• Ас үй қаптамасы мен ұясының
өлшемдері құрылғыға сай келуге
тиіс.
• Құрылғылар мен заттардың
арасындағы минимум қашықтықты
сақтаңыз.
• Құрылғыны орнату талаптарына
сәйкес ыңғайлы және қауіпсіз жерге
орнатыңыз.
• Құрылғының бөлшектерінде кернеу
бар. Құрылғының қауіпті
бөлшектеріне қол тиіп кетпес үшін
оны ас үй қаптамасымен жабыңыз.
• Құрылғының бүйір жақтарында
биіктігі осы құрылғының биіктігімен
бірдей құрылғылар орнатылуы
керек.
• Құрылғыны есікке жақын жерге
терезенің астына қоймаңыз. Бұл
есік немесе терезе ашылған кезде
ыстық ыдыс құрылғыдан құлап
кетпеу үшін қажет.
• Құрылғы аударылып кетпес үшін
оны орнықты етіп орнататын
құралдарды орнатыңыз. Орнату
тарауын қараңыз.
2.2 Электр тогына қосу
ЕСКЕРТУ!
Өрт және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
• Барлық электр қосылымдарын
ұсынған білікті электрик орнатуы
керек.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
• Техникалық ақпарат тақтасындағы
параметрлердің негізгі қуатпен
жабдықтау желісіндегі электр
параметрлеріне сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз.
• Әрқашан дұрыс орнатылған,
соққыға төзімді розетканы
қолданыңыз.
• Көп тармақты адаптер мен
ұзартқыш сымды қолданбаңыз.
• Электр сымдарына қол тигізуге
немесе құрылғының есігіне не
құрылғының төменгі жағына,
әсіресе ыстық тұрған есікке
жақындауға болмайды.
• Ток жүріп тұрған және
гидроизоляциясы бар бөлшектерді
электр қатерінен қорғау үшін
құралсыз алынбайтын етіп мықтап
орнату керек.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан
кейін ғана қосыңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
• Егер розетка бекітілмеген болса,
ашаны жалғамаңыз.
• Құрылғыны ажырату үшін электр
сымынан тартпаңыз. Әрдайым
қорек ашаны қолмен тартып
шығарыңыз.
• Тек дұрыс оқшаулағыш құралдарды
қолданыңыз: желіні қорғайтын
ажыратқыштарды,
сақтандырғыштарды (ұстатқыштан
алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге
тұйықталудан қорғау тетіктері мен
тұйықтағыштарды пайдаланыңыз.
• Электр қондырғысында құрылғыны
кез келген ток полюстерінен
ажыратуға мүмкіндік беретін
оқшаулағыш құрылғы болуы керек.
Оқшаулағыш құрылғыда кеңдігі 3
мм-ден кем емес саңылау болу
керек.
• Ашаны розеткаға қосар алдында
құрылғының есігін толық жабыңыз.
2.3 Пайдалану
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу және күйіп
қалу қаупі бар.
Ток соғуы қаупі бар.
• Бұл тек үйде ғана пайдалануға
арналған құрылғы.
• Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
• Желдеткіш саңылаулардың
бітелмегенін тексеріңіз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
• Құрылғыны пайдаланып болғаннан
кейін әрқашан сөндіріңіз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғының
есігін ашқан кезде абай болыңыз.
Ыстық ауа шығуы мүмкін.
• Құрылғыны дымқыл қолмен немесе
суды қолданып тұрған кезде
пайдаланбаңыз.
www.electrolux.com6