GT-N5120

Samsung GT-N5120 Руководство пользователя

  • Привет! Я чат-бот, который прочитал руководство по безопасности Samsung. Я готов ответить на ваши вопросы о мерах предосторожности при использовании мобильных устройств Samsung, включая советы по зарядке, использованию в различных условиях и утилизации. В руководстве подробно описаны меры безопасности, помогающие предотвратить повреждения и обеспечить безопасную эксплуатацию устройства.
  • Что делать, если мое устройство перегревается?
    Как правильно утилизировать батарею?
    Можно ли использовать устройство во время грозы?
    Как использовать устройство во время вождения?
1
English ............................. 2
Shqip .............................. 16
 ................................ 30
Български ..................... 41
繁體中文(香港) ............... 56
简体中文 ......................... 67
繁體中文(台灣) ............... 78
Hrvatski ......................... 88
Čeština ......................... 101
Dansk ........................... 114
Nederlands .................. 127
Eesti .............................. 141
 .............................. 154
Suomi ........................... 167
Français ....................... 180
Deutsch ........................ 195
Ελληνικά ...................... 210
Magyar ........................ 225
Bahasa Indonesia ....... 239
Italiano ........................ 253
Қазақ тілі .................... 268
한국어 ........................... 283
Latviešu ....................... 295
Lietuvių kalba ............. 308
Македонски ............... 321
Norsk ........................... 336
Polski ........................... 349
Português .................... 365
Română ....................... 379
Русский ....................... 393
Srpski ........................... 408
Slovenčina ................... 421
Slovenščina ................. 435
Español ........................ 448
Svenska ........................ 462
 ......................... 475
Türkçe ........................... 490
Українська .................. 503
 ................................. 518
O'zbek .......................... 531
Tiếng Việt .................... 545
Қазақ тілі
268
Қауіпсіздік ақпараты
Осы қауіпсіздік ақпараты мобильді құрылғыларды
қамтиды. Кейбір мазмұн құрылғыңыз үшін қол жетімді
болмауы мүмкін. Өзіңізді не басқаларды жарақаттап
немесе құрылғыны зақымдап алмау үшін құрылғыны
пайдалану алдында құрылғы туралы қауіпсіздік ақпаратын
оқыңыз.
Ескерту
Қауіпсіздік ескертулерін және ережелерді
сақтамау ауыр жарақатқа немесе өлімге әкелуі
мүмкін
Зақымдалған электр шнурларын не ашаларын
пайдаланбаңыз немесе электр розеткаларына көп құрылғы
қоспаңыз
Қорғалмаған қосылымдар ток соғуына немесе өртке әкелуі мүмкін.
Қуат сымын ылғал қолмен ұстамаңыз немесе
зарядтағышты қуат сымын тартып ажыратпаңыз
Бұлай істеу қысқа тұйықталуға әкелуі мүмкін.
Электр шнурын майыстырмаңыз немесе зақымдамаңыз
Бұлай істеу ток соғуына немесе өртке әкелуі мүмкін.
Құрылғы зарядталып жатқанда оны пайдаланбаңыз
немесе құрылғыны ылғал қолмен ұстамаңыз
Бұлай істеу ток соғуына әкелуі мүмкін.
Зарядтағышты немесе құрылғыны қысқа тұйықталуға
ұшыратпаңыз
Бұлай істеу ток соғуына немесе өртке әкелуі мүмкін я болмаса батарея
дұрыс жұмыс істемеуі немесе жарылуы мүмкін.
Найзағай кезінде құрылғыңызды сыртта пайдаланбаңыз
Бұлай істеу ток соғуына немесе құрылғының дұрыс жұмыс істемеуіне
әкелуі мүмкін.
Қазақ тілі
269
Өнім жасаушысы мақұлдаған батареяларды,
зарядтағыштарды, қосымша құралдарды және
жабдықтарды пайдаланыңыз
 Әмбебап батареяларды немесе зарядтағыштарды қолдану
құрылғының қызмет ету уақытын кемітуі немесе құрылғының дұрыс
жұмыс істемеуіне себеп болуы мүмкін. Сондай-ақ, бұл өрт тудыруы
немесе батареяның жарылуына әкелуі мүмкін.
 Тек өз құрылғыңызға арналған және Samsung мақұлдаған батарея
мен зарядтағышты ғана пайдаланыңыз. Сәйкес емес батарея мен
зарядтағыш едәуір жарақаттануға немесе құрылғыны зақымдауға
себеп болуы мүмкін.
 Samsung корпорациясы Samsung бекітпеген аксессуарларды
не керек-жарақтарды пайдаланған кезде пайдаланушының
қауіпсіздігіне жауапты емес.
Зарядтағышты немесе құрылғыны түсіріп не соғып
алмаңыз
Құрылғы мен зарядтағышты абайлап пайдаланыңыз және
тастаңыз
 Батареяны немесе құрылғыны ешқашан отқа тастамаңыз. Батареяны
немесе құрылғыны қысқа толқынды пеш, кәдімгі пештер немесе
радиаторлар сияқты қыздыру құрылғыларының үстінде не ішінде
ұстамаңыз. Құрылғы шамадан ысығанда жарылып кетуі мүмкін.
Қолданылған батареяны не құрылғыны қоқысқа тастағанда, барлық
жергілікті ережелерді ұстаныңыз.
 Құрылғыны ешқашан сындырып не тесіп алмаңыз.
 Құрылғыны жоғарғы сыртқы қысымға ұшыратпаңыз, ол ішкі қысқа
тұйықталуға және шамадан тыс қызуға себеп болуы мүмкін.
Құрылғыны, батареяны және зарядтағышты зақымдаудан
қорғаңыз
 Құрылғы мен батареяны өте суық немесе ыстық температураларға
шығармаңыз.
 Шамадан тыс температура құрылғыны зақымдап, зарядтау
мүмкіндігінің және құрылғы мен батареяның жұмыс істеу мерзімін
азайтуы мүмкін.
 Батареяны металл заттарға тигізбеңіз, себебі олардың + және
– ұштары байланысып, батареяны уақытша немесе біржола
зақымдауы мүмкін.
 Ешқашан зақымдалған адаптерді немесе батареяны пайдаланбаңыз.
Қазақ тілі
270
Құрылғыңызды қыздырғыштардың, қысқа толқынды
пештердің, ысытып пісіретін жабдықтың немесе жоғары
қысымды контейнерлердің жанында не ішінде сақтамаңыз
 Батарея ағып кетуі мүмкін.
 Құрылғыңыз қатты қызып кетіп, өрт шығаруы мүмкін.
Құрылғыңызды шаң немесе ауадағы заттардың көп
жиналатын жерлерде пайдаланбаңыз немесе сақтамаңыз
Шаң немесе бөгде заттар құрылғыңыздың дұрыс жұмыс істемеуіне
және өртке немесе электр тоғының соғуына себеп болады.
Құрылғыны немесе батареяны тістемеңіз немесе сормаңыз
 Бұлай істеу құрылғыны зақымдауы я болмаса жарылыс немесе өрт
туындатуы мүмкін.
 Балалар немесе жануарлар шағын бөліктерден шашалуы мүмкін.
 Егер балалар құрылғыны пайдаланса, құрылғыны дұрыс пайдаланып
отырғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны немесе онымен бірге берілген қосалқы
құралдарды көзге, құлаққа немесе ауызға салмаңыз
Тұншығып немесе ауыр жарақат алып қалуыңыз мүмкін.
Зақымдалған немесе ағып кеткен литий ион (Li-Ion)
батареяны қолданбаңыз
Литий ионды батареяны қауіпсіз етіп тастау үшін жақын жердегі
өкілетті қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз.
Абайлаңыз
Қауіпсіздік шараларын қолданбау және
ережелерді сақтамау ауыр жарақатқа немесе
меншіктің зақымдалуына әкелуі мүмкін
Құрылғыңызды басқа электрондық құрылғылардың
жанында пайдаланбаңыз
 Көптеген электрондық құрылғылар радио жиілік сигналдарын
пайдаланады. Құрылғы басқа электрондық құрылғыларға кедергі
келтіруі мүмкін.
 LTE деректер қосылымын пайдаланып дыбыстық жабдық және
телефондар сияқты басқа құрылғыларға кедергі келтіруі мүмкін.
Қазақ тілі
271
Құрылғыңызды ауруханада, ұшақта немесе радио жиілік
арқылы кедергі келтіруі мүмкін көлік жабдығының
жанында пайдаланбаңыз
 Құрылғы электр кардиостимуляторға кедергі келтіретіндіктен,
құрылғыны электр кардиостимуляторға мүмкіндігінше 15 см
ауқымында пайдаланбаңыз.
 Кардиостимуляторға жасалатын кедергіні азайту үшін, құрылғыны
тек дененің кардиостимулятор орналасқан жағына қарама-қарсы
жерде ғана пайдаланыңыз.
 Медициналық құрылғыны пайдалансаңыз, құрылғыға осы құрал
шығаратын радиотолқындар әсері бар-жоғын анықтау үшін,
құрылғыны қолдану алдында, оны жасаушымен хабарласыңыз.
 Ұшақта электрондық құрылғыларды пайдалану ұшақтың
электрондық навигациялық құралдарына кедергі келтіруі мүмкін.
Әуеге көтерілу және жерге қону кезінде құрылғы өшірулі екенін
тексеріңіз. Әуеге көтерілуден кейін ұшақ қызметкерлері рұқсат етсе,
құрылғыны ұшақ режимінде пайдалануға болады.
 Көлігіңіздегі электрондық құрал-жабдықтар осы құрылғы
шығаратын радиотолқындар әсерінен дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Қосымша ақпарат алу үшін, өнім жасаушымен хабарласыңыз.
Құрылғыға ауыр түтін әсерін тигізбеңіз
Бұлай істеу құрылғының сыртын зақымдауы немесе оның дұрыс
жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін.
Есту құралын пайдалансаңыз, радиотолқын кедергісі
туралы мәліметті өнім жасаушыдан біліңіз
Құрылғы шығаратын радиотолқын кейбір есту құралдарына кедергі
жасауы мүмкін. Құрылғыны пайдаланбас бұрын, есту құралына осы
құрал шығаратын радиотолқындар әсері бар-жоғын анықтау үшін, оны
жасаушымен хабарласыңыз.
Құрылғыны дыбыстық жүйелер немесе радио мұнаралар
сияқты радио жиіліктерді шығаратын құрылғылардың
немесе аппараттардың жанында пайдаланбаңыз
Радио жиіліктер құрылғының дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін.
Құрылғыны жарылыс қаупі бар орталарда сөндіріңіз
 Батареяны алғанша, құрылғыңызды жарылыс қаупі бар орталарда
сөндіріңіз.
 Жарылысқа қаупі бар орталарды әрқашан ережелерді, нұсқауларды
және белгілерді орындаңыз.
Қазақ тілі
272
 Бұл құрылғыны жанармай құю орындарында (жанармай
станцияларында), сұйық отындар немесе химикаттар не жарылғыш
заттары бар аймақтарда пайдаланбаңыз.
 Тез тұтанатын сұйықтықтарды, газдарды немесе жарылғыш заттарды
құрылғы, оның бөлшектері немесе аксессуарлары бар жерде
сақтамаңыз немесе орналастырмаңыз.
Құрылғыдан немесе батареядан оғаш иістер немесе
дыбыстар шығып жатқанын байқасаңыз я болмаса
құрылғыдан немесе батареядан түтін немесе сұйықтықтар
шығып жатқанын көрсеңіз, құрылғыны пайдалануды
бірден тоқтатыңыз және оны Samsung сервис орталығына
апарыңыз
Бұлай істемеу өртке немесе жарылысқа әкелуі мүмкін.
Көлік жүргізгенде ұялы құрылғыны пайдалануға қатысты
барлық қауіпсіздік ескертулері мен ережелерін сақтаңыз
Автокөлікті қауіпсіз жүргізу бірінші жауапкершілігіңізге жатады.
Заңмен тыйым салынса, көлік жүргізгенде ұялы құрылғыны ешқашан
пайдаланбаңыз. Сіздің және басқалардың қауіпсіздігі үшін, дұрыс
мағынада түсініңіз және мына кеңестерді есте сақтаңыз:
 Құрылғыңызбен және жылдам теру және қайта теру сияқты
қолайлы мүмкіндіктерімен танысыңыз. Бұл мүмкіндіктер ұялы
құрылғыңызда қоңырауды күттіруге қоюға немесе қабылдауға
қажетті уақытты азайтуға көмектеседі.
 Құрылғыңызды оңай алатын жерге қойыңыз. Жолдан көз алмай
сымсыз құрылғыны қоса алатыныңызға көз жеткізіңіз. Сізге біреу
қолайсыз уақытта қоңырау шалса, сіздің орныңызға дауысты пошта
жауап бере алады.
 Жол қозғалысы қиын жерлерде немесе қауіпті ауа райы
жағдайларында сөйлесуді тоқтата тұрыңыз. Жаңбыр, көктайғақ, қар,
мұз және қиын жол қозғалысы қауіпті болуы мүмкін.
 Телефон нөмірлерін жазбаңыз немесе іздемеңіз. Әдістерін жазып
алу немесе мекенжай кітапшасын қарап шығу негізгі көлікті қауіпсіз
жүргізу міндетінен назарыңызды аударады.
 Қолайлы кезде теріп, жол қозғалысына өтіңіз. Қозғалмай тұрғанда
немесе орныңыздан қозғалмас бұрын қоңырауларды қойыңыз.
Автокөлік тоқтап тұрған кезде қоңырауларды жоспарлап көріңіз.
 Назарыңызды аударуы мүмкін ашулы немесе эмоциялық
әңгімелерден аулақ болыңыз. Сөйлесіп жатқан адамға көлік жүргізіп
келе жатқаныңызды және жолға назар салуға кедергі келтіретін
сөйлесуді тоқтататыныңызды ескертіңіз.
Қазақ тілі
273
Мобильді құрылғыңызды күтіңіз және дұрыстап
пайдаланыңыз
Құрылғыңызды құрғақ ұстаңыз
 Ылғалды орта мен сұйықтықтар құрылғының бөлшектерін немесе
электрондық шағын схемаларын зақымдауы мүмкін.
 Құрылғыңыз дымқылданса, оны қоспаңыз. Егер құрылғыңыз қосулы
болса, оны өшіріп, батареясын бірден алыңыз (егер құрылғы өшпесе
немесе батареясын шығара алмасаңыз, сол қалпында қалдырыңыз).
Сосын құрылғыңызды орамалмен кептіріп, оны қызмет көрсету
орталығына алып барыңыз.
 Сұйықтықтар құрылғы ішіндегі судың зақымдайтынын білдіретін
белгінің түсін өзгертеді. Құрылғыңыз сумен зақымдандалған
жағдайда өндірушінің кепілдігі жарамсыз болады.
Құрылғыны тегіс беттерде ғана сақтаңыз
Құрылғыны құлатып алсаңыз, ол зақымдануы мүмкін.
Құрылғыны өте ыстық немесе өте суық жерлерде
сақтамаңыз. Құрылғыңызды 5 °C - 35 °C температура
арасында пайдалану ұсынылады
 Құрылғыны жазғы уақытта көлік ішінде сияқты өте ыстық
аймақтарда сақтамаңыз. Бұлай істеу экранның дұрыс жұмыс
істемеуіне әкеліп, құрылғыны зақымдауы мүмкін немесе батарея
жарылуы мүмкін.
 Құрылғыңызды тікелей күн көзі түсетін жерге (мысалы, көлік басқару
панелінде) ұзақ уақыт қалдырмаңыз.
 Батареяны 0° C - 45° C аралығындағы температурада сақтаңыз.
Құрылғыны тиындар, кілттер және алқа сияқты металл
заттармен бірге сақтамаңыз
 Құрылғы корпусы сызылуы немесе оның дұрыс жұмыс істемеуі
мүмкін.
 Батарея ұштары металл затқа тисе, өрт шығуы мүмкін.
Құрылғыңызды магнитті өрістер жанында сақтамаңыз
 Құрылғыңыз істемей қалуы мүмкін немесе батарея магнитті
өрістерден зарядсыздануы мүмкін.
 Магнитті жолақты карталар, оның ішінде несие карталары, телефон
карталары, банк есепайырысу кітапшасы және қону талоны магнитті
өрістер әсерінен зақымдалуы мүмкін.
Қазақ тілі
274
Құрылғы шамадан тыс қызып кетсе, құрылғы мен
қосымшаларды біраз уақыт пайдаланбай қоя тұрыңыз
Теріңізге шамадан тыс қызып кеткен құрылғы ұзақ уақыт бойы әсер
етсе, қызыл дақтар немесе пигменттер сияқты төменгі температура
күйігі белгілері пайда болады.
Құрылғыны артқы қақпағы алынған күйде пайдаланбаңыз
Батарея құрылғыдан түсіп кетіп, зақымдауға немесе дұрыс жұмыс
істемеуге әкелуі мүмкін.
Егер құрылғыңызда камера немесе шам болса, оны
адамдардың немесе жануарлардың көздеріне жақын
пайдаланбаңыз
Жарқылды көзге жақын пайдаланудан уақытша көрмей қалуы немесе
көздеріне зиян келуі мүмкін.
Жарқыраған жарыққа шыққанда сақтық шараларын
пайдалану
 Құрылғыңыз пайдаланылғанда, бөлмеде біраз жарық қалдырыңыз
және экранды көзіңізге қатты жақын ұстамаңыз.
 Бейнелерді көріп отырғанда немесе жарыққа негізделген
ойындарды ұзақ уақыт ойнағанда жарқыраған жарыққа шықсаңыз,
тұрып қалуы немесе бұлыңғырлануы мүмкін. Егер қолайсыздықты
сезінсеңіз, құрылғыны пайдалануды бірден тоқтатыңыз.
 Егер сізге байланысты біреуде ұқсас құрылғыны пайдаланғанда
ұстамалар немесе есеңгіреулер болған болса, құрылғыны пайдалану
алдында дәрігерден кеңес алыңыз.
 Егер бұлшықет спазмасы сияқты ыңғайсыздықты сезінсеңіз немесе
бағыттан адассаңыз, құрылғыны пайдалануды бірден тоқтатыңыз
және дәрігерге хабарласыңыз.
 Көз ауырмауы үшін құрылғыны пайдаланғанда жиі үзілістер
жасаңыз.
Қайталама әрекеттерден шығатын жарақаттардың
тәуекелін азайту
Пернелерді басу, экранда таңбалардың суретін саусақтарыңызбен
салу сияқты әрекеттерді қайталап орындағанда, қолдарыңызда,
мойныңызда, иықтарыңызда немесе денеңіздің басқа бөліктерінде
ыңғайсыздықты сезінуіңіз мүмкін. Құрылғыны ұзақ уақыт
пайдаланғанда, құрылғыны бос ұстап, пернелерді ақырын басыңыз,
сосын жиі үзіліс жасаңыз. Мұндай қолданыс барысында немесе одан
кейін қолайсыздық жалғасса, құрылғыны пайдалануды тоқтатып,
дәрігерден кеңес алыңыз.
Қазақ тілі
275
Гарнитураны пайдаланған кезде есту мүшеңізді және
құлақтарыңызды қорғаңыз
 Шамадан тыс қатты дыбыстар шығару есту қабілетінің
зақымдалуына себеп болуы мүмкін.
 Жүріп келе жатқанда қатты дыбыстар шығару
назарыңызды аударып, апатқа алып келуі мүмкін.
 Құлақаспапты дыбыс көзіне қосар алдында дыбыс
қаттылығын әрдайым азайтыңыз және сөйлегенін
немесе музыканы етуге қажетті төменгі дыбыс
қаттылығы деңгейін пайдаланыңыз.
 Құрғақ жерлерде статикалық электр тогы
гарнитурада пайда болуы мүмкін. Құрғақ жерлерде
гарнитураларды пайдаланбаңыз немесе гарнитураны
құрылғыға қосардың алдында статикалық электр
тогын зарядсыздандыру үшін металл затқа тигізіңіз.
 Жүргізу немесе көлікте болғанда гарнитураны
пайдаланбаңыз. Бұлай істеу алаңдатуы және апатқа
әкелуі мүмкін немесе сізідң аймаққа байланысты
заңсыз болуы мүмкін.
Жүріп не қозғалып бара жатқанда құрылғыны
пайдалануда сақтық шараларын пайдаланыңыз
 Өзіңізге не басқаларға жарақат түсірмеу үшін әрдайым сыртқы
жағдайларды біліп отырыңыз.
 Гарнитура кабелінің қолдарыңызда немесе жақын нысандарда
шатасып қалмайтынына сенімді болыңыз.
Құрылғыңызды артқы қалталарда немесе беліңізде
ұстамаңыз
Құрылғыны құлатып алсаңыз, ол зақымдануы немесе сізді
жарақаттауы мүмкін.
Боямаңыз немесе құрылғыңызға жапсырмалар
жабыстырыңыз
 Бояу және жапсырмалар қозғалатын бөліктеріне кедергі келтіріп,
дұрыс жұмыс істеуіне жол бермеуі мүмкін.
 Құрылғының бояуына немесе бөлшектеріне аллергияңыз болса, тері
қышуы, қышыма пайда болуы немесе ісуі мүмкін. Мұндай жағдайда
құрылғыны пайдалануды тоқтатып, дәрігерден кеңес алу керек.
Қазақ тілі
276
Экран сызылған немесе сынған болса, құрылғыны
пайдаланбаңыз
Сынған әйнек немесе акрил талшық қолдарыңыз бен бетіңізді
жарақаттауы мүмкін. Құрылғыны жөндету үшін Samsung қызмет
көрсету орталығына алып барыңыз.
Ұялы құрылғыларды және жабдықты сақтықпен
орнатыңыз
 Көлігіңізге орнатылған ұялы құрылғыларыңыздың немесе оларға
қатысты жабдықтардың берік бекітілгендігіне көз жеткізіңіз.
 Құрылғыны немесе көмекші құралдарды ауа жастық шығатын
аймақтарға орналастырмаңыз. Ауа жастықтары дереу шыққан кезде,
дұрыс орнатылмаған сымсыз құрылғы денеңізді едәуір жарақаттауы
мүмкін.
Құрылғыңызды түсіріп алмаңыз немесе құрылғыңызға
соққы тигізбеңіз
 Құрылғы зақымдалуы немесе дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
 Егер майысса не пішіні өзгерсе, құрылғыңыз зақымдалуы не
бөлшектері істемей қалуы мүмкін.
Батареяның және зарядтағыштың ең жоғарғы
жарамдылығына көз жеткізіңіз
 Құрылғыны бір аптадан астам зарядтамаңыз, себебі шамадан тыс
қызу батарея қызметі уақытын азайтуы мүмкін.
 Кейде пайдаланылмаған құрылғы заряды таусылса, оны пайдалану
алдында зарядтау керек.
 Зарядтағыш қолданылмаған кезде, оны қуат көздерінен
ажыратыңыз.
 Батареяны тек арнайы мақсаттарында пайдаланыңыз.
 Батареяларды пайдаланусыз қалдыру уақыт өте келе олардың
қызмет көрсету мерзімін және өнімділігін төмендетуі мүмкін.
Сондай-ақ, батареялар дұрыс жұмыс істемеуі немесе жарылуы я
болмаса өрт туындатуы мүмкін.
 Құрылғының және батареяның ең ұзақ қызмет көрсету мерзімін
қамтамасыз ету үшін осы нұсқаулықтағы бүкіл нұсқауларды
орындаңыз. Ескертулер мен нұсқауларды орындамау тудырған
зақымдар немесе нашар өнімділік өндіруші кепілдігінің күшін жоюы
мүмкін.
 Құрылғы уақыт өте келе тозады. Кейбір бөлшектер және жөндеу
жарамдылық кезеңінде кепілдікпен қамтылады, бірақ бекітілмеген
қосалқы құралдарды пайдалану тудырған зақымдар немесе
нашарлау қамтылмайды.
Қазақ тілі
277
Құрылғыны пайдаланғанда мыналарды ескеріңіз
 Кәдімгі телефонды пайдаланып тұрғандай, құрылғыны тігінен
ұстаңыз.
 Микрофонға тіке қарап сөйлеңіз.
 Антенна аумағын қолдармен немесе басқа заттармен жаппаңыз. Бұл
байланыс мүмкіндігі мәселелерін тудыруы немесе батарея тауысуы
мүмкін.
Құрылғыңызды бөлшектемеңіз, түрін өзгерпеңіз немесе
жөндемеңіз
 Құрылғыңызға енгізілген өзгертулер не түрлендірулер өндірушінің
кепілдігін жарамсыз етеді. Құрылғыға қызмет көрсету қажет болса,
құрылғыны Samsung қызмет көрсету орталығына алып барыңыз.
 Жарылуға не өрттің шығуына себеп болатындықтан, батареяны
бөлшектемеңіз немесе теспеңіз.
 Батареяны алмай тұрып құрылғыны өшіріңіз. Құрылғы қосулы кезде
батареяны алсаңыз, бұл құрылғының дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі
мүмкін.
Құрылғыны тазалағанда мыналарды ескеріңіз
 Құрылғыңызды не зарядтағышты сүлгімен не шүберекпен сүртіңіз.
 Батарея ұштарын мақта тампонмен немесе орамалмен тазалаңыз.
 Химикаттар не тазалағыш құралдар пайдаланбаңыз. Бұлай істеу
құрылғы сыртының түссізденуіне немесе тот басуына әкелуі мүмкін
я болмаса ток соғуына немесе өртке әкелуі мүмкін.
Құрылғыны арналған мақсатына пайдаланудан басқа
мақсатқа пайдаланбаңыз
Құрылғы дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Құрылғыны қоғамда пайдаланған кезде басқаларын
мазаламаңыз
Құрылғыңызды тек білікті мамандар ғана жөндесін
Біліксіз мамандарға құрылғыңызды жөндеттіру салдарынан
құрылғыңыз зақымдануы мүмкін және өндіруші кепілдігі жарамай
қалады.
Қазақ тілі
278
SIM карталарды, жад карталарын немесе кабельдерді күтіп
ұстаңыз
 Құрылғыға картаны салғанда немесе кабельді қосқанда, карта
тиісті жаққа салынғанын немесе кабель тиісті жаққа қосылғанын
тексеріңіз.
 Құрылғы белгілі бір ақпаратты жіберіп немесе қабылдап
жатқан кезде картаны шығарып алуға болмайды, себебі бұл
әрекет деректердің жойылуына және/немесе картаның немесе
құрылғының зақымдалуына себеп болуы мүмкін.
 Карталарды қатты соққылардан, статикалық электрден және басқа
құрылғылардың электр әсерінен қорғаңыз.
 Сары байланыстарына немесе терминалдарына саусағыңызды
немесе металл заттарды тигізбеңіз. Карта кірлеген жағдайда, оны
жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
 Күшпен немесе дұрыс емес картаны салу немесе кабельді қосу
көп мақсатты ұяның немесе құрылғының басқа бөлшектерінің
зақымдануына әкелуі мүмкін.
Төтенше қызмет орындарына қоңырау шалынатынын
тексеріңіз
Құрылғыңыздан төтенше қызмет орындарына кейбір аймақтарда
немесе жағдайларда қоңырау шалынбауы мүмкін. Қолданыс
аясынан тыс немесе дамымаған аумақтарға саяхатқа шығар алдында
төтенше қызмет қызметкерлерімен байланысқа түсудің басқа әдісін
жоспарлаңыз.
Жеке деректерді қорғаңыз және құпия ақпараттың ағып
кетуін немесе дұрыс емес пайдаланылуын болдырмаңыз
 Құрылғыны пайдаланғанда, маңызды деректердің сақтық
көшірмесін жасап қойыңыз. Samsung компаниясы кез келген дерек
жоғалуы үшін жауапты болмайды.
 Құрылғыңызды қалдық ретінде тастағанда, барлық деректердің
сақтық көшірмесін жасап, жеке деректеріңізді басқа пайдалануға
жол бермеу үшін құрылғыңыздың зауыттық мәндерін қалпына
келтіріңіз.
 Бағдарламаларды жүктеп алғанда, рұқсаттар экранын мұқият
оқыңыз. Көптеген функцияларды немесе жеке ақпаратыңыздың көп
бөлігін пайдалану мүмкіндігін беретін бағдарламалармен аса мұқият
болыңыз.
 Мақұлданбаған немесе тыйым салынған қолдану түрлері
туралы хабарламаларды есептік жазбаңыздан оқыңыз. Жеке
ақпаратыңыздың дұрыс қолданылмағанын байқасаңыз, қызмет
жеткізушісіне хабарласып, есептік жазба ақпаратын жойыңыз
немесе өзгертіңіз.
Қазақ тілі
279
 Құрылғы жоғалса немесе ұрланса, жеке ақпаратыңызды қорғау үшін
есептік жазбалардың құпия сөздерін ауыстырыңыз.
 Танымайтын көздердің бағдарламаларын пайдаланбаңыз,
құрылғыны өрнекпен, құпия сөзбен немесе PIN кодымен
құлыптаңыз.
Авторлық құқықпен қорғалған материалды таратпаңыз
Авторлық құқықпен қорғалған материалдарды мазмұн иесінің
рұқсатынсыз таратпаңыз. Мұны сақтамаудан авторлық құқық туралы
заңдар бұзылуы мүмкін. Өндіруші авторлық құқықпен қорғалған
материалды пайдаланушының заңсыз пайдалануынан туындаған
құқықтық мәселелерге жауапты емес.
Зиянда бағдарламалар және вирустар
Құрылғыны зиянды бағдарламалардан және вирустардан
қорғау үшін мына пайдалану туралы кеңестерді
орындаңыз. Бұлай істемеу деректердің бүлінуіне немесе
жоғалуына әкелуі, бұл кепілдік қызметімен қамтылмаған
болуы мүмкін
 Белгісіз қолданбаларды жүктемеңіз.
 Сенімді емес веб-сайттарға кірмеңіз.
 Күдікті хабарларды немесе белгісіз жіберушілерден келген
электрондық хабарларды жойыңыз.
 Құпия сөзді орнатыңыз және оны жиі өзгертіп отырыңыз.
 Пайдаланбаған кезде Bluetooth сияқты сымсыз мүмкіндіктерді
өшіріңіз.
 Егер құрылғы әдеттен тыс мінез-құлық көрсетсе, антивирустық
бағдарламаны іске қосып вирус жұққан-жұқпағанын тексеріңіз.
 Жаңадан жүктелген қолданбалар мен файлдарды іске қосу алдында
құрылғыдағы антивирустық бағдарламаны іске қосыңыз.
 Компьютерде антивирустық бағдарламаларды орнатыңыз және
вирус жұққан-жұқпағанын тексеру үшін оларды жиі іске қосыңыз.
 Тізбе параметрлерін өңдемеңіз немесе құрылғының амалдық
жүйесін өзгертпеңіз.
Қазақ тілі
280
Осы өнімді дұрыс жолмен тастау
(Электрлік жəне Электроникалық Жабдық қалдықтары)
(Бөлек жинау жүйелері бар елдер үшін қолданылады)
Өнімдегі, қосымша құралдардағы немесе құжаттардағы
осы белгі осы өнім мен оның электрондық қосымша
құралдарын (мысалы, зарядтағыш, гарнитура, USB кабелі)
басқа үй қоқыстарымен тастауға болмайтынын көрсетеді.
Қоршаған ортаға немесе адам денсаулығына зияны тиюі
мүмкін бақылаусыз тасталған қалдықтарды болдырмау
үшін осы заттарды қалдықтардың басқа түрлерінен бөлек айырып
алыңыз да, материал ресурстарын қоршаған ортаға залалы
тимейтіндей қайта қолданысқа түсіруіңізді сұраймыз.
Үй шаруасындағы пайдаланушылар өнімді қауіпсіз қайта өңдеуге
жіберу үшін осы элементтерді қайдан жəне қалай алу жолдарын
оны сатып алған сауда орнына немесе жергілікті басқару кеңсесіне
хабарласуы қажет.
Іскерлік жолындағы пайдаланушылар өздерінің шығарушыларымен
байланысып, сатып алу келісім-шарттарының шарттары мен
ережелерін тексеруі тиіс. Осы өнім және оның электрондық керек-
жарақтары, жоюға арналған басқа коммерциялық қалдықтармен
араласпауы тиіс.
Осы өнім батареяларын сәйкесінше жою
(Бөлек жинау жүйелері бар елдер үшін қолданылады)
Батареядағы, нұсқаулықтағы немесе орамдағы бұл
таңба бұл өнімдегі батареяның өз қызмет ету мерзімінің
соңында басқа тұрмыс қалдықтарымен бірге жойылмауы
тиіс екендігін көрсетеді. Белгіленген жердегі Hg, Cd
немесе Pb символдары батареядағы сынап, кадмий
немесе қорғасын мөлшері 2006/66 ЕО Директивасындағы көрсетілген
деңгейден асып түсетіндігін білдіреді. Егер батарея тиісінше
жойылмаған болса, бұл заттар адам денсаулығы немесе қоршаған
ортаға зиянын тигізуі мүмкін.
Табиғи ресурстарды қорғау үшін және материалдық қайта
пайдалануды қолдау үшін батареяларды басқа қоқыс түрлерінен
ажыратып алыңыз және жергілікті, тегін батареяларды қайтару жүйесі
арқылы қайта пайдаға асырыңыз.
Қазақ тілі
281
Осы өнім батареяларын сәйкесінше жою
(Бөлек жинау жүйелері бар елдер үшін қолданылады)
Батареядағы, нұсқаулықтағы немесе орамдағы бұл
таңба бұл өнімдегі батареяның өз қызмет ету мерзімінің
соңында басқа тұрмыс қалдықтарымен бірге жойылмауы
тиіс екендігін көрсетеді. Белгіленген жердегі Hg, Cd
немесе Pb символдары батареядағы сынап, кадмий
немесе қорғасын мөлшері 2006/66 ЕО Директивасындағы көрсетілген
деңгейден асып түсетіндігін білдіреді.
Бұл өнімдегі батареяны пайдаланушы ауыстыра алмайды. Оны
ауыстыру туралы ақпаратты қызмет жеткізушісінен алыңыз. Батареяны
шығармаңыз және отқа тастамаңыз. Батареяны бөлшектеуге,
жаруға немесе тесуге болмайды. Өнімді тастауды ұйғарсаңыз, қоқыс
жинайтын орын өнім мен батареяны қайта өңдеуден өткізудің немесе
басқаша қолданудың тиісті шараларын жүргізеді.
Жауапкершіліктен бас тарту
Осы құрылғыда қатынауға болатын кейбір мазмұн мен қызметтер
үшінші тараптардың иелігіне жатады және авторлық құқықтар,
сауда белгісі және/немесе басқа да интеллектуалдық меншік
заңдарымен қорғалады. Осындай мазмұн мен қызметтер тек сізге
және коммерциялық емес мақсатта жеткізіледі. Мазмұн иегері немесе
қызмет провайдері арқылы рұқсат етілмеген қандай да бір мазмұн
немесе қызметтерді қандай да бір дәрежеде қолдана алмайсыз.
Осы бас тартудан Рұқсат етпейінше, жоғарыда көрсетілгендермен
шектелмей, осы құрылғымен көрсетілетін қандай да бір мазмұнды
немесе қызметті қандай да бір дәрежеде түрін өзгерту, көшіру,
қайта басып шығару, жүктеу, жариялау, жіберу, аудару, сату, туынды
еңбектерді жасау, қолдану немесе тарату құқығыңыз жоқ.
ҮШІНШІ ТАРАП МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІ КЕПІЛДІКСІЗ
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ. SAMSUNG МҰНДАЙ БЕРІЛГЕН МАЗМҰН
НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТЕР ҮШІН ҚАНДАЙ ДА БІР МАҚСАТТА АЙҚЫН
НЕМЕСЕ ТҰСПАЛДАНҒАН КЕПІЛДІКТЕР БЕРМЕЙДІ. SAMSUNG САТУҒА
ЖАРАМДЫЛЫҚ ПЕН БЕЛГІЛІ БІР МАҚСАТТА ҚОЛДАНУҒА СӘЙКЕСТІК
КЕПІЛДІКТЕРІН ҚОСА, БІРАҚ ОНЫМЕН ШЕКТЕЛМЕЙ, ҚАНДАЙ ДА
БІР ТҰСПАЛДЫ КЕПІЛДІКТЕР БЕРМЕЙДІ. SAMSUNG ОСЫ ҚҰРЫЛҒЫ
АРҚЫЛЫ ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛЕТІН ҚАНДАЙ ДА БІР МАЗМҰН НЕМЕСЕ
ҚЫЗМЕТТІҢ ДӘЛДІГІНЕ, ЖАРАМДЫЛЫҒЫНА, МЕРЗІМДІЛІГІНЕ, ЗАҢҒА
СӘЙКЕСТІІГІНЕ НЕМЕСЕ ТОЛЫҚТЫҒЫНА КЕПІЛДІК БЕРМЕЙДІ ЖӘНЕ
SAMSUNG ЕШБІР ЖАҒДАЙДА, СОНЫҢ ІШІНДЕ ҰҚЫПСЫЗДЫҚ ҮШІН
Қазақ тілі
282
ШАРТ НЕМЕСЕ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ БОЙЫНША ҚАНДАЙ
ДА БІР ТІКЕЛЕЙ, ЖАНАМА, КЕЗДЕЙСОҚ, ҚАСАҚАНА НЕМЕСЕ РЕТТІК
ЗАЛАЛДАР, ШЫҒЫНДАР Я БОЛМАСА БАСҚА ДА ТУЫНДАЙТЫН
НЕМЕСЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЗАЛАЛДАР НЕМЕСЕ КЕЗ КЕЛГЕН ҚАМТЫЛҒАН
АҚПАРАТТЫ НЕМЕСЕ МҰНДАЙ ЗАЛАЛДАР БОЛУЫ МҮМКІНДІГІ
ЕСКЕРТІЛГЕНДІГІНЕ ҚАРАМАСТАН, СІЗ НЕМЕСЕ ҮШІНШІ ТАРАП
АРҚЫЛЫ ҚОЛДАНУ НӘТИЖЕСІНДЕ ТУҒАН ЗАЛАЛДАР ҮШІН ЖАУАПТЫ
ЕМЕС.
Үшінші тарап кез келген уақытта тоқтатылуы немесе үзілуі мүмкін және
Samsung қандай да бір мазмұнның немесе қызметтің қандай да бір
уақыт кезеңі үшін қол жетімді болатынына кепілдік бермейді. Мазмұны
мен қызметтер үшінші тараптар арқылы Samsung басқармайтын
желілер және беріліс желілері көмегімен беріледі. Осы бас тартудан
толықтығын шектемей, Samsung айқын түрде осы құрылғы арқылы
болатын кез келген мазмұн немесе қызметтің үзілуі немесе тоқтатылуы
үшін айқын түрде бас тартады.
Samsung мазмұн және қызметтерге қатысты сатып алушыларға қызмет
көрсету бойынша жауапкершілік тартпайды немесе жауапты емес.
Сәйкес мазмұн немесе қызметке қатысты қандай да бір сұрақ немесе
сұрау сәйкес мазмұны мен қызметтік провайдерге бағытталуы тиіс.
Русский
393
Информация о
безопасности
Ниже представлены инструкции по безопасной работе с
мобильными устройствами. Некоторые из них могут быть
неприменимы к вашему устройству. Перед использованием
устройства обязательно прочитайте правила безопасности,
чтобы избежать травм, а также повреждения устройства.
Предупреждение
Несоблюдение предупреждений и инструкций
по безопасности может привести к серьезным
травмам или смерти
Не используйте поврежденные сетевые шнуры или
штепсельные вилки, а также непрочно закрепленные на стене
розетки
Плохо изолированные провода могут привести к пожару или поражению
электрическим током.
Запрещается трогать вилку влажными руками, а также
отключать устройство, вытягивая вилку за шнур
Это может привести к поражению электрическим током.
Избегайте перегибания и повреждения сетевого шнура
Это может привести к пожару или поражению электрическим током.
Запрещается использовать устройство во время зарядки и
трогать его влажными руками
Это может привести к поражению электрическим током.
Защищайте зарядное и мобильное устройства от короткого
замыкания
Это может привести к пожару или поражению электрическим током, а
также сбоям в работе аккумулятора или его взрыву.
Русский
394
Не используйте устройство на улице во время грозы
Это может привести к поражению электрическим током или сбоям в
работе устройства.
Используйте только одобренные производителем
аккумуляторы, зарядные устройства, аксессуары и компоненты
 Использование универсальных аккумуляторов и зарядных устройств
может сократить срок службы устройства или привести к сбоям в его
работе. Это также может привести к пожару или взрыву аккумулятора.
 Используйте только одобренные компанией Samsung аккумуляторы
и зарядные устройства, предназначенные специально для вашего
устройства. Несовместимые аккумуляторы и зарядные устройства могут
привести к серьезным травмам или повреждению устройства.
 Компания Samsung не несет ответственности за безопасность
пользователей, которые используют аксессуары и компоненты, не
одобренные компанией Samsung.
Не бросайте зарядное и мобильное устройства и не подвергайте
их ударному воздействию
Будьте осторожны при работе с мобильным и зарядным
устройствами и при их утилизации
 Никогда не сжигайте использованные аккумуляторы или устройство.
Никогда не помещайте аккумуляторы или устройство внутрь или на
поверхность нагревательных приборов, например микроволновых
печей, духовок или радиаторов. При перегреве устройство
может взорваться. Соблюдайте все местные правила утилизации
использованных аккумуляторов и устройств.
 Не сдавливайте и не прокалывайте устройство.
 Избегайте сильного внешнего давления на устройство, так как это
может привести к короткому замыканию и перегреву.
Берегите мобильное устройство, аккумуляторы и зарядное
устройство от повреждений
 Берегите устройство и аккумулятор от воздействия экстремальных
температур.
 Перегрев или переохлаждение могут привести к повреждениям
устройства. Кроме того, это оказывает негативное влияние на емкость и
срок службы аккумулятора.
Русский
395
 Не допускайте соприкосновения аккумуляторов с металлическими
предметами, так как это может создать контакт между полюсами
аккумулятора и привести к его временному или необратимому
повреждению.
 Не используйте поврежденные зарядные устройства или аккумуляторы.
Не храните устройство рядом с обогревателями,
микроволновыми печами, нагревающимся кухонным
оборудованием или в контейнерах с высоким давлением
 Аккумулятор может дать течь.
 Устройство может перегреться и вызвать пожар.
Не используйте и не храните устройство в местах с высокой
концентрацией пыли или аэрозольных веществ
Пыль или посторонние вещества могут стать причиной неисправности
устройства, а также привести к пожару или поражению электрическим
током.
Не кусайте и не лижите устройство или аккумулятор
 Это может привести к повреждению, взрыву или возгоранию
устройства.
 Мелкие детали могут попасть в дыхательные пути детей или животных.
 Если устройством пользуются дети, убедитесь, что они используют его
правильно.
Не вставляйте устройство или не предназначенные для этого
аксессуары в глаза, уши или рот
Это может привести к удушению или серьезным травмам.
Запрещается использовать поврежденные или протекающие
литий-ионные аккумуляторы
Сведения о безопасной утилизации литий-ионных аккумуляторов можно
получить в ближайшем специализированном сервисном центре.
Русский
396
Внимание
Несоблюдение данных предупреждений и
инструкций по безопасности может привести к
травмам или к повреждению оборудования
Запрещается использовать устройство рядом с электронными
приборами
 Большинство электронных приборов излучает радиочастотные
сигналы. Устройство может создать помехи в их работе.
 Использование подключения передачи данных LTE может вызвать
помехи в работе других устройств, например звуковой аппаратуры и
телефонов.
Во избежание помех в работе соответствующих приборов
запрещается использовать устройство в больницах, самолетах
или автомобилях
 Держите включенное устройство на расстоянии не менее 15 см от
кардиостимулятора.
 Чтобы уменьшить воздействие устройства на кардиостимулятор,
прикладывайте устройство к правому уху, если кардиостимулятор
установлен на левой стороне грудной клетки, и наоборот.
 Если вы используете какие-либо медицинские приборы, обратитесь
к их производителю, чтобы убедиться, что радиочастотные сигналы,
излучаемые устройством, не влияют на эти приборы.
 Использование электронных устройств в самолетах может вызвать
помехи в работе их навигационных систем. Не забывайте выключать
устройство во время взлета и посадки. После взлета допускается
использование устройства в автономном режиме с разрешения
экипажа самолета.
 Также из-за излучаемых радиосигналов устройство может создать
помехи в работе электронного оборудования автомобиля. За
дополнительной информацией обращайтесь к производителю
автомобиля.
Избегайте чрезмерного воздействия паров и дыма на
устройство
Это может повредить корпус устройства или вызвать сбои в его работе.
/