікті ашқан кезде жарқыл немесе
ашық оттың құрылғымен жанасуына
жол бермеңіз.
Құрылғының есігін абайлап
ашыңыз. Алкогольді
ингредиенттерді қолданғанда,
алкоголь мен ауа қоспасы пайда
болуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны бүлдіріп
алуыңыз мүмкін.
Эмальдің зақымдалуын немесе
өңсізденуін болдырмау үшін:
пештің ыдыстарын немесе
басқа заттарды құрылғының
табанына тура қоймаңыз.
алюминий жұқалтырды
құрылғыға немесе қаптаманың
астыңғы бөлігіне тура
қоймаңыз.
суды ыстық құрылғыға тура
қоймаңыз.
тамақ пісіріп болғаннан кейін
дымқыл ыдыс пен тағамды
құрылғының ішінде ұстамаңыз.
керек-жарақтарды алғанда
немесе орнатқанда абай
болыңыз.
Құрылғының эмаль қаптамасының
немесе тот баспайтын болат
бөлігінің түсінің өзгеруі құрылғы
жұмысына әсер етпейді.
Сулы қоспадан жасалған тортты
пісіру үшін шұңғыл табаны
қолданыңыз. Жеміс шырындары
кетпейтін дақтар қалдырады.
Басқару тақтасында ыстық
ыдыстарды сақтамаңыз.
Ыдысты құрғақ болғанша
қайнатпаңыз.
Құрылғының үстіне заттардың
немесе ыдыстардың құлауына жол
бермеңіз. Бет зақымдалуы мүмкін.
Әзірлеу аймақтарын бос ыдыс
қойып немесе ыдыссыз
белсендірмеңіз.
Шойыннан, алюминийден жасалған
немесе түбі зақымдалған ыдыстар
сызаттар түсіруі мүмкін. Әзірлеу
бетінде жылжыту керек болғанда
әрқашан осы заттарды жоғары
көтеріңіз.
Бұл тек тағам пісіруге арналған
құрылғы. Басқа мақсатта, мысалы
бөлмені қыздыру үшін қолдануға
болмайды.
2.4 Күту және тазалау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, өрт қаупі
немесе құрылғыны
бүлдіріп алу қаупі бар.
Техникалық қызмет көрсетуден
бұрын құрылғыны сөндіріңіз.
Ашаны розеткадан ажыратыңыз.
Құрылғының суық екеніне көз
жеткізіңіз. Шыны панельдердің сыну
қаупі бар.
Зақым келген болса есіктің шыны
панельдерін дереу ауыстырыңыз.
Уәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Құрылғының ішінде қалған май
немесе тағам қалдығынан өрт
шығуы мүмкін.
Құрылғының бетіндегі материалдың
сапасы түспес үшін мезгіл-мезгіл
тазалаңыз.
Құрылғыны дымқыл жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Бейтарап
жуғыш заттарды ғана қолданыңыз.
Жеміргіш заттарды, түрпілі
ҚАЗАҚ 7
жөкелерді, еріткіштерді немесе
металл заттарды пайдаланбаңыз.
Тұмшапеш бүріккішін
пайдалансаңыз, орауыштағы
қауіпсіздік туралы нұсқауларды
орындаңыз.
Каталитикалық эмальды (бар
болса) жуғыш заттың ешбір түрімен
тазаламаңыз.
2.5 Ішкі жарықтама
ЕСКЕРТУ!
Электр қатері бар.
Осы өнімнің ішіндегі шам(дар) мен
шамдардың қосалқы бөлшектері
жеке сатылады: Бұл шамдар
температура, діріл, ылғалдылық
сияқты төтенше физикалық
жағдайларға тұрмыстық
құрылғылардың қарсы тұруына
немесе құрылғының жұмыс
жағдайы туралы сигнал беруге
арналған. Олар басқа
қолданбаларда пайдалануға
арналмаған және тұрғын үйлерді
жарықтандыруға сәйкес келмейді.
Техникалық параметрлері сай
келетін шамдарды ғана
пайдаланыңыз..
2.6 Сервис
Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Тек ғана фирмалық қосалқы
бөлшектерді қолданыңыз.
2.7 Қоқысқа тастау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Құрылғыға жақын орналасқан
электр сымын кесіп, қоқысқа
тастаңыз.
Балалар немесе үй жануарлары
барабанға қамалып қалмас үшін
есіктің бекітпесін алыңыз.
3. ОРНАТУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
3.1 Құрылғы орнатылатын
жер
Жеке тұратын бұл құрылғыңыздың бір
жағын немесе екі жағын ас үй
жиһазына тақатып, не бұрышқа
қоюыңызға болады.
Орнату барысында қалдыру керек
мин. қашықтықты кестеден қараңыз.
A
C
B
Мин. қашықтық
Өлшемі мм
A 400
B 650
C 150
3.2 Техникалық дерек
Кернеу 230 В
www.electrolux.com8
Жиілік 50 - 60 Гц
Қуат тиімділігінің класы A
Құрылғының сыныбы 1
Өлшемі мм
Биіктігі 858
Ені 500
Тереңдігі 600
3.3 Құрылғының деңгейін
реттеу
Құрылғының деңгейін басқа
құрылғылармен дәлдеу үшін
құрылғының астындағы кішкене
тіректерді қолданыңыз.
3.4 Еңкейтуден қорғау құралы
Еңкейтуден қорғау құралын бекіту
алдында құрылғы үшін дұрыс биіктік
пен аумақты орнатыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Еңкейтуден қорғау
құралын дұрыс биіктікте
орнатыңыз.
Құрылғының артқы беті
тегіс екеніне көз жеткізіңіз.
Еңкейтуден қорғау құралын міндетті
түрде орнату керек. Егер сіз оны
орнатпасаңыз, құрылғы еңкеюі мүмкін.
Құрылғыңызда суретте (егер бар
болса) көрсетілген таңба бар. Ол
еңкейтуден қорғау құралын орнату
туралы еске салады.
1. Еңкейтуден қорғау құралын
құрылғының үстіңгі бетінен 317 -
322 мм және бүйірінен 80 - 85 мм
төмен, кронштейндегі дөңгелек
саңылауға орнатыңыз. Оны қатты
материалға бұраңыз немесе тиісті
күшейтуді (қабырға)
пайдаланыңыз.
80-85
mm
317-322
mm
2. Бұл саңылауды құрылғының артқы
жағында таба аласыз. Құрылғының
алдын көтеріп, шкафтардың
арасындағы кеңістіктің ортасында
орнатыңыз. Егер орындық
шкафтарының арасындағы кеңістік
құрылғының енінен үлкенірек
ҚАЗАҚ 9
болса, бүйірлік өлшемді
құрылғының ортасына реттеу
керек.
Егер плитаның
өлшемдерін өзгертсеңіз,
еңкеймеу құралын дұрыс
туралауыңыз керек.
АБАЙЛАҢЫЗ
Егер орындық
шкафтарының арасындағы
кеңістік құрылғының енінен
үлкенірек болса, бүйірлік
өлшемді құрылғының
ортасына реттеу керек.
3.5 Электр орнату
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік
тарауларындағы қауіпсіздік
шараларын сақтамасаңыз,
өндіруші жауапты
болмайды.
Бұл құрылғы ашамен немесе желілік
кабельмен жабдықталмаған.
ЕСКЕРТУ!
Желілік кабельді
терминалға жалғамас
бұрын үй желісіндегі
фазалар арасындағы
кернеуді өлшеңіз. Содан
кейін дұрыс электр
орнатуды пайдалану үшін
құрылғының артқы
жағындағы жалғау
жапсырмасын қараңыз.
Бұл қадамдар реті орнату
қателері мен құрылғының
электр құрамдастарының
зақымдалуын
болдырмайды.
Әртүрлі фазаларда қолдануға
болатын кабельдердің түрлері:
Фаза Кабельдің мин.
өлшемі
1 3x6,0 мм²
3 бейтарап 5x1,5 мм²
ЕСКЕРТУ!
Қуат кабелі құрылғының
суретте күңгірттелген
бөлігіне тимеуі тиіс.
www.electrolux.com10
4. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
4.1 Жалпы шолу
8
9
10
12
11
1 12 3 4 5 6
7
13
1
2
3
4
1
Плита тетіктері
2
Температура тетігі
3
Температура индикаторы/таңбасы
4
Электрондық бағдарламашы
5
Плита шамы/таңбасы/индикаторы
6
Тұмшапеш функцияларының тетігі
7
Plus Steam түймесі
8
Қыздыру элементі
9
Шам
10
Желдеткіш
11
Сөре тірегі, алынбалы
12
Қуыстың шығыңқы жері
13
Сөре деңгейлері
4.2 Әзірлеу бетінің орналасуы
140 mm
140 mm
120/180 mm
140 mm
250 mm
6 5
1 2 3
4
1
Әзірлеу аймағы 1200 Вт
2
Бу шығысы - нөмірі мен орны
модельге байланысты
3
Әзірлеу аймағы 900 / 2000 Вт
4
Әзірлеу аймағы 1200 Вт
5
Қалдық қызу индикаторы
6
Әзірлеу аймағы 700 / 1700 Вт
4.3 Керек-жарақтар
Тор сөре
Ыдыстарға, торт қалыптарына,
қуырылған тағамдарға арналған.
Пісіру науасы
Торттар мен печеньелерге
арналған.
Гриль- / Қуыру табасы
Пісіру мен қуыруға немесе май
жинайтын таба ретінде
пайдалануға арналған.
Қосымша телескоптық
бағыттағыштар
Сөрелер мен науаларға арналған.
Оларға бөлек тапсырыс бере
аласыз.
Сақтау тартпасы
Сақтау тартпасы тұмшапеш
қуысының астында орналасқан.
ҚАЗАҚ 11
5. ЕҢ АЛҒАШ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
5.1 Алғашқы тазалау
Пештен керек-жарақтардың барлығын
және алмалы сөре сырғытпаларын
алыңыз.
"Күту менен тазалау" тарауын
қараңыз.
Пешті және керек-жарақтарды алғаш
рет пайдаланар алдында тазалаңыз.
Керек-жарақтарды және алмалы сөре
сырғытпаларын орындарына қойыңыз.
5.2 Уақытты орнату
Тұмшапешті іске қосар алдында
уақытты орнату керек.
индикаторы құрылғыны электр
қуатына қосқан кезде, тоқ сөніп
қалғанда немесе таймер
орнатылмаған кезде жыпылықтайды.
Дұрыс уақытты орнату үшін немесе
түймешігін басыңыз.
Шамамен бес секунд өткеннен кейін
жыпылықтау тоқтайды да, бейнебетте
сіз орнатқан тәулік уақыты көрсетіледі.
5.3 Уақытты өзгерту
Егер функциялардың кез
келгені жұмыс істеп тұрса,
сіз күннің уақытын өзгерте
алмайсыз.
Күндізгі уақыт функциясының
индикаторы жыпылықтағанша
түймесін қайта-қайта басыңыз.
Жаңа уақытты орнату үшін «Уақытты
орнату» тарауын қараңыз.
5.4 Батырма тетіктер
Құрылғыны іске пайдалану үшін оның
тетігін басыңыз. Тетік бері шығады.
5.5 Алдын ала қыздыру
Бос тұмшапешті алғаш пайдаланар
алдында қыздырыңыз.
Келесі функция үшін:
«Тұмшапеш - күнделікті
пайдалану» тарауының
«Функцияны белсендіру:
PlusSteam» бөлімін
қараңыз:
PlusSteam“ тарауларын
қараңыз.
1. функциясын орнатыңыз.
Максималды температураны
орнатыңыз.
2. Тұмшапешті 1 сағат қосып
қойыңыз.
3. . Максималды температураны
орнатыңыз. Бұл функцияның
максималды температурасы —
210 ° C.
4. Тұмшапешті 15 минут қосып
қойыңыз.
5. функциясын орнатып, мынаны
басыңыз: Plus Steam .
Максималды температураны
орнатыңыз.
6. Тұмшапешті 15 минут қосып
қойыңыз.
7. Тұмшапешті сөндіріңіз де,
салқындатыңыз.
Аксессуарлар әдеттегіден ыстығырақ
болуы мүмкін. Тұмшапештен иіс және
түтін шығады. Бөлмедегі ауа ағыны
жеткілікті екенін тексеріңіз.
6. ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
6.1 Пісіру алаңдарының
сипаттамасы
Пісіру алаңдары термостатпен
жабдықталған және таңдалған қызу
www.electrolux.com12
деңгейіне байланысты (сөніп, іске
қайта қосылып) үзіліссіз жұмыс істейді.
6.2 Қызу параметрі
Белгіше
лер
Функция
Сөндіру қалпы
Қос алаң
Жылы ұстау
1 - 9 Қыздыру параметрлері
Қуат тұтынуды азайту үшін
қалдық қызуды
пайдаланыңыз. Пісіру
алаңын тағам пісіруді
аяқтауға шамамен 5 - 10
минут қалғанда сөндіріңіз.
Таңдалған пісіру алаңының тетігін
қажетті қызу параметріне бұраңыз.
Пеш үстін басқару индикаторы
жанады.
Тағам пісіруді аяқтау үшін басқару
тетігін "оff" қалпына койыңыз.
Пісіру алаңдарының барлығы
сөндірілсе, пештің үстін басқару
индикаторы сөнеді.
6.3 Қарапайым пісіру алаңын
қолдану
Қарапайым пісіру алаңын пайдалану
үшін тиісті тетікті келесі қалыптардың
біріне бұраңыз: 1-9.
1-ден 3-ке дейінгі қызу
параметрлерінде алаң
шамамен 2-3 секунд қызыл
түсті болып жанып, содан
кейін сөнеді.
8-ші немесе 9-шы қызу
деңгейін орнатқан кезде
алаң ең жоғарғы қуат
деңгейінде жұмыс істейді.
6.4 Сыртқы шеңберлерді (қос
немесе сопақ) іске қосу және
сөндіру
Дайындаған бетті ыдыстың өлшеміне
қарай реттеуге болады.
1. Егер 1-ден 9-ға дейінгі қызу
деңгейін таңдасаңыз, пісіру
алаңының тек орталық бөлігі ғана
жұмыс істейді.
2. Сыртқы шеңберді іске қосу үшін
тетікті сағат тілінің бағытымен 9-
дан
белгісіне қарай асырып
қойыңыз.
3. Содан кейін тетікті сағат тілінің
бағытына қарсы бұрап, қажетті
қызу параметріне (1-9) қойыңыз.
Орталық бөлік пен сыртқы шеңбер
бірге жұмыс істейді.
Сыртқы шеңберді сөндіру үшін
басқару тетігін "оff" қалпына койыңыз.
Орталық бөлік те, сыртқы немесе
сопақ шеңбер де сөнеді. Индикатор
сөнеді. Пісіру алаңының орталық
бөлігін қайта қосу үшін қызу
параметрінің 1-9 аралығындағы
деңгейін таңдаңыз.
6.5 Қалдық қызу индикаторы
ЕСКЕРТУ!
Индикатор жанып тұрғанда
қалдық ыстықтан күйіктер
алу қаупі бар.
Әзірлеу аймағы ыстық болса
индикатор көрінеді, бірақ ол негізгі
қуат ажыратылған болса, жұмыс
істемейді.
Сондай-ақ бұл индикатор мына
жағдайда көрінуі мүмкін:
тіпті пайдаланып жатпасаңыз да,
іргелес әзірлеу аймақтары үшін,
суық әзірлеу аймағына ыстық ыдыс
қойылғанда,
плита белсенсіздірілгенде, бірақ
әзірлеу аймағы әлі ыстық кезде.
Бұл индикатор әзірлеу аймағы
суығанда жоғалады.
ҚАЗАҚ 13
7. ПЕШ - АҚЫЛ-КЕҢЕС
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
7.1 Ыдыс-аяқ
Пісіру нәтижелері ыдыстың
материалына байланысты
ұсынылады: алюминий, мыс
ұсынылмайды: тот баспайтын
болат, шойын, шыны
Ыдыстың түбі
мүмкіндігінше қалың және
тегіс болуы керек.
Плитаның үстіне қоюдан
бұрын табақтың таза және
құрғақ болуын қамтамасыз
етіңіз.
Керамикалық плитада
түптерінде айқын жиектер
немесе жоталар бар
ыдысты пайдаланбаңыз,
мысалы. шойын
табаларды. Олар плита
бетіне тұрақты қалатын
сызат түсіруі мүмкін.
Эмальмен қапталған
болаттан жасалған және
түбі алюминийден немесе
мыстан жасалған ыдыс-
аяқтар әйнек-керамикалық
беткейдің түсінің өзгеруіне
әкелуі мүмкін.
Қуатты үнемдеу және плитаның дұрыс
жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін
ыдыс түбінің қолайлы минималды
диаметрі болуы керек (кемінде, аймақ
диаметрімен бірдей).
7.2 Тағам пісіру
бағдарламаларының үлгілері
Кестедегі деректер
жалпылама нұсқау ретінде
ғана берілген.
Қызу
параметрі
Пайдалану: Уақыт
(мин.)
Ақыл-кеңес
- 1
Піскен тағамды жылы
ұстаңыз.
қажет
болған
жағдай
да
Ыдыстың қақпағын
жабыңыз.
1 - 2 Голланд тұздығы,
балқытылған: сары май,
шоколад, желатин.
5 - 25 Ара-тұра араластырыңыз.
1 - 2 Қойылту: шайқалған омлет,
піскен жұмыртқалар.
10 - 40 Қақпағын жауып пісіру
керек.
www.electrolux.com14
Қызу
параметрі
Пайдалану: Уақыт
(мин.)
Ақыл-кеңес
2 - 3 Күріш және сүтке пісірілген
тағамдарды баяу қайнату,
дайын тағамдарды
жылыту.
25 - 50 Кемінде күріштен екі есе
көп сұйық қосыңыз, сүт
тағамдарын пісірудің
ортасына келгенде
араластырыңыз.
3 - 4 Буға піскен көкөністер,
балық, ет.
20 - 45 Бірнеше ас қасық сұйықтық
құйыңыз.
4 - 5 Буға піскен картоптар. 20 - 60 750 г картопқа ең көбі ¼ л
су пайдаланыңыз.
4 - 5 Көп мөлшердегі тағамдар,
бұқтырылған тағамдар мен
көже пісіру.
60 -
150
3 литрге дейін су және
құраластар.
6 - 7 Баппен қуыру: эскалоп,
"кордон блё" бұзау еті,
котлет, риссоль, шұжық,
бауыр, майға қуырылған
ұн, жұмыртқа, құймақ,
бауырсақ.
қажет
болған
жағдай
да
Уақыттың жартысы
өткенде аударыңыз.
7 - 8 Қатты қуыру, қуырылған
картоп, қоң ет,
бифштекстер.
5 - 15 Уақыттың жартысы
өткенде аударыңыз.
9 Суды қайнату, макарон пісіру, етті қызартып қуыру (гуляш,
бұқтырып пісіру), фри қуыру үшін.
8. ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
8.1 Жалпы ақпарат
Пешті әр пайдаланғаннан кейін
тазалап отырыңыз.
Әрқашан табаны таза ыдысты
пайдаланыңыз.
Пештің бетіне түскен сызаттар
немесе қошқыл дақтар оның
жұмысына ешқандай әсер етпейді.
Пештің бетіне арналған арнайы
тазалағышты пайдаланыңыз.
Әйнекке арналған арнайы
қырғышты қолданыңыз.
8.2 Пештің үстін тазалау
Дереу тазалаңыз: еріген пластик,
пластик жұқалтыр, қант және қанты
бар тағам немесе қоқыстар пештің
бетіне зақым келтіруі мүмкін. Күйіп
қалмау үшін абай болыңыз.
Қырғышты шыны бетке арнайы
сүйір бұрыш жасап қойып, оны
жылжыта отырып тазалаңыз.
Пештің үсті жеткілікті түрде
суыған кезде алыңыз: әк дақтары,
су дақтары, май дақтары, металдың
жылтыраған дақтары. Пештің бетін
дымқыл шүберекпен және жеміргіш
емес жуғыш затпен тазалаңыз.
Тазалап болғаннан кейін пештің
үстін жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Жылтыраған металл дақтарын
кетіріңіз: қопсытқыш пен лимон
шырынын немесе сірке суының
қоспасын пайдаланыңыз.
ҚАЗАҚ 15
9. ТҰМШАПЕШ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
9.1 Тұмшапешті қосу және
өшіру
1. Тұмшапеш функциясын таңдау
үшін тұмшапеш функциялары
тетігін бұраңыз.
2. Температураны таңдау үшін
температура тетігін бұраңыз.
Тұмшапеш іске қосылғанда шам
жанады.
3. Тұмшапешті сөндіру үшін
тұмшапеш функциялары мен
температура тетіктерін "сөндіру"
қалпына бұрыңыз.
9.2 Қауіпсіздік термостаты
Тұмшапеш дұрыс жұмыс істемесе
немесе бөлшектерінде ақау бар болса,
қатты қызып кету қаупі бар. Бұндай
жағдайдың алдын алу үшін тұмшапеш
тоқты кідіртуге арналған термостатпен
жабдықталған. Температура
төмендеген кезде тұмшапеш қайта
автомтты түрде қосылады.
9.3 Тұмшапеш функциялары
Таңба Тұмшапеш
функциялары
Қолдану
Өшірулі күйі Тұмшапеш өшірулі.
Тұмшапеш
шамы
Шамды пісіру функциясынсыз қосу үшін.
+
PlusSteam Тағам пісіру барысында ылғал қосуға
арналған. Пісіру кезінде дұрыс түсті және
қытырлақ қабықты алуға арналған. Қайта
қыздыру кезінде барынша сөлді етуге
арналған. Жемістерді не көкөністерді
консервілеу үшін.
Жеңіл
желдеткішпен
пісіру
Етті балбыратып, сөлді етіп қуыру үшін не
кез келген жемісті не көкөністерді кептіру
үшін.
Астыңғы
қыздыру
Торттың қыртысын кіртілдек етіп пісіруге
арналған.
Дәстүрлі пісіру Тағамды бір сөре деңгейінде пісіру және
қуыру үшін.
Жылдам гриль Жалпақ тағамның үлкен мөлшерін қақтауға
және наннан гриль жасауға арналған.
Турбо гриль Үлкенірек ет кесектерін немесе сүйегі бар құс
етін бір сөреге қойып, қуыруға арналған.
Гратин жасауға және қызартуға арналған.
www.electrolux.com16
Таңба Тұмшапеш
функциялары
Қолдану
Желдеткішпен
пісіру
Пісіру температуралары бірдей тағамды бір
емес, бірнеше сөреге қойып, иістерін
сіңірмей қуыруға немесе қуырып-пісіруге
арналған.
Ылғалмен пісіру Бұл тағам пісіру барысында қуатты
үнемдеуге арналған функция. Әзірлеу
туралы нұсқауларды «Кеңестер» тарауының
Ылғалмен пісіру бөлімін қараңыз. Функцияға
кедергі келтірмеу үшін және тұмшапеш
қуатты ең көп үнемдеп істеуі үшін пісіру
барысында тұмшапештің есігі жабық болуы
керек. Бұл функцияны пайдаланғанда ішкі
температура орнатылған температурадан
өзгеше болуы мүмкін. Қыздыру қуаты азаюы
мүмкін. Жалпы қуат үнемдеуге арналған
ұсыныстарды "Қуат тиімділігі" тарауы,
“Тұмшапеш - Қуат үнемдеу” тарауынан
қараңыз.
Ыстық
желдеткішпен
пісіру
Бір уақытта екі сөре деңгейінде әзірлеуге
және тағамды кептіруге арналған.
Температураны Дәстүрлі пісіру режимінен 20
- 40 °C төменірек орнатыңыз.
Еріту Тағам жібіту үшін (көкөністер және жеміс).
Еріту уақыты мұздатылған тағамның мөлшері
мен өлшеміне байланысты.
9.4 Функцияны іске қосу:
PlusSteam
Бұл функция тағам пісіру барысында
ылғалдылықты жақсартуға ықпал
етеді.
ЕСКЕРТУ!
Күйіп қалу және құрылғыны
бүлдіріп алу қаупі бар.
Шыққан ылғал күйдіруі мүмкін:
Функция қолданғанда құрылғының
есігін ашпаңыз: PlusSteam.
Функцияны қолданып болғаннан
кейін құрылғының есігін абайлап
ашыңыз: PlusSteam.
“Ақыл-кеңестер және
ұсыныстар” тарауын
қараңыз.
1. Тұмшапештің есігін ашыңыз.
2. Корпустың белгіленген деңгейіне
дейін су құйыңыз.
Корпустың белгіленген деңгейінің
ең үлкен сыйымдылығы 250 мл.
Корпустың белгіленген жеріне
дейін сумен толтыру кезінде
тұмшапеш салқын болуы керек.
3. Функцияны орнатыңыз: PlusSteam
.
4. Плюс Бу түймешігін басыңыз.
Бу плюс түймесі мына функциямен
бірге ғана жұмыс істейді:
PlusSteam.
Индикатор жанады.
5. Температураны таңдау үшін
температура тетігін бұраңыз.
6. Құрылғыға тағам қойыңыз және
тұмшапештің есігін жабыңыз.
ҚАЗАҚ 17
АБАЙЛАҢЫЗ
Тағам пісіру
барысында немесе
тұмшапеш ыстық
тұрғанда корпусты
белгіленген жеріне
дейін сумен
толтырмаңыз.
7. Құрылғыны сөндіру үшін Плюс Бу
түймешігін басып, тұмшапеш
функциялары мен температура
тетіктерін "сөндіру" қалпына
қойыңыз.
Плюс Бу түймешігінің индикаторы
сөнеді.
8. Корпустың белгіленген деңгейінен
суды ағызыңыз.
ЕСКЕРТУ!
Корпустың белгіленген
деңгейінен қалған суды
ағызу алдында
құрылғының суығанына
көз жеткізіңіз.
10. ТҰМШАПЕШ - САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ
10.1 Дисплей
A B
A. Сағат функциялары
B. Таймер
10.2 Түймелер
Түйме Функция Сипаттама
МИНУС Уақытты қоюға арналған.
САҒАТ Сағат функциясын орнату үшін.
ПЛЮС Уақытты қоюға арналған.
Плюс Бу Функцияны қосу үшін: PlusSteam.
10.3 Сағат функцияларының кестесі
Сағат функциясы Қолдану
ТӘУЛІК
УАҚЫТЫ
Тәулік уақытын орнату, өзгерту немесе тексеру үшін.
ҰЗАҚТЫҚ Тұмшапештің қанша уақыт жұмыс істейтінін орнату
үшін.
МИНУТ
САЙЫНҒЫ
ДЫБЫС
Кері санақ уақытын орнатуға арналған. Бұл функция
тұмшапештің қызметіне әсер етпейді. МИНУТ
САЙЫНҒЫ ДЫБЫСТЫ кез келген уақытта,
тұмшапеш өшірулі кезде де орнатуға болады.
www.electrolux.com18
10.4 ҰЗАҚТЫҚ функциясын
орнату
1. Тұмшапештің функциясы мен
температурасын орнатыңыз.
2.
түймесін жыпылықтай
бастағанша қайта-қайта басыңыз.
3. немесе түймесін ҰЗАҚТЫҚ
уақытын орнату үшін басыңыз.
Бейнебетте көрсетіледі.
4. Уақыт аяқталғанда
жыпылықтап, дыбысты сигнал
естіледі. Құрылғы автоматты түрде
сөнеді.
5. Дыбыстық сигналды тоқтату үшін
кез келген түймешікті басыңыз.
6. Пеш функцияларының тетігін және
температура тетігін сөндіру
қалпына бұраңыз.
10.5 МИНУТ ОПЕРАТОРЫН
орнату
1. түймесін жыпылықтай
бастағанша қайта-қайта басыңыз.
2. Қажетті уақытты орнату үшін не
басыңыз.
Минут операторы 5 секундтан кейін
автоматты түрде іске қосылады.
3. Орнатылған уақыт аяқталған кезде
дыбыстық сигнал естіледі.
Дыбыстық сигналды тоқтату үшін
кез келген түймешікті басыңыз.
4. Тұмшапеш функциясының тетігін
және температура тетігін "off"
(сөндірулі) қалпына қойыңыз.
10.6 Сағат функцияларын
біржола тоқтату
1. түймесін қажетті функцияның
индикаторы жыпылықтай
бастағанша қайта-қайта басыңыз.
2. түймешігін басып ұстап
тұрыңыз.
Сағат функциясы бірнеше секундтан
кейін сөнеді.
11. ТҰМШАПЕШ - КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
11.1 Аксессуарларды салу
Тор сөре:
Сөре тірегінің бағыттағыштарының
арасына сөрені қойыңыз.
Науа:
Әзірлеу науасын қуыстың
артқы қабырғасына дейін
итермеңіз. Бұл жылудың
науаның айналасында
айналуына жол бермейді.
Тамақ күйіп кетуі мүмкін,
әсіресе науаның артқы
бөлігінде.
Сөре тірегінің бағыттағыштарының
арасына науаны немесе терең табаны
итеріңіз. Тұмшапештің артқы
қабырғасына тимейтінін тексеріңіз.
Сым сөрені және терең табаны бірге
пайдалану:
ҚАЗАҚ 19
Сөре тірегінің бағыттағыштар және
жоғарыдағы бағыттағыштардағы сым
сөре арасына терең табаны итеріңіз.
12. ТҰМШАПЕШ - КЕҢЕСТЕР
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
Кестелердегі температура
мен пісіру уақыттары тек
ұсыныстар болып
табылады. Олар
рецептерге және
пайдаланылатын
ингредиенттердің сапасы
мен мөлшеріне
байланысты.
12.1 Жалпы ақпарат
Құрылғының төрт сөре деңгейі бар.
Сөренің деңгейлерін құрылғының
астыңғы жағынан бастап санаңыз.
Құрылғыда ауаны айналдыратын және
буды үздіксіз қайта айналдырып
отыратын арнайы жүйе бар. Бұл жүйе
арқылы сіз булы ортада әзірлей
аласыз және тағамның ішін жұмсақ, ал
сыртын қытырлақ күйде ұстай аласыз.
Бұл пісіру уақыты мен қуатты
тұтынуды барынша азайтады.
Құрылғының ішіне немесе есігінің
шыны панельдеріне ылғал тұруы
мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Пісіру
барысында құрылғының есігін
ашқанда үнемі артқа шегініңіз. Буды
азайту үшін құрылғыны тағам пісіру
алдында кемінде 10 минут қосыңыз.
Құрылғының ылғалын әр пайдаланып
болған сайын тазалаңыз.
Пісірген кезде заттарды құрылғының
табанына және алюминий жұқалтырды
құрылғының құралас бөліктеріне
қоймаңыз. Бұл пісіру нәтижесін
өзгертуі және эмальға нұқсан келтіруі
мүмкін.
12.2 Пісіру
Алғаш рет пісірген кезде төменгі
температураны қолданыңыз.
Егер торттарды бірнеше сөрелерге
қойып пісірсеңіз, пісіру уақытын 10 – 15
минутқа созуға болады.
Биіктіктері әр түрлі кекстер мен тәтті
тоқаштар бірдей қызармауы мүмкін.
Егер біркелкі қызармаса температура
параметрін өзгертудің қажеті жоқ.
Пісіру барысында қызару деңгейлері
теңеседі.
Пісіру кезінде тұмшапештегі науа
майысып қалуы мүмкін. Науалар
суыған кезде майысқаны қалпына
келеді.
12.3 Бәліштерді пісіру
Орнатылған әзірлеу уақытының 3/4
бөлігі өтпей тұрып тұмшапеш есігін
ашпаңыз.
Егер сіз бір уақытта екі пісіру науасын
пайдаланып жатсаңыз, олардың
арасында бір деңгейді бос ұстаңыз.
12.4 Ет пен балықты пісіру
Тұмшапеште біржола қалуы мүмкін
дақтарды болдырмау үшін өте майлы
тағамға арналған терең табаны
пайдаланыңыз.
www.electrolux.com20
/