Zanussi ZWG684V Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя
KK
Қолдану туралы
нұсқаулары
2
RU
Инструкция по
эксплуатации
19
UK
Інструкція 37
Кір жуғыш машина
Стиральная машина
Пральна машина
ZWG 684 V
Мазмұны
Сақтық шаралары _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 2
Қауіпсіздік нұсқаулары _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 3
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы
мағлұматтар _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 5
Бұйым сипаттамасы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 6
Басқару панелі _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 6
Бағдарламалар _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 7
Пайдалану көлемі _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 8
Функциялар _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 8
Бірінші қолданғанға дейін _ _ _ _ _ _ _ _ 9
Əркүндік қолдану _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 9
Ақыл-кеңес _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 13
Күту менен тазалау _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 13
Ақаулықты түзету _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 16
Техникалық ақпарат _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 18
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
Сақтық шаралары
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген
нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны дұрыс
орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нəтижесінде адам жарақат
алса жəне ақаулық орын алса өндіруші жауапты емес.
Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап
қойыңыз.
Балалар мен дəрменсіз адамдардың қауіпсіздігі
Назарыңызда болсын! Тұншығып қалу, жарақат алуы
немесе мүгедек болып қалу қаупі бар.
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен денесіне,
сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым келген адамдар не
тəжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз
ететін адамның қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз
қолдану бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс
қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Орам м
атериалдарының барлығын балалардан алыс
ұстаңыз.
Жуғыш заттардың барлығын балалардан алыс ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй
жануарларын алыс ұстаңыз.
2
www.zanussi.com
Құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен жабдықталса, оны
іске қосуды ұсынамыз.
Балалар тазалау жəне күтім көрсету жұмыстарын басқаның
бақылауынсыз орындамауға тиіс.
Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен ағытып,
ашасын розеткадан суырыңыз.
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз.
Ең көп салмақ 6 кг көрсетілімін орындаңыз ("Бағдарлама
кестесі" тарауын қараңыз).
Егер қуат көзі сымына зақым келген болса, қатерден
сақтану үшін оны өндіруші немесе оның техникалық қызмет
көрсетуші агенті немесе сол сияқты білікті маман
ауыстыруға тиіс.
Судың жұмыс ке
зіндегі қысымы (ең аз жəне ең көп) 0,5 бар
(0,05 МПа) жəне 8 бар (0,8 МПа) арасында болуға тиіс
Табанындағы желдеткіш саңылауларға (егер бар болса)
кілем кедергі жасамауға тиіс.
Құрылғыны жаңа түтіктер жинағын пайдаланып, су
жүйесіне қосу керек. Ескі түтіктерді қайта пайдалануға
болмайды.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Орнату
Орам материалдарының жəне тасымал
тетіктерінің барлығын алыңыз.
Тасымал тетіктерін сақтап қойыңыз.
Құрылғыны қайта көшірген кезде,
барабанды бұғаттап қою керек.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
іске қоспаңыз.
Құрылғыны температурасы 0 °C
градустан төмен немесе ауа-райы əсер
ететін жерлерге орнатпаңыз немесе
пайдаланбаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғы орнатылатын еденнің тегіс,
орнықты, қызуға төзімді жəне таза
болуын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғыны есігі толық ашылмайтын
жерге орнатпаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі абай
болыңыз, себебі салмағы ауыр.
Əрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз.
Құрылғы мен еден арасында ауаның
айналуын қамтамасыз етіңіз.
3
www.zanussi.com
Құрылғы мен кілемнің арасында тиісті
орын болуын қамтамасыз ету үшін
өзгермелі тіректерін реттеңіз.
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын! Өрт шығу
жəне электр қатеріне ұшырау қаупі
бар.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр
желісіндегі параметрлерге сай
келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе,
электршіге хабарласыңыз.
Əрқашан дұрыс орнатылған, қатерден
сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты а
даптерлер мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына жəне сымына
зақым келтірмеңіз. Құрылғының қорек
сымын ауыстыру қажет болса, оны
міндетті түрде қызмет көрсету орталығы
жүзеге асыруға тиіс.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін
ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін
ашаның қол жететін жерде тұрғанына
көз жеткізіңіз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Əр
қашан
ашасынан тартып суырыңыз.
Қорек сымын немесе ашасын су қолмен
ұстамаңыз.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай
келеді.
Суға қосу
Су қосылымы түтіктеріне ешбір зақым
келтірмеңіз.
Құрылғыны жаңа түтіктер жинағын
пайдаланып, су жүйесіне қосу керек. Ескі
түтіктерді қайта пайдалануға болмайды.
Құрылғыны жаңа құбырларға немесе
ұзақ уақыт қолданылмаған құбырларға
жалғамай тұрып, суын тазарғанша
ағызыңыз.
Құрылғыны алғаш рет қолданған кезде
еш жерінен су ақпай тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Қолданылуы
Назарыңызда болсын! Жарақат алу,
электр қатері, күйіп қалу жəне өрт
қаупі, құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
Бұл тұрмыста қолдануға арналған
құрылғы.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Жуғыш заттың орамында көрсетілетін
нұсқауларды орындаңыз.
Тұтанғыш заттарды не
месе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде
есіктің шынысына қол тигізбеңіз. Шыны
ыстық болуы мүмкін.
Кірдегі темір заттардың барлығының
алынғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғының астына ағып кетуі мүмкін
суды құю үшін сауыт қоймаңыз.
Қолданылатын керек-жарақтың түрін
Қызмет көрсету орталығына хабарласып
біліңіз.
Күту менен таз
алау
Назарыңызда болсын! Жарақат алу
немесе құрылғыны бүлдіріп алу қаупі
бар.
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын розеткадан
суырыңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді
жəне буды қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш
заттарды қолданыңыз. Жеміргіш
заттарды, түрпілі жөкені, еріткіштерді
немесе темір заттарды пайдаланбаңыз.
4
www.zanussi.com
Құрылғыны тастау
Назарыңызда болсын! Жарақат алу
немесе тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін
алыңыз.
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы мағлұматтар
Бұйымдағы немесе бұйым
қорапшасындағы
белгісі осы бұйым
кəдімгі үй қалдығы емес екенін көрсетіп
білдіреді. Сондықтан оны ескі электр жəне
электроникалық бұйымдарды жинап
утилизация үшін арнайы контейнерлерге
салуыңыз керек. Осы бұйымды дұрыс
түрде утилизация арқылы Сіз қоршаған
орта менен адам денсаулығына түсіп
пайда бола алатын зиянын болдыртпауын
үшін үлес қоса аласыз; осы зиян бұл
бұйымды дұрыс емес қолданғанда пайда
болуы мүмкін. Осы бұй
ымның
утилизациясы туралы көбірек білуіңіз үшін
жергілікті əкімшілігіңізбен, қалдықтарды
жинап əкететін мекемеңізбен немесе осы
бұйымды Өзіңізге сатқан дүкенімен
хабарласыңыз.
Орам материалдары
белгішесі салынған орам
материалдарын қайта өңдеуге
тапсырыңыз.
Орам материалдарын қайта өңделетін
қалдыққа арналған жəшікке тастаңыз.
Қоршаған ортаға қатысты ескерім
Қоршаған ортаны сақтауға өз үлесіңізді
қосу үшін су мен қуатты аз қолданып, мына
нұсқауларды орындаңыз:
Қалыпты кірлеген кірді алдын ала жуу
циклі жоқ бағдарламаны қолданып
жуыңыз.
Жуу бағдарламасын кірді əрқашан
неғұрлым көп салғаннан кейін бастаңыз.
Төмен температурада жуатын
бағдарламаны таңдаған кезде, қажет
болса дақ кетіргішті қолданыңыз.
Жуғыш за
тты дұрыс мөлшерде қолдану
үшін, жергілікті су жүйесіндегі судың
кермектігін тексеріңіз
5
www.zanussi.com
Бұйым сипаттамасы
1 2 3
4
5
6
7
1
Жұмыс алаңы
2
Жуғыш зат үлестіргіші
3
Басқару панелі
4
Есіктің тұтқасы
5
Су төгетін сорғының сүзгісі
6
Техникалық ақпарат тақтайшасы
7
Құрылғы деңгейін реттеуге арналған
тірек
Басқару панелі
3u
6u
9u
90°
60°
Температура
Отжим
Старт
/Пауза
Cупер
быстрый
40°
Доп.
полоскание
Отсрочка
старта
Kонец
30°
AUTO
Cтирка
Хлопок
Хлопок
+ Предв. стирка
Полоскание
Слив
Отжим
Хлопок
Синтетика
Смешанные
ткани
Тонкие ткани
Шерсть/
Ручная стирка
5 рубашек
Mини 30
Легкая глажка
Джинсы
Ocoбыe
Хлопoк Eco
31 2
5 467
1
Бағдарлама тетігі
2
Кешіктіріп бастау түймешігі (Отсрочка
старта)
3
Бағдарлама циклының
индикаторлары:
–Cтирка индикаторы
Доп. полоскание индикаторы
–Kонец индикаторы
4
Бастау/үзіліс түймешігі (Старт/Пауза)
5
Өте жылдам цикл түймешігі (Cупер
быстрый)
6
Айналдыруды авт. түрде азайту
(Отжим)
жəне Шаюды кідірту
түймешігі
7
Температура түймешігі (Температура)
6
www.zanussi.com
Бағдарламалар
Бағдарлама
Температура ауқымы
Кір салынымының жəне кірдің түрі
Макс. кір салынымы, Макс. айналдыру жылдамдығы
Хлопок
90 °C -
(Суық)
Ақ мақта мата жəне түрлі түсті мақта мата (қалыпты жəне
шамалы ластанған).
6 кг, 800 мин/айн
Хлопок + Предв. стирка
90 °C -
(Суық)
Ақ мақта мата жəне түрлі түсті мақта мата (қатты жəне
шамалы ластанған).
6 кг, 800 мин/айн
Хлопoк Eco
1)
60 °C - 40 °C
Ақ мақта мата жəне бояуы берік мақта мата. Қалыпты
кірленген.
6 кг, 800 мин/айн
Синтетика
60 °C -
(Суық)
Синтетика немесе аралас матадан жасалған заттар.
Қалыпты кірленген.
3 кг, 800 мин/айн
Смешанные ткани
(Суық)
Қуатты өте тиімді пайдаланатын, суық сумен жуатын
бағдарлама. Аз кірленген.
3 кг, 800 мин/айн
Тонкие ткани
40 °C -
(Суық)
Акрил, вискоза, полиэстер тəрізді нəзік матадан жасалған
заттар. Қалыпты кірленген.
3 кг, 700 мин/айн
Шерсть/Ручная стирка
40 °C –
(Суық)
«Қолмен жуылады» деген белгісі бар, машинада
жуылатын, қолмен жуылатын жүн тоқыма заттар жəне нəзік
матадан жасалған заттар.
1.5 кг, 800 мин/айн
Полоскание Кірді шаюға жəне айналдыруға арналған. Барлық маталар.
6 кг, 800 мин/айн
Слив Барабандағы суды төгуге арналған. Барлық маталар.
6 кг
Отжим Кірді айналдыруға жəне барабандағы суды төгуге арналған.
Барлық маталар.
6 кг, 800 мин/айн
Легкая глажка
60 °C -
(Суық)
Синтетика матадан жасалған заттар. Қалыпты кірленген.
Кірдің бырысып қалуына жол бермейді.
3 кг, 800 мин/айн
5 рубашек
30 °C
Синтетика жəне аралас матадан жасалған заттар. Шамалы
кірлеген жəне жаңартуды қажет ететін заттар үшін.
5 - 6 жейде, 800 мин/айн
Mини 30
30 °C
Синтетика жəне нəзік заттар. Шамалы кірлеген немесе
жаңартуды қажет ететін заттар үшін.
3 кг, 700 мин/айн
Джинсы
60 °C -
(Суық)
Джинс жəне джерсиден жасалған заттар. Жəне баран түсті
заттарға да арналған.
6 кг, 800 мин/айн
1) 6 кг салмаққа арналған «Мақта мата, үнемді 60°» бағдарламасы, қуат мəндері көрсетілген
тақтайшадағы ақпарат негізінде EEC 92/75 стандартына сай берілген бағдарлама.
7
www.zanussi.com
Жуу циклы суының температурасы орнатылған бағдарламаға арнап көрсеткен температурадан
өзгеше болуы мүмкін.
Пайдалану көлемі
Осы кестеде жалпылама орташа мəндер көрсетілген. Əр түрлі себептер
деректердің өзгеруіне əкелуі мүмкін: кірдің мөлшері мен түрі, судың жəне қоршаған
ортаның температурасы.
Бағдарламалар Салыным
(Кг)
Қуатты
тұтыну
(кВт)
Суды тұтыну
(литр)
Бағдарлама
ұзақтығы
(минут)
Хлопок 60 °C 6 0.94 64 128
Хлопoк Eco 60 °C
1)
6 0.9 46 223
Хлопок 40 °C 6 0.76 57 124
Синтетика 40 °C 3 0.5 47 66
Тонкие ткани 40 °C 3 0.5 49 45
Шерсть/Ручная стирка 30
°C
1.5 0.3 50 38
1) 6 кг салмаққа арналған «Мақта мата, үнемді 60°» бағдарламасы, қуат мəндері көрсетілген
тақтайшадағы ақпарат негізінде EEC 92/75 стандартына сай берілген бағдарлама.
Сөндіру режимі (Вт) Қосулы режим (Вт)
0.48 0.48
Жоғарыда көрсетілген кестедегі ақпарат ЕО Комиссиясының 1015/2010 стандартына 2009/125/EC
сай берілген.
Функциялар
Бағдарлама
Cупер
быстрый
1)
Доп.
полоскани
е
Отсрочка
старта
Хлопок
Хлопок + Предв. стирка
Хлопoк Eco
Синтетика
Смешанные ткани
Тонкие ткани
Шерсть /Ручная стирка
Полоскание
Слив
Отжим
8
www.zanussi.com
Бағдарлама
Cупер
быстрый
1)
Доп.
полоскани
е
Отсрочка
старта
Легкая глажка
5 рубашек
Mини 30
Джинсы
1) Cупер быстрый функциясын орнатқан кезде кірдің мөлшерін азайтуды ұсынамыз. Кірді толтыра
салуға болады, бірақ жуу нəтижесі қанағаттандырарлық болмайды. Ұсынылатын салыным: мақта
мата: 3 кг, синтетика жəне нəзік мата: 1.5 кг.
Температура түймешігі (Температура)
Əдепкі температураны өзгерту үшін осы
түймешікті басыңыз.
белгісісуық су.
Айналдыру түймешігі (Отжим)
Осы түймешіктің көмегімен келесі
функциялардың бірін орнатуға болады:
Айналдыруды авт. түрде азайту
Бұл функцияны айналдыру жылдамдығын
жартысына дейін азайту үшін орнатыңыз,
бірақ 400 мин/айн-нан аз болмауға тиіс.
Шаюды кідірту
Кірлер мыжылып қалмас үшін осы
функцияны орнатыңыз.
Бағдарлама аяқталған кезде барабан
ішінде су қалады.
Өте жылдам цикл түймешігі (Cупер
быстрый)
Бағдарламаның уақытын қысқарту үшін
осы түймешікті басыңыз.
Шамалы кірлеген немесе жаңартуды қажет
ететін кірлер үшін осы функцияны
орнатыңыз.
Кешіктіріп бастау түймешігі (Отсрочка
старта)
Бағдарламаны 9, 6 немесе 3 сағатқа
кешіктіріп бастау үшін осы түймешікті
басыңыз.
Қосымша шаю (Доп. полоскание)
Бағдарламаға шаю циклын қосу үшін
"Отжим" жəне "Cупер быстрый" түймешігін
бірнеше секунд қатар басыңыз.
Доп. полоскание индикаторы жанады.
Құрылғыны сөндірген кезде осы функция
тұрақты қосылған қалпы т
ұрады. Бұл
функцияны ажырату үшін аталмыш
түймешіктерді қайта басыңыз.
Жуғыш заттарға аллергиясы бар адамдар
үшін немесе суы тым тұщы жерлерде осы
функцияны қолданыңыз.
Бірінші қолданғанға дейін
1. Жуу циклының жуғыш затына арналған
бөлікке 2 литр су құйыңыз. Бұл су төгу
жүйесін іске қосады.
2. Жуу циклына арналған бөлікке
шамалы жуғыш зат салыңыз.
3. Мақта матаға арналған бағдарламаны
орнатып, ең жоғары температураға
қойып ешбір кір салмай жуыңыз. Бұл
цикл барабан мен машинаның ішінде
бар болуы мүмкін кірлердің барлығын
кетіреді.
Əркүндік қолдану
1. Су құятын шүмекті ашыңыз. 2. Ашаны розеткаға қосыңыз.
9
www.zanussi.com
3. Құрылғының ішіне кірді салыңыз.
4. Жуғыш зат пен қосымша заттарды
дұрыс мөлшерде пайдаланыңыз.
5. Жуу бағдарламасын кірдің түрі мен
кірлеу деңгейіне қарай дұрыс таңдап,
іске қосыңыз.
Кірді салу
1. Құрылғы есігін ашыңыз.
2. Кірді барабанға бір-бірден салыңыз.
Кірлерді құрылғыға салар алдында
сілкілеңіз. Барабанға тым көп кір
салынбағанына көз жеткізіңіз.
3. Есікті жабыңыз.
Сақтандыру
туралы
ескерту!
Тығыздағыш пен
есіктің арасына
ешбір кір
қыстырылып
қалмағанына көз
жеткізіңіз. Су ағуы
немесе кірге нұқсан
келуі мүмкін.
Жуғыш зат пен үстемелерді салу
Сақтандыру туралы ескерту! Кір
жуғыш машинаға арнайы жуғыш
заттарды ғана пайдаланыңыз.
2
1
1
Алдын ала жуу цикліне немесе жібіту
бағдарламасына арналған жуғыш зат
салынатын бөлік.
Алдын ала жуу жəне жібіту
циклдарына арналған жуғыш затты
бағдарламаны бастамай тұрып
салыңыз.
2
Жуу цикліне арналған жуғыш зат
салынатын бөлік.
Сұйық жуғыш затты қолдансаңыз,
оны бағдарламаны бастаудың сəл
алдында ғана салыңыз.
Сұйық үстемелерге (мата
жұмсартқыш, крахмал) арналған
бөлік.
Жуғыш құралды бағдарламаны
бастамай тұрып бөлікке салыңыз.
Жуғыш заттардың орамында
көрсетілетін нұсқауларды əрқашан
орындаңыз.
10
www.zanussi.com
Сұйық жуғыш затты қолдану
A
Жуғыш зат
үлестіргішті
тоқтап қалғанша
сыртқа қарай
тартыңыз.
Жуғыш зат
бөлгішті орнынан
(A) алыңыз.
Жуу циклына
арналған
ортаңғы бөліктегі
арнайы
бағыттағышқа
салыңыз.
Жуғыш зат пен мата жұмсартқышты
өлшеп алыңыз.
Жуғыш зат үлестіргішін абайлап
жабыңыз.
Жуғыш зат бөлгішті пайдаланған
кезде:
Қоймалжың немесе қою сұйық жуғыш
заттарды қолданбаңыз.
Сұйық жуғыш затты жуғыш заттың
бөлгішінде көрсетілген межеден
асырмаңыз.
Алдын ала жуу циклын орнатпаңыз.
Кешіктіріп бастау функциясы бар болса,
оны орнатпаңыз.
Бағдарламаны орнату
1. Бағдарла
ма тетігін бұрап, жуу
бағдарламасын орнатыңыз.
2. Бастау түймешігінің индикаторы
жыпылықтайды.
3. Қажет болса, температураны жəне
айналдыру жылдамдығын өзгертіңіз
немесе қолжетімді функцияларды
қосыңыз.
Тиісті түймешікті басқан кезде
орнатылған функцияның индикаторы
жанады.
Кешіктіріп бастау функциясы жоқ
бағдарламаны бастау
Бастау/Үзіліс түймешігін басыңыз:
Старт/Пауза түймешігінің индикаторы
жыпылықтауын тоқтатады, жəне
"Cтирка" индикаторы жанады.
бағдарлама басталады да, есік
құлыпталады
Кешіктіріп бастау функциясы бар
бағдарламаны бастау
Қажетті кешіктіріп бастау функциясын
орнату үшін Отсрочка старта түймешігін
басыңыз. Орнатылған кешіктіріп бастау
уақытының индикаторы жанады.
Старт/Пауза түймешігін басыңыз:
Құрылғы кері санай бас
тайды.
Кері санақ аяқталған кезде, бағдарлама
автоматты түрде басталады.
Кешіктіріп бастау функциясын Бастау
түймешігін баспай тұрып өзгертуге
немесе болдырмауға болады. Бастау
түймешігін басқаннан кейін, кешіктіруді
болдырмайтын ғана мүмкіндік бар.
Кешіктіріп бастау функциясын болдырмау
үшін:
1. Құрылғыны ҮЗІЛІСке қою үшін Старт/
Пауза түймешігін басыңыз.
2. Отсрочка старта түймешігін бір рет
басыңыз, орнатылған кешіктіру
индикаторы сөнеді.
3. Бағдарламаны де
реу бастау үшін
Старт/Пауза түймешігін қайта
басыңыз.
Бағдарламаны кідірту
1. Старт/Пауза түймешігін басыңыз.
Индикатор жыпылықтайды.
2. Старт/Пауза түймешігін қайта
басыңыз. Жуу бағдарламасы
жалғасады.
Бағдарламаны біржола тоқтату
1. Бағдарламаны біржола тоқтату жəне
құрылғыны сөндіру үшін бағдарлама
тетігін
қалпына бұраңыз.
11
www.zanussi.com
2. Құрылғыны іске қосу үшін бағдарлама
тетігін қайта бұраңыз. Содан кейін
жаңа жуу бағдарламасын орнатуға
болады.
Құрылғыдан су ақпайды.
Функцияларды өзгерту
Кей функцияларды ғана басталмай тұрып
өзгертуге болады.
1. Старт/Пауза түймешігін басыңыз.
Индикатор жыпылықтайды.
2. Функцияларды өзгертіңіз.
3. Старт/Пауза түймешігін қайта
басыңыз. Бағдарлама жалғасады.
Есікті ашыңыз
Бағдарлама немесе кешіктіріп бастау
жұмыс істеп тұрғанда, құрылғының есігі
бекітулі т
ұрады.
Сақтандыру туралы ескерту! Егер
барабанның ішіндегі судың деңгейі
мен температурасы өте жоғары болса,
есікті аша алмайсыз.
Кешіктіріп бастау жұмыс істеп тұрғанда
құрылғыны ашу:
1. Құрылғыны ҮЗІЛІСке қою үшін Старт/
Пауза түймешігін басыңыз.
2. Бірнеше минут күте тұрыңыз да, содан
кейін құрылғының есігін ашыңыз.
3. Құрылғы есігін жабыңыз.
4. Старт/Пауза түймешігін басыңыз,
кешіктіріп бастау фун
кциясы жұмысын
жалғастырады.
Бағдарлама жұмыс істеп тұрғанда
құрылғының есігін ашу үшін:
1. Құрылғыны сөндіру үшін бағдарлама
тетігін
қалпына бұраңыз.
2. Бірнеше минут күте тұрыңыз да, содан
кейін құрылғының есігін ашыңыз.
3. Құрылғы есігін жабыңыз.
4. Бағдарламаны қайта орнатыңыз.
Бағдарламаның соңы
Құрылғы автоматты түрде тоқтайды.
Старт/Пауза түймешігінің индикаторы
сөнеді.
Соңы индикаторы жанады.
1. Құрылғыны сөндіру үшін бағдарлама
тетігін
қалпына бұраңыз.
2. Құрылғыдан кірді алыңыз. Барабанның
бос екеніне көз жеткізіңіз.
3. Зең жəне иіс пайда болмас үшін есікті
сəл ашып қойыңыз.
4. Судың шүмегін жабыңыз.
Жуу бағдарламасы аяқталды, бірақ
барабанда су тұр:
Кір мыжылып қалмас үшін барабан
мезгіл-мезгіл айналып тұрады.
Есік құлыптаулы күйі тұрады да, бастау
түймешігінің индикаторы
жыпылықтайды.
Есікті ашпай тұрып, суды міндетт
і түрде
төгу керек.
Суды төгу үшін:
1. Суды төгу не Айналдыру
бағдарламасын орнатыңыз.
2. Старт/Пауза түймешігін басыңыз.
Құрылғы суды төгеді де, айналдыру
кезеңін орындайды.
3. Бағдарлама аяқталған кезде:
Старт/Пауза түймешігінің
индикаторы сөнеді де, Соңы
индикаторы жанған қалпы тұрады.
Есікті ашуға болады.
4. Құрылғыны сөндіру үшін бағдарлама
тетігін
қалпына бұраңыз.
Күту режимі
Жуу бағдарламасы аяқталғаннан кейін
бірнеше минуттан кейін құрылғыны
сөндірмесеңіз, қуатты үнемдеу режимі
қосылады.
Қуатты үнемдеу режимі құрылғы күту
режимінде тұрған кезде пайдаланылатын
қуат мөлшерін азайтады.
Барлық индикаторлар сөнеді.
Бастау түймешігінің индикаторы баяу
жыпылықтай бастайды
Қуатты үнемдеу режимін ажырату үшін
түймешіктердің бірін басыңыз.
12
www.zanussi.com
Ақыл-кеңес
Кір салу
Кірді былай сұрыптаңыз: ақ, түрлі-түсті,
синтетика, нəзік жəне жүн мата.
Кірдің затбелгісіндегі жуу нұсқауларын
орындаңыз.
Ақ жəне түрлі-түсті заттарды бірге
жумаңыз.
Кейбір түрлі-түсті заттарды алғаш
жуғанда бояуы шығуы мүмкін. Оларды
алғаш жуғанда бөлек жууға кеңес
береміз.
Жастық қаптарының түймесін салып,
тартпаларды тартып жауып, ілгектер
мен батырма түймешіктерді салыңыз.
Белбеулер
ді байлаңыз.
Қалталарды босатып, оралған заттарды
ашыңыз.
Көп қабатты матадан жасалған, жүн
матадан жасалған немесе сурет
салынған киімдердің астарын сыртына
аударыңыз.
Қатты дақтарды кетіріңіз.
Өте кір дақтарды арнайы жуғыш затпен
жуыңыз.
Перделерді абайлап жуыңыз. Ілгектерін
алыңыз немесе перделерді кір жуатын
торға немесе жастықтың тысына
салыңыз.
Құрылғыны келесі заттарды жуу үшін
пайдаланбаңыз:
Жиегі кө
мкерілмеген немесе жыртығы
бар заттарды жумаңыз
Сым өткізілген төс тартқыштарды.
Ұсақ заттарды кі жуатын торға салып
жуыңыз.
Кір өте аз салынса, айналдыру циклі
кезінде теңгерімді сақтауға қатысты
мəселе орын алуы мүмкін. Бұндай
жағдай орын алса, барабандағы кірді
қолмен таратып, қайта айналдыра
бастаңыз.
Оңай кетпейтін дақтар
Кейбір дақтарды кетіру үшін су мен жуғыш
зат жеткіліксіз болады.
Бұндай дақтарды кірді құрылғыға салмай
тұрып тазалауды ұсынамыз.
Дақ кетіретін арнайы құралдар болады.
Дақ пен матаның түріне сай келетін
арнайы дақ кетіргішті қолданыңыз.
Жуғыш заттар мен үстемелер
Кір жуғыш машиналарға арналған жуғыш
заттар мен үстемелерді ғана
қолданыңыз.
Əр түрлі жуғыш заттарды
ар
аластырмаңыз.
Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін
жуғыш затты қажетті мөлшерден артық
пайдаланбаңыз.
Осы заттардың орамында көрсетілетін
нұсқауларды орындаңыз.
Матаның түріне жəне түсіне,
бағдарламаның температурасы мен
кірдің деңгейіне сай келетін құралдарды
қолданыңыз.
Егер сұйық жуғыш затты қолдансаңыз,
алдын ала жуу циклін орнатпаңыз.
Егер құрылғының жуғыш зат
үлестіргішінде мөлшерлегіш құрал
болмаса, мөлшерлегіш шарикті
қолданыңыз.
Судың ке
рмектігі
Сіз тұратын жердегі су өте кермек немесе
орташа кермек болса, кір жуғыш машинада
су жұмсартқышты қолдануды ұсынамыз.
Суы тұщы жерлерде су жұмсартқышты
қолдану қажет емес.
Жергілікті жердегі судың кермектігін білу
үшін су жүйесін басқару мекемесіне
хабарласыңыз.
Қолданылатын құралдардың орамында
көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз.
Күту менен тазалау
13
www.zanussi.com
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны тазалар алдында тоқтан
ажыратыңыз.
Сыртын тазалау
Құрылғыны сабын мен жылы суды ғана
қолданып тазалаңыз. Барлық беттерін
əбден құрғатыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту! Спирт,
еріткіш немесе химиялық заттарды
қолданбаңыз.
Қақты тазалау
Біз қолданатын судың құрамында əк
болады. Қажет болса, əкті тазалау үшін су
жұмсартқышты қолданыңыз.
Кір жуғыш машиналарға арналған арнайы
құралдарды қолданыңыз. Қолданылатын
құралдардың о
рамында көрсетілетін
өндіруші нұсқауларын орындаңыз.
Бұны кір жумай тұрғанда орындаңыз.
Тазалап жуу
Төмен температура бағдарламаларын
қолданғанда барабанда шамалы жуғыш
зат қалып қоюы мүмкін. Құрылғыға күтім
көрсету үшін уақытылы жуыңыз. Ол үшін:
Барабаннан кірді алыңыз.
Мақта матаны ең ыстық сумен жуатын
бағдарламаны таңдаңыз
Биологиялық қасиеті бар ұнтақ жуғыш
затты тиісті мөлшерде пайдаланыңыз.
Жуып болған сайын зең пайда бо
лмас
үшін жəне жағымсыз иісті шығару үшін
есікті шамалы уақыт ашыңқырап қойыңыз.
Барабан
Барабанның ішін мезгіл-мезгіл тексеріп, əк
жəне тот бөлшектерінің жоқ екеніне көз
жеткізіңіз.
Барабандағы тот қалдықтарын тазалау
үшін арнайы бұйымдарды ғана
қолданыңыз.
Ол үшін:
Барабанды тот баспайтын темірге
арналған арнайы өніммен тазалаңыз.
Мақта матаға арналған қысқа
бағдарламаны, аз ған
а жуғыш зат
салып, ең жоғары температураға қойып
бастаңыз.
Есік тығыздағышы
Тығыздағышты
мезгіл-мезгіл
тексеріп, ішіндегі
заттардың
барлығын алыңыз.
Жуғыш зат үлестіргішін тазалау
1.
2.
3. 4.
5. 6.
14
www.zanussi.com
Су құятын түтік тығырығының сүзгісін
тазалау
1.
2.
3.
4.
Су сорғысын тазалау
Назарыңызда болсын! Құрылғыдағы
су ыстық болса су төгу жүйесіндегі
сүзгіні тазаламаңыз.
1.
2.
3. 4.
5.
1
2
6.
7. 8.
9.
1
2
10.
Суды тосын жағдайда төгу
Ақаулыққа байланысты құрылғы суды төге
алмайды.
Бұндай жағдай орын алса, "Су төгу сүзгісін
тазалау" тарауындағы (1) бастап (10)
дейінгі қадамдарды орындаңыз.
Қажет болса, сорғыны тазалаңыз.
Суды төтенше жағдайда төгетін тəсілмен
төккеннен кейін, су төгетін жүйені қайта
іске қосу керек:
15
www.zanussi.com
1. Жуғыш зат үлестіргіштің негізгі жуу
циклына арналған бөлігіне 2 литр су
құйыңыз.
2. Суды төге бастау үшін бағдарламаны
бастаңыз.
Мұз қатуға қарсы сақтық шаралары
Құрылғы температурасы 0 °C градустан
төмен түсетін жерге орнатылса, су құятын
жəне төгетін түтіктердегі, су төгетін
сорғыдағы қалған суды төгіңіз.
1. Ашаны розеткадан ағытыңыз.
2. Судың шүмегін жабыңыз.
3. Су құятын түтікті алыңыз
4. Су құятын түтіктің ек
і ұшын ыдысқа
салып, түтіктегі суды ағызыңыз.
5. Су төгетін сорғыны босатыңыз. Суды
төтенше жағдайда төгу қадамдарын
қараңыз
6. Су төгетін сорғы босаған кезде, су
құятын түтікті қайта орнына қойыңыз.
Назарыңызда болсын! Құрылғыны
қайта іске қолданар алдында
температураның 0 °C градустан жоғары
екеніне көз жеткізіңіз.
Төмен температураға байланысты орын
алған ақауларға өндіруші жауапкершілік
көтермейді.
Ақаулықты түзету
Құрылғы жұмыс істей бастамайды немесе
құрылғы жұмыс істеп тұрып тоқтап қалады.
Алдымен ақаулықты түзету жолын іздеңіз
(кестеге қараңыз). Болмаса, Қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде қызыл
индикатор (Старт/Пауза түймешігінің)
жыпылықтап, құрылғының жұмыс істемей
тұрғанын көрсету үшін индикаторлардың
біреуі жануы мүмкін:
•Cтирка : құрылғыға су құйылмай тұр.
Доп. полоскание : құрылғыдан су ақпай
тұр.
•Kонец : құрылғының есігі ашық немесе
дұрыс жабылмаған.
Ақаулық Ықтимал шешімі
Құрылғы іске
қосылмай тұр.
Ашаның розеткаға қосылғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғы есігінің жабық тұрғанына көз жеткізіңіз.
Үйдің сақтандырғыш қорабындағы сақтандырғышқа зақым келмегеніне көз
жеткізіңіз.
Бастау/Үзіліс түймешігінің басылғанына көз жеткізіңіз.
Егер кешіктіріп бастау функциясы орнатылып тұрса, оны ажыратыңыз
немесе кері санақ аяқталғанша күтіңіз.
Бағдарлама тетігінің дұрыс орында тұрғанына көз жеткізіңіз.
Егер Бала қауіпсіздігінің құралы қосулы тұрса, оны ажыратыңыз. Бұл
функция кейбір үлгілерде жоқ.
Құрылғыға су
құйылмай тұр.
Су шүмегінің ашылғанына көз жеткізіңіз.
Сумен жабдықтау жүйесіндегі судың қысымының өте төмен емес екеніне
көз жеткізіңіз. Бұл ақпаратты жергілікті су ресурстары мекемесіне
хабарласып алыңыз.
Су шүмегінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
16
www.zanussi.com
Ақаулық Ықтимал шешімі
Су құятын түтік тығырығының сүзгісінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
"Күту менен тазалау" тарауын қараңыз.
Су құятын түтіктің бұратылып немесе майысып қалмағанына көз
жеткізіңіз.
Су құятын түтіктің дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыдан су
ақпайды.
Раковина түтікшесінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
Су төгетін түтіктің бұратылып немесе майысып қалмағанына көз жеткізіңіз.
Су төгетін түтіктің дұрыс қосылғанына көз жеткізіңіз.
Егер су төгетін циклы жоқ бағдарламаны орнатсаңыз, су төгу
бағдарламасын орнатыңыз.
Аяқталғанда барабан ішінде су қалатын функцияны орнатсаңыз, су төгу
бағдарламасын орнатыңыз.
Су төгетін түтік сүзгісінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз. Қажет болса
сүзгіні тазалаңыз. "Күту менен тазалау" тарауын қараңыз.
Айналдыру циклы
жұмыс істемейді
немесе жуу циклы
əдеттегіден ұзаққа
созылады.
Барабандағы кірлерді қолмен таратып, айналдыру циклін қайта бастаңыз.
Бұл мəселе теңгерімге байланысты орын алуы мүмкін.
Айналдыру бағдарламасын орнатыңыз.
Аяқталғанда барабан ішінде су қалатын функцияны орнатсаңыз, су төгу
бағдарламасын орнатыңыз.
Су төгетін түтік сүзгісінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз. Қажет болса
сүзгіні тазалаңыз. "Күту менен тазалау" тарауын қараңыз.
Еденге су аққан. Су түтіктерінің жалғастырғыштарының берік екеніне жəне ешбір су ағып
тұрмағанына көз жеткізіңіз.
Су құятын жəне төгетін түтіктерге ешбір зақым келмегеніне көз жеткізіңіз.
Су төгетін сүзгінің мықтап бұралғанына көз жеткізіңіз.
Дұрыс жуғыш заттың дұрыс мөлшерде пайдаланылғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғының есігін
аша алмадыңыз.
Жуу бағдарламасының аяқталғанына көз жеткізіңіз.
Барабанның ішінде су бар болса, су төгу немесе айналдыру
бағдарламасын орнатыңыз.
Құрылғыдан тосын
шуыл шығады.
Құрылғының деңгейінің дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз. "Орнату
бойынша нұсқаулық" тарауын қараңыз.
Орам материалдарының жəне/немесе тасымал болттарының алынғанына
көз жеткізіңіз. "Орнату бойынша нұсқаулық" тарауын қараңыз.
Барабанға көбірек кір қосып салыңыз. Кір тым аз салынған болуы мүмкін.
Құрылғыға су
құйылады да, дереу
төгіледі.
Су төгетін түтіктің дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз. Су төгетін түтіктің
ұшы тым төмен болуы мүмкін. "Орнату бойынша нұсқаулық" тарауын
қараңыз.
17
www.zanussi.com
Ақаулық Ықтимал шешімі
Жуу нəтижелері
қанағаттанарлық
емес.
Жуғыш заттың мөлшерін көбейтіңіз немесе басқа жуғыш затты
пайдаланыңыз.
Оңай жуылмайтын дақтарды арнайы жуғыш заттарды пайдаланып, кір
жумай тұрып тазалаңыз.
Температураның дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Кірдің салмағын азайтыңыз.
Тексеріп болғаннан кейін құрылғыны іске
осыңыз. Бағдарлама үзілген жерінен
бастап жалғасады.
Ақаулық қайта орын алса, қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Қызмет көрсету
Фирмалық қосалқы бөлшектерді
пайдалануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқан
кезде мына деректерді дайындап алыңыз.
Бұл ақпаратты техникалық ақпарат
тақтайшасынан таба аласыз. үлгі (Mod.),
Өнім нөмірі (Prod.No.), Сериялық нөмірі
(Ser.No.).
Техникалық ақпарат
Өлшемдері Ені / Биіктігі / Тереңдігі 595 / 850 / 450 мм
Жалпы тереңдігі 490 мм
Электртоғына қосу: Кернеу
Жалпы қуат
Сақтандырғыш
Жиілік
230 В
2200 Вт
10 A
50 Гц
Төмен кернеумен жұмыс істейтін жəне ылғалға қарсы
қорғалмаған жерлерден басқа жерлердің барлығы қатты заттар
жəне ылғалдың кіруіне жол бермейтін қорғаныс қабатымен
қорғалған.
IPX4
Сумен жабдықтау қысымы Ең азы 0,5 бар (0,05 MПa)
Ең көбі 8 бар (0,8 MПa)
Сумен жабдықтау
1)
Суық су
Ең үлкен салмақ Мақта мата 6 кг
Айналдыру жылдамдығы Ең көбі 800 мин/айн
1) Су құятын түтікті 3/4'' бұрамасы бар су шүмегіне жалғаңыз.
18
www.zanussi.com
Содержание
Сведения по технике безопасности _ _ 19
Указания по безопасности _ _ _ _ _ _ _ 20
Охрана окружающей среды _ _ _ _ _ _ 22
Описание изделия _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 23
Панель управления _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 23
Программы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 24
Показатели потребления _ _ _ _ _ _ _ _ 25
Режимы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 25
Перед первым использованием _ _ _ _ 27
Ежедневное использование _ _ _ _ _ _ 27
Указания и рекомендации _ _ _ _ _ _ _ 30
Уход и очистка _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 31
Поиск и устранение неисправностей _ 33
Технические данные _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 35
Право на изменения сохраняется.
Сведения по технике безопасности
Перед установкой и эксплуатацией прибора внимательно оз-
накомьтесь с приложенным руководством. Производитель не
несет ответственность за травмы и повреждения, получен-
ные/вызванные неправильной установкой и эксплуатацией.
Позаботьтесь о том, чтобы данное руководство было у Вас
под рукой на протяжении всего срока службы прибора.
Безопасность детей и лиц с ограниченными
возможностями
ВНИМАНИЕ! Существует риск удушья, получения травм
или стойких нарушений нетрудоспособности.
Данный прибор может эксплуатироваться детьми старше 8
лет и лицами с ограниченными физическими, сенсорными
или умственными способностями и с недостаточным опы-
том или знаниями только после получения соответствую-
щих инструкций, позволяющих им безопасно эксплуатиро-
вать электроприбор и дающих им представление об опас-
ности, с
опряженной с его эксплуатацией.
Не позволяйте детям играть с прибором.
Храните все упаковочные материалы вне досягаемости де-
тей.
Храните все средства для стирки вне досягаемости детей.
Не подпускайте детей и домашних животных к прибору, ко-
гда его дверца открыта.
19
www.zanussi.com
Если прибор оснащен устройством защиты от детей, реко-
мендуем Вам включить это устройство.
Очистка и доступное пользователю техническое обслужи-
вание не должно производиться детьми без присмотра.
Общие правила техники безопасности
Перед выполнением операций по чистке и уходу выключи-
те прибор и извлеките вилку сетевого шнура из розетки.
Не изменяйте параметры данного прибора.
Соблюдайте максимально допустимую загрузку в 6 кг (см.
Главу «Таблица программ»).
В случае повреждения шнура питания во избежание не-
счастного случая он должен быть заменен изготовителем,
специалистом авторизованного сервисного центра или
специалистом с равнозначн
ой квалификацией.
Рабочее давление воды (минимальное и максимальное)
должно находиться в пределах 0,5 бар (0,05 МПа) и 8 бар
(0,8 МПа)
Вентиляционные отверстия в днище (если они предусмо-
трены конструкцией) не должны перекрываться ковровым
покрытием.
При подключении прибора к водопроводу должны исполь-
зоваться новые поставляемые с ним комплекты шлангов.
Ис
пользовать старые комплекты шлангов нельзя.
Указания по безопасности
Установка
Удалите всю упаковку и транспортиро-
вочные болты.
Транспортировочные болты следует со-
хранить. При повторном перемещении
прибора следует заблокировать бара-
бан.
Не устанавливайте и не подключайте
прибор, имеющий повреждения.
Не устанавливайте и не используйте
прибор при температуре ниже 0°C, а
также в местах, где он может быть под-
вержен воздействию погодных условий.
Следуйте приложенным к прибору ин-
струкциям по установке.
Убедитесь, что пол на месте установки
прибора ровный, прочный, чистый и не
боится нагрева.
20
www.zanussi.com
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56

Zanussi ZWG684V Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя

Задайте вопрос, и я найду ответ в документе

Поиск информации в документе стал проще с помощью ИИ