Electrolux ERW3313AOX Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя
МАЗМҰНЫ
1. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 39
2. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 41
3. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 42
4. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 46
5. НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 47
6. ОРНАТУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 49
7. ШУЫЛ ТҮРЛЕРІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 53
8. ТЕХНИКАЛЫҚ СИППАТАМА . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 54
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойғы кәсіби тәжірибе мен
инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық
бұл құрылғыны жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын тамаша нәтижеге
қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет көрсету туралы ақпарат:
www.electrolux.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.electrolux.com/productregistration
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және фирмалық қосалқы
бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА КӨМЕК, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын қамтамасыз етіңіз.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан табуға болады. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі
Ескерту / Абайлаңыз - Қауіпсіздік туралы маңызды мағлұмат.
Жалпы мағлұматтар менен кеңестер
Қорғаған ортаға зиян келдірмей пайдалану туралы нұсқаулар
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
38
www.electrolux.com
1.
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
Құрылғыны орнатып, ең алғаш пайдаланбас
бұрын, өз қауіпсіздігіңіз бен құрылғыны дұрыс
қолдану мақсатында, пайдаланушыға
арналған бұл нұсқаулықты, оның ішінде
кеңестері мен ескертулеріне назар салып
оқып шығыңыз. Осы құрылғыны
пайдаланатын адамдардың барлығы, қажетсіз
ақаулықтар мен тұрмыстық апаттардың алдын
алу үшін,оны пайдалану тәсілдерімен және
қауіпсіздікті қамтамасыз ететін
функцияларымен жете таныс болуы керек.
Осы қолдану туралы нұсқаулықты сақтап
қойыңыз және тоңазытқышты басқа
адамдарға бергеніңізде немесе
сатқаныңызда, оны пайдаланатын әрбір
адамның бұйымның қолданыс мерзімі
аяқталғанға дейін оған қатысты пайдалану
және қауіпсіздік шараларынан хабардар
болуы үшін нұсқаулықты да қоса беруді
ұмытпаңыз.
Адам өмірі мен құрылғының қауіпсіздігін
қамтамасыз ету үшін осы пайдаланушы
нұсқаулығындағы ескертулерді орындаңыз,
себебі қадағалаудың жеткіліксіздігінен туған
ақаулық үшін өндіруші жауапкершілік
көтермейді.
1.1 Балалар мен әлсіз адамдардың
қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны физиологиялық, сезімдік не
болмаса ақыл-ой деңгейіне байланысты не
пеш жұмысына қатысты тәжрибиесі мен
білімінің аздығына байланысты пайдалана
алмайтын адамдар (балаларды қоса
алғанда), пешті пайдалану туралы ерекше
нұсқауларды алмайынша не олардың
қауіпсіздігіне ие адамның қадағалауынсыз
пайдаланбауға тиіс.
Балалар құрылғымен ойнамас үшін оларды
қадағалап отыру қажет.
Машинаның орауыштары мен қорабын
балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз. Тұншығып кету қаупі бар.
Егер құрылғыны тастасаңыз, оның ашасын
розеткадан суырыңыз да, қорек сымын
қиып(құрылғыға барынша тақата)балалар
ішіне кіріп қамалып не электр тогының
қатерлі әсеріне ұшырамас үшін есігін
ағытып алып тастаңыз.
Егер есігі магнитті тығыздағышпен
жабдықталған бұл құрылғыны, есігінде не
қақпағында серіппелі құлыбы бар ескі
құрылғының орнына қоймақ болсаңыз, ескі
құрылғыны ең алдымен оның серіппелі
құлыбын жарамсыз етіп барып тастаңыз.
Бұл құрылғыны бала ішіне қамалып
қалатын қауіп көзіне айналудан сақтайды.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы
ақпарат
Назарыңызда болсын!
Құрылғының корпусындағы немесе
кіріктірілген элементіндегі желдеткіш
саңылауларды бітемей, ашық ұстаңыз.
Бұл құрылғы тек шарап сақтауға ғана
арналған.
Мұзды жылдам еріту үшін, ешқашан
механикалық немесе басқа жасанды
заттарды қолданбаңыз.
Өндіруші рұқсат бермеген болса,
тоңазытқыш құрылғының ішінде басқа
электрлік аспаптарды (балмұздақ жасайтын
құрылғы сияқты) қолданбаңыз.
Салқындатқыш жүйенің контурын
зақымдамаңыз.
Құрылғының салқындатқыш зат ағатын
жүйесінде қоршаған ортамен
сыйысымдылығы жоғары табиғи газ
изобутан (R600a) бар, әйтсе де ол жанғыш
зат болып таблады.
Құрылғыны тасымалдау мен орнату кезінде
салқындатқыш зат жүйесінің
құраластарының ешқайсысын
зақымдамаңыз.
Салқындатқыш зат жүйесіне зақым келсе:
ашық жанған от пен тұтану көздерінен
сақтаныңыз
құрылғы орналасқан бөлмені жақсылап
желдетіңіз
Осы өнімді немесе оның техникалық
сипаттамаларын өзгерту қауіпті. Сымға
зақым келсе, қысқа тұйықталу, өрт шығу
және/немесе тоқ соғу қатері орын алады.
Назарыңызда болсын!
Кез келген электрлік бөлшектерін
(қуат сымы, аша, компрессор) куәлігі
бар қызмет көрсетуші агент немесе
білікті техник маман ауыстыруға тиіс.
1.
Қуат сымын ұзартуға болмайды.
ҚАЗАҚ 39
2.
Қуат ашасын құрылғының артқы
жағының жаншып немесе бүлдіріп
тастамағанына көз жеткізіңіз.
Жаншылған немесе бүлінген қуат
сымы қатты қызып кетіп, өртке ұласуы
мүмкін.
3.
Құрылғы ашасының қол жететін жерде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
4.
Қуат сымынан ұстап тартпаңыз.
5.
Қуат ашасының розеткасы бос тұрса,
қуат ашасын сұқпаңыз. Электр тоғы
соғу немесе өрт шығуы мүмкін.
6.
Құрылғыны ішкі жарықтама шамының
қақпағы (егер шамның қақпағы бар
болса) жабылмаса іске қосуға
болмайды.
Бұл құрылғының салмағы ауыр.
Жылжытқан кезде абай болыңыз.
Қолыңыз су болса, мұздатқыш камерадағы
заттарды алмаңыз және оларға тимеңіз,
себебі қолыңыздың терісі сыдырылып
немесе қырылып кетуі мүмкін.
Құрылғыны күн сәулесі тура түсетін жерге
ұзақ уақытқа қоймаңыз.
Осы құрылғыда тек тұрмыстық
құрылғыларда пайдалануға арналған
арнайы шамдар (егер шамы бар болса)
ғана қолданылған. Олар үйді
жарықтандыру үшін қолдануға жарамайды.
1.3 Күнделікті қолдану
Құрылғының пластик бөліктеріне ыстық
кәстрөл қоймаңыз.
Тұтанғыш газ бен сұйықтықтарды
тоңазытқышта сақтамаңыз, себебі олар
жарылып кетуі мүмкін.
Құрылғы өндірушісінің тағам сақтауға
қатысты нұсқауларын мұқият орындау
қажет. Тиісті нұсқауларды қараңыз.
1.4 Күтім және тазалау
Құрылғыға қызмет көрсетуді бастамас
бұрын құрылғыны өшіріп, ашаны электр
желісіндегі розеткадан суырып алыңыз.
Құрылғыны металл заттармен
тазаламаңыз.
Құрылғы қырауын тазалау үшін өткір
заттарды пайдаланбаңыз. Пластик
қырғышты пайдаланыңыз.
Еріген суды жинайтын табақшаны мезгіл-
мезгіл тексеріп отырыңыз. Қажет болса,
табақшаны тазалап отырыңыз. Табақша
толып қалған жағдайда су құрылғының
астыңғы жағына жиналады.
1.5 Орнату
Электр желісіне қосарда, арнайы
бөлімдерде берілген нұсқауларды
мұқият орындаңыз.
Құрылғы орамын ашып, оның еш жерінің
бүлінбегенін тексеріп алыңыз. Құрылғының
бір жері бүлініп қалса қоспаңыз. Қандай да
бір бүлінушілік орын алғанда, құрылғыны
сатып алған жерге дереу хабарлаңыз.
Бұндай жағдайда қорабын сақтап қойыңыз.
Құрылғыны қоспас бұрын оның майы
компрессорға ағып құйылу үшін кем
дегенде екі сағат күтіңіз.
Құрылғы айналасында ауа жеткілікті түрде
айналуға тиіс, ауа айналымы жеткіліксіз
болса құрылғы қызып кетеді. Желдету
жеткілікті болу үшін орнатуға қатысты
нұсқауларды орындаңыз.
Мүмкін болса, құрылғының жылы тұратын
бөлшектерін (компрессор, конденсатор)
ұстап қалып не оларға қол тигізіп алып
күйіп қалмас үшін тоңазытқыштың арт
жағын әрқашан қабырғаға қаратып
қойыңыз.
Құрылғыны радиатор не пештердің қасына
жақын орналастыруға болмайды.
Құрылғыны орнатқан соң оның ашасының
қол оңай жететін жерде болуын
қамтамасыз етіңіз.
Тек ауыз суы жүйесіне ғана қосыңыз (егер
суға қосу қажет болса).
1.6 Қызмет
Құрылғыны жөндеу үшін қажет электр
жұмыстарын электр маманы не білікті адам
жүзеге асыруға тиіс.
Бұл өнімге қызмет көрсетуді тек уәкілетті
қызмет көрсету орындары жүзеге асыру
керек және құрылғының нағыз өз
бөлшектері ғана пайдаланылуға тиіс.
1.7 Қоршаған ортаны қорғау
Бұл құрылғының салқындатқыш
сұйығының құрамында да, изоляция
материалдарында да озон қабатына
зиян келтіретін газдар жоқ. Бұл
құрылғыны тұрмыстық қалдық пен
қоқыстар тасталатын жерге тастауға
болмайды. Оның изоляция
40
www.electrolux.com
қабаттамасында тұтанғыш газдар
бар: құрылғыны жергілікті құзырлы
мекемелерден алынатын жарамды
ережелерге сай тастау қажет.
Салқындатқыш құралға, әсіресе оның
қызу алмастырғышқа жақын артқы
бөлігіне зиян келтірмеңіз. Құрылғыда
пайдаланылған
белгішесімен
белгіленген материалдар қайта
өңдеуден өткізуге жарайды.
2. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
1
234567
1
Бейнебет
2
Құрылғы ON/OFF түймешігі
Ескерту түймешігі
3
Суығырақ температураға қою тетігі
4
Жылырақ температураға қою тетігі
5
Үстіңгі бөлік
6
Астыңғы бөлік
7
Шамның түймешігі
Түймешіктердің алдын ала қойылған
сигналдарын Шам түймешігін және Суығырақ
температураға қою тетігін бірнеше секунд
бірге басып қатайтуға болады. Осыны қайта
өзгертуге болады.
2.1 Бейнебет
ABC
A)
Астыңғы бөлік температурасының
индикаторы
B)
Ескерту индикаторы
C)
Үстіңгі бөлік температурасының
индикаторы
Үстіңгі немесе астыңғы бөлікті
таңдағаннан кейін
жандану
басталады.
Температураны таңдағаннан кейін
жанданған белгі бірнеше минут
жыпылықтайды.
2.2 Іске қосу
Құрылғыны қосу үшін, мына әрекеттерді
орындаңыз:
1.
Ашаны розеткаға сұғыңыз.
2.
Бейнебет сөніп қалса, ON/OFF түймешігін
басыңыз.
3.
Егер бейнебетте DEMO көрсетілсе,
құрылғы демо-режимде тұрады. "Келесі
жағдайларда не істеу керек..." тарауын
қараңыз.
4.
Температура индикаторы бастапқы
орнатылған температураны көрсетеді.
Орнатылған басқа температураны таңдау
үшін "Температураны реттеу" тарауын
қараңыз.
ҚАЗАҚ 41
2.3 Өшіру
Құрылғыны сөндіру үшін мына әрекеттерді
орындаңыз:
1.
ON/OFF түймешігін 3 секунд басыңыз.
2.
Бейнебет сөнеді.
3.
Құрылғыны электр желісінен ағыту үшін
ашаны розеткадан суырыңыз.
2.4 Температураны реттеу
Үстіңгі немесе астыңғы бөлікті таңдаңыз.
Температураны орнату үшін температура
түймешігін басыңыз.
Орнатылған әдепкі температура:
+ 8°C - үстіңгі бөлік үшін
+14°C - астыңғы бөлік үшін
Температура индикаторлары орнатылған
температураны көрсетеді.
Таңдалған температура 24 сағат ішінде
орнайды.
"Күнделікті қолдану - Шараптарды реттеу"
тарауын қараңыз.
Электр қуаты үзіліп қалса,
орнатылған температура сақтаулы
қалады.
2.5 Шамның түймешігі
Есік жабылғаннан кейін де шам жанып
тұрғанын қаласаңыз, есікті ашыңыз да, қайта
жабыңыз, сонда шам 10 минут ON қалпында
тұрады.
Шамды өздігінен өшіп қалмай тұрып
сөндіргіңіз келсе, есікті ашыңыз да, шамның
түймешігін басыңыз.
Шамның шараптың сапасына ешбір жағымсыз
әсері жоқ.
2.6 “Есік ашық” ескерту сигналы
Есік бірнеше минут ашық қалса, дыбыстық
сигнал естіледі. Есіктің ашық тұрғандығы
төмендегі белгі арқылы көрсетіледі:
Ескерту индикаторы жыпылықтайды
•дыбыстық сигнал
Қалыпты жұмыс режимі орнағаннан кейін (есік
жабылғанда), дыбыстық сигнал тоқтайды.
Ескерту сатысында кез келген түймешікті
басып ескерту сигналын ажыратуға болады.
3. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
3.1 Пештің ішін тазалау
Құрылғыны ең алғаш пайдаланбас бұрын, іші
мен барлық ішкі керек-жарақтарын, аздап
бейтарап сабын қосылған жылы сумен жуып,
ондағы әдетте жаңа затқа тән келетін иісті
кетіріңіз, содан кейін мұқият құрғатыңыз.
Жуғыш заттарды немесе жеміргіш
ұнтақтарды қолданбаңыз, себебі
бұндай заттар құрылғының
қаптамасын бүлдіреді.
Егер бейнебетте DEMO көрсетілсе, құрылғы
демо-режимде тұрады: "КЕЛЕСІ ЖАҒДАЙДА
НЕ ІСТЕУ КЕРЕК..." тарауын қараңыз.
42
www.electrolux.com
3.2 Шараптарды реттеу
Үстіңгі бөлік:
Температураны +6 және + 11°C аралығына
қойып реттеуге болады. Бұл бөлік шарап
сақтауға, әсіресе дереу ішуге арналған қызыл
және ақ шараптарды сақтауға тамаша
жарайды. Әр түрлі температуралы жұмыс
бөліктері.
Астыңғы бөлік:
Температураны + 11 және + 18°C аралығына
қоюға болады. Бұл бөлік қызыл және ақ
шараптарды ұзақ уақыт сақтауға және
жақсарта түсуге арналған.
Бұл бөліктің температурасы ұзақ сақталған
шараптар мен толық шараптарды сақтауға
жарайды.
Шөлмектерді тығындары кеуіп қалмайтындай
етіп жатқызыңыз.
Шарапты қараңғы жерде ұстаңыз.
Тоңазытқышты жақсы жарықтандырылған
жерге қойған кезде, шараптарды жарық
сәулесінің әсерінен, ультракүлгін сәуледен
қорғау үшін есік екі қабат шыныдан жасалған.
Құрылғының шамын тым жиі немесе өте ұзақ
қосып қоймаңыз. Шарап қараңғы жерде жақсы
сақталады.
Шөлмектердің ішіндегі шарабын шайқамай,
абайлап ұстаңыз.
Шарапты сатып алған кезде берілген кеңес
немесе техникалық құжатта көрсетілген
шараптың сапасына, сақталу мерзімінің
ұзақтығына және ең оңтайлы сақтау
температурасы туралы нұсқауларды
орындаңыз.
3.3 Сақтауға қатысты кеңес
Шараптың сақтау уақыты оның жасына,
жүзімнің түріне, құрамындағы спирттің,
фруктоза мен танин мөлшеріне байланысты.
Сатып алған кезде, шараптың ұзақ
сақталғанын немесе уақыт өте келе
жақсаратын шарап екенін тексеріңіз.
Ұсынылатын сақтау температуралары:
Шампан және газды шараптарды 6 және
8°C градус аралығыңда сақтау керек.
Ақ шараптарды 10 және 12°C градус
аралығыңда сақтау керек.
Күлгін және ашық қызыл шараптарды 12
және 16°C градус аралығыңда сақтау
керек.
Ұзақ сақталған қызыл шараптарды 14 -16°C
градус аралығыңда сақтау керек.
Әр түрлі шөлмектерді бірінің үстіне бірін
қойған кезде, олардың тоңазытқыштың
салқындатқыш табағына тиіп тұрмағандығын
тексеріңіз.
ҚАЗАҚ 43
3.4 Шарап қоймасының сөрелері
Тазалау үшін сөрелерін алыңыз.
3.5 Шарап қоймасының шөлмек ұстағыштары
Сөрені алыңыз да, екі бағыттағыштың
арасына салыңыз.
Шөлмек қойылатын сөрелерге ең көбі 30 кг
зат қою керек.
Шөлмектер көрініп тұруы үшін сөрені
бағыттағыштарға, арасына 100 мм орын
қалдыра отырып салыңыз.
44
www.electrolux.com
Астыңғы бөлікте шөлмектерді тігінен қою үшін
қолдануға арналған жылжымалы суырма бар.
Суырманың диаметрі әр түрлі шөлмектерді
орналастыруға арналған екі бөлгіші бар.
3.6 Ылғалдандырғыш
Шараптарды дұрыс сақтау үшін,
ылғалдылықтың қажетті деңгейде болуының
маңызы ерекше.
Шарап қоймасы, құрылғының ішіндегі
ылғалдылықты жоғарылату үшін арнайы
ылғалдандырғыш құралмен жабдықталған.
Берілген лава тастарын суретте
көрсетілгендей кішкене науаның үстіне
таратып салыңыз. Содан кейін науаны
жартылай суға толтырыңыз.
Қалыпты жұмыс режимінде, лава тастары
судың көмегімен уақытылы ылғалданып
тұрады; науаның ішіндегі суды мезгіл-мезгіл
тексеріп, қажет болса үстеп құйып отырыңыз.
Егер шарап қоймасы орнатылған жердің
ылғалдылығы ерекше жоғары болса, шарап
қоймасының ішіндегі ылғалдылық та
салыстырмалы түрде жоғары болатынын
ескеріңіз.
Бұндай жағдайда, шөлмектер ылғалданып,
жапсырмалары түсіп қалуы мүмкін. Бұндай
кезде науаның ішіндегі суды тиісінше
азайтыңыз.
3.7 Ауа айналымы
Тоңазытқыш бөлігінің ішінде, құрылғы
термостаты жұмыс істегенде және бөлмедегі
жағдайларға байланысты автоматты түрде
іске қосылатын арнайы AIRLIGHT желдеткіш
бар.
ҚАЗАҚ 45
4. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Сақтандыру туралы ескерту!
Жөндеу жұмысын жүргізбес бұрын
құрылғыны электр желісінен
ағытыңыз.
Бұл құрылғының салқындатқыш
құралында сутегілі көміртек бар;
сондықтан да, жөндеу жұмыстары
мен оны қайта толтыруды тек
уәкілетті маман ғана жүзеге асыруға
тиіс.
4.1 Мезгілімен тазалап отыру
Құрылғыны мезгіл-мезгіл тазалап отыру
қажет:
іші мен керек-жарақтарын аздап нейтрал
сабын салынған жылы сумен тазалаңыз.
есік тығыздағышын мезгіл-мезгіл тазалап,
кір тұрып қалмас үшін сүртіп алып
отырыңыз.
шайып мұқият құрғатыңыз.
Құрылғы ішіндегі түтікшелер және/не
сымдардың ешқайсысын тартпаңыз,
жылжытып не бүлдірмеңіз.
Құрылғының ішін тазалау үшін жуғыш
заттарды, жеміргіш ұнтақтар мен аса
хош иістендірілген тазалағыш
заттарды не балауыз
жылтыратқыштарды пайдаланбаңыз,
себебі бұндай заттар құрылғының
беткі қабатын бүлдіріп, онда ерекше
иіс қалдырады.
Құрылғының артындағы конденсатор (қара
гриль) мен компрессорды шөтке не
шаңсорғышпен тазалаңыз. Бұлай істеу
құрылғы жұмысын жақсартып, электр
шығынын азайтады.
Салқындатқыш жүйеге еш нұқсан
келтірмеуге тырысыңыз.
Ас үй құрылғыларының бетін тазалауға
арналған көпшілік заттардың құрамында осы
құрылғы үшін пайдаланылған пластиктерге
зиянды әсер ететін химикаттар бар.
Сондықтан да осы құрылғы корпусының
сыртын, тек аздаған жуғыш зат салынған
жылы сумен тазалау ұсынылады.
Тазалап болған соң құрылғыны электр
желісіне қайта қосыңыз.
4.2 Тоңазытқыш мұзын жібіту
Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрса, қырау
тоңазытқыш камерадағы буландырғыштан,
мотор компрессоры тоқтаған сайын
автоматты түрде шығарылады. Еріген су
құрылғының артындағы, мотор
компрессорының үстіндегі арнайы
контейнерге су шығатын саңылау арқылы
жиналады да, осы жерде буға айналады.
Жиналған су ағып, тоңазытқыштағы тағамға
тамшыламас үшін тоңазытқыш бөліктегі
науаның ортасындағы еріген су ағатын
саңылауды мезгіл-мезгіл тазалап тұрған
маңызды.
4.3 Құрылғыны қолданбаған кезде
Құрылғыны ұзақ уақыт бойы қолданбаған
кезде мына сақтық шараларын орындаңыз:
құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз
мұзын ерітіп (егер бар болса), құрылғыны
және барлық керек-жарақтарын тазалаңыз
46
www.electrolux.com
Жағымсыз иіс пайда болмас үшін есікті/
есіктерді ашық қалдырыңыз.
Егер құрылғыны қосып қалдыратын болсаңыз,
электр қуаты өшіп қалған жағдайда ішіндегі
тағам бұзылып кетпес үшін, басқа бір
адамның арасында бір рет бақылап қойып
отыруын сұраңыз.
5. НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...
Назарыңызда болсын!
Ақаулықты анықтамас бұрын ашаны
розеткадан суырыңыз.
Осы нұсқаулықта көрсетілмеген
ақаулықты тек электрші маман
немесе білікті адам ғана анықтауға
тиіс.
Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрған
кезде шуыл естіледі (компрессор,
салқындатқыш сұйықтықтың
айналуы).
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Құрылғыдан шуыл
шығады
Құрылғы дұрыс орнықпаған Құрылғының орнықты тұрған-
тұрмағанын тексеріңіз (төрт
аяғы да еденге тиіп тұруға
тиіс)
Дыбыстық сигнал
естіледі. Бейнебет қызыл
түске еніп тұр.
Есік дұрыс жабылмаған. "Есік ашық сигналын" қараңыз.
Құрылғы жұмыс істемей
тұр. Шам жанбайды.
Құрылғы сөндірулі. Құрылғыны қосыңыз.
Қуат ашасы розеткаға дұрыс
сұғылмаған.
Ашаны розеткаға дұрыстап
сұғыңыз.
Құрылғыға электр қуаты
келмей тұр. Розеткада тоқ
жоқ.
Розеткаға басқа электр
құрылғысын қосып көріңіз.
Электрші маманға
хабарласыңыз.
Шам жанбайды. Шам күту режимінде тұр. Есікті жауып, қайта ашыңыз.
Шамның ақауы бар. "Шамды ауыстыру" тарауын
қараңыз.
Компрессор үздіксіз
жұмыс істейді.
Температура дұрыс
орнатылмаған.
Жоғарырақ температураға
қойыңыз.
Есік дұрыс жабылмаған. "Есікті жабу" тарауын қараңыз.
Есік тым жиі ашылған. Есікті қажет кезде ғана
ашыңыз, ұзақ ашып қоймаңыз.
Бөлме температурасы тым
жоғары.
Бөлменің температурасын
азайтыңыз.
Тоңазытқыштың артқы
тақтасына су ағады.
Мұзды автоматты түрде еріту
барысында еріген су артқы
тақтаға ағады.
Бұл дұрыс.
Су тоңазытқыштың ішіне
ағады.
Су ағатын түтікше бітеліп
қалған.
Су ағатын түтікшені
тазалаңыз.
ҚАЗАҚ 47
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Тағамдар судың су жинағыш
науаға құйылуына кедергі
жасайды.
Тағамдарды артқы тақтаға
тигізбей орналастырыңыз.
Құрылғының ішіндегі
температура тым төмен/
жоғары.
Температура тетігі дұрыс
мәнге қойылмаған.
Жоғарырақ/төменірек
температураға қойыңыз.
Есік дұрыс жабылмаған. "Есікті жабу" тарауын қараңыз.
Бір мезгілде тым көп тағам
сақтауға қойылған.
Бір мезгілде сақталатын тағам
мөлшерін азайтыңыз.
Құрылғының ішіндегі
температура тым
жоғары.
Құрылғының ішінде суық ауа
айналымы жоқ.
Құрылғы ішінде суық ауаның
айналуын қамтамасыз етіңіз.
Температура
бейнебетінде үстіңгі
немесе астыңғы текше
көрсетіледі.
Температураны өлшеген
кезде қате орын алды.
Қызмет көрсету орталығы
өкіліне хабарласыңыз
(салқындатқыш жүйе тағамды
салқындатуын жалғастырады,
бірақ температураны реттеу
мүмкін емес).
DEMO бейнебетте
көрсетіледі.
Құрылғы демо-режимде тұр
(DEMO).
Ұзақ дыбыстық сигнал естіліп,
бейнебет аз уақытқа сөнген
кезде Шам түймешігін
шамамен 10 секунд басып
ұстап тұрыңыз: құрылғы
қалыпты жұмыс істей
бастайды.
5.1 Шарап қоймасының шамын
ауыстыру
Ашаны розеткадан суырып алыңыз.
Шамның қақпағын құралмен
(мысалы, бұрағыш) ішке
басып, артқы ілмегінен
босатыңыз.
48
www.electrolux.com
Дәл осы кезде, ортаңғы ілгекті
босатыңыз да, қақпақты
көрсеткі бағытымен сырғытып
алыңыз.
Шамның орнына фирмалық
шам салыңыз.
Шамның қақпағын орнына
қойыңыз.
Ашаны розеткаға қосыңыз.
Есікті ашыңыз. Шамның
жанатынына көз жеткізіңіз.
5.2 Есікті жабыңыз
1.
Есік тығыздағыштарын тазалаңыз.
2.
Қажет болса, есікті реттеңіз. "Орнату"
тарауын қараңыз.
3.
Қажет болса, зақым келген
тығыздағыштарды өзгертіңіз. Қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
6. ОРНАТУ
6.1 Орналастыру
Назарыңызда болсын!
Есігінде құлпы не ілгегі бар ескі
құрылғыны тастап жатсаңыз, жас
балалар құрылғы ішінде қамалып
қалмас үшін оларды жарамсыз етіп
барып тастаңыз.
Құрылғыны орнатып болған соң оның
ашасы қол жететін жерде тұруға тиіс.
Бұл құрылғыны қоршаған орта температурасы
құрылғының техникалық ақпараттар
тақтайшасында көрсетілген климат санатына
сай келетін жерге орналастыру қажет:
Климат
санаты
Қоршаған орта температурасы
SN +10°C бастап + 32°C дейін
Климат
санаты
Қоршаған орта температурасы
N +16°C бастап + 32°C дейін
ST +16°C бастап + 38°C дейін
T +16°C бастап + 43°C дейін
6.2 Электр желісіне жалғау
Электр желісіне қоспас бұрын техникалық
ақпарат тақтайшасында көрсетілген кернеу
мен жиіліктің үйдегі электр желісінің қуатына
сай келетіндігін тексеріп алыңыз.
Құрылғы жерге қосылуға тиіс. Осы мақсатта
қорек сымы контактпен қатар жеткізілген. Егер
үйдегі розетка жерге қосылмаған болса, білікті
электр маманынан ақыл-кеңес ала отырып,
ҚАЗАҚ 49
құрылғыны қолданыстағы ережелерге сай
жерге жекелей қосыңыз.
Жоғарыда айтылып өткен ережелер
сақталмаса, өндіруші қандай да бір
жауапкершілікті өз мойнына алудан бас
тартады.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай келеді.
6.3 Желдетуге қойылатын талаптар
5 cm
min.
200 cm
2
min.
200 cm
2
Құрылғының арт жағында ауа жақсы айналып
тұруға тиіс.
6.4 Құрылғыны орнату
Сақтандыру туралы ескерту!
Қорек сымын еркін жылжытуға
болатынына көз жеткізіңіз.
Төмендегі қадамдарды орындаңыз:
Жабысқақ таспаны құрылғыға суретте
көрсетілгендей етіп жапсырыңыз.
50
www.electrolux.com
Құрылғыны жиһаз ойығына орнатыңыз.
Құрылғыны жиһаз ойығына 4 бұрандамен
бекітіңіз.
Бұрандалардың қалпақтарын салыңыз.
Төмендегілерді тексеріңіз:
ҚАЗАҚ 51
Барлық бұрандалардың қатайтып
бұралғанын.
Тығыздағыш таспаның қаптамаға мықтап
бекігенін.
Есіктің дұрыс ашылып-жабылатынын.
6.5 Есіктің деңгейлестіретін төменгі жағын құрастыру бойынша нұсқаулар
Есік ашық тұрғанда, астыңғы жағында
орналасқан екі бұранданы түгел ағытып
алмай босатыңыз.
Болат деңгейлегішті суретте
көрсетілгендей етіп орналастырып, үстіңгі
бөлігін бұрандалардың қалпағының астына
кіргізіңіз.
Деңгейлегішті есіктің болат панелімен
туралаңыз да, бұрандаларды қатайтып
бұраңыз.
Темір қысқышты деңгейлегіштің ішіне
суретте көрсетілгендей етіп салыңыз.
52
www.electrolux.com
7. ШУЫЛ ТҮРЛЕРІ
Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрған кезде
түрлі шуыл естіледі (компрессор,
салқындатқыш сұйықтықтың айналуы).
BRRR!
HISSS!
CLICK!
BLUBB!
CRACK!
SSSRR
R!
OK
CLICK!
CLICK!
SSSRRR!
SSSRRR!
BRRR!
BRRR!
HISSS!
HISSS!
ҚАЗАҚ 53
BLUBB!
BLUBB!
CRACK!CRACK!
8. ТЕХНИКАЛЫҚ СИППАТАМА
Ұяның өлшемдері
Биіктігі 1780 мм
Ені 560 мм
Тереңдігі 550 мм
Кернеу 230-240 В
Жиілік 50 Гц
Техникалық ақпарат құрылғының ішкі сол
жағында орналасқан техникалық ақпарат
тақтайшасында және қуат мәндері берілген
жапсырмада көрсетілген.
9. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯН КЕЛДІРМЕУ ТУРАЛЫ
МАҒЛҰМАТТАР
Белгі
салынған материалдарды қайта
өңдеуден өткізуге тапсырыңыз. Орам
материалдарын қайта өңдеуден өткізу үшін
тиісті контейнерлерге салыңыз.
Электрлік және электроникалық
құрылғылардың қалдығын қайта өңдеуден
өткізу арқылы, қоршаған ортаға және
адамның денсаулығына зиын келтіретін
жағдайларға жол бермеуге өз үлесіңізді
қосыңыз. Белгі
салынған құрылғыларды
тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз.
Өнімді жергілікті қайта өңдеу орталығына
өткізіңіз немесе жергілікті мекемеге
хабарласыңыз.
54
www.electrolux.com
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56

Electrolux ERW3313AOX Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя

Задайте вопрос, и я найду ответ в документе

Поиск информации в документе стал проще с помощью ИИ

на других языках