Electrolux EWS1477FDW Руководство пользователя

  • Привет! Я — чат-бот, который ознакомился с инструкцией по эксплуатации стиральных машин Electrolux EWS 1277 FDW и EWS 1477 FDW. Я готов ответить на ваши вопросы о функциях устройства, программах стирки, решении проблем и многом другом. В инструкции описаны различные режимы стирки, функции отложенного старта и дополнительные параметры. Задавайте свои вопросы!
  • Как установить отложенный старт?
    Что делать, если машина не сливает воду?
    Как выбрать программу стирки для деликатных тканей?
EWS 1277 FDW
EWS 1477 FDW
................................................ .............................................
KK КІР ЖУҒЫШ МАШИНА ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ
НҰСҚАУЛАРЫ
2
UK ПРАЛЬНА МАШИНА ІНСТРУКЦІЯ 23
МАЗМҰНЫ
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6
5. ПАЙДАЛАНУ КӨЛЕМІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9
6. ФУНКЦИЯЛАР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10
7. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 12
8. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 12
9. АҚЫЛ-КЕҢЕС . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 15
10. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 16
11. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 20
12. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 22
13. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯН КЕЛДІРМЕУ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 22
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойғы кәсіби тәжірибе мен
инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық
бұл құрылғыны жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын тамаша нәтижеге
қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет көрсету туралы ақпарат:
www.electrolux.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.electrolux.com/productregistration
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және фирмалық қосалқы
бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА КӨМЕК, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын қамтамасыз етіңіз.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан табуға болады. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі
Ескерту / Абайлаңыз - Қауіпсіздік туралы маңызды мағлұмат.
Жалпы мағлұматтар менен кеңестер
Қорғаған ортаға зиян келдірмей пайдалану туралы нұсқаулар
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
2
www.electrolux.com
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген
нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны дұрыс
орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам жарақат
алса және ақаулық орын алса өндіруші жауапты емес.
Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі
Назарыңызда болсын!
Тұншығып қалу, жарақат алуы немесе мүгедек болып
қалу қаупі бар.
Кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл-есі кем,
құрылғыны қолдану тәжірибесі жоқ немесе қолдана
білмейтін адамдарға, балаларға оны іске қосуға рұқсат
бермеңіз. Олар осы құрылғыны өз қауіпсіздігін қамтамасыз
ететін адамның нұсқауы немесе қадағалауы бойынша
пайдалануға тиіс.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Орам материалдарының барлығын балалардан алыс
ұстаңыз.
Жуғыш заттардың барлығын балалардан алыс ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй
жануарларын алыс ұстаңыз.
Құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен жабдықталса, оны
іске қосуды ұсынамыз.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен ағытып,
ашасын розеткадан суырыңыз.
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз.
Ең көп салмақ 6.5 кг көрсетілімін орындаңыз ("Бағдарлама
кестесі" тарауын қараңыз).
ҚАЗАҚ 3
2.
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
Орам материалдарының және тасымал
тетіктерінің барлығын алыңыз.
Тасымал тетіктерін сақтап қойыңыз.
Құрылғыны қайта көшірген кезде,
барабанды бұғаттап қою керек.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
іске қоспаңыз.
Құрылғыны температурасы 0 °C градустан
төмен немесе ауа-райы әсер ететін
жерлерге орнатпаңыз немесе
пайдаланбаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғы орнатылатын еденнің тегіс,
орнықты, қызуға төзімді және таза болуын
қамтамасыз етіңіз.
Құрылғыны есігі толық ашылмайтын жерге
орнатпаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі абай
болыңыз, себебі салмағы ауыр. Әрқашан
қорғаныс қолғабын киіңіз.
Құрылғы мен еден арасында ауаның
айналуын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғы мен кілемнің арасында тиісті орын
болуын қамтамасыз ету үшін өзгермелі
тіректерін реттеңіз.
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын!
Өрт шығу және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау
қажет.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз.
Сай келмесе, электршіге хабарласыңыз.
Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден
сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына және сымына зақым
келтірмеңіз. Құрылғының қорек сымын
ауыстыру қажет болса, оны міндетті түрде
қызмет көрсету орталығы жүзеге асыруға
тиіс.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана
жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін
ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан
тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып
суырыңыз.
Қорек сымын немесе ашасын су қолмен
ұстамаңыз.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай келеді.
Суға қосу
Су қосылымы түтіктеріне ешбір зақым
келтірмеңіз.
Құрылғыны жаңа түтіктер жинағын
пайдаланып, су жүйесіне қосу керек. Ескі
түтіктерді қайта пайдалануға болмайды.
Құрылғыны жаңа құбырларға немесе ұзақ
уақыт қолданылмаған құбырларға
жалғамай тұрып, суын тазарғанша
ағызыңыз.
Құрылғыны алғаш рет қолданған кезде еш
жерінен су ақпай тұрғанына көз жеткізіңіз.
2.2 Қолданылуы
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу, электр қатері, күйіп
қалу және өрт қаупі, құрылғыны
бүлдіріп алу қаупі бар.
Бұл тұрмыста қолдануға арналған құрылғы.
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
Жуғыш заттың орамында көрсетілетін
нұсқауларды орындаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш
зат салынған дымқыл заттарды
құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне
қоймаңыз.
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде
есіктің шынысына қол тигізбеңіз. Шыны
ыстық болуы мүмкін.
Кірдегі темір заттардың барлығының
алынғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғының астына ағып кетуі мүмкін суды
құю үшін сауыт қоймаңыз. Қолданылатын
керек-жарақтың түрін Қызмет көрсету
орталығына хабарласып біліңіз.
4
www.electrolux.com
2.3 Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу немесе құрылғыны
бүлдіріп алу қаупі бар.
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын розеткадан
суырыңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және
буды қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш
заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе темір
заттарды пайдаланбаңыз.
2.4 Құрылғыны тастау
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу немесе тұншығып қалу
қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін
алыңыз.
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
1 2 3
5
6
7
4
1
Жұмыс алаңы
2
Жуғыш зат үлестіргіші
3
Басқару панелі
4
Есіктің тұтқасы
5
Техникалық ақпарат тақтайшасы
6
Су төгетін сорғының сүзгісі
7
Құрылғы деңгейін реттеуге арналған
тірек
3.1 Орнатуға арналған тақтайша
жинағы (4055171146)
Құрылғыны жақтаушаға орнатқан кезде осы
арнайы жабдықты қолданыңыз.
Бұл жұмыс істеп тұрған құрылғының орнынан
жылжып кетуіне жол бермейді.
Осы керек-жарақпен бірге берілген
нұсқаулықты мұқият оқыңыз.
Бұны барлық уәкілетті Қызмет көрсету
орталықтарынан алуға болады.
ҚАЗАҚ 5
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
TimeManager
MyFavourite
Старт/Пауза
Те мп е р а т у р а
Отжим
Отсрочка
старта
Легкая
глажка
Доп.
полоскание
Предварит.
стирка
Джинсы
Тонкие ткани
Синтетика
Хлопок Eco
Хлопок
Полоскание
Одеяла
Шторы
Шелк
Отжим/
Слив
Спортивная
одежда
14 МИН.
Шерсть/
Ручная стирка
Белье
53 4
1012 11
8
7
9
6
1 2
1
Қосу Өшіру түймешігі
(AutoOff)
2
Бағдарлама тетігі
3
Айналдыруды азайтатын сенсорлық
перне
(Отжим)
4
Температура сенсорлық пернесі
(Температура)
5
Бейнебет
6
Алдын ала жуу сенсорлық пернесі
(Предварит. стирка)
7
Кешіктіріп бастау сенсорлық пернесі
(Отсрочка старта)
8
Қосымша шаю сенсорлық пернесі
(Доп. полоскание)
9
Жеңіл үтіктеу сенсорлық пернесі
(Легкая глажка)
10
Бастау үзіліс сенсорлық пернесі
(Cтарт/Пауза)
11
Time Manager сенсорлық пернелері
12
MyFavourite сенсорлық перне
4.1 Бейнебет
A B C D E
FGHJ IK
A)
Температура аумағы:
: Температура индикаторы
: Суық су индикаторы
B)
: Ең үлкен салмақ
C)
: Time Manager индикаторы
D)
Уақыт аумағы:
: Бағдарламаның ұзақтығы
: Кешіктіріп бастау
: Ескерту кодтары
: Ақаулық хабары
: Бағдарлама аяқталды.
E)
: Кешіктіріп бастау индикаторы
F)
: Тұрақты қосымша шаю индикаторы
G)
: Бала қауіпсіздігі құлпының
индикаторы
H)
: Есік құлыптаулы индикаторы
6
www.electrolux.com
Белгіше көрсетіліп тұрғанда
құрылғының есігін аша алмайсыз.
Есікті белгіше көрінбей кеткенде ғана
аша аласыз.
I)
Жуу индикаторлары:
: Жуу циклы
: Шаю циклы
: Айналдыру циклы
: Бу циклы
Бағдарлама орнатылған кезде,
бағдарламаның циклдарына қатысты
индикаторлардың барлығы жанады.
Бағдарлама басталғанда, тек
орындалып тұрған циклдің
индикаторы ғана жыпылықтайды.
Цикл аяқталған кезде циклдың
индикаторы жанған қалпы тұрады.
Бағдарлама аяқталғанда, соңғы
циклдің белгішесі жанып тұрады.
J)
: Eco Info индикаторы
K)
Айналдыру аумағы:
: Айналдыру жылдамдығының
индикаторы
: Айналдырмау индикаторы
: Шаюды кідірту индикаторы
: Өте шуылсыз режим индикаторы
Бағдарлама
Температура ауқымы
Кір салынымының және кірдің түрі
Макс. кір салынымы, Макс. айналдыру жылдамдығы
Хлопок
90° C - Суық
Ақ мақта мата және түрлі түсті мақта мата (қалыпты
және шамалы ластаған).
6.5 кг, 1200 мин/айн (EWS1277FDW), 1400 мин/айн
(EWS1477FDW)
Хлопок Eco
1)
60° C - 40° C
Ақ мақта мата және бояуы берік мақта мата. Қалыпты
кірленген.
6.5 кг, 1200 мин/айн (EWS1277FDW), 1400 мин/айн
(EWS1477FDW)
Синтетика
60° C - Суық
Синтетика немесе аралас матадан жасалған заттар.
Қалыпты кірленген.
3 кг, 1200 мин/айн
Тонкие ткани
40 °C- Суық
Акрил, вискоза, полиэстер тәрізді нәзік матадан
жасалған заттар. Қалыпты кірленген.
3 кг, 1200 мин/айн
Шерсть /Ручная стирка
40 °C – Суық
«Қолмен жуылады» деген белгісі бар, машинада
жуылатын, қолмен жуылатын жүн тоқыма заттар және
нәзік матадан жасалған заттар.
2 кг, 1200 мин/айн
Джинсы
60 °C – Суық
Джинс және джерсиден жасалған заттар. Және баран
түсті заттарға да арналған. Қосымша шаю параметрі
автоматты түрде іске қосылады.
6.5 кг, 1200 мин/айн
Полоскание
Суық
Кірді шаюға және айналдыруға арналған. Барлық
маталар.
6.5 кг, 1200 мин/айн (EWS1277FDW), 1400 мин/айн
(EWS1477FDW)
ҚАЗАҚ 7
Бағдарлама
Температура ауқымы
Кір салынымының және кірдің түрі
Макс. кір салынымы, Макс. айналдыру жылдамдығы
Отжим/Слив
Кірді айналдыруға және барабандағы суды төгуге
арналған. Барлық маталар.
6.5 кг, 1200 мин/айн (EWS1277FDW), 1400 мин/айн
(EWS1477FDW)
Бельë
40 °C – Суық
Әйелдердің төс тартқыштары, іш киімдері т.с.с. сияқты
өте нәзік матадан жасалған заттарға арналған
бағдарлама.
1 кг, 800 мин/айн
Шëлк
30 °C – Суық
Жібек мата және аралас синтетика заттарға арналған
арнайы бағдарлама
2 кг, 800 мин/айн
Шторы
40 °C – Суық
Алдын ала жуу циклы бар перде жууға арналған
арнайы бағдарлама. Сумен ғана шайған кезде алдын
ала жуу циклына жуғыш зат САЛМАҢЫЗ.
2 кг, 800 мин/айн
Одеяла
60° C - 30° C
Бір синтетика төсек жапқыш, көрпе, төсек жабдығы
т.с.с. заттарды жууға арналған арнайы бағдарлама.
2 кг, 800 мин/айн
Спортивная одежда
30 °C
Синтетика және нәзік заттар. Шамалы кірлеген не
жаңартуды ғана қажет ететін кірлерге арналған.
3 кг, 800 мин/айн
14 МИН.
30 °C
Синтетика және аралас матадан жасалған заттар.
Шамалы кірлеген және жаңартуды қажет ететін заттар
үшін.
1 кг, 800 мин/айн
1)
6.5 кг салмаққа арналған «Мақта мата, үнемді 60°» бағдарламасы, қуат мәндері көрсетілген
тақтайшадағы ақпарат негізінде EEC 92/75 стандартына сай берілген бағдарлама. Жуу нәтижесін
жақсарту және қуатты аз тұтыну үшін осы бағдарламаны орнатыңыз. Жуу бағдарламасының уақыты
ұзарады.
Бағдарлама параметрлерінің сыйысымдылығы
Бағдарлама
Eco
8
www.electrolux.com
Бағдарлама
1)
1)
Егер Айналдырмау функциясын орнатсаңыз, тек су төгу циклы ғана жұмыс істейді.
5. ПАЙДАЛАНУ КӨЛЕМІ
Бағдарлама Қуатты тұтыну
(кВт)
Суды тұтыну
(литр)
Бағдарлама
ұзақтығы
(минут)
Ақ мақта мата 95° 2.1 62
Бағдарламалардың
ұзақтығын
басқару панелінің
бейнебетінен
қараңыз.
Мақта мата 60° 1.15 62
Қуатты үнемдейтін мақта мата
бағдарламасы - 60°
1)
0.84 45
Мақта мата 40° 0.75 62
Синтетика 40° 0.45 45
Нәзік мата 40° 0.6 62
Жүн мата/ Қолмен жуу 30° 0.25 50
1)
6.5 кг салмаққа арналған «Мақта мата, үнемді 60°» бағдарламасы, қуат мәндері көрсетілген
тақтайшадағы ақпарат негізінде EEC 92/75 стандартына сай берілген бағдарлама.
Бұл кестеде көрсетілген тұтыну
деректері тек жалпылама ұсыныс
ретінде ғана берілген, себебі бұл
мәндер кірдің мөлшері мен түріне,
құйылатын судың температурасы мен
бөлме температурасына байланысты
әр түрлі мүмкін.
ҚАЗАҚ 9
6. ФУНКЦИЯЛАР
6.1 Температура
Әдепкі температураны өзгерту үшін осы
параметрді орнатыңыз.
индикаторы = суық су.
Бейнебетте орнатылған температура
көрсетіледі.
6.2 Айналдыру
Осы функцияның көмегімен әдепкі айналдыру
жылдамдығын азайтуға болады.
Бейнебетте орнатылған жылдамдықтың
индикаторы көрсетіледі.
Қосымша айналдыру параметрлері:
Айналдырмау
Барлық айналдыру циклдарын алу үшін осы
параметрді орнатыңыз.
Бұл параметрді өте нәзік маталар үшін
орнатыңыз.
Кей жуу бағдарламаларында шаю циклы
көп су пайдаланады.
Бейнебетте
индикаторы пайда
болады.
Шаюды кідірту
Кірлер мыжылып қалмас үшін осы
параметрді орнатыңыз.
Жуу бағдарламасы аяқталғанда барабан
ішінде су тұрады. Кір мыжылып қалмас үшін
барабан мезгіл-мезгіл айналып тұрады.
Есік құлыпталып тұрады. Есікті ашу үшін
суды төгу керек.
Бейнебетте
индикаторы пайда
болады.
Суды төгу үшін "Бағдарламаның
соңы" тарауын қараңыз.
Шуылсыз
Бұл параметрді барлық айналдыру
циклдарын ажыратып, кірді шуылсыз режим
бойынша жуу үшін орнатыңыз.
Кей жуу бағдарламаларында шаю циклы
көп су пайдаланады.
Жуу бағдарламасы аяқталғанда барабан
ішінде су тұрады. Кір мыжылып қалмас үшін
барабан мезгіл-мезгіл айналып тұрады.
Есік құлыпталып тұрады. Есікті ашу үшін
суды төгу керек.
Бейнебетте
индикаторы пайда болады.
Суды төгу үшін "Бағдарламаның
соңы" тарауын қараңыз.
6.3 Алдын ала жуу
Осы параметрдің көмегімен жуу
бағдарламасына алдын ала жуу циклын
қосуға болады.
Осы параметрді қатты кірлеген кірді жуу үшін
пайдаланыңыз.
Осы параметрді орнатқан кезде
бағдарламаның уақыты ұзарады.
Тиісті индикатор жанады.
6.4 Кешіктіріп бастау
Осы параметрдің көмегімен бағдарламаны 30
минуттан 20 сағатқа дейін кешіктіріп бастауға
болады.
Бейнебетте тиісті индикатор пайда болады.
6.5 Қосымша шаю
Осы параметрдің көмегімен жуу
бағдарламасына бірнеше шаю циклын қосуға
болады.
Бұл функцияны жуғыш заттарға аллергиясы
бар адамдар үшін және суы тым тұщы
жерлерде қолданыңыз.
Тиісті индикатор жанады.
6.6 Жеңіл үтіктеу
Құрылғы кір мыжылып қалмас үшін абайлап
жуады және айналдырады.
Құрылғы айналдыру жылдамдығын азайтады
және суды көбірек пайдаланады.
Тиісті индикатор жанады.
6.7 Time Manager
Жуу бағдарламасын орнатқан кезде
бейнебетте әдепкі уақыт көрсетіледі.
Бағдарламаның уақытын азайту немесе
көбейту үшін
немесе түймешігін
басыңыз.
Time Manager функциясы кестеде көрсетілген
бағдарламаларда ғана жұмыс істейді.
10
www.electrolux.com
Индикатор
Эко
1)
2)
2)
2)
3)
2)
2)
2)
1)
Ең қысқа: кірді жаңартуға арналған.
2)
Бағдарламаның әдепкі уақыты.
3)
Ең ұзақ: қатты кірлеген заттарға арналған.
Eco Info
Эко инфо жолақтары (мақта мата және
синтетика бағдарламаларда ғана бар) жуу
бағдарламасының қуатты үнемдеу жағынан
тиімділігін көрсетеді:
6 жолақ: жуу бағдарламасының жұмысын
барынша тиімді етуге арналған ең тиімді
параметр.
1 жолақ: тиімділігі ең аз параметр:
Егер жуу бағдарламасының уақытын
өзгертсеңіз (Уақыт басқарушысын қараңыз)
және жуу температурасын өзгертсеңіз, Эко
инфо жолақтарының саны өзгереді. Жуу
бағдарламасының жұмысын тиімді ету үшін
жолақтардың саны көбеюге тиіс:
Егер бағдарламаның уақытын ұзартсаңыз,
Эко инфо жолақтарының саны артады. Жуу
бағдарламасының уақытын ұзартқан кезде
құрылғы тұрақты жұмыс істейді де, қуат аз
пайдаланылады.
Егер жуу температурасын азайтсаңыз, Эко
инфо жолақтарының саны артады.
Ең тиімді параметрді орнату бойынша ақыл-
кеңес:
немесе Уақыт басқарушысы
индикаторларын орнатыңыз.
Төмендеу жуу температурасын орнатыңыз.
Алдын ала жуу параметрін орнатпаңыз.
6.8 My Favourite
Осы параметрдің көмегімен таңдаулы
бағдарлама мен параметрлерді жадыда
сақтауға болады.
Кешіктіріп бастау функциясын MyFavourite
параметрімен бірге жадыға сақтау мүмкін
емес.
Бағдарламаны жадыда қалай сақтау керек
1.
Құрылғыны іске қосу үшін түймешігін
басыңыз.
2.
Бағдарламаны және жадыда сақтағыңыз
келген параметрлерді орнатыңыз.
3.
MyFavourite түймешігін бейнебетте
"MEM" жазуы пайда болғанша басыңыз.
Жадыдағы бағдарламаны қалай орнату керек
1.
Құрылғыны іске қосу үшін түймешігін
басыңыз.
2.
MyFavourite түймешігін қысқа басыңыз.
Кешіктіріп бастау функциясы жадыда
сақталмаған.
6.9 Бала қауіпсіздігінің құралы
Осы функцияның көмегімен балалар басқару
панелімен ойнауға жол бермейсіз.
•Осы функцияны іске қосу/сөндіру үшін
және түймешіктерін бір уақытта
индикаторы жанғанша/сөнгенше басыңыз.
Мына параметрді қосуға болады:
түймешігін басқаннан кейін функциялар
мен бағдарлама тетігі бұғатталады.
түймешігін баспайынша: құрылғы іске
қосылмайды.
6.10 Тұрақты қосымша шаю
Осы функцияның көмегімен жаңа бағдарлама
орнатқан кезде қосымша шаю циклі тұрақты
орнатылып тұрады.
•Осы функцияны іске қосу/ажырату үшін
және түймешіктерін индикаторы
жанғанша/сөнгенше қатар басыңыз.
6.11 Дыбыстық сигналдар
Дыбыстық сигналдар мына жағдайларда
қосылады:
Бағдарлама аяқталғанда.
ҚАЗАҚ 11
Құрылғыда ақау бар кезде.
Дыбыстық сигналдарды сөндіру/қосу үшін
және түймешіктерін 6 секунд қатар
басыңыз.
Егер дыбыстық сигналдарды
сөндірсеңіз, олар құрылғыда ақау
пайда болған кезде қосыла қосыла
береді.
7. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
1.
Жуу циклының жуғыш затына арналған
бөлікке 2 литр су құйыңыз. Бұл су төгу
жүйесін іске қосады.
2.
Жуу циклына арналған бөлікке шамалы
жуғыш зат салыңыз.
3.
Мақта матаға арналған бағдарламаны
орнатып, ең жоғары температураға қойып
ешбір кір салмай жуыңыз. Бұл цикл
барабан мен машинаның ішінде бар
болуы мүмкін кірлердің барлығын
кетіреді.
8. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
8.1 Кірді салу
1.
Құрылғы есігін ашыңыз.
2.
Кірді барабанға бір-бірден салыңыз.
Кірлерді құрылғыға салар алдында
сілкілеңіз. Барабанға тым көп кір
салынбағанына көз жеткізіңіз.
3.
Есікті жабыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Тығыздағыш пен есіктің арасына
ешбір кір қыстырылып қалмағанына
көз жеткізіңіз. Су ағуы немесе кірге
нұқсан келуі мүмкін.
8.2 Жуғыш зат пен үстемелерді пайдалану
Жуғыш зат пен мата жұмсартқышты өлшеп
алыңыз.
Жуғыш зат үлестіргішті абайлап жабыңыз.
Алдын ала жуу циклына арналған жуғыш зат бөлігі.
12
www.electrolux.com
Жуу циклына арналған жуғыш зат бөлігі.
Сұйық үстемелерге арналған бөлік (мата жұмсартқыш, крахмал).
Ұнтақ немесе сұйық жуғыш затқа арналған бөлгіш.
Сұйық немесе ұнтақ жуғыш зат
1.
A
2.
1
2
3.
B
4.
A қалпы ұнтақ жуғыш затқа арналған (зауыттық бапталым).
B - сұйық жуғыш затқа арналған.
Сұйық жуғыш затты пайдаланған кезде:
Қоймалжың немесе қою сұйық жуғыш заттарды қолданбаңыз.
Сұйық жуғыш затты ең жоғары деңгейден асырып салмаңыз.
Алдын ала жуу циклын орнатпаңыз.
Кешіктіріп бастау параметрін орнатпаңыз.
8.3 Құрылғыны іске қосу
Құрылғыны қосу немесе сөндіру үшін AutoOff
түймешігін басыңыз. Құрылғы іске қосылған
кезде дыбыстық сигнал естіледі.
8.4 Бағдарламаны орнату
1.
Бағдарлама тетігін бұрап, жуу
бағдарламасын орнатыңыз.
Тиісті бағдарламаның индикаторы
жанады.
индикаторы жыпылықтайды.
Бейнебетте Time Manager деңгейі,
бағдарламаның уақыты және
бағдарлама циклдарының
индикаторлары жыпылықтайды.
2.
Қажет болса, температураны, айналдыру
жылдамдығын, циклдың ұзақтығын
ҚАЗАҚ 13
өзгертіңіз немесе қолжетімді
параметрлерді қосыңыз. Параметрді
қосқан кезде орнатылған параметрдің
индикаторы жанады.
Егер қате орнатып қойсаңыз,
бейнебетте Err көрсетіледі.
8.5 Кешіктіріп бастау функциясы
жоқ бағдарламаны бастау
түймешігін басыңыз:
индикаторы жыпылықтауын тоқтатып,
жанған қалпы тұрады.
Бейнебетте
индикаторы жыпылықтай
бастайды.
Бағдарлама басталады да, есік
құлыпталып, бейнебетте
индикаторы
көрсетіледі.
Құрылғыға су құйылған кезде су төгетін
сорғы шамалы уақыт жұмыс істейді.
Бағдарлама басталғаннан кейін
шамамен 15 минуттан кейін:
Құрылғы бағдарламаның
ұзақтығын автоматты түрде кірдің
ластану деңгейіне сай келтіріп
реттейді.
Бейнебетте жаңа мән көрсетіледі.
8.6 Кешіктіріп бастау функциясы
бар бағдарламаны бастау
түймешігін бейнебетте орнатқыңыз
келген кешіктіріп бастау уақыты
көрсетілгенше қайта-қайта басыңыз.
Бейнебетте тиісті индикатор жанады.
түймешігін басыңыз:
Құрылғы кері санай бастайды.
Кері санақ аяқталған кезде, бағдарлама
автоматты түрде басталады.
Орнатылған кері санақ мәнін
түймешігін баспай тұрып
болдырмауға немесе өзгертуге
болады.
Кешіктіріп бастау функциясын болдырмау
үшін:
1.
Құрылғыны кідірту үшін түймешігін
басыңыз.
2.
түймешігін бейнебетте ’ пайда
болғанша басыңыз.
Бағдарламаны дереу бастау үшін
түймешігін қайта басыңыз.
8.7 Бағдарламаны кідірту және
параметрлерді өзгерту
Кей функцияларды ғана басталмай тұрып
өзгертуге болады.
1.
түймешігін басыңыз. Индикатор
жыпылықтайды.
2.
Параметрді өзгертіңіз.
3.
түймешігін қайта басыңыз.
Бағдарлама жалғасады.
8.8 Бағдарламаны болдырмау
1.
Бағдарламаны біржола тоқтатып
құрылғыны сөндіру үшін
түймешігін
бірнеше секунд басыңыз.
2.
Құрылғыны іске қосу үшін осы түймешікті
қайта басыңыз. Енді жаңа жуу
бағдарламасын орнатуға болады.
Құрылғыдан су ақпайды.
8.9 Есікті ашу
Бағдарлама немесе кешіктіріп бастау жұмыс
істеп тұрғанда, құрылғының есігі бекітіліп,
бейнебеттен
индикаторы көрсетіліп
тұрады.
Сақтандыру туралы ескерту!
Егер барабанның ішіндегі судың
деңгейі мен температурасы өте
жоғары болса, есікті аша алмайсыз.
Кешіктіріп бастау жұмыс істеп тұрғанда
құрылғыны ашу:
1.
Құрылғыны кідірту үшін түймешігін
басыңыз.
2.
Есік бұғаттаулы индикаторы
сөнгенше күтіңіз.
3.
Есікті ашыңыз.
4.
Есікті жауып, түймешігін қайта
басыңыз. Кешіктіріп бастау функциясы
жалғасады.
Бағдарлама жұмыс істеп тұрғанда құрылғы
есігін ашу:
1.
Құрылғыны сөндіру үшін түймешігін
бірнеше секунд басыңыз.
2.
Бірнеше минут күте тұрыңыз да, содан
кейін құрылғының есігін абайлап ашыңыз.
14
www.electrolux.com
3.
Құрылғы есігін жабыңыз.
4.
Бағдарламаны қайта орнатыңыз.
8.10 Бағдарламаның соңы
Құрылғы автоматты түрде тоқтайды.
Дыбыстық сигналдар естіледі (егер қосулы
тұрса).
Бейнебетте
жанады.
индикаторы сөнеді.
Есік құлпының
индикаторы сөнеді.
Құрылғыдан кірді алыңыз. Барабанның бос
екеніне көз жеткізіңіз.
Зең және иіс пайда болмас үшін есікті сәл
ашып қойыңыз.
Судың шүмегін жабыңыз.
Құрылғыны сөндіру үшін
түймешігін
бірнеше секунд басыңыз.
Жуу бағдарламасы аяқталды, бірақ
барабанда су тұр:
Кір мыжылып қалмас үшін барабан мезгіл-
мезгіл айналып тұрады.
Есік бұғаттаулы
индикаторы жанып
тұр. Есік құлыпталып тұрады.
Есікті ашу үшін суды төгу керек.
Суды төгу үшін:
1.
Қажет болса, айналдыру
жылдамдығын азайтыңыз. Егер
параметрін орнатсаңыз,
құрылғы тек суды ғана төгеді.
2.
түймешігін басыңыз. Құрылғы суды
төгеді де, айналдыру кезеңін
орындайды.
3.
Бағдарлама аяқталып, есік бұғаттаулы
индикаторы
көрінбей кеткенде
есікті ашуға болады.
4.
Құрылғыны сөндіру үшін түймешігін
бірнеше секунд басыңыз.
Құрылғы шамамен 18 сағаттан кейін
суды автоматты түрде төгеді және
айналдырады (Жүн мата
бағдарламаларынан басқа
бағдарламаларда).
8.11 AUTO OFF функциясы
AUTO OFF параметрі қуатты аз қолдану үшін
келесі жағдайларда құрылғыны автоматты
түрде сөндіреді:
•Құрылғыны
түймешігін басар алдында 5
минут пайдаланбасаңыз.
Құрылғыны қайта іске қосу үшін
түймешігін басыңыз.
Жуу бағдарламасы аяқталғаннан кейін 5
минут өткен соң
Құрылғыны қайта іске қосу үшін
түймешігін басыңыз.
Бейнебетте соңғы орнатылған
бағдарламаның соңы көрсетіледі.
Жаңа циклді орнату үшін бағдарлама тетігін
бұраңыз.
9. АҚЫЛ-КЕҢЕС
9.1 Кір салу
Кірді былай сұрыптаңыз: ақ, түрлі-түсті,
синтетика, нәзік және жүн мата.
Кірдің затбелгісіндегі жуу нұсқауларын
орындаңыз.
Ақ және түрлі-түсті заттарды бірге
жумаңыз.
Кейбір түрлі-түсті заттарды алғаш жуғанда
бояуы шығуы мүмкін. Оларды алғаш
жуғанда бөлек жууға кеңес береміз.
Жастық қаптарының түймесін салып,
тартпаларды тартып жауып, ілгектер мен
батырма түймешіктерді салыңыз.
Белбеулерді байлаңыз.
Қалталарды босатып, оралған заттарды
ашыңыз.
Көп қабатты матадан жасалған, жүн
матадан жасалған немесе сурет салынған
киімдердің астарын сыртына аударыңыз.
Қатты дақтарды кетіріңіз.
Өте кір дақтарды арнайы жуғыш затпен
жуыңыз.
Перделерді абайлап жуыңыз. Ілгектерін
алыңыз немесе перделерді кір жуатын
торға немесе жастықтың тысына салыңыз.
Құрылғыны келесі заттарды жуу үшін
пайдаланбаңыз:
Жиегі көмкерілмеген немесе жыртығы
бар заттарды жумаңыз
ҚАЗАҚ 15
Сым өткізілген төс тартқыштарды.
Ұсақ заттарды кір жуатын торға салып
жуыңыз.
Кір өте аз салынса, айналдыру циклі
кезінде теңгерімді сақтауға қатысты мәселе
орын алуы мүмкін. Бұндай жағдай орын
алса, барабандағы кірді қолмен таратып,
қайта айналдыра бастаңыз.
9.2 Оңай кетпейтін дақтар
Кейбір дақтарды кетіру үшін су мен жуғыш зат
жеткіліксіз болады.
Бұндай дақтарды кірді құрылғыға салмай
тұрып тазалауды ұсынамыз.
Дақ кетіретін арнайы құралдар болады. Дақ
пен матаның түріне сай келетін арнайы дақ
кетіргішті қолданыңыз.
9.3 Жуғыш заттар мен үстемелер
Кір жуғыш машиналарға арналған жуғыш
заттар мен үстемелерді ғана қолданыңыз.
Әр түрлі жуғыш заттарды араластырмаңыз.
Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін
жуғыш затты қажетті мөлшерден артық
пайдаланбаңыз.
Осы заттардың орамында көрсетілетін
нұсқауларды орындаңыз.
Матаның түріне және түсіне,
бағдарламаның температурасы мен кірдің
деңгейіне сай келетін құралдарды
қолданыңыз.
Егер құрылғының жуғыш зат үлестіргішінде
мөлшерлегіш құрал болмаса, мөлшерлегіш
шарикті қолданыңыз.
9.4 Қоршаған ортаға қатысты
ескерім
Қалыпты кірлеген кірді алдын ала жуу циклі
жоқ бағдарламаны қолданып жуыңыз.
Жуу бағдарламасын кірді әрқашан
неғұрлым көп салғаннан кейін бастаңыз.
Төмен температурада жуатын
бағдарламаны таңдаған кезде, қажет болса
дақ кетіргішті қолданыңыз.
Жуғыш затты дұрыс мөлшерде қолдану
үшін, жергілікті су жүйесіндегі судың
кермектігін тексеріңіз
9.5 Судың кермектігі
Сіз тұратын жердегі су өте кермек немесе
орташа кермек болса, кір жуғыш машинада су
жұмсартқышты қолдануды ұсынамыз. Суы
тұщы жерлерде су жұмсартқышты қолдану
қажет емес.
Жергілікті жердегі судың кермектігін білу үшін
су жүйесін басқару мекемесіне хабарласыңыз.
Су жұмсартқышты дұрыс мөлшерлеп
пайдаланыңыз. Бұйымның орамында
көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз.
10. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын!
Күтім көрсету алдында құрылғыны электр
желісінен ажыратыңыз.
10.1 Сыртын тазалау
Құрылғыны сабын мен жылы суды ғана
қолданып тазалаңыз. Барлық беттерін әбден
құрғатыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Спирт, еріткіш немесе химиялық
заттарды қолданбаңыз.
10.2 Қақты тазалау
Сіз тұратын жердегі су өте кермек немесе
орташа кермек болса, кір жуғыш машинада су
жұмсартқышты қолдануды ұсынамыз.
Барабанның ішін мезгіл-мезгіл тексеріп, әк
және тот бөлшектерінің жоқ екеніне көз
жеткізіңіз.
Тот бөлшектерін тазалау үшін кір жуғыш
машиналарға арналған арнайы құралдарды
ғана пайдаланыңыз. Бұны кір жумай тұрғанда
орындаңыз.
Бұйымның орамында көрсетілетін
нұсқауларды әрқашан орындаңыз.
16
www.electrolux.com
10.3 Тазалап жуу
Төмен температура бағдарламаларын
қолданғанда барабанда шамалы жуғыш зат
қалып қоюы мүмкін. Құрылғыға күтім көрсету
үшін уақытылы жуыңыз. Ол үшін:
Барабаннан кірді алыңыз.
Мақта мата жууға арналған бағдарламаны,
шамалы жуғыш зат салып ең жоғары
температураға қойып орнатыңыз.
10.4 Есік тығыздағышы
Тығыздағышты мезгіл-мезгіл тексеріп, ішіндегі
заттардың барлығын алыңыз.
10.5 Жуғыш зат үлестіргішін тазалау
1.
1
2
2.
3. 4.
10.6 Су төгетін түтіктегі сүзгіні
тазалау
Назарыңызда болсын!
Құрылғыдағы су ыстық болса су төгу
жүйесіндегі сүзгіні тазаламаңыз.
ҚАЗАҚ 17
1. 2.
2
11
3. 4.
2
1
5.
1
2
6.
7. 8.
2
1
18
www.electrolux.com
9.
10.7 Су құятын түтіктің және клапанның сүзгісін тазалау
1.
1
2
3
2.
3. 4.
45°
20°
10.8 Суды тосын жағдайда төгу
Ақаулыққа байланысты құрылғы суды төге
алмайды.
Бұндай жағдай орын алса, "Су төгу сүзгісін
тазалау" тарауындағы (1) бастап (9) дейінгі
қадамдарды орындаңыз.
Қажет болса, сорғыны тазалаңыз.
Суды төтенше жағдайда төгетін тәсілмен
төккеннен кейін, су төгетін жүйені қайта іске
қосу керек:
1.
Жуғыш зат үлестіргіштің негізгі жуу
циклына арналған бөлігіне 2 литр су
құйыңыз.
2.
Суды төге бастау үшін бағдарламаны
бастаңыз.
10.9 Мұз қатуға қарсы сақтық
шаралары
Құрылғы температурасы 0° градустан төмен
түсетін жерге орнатылса, су құятын түтіктегі
ҚАЗАҚ 19
және су төгетін сорғыдағы қалдық суды
төгіңіз.
1.
Ашаны розеткадан суырып алыңыз.
2.
Судың шүмегін жабыңыз.
3.
Су құятын түтікті алыңыз.
4.
Су құятын түтіктің екі ұшын ыдысқа
салып, түтіктегі суды ағызыңыз.
5.
Су төгетін сорғыны босатыңыз. Суды
төтенше жағдайда төгу қадамдарын
қараңыз.
6.
Су төгетін сорғы босаған кезде, су құятын
түтікті қайта орнына қойыңыз.
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны қайта іске қолданар
алдында температураның 0 °C
градустан жоғары екеніне көз
жеткізіңіз.
Төмен температураға байланысты
орын алған ақауларға өндіруші
жауапкершілік көтермейді.
11. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
Құрылғы жұмыс істей бастамайды немесе
жұмыс істеп тұрып тоқтап қалады.
Алдымен ақаулықты түзету жолын іздеңіз
(кестеге қараңыз). Өзіңіз түзете алмасаңыз,
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Кейбір ақаулықтарда дыбыстық сигналдар
қосылады және бейнебетте ескерту коды
пайда болады:
- Құрылғыға су құйылмай тұр.
- Құрылғының суы төгілмей тұр.
- Құрылғының есігі ашық немесе
дұрыс жабылмаған. Есікті тексеріңіз!
- Электр желісі тұрақты емес. Электр
желісі тұрақтанғанша күтіңіз.
Назарыңызда болсын!
Тексеріп көру алдында құрылғыны
тоқтан ажыратыңыз.
Ақаулық Ықтимал шешімі
Бағдарлама басталмай
тұр.
Ашаның розеткаға қосылғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғы есігінің жабық тұрғанына көз жеткізіңіз.
Сақтандырғыш қорабындағы сақтандырғышқа зақым
келмегеніне көз жеткізіңіз.
Бастау/Кідірту түймешігінің басылғанына көз жеткізіңіз.
Егер кешіктіріп бастау функциясы орнатылып тұрса, оны
ажыратыңыз не кері санақ аяқталғанша күтіңіз.
Егер Бала қауіпсіздігінің құралы қосулы тұрса, оны
ажыратыңыз.
Құрылғыға су құйылмай
тұр.
Су шүмегінің ашық тұрғанына көз жеткізіңіз.
Сумен жабдықтау жүйесіндегі судың қысымының өте төмен
емес екеніне көз жеткізіңіз. Бұл ақпаратты жергілікті су
ресурстары мекемесіне хабарласып алыңыз.
Су шүмегінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
Су құятын түтіктің сүзгісі мен клапанның сүзгілерінің бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз. "Күту менен тазалау" тарауын
қараңыз.
Су құятын түтіктің бұратылып немесе майысып қалмағанына
көз жеткізіңіз.
Су құятын түтіктің дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
20
www.electrolux.com
/