HQ 8290/21

Philips HQ 8290/21, HQ8260/21, HQ8270/17, HQ8270/21, HQ8290/17, HQ8290/21 Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я прочитал руководство пользователя для электробритв Philips HQ8290, HQ8270 и HQ8260. Я готов ответить на ваши вопросы о характеристиках, использовании и уходе за этими моделями. В руководстве описаны функции, такие как беспроводное бритьё, система самоочистки Jet Clean, индикаторы заряда и блокировка от случайного включения. Задавайте свои вопросы!
  • Как долго заряжается электробритва?
    Сколько времени хватает заряда батареи?
    Как очистить электробритву?
    Как активировать блокировку для путешествий?
106

Осы затты сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philipsқа қош
келдіңіз! Philips ұсынатын қолдауды толығымен рахатыңызға қолдану
үшін, өзіңіздің өніміңізді www.philips.com/welcome бойынша тіркеуге
отырғызыңыз.
Осы Philips қырыну ұстарасын сатып алғаныңызға рахметімізді
айтамыз. Мына қолданушы нұсқасын оқыңыз, себебі ол осы
ұстараның керемет мүмкіндіктері жөнінде, әрі қырынуды жеңіл
және рахат ететін жақсы кеңестер туралы ақпарат ұсынады.

Осы қырыну ұстарасын, Jet Тазалау Жүйесін қолданар алдында осы
қолдану нұсқауын ықыласпен оқып шығыңыз. Қолдану нұсқасын
келешекте қолдану үшін сақтап қойыңыз.

- Адаптор суланбағандығына көңіл бөліңіз (Cурет 1).

- Ыстық сумен абай болыңыз. Қолыңызды күйдіріп алмас үшін,
әрдайым судың өте ыстық еместігін тексеріп отырыңыз.
- Адапторда трансформер бар. Адапторды кесіп алып тастап, оның
орнына басқа шанышқы қоюға болмайды, себебі бұл өте қауіпті
жағдай туғызады.
- Осы қырыну ұстарасы және Jet Тазалау Жүйесі егер осы құралды
қолдану жөнінде олардың қауіпсіздігіне жауапты адамнан нұсқау
алған болмаса немесе оның қадағалауымен қолданып жатпаған
болса, физикалық сезімталдығы төмен немесе ақылы кем адамдар,
немесе білімі мен тәжірибесі аз адамдар (жас балаларды да қоса)
қолдануына болмайды.
- Құралмен ойнамас үшін, балаларды қадағалаусыз қалдыруға
болмайды.

- Егер осы қырыну ұстарасы, Jet Тазалау Жүйесі зақымдалған болса,
онымен қолдануға болмайды.
- Ұстараны суға батыруға болмайды. (Cурет 2)

- Ұстараны 10 C және 35 C аралығында ғана зарядтаңыз және
сақтаңыз.
- Сапар шегіп жүргенде қырыну бастарын сақтау үшін, оның үстіне
қорғаныс қалпағын кигізіп қойыңыз.
- Ұстараны, Jet Тазалау Жүйесін және басқа қосымша бөлшектерді
ыдыс жуғышта жууға болмайды.
- Ұстараны шәю үшін 80°C тан ыстық суды қолдануға болмайды.
- Бұл құралды ваннаға немесе душқа түсіп жатқанда қолдануға
болмайды.
- Тек осыған қосымша берілген адапторды ғана қолданыңыз.
- Jet Тазалау Жүйесін ешқашан суға батырмаңыз және оны ағын су
астында шәймаңыз. (Cурет 3)
- Егер адаптор зақымдалған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін,
оны түпнұсқалық түрімен ғана ауыстырған жөн.
- Jet Тазалау Жүйесін тек түп нұсқалы HQ200 тазалау
сұйықтығымен ғана қолданыңыз.
- Jet Тазалау Жүйесін тек 10°C және 35°C температурасы
аралығында ғана қолданып, сақтау керек.
- Jet Тазалау Жүйесінің ағып кетуінен сақ болу үшін, тек тұрақты,
тегіс және көлбеу бетке ғана қойыңыз.
- Jet Тазалау Жүйесін тек қана сұйықтыққа қарсы тұра алатын бетке
қойыңыз.
- Jet Тазалау Жүйесі сіздің ұстараңызды жақсылап тазалайды, алайда
ол оны инфекциядан тазаламайды, сондықтан ұстараны басқа
адамдармен бірігіп қолданбаңыз.

- Құрал халықаралық IEC бекіткен қауіпсіздік заңына сәйкес және
оны ағын су астында тазалауға болады (Cурет 4).
- Ұстара және Jet Тазалау Жүйесі электромагниттік өріске (EMF)
байланысты барлық стандарттарға сәйкес келеді. Егер бүгінгі
қолда бар ғылыми дәлелдерге негізделсек, әрі құралды тиісті
түрде, осы нұсқаудағы сілтемелер бойынша қолдансақ, құралмен
қолдану қауіпсіз.
 107

- Адаптор 100-240 вольтты қауіпсіз 24 вольттен төмен вольтажға
алмастырады.
- Шу деңгейі: Lc = 64 dB [A]

Қорғаныс қақпақ
Қырыну бөлігі
Қырыну бөлігін босату түймесі
Қуатқа қосулы деген белгісі бар қосу/өшіру түймесі
Дисплей
Кесетін қайшы
Сақтайтын қалта
Jet Clean жүйесі
Бекіту иіні
Тазалау белгісі, кептіру белгісі, және «сұйықтық төмен» белгісі
Jet Тазалау Жүйесінің қосу/өшіру түймесі
Тазалау орнын босату түймесі
Қырыну ұстарасының ұстағышы
Тазалайтын тарақ
Адаптор
Кішкене шанышқы

HQ8290: Қырыну ұстарасын алғаш қолданар алдында дисплей
бетіндегі қорғаныс фольгасын алып тастаңыз.
Үш түрлі қырыну ұстара түрлерінде (HQ8290, HQ8270 және
HQ8260) төменде көрсетілген суреттегідей үш түрлі көрсеткіштері
болады.
- HQ8290 (Cурет 6)
- HQ8270 (Cурет 7)
- HQ8260 (Cурет 8)

Зарядтау шамамен 60 минут алады.
108
Толығымен зарядталған қырыну ұстарасы 55 минутқа дейін қырыну
уақыт қамтамасыз етеді, ал бұл шамамен 17 рет қырынуға жетеді.

- Қырыну ұстарасы зарядталып жатқанда, минут көрсеткіштері мен
тоқ сымы белгісі жымыңдап тұрады (Cурет 9).
- Қырынуға болатын минут саны қырыну ұстарасы толығымен
зарядталып болғанша, үдейіп отырады.

- Ұстара зарядталып жатқанда, батарея деңгейі жарығы батарея
зарядталып жатқанын білдіріп, есейіп отырады. (Cурет 10)


- Батарея толығымен зарядталып болғанда, минут көрсеткіші
көрсеткіште көрініп, тоқ сымы белгісі көрсеткіштен
жойылады. (Cурет 11)
Есте сақтаңыз: Қырыну ұстарасы нақты қырыну уақытын өзі
санайды. Егер сіздің сақалыңыз қалың болса, онда қырыну уақыты 55
минуттан кем болуы ықтимал. Қырыну уақыты уақыт өткен сайын
өзгеруі мүмкін, ол сіздің қырыну тәртібіңізге және сақал мұрт түріне
байланысты болады.
- 4 сағат зарядталғанда, көрсеткіш автоматты түрде сөніп,
зарядталу процессі аяқталады.

- Батарея толығымен зарядталғанда, барлық батарея деңгей
жарықтары тоқтаусыз жанып тұрады (Cурет 12).
- 4 сағат зарядталғанда, батарея деңгейі жарықтары автоматты
түрде сөніп, зарядталу процессі аяқталады.

Есте сақтаңыз: Егер қайта зарядталатын батареялар қырынып
жатқанда таусыла бастаса, сіз ұстараны тоққа қосып,
қырынуыңызды аяқтауыңызға болады.
 109

- Батарея толығымен дерлік таусылғанда, (ол жерде тек қана 5
немесе одан кем минут қалғанда), минут көрсеткіші және тоқ
сымы белгісі жымыңдай бастайды (Cурет 9).
- Сіз қырыну ұстарасын сөндіргенде, қырыну минуттары және тоқ
сымы белгісі бірнеше секунд бойы жымыңдағанын тоқтатпайды.

- Батарея толығымен дерлік таусылғанда, (ол жерде тек қана 5
немесе одан кем минут қалғанда), батарея белгісі қызыл болып
жанады. (Cурет 13)
- Сіз қырыну ұстарасын сөндіргенде, батарея белгісі бірнеше
секунд бойы жымыңдай бастайды.

Батарея қуаты тек ұстараны қосқанда немесе өшіргенде ғана
көрсетіледі.

- Қалған батарея мүмкіндігі көрсеткіштегі минут санымен
көрсетіледі. (Cурет 11)

- Батареяның қалған қуаты жанып тұрған батарея деңгейі жарығы
санымен көрсетіледі (Cурет 12).

Сіз қырыну ұстарасын сапар шегер кезде бекітіп қоюыңызға болады.
Сапар шегу бекітпесі қырыну ұстарасын абайсызда қосылып кетуден
сақтайды.
Есте сақтаңыз: Сапар шеккенде бекітетін бекітпені тоққа қосулы
кезінде белсендіре алмайсыз.

1 Қосу/өшіру түймесін 4 секунд басып тұрып, сапар шеккенде
бекітетін бекітпе бағдарламасын енгізіңіз (сіздің көрсеткішіңіз
суретте көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін) (Cурет 14).
110
, Қосу/өшіру түймесіндегі бекітпе белгісі және қуатқа қосулы
деген белгі бірнеше секунд бойы жымыңдап, сапар шеккенде
бекітетін бекітпе белсендірілгендігін білдіреді.
Есте сақтаңыз: Ұстара сапар шеккенде бекітетін бекітпе
бағдарламасында тұрғанда ұстараның қосу/өшіру түймесін 4
секундтан аз уақыт бойы бассаңыз, бекіту белгісі және қосу/өшіру
түймесіндегі тоққа қосулы белгісі бірнеше секунд бойы жымыңдайды.

1 Қосу/өшіру түймесін 4 секундтай басып тұрыңыз.
, Бекіту белгісі жойылып, моторы жұмыс жасай бастайды, демек
сапар шеккенде бекітетін бекітпе сөндірілді деген сөз.
Енді сіздің ұстараңыз қайта қолдануға дайын.
Есте сақтаңыз: Зарядтай бастағанда, сапар шеккенде бекітетін
бекітпе автоматты түрде сөндіріледі.

Құралды толығымен зарядтау үшін, шамамен 60 минут қажет болады.
Ұстараны алғашқы рет немесе көп уақыттан бері қолданбағаннан
кейін зарядтағанда, оны үздіксіз 4 сағат бойы зарядтаңыз.
Кеңес: Батарея мүмкіндігін тиімді ету үшін, ұстараны толығымен
зарядтап, әдеттегі жолмен оны толығымен таусылғанша қолданыңыз.
Осы процессті үш рет қатарынан орындаңыз. Егер сіз батарея
мүмкіндігін осы жолмен тиімді етіп алсаңыз, сіз ұстараны қырыну
арасында батареялар толығымен таусылмаса да, зарядтап алуыңызға
болады.
Толығымен зарядталған қырыну ұстарасы 55 минутқа дейін қырыну
уақыт қамтамасыз етеді, ал бұл шамамен 17 рет қырынуға жетеді.
Қырыну ұстарасы нақты қырыну уақытын өзі санайды. Егер сіздің
сақалыңыз қалың болса, онда қырыну уақыты 55 минуттан кем болуы
ықтимал. Қырыну уақыты уақыт өткен сайын өзгеруі мүмкін, ол сіздің
қырыну тәртібіңізге және сақал мұрт түріне байланысты болады.
 111

HQ8290: Ұстараны зарядтап жатқанда, көрстекіште қырынуға
болатын минуттар саны көрінеді. Өзіңізге қырынуға қанша уақыт
керектігіне байланысты, батарея бір қырынуға жететіндей болып
зарядталғандығын аынқтауыңызға болады.
HQ8270/HQ8260: Сарғыш шанышқы белгісі кеткенде, ұстара бір рет
қырынуға жеткілікті қуат алды деген сөз.

1 Кішкене шанышқыны Jet Тазалау Жүйесіне кіргізіңіз.
2 Адапторды қабырғадағы розеткаға кіргізіңіз.
, Ұстағыш өзінің ең жоғарғы ұстанымына автоматты түрде
апарылады.
3 Ұстараны ұстағышына төңкеріп қойыңыз (Cурет 15).
Есте сақтаңыз: Егер қырыну бөлігінде қорғаныс фольгасы бар болса,
онда қырыну ұстарасын Jet Тазалау Жүйесіне орнату мүмкін емес.
4 Ұстараны орнына бекітіп орнату үшін, иінін толығымен төмен
қарай итеріңіз (Cурет 16).
, Ұстара зарядталып жатқандығын білдіріп, Jet Тазалау Жүйесінде
батарея белгісі пайда болады.
Есте сақтаңыз: Jet Тазалау Жүйесі тазалау бағдарламасын орындап
жатқанда, батарея белгісі жойылады.
, Батарея толығымен зарядталғанда, Jet Тазалау Жүйесіндегі
батарея белгісі жойылып, зарядталу процессі тоқтатылады.
5 Ұстараны Jet Тазалау Жүйесінен алу үшін: иінін жоғары қарай ол
тіптен қозғалмайтындай болғанша жылжытыңыз (1) содан соң
ұстараны алыңыз (2). (Cурет 17)

Ұстараны жабық дорбашада зарядтауға болмайды.
1 Кішкене шанышқыны ұстараға енгізіңіз.
2 Адапторды қабырғадағы розеткаға кіргізіңіз.
112
, Көрсеткіш қырыну ұстарасы зарядталып жатқандығын
көрсетеді («Көрсеткіш» тармағын қараңыз).

Есте сақтаңыз: Сіз құралды зарядтамастан да қолдауыңызға болады.
Құралды әшейін тоққа қосыңыз.

1 Ұстараны қосу үшін қосу/өшіру түймесін бір мәрте басыңыз.
, Қосу/өшіру түймесінде қуатқа қосулы жарығы жанады.
2 Қыратын ұстара бастарын теріңіздің үстінен жылдам, тік және
айналмалы қозғалыстармен жүргізіңіз (Cурет 18).
- Құрғақ бетті қырсаңыз, ең жақсы нәтижеге жетесіз.
- Сіздің теріңіз осы Philips қырыну ұстара жүйесіне үйрену үшін 2
немесе 3 апта алады.
3 Ұстараны өшіру үшін қосу/өшіру түймесін бір мәрте басыңыз.
4 Ұстараны тазалаңыз («тазалау және күту» тармағын қараңыз).

Сіз қайшыны мұрттарыңыз бен жақ сақалыңызды тарау үшін
қолдануыңызға болады.
1 Ұстараны қосу үшін қосу/өшіру түймесін бір мәрте басыңыз.
, Қосу/өшіру түймесінде қуатқа қосулы жарығы жанады.
2 Кескіш қайшы сырғымасын төмен қарай итеріп, кескіш
қайшыны ашыңыз (Cурет 19).
, Енді сіз қырынуыңызға болады.
3 Кесіп болғаннан соң, кескіш қайшыны жабыңыз («сырт» ете
түседі), содан соң ұстараны сөндіріңіз (Cурет 20).
 113

Ұстараны немесе Jet Тазалау Жүйесін тазалау үшін қыратын
шүберек, қыратын тазалау агенттерін немесе бензин не ацетон
тәрізді сұйықтықтарды қолдануға болмайды.
- Тиімді қырыну жұмысы үшін, қолданған сайын қырыну ұстарасын
тазалап отырыңыз.
- Қырыну ұстарасын ең жақсы және гигиеналық түрде тазалау, ол
Jet Тазалау Жүйесі арқылы тазалау. Сіз, сонымен қатар, қырыну
ұстарасын ағын су астында немесе қосымша берілген қылшақпен
тазалауыңызға да болады.
- Ыстық сумен абай болыңыз. Қолыңызды күйдіріп алмас үшін,
әрдайым судың өте ыстық еместігін тексеріп отырыңыз.
- Қырыну ұстара сыртын сіз дымқыл шүберекпен тазаласаңыз
болады.
Есте сақтаңыз: Құралды сумен шайып жатқанда, құралдың түбіндегі
тесікшеден су кіріп кетуі мүмкін. Бұл қалыпты нәрсе және қауіпті
емес.

Jet Тазалау Жүйесі қырыну бөлігін тазалайды.

- Алғаш қолданарда және сұйықтық деңгейі тым төмен болып түсіп
кеткенін білдіретін «сұйықтық төмен» деген белгі жымыңдағанда
тазалау орнын толтырыңыз. Егер тазалау орнындағы сұйықтық
деңгейі минималды деңгейден түсіп кетсе, тазалау белгісі және
«сұйықтық төмен» деген белгі интервал бойынша жымыңдайды
және ұстағыш бастапқы ұстанымға келеді. (Cурет 21)
1 Тазалау орнының екі жағындағы босату түймелерін бір уақытта
басыңыз (1). Содан соң Jet Тазалау Жүйесін тазалау орнынан
тартып алыңыз (2). (Cурет 22)
, Тазалағыш орын артында қалады.
114
2 Мөлшерлеу ыдысты HQ200 тазалау сұйықтығы бар бөтелкеден
бұрауышпен бұрап босатып, ауаны кіргізбейтін мөрін алып
тастаңыз.
3 Тазалау орнын HQ200 тазалау сұйықтықпен MAX көрсеткішіне
дейін толтырыңыз (Cурет 23).
Есте сақтаңыз: Тазалау орны әрдайым MIN көрстекішінен жоғары
болып толып тұруы тиіс.
4 Jet Тазалау Жүйесін тазалау орнына қайтадан
қойыңыз (Cурет 24).
Босату түймелері қайтадан орнына сырт етіп келгендігін тексеріңіз.
Тазалау орны тазалау сұйықтықпен толып тұрғанда, оны төгіп алмас
үшін, орнынан қозғамаңыз.
5 Кішкене шанышқыны Jet Тазалау Жүйесіне кіргізіңіз, және
адапторды қабырғадағы розеткаға кіргізіңіз.
, Ұстағыш өзінің ең жоғарғы ұстанымына автоматты түрде
апарылады.
Енді Jet Тазалау Жүйесі қолдануға дайын.

1 Ұстараны ұстағышына төңкеріп қойыңыз да, оны орнына
бекітіп орнату үшін, иінін толығымен төмен қарай
итеріңіз (Cурет 16).
, Ұстара зарядталып жатқандығын білдіріп, Jet Тазалау Жүйесінде
батарея белгісі пайда болады.
Есте сақтаңыз: Егер қырыну бөлігінде қорғаныс фольгасы бар болса,
онда қырыну ұстарасын Jet Тазалау Жүйесіне орнату мүмкін емес.
2 Тазалау бағдарламасын бастау үшін, Jet Тазалау Жүйесіндегі
қосу/өшіру түймесін басыңыз. (Cурет 25)
Тазалау бағдарламасында екі фаза бар, тазалау және кептіру фазалары.
, Jet Тазалау Жүйесінде батарея белгісі жойылады.
, Тазалау бағдарламаның алғашқы фазасы барысында тазалау
белгісі жымыңдайды және ұстара тазалау сұйықтығына
автоматты түрде батырылады. (Cурет 26)
 115
, Ұстара автоматты түрде бірнеше рет қосылып, сөніп, біресе
жоғары біресе төмен жылжыйды.
, Тазалу бағдарламасы барысында тазалау белгісі жымыңдап
тұрады, бұл шамамен 8 минут алады.
, Тазалау бағдарламасының екінші бөлігінде, қырыну ұстарасы
кептіру ұстанымына қойылады, ол кептіру белгісінің
жымыңдауы арқылы көрсетіледі. Бұл бағдарлама бөлігі шамамен
4 сағат уақыт алады. Ұстара бұл ұстанымда бағдарлама
таусылғанша тұрады. (Cурет 27)
, Тазалау бағдарламасынан соң, Jet Тазалау Жүйесінде батарея
белгісі пайда болады, демек ұстара зарядталып жатыр деген сөз.
Есте сақтаңыз: Егер сіз тазалау бағдарламасы барысында Jet Тазалау
Жүйесіндегі қосу/өшіру түймесін бассаңыз, бағдарлама доғарылады
және бастапқа ұстанымға келеді. Бұл жағдайда, тазалау немесе
кептіру белгісі жымыңдағанын тоқтатып, ұстағыш өзінің алғашқы
ұстанымына келеді. Ұстара әлі де болса кір және су болуы мүмкін,
себебі тазалау процессі аяғына дейін жасалған жоқ.
Есте сақтаңыз: Егер сіз адапторды тазалау бағдарламасы барысында
қабырғадағы розеткадан суырып алған болсаңыз, бағдарлама
уақыттан бұрын тоқтатылады. Қондырғы сол уақыттағы
ұстанымда қалады. Адапторды қайтадан қабырғадағы розеткаға
қоссаңыз, қондырғы ең жоғарғы ұстанымға барады.
- Егер тазалау орнындағы сұйықтық деңгейі минималды деңгейден
түсіп кетсе, тазалау белгісі және «сұйықтық төмен» деген белгі
интервал бойынша жымыңдайды және ұстағыш бастапқы
ұстанымға келеді (Cурет 21).

Егер сіз Jet Тазалау Жүйесін күнделікті қолданатын болсаңыз, әр бір
15 күнде бір рет тазалау орнын босатып, оны ыстық сумен жақсылап
тұрып шәйіп алыңыз. Болмаса тазалау орнын кем дегенде айына бір
рет босатып, тазалап тұрыңыз.
1 Jet Тазалау Жүйесінің сыртын дымқыл шүберекпен тазалаңыз.
Jet Тазалау Жүйесін ешқашан суға батырмаңыз және оны ағын су
астында шәймаңыз.
116
2 Jet Тазалау Жүйесінің екі жағындағы босату түймелерін бір
уақытта басыңыз (1). Содан соң Jet Тазалау Жүйесін тазалау
орнынан тартып алыңыз (2). (Cурет 22)
, Тазалағыш орын артында қалады.
3 Қалған тазалағыш сұйықтықты тазалағыш орыннан төгіп
тастаңыз. (Cурет 28)
Сіз тазалау сұйықтығын әшейін ғана раковинаға ағыза салсаңыз да
болады. Оның қоршаған айналаға зияны жоқ.
4 Тазалау орнын ыстық ағын су астында шәйіп
жіберіңіз. (Cурет 29)
Ыстық сумен абай болыңыз. Қолыңызды күйдіріп алмас үшін,
әрдайым судың өте ыстық еместігін тексеріп отырыңыз.
Тазалағыш орынды ыдыс жуғышта жууға болмайды.
5 Тазалау орнын HQ200 тазалау сұйықтықпен MAX көрсеткішіне
дейін толтырыңыз (Cурет 23).
Есте сақтаңыз: Тазалау орны әрдайым MIN көрстекішінен жоғары
болып толып тұруы тиіс.
6 Jet Тазалау Жүйесін қайтадан тазалау орнына
қойыңыз. (Cурет 24)
Босату түймелері қайтадан орнына сырт етіп келгендігін тексеріңіз.

1 Ұстараны сөндіріп, тоқтан суырыңыз.
2 Босататын түймені басып, қыратын ұстара бөлігін
ашыңыз (Cурет 30).
3 Қыру бөлігі мен тазалағыш орынды ыстық су ағыны астында
біраз уақыт бойы шайыңыз. (Cурет 31)
- Қыратын ұстараның ішін де, сыртын да тазалаңыз (Cурет 32).
Ыстық сумен абай болыңыз. Қолыңызды күйдіріп алмас үшін,
әрдайым судың өте ыстық еместігін тексеріп отырыңыз.
4 Ұстараның қыратын бөлігін жауып, артық суды сілкіп жіберіңіз.
 117
Қырыну бөлігін және шаш орнын орамалмен немесе сүлгімен
кептірмеңіз, бұл қырыну бастарына және қос ұршыққа зақым
келтіруі мүмкін.
5 Ұстараның қыратын бөлігін қайтадан ашып, кепкенше ашық
қалдырыңыз.

1 Ұстараны сөндіріп, тоқтан суырыңыз.
2 Босататын түймені басып, қыратын ұстара бөлігін
ашыңыз (Cурет 30).
3 Бекітпені сағат бағытына қарсы бұрап, (1), қорғаушы жақтауын
алыңыз (2) (Cурет 33).
4 Қырыну бастарын қосымша берілген қылшықпен тазалаңыз. Әр
бір қырыну бастарында кесушісі және алмасы бар (Cурет 34).
Бір дегенде бір алмас пен бір қорғаушыдан көп тазаламаңыз, себебі
олардың бәрі парланған топтама болып келеді. Егер сіз байқаусызда
алмас пен қорғаушыларды шатастырып алған болсаңыз, қырыну
қызметінің тиімді болуы қалпына келгенше бірнеше апталар керек
болады.
5 Қыратын бастарды ұстараның қыратын бөлігіне қайтадан
орнатыңыз.
6 Қорғаушы жақтауын ұстараның қыратын бөлігіне қайтадан
орнатып, сағат бағытында бұраңыз.
7 Қыратын бөлікті жабыңыз.
Есте сақтаңыз: Егер қырыну бөлігі жұмсақ түрде жабылмаса, қырыну
бастарын дұрыстап орнатқандығыңызды және ұстағыш жақтауы
бекітілгендігін тексеріңіз.

Құралды қолданған сайын тазалап тұрыңыз.
1 Ұстараны сөндіріп, тоқтан суырыңыз.
118
2 Кескіш қайшы сырғымасын төмен қарай итеріп, кескіш
қайшыны ашыңыз (Cурет 19).
3 Кескіш қайшыларын тазалау қылшығының қысқа қылшықты
жағымен тазалаңыз. Қайшы тістерінің бойымен жоғары және
төмен қарай сырғытыңыз. (Cурет 35)
4 Кесетін қайшыны жабыңыз («сырт» ете түскенше).
Кеңес: Тиімді қайшы жұмысын алу үшін, әрбір алты ай сайын, қайшы
тістерін бір тамшы машина майымен майлап отырыңыз. (Cурет 36)

Ұстараны үш түрлі жолмен сақтауға немесе сапар шеккенде
тасымалдауға болады:
- ұстараны Jet Тазалау Жүйесіне қойыңыз. Қорғаныс қақпағы
қырыну бөлігіне кигізулі екендігіне көзіңізді жеткізііңіз.
Есте сақтаңыз: Егер сіз ұстараны Jet Тазалау Жүйесінде тұрғанда
зарядтағыңыз келмесе, иінін жоғары ұстанымында қалдырыңыз.
- Қыратын ұстараның қорғаныс қақпағын ұстараға кигізіп қойыңыз,
сонда оны зақымдардан сақтайсыз (Cурет 37).
- Құралды қосымша берілген әдеміше дорбасында сақтаңыз.

Тиімді қырыну нәтиже үшін, біз сізге қырыну бастарын әр бір екі
жылда алматсырып тұрыңыз деп кеңес береміз. Зақымдалған қырыну
бастарын бірден алмастырыңыз.
Қырыну бастарын тек түп нұсқалы HQ9 Philips Қырыну Бастарымен
ғана алмастырыңыз.
1 Ұстараны сөндіріңіз. Ұстараны тоқтан суырыңыз немесе Jet
Тазалау Жүйесінен алыңыз.
2 Босататын түймені басып, қыратын ұстара бөлігін
ашыңыз (Cурет 30).
3 Бекітпені сағат бағытына қарсы бұрап, (1), қорғаушы жақтауын
алыңыз (2) (Cурет 33).
 119
4 Қыратын бастарды алып, жаңа қыратын бастарды қыратын
бөлікке салыңыз.
Ұстараның қыратын басының томпиып тұрған бөлігі, тесікшеге
дәлме дәл түсуі тиіс.
5 Қорғаушы жақтауын ұстараның қыратын бөлігіне қайтадан
орнатып, сағат бағытында бұраңыз.
6 Қыратын бөлікті жабыңыз.
Есте сақтаңыз: Егер қырыну бөлігі жұмсақ түрде жабылмаса, қырыну
бастарын дұрыстап орнатқандығыңызды және ұстағыш жақтауы
бекітілгендігін тексеріңіз.

Мына құрал-саймандар қамтамасыз етіледі:
- HQ8500 адапторы
- HQ9 Philips қыратын бастар
- HQ110 Philips Қырыну Басты Тазалау Шашыратпасы (кей елдерде
қамтамасыз етілмейді).
- HQ200 Philips Тазалағыш Сұйықтық
- HQ8010 көлік тоқ сымы.

- Тозғанда, ұстараны және Jet Тазалау Жүйесін әдеттегі үй ішіндегі
қоқыспен тастауға болмайды, оларды қайта өңдеу үшін арнайы
жинап алатын орынға тапсырыңыз. Бұл жағдайда сіз қоршаған
айналаны сақтауға себіңізді тигізесіз. (Cурет 38)
- Ішіне орнатылған қайта зарядталып отыратын батарея құрамында
қоршаған ортаға тигізер зиянды заттар бар. Құралды тастар
немесе арнайы жинап алатын орынға берер алдында батареяны
алып тастаңыз. Батареяны арнайы батареялар жинайтын орынға
өткізіңіз. Егер батареяны шағару сіздің қолыңыздан келмесе,
құралды Philips қызмет орталығына апаруыңызға болады, ондағы
адамдар батареяны сіз үшін алып, оны қоршаған ортаға зияны
тимейтін жағдайда оның көзін жояды.
120

Батареяны тек ұстараны тастар алдында ғана алыңыз.
Батареяны алар алдында оның толығымен таусылғандығын
тексеріңіз.
1 Ұстараны тоқтан суырыңыз немесе оны Jet Тазалау Жүйесінен
алыңыз.
2 Ұстараны тоқтағаннан кейін артындағы екі бұранданы
бұрауышпен босатыңыз (Cурет 39).
3 Шаш жиналатын орындағы екі бұрандамаларды бұрап
ашыңыз (Cурет 40).
4 Артқы панелін алыңыз (Cурет 41).
5 Екі жағындағы панельдерін алыңыз (Cурет 42).
6 4 ілмегін жанына қарай иіңіз, содан соң қуат бөлігін
алыңыз (Cурет 43).
Абай болыңыз, ілмектер өте өткір.
7 Мөрленген қуат бөлігіндегі үш бұрандаманы бұрап
шығарыңыз (Cурет 44).
8 Қуат бөлігінің жабылғысын бұрауышпен босатып
алыңыз (Cурет 45).
9 Батареяны алыңыз.
Абай болыңыз, батарея ленталары өте өткір болады.
Батареяларды алып тастағаннан соң, ұстараны тоққа қосулы Jet
Тазалау Жүйесіне қоймаңыз.
Ұстараның батареяларын алып тастағаннан соң оны тоққа
қоспаңыз.

Егер сізге ақпарат керек болса, немесе сізде шешілмеген мәселе
болса, Philips’тің интернет бетіндегі www.philips.com веб-сайтына
 121
келіңіз, немесе өзіңіздің еліңіздегі Philips Тұтынушылар Орталығына
телефон шалсаңыз болады (ол нөмірді сіз дүние жүзі бойынша
берілетін кепілдік кітапшасынан табасыз). Сіздің еліңізде
Тұтынушылар Қамқорлық Орталығы жоқ болған жағдайда өзіңіздің
жергілікті Philips дилеріне арызданыңыз немесе Philips’тің Үйге
арналған құралдар қызмет департаменті және Жеке Қамқор BV
бөліміне арзызданыңыз.

Қырыну бастары (алмастар және қорғаныстар), олар тез тозатын
болғандықтан, халықаралық кепілдік шарттарымен қамтамасыз
етілмейді.

1 Ұстара бұрынғыдай жақсы қырмайды.
- Мүмкін Jet Тазалау Жүйесі тазалағыш сұйықтық кірленіп
қалғандықтан немесе тазалағыш сұйықтық деңгейі тым төмен
болғандықтан жуғыш машина ұстараны дұрыстап тазаламаған
болар. Ары қарай жалғастырар алдында ұстараны дұрыстап
тазалап алыңыз. Егер қажет болса, тазалағыш орынды тазалап
және оны қайта толтырыңыз («Тазалау және күту» тармағын
қараңыз).
- Қыратын бастар зақымдалған немесе тозған болар. Қыратын
бастарды ауыстырыңыз («Алмастыру» тармағын қараңыз).
- Ұзын шаштар қыратын баста тұрып қалған болар. Кескіш пен
қорғауыштарды қосымша берілген қылшықпен жақсылап
тазалаңыз(«тазалау және күту» тармағын қараңыз).
2 Мен қосу/өшіру түймесін басқанда ұстара жұмыс жасамайды.
- Батареясы таусылған болар. Батареяны зарядтаңыз («Зарядтау»
тармағын қараңыз) немесе ұстараны тоққа қосыңыз.
- Мүмкін сапар шегу бекітпесі белсендірілген болар. Қосу/өшіру
түймесін 4 секундтай басып, сапар шегу бекітпесін сөндіріңіз.
- Ұстара температурасы тым жоғары болуы мүмкін. Бұндай
жағдайда ол жұмыс жасамайды. Ұстара температурасы әжептеуір
түскенде, сіз оны қайта қосуыңызға болады.
122
3 Мен ұстараны Jet Тазалау Жүйесімен тазаласам да ол толығымен
тазаланбайды.
- Тазалағыш орындағы тазалағыш сұйықтық кірлеп қалған болар.
Тазалағыш орынды босатып, тазалаңыз.
- Тазалау сұйықтығы деңгейі тым төмен болуы мүмкін. Егер тазалау
бағдарламасы барысында тазалау орнындағы сұйықтық деңгейі
минималды деңгейден түсіп кетсе, бағдарлама доғарылады.
Тазалау белгісі және «сұйықтық төмен» деген белгі интервал
бойынша жымыңдайды және ұстағыш бастапқы ұстанымға келеді.
Тазалау орнын тазалау сұйықтықпен МАХ көрстекішіне дейін
толтырыңыз («Тазалау және Күту» тармағын қараңыз).
- Мүмкін сіз түпнұсқалы Philips тазалау сұйықтығынан басқа тазалау
сұйықтық қолданған боларсыз. Тек HQ200 тазалау сұйықтығын
ғана қолданыңыз.
- Jet Тазалау Жүйесіндегі бекіту иіні дұрыстап жабылмаған болар,
немесе ұстара дұрыстап орнына қойылмаған болар. Ондай болса,
Jet Тазалау Жүйесі жұмыс жасай бастауы мүмкін, дегенмен тазалау
бағдарламасы дұрыстап орындалмайды.
4 Мен қосу/өшіру түймесін басқанда Jet Тазалау Жүйесі жұмыс
жасамайды.
- Jet Тазалау Жүйесі тоққа қосылмаған болар. Кішкене шанышқыны
Jet Тазалау Жүйесіне кіргізіңіз, және адапторды қабырғадағы
розеткаға кіргізіңіз.
 123
190

Поздравляем с покупкой продукции Philips! Для получения полной
поддержки, оказываемой компанией Philips, зарегистрируйте Ваше
изделие на www.philips.com/welcome.
Прочтите данное руководство, содержащее сведения об
удивительных возможностях бритвы , а также некоторые советы,
которые сделают использование бритвы более приятным.

Перед эксплуатацией бритвы и системы очистки Jet Clean
внимательно ознакомьтесь с настоящим руководством и сохраните
его для дальнейшего использования в качестве справочного
материала.

- Убедитесь, что вилка-адаптер сухая (Рис. 1).

- Соблюдайте осторожность при обращении с горячей водой.
Проверяйте температуру воды, чтобы избежать ожогов.
- В конструкцию адаптера входит трансформатор. Запрещается
заменять адаптер или присоединять к нему другие штекеры: это
опасно.
- Бритва и система очистки Jet Clean не предназначены для
использования лицами (включая детей) с ограниченным
физическим, двигательным или умственным развитием, а также
лицами с недостаточным опытом и знаниями без
предварительного инструктажа по вопросам использования
приборов лицами, ответственными за безопасность.
- Не оставляйте детей без присмотра и не позволяйте детям
играть с бритвой и системой очистки Jet Clean.

- Не используйте бритву и систему очистки Jet Clean при наличии
повреждений.
- Запрещается погружать бритву в воду (Рис. 2).

- Использование бритвы, ее зарядка и хранение должны
производиться при температуре от 10°C до 35°C.
- Для предотвращения повреждений во время поездок надевайте
на бритву защитный колпачок.
- Бритва, система очистки Jet Clean и другие аксессуары не
предназначены для очистки в посудомоечной машине.
- Запрещается промывать бритву водой с температурой выше
80°C.
- Не пользуйтесь бритвой в ванной или под душем.
- Пользуйтесь только адаптером, входящим в комплект поставки.
- Запрещается погружать систему очистки Jet Clean в воду, а также
промывать его под струей воды. (Рис. 3)
- Если адаптер поврежден, заменяйте его только таким же
адаптером, чтобы обеспечить безопасную эксплуатацию прибора.
- Для системы очистки Jet Clean используйте только оригинальную
чистящую жидкость HQ200.
- Использование и хранение системы очистки Jet Clean должны
производиться при температуре от 10°C до 35°C.
- Чтобы чистящая жидкость не пролилась, обязательно
устанавливайте систему очистки Jet Clean на горизонтальной,
ровной и устойчивой поверхности
- Систему очистки Jet Clean нужно обязательно устанавливать на
водоустойчивую поверхность.
- Система очистки Jet Clean тщательно очищает, но не
дезинфицирует бритву, поэтому бритва должна оставаться
предметом индивидуального использования.

- Прибор соответствует международному стандарту техники
безопасности IEC. Его можно промывать под струей
воды (Рис. 4).
- Бритва и система очистки Jet Clean соответствуют стандартам
по электромагнитным полям (ЭМП). При правильном обращении
в соответствии с инструкциями данного руководства
пользователя, применение приборов безопасно, как показывают
современные научные данные.
 191
/