Electrolux ERW3313AOX Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я ознакомился с инструкцией по эксплуатации винных шкафов Electrolux ERW3313 AOX и ERW3313 BOX. В этом документе подробно описаны функции управления температурой, рекомендации по хранению различных типов вин, а также советы по уходу и устранению неисправностей. Задавайте свои вопросы, я готов вам помочь!
  • Как установить оптимальную температуру для хранения разных типов вин?
    Что делать, если винный шкаф не включается?
    Как очистить внутреннюю часть винного шкафа?
    Как работает система увлажнения?
ERW3313AOX
ERW3313BOX
KK Шарап қоймасы Қолдану туралы нұсқаулары 2
RO Răcitor de vinuri Manual de utilizare 20
RU Винный шкаф Инструкция по эксплуатации 36
UK Винний льох Інструкція 54
МАЗМҰНЫ
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ....................................................................................... 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 4
3. ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ..............................................................................................6
4. БІРІНШІ ҚОЛДАНУ............................................................................................7
5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ........................................................................................8
6. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ................................................................................. 10
7. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ.....................................................................................12
8. ОРНАТУ........................................................................................................... 15
9. ШУЫЛ ТҮРЛЕРІ.............................................................................................. 17
10. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ..............................................................................18
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар
бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны
таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны
жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын
тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет
көрсету туралы ақпарат:
www.electrolux.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
www.electrolux.com2
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау
нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын
алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты
келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым
келген адамдар не тәжірибесі аз адамдар өз
қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның
қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану
бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс
қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
Орам материалдарының барлығын балалардан
алыс ұстаңыз.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Бұл құрылғы үйде және сол сияқты төменде
аталған жерлерде қолдануға арналған:
Фермадағы үйлердің; дүкендердегі, кеңселер
мен басқа жұмыс орындарындағы
қызметкерлерге арналған ас бөлмелерде
Қонақ үйлерде, мотельдерде, төсек және таңғы
аспен қамтамасыз ететін қонақжайларда және
басқа тұрғынды жерлерде
Бұл құрлығыны тек шарап сақтау үшін қолданыңыз.
Құрылғының корпусындағы немесе кіріктірілген
элементіндегі желдеткіш саңылауларды бітемей,
ашық ұстаңыз.
ҚАЗАҚ 3
Жібіту үдерісін жылдамдату үшін өндіруші ұсынған
құралдардан басқа құралдарды немесе
механикалық құралдарды қолданбаңыз.
Салқындатқыш жүйенің контурын зақымдамаңыз.
Құрылғының ішіндегі азық-түлікті сақтауға арналған
бөліктерге электр құрылғыларын, егер оларды
өндіруші ұсынбаған болса қолданбаңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және буды
қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені,
еріткіштерді немесе темір заттарды
пайдаланбаңыз.
Құрылғы ішінде жанатын заты бар аэрозоль
сауыттары тәрізді жарылатын затты сақтамаңыз.
Егер қуат cымына зақым келсе, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету
орталығы немесе сол сияқты білікті маман
ауыстыруға тиіс.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Бұл құрылғыны тек білікті
маман ғана орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі
абай болыңыз, себебі салмағы
ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын
киіңіз.
Құрылғының айналасында ауа
айналып тұруын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғыны тоққа қосар алдында
кем дегенде 4 сағат күтіңіз. Бұл
майдың компрессорға қайта
құйылуына мүмкіндік беру үшін
қажет.
Құрылғыны радиаторға немесе
пештерге, тұмшапешке немесе
пештің үстіне жақын орнатпаңыз.
Құрылғының артқы жағы қабырғаға
қарап тұруға тиіс.
Құрылғыны күннің жарығы тура
түсетін жерге қоймаңыз.
Құрылғыны аса дымқыл немесе өте
суық, құрылыс алаңдары, гараж
немесе шарап жерқоймасы тәрізді
жерлерге орнатуға болмайды.
Құрылғыны жылжытқан кезде,
еденді сызып кетпес үшін алдыңғы
жағынан көтеріңіз.
www.electrolux.com4
2.2 Электртоғына қосу
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Өрт шығу және электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы электр
параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз
жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге
хабарласыңыз.
Әрқашан дұрыс орнатылған,
қатерден сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Электр бөлшектеріне зақым
келтірмеңіз (мысалы, ашасына,
сымына, компрессорға). Электр
бөлшектерін ауыстыру үшін қызмет
уәкілетті көрсету орталығына
немесе электршіге хабарласыңыз.
Қорек сымы ашаның деңгейінен
төмен орналасуға тиіс.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан
кейін ғана жалғаңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
2.3 Пайдалану
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу, күйіп қалу,
электр тоғының қатеріне
ұшырау немесе өрт шығу
қаупі бар.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Электр құрылғыларын (мысалы,
балмұздақ жасағыш құрылғы) егер
өндірушісі арнайы көрсетпесе,
құрылғыға салуға болмайды.
Салқындатқыш жүйеге зақым
келтіріп алмас үшін абай болыңыз.
Оның құрамында изобутон (R600a),
қоршаған ортамен сыйысымдылығы
өте жоғары табиғи газ бар. Бұл
тұтанғыш газ.
Егер салқындатқыш жүйеге зақым
келсе, бөлмеде ешбір оттың
жалыны және тұтануға себеп
болатын көздердің болмауын
қамтамасыз етіңіз. Бөлмені
желдетіңіз.
Ыстық заттарды құрылғының
пластик бөліктеріне тигізбеңіз.
Құрылғыда тұтанғыш газ бен
сұйықтықты сақтамаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
Компрессорға немесе
конденсаторға қол тигізбеңіз. Олар
ыстық.
2.4 Ішкі жарық шамы
Осы құрылғыда пайдаланылатын
шам түрлері бөлмені
жарықтандыруға жарамайды
2.5 Күту менен тазалау
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе
құрылғыны бүлдіріп алу
қаупі бар.
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын
розеткадан суырыңыз.
Бұл құрылғының салқындатқыш
жүйесінде көмірсутек бар. Жүйеге
күтім көрсету және оны қайта
толтыру жұмыстарын тек білікті
маман ғана іске асыруға тиіс.
Құрылғының су төгетін түтіктерін
уақытылы тексеріңіз, егер тазалау
керек болса тазалаңыз. Су ағатын
түтік бітелсе, еріген су құрылғының
табанына жиналады.
ҚАЗАҚ 5
2.6 Құрылғыны тастау
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғы
ішіне қамалып қалмас үшін есікті
ағытып алыңыз.
Құрылғының салқындатқыш жүйесі
мен изоляция материалдарының
озонға зияны жоқ.
Изоляция көбігінің құрамында
тұтанғыш газ бар. Құрылғыны
қоқысқа дұрыс тастауға қатысты
ақпаратты жергілікті әкімшілік
мекемеге хабарласып алыңыз.
Салқындатқыш жүйенің қызу
алмастырғышқа жақын орналасқан
жеріндегі бөлігіне зақым
келтірмеңіз.
3. ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ
3.1 Басқару панелі
1
234567
1
Дисплей
2
ON/OFF /
Ескерту түймешігі
3
Суығырақ температураға қою тетігі
4
Жылырақ температураға қою тетігі
5
Үстіңгі бөлік
6
Астыңғы бөлік
7
Шамның түймешігі
Түймешіктердің алдын ала қойылған
сигналдарын шам түймешігін және
суығырақ температураға қою тетігін
бірнеше секунд бірге басып қатайтуға
болады. Осыны қайта өзгертуге
болады.
3.2 Дисплей
A B C
A) Астыңғы бөлік температурасының
индикаторы
B) Ескерту индикаторы
C) Үстіңгі бөлік температурасының
индикаторы
Үстіңгі немесе астыңғы
бөлікті таңдағаннан кейін
жандану басталады.
Температураны
таңдағаннан кейін
жанданған белгі бірнеше
минут жыпылықтайды.
3.3 Іске қосу
1. Ашаны розеткаға сұғыңыз.
2. Бейнебет сөніп тұрса, құрылғының
ON/OFF түймешігін басыңыз.
Температура индикаторлары
www.electrolux.com6
орнатылған әдепкі температураны
көрсетеді.
Орнатылған басқа температураны
таңдау үшін "Температураны реттеу"
тарауын қараңыз.
Егер дисплейде "DEMO" пайда болса,
"Ақаулықты түзету" тарауын қараңыз.
3.4 Сөндіру
ON/OFF түймешігін 3 секунд басыңыз.
Бейнебет сөнеді.
Құрылғыны электр желісінен ағыту
үшін ашаны розеткадан суырыңыз.
3.5 Температураны реттеу
1. Үстіңгі немесе астыңғы бөлікті
таңдаңыз.
2. Температураны орнату үшін
температура түймешігін басыңыз.
3. Орнатылған әдепкі температура:
үстіңгі бөлікке арналған +8°C
астыңғы бөлікке арналған +14°C
Температура индикаторлары
орнатылған температураны көрсетеді.
Таңдалған температура 24 сағат
ішінде орнайды, "Шарапты реттеп
орналастыру" тарауын қараңыз.
Электр қуаты үзіліп қалса,
орнатылған температура
сақтаулы қалады.
3.6 Шамның түймешігі
Есік жабылғаннан кейін шам жанып
тұрғанын қаласаңыз, есікті ашыңыз да,
қайта жабыңыз, сонда шам 10 минут
автоматты түрде ON қалпында
тұрады.
Шамды өздігінен өшіп қалмай тұрып
сөндіргіңіз келсе, есікті ашыңыз да,
шамның түймешігін басыңыз.
3.7 “Есік ашық” ескерту
сигналы
Есік бірнеше минут ашық қалса,
дыбыстық сигнал естіледі. Есіктің
ашық тұрғандығы төмендегі белгі
арқылы көрсетіледі:
ескерту индикаторы
жыпылықтайды;
дыбыстық сигнал.
Қалыпты жұмыс режимі орнағаннан
кейін (есік жабылғанда) дыбыстық
сигнал өшеді. Сигналды кез-келген
түймешікті басып сөндіруге де болады.
4. БІРІНШІ ҚОЛДАНУ
4.1 Пештің ішін тазалау
Құрылғыны ең алғаш пайдалану
алдында, іші мен барлық ішкі керек-
жарақтарын, аздап бейтарап сабын
қосылған жылы сумен жуып, ондағы
әдетте жаңа затқа тән келетін иісті
жуып, содан кейін мұқият құрғатыңыз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Жуғыш заттарды немесе
жеміргіш ұнтақтарды
қолданбаңыз, себебі
бұндай заттар құрылғының
қаптамасын бүлдіреді.
ҚАЗАҚ 7
5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
5.1 Шараптарды реттеу
Үстіңгі бөлік:Температураны +6°C
және +11°C аралығына қойып реттеуге
болады. Бұл бөлік дереу ішілетін
қызыл және ақ шараптарды сақтауға
тамаша жарайды. Әр түрлі
температуралы жұмыс бөліктері.
Астыңғы бөлік:Температураны +11°C
және +18°C аралығына қойып реттеуге
болады. Бұл бөлік қызыл және ақ
шараптарды ұзақ уақыт сақтап,
толыстыруға тамаша жарайды.
Бұл бөліктің температурасы ұзақ
сақталған шараптар мен толық
шараптарды сақтауға жарайды.
Шөлмектерді тығындары кеуіп
қалмайтындай төмен қаратып
орнату керек.
Шарапты қараңғы жерде сақтау
керек. Тоңазытқышты жақсы
жарықтандырылған жерге қойған
кезде, шараптарды жарық
сәулесінің әсерінен, ультракүлгін
сәуледен қорғау үшін еск екі қабат
шыныдан жасалған.
Құрылғының шамын жиі немесе
ұзақ уақыт қосып қоюға болмайды.
Шарап қараңғы жерде жақсы
сақталады.
Шөлмектердің ішіндегі шарабын
шайқамай, абайлап ұстау керек.
Шарапты сатып алған
кезде берілген кеңес
немесе техникалық
құжатта көрсетілген
шараптың сапасына,
сақталу мерзімінің
ұзақтығына және ең
оңтайлы сақтау
температурасы туралы
нұсқауларды орындаңыз.
5.2 Сақтауға қатысты кеңес
Шарапты сақтау уақыты оның жасына,
жүзімнің сортына, құрамындағы
спиртке және фруктоза мен танин
мөлшеріне байланысты. Сатып алған
кезде шараптың толысқанын немесе
уақыт өте келе толысатынын тексеріп
алыңыз.
Ұсынылатын сақтау
температуралары:
Шампан және газды шараптарды
+6°C және +8°C градус аралығыңда
сақтау керек
Ақ шараптарды +10°C және +12°C
градус аралығыңда сақтау керек
Күлгін және ашық қызыл
шараптарды +12°C және +16°C
градус аралығыңда сақтау керек
Толысқан қызыл шараптарды +14°C
және +16°C градус аралығыңда
сақтау керек
Әр түрлі шөлмектерді
бірінің үстіне бірін қойған
кезде, олардың
тоңазытқыштың
салқындатқыш табағына
тиіп тұрмағандығын
тексеріңіз.
5.3 Шарап қоймасының
сөрелері
Тазалау үшін сөрелерін алыңыз
www.electrolux.com8
5.4 Шарап қоймасының
шөлмек ұстағыштары
Шөлмек қойылатын сөрелерге ең көбі
30 кг зат қою керек.
Сөрені алыңыз да, екі бағыттағыштың
арасына салыңыз.
Шөлмектер көрініп тұруы
үшін сөрені
бағыттағыштарға, арасына
100 мм орын қалдыра
отырып салыңыз.
Астыңғы бөлікте
шөлмектерді тігінен қою
үшін қолдануға арналған
жылжымалы суырма бар.
Суырманың диаметрі әр
түрлі шөлмектерді
орналастыруға арналған
екі бөлгіші бар.
5.5 Ылғалдандырғыш
Шараптарды дұрыс сақтау үшін,
ылғалдылықтың қажетті деңгейде
болуының маңызы ерекше.
Шарап қоймасы құрылғының ішіндегі
ылғалдылықты көбейтуге арналған
ылғалдандырғыш құралмен
жабдықталған.
1. Берілген лава тастарын суретте
көрсетілгендей кішкене науаның
үстіне таратып салыңыз.
ҚАЗАҚ 9
2. Науаны жартылай суға
толтырыңыз.
Қалыпты жағдайда, су лава
тастарын ылғалдандырады.
Науаның ішіндегі суды уақытылы
тексеріп, қажет болса қайта
толтырыңыз.
Егер құрылғы орнатылған
жердің ылғалдылығы өте
жоғары болса, шарап
қоймасының ішіндегі
ылғалдылық та
салыстырмалы түрде
жоғары болады. Бұндай
жағдайда, есікті ашқанда
шөлмектер ылғалданып,
жапсырмалары түсіп қалуы
мүмкін. Бұндай жағдай
байқалса, науаның ішіндегі
судың мөлшерін қажетінше
азайту керек.
5.6 Ауа айналымы
Тоңазытқыш бөлігінің ішінде, құрылғы
термостаты жұмыс істегенде және
бөлмедегі жағдайларға байланысты
автоматты түрде іске қосылатын
арнайы AIRLIGHT желдеткіш бар.
6. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
6.1 Жалпы ескертулер
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Қандай да бір жөндеу
жұмысын орындау
алдында, құрылғыны
сөндіріңіз.
Құрылғының
салқындатқыш жүйесінде
көмірсутек бар; жөндеу
және оны қайта толтыру
жұмыстарын тек уәкілетті
маман ғана іске асыруға
тиіс.
Құрылғының керек-
жарақтары мен
бөлшектерін ыдыс жуғыш
машинамен жууға
болмайды.
www.electrolux.com10
6.2 Мерзімді тазалау
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Камераның ішіндегі түтікше
немесе сымдардың
ешқайсысын тартуға,
қозғауға немесе бүлдіруге
болмайды.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Салқындатқыш жүйені
бүлдіріп алудан
сақтаныңыз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Корпусты жылжытқан
кезде, еденді сызып кетпес
үшін алдыңғы жағынан
көтеріңіз.
Құрылғыны жиі тазалап отыру керек:
1. Құрылғының іші мен керек-
жарақтарын, аздап бейтарап
сабын қосылған жылы сумен
жуыңыз.
2. Есіктің тығыздағыштарын
уақытылы тексеріп, қоқыстарын
тазалап отырыңыз.
3. Шайыңыз да, жақсылап
құрғатыңыз.
4. Егер қол жетімді болса,
құрылғының артында орналасқан
конденсат құрылғысы мен
компрессорды шөткемен
тазалаңыз.
Желдеткіш торды бұлай тазалау
құрылғының жұмысын жақсартып,
электр қуатын тұтынуды азайтуға
көмектеседі.
6.3 Тоңазытқыштың мұзын
еріту
Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрса,
қырау тоңазытқыш камерадағы
буландырғыштан, мотор компрессоры
тоқтаған сайын автоматты түрде
шығарылады. Еріген су науа арқылы
құрылғының артқы жағында, мотор
компрессорының үстінде орналасқан
арнайы сауытқа жиналады да, сол
жерде буға айналады.
Жиналған су ағып, тоңазытқыштағы
тағамға тамшыламас үшін тоңазытқыш
бөліктегі науаның ортасындағы еріген
су ағатын саңылауды мезгіл-мезгіл
тазалап тұрған маңызды.
6.4 Құрылғыны қолданбаған
кезде
Құрылғыны ұзақ уақыт бойы
қолданбаған кезде мына сақтық
шараларын орындаңыз:
1. Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
2. Тағамдардың барлығын
шығарыңыз.
3. Құрылғыны және оның керек-
жарақтарының барлығын
тазалаңыз.
4. Жағымсыз иіс пайда болмау үшін
есікті/есіктерді ашық қалдырыңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Егер құрылғыны қосып
қалдыратын болсаңыз,
электр қуаты өшіп қалған
жағдайда ішіндегі тағам
бұзылып кетпес үшін,
басқа бір адамның
арасында бір рет бақылап
қойып отыруын сұраңыз.
ҚАЗАҚ 11
7. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
7.1 Не істерсіңіз, егер...
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Құрылғы жұмыс
істемейді.
Құрылғы сөндірулі. Құрылғыны қосыңыз.
Қуат ашасы розеткаға
дұрыс сұғылмаған.
Ашаны розеткаға дұрыстап
сұғыңыз.
Розеткада тоқ жоқ. Розеткаға басқа электр
құрылғысын қосып көріңіз.
Электрші маманға
хабарласыңыз.
Құрылғыдан шуыл
шығады.
Құрылғы дұрыс
орнықпаған.
Құрылғының орнықты
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Көрінетін және естілетін
сигналдар қосылып тұр.
Құрылғы жақында ғана
қосылған немесе
температурасы тым
жоғары.
"Есік ашық" немесе
"Жоғары температураны
ескерту сигналы" тарауын
қараңыз.
Құрылғының ішіндегі
температура тым
жоғары.
"Есік ашық" немесе
"Жоғары температураны
ескерту сигналы" тарауын
қараңыз.
Есік ашық қалған. Есікті жабыңыз.
Құрылғының ішіндегі
температура тым
жоғары.
Жақын жердегі уәкілетті
қызмет көрсету
орталығына немесе білікті
электрші маманға
хабарласыңыз.
Температура
дисплейінде санның
орнына тік төртбұрыш
таңба көрсетіліп тұр.
Температура
сенсорына қатысты
ақаулық.
Жақын жердегі уәкілетті
қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз
(салқындатқыш жүйе
тағамды салқындатуын
жалғастырады, бірақ
температураны реттеу
мүмкін емес).
Шам жанбайды. Шам күту режимінде
тұр.
Есікті жауып, қайта
ашыңыз.
www.electrolux.com12
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Шамда ақаулық бар. "Шамды ауыстыру"
тарауын қараңыз.
Компрессор үздіксіз
жұмыс істейді.
Температура дұрыс
орнатылған жоқ.
"Құрылғының жұмысы"
тарауын қараңыз.
Бір мезгілде тым көп
тағам қатар қойылған.
Бірнеше сағат күтіңіз,
содан кейін
температурасын қайта
тексеріңіз.
Бөлме температурасы
тым жоғары.
Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы ауа-
райы санатын қараңыз.
Құрылғыға өте жылы
заттар қойылған.
Тағамдарды бөлме
температурасына дейін
салқындатып алғаннан
кейін салыңыз.
Есік дұрыс жабылмаған. "Есікті жабу" тарауын
қараңыз.
Тоңазытқыштың артқы
тақтасына су ағады.
Мұзды автоматты түрде
еріту барысында мұз
артқы тақтаға еріп
ағады.
Бұл дұрыс.
Шарап қоймасының ішіне
су ағады.
Су ағатын түтікше
бітеліп қалған.
Су ағатын түтікшені
тазалаңыз.
Тағамдар судың су
жинағыш науаға
құйылуына кедергі
жасайды.
Тағамдарды артқы тақтаға
тигізбей орналастырыңыз.
DEMO жыпылықтап
көрсетіледі.
Құрылғы демо режимде
тұр.
Light button түймешігін ұзақ
сигнал естілгенше және
дисплей шамалы сөнгенше
шамамен 10 секунд басып
ұстап тұрыңыз.
Шарап қоймасының
ішіндегі температура өте
төмен/өте жоғары.
Температура тетігі
дұрыс мәнге
қойылмаған.
Жоғарырақ/төменірек
температураға қойыңыз.
Есік дұрыс жабылмаған. "Есікті жабу" тарауын
қараңыз.
Құрылғының
температурасы өте
жоғары.
Тағамдарды салар
алдында температурасын
бөлме температурасына
дейін азайтыңыз.
ҚАЗАҚ 13
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Бір мезгілде тым көп
шөлмек сақтауға
қойылған.
Шөлмектерді аз қойып
сақтаңыз.
Есік тым жиі ашылған. Есікті ашу қажет болса
ғана ашыңыз.
Егер ақыл-кеңес күткен
нәтиже бермесе, жақын
жердегі фирмалық қызмет
көрсету орталығына
хабарласыңыз.
7.2 Шарап қоймасының
шамын ауыстыру
1. Ашаны розеткадан суырып
алыңыз.
2. Шамның қақпағын құралмен
(мысалы, бұрағыш) ішке басып,
артқы ілмегінен босатыңыз.
3. Дәл осы кезде, ортаңғы ілгекті
босатыңыз да, қақпақты көрсеткі
бағытымен сырғытып алыңыз.
4. Қолданылған шамның орнына, дәл
осындай, тұрмыстық құрылғыларға
арналған, техникалық
параметрлері сай келетін жаңа
шамды салыңыз.
5. Ашаны розеткаға қосыңыз.
6. Есікті ашыңыз. Шамның
жанатынына көз жеткізіңіз.
7.3 Есікті жабу
1. Есіктің тығыздағыштарын
тазалаңыз.
2. Қажет болса, есікті реттеңіз.
"Орнату" тарауын қараңыз.
3. Қажет болса, зақым келген
тығыздағыштарды өзгертіңіз.
Уәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
www.electrolux.com14
8. ОРНАТУ
8.1 Орналастыру
Құрылғыны құрғақ, жақсы желдетілген,
бөлме температурасы құрылғынының
техникалық ақпарат тақтайшасында
көрсетілген температураға сай келетін
жерге орнату қажет:
Ауа-
райы
санаты
Бөлме температурасы
SN +10°C бастап + 32°C дейін
N +16°C бастап + 32°C дейін
ST +16°C бастап + 38°C дейін
T +16°C бастап + 43°C дейін
Осы ауқымнан тыс
пайдаланған кезде кей
үлгілерде кейбір
функциональдық ақаулар
пайда болуы мүмкін. Дұрыс
температура ауқымында
пайдаланғанда ғана
жұмыстың дұрыс
болатынына кепілдік
беріледі. Құрылғыны
орнататын жерді дұрыс
анықтай алмасаңыз,
сатушыға, сатып алушыға
қызмет көрсету немесе
жақын жердегі уәкілетті
қызмет көрсету
орталығына
хабарласыңыз.
8.2 Электртоғына қосу
Құрылғыны қуат көзіне қосу
алдында үйдегі қуат көзінің
техникалық ақпарат тақтайшасында
көрсетілген кернеу мен жиілікке
сәйкестігіне көз жеткізіңіз.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет. Бұл үшін қуат
ашасы контактісімен бірге берілген.
Егер қуатпен жабдықтау жүйесінің
розеткасы жерге тұйықталмаса,
құрылғыны білікті электршіден
кеңес алып, қолданыстағы
ережелерді орындай отырып, жерге
жеке тұйықтау керек.
Жоғарыда көрсетілген қауіпсіздік
шаралары орындалмаса, өндіруші
ешқандай жауапкершілік алмайды.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне
сай келеді.
8.3 Желдетуге қойылатын
талаптар
Құрылғының арт жағында ауа жақсы
айналып тұруға тиіс.
5 cm
min.
200 cm
2
min.
200 cm
2
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Орнату және құрастыру
нұсқауларын орындаңыз.
8.4 Құрылғыны орнату
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Қорек сымын еркін
жылжытуға болатынына
көз жеткізіңіз.
1. Жабысқақ таспаны құрылғыға
суретте көрсетілгендей етіп
жапсырыңыз.
ҚАЗАҚ 15
x
x
2. Құрылғыны жиһаз ойығына
орнатыңыз.
3. Құрылғыны жиһаз ойығына 4
бұрандамен бекітіңіз.
4. Бұрандалардың қалпақтарын
салыңыз.
Ең соңында төмендегілерді тексеріңіз:
Барлық бұрандалардың қатайтып
бұралғанын.
Тығыздағыш таспаның қаптамаға
мықтап бекігенін.
Есіктің дұрыс ашылып-
жабылатынын.
8.5 Есіктің төменгі жағын
деңгейлестіріп құрастыру
бойынша нұсқаулар
1. Есік ашық тұрғанда, астыңғы
жағында орналасқан екі бұранданы
түгел ағытып алмай босатыңыз.
2. Болат деңгейлегішті суретте
көрсетілгендей етіп орналастырып,
үстіңгі бөлігін бұрандалардың
қалпағының астына кіргізіңіз.
www.electrolux.com16
3. Деңгейлегішті есіктің болат
панелімен туралаңыз да,
бұрандаларды қатайтып бұраңыз.
4. Темір қысқышты деңгейлегіштің
ішіне суретте көрсетілгендей етіп
салыңыз.
9. ШУЫЛ ТҮРЛЕРІ
Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрған кезде түрлі шуыл естіледі (компрессор,
салқындатқыш сұйықтықтың айналуы).
BRRR!
HISSS!
CLICK!
BLUBB!
CRACK!
SSSRR
R!
OK
CLICK!
CLICK!
SSSRRR!
SSSRRR!
ҚАЗАҚ 17
BRRR!
BRRR!
HISSS!
HISSS!
BLUBB!
BLUBB!
CRACK!CRACK!
10. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ
10.1 Техникалық дерек
Ұяның өлшемдері
Биіктігі мм 1780
Ені мм 560
Тереңдігі мм 550
Кернеу Вольт 230 - 240
Жиілік Гц 50
Техникалық ақпарат құрылғының
сыртқы немесе ішкі қабырғасындағы
техникалық ақпарат тақтайшасында
және электр қуатының
жапсырмасында көрсетілген.
11. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫСТЫ ЖАҒДАЙЛАР
Белгі салынған материалдарды
қайта өңдеуден өткізуге тапсырыңыз.
Орам материалдарын қайта өңдеуден
өткізу үшін тиісті контейнерлерге
салыңыз. Электрлік және
электроникалық құрылғылардың
қалдығын қайта өңдеуден өткізу
www.electrolux.com18
арқылы, қоршаған ортаға және
адамның денсаулығына зиын
келтіретін жағдайларға жол бермеуге
өз үлесіңізді қосыңыз. Белгі
салынған құрылғыларды тұрмыстық
қалдықтармен бірге тастамаңыз.
Өнімді жергілікті қайта өңдеу
орталығына өткізіңіз немесе жергілікті
мекемеге хабарласыңыз.
ҚАЗАҚ 19
CUPRINS
1. INFORMAŢII PRIVIND SIGURANŢA............................................................... 21
2. INSTRUCŢIUNI PRIVIND SIGURANŢA...........................................................22
3. FUNCŢIONAREA............................................................................................. 24
4. PRIMA UTILIZARE........................................................................................... 25
5. UTILIZAREA ZILNICĂ...................................................................................... 25
6. ÎNGRIJIREA ŞI CURĂŢAREA.......................................................................... 27
7. DEPANARE...................................................................................................... 29
8. INSTALAREA................................................................................................... 31
9. ZGOMOTE........................................................................................................34
10. INFORMAŢII TEHNICE.................................................................................. 35
NE GÂNDIM LA DUMNEAVOASTRĂ
Vă mulţumim pentru că aţi achiziţionat un aparat Electrolux. Aţi ales un produs
care include decenii de experienţă profesională şi de inovaţie. Ingenios şi stilat, a
fost conceput special pentru dumneavoastră. Pentru ca atunci când îl utilizaţi să
aveţi întotdeauna aceleaşi rezultate extraordinare.
Bine aţi venit la Electrolux.
Vizitaţi website-ul la:
Aici găsiţi sfaturi privind utilizarea, broşuri, informaţii care vă ajută la
rezolvarea unor probleme apărute şi informaţii despre service:
www.electrolux.com
Înregistraţi-vă produsul pentru a beneficia de servicii mai bune:
www.registerelectrolux.com
Cumpăraţi accesorii, consumabile şi piese de schimb originale pentru aparatul
dvs.:
www.electrolux.com/shop
SERVICIUL DE RELAŢII CU CLIENŢII ŞI SERVICE
Utilizaţi doar piese de schimb originale.
Atunci când contactaţi centrul autorizat de service, asiguraţi-vă că aveţi
disponibile următoarele informaţii: Model, PNC, Număr de serie.
Informaţiile pot fi găsite pe plăcuţa cu datele tehnice.
Avertisment / Atenţie-Informaţii privind siguranţa
Informaţii generale şi recomandări
Informaţii privind mediul înconjurător
Ne rezervãm dreptul asupra efectuãrii de modificãri.
www.electrolux.com20
/