• Бастау түймешігінің индикаторы баяу
жыпылықтай бастайды
Қуатты үнемдеу режимін ажырату үшін
түймешіктердің бірін басыңыз.
Ақыл-кеңес
Кір салу
• Кірді былай сұрыптаңыз: ақ, түрлі-түсті,
синтетика, нəзік жəне жүн мата.
• Кірдің затбелгісіндегі жуу нұсқауларын
орындаңыз.
• Ақ жəне түрлі-түсті заттарды бірге
жумаңыз.
• Кейбір түрлі-түсті заттарды алғаш
жуғанда бояуы шығуы мүмкін. Оларды
алғаш жуғанда бөлек жууға кеңес
береміз.
• Жастық қаптарының түймесін салып,
тартпаларды тартып жауып, ілгектер
мен батырма түймешіктерді салыңыз.
Белбеулер
ді байлаңыз.
• Қалталарды босатып, оралған заттарды
ашыңыз.
• Көп қабатты матадан жасалған, жүн
матадан жасалған немесе сурет
салынған киімдердің астарын сыртына
аударыңыз.
• Қатты дақтарды кетіріңіз.
• Өте кір дақтарды арнайы жуғыш затпен
жуыңыз.
• Перделерді абайлап жуыңыз. Ілгектерін
алыңыз немесе перделерді кір жуатын
торға немесе жастықтың тысына
салыңыз.
• Құрылғыны келесі заттарды жуу үшін
пайдаланбаңыз:
– Жиегі кө
мкерілмеген немесе жыртығы
бар заттарды жумаңыз
– Сым өткізілген төс тартқыштарды.
– Ұсақ заттарды кі жуатын торға салып
жуыңыз.
• Кір өте аз салынса, айналдыру циклі
кезінде теңгерімді сақтауға қатысты
мəселе орын алуы мүмкін. Бұндай
жағдай орын алса, барабандағы кірді
қолмен таратып, қайта айналдыра
бастаңыз.
Оңай кетпейтін дақтар
Кейбір дақтарды кетіру үшін су мен жуғыш
зат жеткіліксіз болады.
Бұндай дақтарды кірді құрылғыға салмай
тұрып тазалауды ұсынамыз.
Дақ кетіретін арнайы құралдар болады.
Дақ пен матаның түріне сай келетін
арнайы дақ кетіргішті қолданыңыз.
Жуғыш заттар мен үстемелер
• Кір жуғыш машиналарға арналған жуғыш
заттар мен үстемелерді ғана
қолданыңыз.
• Əр түрлі жуғыш заттарды
ар
аластырмаңыз.
• Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін
жуғыш затты қажетті мөлшерден артық
пайдаланбаңыз.
• Осы заттардың орамында көрсетілетін
нұсқауларды орындаңыз.
• Матаның түріне жəне түсіне,
бағдарламаның температурасы мен
кірдің деңгейіне сай келетін құралдарды
қолданыңыз.
• Егер сұйық жуғыш затты қолдансаңыз,
алдын ала жуу циклін орнатпаңыз.
• Егер құрылғының жуғыш зат
үлестіргішінде мөлшерлегіш құрал
болмаса, мөлшерлегіш шарикті
қолданыңыз.
Судың ке
рмектігі
Сіз тұратын жердегі су өте кермек немесе
орташа кермек болса, кір жуғыш машинада
су жұмсартқышты қолдануды ұсынамыз.
Суы тұщы жерлерде су жұмсартқышты
қолдану қажет емес.
Жергілікті жердегі судың кермектігін білу
үшін су жүйесін басқару мекемесіне
хабарласыңыз.
Қолданылатын құралдардың орамында
көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз.
13
www.zanussi.com