hotpoint.eu
34 35
kzkz
АЛҒАШ РЕТ ПАЙДАЛАНБАС
БҰРЫН
Құрылғының сыртында жиналып қалған
болуы мүмкін шаңды абайлап сүртіп алыңыз.
Құрғақ орамалмен құрғатыңыз. Кез келген
белгілер мен жапсырмаларды алып тастаңыз.
Құрылғының ток кабелі орналасқан жағын суға
немесе кез келген басқа сұйықтыққа салмаңыз.
Шайнекті алғаш рет қолданатын болсаңыз,
толтырылған шайнекті екі рет қайнатып, суын
төгіп тастау арқылы оны тазалаған жөн.
ШАЙНЕКТІ ҚОЛДАНУ
Шайнекті тек бірге берілген табанымен
қолданыңыз.
1. Шайнекті толтыру үшін оны қуат табанынан
алып, қақпақша ашу түймесімен
қақпақшасын ашыңыз, қажетті көлемде
су құйып, қақпақшаны жабыңыз. Немесе,
шайнекті шүмегі арқылы толтыруға
болады. Су деңгейі максималды деңгей
белгісінен аспауы немесе минималды
деңгейден төмен болмауы тиіс. Су тым аз
болса, су қайнамас бұрын шайнек өшеді.
Шайнекке ең көбі 1,7 л су сыяды.
Шайнекті максималды деңгейге дейін
толтырмаңыз, себебі су қайнаған кезде
шүмектен төгілуі мүмкін. Розеткаға қоспас
бұрын қақпақша мықтап жабылғанына көз
жеткізіңіз.
2. Шайнекті қуат табанына қойыңыз.
3. Айырды розеткаға қосыңыз. Айырып
қосқышты басыңыз, сол кезде айырып
қосқыштағы индикатор жанады. Су
қайната бастаңыз; су қайнағаннан кейін
шайнек автоматты түрде өшеді.
4. Шайнекті қуат табанына көтеріп, суды
құйыңыз.
5. Айырып қосқыш басылмаса, шайнек суды
қайтадан қайнатпайды. Қолданылмаған
кезде шайнекті табанына қойып қоюға
болады.
15. Ток кабелі зақымдалған болса, қауіптің
алдын алу үшін оны өндіруші, оның
қызмет көрсету бойынша өкілі немесе
сондай біліктілігі бар маман ауыстыруы
тиіс.
16. Бұл құрылғы жерге тұйықтау айырымен
жабдықталған. Үйдегі розетка жерге
тұйықталғанына көз жеткізіңіз.
17. Құрылғыны көзделген мақсатынан басқа
мақсатта қолдануға болмайды.
18. Бұл құрылғы қауіпсіздіктеріне жауапты
адам құрылғыларды қолдану бойынша
кеңес не нұсқау бермеген жағдайда,
дене, сезіну немесе ой қабілеті төмен
немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз
адамдармен (оның ішінде балалармен)
қолданылуға арналмаған.
19. Балалар құрылғымен ойнамауы үшін
оларды бақылау керек.
20. Бұл құрылғы үйде және оған ұқсас
жағдайларда қолдануға арналған:
• дүкендердегі, кеңселердегі және басқа
жұмыс орындарындағы қызметкерлердің
ас бөлмесінде;
• ферма үйлерінде;
• қонақ үйлеріндегі, мотельдердегі және
басқа да қонақ күту орындарындағы
тұтынушылар тарапынан;
• кіші қонақ үйлері сияқты орындарда.
21. Құрылғының ақаусыз екенін және
барлық алынбалы бөліктері бекітілгенін
әрдайым тексеріп тұру керек. Қуат кабелі
мен айыр қиылып қалмағанын немесе
зақымдалмағанын жүйелі түрде тексеріп
тұру керек.
22. Айырып қосқышқа тимес бұрын қолыңыз
толығымен құрғақ екеніне көз жеткізіңіз.
23. Жидіп қалу қаупі: қолданған кезде шайнек
қызады. Сондықтан, оны көтеру үшін тек
тұтқасынан ұстаңыз және қақпағын тек
шайнек салқындағаннан кейін ашыңыз.
24. Ішінде су болатын ванна, шұңғылша
немесе басқа ыдыстар жанында
қолдануға болмайды.
25. Шайнекті тек сумен толтыруға болады.
Сүт пен ұнтақтан жасалатын сусындар
күйіп, құрылғыны зақымдайды.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ ЖӘНЕ
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Электр құрылғыларды қолданған кезде,
әрқашан негізгі сақтық шараларын сақтау
керек, оның ішінде:
1. Құрылғыны тек номиналды сипаттар
тақтасында көрсетілген ақпаратқа сәйкес
жалғау және жұмыс істету қажет
2. Пайдаланбас бұрын барлық нұсқауларды
оқып шығыңыз.
3. Кабель үстелдің шетінен салбырап
тұрмауы немесе ыстық беттерге тимеуі
керек.
4. Қызып тұрған газ немесе электр
плитасына я оның жанына немесе қызып
тұрған пештің ішіне салуға болмайды.
5. Қыздыру элементтерін зақымдамау үшін
құрылғыны бос күйде қоспаңыз.
6. Шайнек балалардан аулақ, тұрақты
әрі тегіс жерде тұратынын қамтамасыз
етіңіз, сөйтіп шайнектің құлап кетуіне жол
бермейсіз және зақым немесе жарақаттан
аман боласыз.
7. Өрт шығу, ток соғу немесе жарақат алу
қаупінен қорғау үшін кабельді, электр
айырларын немесе шайнекті суға немесе
басқа сұйықтықтарға салмаңыз.
8. Су қайнап тұрған кезде немесе дәл қайнап
болғаннан кейін буға тимеңіз.
9. Қайнап тұрған суды құйған кезде шайнекті
жылдам еңкейтпей, абайлап ақырын құю
қажет.
10. Шайнек қызып тұрған кезде қайтадан
сумен толтырған кезде абай болыңыз.
11. Бекітілген табанды арналған мақсатынан
басқа түрде қолдануға болмайды.
12. Ішінде ыстық су бар құрылғыны қозғалтқан
кезде өте сақ болу керек.
13. Құрылғы өндірушісі ұсынбайтын қосымша
керек-жарақтарды қолдану нәтижесінде
өрт шығуы, ток соғуы немесе жарақат
алуыңыз мүмкін.
14. Қолданбаған кезде және тазаламас
бұрын шайнекті токтан ағытыңыз. Кез
келген бөлшекті қоймас немесе алмас
бұрын және тазаламас бұрын шайнектің
салқындауын күтіңіз.
Айырып қосқышқа ештеңе кедергі
келтірмейтініне және қақпақша
мықтап жабылғанына көз жеткізіңіз, себебі
айырып қосқышқа кедергі келіп тұрса
немесе қақпақша ашық болса, шайнек
өшпейді.
Шайнектен су құйған кезде абайлаңыз,
себебі қайнап тұрған су жидітуге
себеп болуы, сондай-ақ, шайнектегі су
ыстық кезде қақпақшаны ашпаңыз.
ҚАЙНАП БІТУДЕН ҚОРҒАУ
Абайсызда шайнекті су құймай қосып
қойсаңыз, қайнап бітуден қорғау механизмі
қуатты автоматты түрде өшіреді. Мұндай
жағдай орын алса, суық су құймас бұрын
шайнектің салқындауын күтіңіз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТУ
Тазаламас бұрын құрылғы розеткадан ажырату
қажет.
1. Шайнекті, қуат кабелін немесе қуат
табанын суға салушы немесе оларға
ылғалдың тиюіне жол беруші болмаңыз.
2. Құрылғы корпусын дымқыл шүберекпен
немесе тазалағышпен сүртіңіз, улы
тазалағыш қолданушы болмаңыз.
3. Сүзгіні жүйелі түрде тазалап тұруды
ұмытпаңыз. Тазалау оңай болуы үшін
тікелей басып, сүзгіні шығарып алыңыз
және тазалағаннан кейін орнына қойыңыз.
Өңін кетіріп алмау үшін, шайнектің
сыртын тазалаған кезде химиялық,
болат, ағаш немесе абразивті тазалағыштар
немесе щеткалар қолданбаңыз.
ТҰЗ ҚАҚТАРЫН КЕТІРУ
Шайнекті жүйелі түрде қақтан тазалап
отыру керек, себебі құбыр суындағы тұздар
шайнектің түбінде қақ түзіп, оның өнімділігін
азайтуы мүмкін. Дүкендерде сатылатын қақ
кетіргіш заттың орамасындағы нұсқауларды