Electrolux RKK520000X, RKK520000W Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я прочитал инструкцию по эксплуатации кухонных плит Electrolux моделей RKK520000W и RKK520000X и готов ответить на ваши вопросы. В руководстве подробно описаны функции плиты, процедуры установки, рекомендации по использованию и уходу, а также советы по приготовлению пищи в духовке. Задавайте свои вопросы!
  • Как зажечь конфорку?
    Как очистить варочную поверхность?
    Какие функции есть у духовки?
    Какие размеры ыдысов подходят для конфорок?
RKK520000W
RKK520000X
KK Пеш Қолдану туралы нұсқаулары 2
RU Кухонная плита Инструкция по эксплуатации 34
МАЗМҰНЫ
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ................................................................................. 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 5
3. ОРНАТУ............................................................................................................. 8
4. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ............................................................................... 14
5. ЕҢ АЛҒАШ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА.............................................................15
6. ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ................................................... 16
7. ПЕШ - АҚЫЛ-КЕҢЕС.......................................................................................17
8. ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ...........................................17
9. ТҰМШАПЕШ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ ....................................................18
10. ТҰМШАПЕШ - САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ...................................................... 19
11. ТҰМШАПЕШ - КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ....................................... 20
12. ТҰМШАПЕШ - КЕҢЕСТЕР............................................................................20
13. ТҰМШАПЕШ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ...........................................27
14. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ...................................................................................29
15. ҚУАТ ТИІМДІЛІГІ........................................................................................... 31
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар
бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны
таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны
жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын
тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Пайдалануға қатысты кеңесті, кітапша, ақаулықты түзету, қызмет көрсету
және жөндеу туралы ақпаратты мына жерден алыңыз:
www.electrolux.kz/support
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.part33.ru
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
www.electrolux.com2
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Дұрыс орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде
орын алған жарақат немесе зақымға өндіруші
жауапты емес. Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру
үшін әрқашан қауіпсіз және қол жетімді жерде
сақтаңыз.
1.1 Балалар мен әлсіз адамдардың қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым
келген не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін
қамтамасыз ететін адамның қадағалауы не
құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген
нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын
түсінсе, онда қолдануына болады. 8 жасқа
толмаған балаларды және мүмкіндіктері өте
шектеулі мүгедек адамдарды басқалар
қадағаламаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау
керек.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Барлық орам материалдарын балалардан алыс
ұстап, қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
ЕСКЕРТУ: Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе
ол суып тұрғанда, балалар мен үй жануарларын
оған жақындатпаңыз. Қол жетімді бөлшектер
пайдалану кезінде ыстық болады.
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау
жұмыстарын бақылаусыз орындамауы керек.
1.2 Жалпы қауіпсіздік
Білікті маман ғана осы құрылғыны орнатуы және
кабельді ауыстыруы тиіс.
Бұл құрылғы теңіз деңгейінен 2000 м-ге дейін
биіктікте пайдалануға арналған.
ҚАЗАҚ 3
Бұл құрылғы кеме, қайық немесе контейнерлерде
пайдалануға арналмаған.
Құрылғы қатты қызып кетпеу үшін декоративті
есіктің артына орнатпаңыз.
Құрылғыны тағанға қоймаңыз.
Құрылғыны сыртқы таймермен немесе бөлек
қашықтан басқару жүйесімен басқармаңыз.
ЕСКЕРТУ: Май немесе өсімдік майы қосылған
тағамды пештің үстіне қараусыз қалдыру қауіпті
және өрт шығуы мүмкін.
Өртті ЕШҚАШАН сумен сөндіруге әрекет
жасамаңыз, оның орнына құрылғыны сөндіріп,
жалынды қақпақ немесе өртке төзімді көрпе, т.б.
тәрізді затпен жабыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: Пісіру барысын қадағалап отыру
керек. Пісіру барысы қысқа болса, үздіксіз
қадағалап отыру керек.
ЕСКЕРТУ: Өрт қаупі бар: Пісіру алаңына зат
сақтамаңыз.
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
Пештің шыны есігін немесе топсамен бекітілген
шыны қақпақтарын тазалау үшін қатты жеміргіш
заттарды немесе өткір темір қырғыштарды
пайдаланбаңыз, себебі сызат түсіріп, шыны
шытынап кетуі мүмкін.
Пышақ, шанышқы, қасық және қақпақ тәрізді темір
заттарды пештің үстіне қоймаңыз, себебі ысып
кетеді.
Ашатын кезде қақпаққа төгілген затты тазалаңыз.
Қақпақты жабар алдында пештің үстін
салқындатып алыңыз.
ЕСКЕРТУ: Құрылғы мен оның қол жететін жердегі
бөлшектері қолдану барысында ысып тұрады.
Қыздырғыш элементтерге тиіп кетпеу үшін абайлау
керек.
Тұмшапеш ыдыстарын немесе керек-жарақтарын
алып-салған кезде үнемі қолғап киіңіз.
www.electrolux.com4
Техникалық қызмет көрсетуден бұрын қуат көзін
ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Электр қатеріне ұшырамау үшін шамды
ауыстырар алдында құрылғыны сөндіріп қойыңыз.
Қуат cымына зақым келсе, электр қатерінен
сақтандыру үшін оны өндіруші немесе оның
уәкілетті қызмет көрсету орталығы немесе сол
сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
Сақтау тартпасын ұстаған кезде абай болыңыз.
Ысып тұрады.
ЕСКЕРТУ: Пісіру құрылғысының өндірушісі жасаған
пеш қорғағыштарды ғана немесе құрылғы
өндірушісі пайдаланушы нұсқаулығында арнайы
көрсеткен немесе құрылғының өзіне орнатылған
қорғағыштарды ғана қолданыңыз. Сай келмейтін
қорғағыштарды пайдалансаңыз, оқыс жағдай орын
алуы мүмкін.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
Бұл құрылғы келесі нарықтарға
арналған: BY KZ RU
2.1 Орнату
ЕСКЕРТУ!
Бұл құрылғыны тек білікті
маман ғана орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге жеткізілген
орнату нұсқауларын орындаңыз.
Құрылғы ауыр болғандықтан,
орнынан жылжытқан кезде әрқашан
абай болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік
қолғабы мен бітеу аяқ киім киіңіз.
Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
Ас үй қаптамасы мен ұясының
өлшемдері құрылғыға сай келуге
тиіс.
Құрылғылар мен заттардың
арасындағы минимум қашықтықты
сақтаңыз.
Құрылғыны орнату талаптарына
сәйкес ыңғайлы және қауіпсіз жерге
орнатыңыз.
Құрылғының бөлшектерінде кернеу
бар. Құрылғының қауіпті
бөлшектеріне қол тиіп кетпес үшін
оны ас үй қаптамасымен жабыңыз.
Құрылғының бүйір жақтарында
биіктігі осы құрылғының биіктігімен
бірдей құрылғылар орнатылуы
керек.
Құрылғыны есікке жақын жерге
терезенің астына қоймаңыз. Бұл
есік немесе терезе ашылған кезде
ыстық ыдыс құрылғыдан құлап
кетпеу үшін қажет.
Құрылғы аударылып кетпес үшін
оны орнықты етіп орнататын
құралдарды орнатыңыз. Орнату
тарауын қараңыз.
2.2 Электр тогына қосу
ЕСКЕРТУ!
Өрт және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
ҚАЗАҚ 5
Барлық электр қосылымдарын
ұсынған білікті электрик орнатуы
керек.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат тақтасындағы
параметрлердің негізгі қуатпен
жабдықтау желісіндегі электр
параметрлеріне сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз.
Әрқашан дұрыс орнатылған,
соққыға төзімді розетканы
қолданыңыз.
Көп тармақты адаптер мен
ұзартқыш сымды қолданбаңыз.
Электр сымдарына қол тигізуге
немесе құрылғының есігіне не
құрылғының төменгі жағына,
әсіресе ыстық тұрған есікке
жақындауға болмайды.
Ток жүріп тұрған және
гидроизоляциясы бар бөлшектерді
электр қатерінен қорғау үшін
құралсыз алынбайтын етіп мықтап
орнату керек.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан
кейін ғана қосыңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Егер розетка бекітілмеген болса,
ашаны жалғамаңыз.
Құрылғыны ажырату үшін электр
сымынан тартпаңыз. Әрдайым
қорек ашаны қолмен тартып
шығарыңыз.
Тек дұрыс оқшаулағыш құралдарды
қолданыңыз: желіні қорғайтын
ажыратқыштарды,
сақтандырғыштарды (ұстатқыштан
алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге
тұйықталудан қорғау тетіктері мен
тұйықтағыштарды пайдаланыңыз.
Электр қондырғысында құрылғыны
кез келген ток полюстерінен
ажыратуға мүмкіндік беретін
оқшаулағыш құрылғы болуы керек.
Оқшаулағыш құрылғыда кеңдігі 3
мм-ден кем емес саңылау болу
керек.
Ашаны розеткаға қосар алдында
құрылғының есігін толық жабыңыз.
2.3 Газға қосу
Газға қосу жұмыстарының
барлығын білікті маман ғана іске
асыру керек.
Орнатар алдында жергілікті
жабдықтау жағдайлары (газдың түрі
мен газдың қысымы) мен құрылғы
параметрлерінің сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз.
Құрылғының айналасында ауаның
айналуын қамтамасыз етіңіз.
Газбен жабдықтау туралы ақпарат
техникалық ақпарат тақтайшасында
берілген.
Бұл құрылғы жану өнімдерін тартып
әкететін құрылғыға жалғанбаған.
Құрылғыны ағымдық орнату
ережелеріне сай орнатыңыз.
Желдетуге арналған талаптарды
орындаңыз.
2.4 Пайдалану
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу және күйіп
қалу қаупі бар.
Ток соғуы қаупі бар.
Бұл тек үйде ғана пайдалануға
арналған құрылғы.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Желдеткіш саңылаулардың
бітелмегенін тексеріңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
Құрылғыны пайдаланып болғаннан
кейін әрқашан сөндіріңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының
есігін ашқан кезде абай болыңыз.
Ыстық ауа шығуы мүмкін.
Құрылғыны дымқыл қолмен немесе
суды қолданып тұрған кезде
пайдаланбаңыз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде
қолданбаңыз.
ЕСКЕРТУ!
Өрт және жарылыс пайда
болу қаупі бар
Тоңмайларды немесе майды
қыздырған кезде тұтанғыш бу пайда
болады. Тоңмайға немесе майға
тамақ пісірген кезде қызған
www.electrolux.com6
заттарды немесе оттың жалынын
алыс ұстаңыз.
Қатты қызған майдан бөлініп
шығатын бу, кенет жарылыстың
орын алуына себеп болады.
Құрамында тағам қалдықтары бар
қолданылған май, бірінші рет
қолданылып отырған майға
қарағанда, төмен температурада
өрт пайда болуға әкелуі мүмкін.
Тез тұтанатын өнімдерді немесе
жанғыш, дымқыл заттарды
құрылғының ішіне, жанына немесе
үстіне қоймаңыз.
Есікті ашқан кезде жарқыл немесе
ашық оттың құрылғымен жанасуына
жол бермеңіз.
Құрылғының есігін абайлап
ашыңыз. Алкогольді
ингредиенттерді қолданғанда,
алкоголь мен ауа қоспасы пайда
болуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны бүлдіріп
алуыңыз мүмкін.
Эмальдің зақымдалуын немесе
өңсізденуін болдырмау үшін:
пештің ыдыстарын немесе
басқа заттарды құрылғының
табанына тура қоймаңыз.
алюминий жұқалтырды
құрылғыға немесе қаптаманың
астыңғы бөлігіне тура
қоймаңыз.
суды ыстық құрылғыға тура
қоймаңыз.
тамақ пісіріп болғаннан кейін
дымқыл ыдыс пен тағамды
құрылғының ішінде ұстамаңыз.
керек-жарақтарды алғанда
немесе орнатқанда абай
болыңыз.
Құрылғының эмаль қаптамасының
немесе тот баспайтын болат
бөлігінің түсінің өзгеруі құрылғы
жұмысына әсер етпейді.
Сулы қоспадан жасалған тортты
пісіру үшін шұңғыл табаны
қолданыңыз. Жеміс шырындары
кетпейтін дақтар қалдырады.
Басқару тақтасында ыстық
ыдыстарды сақтамаңыз.
Ыдысты құрғақ болғанша
қайнатпаңыз.
Құрылғының үстіне заттардың
немесе ыдыстардың құлауына жол
бермеңіз. Бет зақымдалуы мүмкін.
Әзірлеу аймақтарын бос ыдыс
қойып немесе ыдыссыз
белсендірмеңіз.
Шойыннан, алюминийден жасалған
немесе түбі зақымдалған ыдыстар
сызаттар түсіруі мүмкін. Әзірлеу
бетінде жылжыту керек болғанда
әрқашан осы заттарды жоғары
көтеріңіз.
Құрылғы орнатылған бөлмеде
жақсы желдетуді қамтамасыз етіңіз.
Дұрыс пішіні мен диаметрі
конфоркалардың өлшемдерінен
үлкенірек тұрақты ыдыстарды ғана
пайдаланыңыз.
Тетікті максималды мәнінен
минималды мәніне бұрғанда
жалынның сыртқа шықпауын
қамтамасыз етіңіз.
Тек құрылғымен бірге қамтамасыз
етілген аксессуарларды ғана
пайдаланыңыз.
Конфоркаға жалын диффузорын
орнатпаңыз.
Бұл тек тағам пісіруге арналған
құрылғы. Басқа мақсатта, мысалы
бөлмені қыздыру үшін қолдануға
болмайды.
2.5 Күту және тазалау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, өрт қаупі
немесе құрылғыны
бүлдіріп алу қаупі бар.
Техникалық қызмет көрсетуден
бұрын құрылғыны сөндіріңіз.
Ашаны розеткадан ажыратыңыз.
Құрылғының суық екеніне көз
жеткізіңіз. Шыны панельдердің сыну
қаупі бар.
Зақым келген болса есіктің шыны
панельдерін дереу ауыстырыңыз.
Уәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Құрылғының ішінде қалған май
немесе тағам қалдығынан өрт
шығуы мүмкін.
Құрылғының бетіндегі материалдың
сапасы түспес үшін мезгіл-мезгіл
тазалаңыз.
ҚАЗАҚ 7
Құрылғыны дымқыл жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Бейтарап
жуғыш заттарды ғана қолданыңыз.
Жеміргіш заттарды, түрпілі
жөкелерді, еріткіштерді немесе
металл заттарды пайдаланбаңыз.
Тұмшапеш бүріккішін
пайдалансаңыз, орауыштағы
қауіпсіздік туралы нұсқауларды
орындаңыз.
Каталитикалық эмальды (бар
болса) жуғыш заттың ешбір түрімен
тазаламаңыз.
Конфоркаларды ыдыс жуғыш
машинада тазаламаңыз.
2.6 Қақпақ
Қақпақтың техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Қақпақты мезгілімен тазалаңыз.
Қақпақтың бетіне нәрсе шашыраған
кезде ашпаңыз.
Қақпақты жабар алдында
оттықтардың барлығын сөндіріңіз.
Пештің үсті мен тұмшапеш әбден
суымайынша қақпақты жаппаңыз.
Шыны қақпақ (егер бар болса)
қызған кезде жарылып кетуі мүмкін.
2.7 Ішкі жарықтама
ЕСКЕРТУ!
Электр қатері бар.
Осы өнімнің ішіндегі шам(дар) мен
шамдардың қосалқы бөлшектері
жеке сатылады: Бұл шамдар
температура, діріл, ылғалдылық
сияқты төтенше физикалық
жағдайларға тұрмыстық
құрылғылардың қарсы тұруына
немесе құрылғының жұмыс
жағдайы туралы сигнал беруге
арналған. Олар басқа
қолданбаларда пайдалануға
арналмаған және тұрғын үйлерді
жарықтандыруға сәйкес келмейді.
Техникалық параметрлері сай
келетін шамдарды ғана
пайдаланыңыз..
2.8 Сервис
Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Тек ғана фирмалық қосалқы
бөлшектерді қолданыңыз.
2.9 Қоқысқа тастау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны қоқысқа дұрыс тастау
туралы ақпарат алу үшін жергілікті
уәкілетті мекемеге хабарласыңыз.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Құрылғыға жақын орналасқан
электр сымын кесіп, қоқысқа
тастаңыз.
Балалар немесе үй жануарлары
барабанға қамалып қалмас үшін
есіктің бекітпесін алыңыз.
Сыртқы газ түтіктерін
қабыстырыңыз.
3. ОРНАТУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
3.1 Құрылғы орнатылатын
жер
Жеке тұратын бұл құрылғыңыздың бір
жағын немесе екі жағын ас үй
жиһазына тақатып, не бұрышқа
қоюыңызға болады.
Құрылғы мен артқы
қабырға арасына, қақпақ
ашылатындай етіп
шамамен 1 см орын
қалдырыңыз.
www.electrolux.com8
Орнату барысында қалдыру керек
мин. қашықтықты кестеден қараңыз.
A
C
B
Мин. қашықтық
Өлшемі мм
A 400
Өлшемі мм
B 650
C 150
3.2 Техникалық дерек
Кернеу 230 В
Жиілік 50 - 60 Гц
Қуат тиімділігінің класы A
Құрылғының сыныбы 1
Өлшемі мм
Биіктігі 855
Ені 500
Тереңдігі 600
3.3 Басқа техникалық деректер
Құрылғының санаты: II2H3B/P
Бастапқы газ: G20 (2H) 13 мбар
Газды ауыстыру: G20 (2H) 20 мбар
G30/31 (3B/P) 30/30 мбар
3.4 Айналма клапан диаметрлері
КОНФОРКА
Ø АЙНАЛМА КЛАПАНЫ
1)
1/100 мм
Қосымша 29 / 30
Жартылай жылдам 32
Жылдам 42
1)
Айналма клапан түрі модельге байланысты.
3.5 G20 13 мбар ТАБИҒИ ГАЗЫНА арналған газ конфоркалары
КОНФОРКА ҚАЛЫПТЫ ҚУАТ
кВт
АЗАЙТЫЛҒАН ҚУАТ
кВт
ИНЖЕКТОР
БЕЛГІСІ 1/100 мм
Жылдам 2.6 0.78 137
Жартылай
жылдам
1.9 0.5 111
Қосымша 0.9 0.4 82
ҚАЗАҚ 9
3.6 G20 20 мбар ТАБИҒИ ГАЗЫНА арналған газ конфоркалары
КОНФОРКА ҚАЛЫПТЫ ҚУАТ
кВт
АЗАЙТЫЛҒАН ҚУАТ
кВт
ИНЖЕКТОР
БЕЛГІСІ 1/100 мм
Жылдам 2.9 0.80 119
Жартылай
жылдам
1.85 0.43 96
Қосымша 0.95 0.35 70
3.7 LPG G30 30 мбар арналған газ конфоркалары
КОНФОРК
А
ҚАЛЫПТЫ
ҚУАТ кВт
АЗАЙТЫЛҒА
Н ҚУАТ кВт
ИНЖЕКТОР
БЕЛГІСІ 1/100
мм
НОМИНАЛДЫ
ГАЗ АҒЫНЫ
г/сағ
Жылдам 3.0 0.72 88 218
Жартылай
жылдам
1.9 0.43 71 138
Қосымша 0.95 0.35 50 69
3.8 LPG G31 30 мбар арналған газ конфоркалары
КОНФОРК
А
ҚАЛЫПТЫ
ҚУАТ кВт
АЗАЙТЫЛҒАН
ҚУАТ кВт
ИНЖЕКТОР
БЕЛГІСІ
1/100 мм
НОМИНАЛДЫ
ГАЗ АҒЫНЫ
г/сағ
Жылдам 2.6 0.63 88 186
Жартылай
жылдам
1.6 0.38 71 114
Қосымша 0.85 0.31 50 61
3.9 Газ қосылымы
ЕСКЕРТУ!
Газды қоспас бұрын
құрылғыны электр
желісінен ажыратыңыз
немесе сақтандырғыштар
қорабындағы
сақтандырғышты өшіріңіз.
Газбен жабдықтаудың
негізгі клапанын жабыңыз.
Орнатпас бұрын құрылғының артқы
жағындағы газ құбырындағы
жапсырманы алыңыз. Құбырды желім
қалдықтарынан тазалаңыз.
Бекітілген қосылымдарды немесе тот
баспайтын болаттан жасалған иілгіш
құбырларды пайдаланыңыз. Егер
иілгіш металл құбырларды
пайдалансаңыз, олардың жылжымалы
бөлшектерге жанаспауын немесе
жаншылып қалмауын қамтамасыз
етіңіз.
www.electrolux.com10
ЕСКЕРТУ!
Газға қосылымы құбыры
құрылғының суретте
көрсетілген бөлігіне тимеуі
керек.
ЕСКЕРТУ!
Орнату аяқталғаннан кейін
әр құбыр фитингінің
тығыздағышында
жылыстау жоқ екенін
тексеріңіз. Тығыздағышты
тексеру үшін жалын емес,
сабын ерітіндісін
пайдаланыңыз.
3.10 Иілгіш металл емес
құбырларды қосу
Егер қосылымға қол жеткізу оңай
болса, иілгіш құбырды пайдалануға
болады. Иілгіш құбырды
қысқыштармен мықтап бекіту керек.
Орнатқанда әрдайым құбыр
ұстағышын және тығыздағышты
пайдаланыңыз. Иілгіш құбырды келесі
жағдайларда пайдалануға болады:
ол бөлме температурасынан, 30 °C-
тан жоғары қыза алмайды,
ұзындығы 1500 мм-ден аспаса,
еш жерінде тарылу болмаса,
ол бұралмаған немесе тартылмаған
болса,
өткір жиектерге немесе бұрыштарға
тимесе,
бұл жағдайларды оңай тексеруге
болады.
Иілгіш құбырды тексеру кезінде
мыналарға көз жеткізіңіз:
онда екі ұшында және бүкіл
ұзындығында жарықтар, кесіктер,
жану белгілері көрінбейтініне,
материал қатпағанына, ал дұрыс
икемділігін көрсететініне,
бекіту қыстырғыштары
тоттанбағанына,
мерзімі өтпегеніне.
Егер бір немесе бірнеше ақау көрінсе,
құбырды жөндемеңіз, ал
ауыстырыңыз.
Газбен жабдықтау рампасы басқару
панелінің артқы жағында орналасқан.
3.11 Газдың әртүрлі
түрлеріне реттеу
Әртүрлі газ түрлеріне
реттеуге тек қана өкілетті
тұлғаға рұқсат етіңіз.
Құрылғы табиғи газға
бапталған, дұрыс
инжекторлар арқылы оны
сұйылтылған газға
ауыстыруға болады.
Газ мөлшерлемесі
сәйкесінше реттеледі.
ЕСКЕРТУ!
Инжекторларды ауыстыру
алдында, газ тетіктерінің
өшірулі күйінде екеніне көз
жеткізіңіз. Құрылғыны
электр желісінен
ажыратыңыз. Құрылғыны
суытыңыз. Жарақат алу
қаупі бар.
Құрылғы әдепкі газға
орнатылған. Параметрді
өзгерту үшін әрқашан
тығыздағышты
пайдаланыңыз.
A
B
D
C
A. Газ жүйесіне жалғанатын жер
(құрылғының тек бір жерін ғана
жалғауға болады)
B. Тығыздағыш
C. Реттелетін қосылым
D. LPG құбырын ұстағыш
3.12 Плита инжекторларын
ауыстыру
Газ түрін өзгерткен кезде
инжекторларды ауыстырыңыз.
1. Табаның тіректерін алыңыз.
ҚАЗАҚ 11
2. Конфорканың қақпақтары мен
коронкаларын алыңыз.
3. 7 бүйірлік кілті арқылы
инжекторларды алыңыз.
4. Инжекторларды пайдаланатын газ
түрі үшін қажеттілеріне
ауыстырыңыз.
5. Техникалық ақпарат тақтайшасын
(ол газбен жабдықтау құбырының
жанында орналасқан) газбен
жабдықтаудың жаңа түріне
ауыстырыңыз.
Бұл тақтайшаны
құрылғымен бірге
қамтамасыз етілген
пакеттен таба аласыз.
Егер газбен жабдықтау қысымы
тұрақты болмаса немесе қажетті
қысымнан басқаша болса, газбен
жабдықтау құбырына тиісті қысым
реттегішін орнатыңыз.
3.13 Пеш оттығының ең аз газ
мөлшерін реттеу
1. Құрылғыны электр қуатынан
ажыратыңыз.
2. Пештің тетігін алыңыз. Егер
орағытпа бұранданы реттеу
мүмкіндігі жоқ болса, реттеу
әрекетін бастамай тұрып басқару
панелін ағытыңыз.
3. Жалпақ бұрағыштың көмегімен
орағытпа бұранданы A реттеп
бұраңыз.
Орағытпа бұранданың A
орналасатын орны үлгіге
байланысты.
A
A
Табиғи газдан сұйылтылған
газға ауыстыру
1. Орағытпа бұранданы шегіне дейін
қатайтыңыз.
2. Тетікті орнына қайта қойыңыз.
Сұйылтылған газдан табиғи
газға ауыстыру
1. Орағытпа бұранданы шамамен бір
қадамға A ағытыңыз.
2. Пештің тетігін орнына қайта
салыңыз.
3. Құрылғыны электр тоғына
қосыңыз.
ЕСКЕРТУ!
Ашаны розеткаға
барлық бөлшектерді өз
орындарына қойып
болғаннан кейін ғана
сұғыңыз. Жарақат алу
қаупі бар.
4. Оттықты жағыңыз.
"Пештің үсті - Әркүндік қолдану"
тарауын қараңыз.
5. Пештің тетігін ең аз қалыпқа
бұраңыз.
6. Пештің тетігін қайта алыңыз.
7. Орағытпа бұранданы жалын
кішірейіп, тұрақты шығып тұрғанша
баяу бұраңыз.
8. Пештің тетігін қайта салыңыз.
www.electrolux.com12
3.14 Құрылғының деңгейін
реттеу
Құрылғының деңгейін басқа
құрылғылармен дәлдеу үшін
құрылғының астындағы кішкене
тіректерді қолданыңыз.
3.15 Еңкейтуден қорғау
құралы
Еңкейтуден қорғау құралын бекіту
алдында құрылғы үшін дұрыс биіктік
пен аумақты орнатыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Еңкейтуден қорғау
құралын дұрыс биіктікте
орнатыңыз.
Құрылғының артқы беті
тегіс екеніне көз жеткізіңіз.
Еңкейтуден қорғау құралын міндетті
түрде орнату керек. Егер сіз оны
орнатпасаңыз, құрылғы еңкеюі мүмкін.
Құрылғыңызда суретте (егер бар
болса) көрсетілген таңба бар. Ол
еңкейтуден қорғау құралын орнату
туралы еске салады.
1. Еңкейтуден қорғау құралын
құрылғының үстіңгі бетінен 305 -
310 мм және бүйірінен 80 - 85 мм
төмен, кронштейндегі дөңгелек
саңылауға орнатыңыз. Оны қатты
материалға бұраңыз немесе тиісті
күшейтуді (қабырға)
пайдаланыңыз.
80-85
mm
305-310
mm
2. Бұл саңылауды құрылғының артқы
жағында таба аласыз. Құрылғының
алдын көтеріп, шкафтардың
арасындағы кеңістіктің ортасында
орнатыңыз. Егер орындық
шкафтарының арасындағы кеңістік
құрылғының енінен үлкенірек
болса, бүйірлік өлшемді
құрылғының ортасына реттеу
керек.
Егер плитаның
өлшемдерін өзгертсеңіз,
еңкеймеу құралын дұрыс
туралауыңыз керек.
ҚАЗАҚ 13
АБАЙЛАҢЫЗ
Егер орындық
шкафтарының арасындағы
кеңістік құрылғының енінен
үлкенірек болса, бүйірлік
өлшемді құрылғының
ортасына реттеу керек.
3.16 Электр орнату
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік
тарауларындағы қауіпсіздік
шараларын сақтамасаңыз,
өндіруші жауапты
болмайды.
Бұл құрылғы желілік ашамен және
желілік кабельмен жабдықталған.
ЕСКЕРТУ!
Қуат кабелі құрылғының
суретте күңгірттелген
бөлігіне тимеуі тиіс.
4. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
4.1 Жалпы шолу
2 3
5
4
6
8
7
9
1
4
3
2
1
1
Плита тетіктері
2
Минут таймерінің тетігі
3
Температура тетігі
4
Температура индикаторы/таңбасы
5
Тұмшапеш функцияларының тетігі
6
Қыздыру элементі
7
Шам
8
Желдеткіш
9
Сөре деңгейлері
www.electrolux.com14
4.2 Әзірлеу бетінің орналасуы
1 2
4 3
1
Қосымша оттық
2
Жартылай жылдам оттық
3
Жартылай жылдам оттық
4
Жылдам оттық
4.3 Керек-жарақтар
Тор сөре
Ыдыстарға, торт қалыптарына,
қуырылған тағамдарға арналған.
Пісіру науасы
Торттар мен печеньелерге
арналған.
Гриль- / Қуыру табасы
Пісіру мен қуыруға немесе май
жинайтын таба ретінде
пайдалануға арналған.
Сақтау тартпасы
Сақтау тартпасы тұмшапеш
қуысының астында орналасқан.
Тартпаны ашу үшін итеріңіз. Тартпа
шығады.
5. ЕҢ АЛҒАШ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
5.1 Алғашқы тазалау
Тұмшапеш ішіндегі керек-жарақтардың
барлығын алыңыз.
"Күту менен тазалау" тарауын
қараңыз.
Пешті және керек-жарақтарды алғаш
рет пайдаланар алдында тазалаңыз.
Керек-жарақтарды өз орындарына
қойыңыз.
5.2 Алдын ала қыздыру
Бос тұмшапешті алғаш пайдаланар
алдында қыздырыңыз.
1. функциясын орнатыңыз.
Максималды температураны
орнатыңыз.
2. Тұмшапешті 1 сағат қосып
қойыңыз.
3. . Максималды температураны
орнатыңыз. Бұл функцияның
максималды температурасы —
210 ° C.
4. Тұмшапешті 15 минут қосып
қойыңыз.
5. Тұмшапешті сөндіріңіз де,
салқындатыңыз.
Аксессуарлар әдеттегіден ыстығырақ
болуы мүмкін. Тұмшапештен иіс және
түтін шығады. Бөлмедегі ауа ағыны
жеткілікті екенін тексеріңіз.
ҚАЗАҚ 15
6. ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
6.1 Пеш оттығын тұтату
Оттықты әрқашан ыдысты
қоймай тұрып жағыңыз.
ЕСКЕРТУ!
Ас үйде ашық отты
пайдаланған кезде өте
абай болыңыз. Жалын
дұрыс пайдаланылмаса,
өндіруші жауапты емес.
1. Пештің тетігін сағат тілінің
бағытына қарсы бұрап, газ
берілімінің ең үлкен қалпына
бұраңыз да, оттықты жағу үшін
басыңыз.
2. Пештің тетігін термоэлемент
қызғанша 10 секунд немесе одан
аз уақыт басып ұстап тұрыңыз.
Бұлай істемеген жағдайда газ
беріліміне кедергі келеді.
3. Жалынды бірқалыпты жанғаннан
кейін реттеңіз.
ЕСКЕРТУ!
Тетікті 15 секундтан артық
басып тұрмаңыз. Егер
оттық 15 секундтан кейін
жанбаса, тетікті босатыңыз
да, өшіру қалпына бұрап,
кем дегенде 1 минуттан
кейін оттықты тағы бір рет
жағып көріңіз.
Егер бірнеше әрекеттен
кейін оттық жанбаса, оның
шілтері мен қақпағының
дұрыс орналасқанын
тексеріңіз.
Егер тоқ болмаса, оттықты
электрлі құрылғының
көмегінсіз тұтандыра
аласыз. Ол үшін оттыққа
жалынды таятып, қажетті
тетікті төмен қарай басып
тұрып, ең жоғары деңгейге
дейін бұраңыз. Тетікті
термоэлемент қызғанша 10
секунд немесе одан аз
уақыт басып ұстап
тұрыңыз.
Егер оттық кездейсоқ сөніп
қалса, тетікті сөндірулі
қалыпқа бұраңыз да, кем
дегенде 1 минуттан кейін
оттықты тағы бір рет жағып
көріңіз.
Пешті орнатқаннан кейін
немесе қуат үзілісінен кейін
электр қуатын қосқан
кезде, тұтату генераторы
өздігінен іске қосылуы
мүмкін. Бұл қалыпты
жағдай.
6.2 Конфоркаға шолу
A
B
D
C
A. Конфорка қақпағы
B. Конфорка коронкасы
C. Тұтандыру білтесі
D. Терможұп
www.electrolux.com16
6.3 Оттықты сөндіру
Жалынды өшіру үшін тетікті
қалпына бұраңыз.
ЕСКЕРТУ!
Кәстрөлдерді оттықтан
алардан бұрын үнемі отты
азайтыңыз немесе сөндіріп
қойыңыз.
7. ПЕШ - АҚЫЛ-КЕҢЕС
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
7.1 Ыдыс-аяқ
ЕСКЕРТУ!
Бірден екі оттықта бір
табаны қоймаңыз.
ЕСКЕРТУ!
Орнықсыз не зақымдалған
кастрюльдердің ішіндегісі
төгіліп, адам жарақатын
болдырмау үшін оларды
қолданбаңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Кастрюльдің тұтқалары
пеш беткейінің алдыңғы
шетінен аспайтынына көз
жеткізіңіз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Кастрюльді орнықты етіп
қою және газды
мүмкіндігінше аз
пайдалану үшін кастрюльді
оттықтың ортасына
қойыңыз.
ЕСКЕРТУ!
Плитада жиегі немесе
дөңес пішінді түбі бар
ыдыстарды
пайдаланбаңыз, өйткені
аударылу қаупі жоғары.
7.2 Ыдыстың диаметрі
ЕСКЕРТУ!
Оттықтың диаметрлеріне
сай келетін ыдыстарды
пайдаланыңыз.
Оттық Ыдыстың
диаметрі (мм)
Қосымша 120 - 180
Жартылай
жылдам
140 - 220/240
1)
Жылдам
160 - 220/260
1)
1)
Пеште бір таба қолданылғанда.
8. ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
8.1 Жалпы ақпарат
Пешті әр пайдаланғаннан кейін
тазалап отырыңыз.
Әрқашан табаны таза ыдысты
пайдаланыңыз.
ҚАЗАҚ 17
Пештің бетіне түскен сызаттар
немесе қошқыл дақтар оның
жұмысына ешқандай әсер етпейді.
Пештің бетіне арналған арнайы
тазалағышты пайдаланыңыз.
Тот баспайтын болат бөліктерін
сумен жуыңыз да, содан кейін
жұмсақ шүберекпен құрғатыңыз.
8.2 Пештің үстін тазалау
Дереу тазалаңыз: еріген пластик,
пластик жұқалтыр, қант және қанты
бар тағам немесе қоқыстар пештің
бетіне зақым келтіруі мүмкін. Күйіп
қалмау үшін абай болыңыз.
Пештің үсті жеткілікті түрде
суыған кезде алыңыз: әк дақтары,
су дақтары, май дақтары, металдың
жылтыраған дақтары. Пештің бетін
дымқыл шүберекпен және жеміргіш
емес жуғыш затпен тазалаңыз.
Тазалап болғаннан кейін пештің
үстін жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Эмальмен бөліктерін, қақпақшасы
мен шілтерін жылы сабыны бар
сумен жуып, орнына қайта қояр
алдында жақсылап құрғатыңыз.
8.3 От алдырғыш құралды
тазалау
Бұл функция керамикалық тұтандыру
білтесі мен металл электродтың
көмегімен орындалады. Тұтандыру
қиынға соқпауы үшін осы құрамдас
бөліктерді таза ұстаңыз және
оттықтағы шілтер тесіктерінің
бітелмегеніне көз жеткізіңіз.
8.4 Таба тіректері
Таба тіректері ыдыс жуғыш
машинада жууға төзімді
емес. Оларды қолмен жуу
керек.
1. Плитаны оңай тазалау үшін таба
тіректерін алыңыз.
Плитаның үстіңгі жағы
зақымдалмауы үшін
табаның тіректерін
ауыстырған кезде өте
сақ болыңыз.
2. Эмаль қабатының кейбір
жерлерінде үшкір жиектер болуы
мүмкін, сондықтан таба тіректерін
қолмен жуып, құрғатқанда сақ
болыңыз. Қажет болса, қатты
дақтарды паста тазалағышпен
кетіріңіз.
3. Таба тіректерін тазалағаннан кейін
дұрыс орналасқанына көз
жеткізіңіз.
4. Конфорка дұрыс жұмыс істеуі үшін
таба тіректерінің тармақтары
конфорканың ортасына
тураланғанын тексеріңіз.
8.5 Мерзімдік техникалық
қызмет көрсету
Газбен жабдықтау түтігінің, егер
орнатылған болса, қысым реттегіш
құралдың қалып-күйін тексеру үшін
жергілікті уәкілетті қызмет көрсету
орталығына уақытылы хабарласыңыз.
9. ТҰМШАПЕШ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
9.1 Тұмшапешті қосу және
өшіру
1. Тұмшапеш функциясын таңдау
үшін тұмшапеш функциялары
тетігін бұраңыз.
2. Температураны таңдау үшін
температура тетігін бұраңыз.
Тұмшапеш іске қосылғанда шам
жанады.
3. Тұмшапешті сөндіру үшін
тұмшапеш функциялары мен
температура тетіктерін "сөндіру"
қалпына бұрыңыз.
9.2 Қауіпсіздік термостаты
Тұмшапеш дұрыс жұмыс істемесе
немесе бөлшектерінде ақау бар болса,
қатты қызып кету қаупі бар. Бұндай
жағдайдың алдын алу үшін тұмшапеш
тоқты кідіртуге арналған термостатпен
www.electrolux.com18
жабдықталған. Температура
төмендеген кезде тұмшапеш қайта
автомтты түрде қосылады.
9.3 Тұмшапеш функциялары
Таңба Тұмшапеш
функциясы
Қолдану
Өшірулі күйі Тұмшапеш өшірулі.
Дәстүрлі пісіру Тағамды бір сөре деңгейінде пісіру және қуыру
үшін.
Гриль жасау Жалпақ тағамнан гриль жасау және нанды
қызарту үшін
Бұл функцияның максималды температурасы
— 210 ° C.
Астыңғы қыздыру Түбі қытырлақ күлшелерді пісіруге және
тағамды консервілеуге арналған.
Желдеткішпен пісіру Пісіру температуралары бірдей тағамды бір
емес, бірнеше сөреге қойып, иістерін сіңірмей
қуыруға немесе қуырып-пісіруге арналған.
Еріту Тағам жібіту үшін (көкөністер және жеміс).
Еріту уақыты мұздатылған тағамның мөлшері
мен өлшеміне байланысты.
Бұл функцияны пайдалану үшін температура
тетігі сөндірулі күйінде болуы керек.
Ылғалмен пісіру Бұл тағам пісіру барысында қуатты үнемдеуге
арналған функция. Әзірлеу туралы
нұсқауларды «Кеңестер» тарауының
Ылғалмен пісіру бөлімін қараңыз. Функцияға
кедергі келтірмеу үшін және тұмшапеш қуатты
ең көп үнемдеп істеуі үшін пісіру барысында
тұмшапештің есігі жабық болуы керек. Бұл
функцияны пайдаланғанда ішкі температура
орнатылған температурадан өзгеше болуы
мүмкін. Қыздыру қуаты азаюы мүмкін. Жалпы
қуат үнемдеуге арналған ұсыныстарды "Қуат
тиімділігі" тарауы, “Тұмшапеш - Қуат үнемдеу”
тарауынан қараңыз.
10. ТҰМШАПЕШ - САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ
10.1 Минут операторы
Кері санақ уақытын орнату үшін
қолданыңыз.
Бұл функция құрылғының
қызметіне әсер етпейді.
1. Тұмшапештің функциясы мен
температурасын орнатыңыз.
2. Таймерді ең шегіне дейін бұрап,
содан кейін қажетті уақытқа
бұраңыз.
Уақыт аяқталған кезде дыбыстық
сигнал естіледі.
ҚАЗАҚ 19
11. ТҰМШАПЕШ - КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
11.1 Аксессуарларды салу
Тор сөре:
Сым сөресінің артқы
жағындағы пішіні жылу
айналымына
көмектесетіндей арнайы
жасалған.
Сөрені сөренің дұрыс орнына
қойыңыз. Тұмшапештің артқы
қабырғасына тимейтінін тексеріңіз.
Науа:
Әзірлеу науасын қуыстың
артқы қабырғасына дейін
итермеңіз. Бұл жылудың
науаның айналасында
айналуына жол бермейді.
Тамақ күйіп кетуі мүмкін,
әсіресе науаның артқы
бөлігінде.
Науаны немесе терең табаны сөренің
орнына қойыңыз. Тұмшапештің артқы
қабырғасына тимейтінін тексеріңіз.
12. ТҰМШАПЕШ - КЕҢЕСТЕР
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
Кестелердегі температура
мен пісіру уақыттары тек
ұсыныстар болып
табылады. Олар
рецептерге және
пайдаланылатын
ингредиенттердің сапасы
мен мөлшеріне
байланысты.
12.1 Жалпы ақпарат
Құрылғының төрт сөре деңгейі бар.
Сөренің деңгейлерін құрылғының
астыңғы жағынан бастап санаңыз.
Құрылғыда ауаны айналдыратын және
буды үздіксіз қайта айналдырып
отыратын арнайы жүйе бар. Бұл жүйе
арқылы сіз булы ортада әзірлей
аласыз және тағамның ішін жұмсақ, ал
сыртын қытырлақ күйде ұстай аласыз.
Бұл пісіру уақыты мен қуатты
тұтынуды барынша азайтады.
Құрылғының ішіне немесе есігінің
шыны панельдеріне ылғал тұруы
мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Пісіру
барысында құрылғының есігін
ашқанда үнемі артқа шегініңіз. Буды
азайту үшін құрылғыны тағам пісіру
алдында кемінде 10 минут қосыңыз.
Құрылғының ылғалын әр пайдаланып
болған сайын тазалаңыз.
Пісірген кезде заттарды құрылғының
табанына және алюминий жұқалтырды
құрылғының құралас бөліктеріне
қоймаңыз. Бұл пісіру нәтижесін
өзгертуі және эмальға нұқсан келтіруі
мүмкін.
www.electrolux.com20
/