Siemens MQ67115/01 Руководство пользователя

  • Привет! Я прочитал руководство по эксплуатации погружного блендера Siemens MQ67. Готов ответить на ваши вопросы о его использовании, функциях, чистке и рецептах из руководства. Например, я знаю, как решить проблему, если блендер неожиданно выключится, и как правильно снять насадки.
  • Что делать, если блендер выключается во время работы?
    Можно ли мыть погружной блендер в посудомоечной машине?
    Как снять насадку для взбивания?
de Gebrauchsanleitung
en Operating instructions
fr Notice d’utilisation
it Istruzioni per l’uso
nl Gebruiksaanwijzing
da Brugsanvisning
no Bruksanvisning
sv Bruksanvisning
fi Käyttöohje
el Οδηγίες χρήσης
tr Kullanma talimatı
kk Пайдалану туралы нұсқаулығы
ru Инструкция по эксплуатации
ar
MQ67...FQ.1
55
Мазмұны
Өз қауіпсіздігіңіз үшін . . . . . . . . . . . . . 55
Жалпы мәліметтер . . . . . . . . . . . . . . . 57
Қолдану . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 57
Тазалау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 58
Қате мен бөгет болған
жағдайлардағы көмек (MQ67...) . . . . 58
Тағам рецепттері мен кеңестер . . . . 58
Кәдеге жарату бойынша нұсқаулар . 59
Кепілдеме шарттары . . . . . . . . . . . . . 59
Өз қауіпсіздігіңіз үшін
Бұл бұйым үшін маңызды қауіпсіздік және қолдану нұсқауларын
алу үшін осы қолдану туралы нұсқаулығын толығымен мұқиятпен
оқып шығыңыз.
Бұйымды лайықты түрде қолдану туралы нұсқауларға сай әрекет
етілмегенде осы әрекеттерден шығатын шығындар үшін
шығарушы тарапынан кепілдеме берілмейді.
Бұл бұйым тұрмыстық жағдайларда азық-түлік өнімдерінің
тұрмыстық көлемдерде немесе тұрмыстық жағдайларға ұқсас
бейкоммерциялық мақсаттарда өңдеу үшін арналған.
Тұрмыстық жағдайларға ұқсас қолдану қатарына, мысалы,
бұйымды дүкендер, кеңселер, ауылшаруашылық және басқа
коммерциялық өндірістердегі қызметкерлер асханаларында
қолдану, немесе пансиондарда, шағын қонақ үйлерде немесе
осыларға ұқсас жерлерде қолдану жатады. Бұйымды тек қана
азық-түлік өнімдерін қалыпты тұрмыстық көлемде мен уақытта
өңдеу үшін қолданыңыз. Электрбұйым тек қана азық-түлік
өнімдерді ұсақтау немесе араластыру үшін мақсатталған.
Бұйымды басқа нәрселерді немесе заттарды өңдеу үшін қолда-
нуға болмайды. Қолдану туралы нұсқаулығын сақтап жүріңіз.
Бұйымды басқа адамдарға бергеніңізде онымен бірге Қолдану
туралы нұсқаулығын да бірге беріңіз.
, Жалпы қауіпсіздік нұсқаулары
Электр тоқ соққысы қауібі
Бұл бұйым балалар тарабынан қолданбауы керек. Бұйымды және
оның кабелін балалардан ұзақ жерде сақтау керек. Бұл бұйымдар
физикалық, сезімдік және психикалық мүмкіндіктері шектеулі,
сонымен бірге тәжірибесі және білімі жеткіліксіз адамдар тарапы-
нан тек бақылау астында болғандарында, немесе бұйымды
қауіпсіз түрде қолдану бойынша мәліметтерін өздеріне жауапты
тұлғалардан алып, осы бұйымды қолдану арқылы пайда бола
алатын қауіптерін түсінгендерінде ғана қолданыла алады.
Балардың бұл бұйыммен ойнамауы қажет.
kk
SIEMENS фирмасының жаңа бұйымын
сатып алғаныңызбен құттықтаймыз.
Осы бұйымды сатып алумен Сіз өз
шешіміңізді замануи, жоғары сапалы
тұрмыстық электрбұйымы үшін жасады-
ңыз. Біздің бұйымдарымыз туралы
қосымша мәліметтерді ғаламтордағы
бетімізде таба аласыз.
MQ67115_de-ar.book Seite 55 Mittwoch, 14. Januar 2015 7:30 07
56
Бұйымды тек қана бұйым тақташасында көрсетілген мәліметтері
бойынша іске қосып қолданыңыз. Тек қана жабық бөлмелерде
қолдану үшін. Тоқ беру жүйесі мен бұйымның өзінде ешбір
зақымданған не бұзылған жерлері болмағанда ғана қолданыңыз.
Электрбұйым жұмыс істегенде жылжып тұратын қосалқы немесе
қосымша бөлшектерді ауыстыру алдында электрбұйымды өшіріп,
оның ашасын тоқ беру жүйесінен ажырату керек.
Бұйымды, оны бақылаусыз қалдырғаныңызда, құрастырып
орнатқаныңызда, бөлшектегеніңізде немесе тазалағаныңызда
әрқашан электр тоқ жүйесінен ажыратыңыз.
Бұйым кабелін өткір немесе ыстық жерлер арқылы тартпаңыз.
Осы бұйымның кабелі бұзылып зақымданған күйде болса,
қауіптердің пайда болуын болдырмау үшін, оның шығарушы
немесе техникалық қызмет көрсету орталығының маманы
арқылы, немесе осыларға ұқсас арнайы білімі бар адам
тарабынан ауыстырылуы қажет.
Бұйымды жөндеу жұмыстары тек қана техникалық қызмет
көрсету орталығының маманы арқылы өткізілуі қажет.
, Бұл бұйым үшін қауіпсіздік нұсқаулары
Жаралану қауібі
Электр тоқ соққысы қауібі
Батырмалы блендерді сулы қолмен немесе бос болған түрінде
қолдануға болмайды.
Электрбұйымды, оның негізгі құралының араластыру аяғының
біріктіріп қосу жері арқылы сұйықтықтарға батырмаңыз.
Бұйым тұрқысын ешқашан сұйық заттарға малуға және ыдыс
жуу машинасында тазалауға болмайды. Ыстық болып тұрған
сұйықтықтарды өңдеу барысында абайлап әрекет етіңіз.
Сұйықтықтар өңдеу барысында шашырап кетуі мүмкін.
Араластыру аяғын ешқашан ыстық үстілер үстіне қоймаңыз
немесе өте ыстық болып тұрған араластырылатын өнімдер ішінде
қолданбаңыз. Ыстық болып тұрған араластырылатын өнімдерді
блендермен араластыру алдынан 80 °C немесе одан да төмені-
рек қылып суытып алыңыз. Батырмалы блендерді тамақ пісіру
кастрөл ішінде қолдану алдында кастрөлді алдымен тамақ пісіру
пешінен алып қойыңыз. Батырмалы блендерді тек қана түпнұсқа-
лық толымдауыштармен қолданыңыз. Аспаптарды құрал тоқтаты-
лып қойылғанда ғана енгізуге немесе шығарып алуға болады.
Электрбұйым ешқашан араластырылатын өнімдерді өңдеу үшін
керекті уақытынан ұзағырақ уақыт бойы қосылып қойылмауы
лазым. Араластыру шынаяғы шағын толқынды пеште қолдану
үшін жарамды емес.
kk
MQ67115_de-ar.book Seite 56 Mittwoch, 14. Januar 2015 7:30 07
57
Өткір пышақ/айналып тұратын жетегі арқылы жаралану қауібі!
Араластыру аяғындағы пышақты ешқашан ұстамаңыз.
Пышақты ешқашан жалаңаш қолмен тазаламаңыз.
Ол үшін тазалау қылшағын қолданыңыз.
Осы қолдану нұсқаулығы ішінде түрлі
үлгілер сипатталған. Сурет беттерінде
бұйымдардың түрлі үлгілердің тізімі
беріледі (
суретін қараңыз).
Жалпы мәліметтер
Екі жағынан жайып ашыңыз.
cурет
егізгі құрал
елі кабелі
3 Айналым санын реттеуіш
Жұмыс жылдамдығы ең төменгі ()
және ең жоғарғы (12) айналым саны
арасында сатысыз реттеліп қойыла
алынады (тек қана 4a түймешігімен
бірге).
осу түймешігі
a Реттеліп отыра алынатын жылдам-
дық (3 айналым саны реттеуішімен)
b Турбо жылдамдығы
Қосу түймешігі (a немесе b) басылып
тұрған уақыт бойы батырмалы блендер
қосылып тұрады. Турбо жылдамдығы
әмбебап ұсатқыш үшін қолданылады
(сату жиынтығы құрамында бар болса).
5 Оқшаулаудан шығару түймешіктері
Араластыру аяғын шығарып алу үшін
оқшаулаудан шығару түймешіктерінің
екеуін де бір уақытта бірге басыңыз.
раластыру аяғы
Пластиктен немесе металлдан
(үлгісіне қарай) жасалған араластыру
аяғын үстінен енгізіп, толығымен
қондырып алыңыз.
7 Араластыру аяғының пышағы
раластыру шынаяғы
Араластыру шынаяғында жұмыс істеу
арқылы араластырылатын өнімдердің
шашылуына жол берілмейді.
модельге қарай:
раластыру үшін қақпақ
Өнделінген өнімдерді сақтай алу
үшін араластыру шынаяғын үстінен
қақпақпен жауып қойыңыз.
10 Жетегі бар бұлғауыш
11 Жетегі бар езгіш қондырғысы
12 Әмбебап ұсатқыш
13 Әмбебап ұсатқышы үшін қақпақ
Өнделінген өнімдерді сақтай алу
үшін әмбебап ұсатқышын үстінен
қақпақпен жауып қойыңыз.
Әмбебап ұсатқыш сатылу немесе жеткізіліп
берілу құрамына кірмесе, оны қызмет
көрсету орталығы арқылы тапсырыс беріп
сатып алуға болады (тапсырыс беру үшін
нөмірі: 657248).
Әмбебап ұсатқыш арқылы нанға жағы-
латын бал қосылған пастасын дайындау
барысында электр бұйымның қабілеттерін
толығымен қолдана алуыңызға болады
(берілген рецепт реттерін ұстанғаныңызда).
Рецептті әмбебап ұсатқыштың қолдану
нұсқаулығында таба аласыз.
Қолдану
Бұл құрал майонез, соустар, араластырыл-
ған сұсындар, балалар тағамдары, пісіріл-
ген жеміс пен көкөністерді араластыру
үшін жарамды.
Көжелер мен сорпаларды езбелеп
араластыру үшін.
Өңделмеген шикі азық-түлік өнімдерін
(пияз, сарымсақ, дәмдеуіш көктерін, ...)
ұсату/турау үшін әмбебап ұсатқышын
қолданыңыз!
Жұмыс істеу үшін жеткізу қорап құрамын-
дағы араластыру шынаяғын қолдануыңыз
лазым. Басқа лайықты ыдыстарды
да қолдануыңызға болады.
Сақтандыру!
Қолданылатын құрылғылар астыларында
ешбір дөңес жерлері болмауы қажет.
Алғашқы қолдану алдынан барлық
бөлшектерін тазалап алыңыз.
cурет
Желі кабелін толығымен ораудан
жазып алыңыз.
Араластыру аяғын негізгі құрал үстінен
қойып, толығымен қондырыңыз.
Бұйым айырын электр қуат жүйесіне
қосыңыз.
Азық-түлік өнімдерін араластыру
шынаяғына немесе басқа бір биік
ыдысқа салыңыз.
kk
MQ67115_de-ar.book Seite 57 Mittwoch, 14. Januar 2015 7:30 07
58
Өнделетін азық-түлік өнімдерінде
біраз сұйықтық бар болғанда блендер
жұмысы жақсырақ болады.
Өзіңіз қалаған айналым санын
айналым сандар реттеуіші арқылы
белгілеңіз (
-5 суреті).
Сұйықтықтарды, ыстық араластыры-
латын өнімдерді өндегенде және
басқа өнімдерді қосқанда (мысалы
йогуртқа мюсли қосқанда) төменірек
айналым санның қойылуы лазым.
Жоғарырақ айналым сандарын қатты-
рақ азық-түлік өнімдерін өндеу үшін
таңдау лазым.
Батырмалы блендер мен тостағанды
берік ұстап тұрыңыз.
Батырмалы блендерді өзіңіз қалаған
қосу түймешігін басу арқылы іске
қосыңыз.
Араластыру шынаяғы астында “қадала
сорылып қалуын” болдырмау үшін
блендерді іске қосу уақытта блендерді
біраз қиғаштап ұстауыңыз лазым.
Қосу түймешігі басылып тұрған уақыт
бойы блендер қосылып тұра береді.
Араластырылатын өнімдердің шашы-
лып кетуін болдырмау үшін, қосу
түймешігін тек араластыру аяғы
араластырылатын өнімдер ішіне
батырылғанында ғана басуыңыз керек.
Араластырылатын өнімдерден шығару
алдынан блендерді ылғи алдымен
өшіріп қоюыңыз керек.
Өндеуді аяқтағаннан кейін қосу
түймешігін босатыңыз.
Жұмыстан кейін:
Бұйым айырын электр жүйесінен
ажыратыңыз.
Оқшаулаудан шығару түймешігін
басып, араластыру аяғын негізгі
құралдан шығарыңыз.
Тазалау
Сақтандыру!
Бұйым тұрқысын ешқашан сұйық заттарға
малуға және ыдыс жуу машинасында
тазалауға болмайды.
Бумен тазалау құралын қолданбаңыз!
Үстілердің бұзылып кетуіне апаруы
мүмкін. Ешбір қыра алатын тазалау
бұйымдарын қолданбаңыз.
Қызыл орамжапырақ және сәбіз сияқты
өнімдерді өндегенде пластмассадан
жасалған бөлшектерінің боялып кетуі
мүмкін – оларды өсімдік тағам майдың
бірнеше тамшысы арқылы кетіруге
болады.
Бұйым айырын электр жүйесінен
ажыратыңыз!
Негізгі құралды ылғалды шүберекпен
сүртіп, одан кейін құрғатып сүртіңіз.
Араластыру тостағанын ыдыс жуу
машинасында жууға болады.
Араластыру аяғын ыдыс жуу
машинасында немесе ағып тұрған
су астында қылшақпен тазалаңыз.
Араластыру аяғын, ішіне кіріп қалған
судың ағып шығуын қамтамасыз ету
үшін, тік тұрған қалпында (араластыру
аяғының пышағын жоғарыға қарай
қойып) құрғатыңыз.
Назарыңызға:
Шиыршық кабелі бар бұйымдар үшін:
кабельді ешқашан электрбұйымды
айналдыра орамаңыз!
Қате мен бөгет болған жағдай-
лардағы көмек (MQ67...)
Қателер мен бөгеттер осыдан кейін
де жойылмаса техникалық қызмет
көрсету орталығымен хабарласыңыз.
Тағам рецепттері мен
кеңестер
Майонез
1 жұмыртқа (сарыуызы мен ағы)
1 АҚ (ас қасық) қыша
1 АҚ лимон шырыны немесе сірке суы
kk
Қателер мен
бөгеттер Шешу жолдары
Электрбұйы
м қолдану
барысында
өшіріледі.
Шамадан артық жұмыс-
тан қорғау жүйесі іске
қосулы.
Электрбұйымды өшіріп,
желі айырын электр тоқ
беру жүйесінен ажыра
-
тыңыз.
Шамадан артық жұмыс
-
тан қорғау жүйесін өшіру
үшін электрбұйымды
шамамен 1 сағат бойы
суытып алыңыз.
Бұйымды қайта қосыңыз.
MQ67115_de-ar.book Seite 58 Mittwoch, 14. Januar 2015 7:30 07
59
200–250 мл өсімдік майы
өзіңіз қалағанша тұз, бұрыш
Өнімдер біркелкі жылылық деңгейде болуы
қажет!
Өнімдерді шынаяққа салыңыз.
Батырмалы блендерді шынаяқ еденіне
үстінен енгізіп, араласпа біркелкі
эмульсияға айналғанша дейін қосып
тұрыңыз (Турбо жылдамдылығы).
Қосылып тұрған блендерді майонез
дайын болғанша дейін ақырын ғана
араласпаның жоғарғы шетіне дейін
көтере және қайта батырып отырыңыз.
Кеңес: Майонезді осы рецепт бойынша
жұмыртқаның тек сарыуызымен де
дайындауыңызға болады. Бұл жағдайда
өсімдік майдың берілген көлемінің
жартысын ғана қосыңыз.
Көкөніс көжесі
300 г картоп
200 г сәбіз
1 кішкентай балдыркөк
2 қызанақ
1 пияз
50 г сары май
2 л су
өзіңіз қалағанша тұз, бұрыш
Қызанақтардың қабықшалары
мен дәндерін алып тастаңыз.
Тазаланған және жуылған
көкөністерді кесектерге кесіп,
ыстық сары майда бұқтырыңыз.
Су қосып, тұздаңыз.
Барлығын 20–25 мин. бойы пісіріңіз.
Кастрөлді пештен алыңыз.
Көжені блендермен кастрөл
ішінде езбелеп араластырыңыз.
Тұз бен бұрыштың дәмін көріп,
керек болса, оларды тағы қосыңыз.
Жұқа құймақ қамыры
250 мл сүт
1 жұмыртқа
100 г ұн
25 г ерітіліп, суытылып алынған сары май
Өнімдердің барлығын көрсетілген реті
бойынша шынаяққа салып, біркелкі
қамыр пайда болғанша дейін
араластырыңыз.
Сүтпен араластырылған сұсындар
1 стакан сүт
6 дана ірі құлпынай жидегі
немесе
10 дана таңқұрай жидегі
1 банан (бөлектеп кесілген)
Өнімдерді шынаяққа салып
араластырыңыз.
Өзіңіз қалағанша қант қосыңыз.
Кеңес:
Сүт шарбатын дайындау үшін оған домалақ
ас қасық балмұздақ қосыңыз немесе өте
суық сүтті қолданыңыз.
Кәдеге жарату бойынша
нұсқаулар
Бұл электрбұйым Электр және
электроника бұйымдары туралы
2012/19/EU Еуропалық
Директивасына сай белгіленген
(waste electrical and electronic
equipment – WEEE).
Осы Директива шеңберінде қолданылған
ескі бұйымдар Еуропа Одағы елдерінде
қабылдау мен кәдеге жаратуға тиісті.
Қазіргі уақыттағы мүмкін болған кәдеге
жарату жолдары туралы мәліметтерді
электрбұйым дүкеніңізде немесе өзіңіздің
жергілікті әкімшілік орындарында сұрап
біле аласыз.
Кепілдеме шарттары
Бұл бұйым үшін осы бұйым сатылып
алыңған елдегі фирмамыздың өкілдіктері
шығарған кепілдеме шарттары қолданы-
лады. Кепілдеме шарттарын өз қалағаны-
ңызша әр уақытта өзіңіз бұйымды сатып
алған электрбұйымдарын дүкеніңізде
немесе фирмамыздың сол елдегі
өкілдігінде сұрап білуіңізге болады.
Германия үшін кепілдеме шарттары мен
мекен-жайлар тізімін кітапшаның артқы
бетінде таба аласыз.
Сонымен қатар, кепілдеме шарттарын
ғаламторда да, осында көрсетілген
фирмамыздың веб мекен-жайы астында
таба аласыз. Кепілдеме қызметтерін алу
үшін әр жағдайда сатып алу туралы чек-
қағазының көрсетілуі талап етіледі.
kk
Өзгертулердің бар болуы мүмкін.
MQ67115_de-ar.book Seite 59 Mittwoch, 14. Januar 2015 7:30 07
/