түймешігін баспай тұрып таңдау қажет.
Тиісті шам жанады.
Егер теріс функция таңдалса, тиісті индикатор
шам шамамен 2 секунд жыпылықтайды.
Опциялардың жуу бағдарламаларымен
үйлесетін-үйлеспейтінін «Жуу
бағдарламалары» тарауынан қараңыз.
АЙНАЛДЫРУ ЖЫЛДАМДЫҒЫН, ШАЮДЫ
КІДІРТУ НЕМЕСЕ АЙНАЛДЫРМАУ
ФУНКЦИЯСЫН ТАҢДАҢЫЗ
Айналдыру жылдамдығын, Шаюды кідірту
немесе Айналдырмау параметрін айналдыру
жылдамдығын таңдау тетігімен таңдаңыз.
• 800 - синтетика және жүн мата
бағдарламаларында 800 мин/айн-ға тең
болса, баппен жуу бағдарламасында 700
мин/айн-ға тең.
Шаюды кідірту
Бұл параметрді таңдағанда, киімдер мыжылып
қалмас үшін соңғы шаю циклынан қалған су
түгел төгілмейді. Бағдарлама аяқталғанда D
және E шамдары жанып, суды төгу қажет
екенін көрсетеді (Қараңыз: "Бағдарламаның
соңы").
Айналдырмау
Осы параметрді таңдағанда айналдыру
циклдарының ешбірі орындалмайды. Өте нәзік
матаны жууға арналған. Мақта мата және
синтетика бағдарламалары үшін машина
қосымша шаю циклдарын қосады.
Әр бағдарламада рұқсат етілген ең үлкен
айналдыру жылдамдығы туралы ақпаратты
"Жуу бағдарламалары" тарауынан қараңыз.
ҚАЖЕТТІ БАҒДАРЛАМАНЫ БАҒДАРЛАМА
ТАҢДАЙТЫН ТЕТІКПЕН ТАҢДАҢЫЗ
Бағдарлама таңдау тетігін қажетті
бағдарламаға бұраңыз. Таңдау тетігін сағат
тілінің бағытымен не сағат тілінің бағытына
қарсы бұрауға болады.
түймешігінің жасыл индикаторы
жыпылықтай бастайды.
Таңдалған бағдарламаның барлық
циклдарына қатысты шамдар жанады.
қалпына қойған кезде бағдарлама
бастапқы қалпына қойылады және машина
СӨНЕДІ.
Бағдарламаның соңында машинаны сөндіру
үшін бағдарлама таңдау тетігін қалпына
қойыңыз.
Машина жұмыс істеп тұрған кезде
бағдарлама таңдау тетігін басқа
бағдарламаға қойсаңыз,
таңдаудың қате екенін көрсету
үшін бағдарлама үрдісінің
дисплейіндегі шамдар
жыпылықтай бастайды. Машина
жаңадан таңдалған бағдарламаны
орындамайды.
БАҒДАРЛАМАНЫ БАСТАУ
Таңдалған бағдарламаны бастау үшін
түймешігін басыңыз; тиісті индикатор шам
жыпылықтауын тоқтатып, жанған қалпы
тұрады.
Бағдарлама күйінің дисплейінде A және E
индикатор шамдары жанып, құрылғының
жұмыс істей бастағанын және есіктің
құлыптаулы екенін көрсетеді.
ПАРАМЕТРДІ НЕ ОРЫНДАЛЫП ТҰРҒАН
БАҒДАРЛАМАНЫ ӨЗГЕРТУ
Бағдарламаның кейбір функцияларын
орындалмай тұрғанда өзгертуге болады.
Қандай да бір өзгеріс енгізердің алдында, кір
жуғыш машинаны түймешігін басып
үзіліске қою қажет.
Бағдарламаны түймешігі басылмай
тұрғанда өзгертуге болады. Орындалып
тұрған бағдарламаны, қайта бастапқы
қалпына қойғаннан кейін ғана өзгерте аласыз.
Бағдарлама таңдау тетігін
қалпына қойып,
содан кейін жаңа бағдарламаға қойыңыз.
Жаңа бағдарламаны түймешігін қайта
басып бастаңыз.
БАҒДАРЛАМАНЫ КІДІРТУ
Орындалып тұрған бағдарламаны кідірту үшін
түймешігін басыңыз, тиісті индикатор
жыпылықтай бастайды. Бағдарламаны қайта
бастау үшін түймешікті тағы да басыңыз.
9