Zanussi ZOG51411XK Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я ознакомился с руководством пользователя для духового шкафа Zanussi ZOG51411. В нем подробно описаны функции устройства, включая режимы работы, использование дополнительных принадлежностей и рекомендации по уходу. Задавайте ваши вопросы – я готов помочь!
  • Как включить гриль в духовом шкафу ZOG51411?
    Как использовать вертел в духовом шкафу ZOG51411?
    Как очистить духовой шкаф ZOG51411?
    Что делать, если духовой шкаф не нагревается?
Қолдану туралы
нұсқаулары 2
Инструкция по
эксплуатации 26
Інструкція 53
KK
RU
UK
ZOG51411
Тұмшапеш
Духовой шкаф
Духова шафа
UA RU KZ
Мазмұны
Сақтық шаралары 2
Қауіпсіздік нұсқаулары 3
Бұйым сипаттамасы 6
Бірінші қолданғанға дейін 6
Әркүндік қолдану 7
Сағат функциялары 9
Керек-жарақтарды қолдану 9
Қосымша функциялар 10
Ақыл-кеңес 10
Күту менен тазалау 17
Ақаулықты түзету 19
Орнату 20
Техникалық ақпарат 24
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
Сақтық шаралары
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны
дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам
жарақат алса және ақаулық орын алса өндіруші жауапты
емес. Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі
сақтап қойыңыз.
Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен денесіне,
сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым келген адамдар не
тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз
ететін адамның қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз
қолдану бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс
қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Орам материалдарының барлығын балалардан алыс
ұстаңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып тұрғанда,
балалар мен үй жануарларын оған жақындатпаңыз. Қол
жететін бөлшектері ыстық.
Құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен жабдықталса,
оны іске қосуды ұсынамыз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
3 жасқа толмаған балаларды үнемі қарап отырмаған
жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
2 www.zanussi.com
Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Тек білікті маман ғана осы құрылғыны орнатып, сымын
ауыстыруға тиіс.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының ішкі жағы ысып кетеді.
Құрылғының ішіндегі қыздырғыш элементтерге қол
тигізбеңіз. Керек-жарақтарды немесе ыдыстарды алып-
салған кезде үнемі қолғап киіңіз.
Күтім көрсетер алдында электр желісінен ажыратыңыз.
Электр қатеріне ұшырамау үшін шамды ауыстырар
алдында құрылғыны сөндіріп қойыңыз.
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды
немесе өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз, себебі
сызат түсіп, шыны шытынап кетуі мүмкін.
Егер қуат cымына зақым келсе, қатерден сақтану үшін
оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету орталығы
немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Бұл құрылғы келесі нарықтарға арналған:
UA RU KZ
Орнату
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Бұл құрылғыны тек білікті маман
ғана орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі
абай болыңыз, себебі салмағы ауыр.
Әрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз.
Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
Осы құрылғы мен басқа
құрылғылардың, заттардың арасындағы
минимум қашықтықты сақтаңыз.
Құрылғының үсті мен жан-жағын
қоршаған конструкциялардың қауіпсіз
болуын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғының жан-жағын биіктігі осы
құрылғының биіктігімен бірдей
құрылғылармен жанастырып қою керек.
Электртоғына қосу
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Өрт шығу және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Электртоғына қосу жұмыстарын білікті
электрші ғана іске асыруға тиіс.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр
желісіндегі параметрлерге сай
келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе
электршіге хабарласыңыз.
Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден
сақтандырылған розетканы
қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына және сымына
зақым келтірмеңіз. Қорек сымын
www.zanussi.com 3
ауыстыру қажет болса, оны міндетті
түрде қызмет көрсету орталығы жүзеге
асыруға тиіс.
Электр сымдарын құрылғының есігіне,
әсіресе ыстық тұрған есікке тигізуге
болмайды.
Тоққа қосулы тұрған және оқшаулағышы
бар бөлшектердің электр қатерінен
сақтандырғышын, саймансыз
алынбайтын етіп бекітіп қою керек.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін
ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан
кейін ашаның қол жететін жерде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Егер розетка босап тұрса, оған ашаны
сұқпаңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
Дұрыс оқшаулағыш құралдарды ғана
қолданыңыз. желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан
қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.
Электр жүйесі құрылғыны кез келген
полюсте ажыратуға мүмкіндік беретін
оқшаулағыш құралмен жабықталуға
тиіс. Оқшаулағыш құралдың контакт ара
қашықтығы кем дегенде 3 мм болуға
тиіс.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай
келеді.
Газға қосу
Газға қосу жұмыстарының барлығын
білікті маман ғана іске асыруға тиіс.
Орнатар алдында жергілікті жабдықтау
жағдайлары (газдың түрі мен газдың
қысымы) мен құрылғы параметрлерінің
сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Құрылғының айналасында ауаның
айналуын қамтамасыз етіңіз.
Газбен жабдықтау туралы ақпарат
техникалық ақпарат тақтайшасында
берілген.
Бұл құрылғы жану өнімдерін тартып
әкететін құрылғыға жалғанбаған.
Құрылғыны ағымдық орнату
ережелеріне сай орнатыңыз. Желдету
талаптарының дұрыс орындалуына көз
жеткізіңіз.
Пайдалану
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу, күйіп қалу және
электр қатеріне ұшырау не
жарылыс шығу қаупі бар.
Бұл құрылғыны үйде ғана
пайдаланыңыз.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
Құрылғыны пайдаланып болған сайын
тоқтан ажыратыңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін
ашқан кезде абай болыңыз. Ыстық ауа
шығуы мүмкін.
Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз
немесе суға тиіп тұрған құрылғыны
пайдаланбаңыз.
Ашық тұрған құрылғы есігіне күш
салмаңыз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
Құрылғының есігін абайлап ашыңыз.
Алкоголь қосылған қоспаларды
қолданғанда, ауа мен алкоголь қоспасы
пайда болуы мүмкін.
Есікті ашқан кезде құрылғыға от
жарқылын немесе ашық отты
жақындатпаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз
мүмкін.
Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп
немесе өңі кетпес үшін:
пештің ыдыстарын немесе басқа
заттарды құрылғының табанына
тура қоймаңыз.
алюминий жұқалтырды құрылғының
табанына тура қоймаңыз.
суды ыстық құрылғыға тура
қоймаңыз.
тамақ пісіріп болғаннан кейін
дымқыл ыдыс пен тағамды
құрылғының ішінде ұстамаңыз.
керек-жарақтарды алғанда немесе
орнатқанда абай болыңыз.
4 www.zanussi.com
Құрылғының эмаль қаптамасының
түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына әсер
етпейді. Бұл кепілдік заңына сәйкес
қарастырылатын ақаулық емес.
Сұйық қоспадан жасалатын тортты
пісіру үшін шұңғыл табаны қолданыңыз.
Жеміс шырындарынан кетпейтін дақ
қалуы мүмкін.
Бұл тек тағам пісіруге арналған
құрылғы. Басқа мақсатта, мысалы
бөлмені қыздыру үшін қолдануға
болмайды.
Тағамды әрқашан тұмшапештің есігін
жауып пісіріңіз.
Күту менен тазалау
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу, өрт қаупі немесе
құрылғыны бүлдіріп алу қаупі
бар.
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын розеткадан
суырыңыз.
Құрылғының салқын тұрғанына көз
жеткізіңіз. Шыны панелі сынып қалуы
мүмкін.
Есіктің шыныларына зақым келсе дереу
ауыстырыңыз. Қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
Құрылғының қаптамасының сапасы
түспес үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
Құрылғының ішінде қалған майдың
немесе тағамның қалдығынан өрт
шығуы мүмкін.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Тек бейтарап
тазартқыш заттарды қолданыңыз.
Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені,
еріткіштерді немесе темір заттарды
пайдаланбаңыз.
Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз,
оның орамында көрсетілген сақтық
шараларын орындаңыз.
Каталитті эмаль қаптаманы (егер бар
болса) ешбір жуғыш затпен
тазаламаңыз.
Ішкі жарық шамы
Осы құрылғыда тек тұрмыстық
құрылғыларға ғана арналған жарықтама
шам немесе галоген шамы
қолданылған. Оны бөлмені
жарықтандыру үшін қолданбаңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Электр қатеріне ұшырау қаупі
бар.
Шамды ауыстырар алдында құрылғыны
тоқтан ажыратыңыз.
Техникалық параметрлері сай келетін
шамдарды ғана қолданыңыз.
Құрылғыны тастау
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе тұншығып
қалу қаупі бар.
Құрылғыны қоқысқа дұрыс тастауға
қатысты ақпаратты жергілікті әкімшілік
мекемеге хабарласып алыңыз.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін
алыңыз.
Сыртқы газ түтіктерін майыстырыңыз.
www.zanussi.com 5
Бұйым сипаттамасы
Жалпы көрінісі
1
2 3 4
5 6
7
8
9
10
11
12
1
13
1
2
3
4
1
Басқару панелі
2
Қуат шамы / белгісі / индикатор
3
Гриль шамы / белгісі / индикатор
4
Газды басқару тетігі
5
Тұмшапеш функцияларының тетігі
6
Минут операторының тетігі
7
Желдеткіштің ауа шығатын
саңылаулары
8
Қыздырғыш элемент
9
Шам
10
Бұрылмалы істіктің тесігі
11
Желдеткіш
12
Тұмшапеш қуысының табанындағы
пластинка
13
Сөре деңгейлері
Керек-жарақтары
Торкөз сөре
Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам
қуыруға арналған.
Алюминий пісірме табақ
Торттар мен печеньелерге арналған.
Гриль- / Қуыру науасы
Пісіру мен қуыруға немесе май
жинайтын таба ретінде қолдануға
арналған.
Бұрылмалы істік
Ет пен құс етінің ірірек кесектерін
қуыруға арналған.
Бірінші қолданғанға дейін
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Алғашқы тазалау
Құрылғы ішіндегі керек-жарақтардың
барлығын алыңыз.
"Күту менен тазалау" тарауын
қараңыз.
1. Құрылғыны алғаш рет пайдаланар
алдында тазалаңыз.
2. Керек-жарақтарды өз орындарына
қойыңыз.
Алдын ала қыздыру
Қалған майды күйдіріп жіберу үшін бос
құрылғыны алдын ала қыздырыңыз.
1. функциясы мен ең үлкен
температураны орнатыңыз.
2. Құрылғыны 1 сағат қосып қойыңыз.
3. функциясы мен ең үлкен
температураны орнатыңыз.
4. Құрылғыны 15 минут қосып қойыңыз.
Керек-жарақтар бұрыңғыдан да ыстық
болып кетеді. Құрылғыдан иіс және түтін
шығады. Бұл қалыпты жағдай. Ауаның
жеткілікті түрде айналып тұрғанына көз
жеткізіңіз.
6 www.zanussi.com
Әркүндік қолдану
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Тұмшапеш функциялары
Тұмшапеш функциясы Қолданылуы
Сөндіру
қалпы
Құрылғы сөндірулі.
Жеңіл Шамды пісіру функциясынсыз жарықтандыруға
арналған.
Гриль +
Бұрылмалы
істік
Еттен гриль, сондай-ақ, кәуап және кішкене еттерден
гриль жасауға арналған.
Температура
мәндерін
орнату
Электр грилінің температурасын реттеу (шамамен ең
азы 50 °C градустан бастап, ең көбі 200 °C градусқа
дейін).
Желдеткішпе
н пісіру
Тағамды 1 сөреде пісіруге және кептіруге арналған.
Желдеткішті тұмшапештің газ оттығымен біріктіріп
пайдалана аласыз.
Пеш газы мен Гриль +
Бұрылмалы істік функциясын
бірге қолдана алмайсыз.
Қуат индикаторы
Қуат индикаторы тұмшапеш
функцияларының тетігін бұраған кезде
жанады.
Газды басқару тетігі
Белгі
ше
Функция
Тұмшапештің оттығы сөндірулі.
мин.
- 240
Температура мәндерін орнату
ауқымы.
Тұмшапештің газ оттығын жағу
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Тұмшапештің оттығын жаққан
кезде тұмшапештің есігін ашық
ұстау керек.
Тұмшапеш қауіпсіздігі құралы:
Газ тұмшапеші термоэлементпен
жабдықталған. Ол жалын сөніп
қалғанда, газдың берілуін
тоқтатады.
1. Тұмшапештің есігін ашыңыз.
2. Газды басқару тетігін басып,
қалпына бұраңыз.
3. Газды басқару тетігін, термореле
қызғанша 15 секунд немесе одан аз
уақыт басып ұстап тұрыңыз. Бұлай
істемесеңіз, газ берілмей қалады.
Тетікті жалын пайда болғанша
босатпаңыз.
Тұмшапештің газ оттығын қолдан
жағу
www.zanussi.com 7
Электр қуаты болмаған жағдайда, пештің
оттығын электр құралынсыз жаға аласыз.
1. Тұмшапештің есігін ашыңыз.
2. Отты тұмшапештің табанындағы
тесіктің жанында ұстап тұрыңыз.
3. Осы кезде газды басқару тетігін басып
тұрып, сағат тілінің бағытына қарсы ең
үлкен газ беріліміне келгенше бұраңыз.
4. Жалын пайда болғанда, газды басқару
тетігін газ ағысының ең үлкен деңгейіне
қойып, термореле қызғанша 15 секунд
немесе одан аз уақыт басып ұстап
тұрыңыз. Бұлай істемесеңіз, газ
берілмей қалады.
Тұмшапеш функцияларының
тетігін 15 секундтан артық басып
тұрмаңыз. Егер пештің оттығы 15
секундтан кейін жанбаса,
тұмшапеш функцияларының
тетігін босатыңыз, оны өшірулі
қалыпқа бұраңыз да,
тұмшапештің есігін ашып, кем
дегенде 1 минуттан кейін
тұмшапештің оттығын тағы бір
рет жағып көріңіз.
Тұмшапештің газ оттығын тұтатқаннан
кейін
1. Газды басқару тетігін босатыңыз.
2. Тұмшапештің есігін жабыңыз.
3. Қажетті қыздыру параметрін орнату
үшін газды басқару тетігін бұраңыз.
Отты тұмшапештің түбіндегі тесіктер
арқылы бақылаңыз.
Желдеткішті пайдалану
Газ оттығы тұмшапештің ішіндегі
ауаны қыздырады.
Температураны біркелкі ұстау
үшін желдеткіш ыстық ауаны
таратып тұрады.
1. Пеш газының оттығын жағыңыз.
2. Жалын пайда болғанда, тұмшапеш
функциясының тетігін қалпына
бұраңыз.
Тұмшапештің желдеткіші тағам пісіре
бастағаннан кейін шамамен 10 минуттан
кейін қосылады.
Гриль жасау
1. Тұмшапеш функциясының тетігін сағат
тілінің бағытымен
қалпына бұраңыз.
2. Гриль мен шұңғыл науаның
сырғытпасының деңгейін қалыңдығы әр
түрлі тағамға лайықтап реттеңіз.
Тағамды жылдам пісіру үшін үстіңгі
қыздырғыш элементке жақын және
баппен пісіру үшін одан алыс қойыңыз.
Ауа барынша жақсы ауысу үшін және
тағамды майы мен сөлінен бөлу үшін
тағамның көбін шұңғыл науаға салып,
оны тор сөреге қою керек. Егер
қаласаңыз, балық, бауыр және бүйрек
тәрізді тағамдарды шұңғыл науаға тура
салуға болады.
Тағамның май-сөлі шашырамас үшін
тағамды қақтамас бұрын мұқият кептіру
керек. Пісіру барысында кебір болып
кетпес үшін майсыз еттер мен балыққа
шамалы өсімдік майын немесе сары май
жағыңыз.
Етті қақтаған кезде қызанақ және
саңырауқұлақ тәрізді қосымшаларды
тордың астына салуға болады.
Нанды қыздырған кезде үстіңгі
сырғытпаны пайдалану керек.
Тағамды пісіру барысында қажетінше
аударып отыру керек.
Гриль индикаторы
Грильмен пісіру функциясы таңдалғаннан
кейін гриль индикаторы жанады. Ол пеш
қажетті температураға дейін қызған кезде
өшеді. Одан соң жанып-сөну арқылы
қажетті температураның реттелгенін
көрсетеді.
8 www.zanussi.com
Сағат функциялары
Минут операторы
Тұмшапеш функциясының кері санақ
уақытын орнату үшін пайдаланыңыз.
Бұл функция құрылғының
жұмысына әсер етпейді.
Таймердің тетігін шегіне дейін бұраңыз да,
содан кейін қажетті уақытқа бұраңыз.
Уақыт аяқталған кезде дыбыстық сигнал
естіледі.
Керек-жарақтарды қолдану
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Бұрылмалы істікті қолдану
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Бұрылмалы істікті пайдаланған
кезде абай болыңыз.
Шанышқылары мен істігі өткір.
Жарақат алу қаупі бар.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Бұрылмалы істікті алған кезде
тұмшапеш қолғабын
пайдаланыңыз. Бұрылмалы істік
пен гриль ыстық. Күйіп қалу
қатері бар.
A B
C
D
A) Тұтқасы
B) Істік
C) Шанышқылар
D) Бұрылмалы істіктің жақтауы
1. Бұрылмалы істіктің тұтқасын істікке
салыңыз.
2. Қуыру табағын ең астыңғы сөренің
деңгейіне қойыңыз.
3. Бұрылмалы істіктің жақтауын астынан
санағанда екінші деңгейге қойыңыз.
4. Бірінші шанышқыны істікке орнатыңыз
да, содан кейін етті бұрылмалы істікке
салып, екінші шанышқыны орнатыңыз.
5. Шанышқыларды қатайту үшін
бұрандаларды пайдаланыңыз.
6. Істіктің ұшын бұрылмалы істіктің
тесігіне салыңыз. «Бұйым
сипаттамасы» тарауын қараңыз.
7. Істіктің алдыңғы жағын бұрылмалы
істіктің жақтауына салыңыз.
8. Бұрылмалы істіктің тұтқасын алыңыз.
9. Тұмшапеш функциялары тетігін
бұрылмалы істік қалпына қойыңыз.
Бұрылмалы істік айналады.
10. Қажетті температураны орнатыңыз (ең
көбі: 200°C). Пісіру кестелеріне
қараңыз.
www.zanussi.com 9
Қосымша функциялар
Желдеткіш
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде,
құрылғының беттерін салқын ұстау үшін
желдеткіш автоматты түрде қосылады.
Құрылғыны сөндірсеңіз, желдеткіш құрылғы
салқындағанша жұмыс істеп тұра береді.
Қауіпсіздік термостаты
Құрылғы дұрыс жұмыс істемесе немесе
бөлшектерінде ақау бар болса, қатты
қызып кету қаупі бар. Бұндай жағдайдың
алдын алу үшін тұмшапеш тоқты кідіртуге
арналған термостатпен жабдықталған.
Температура төмендеген кезде тұмшапеш
қайта автоматты түрде қосылады.
Ақыл-кеңес
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Кестелердегі температура мен
пісіру уақыттары тек нұсқау
ретінде беріледі. Олар
рецептерге, олардың құрамының
сапасы мен мөлшеріне
байланысты болады.
Жалпылама ақпарат
Құрылғының сөре қоюға арналған төрт
деңгейі бар. Сөренің деңгейлерін
құрылғының астыңғы жағынан бастап
санаңыз.
Құрылғы ауа айналдыратын және буды
үздіксіз қайта айналдырып отыратын
арнайы жүйемен жабдықталған. Бұл
жүйенің көмегімен тағамды булы
ортада, ішін жұмсақ, сыртын кітірлек
етіп пісіруге болады. Бұл пісіру уақыты
мен пайдаланылатын қуат мөлшерін
барынша азайтады.
Құрылғының ішіне немесе есігінің шыны
панельдеріне бу тұруы мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай. Тағам пісіріп жатқанда
құрылғының есігін ашу қажет болса,
әрқашан артқа шегініңіз. Буды азайту
үшін құрылғыны тағам пісіру алдында 10
минут қыздырыңыз.
Құрылғыны пайдаланып болған сайын
ылғалды жерлерін тазалаңыз.
Заттарды құрылғының табанына тура
қоймаңыз және тағам пісіріп жатқан
кезде құрылғының ешбір бөлшектерін
алюминий жұқалтырмен жаппаңыз.
Себебі пісіру нәтижесіне әсер етіп,
пештің эмаль қаптамасын бүлдіруі
мүмкін.
Торт пісіру
Тұмшапештің есігін орнатылған пісіру
уақытының 3/4 мөлшері өткенше
ашпаңыз.
Егер бір уақытта екі пісіру сөресін
пайдалансаңыз, олардың арасына бір
ашық қатар қалдырыңыз.
Ет пен балық пісіру
Тұмшапешке мүлдем тазаланбайтын
дақ түспес үшін, өте майлы тағамды
пісіргенде шұңғыл табақты
пайдаланыңыз.
Етті кесердің алдында сөлі ағып кетпес
үшін шамамен 15 минут қоя тұрыңыз.
Тағам қуырған кезде тұмшапештің іші
қатты түтіндеп кетпес үшін шұңғыл
табаққа шамалы су құйыңыз. Түтін
жиналып қалмас үшін су таусылған
сайын үстемелеп құйып отырыңыз.
Пісіру уақыттары
Пісіру уақыттары тағамның түріне,
құрамына және мөлшеріне байланысты.
Бастапқыда тағам пісірген кезде пісіру
үрдісін бақылап отырыңыз. Осы құрылғыны
пайдаланған кезде қолданылатын
ыдыстарға, рецептілерге және тағамның
мөлшеріне сай келетін параметрлерді
(қызу параметрі, пісіру уақыты т.с.с.)
анықтап алыңыз.
10 www.zanussi.com
Пісіру және қуыру кестесі
Торттар
Тағам Желдеткіш арқылы пісіру Уақыт (мин.) Түсіндірме
Температура
(°C)
Сөренің
орналасуы
Көпіршітілген
тағам
рецептілері
165 2 (1 және 3) 45 - 60 Тортқа
арналған
қалыпта
Ашыған қамыр 160 2 (1 және 3) 20 - 30 Тортқа
арналған
қалыпта
Сарысу
қосылған
чизкейк
165 2 70 - 80 26 см торт
қалыбында
Алма торты
(Алма бәліші)
160 2 (1 және 3) 80 - 100 Тор сөреге
қойылған екі
20 см торт
қалыбында
Штрудель 150 2 60 - 80 Пісірме
табақта
Джем
тарталеткасы
160 2 (1 және 3) 30 - 40 26 см торт
қалыбында
Жеміс торты 155 2 50 - 60 26 см торт
қалыбында
Қопсыма торт
(Майсыз
қопсыма торт)
160 2 90 - 120 26 см торт
қалыбында
Кристмас
торты / Көп
жеміс қосылған
торт
160 2 50 - 60 20 см торт
қалыбында
Қара өрік
торты
165 2 20 - 30 Нан
қалыбында
Кішкене
кекстер
166 3 (1 және 3) 25 - 35 Пісірме
табақта
Печеньелер 140 3 (1 және 3) 30 - 35 Пісірме
табақта
Меренга 115 3 35 - 40 Пісірме
табақта
Тоқаштар 180 3 80 - 100 Пісірме
табақта
www.zanussi.com 11
Тағам Желдеткіш арқылы пісіру Уақыт (мин.) Түсіндірме
Температура
(°C)
Сөренің
орналасуы
Пирожный 180 3 (1 және 3) 15 - 20 Пісірме
табақта
Тарталетка 170 2 25 - 35 20 см торт
қалыбында
Виктория
сэндвичі
170 2 45 - 70 Сол + оң, 20
см торт
қалыбында
Көп жеміс
қосылған торт
150 2 110 - 120 24 см торт
қалыбында
Виктория
сэндвичі
160 1 50 - 60 20 см торт
қалыбында
Нан және пицца
Тағам Желдеткіш арқылы пісіру Уақыт (мин.) Түсіндірме
Температура
(°C)
Сөренің
орналасуы
Ақ нан 195 1 60 - 70 1 - 2 бөлке,
біреуі 500 г
Қарабидай
наны
190 1 30 - 45 Нан
қалыбында
Булочка 180 2 (1 және 3) 25 - 40 Пісіру
табасында 6 -
8 булочка
Пицца 190 1 20 - 30 Шұңғыл
табада
Шелпек 190 2 10 – 20 Пісірме
табақта
Ашық бәліштер
Тағам Желдеткіш арқылы пісіру Уақыт (мин.) Түсіндірме
Температура
(°C)
Сөренің
орналасуы
Паста фланы 180 2 40 - 50 Қалып
Көкөніс фланы 200 2 45 - 60 Қалып
12 www.zanussi.com
Тағам Желдеткіш арқылы пісіру Уақыт (мин.) Түсіндірме
Температура
(°C)
Сөренің
орналасуы
Киш 190 1 40 - 50 Қалып
Лазанья 200 2 25 - 40 Қалып
Каннелони 200 2 25 - 40 Қалып
Йоркшир
пудингі
210 2 20 - 30 6 пуддинг
қалыбы
Ет
Тағам Желдеткіш арқылы пісіру Уақыт (мин.) Түсіндірме
Температура
(°C)
Сөренің
орналасуы
Сиыр еті 190 2 50 - 70 Тор сөре мен
шұңғыл табада
Шошқа еті 180 2 90 - 120 Тор сөре мен
шұңғыл табада
Бұзау еті 175 2 90 - 120 Тор сөре мен
шұңғыл табада
Ағылшын
ростбифі,
шала пісірілген
200 2 44 - 50 Тор сөре мен
шұңғыл табада
Ағылшын
ростбифі,
орташа
пісірілген
200 2 51 - 55 Тор сөре мен
шұңғыл табада
Ағылшын
ростбифі,
әбден
пісірілген
200 2 55 - 60 Тор сөре мен
шұңғыл табада
Шошқаның қол
омыртқасы
170 2 120 - 150 Шұңғыл
табада
Шошқаның
жіліншігі
160 2 100 - 120 Шұңғыл табаға
2 кесектен
қойылады
Қой еті 190 2 110 - 130 Қол еті
Тауық еті 200 2 70 - 85 Бүтін
Күркетауық еті 160 1 210 - 240 Бүтін
www.zanussi.com 13
Тағам Желдеткіш арқылы пісіру Уақыт (мин.) Түсіндірме
Температура
(°C)
Сөренің
орналасуы
Үйрек еті 160 2 120 - 150 Бүтін
Қаз еті 160 1 150 - 200 Бүтін
Қоян 175 2 60 - 80 Кесектеп
туралған
Қоян 175 2 150 - 200 Кесектеп
туралған
Қырғауыл 175 2 90 - 120 Бүтін
Балық
Тағам Желдеткіш арқылы пісіру Уақыт (мин.) Түсіндірме
Температура
(°C)
Сөренің
орналасуы
Бақтақ /Теңіз
мөңкесі
175 2 (1 және 3) 40 - 55 3 - 4 балық
Тунец/Албырт
балық
175 2 (1 және 3) 35 - 60 4 - 6 филе
Газ тұмшапеште тамақ пісіру
Уақытқа алдын ала қыздыру
уақыты кірмейді. Бос тұмшапешті
әрқашан 10 минут қыздырыңыз.
Ет және Құс еті
Тағам Мөлшері
(кг)
Температур
а (°C)
Уақыт
(мин.)
Сөренің
орналасуы
Түсіндірме
Сүйегі бар
сиыр еті
1 мин. 40 2 немесе 3 -
Сүйексіз
сиыр еті
1 190 50 2 немесе 3 -
Қой еті 1 мин. 40 - 50 2 немесе 3 -
Шошқа еті 1 175 50 2 немесе 3 -
Тауық/Қоян
еті
1,2 210 70 - 80 2 немесе 3 -
Үйрек еті 1 190 80 2 немесе 3 -
14 www.zanussi.com
Тағам Мөлшері
(кг)
Температур
а (°C)
Уақыт
(мин.)
Сөренің
орналасуы
Түсіндірме
Күркетауық
еті
1 180 60 2 немесе 3 -
Бұқтырма
тағам
0,5 мин. 150 2 немесе 3 -
Көкөніс
пісірмесі
1 мин. - 2 Көкөніс
түріне
қарай әр
түрлі
болады
Кондитер өнімдері
Тағам Мөлшері
(кг)
Температур
а (°C)
Уақыт
(мин.)
Сөренің
орналасуы
Түсіндірме
Жеміс
бәліштері
- 165 35 2 -
Жеміс
бәліші
- мин. 35 2 немесе 3 -
Шұжық
орамалары
- 180 20 2 немесе 3 -
Чокс
тоқашы
- 190 25 - 30 2 немесе 3 -
Воловент
тоқашы
- 175 15 2 немесе 3 -
Джем
қосылған
пирожныйл
ар
- 180 30 - 40 2 немесе 3 Тор сөреге
қойылған
26 см
алюминий
қалып
Пудингтер
Тағам Мөлшері
(кг)
Температур
а (°C)
Уақыт
(мин.)
Сөренің
орналасуы
Түсіндірме
Бен-мариде
пісірілген
жұмыртқа
десерті
- мин. 60 - 75 2 немесе 3 -
www.zanussi.com 15
Торттар
Тағам Мөлшері
(кг)
Температур
а (°C)
Уақыт
(мин.)
Сөренің
орналасуы
Түсіндірме
Көп жеміс
қосылған
торт
- мин. 150 - 170 2 немесе 3 Тор сөреге
қойылған
20 см
алюминий
қалып
Жай жеміс
торты
- мин. 150 2 немесе 3 -
Мадейра
торты
- мин. 105 - 120 2 немесе 3 -
Кішкене
кекстер
- мин. 30 - 40 3 -
Зімбір наны - мин. 35 - 45 3 -
Нан
Тағам Мөлшері
(кг)
Температур
а (°C)
Уақыт
(мин.)
Сөренің
орналасуы
Түсіндірме
Нан
бөлкелері
0,5 190 40 - 50 2 немесе 3 Алюминий
пісіру
науасында
Нан
бөлкелері
1 190 50 - 60 2 немесе 3 Алюминий
пісіру
науасында
Орамалар,
мейізді
тоқаш
- 180 15 - 20 2 немесе 3 -
Печеньелер - 180 25 - 35 2 немесе 3 -
Гриль жасау
Бос тұмшапешті таға пісірер
алдында 10 минут алдын ала
қыздырыңыз.
Тағам Мөлшері Температ
ура (°C)
Уақыт (мин.) Сөренің
орналасу
ы
Саны (г) 1-ші жағы 2-ші жағы
Қоң ет
стейктері
4 800 макс. 12 - 15 12 - 14 4
16 www.zanussi.com
Тағам Мөлшері Температ
ура (°C)
Уақыт (мин.) Сөренің
орналасу
ы
Саны (г) 1-ші жағы 2-ші жағы
Сиыр
етінің
стейктері
4 600 макс. 10 - 12 6 - 8 4
Шұжықта
р
8 - макс. 12 - 15 10 - 12 4
Туралған
шошқа
еті
4 600 макс. 12 - 16 12 - 14 4
Тауық (2-
ге
бөлінген)
2 1000 макс. 30 - 35 25 - 30 4
Кәуап 4 - макс. 10 - 15 10 - 12 4
Тауықтың
төс еті
4 400 макс. 12 - 15 12 - 14 4
Гамбурге
р
6 600 макс. 13 - 15 12 - 14 4
Балықты
ң қоң еті
4 400 макс. 12 - 14 10 - 12 4
Тост
сэндвичт
ері
4 - 6 - макс. 5 - 7 - 4
Қыздыры
лған нан
4 - 6 - макс. 2 - 4 2 - 3 4
Бұрылмалы істік
Бос тұмшапешті тағам пісірмес
бұрын 10 минут адын ала
қыздырыңыз.
Тағам Мөлшері Температура
(°C)
Уақыт
(мин.)
Сөренің
орналасуы
Құс еті 1000 макс. 50 – 60 2
Қуырылған тағамдар 800 макс. 50 – 60 2
Күту менен тазалау
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
www.zanussi.com 17
Тазалауға қатысты ескерім
Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш зат
қосылған жылы суға батырылған жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз.
Құрылғының металл беттерін тазалау
үшін әдетте қолданылатын жуғыш
заттарды пайдаланыңыз.
Құрылғының ішкі жағын пайдаланып
болған сайын тазалап отырыңыз. Май
жиналғанда немесе басқа тағам
қалдығы жиналса, өрт шығуы мүмкін.
Гриль табағында бұндай қауіп одан да
күшті.
Оңай тазаланбайтын қалдықтарды
арнайы пеш тазалағыштармен
тазалаңыз.
Керек-жарақтарды әр қолданып болған
сайын тазалап, құрғатып отырыңыз.
Шүберекті, жылы су мен жуғыш затты
пайдаланыңыз.
Тұмшапештің керек-жарағына ластық
тұрмайтын болса, жеміргіш затпен, өткір
қырлы құралмен тазаламаңыз немесе
ыдыс жуғыш машинада жумаңыз. Зат
жабыспайтын қаптаманы бүлдіруі
мүмкін.
Тот баспайтын болаттан не
алюминийден жасалған құрылғылар
Тұмшапештің есігін дымқыл
жөкемен ғана тазалаңыз.
Жұмсақ шүберекпен құрғатыңыз.
Темір жүн, қышқыл немесе
түрпілі материалдарды
қолданбаңыз, себебі бұндай
заттар тұмшапештің бетіне
нұқсан келтіруі мүмкін.
Тұмшапештің басқару панелін де
осындай сақтық шараларды
орындап тазалаңыз.
Есіктің тығыздағышын тазалау
Есіктің тығыздағышын уақытылы
тексеріңіз. Есіктің тығыздағышы
тұмшапеш жақтауының айналасында
орналасқан. Есіктің тығыздағышына
нұқсан келсе, құрылғыны
пайдаланбаңыз. Уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Есіктің тығыздағышын тазалау үшін
тазалауға қатысты жапы ақпаратты
қараңыз.
Тұмшапештің есігін тазалау
Тұмшапештің есігін алып тазалауға
болады.
Бұрандаларды жоғалтып
алмаңыз.
1. Есікті шегіне дейін ашып, есіктің екі
топсасын ұстаңыз.
2. Қос топсадағы тетіктерді көтеріңіз де
бұраңыз.
3. Тұмшапештің есігін бірінші ашу күйіне
(жартылай) қарай жабыңыз. Есікті алға
қарай тартыңыз да, ұясынан шығарып
алыңыз.
4. Есікті жұмсақ мата төселген орнықты
жерге қойыңыз.
5. Тұмшапештің есігін сабын сумен
тазалаңыз. Есіктің ішкі жағын
тазалаңыз. Тұмшапештің есігін мұқият
тазалаңыз.
Тазалап болғаннан кейін тұмшапештің
есігін орнына салыңыз. Тұмшапештің есігін
орнына салу үшін жоғарыда айтылған
қадамдарды керісінше орындаңыз.
18 www.zanussi.com
Шамды ауыстыру
Құрылғының ішкі табанына шүберек
төсеңіз. Бұл шамның шыны қақпағы мен
құрылғының ішіне нұқсан келмес үшін
қажет.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Электр қатеріне ұшырау қаупі
бар! Сақтандырғышты шамды
ауыстыру алдында ағытыңыз.
Øам және шамның қақпағы
ыстық болуы мүмкін.
1. Құрылғыны сөндіріңіз.
2. Сақтандырғыш қорабындағы
сақтандырғыштарды алыңыз немесе
айырып-қоқышты ажыратыңыз.
Артқы шам
1. Шамның қақпағын алу үшін сағат тілінің
бағытына қарсы бұраңыз.
2. Шыны қақпақты тазалаңыз.
3. Шамды қызуға төзімділігі 300 °C шамға
ауыстырыңыз.
4. Шыны қақпақты орнатыңыз.
Ақаулықты түзету
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Не істерсіңіз, егер...
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Тұмшапеш қызбайды. Тұмшапеш сөндірулі. Тұмшапешті іске қосыңыз.
Тұмшапеш қызбайды. Сақтандырғыш ағытылып
қалған.
Ақаулыққа
сақтандырғыштың себеп
болғанына көз жеткізіңіз.
Сақтандырғыш қайта-қайта
босап кетсе, білікті
электршіге хабарласыңыз.
Шам жанбайды. Шамда ақаулық бар. Шамды ауыстырыңыз.
Бу мен конденсат тағамның
үстіне және тұмшапештің
корпусына жиналады.
Тұмшапештің ішіне тағам
ұзақ уақытқа қойылған.
Тағамды пісіргеннен кейін
тұмшапеш ішінде 15 - 20
минуттан артық
қалдырмаңыз.
Жалын тұтатқаннан кейін
дереу сөніп қалады.
Қыздырғыш элемент
жеткілікті қызған жоқ.
От жанғаннан кейін тетікті
шамамен 10 секунд басып
ұстап біркелкі тұрыңыз.
Қызмет көрсету дерегі
Ақаулықты түзету шешімін өзіңіз таба
алмасаңыз, дилеріңізге не уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Қызмет көрсету орталығына қажетті
ақпарат техникалық ақпарат
тақтайшасында көрсетілген. Техникалық
ақпарат тақтайшасы құрылғы корпусының
алдыңғы жақтауында орналасқан.
Құрылғының ішіндегі техникалық ақпарат
тақтайшасын алмаңыз.
www.zanussi.com 19
Оларды мына жерге жазып қоюды ұсынамыз:
Үлгі (MOD.) .........................................
Өнім нөмірі (PNC) .........................................
Сериялық нөмірі (S.N.) .........................................
Орнату
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Газға қосу
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Газ беру алдында ашаны
розеткадан ағытыңыз немесе
сақтандырғыш қорапшасындағы
сақтандырғышты сөндіріңіз.
Газбен жабдықтауға арналған
негізгі клапанды жабыңыз.
Газбен жабдықтау бағыттауышы басқару
панелінің артында орналасқан.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Резеңке иілгіш түтіктерді
пайдаланбаңыз!
Тұмшапешті кіріктірілген ас үй
қаптамасының шегіне (шамамен 30 см)
дейін кіргізбеңіз.
Екі тәсілмен қосуға болады.
Темір иілгіш түтікпен қосу (макс.
ұзындығы: 2 м)
A
B
C
A) Иілгіш темір түтік
B) Нығыздағыш
C) Газбен жабдықтау бағыттағышы
Жинақпен келген тығыздағышты түтік пен
газбен жабдықтайтын бағыттағыштың
арасына салыңыз. Түтікті 1/2" газбен
жабдықтау бағыттағышына бұраңыз.
Қатты темір түтікпен қосу (жұмсақ мыс,
мин. диаметр: 8 мм)
A
B
C
D
E
A) Қатты темір түтік
B) Гайка
C) Тығыздағыш
D) Шығыс / кіріс адаптері
E) Газбен жабдықтау бағыттағышы
20 www.zanussi.com
/