- Егер ашасында, ток сымында, бу беру шлангісінде немесе құрылғының өзінде көзге
көрінетін зақым болса, құрылғы жерге түсіп кетсе немесе су тамшылап тұрса, оны
қолданбаңыз.
- Егер ток сымы немесе бу беру шлангісі зақымдалған болса, қауіптің алдын алу үшін оны
Philips компаниясы, Philips компаниясы ұсынған қызмет көрсету орталығы немесе білікті
мамандар сізге ауыстырып беруі керек.
- Құрал қуат көзіне қосылып тұрса, оны бақылаусыз қалдырып кетпеңіз.
- Мүмкіндігі мен ойлау қабілеті шектеулі және білімі мен тәжірибесі аз адамдар (балаларды
қоса) бұл құралды олардың қауіпсіздігіне жауап беретін адамның қадағалауымен немесе
құралдың қалай пайдалану жөнінде нұсқау берілген жағдайда ғана қолдануына болады.
- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаңыз.
- Ток сымын және бу беру шлангісін үтіктің ыстық табанына тигізбеңіз.
- Егер құрылғы қызғанда бу ыдысының қақпағының астынан бу шықса, құрылғыны өшіріңіз
де, бу ыдысының қақпағын мықтап жабыңыз. Егер сонда да құрылғы қызғанда бу шықса,
оны өшіріп, Philips компаниясының рұқсаты бар қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
- Бу ыдысының қысымы жоғары болған кезде, бу ыдысының қақпағын ашпаңыз.
- Бірге берілген қақпақтан басқа қақпақты қолданбаңыз, өйткені бу ыдысының қақпағы
қауіпсіз клапан қызметін де атқарады.
- Қосулы үтікті жоғары температураға шыдайтын үтік қойылатын төсемге ұзақ мерзімге
қоймаңыз. Жоғары температураға шыдайтын үтік қойылатын төсемді үтіктеу кезінде үтікті
аз уақытқа қоя тұру үшін ғана қолданыңыз.
- Құрылғыны тек жерге тұйықталған розеткаға ғана қосыңыз.
- Ток сымы мен бу беру шлангісінің зақымдалмағанын жиі тексеріп тұрыңыз.
- Үтік пен бу ыдысын тек тұрақты, тегіс әрі көлденең бетке қойып қолданыңыз.
- Үтіктің тірегі мен үтіктің түбі қатты қызады, тиіп кетсеңіз күйіп қалуыңыз мүмкін. Егер бу
ыдысын жылжытқыңыз келсе, тіректі ұстамаңыз.
- Үтіктеп болғаннан кейін, құрылғыны тазалаған кезде, бу ыдысын толтырған не босатқан
кезде, сондай-ақ, үтікті аз уақытқа болса да тастап кеткенде: үтікті тірекке қойыңыз,
қосулы/өшірулі қосқышын «О» позициясына орнатып, штепсельді розеткадан суырыңыз.
- «Тазалау және күтім көрсету» тарауындағы нұсқауларға сәйкес бу ыдысын мерзімді түрде
тазалап тұрыңыз.
- Бұл құрал тек үйде қолдануға арналған.
Philips компаниясы шығарған бұл құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық
стандарттарға сай келеді. Дұрыс әрі осы пайдаланушы нұсқаулығына сәйкес қолданылса, қазіргі
кездегі белгілі ғылыми дәлелдерге негізделе отырып құралды қолдану қауіпсіз деуге болады.
1 Үтіктің табанындағы кез келген жапсырманы немесе қорғаушы қапты алып тастап,
үтіктің табанын жұмсақ шүберекпен сүртіп алыңыз.
2 Қуат кабелі мен бу жеткізу түтігін толығымен орамынан айналдырып, шығарып алыңыз.
3 Бу ыдысын тұрақты әрі тегіс бетке орналастырыңыз.
4 Үтікті тірекке орналастырыңыз.
56