IWB 5103 (CIS)

Whirlpool IWB 5103 (CIS), IWB 5083 (CIS), IWSB 5085 (CIS), IWSB 5093 (CIS) Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я прочитал инструкцию по эксплуатации стиральной машины Whirlpool модели IWB 5083. Я готов ответить на ваши вопросы о её установке, программах стирки, дополнительных функциях, таких как Eco Time и отбеливание, а также помочь с устранением возможных неполадок. В инструкции подробно описаны все этапы работы с устройством и рекомендации по уходу за ним.
  • Как подготовить белье к стирке?
    Как использовать функцию отбеливания?
    Что делать, если машина сильно вибрирует во время отжима?
    Как очистить сливной насос?
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
КІР ЖУҒЫШ МАШИНА CIS
ҚАЗАҚША, 1
Мазмұны
Орнату, 2-3
Орамасынан шығару және тегістеу
Су құбырына және электр желісіне қосу
Кір жуудың бірінші циклі
Техникалық сипаттамалары
Кір жуғыш машинаның және программаларды іске қосу тәртібінің сипаттамасы,
4-5
Басқару панелі
Индикаторлар
Программаларды іске қосу тәртібі
Программалар, 6
Программалар кестесі
Персонализацияланған бейімдеулер, 7
Температураны реттеу
Қосымша функциялар
Жуғыш құралдар және кір бұйымдар типтері, 8
Жуғыш құралдарды бӛлгіш
Ағарту
Кір бұйымдарды дайындау
Абайлап жууды талап ететін бұйымдар
Кір бұйымдарды теңестіру жүйесі
Сақтандырулар мен ұсыныстар, 9
Қауіпсіздікке қойылатын жалпы талаптар
Утильдеу
Техникалық қызмет көрсету және күтім жасау, 10
Су мен электр қуатын ӛшіру
Кір жуғыш машинаға күтім жасау
Жуғыш құралдарды бӛлгішке күтім жасау
Машина есігіне және барабанға күтім жасау
Насосқа күтім жасау
Су құйғыш шлангіні тексеру
Ақауларды іздеу
және оларды жою тәсілдері, 11
Сервистік қызмет көрсету, 12
Орнату
! Бұл нұсқаулықты сақтаңыз. Ол кір жуғыш машинаны сатып алған, берген немесе жаңа пәтерге кӛшкен
жағдайларда жабдықпен бірге болуы қажет, яғни жаңа иесі оның жұмыс істеу және оған қызмет кӛрсету
ережелерімен таныса алатын болуы керек.
! Нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз: онда кір жуғыш машинаны орнату мен пайдалану қауіпсіздігі туралы
маңызды мәліметтер берілген.
Орамасынан шығару және тегістеу
Орамасынан шығару
1. Кір жуғыш машинаны орамасынан шығарыңыз.
2. Жабдықтың тасымалдау кезінде бүлінбегеніне кӛз жеткізіңіз. Бүлінген болса машинаны қоспаңыз тез
арада жеткізушімен хабарласыңыз.
3 . Кір жуғыш машинаның артқы жағында орналасқан тӛрт тасымалдау винті мен тӛсемесі бар резеңке
тығындарды алып тастаңыз (сур. қара.).
4. Тесіктерді қоса берілген пластик тығындарымен жабыңыз.
5. Барлық бӛлшектерін сақтаңыз: олар кір жуғыш машинаны тағы да тасымалдағанда қажет болады.
! Балалардың орама материалдармен ойнауына рұқсат етпеңіз.
Тегістеу
1. Кір жуғыш машинаны тегіс және мықты еденге, ол қабырғаға, жиһазға немесе басқа нәрселерге
тимейтіндей етіп, орналастырыңыз.
2. Машинаны орнатқаннан кейін оның алдыңғы аяқтарын бұрау арқылы тұрақтандырыңыз (сур. қара.).
Ол үшін әуелі контргайканы босату керек, бейімдеп болғаннан кейін контргайканы қайтара тартып қойыңыз.
Машинаны орнатқаннан кейін корпустың жоғарғы қақпағының тегістік деңгейін тексеріңіз, кӛлденеңдігінің
ауытқуы -тан артық болмауы керек.
Жабдықты дұрыс тегістеп қою шудан, дірілден және машина жұмыс істеп тұрған кезде орнынан қозғалудан
арылуға кӛмектеседі.
Егер кір жуғыш машина кілем тӛселген еденде тұрған болса, оның түбінің кілемнен жоғары тұрғандығына
кӛз жеткізіңіз. Керісінше жағдайда, желдетілуі қиындайды немесе мүлде тоқтап қалады.
Су құбырына және электр желісіне қосу
Су құйғыш шлангіні қосу
1. А тӛсемесін су құйғыш шлангінің ұшына қойып, оны суық су құбырының 3/4 дюймдік бұрандалы
тесігіне кигізіңіз (сур. қара.).
Қосар алдында су құбырының шүмегін ашып, лас суды ағызып жіберіңіз.
2. Су құйғыш шлангіні кір жуғыш машинаға қосыңыз, ол үшін оны машинаның артында оң жақ жоғарысында
орналасқан су қабылдағышқа бұрап қосыңыз (сур.қара.).
3. Шлангінің қатты бұралмағанына және қысылып қалмағанына кӛз жеткізіңіз.
! Су қысымы Техникалық сипаттамалар кестесінде кӛрсетілген мәндер шегінде болу керек. (3-бетті қара).
! Егер су құбыры шлангінің ұзындығы жеткіліксіз болса, Авторландырылған қызмет кӛрсету орталығына
хабарласыңыз.
! Бұрын қолданыста болған шлангілерді ешқашан пайдаланбаңыз.
Су ағызғыш шлангіні қосу
Су ағызғыш шлангінің бүгілген ұшын раковинаның жиегіне іліңіз немесе канализацияның арнайы тесігіне
орналастырыңыз. Шланг қатты бүгіліп кетпесін. Су ағызғыш шлангінің жоғарғы нүктесі еденнен 65-100 см
биіктікте орналасу керек. Су ағызғыш шлангінің орналасуы суды ағызған кезде ағынның үзіліп отыруын
қамтамасыз ету қажет (шлангінің ұшы суға салынбауы керек).
Ваннаның немесе раковинаның жиегіне бекіткен жағдайда, шланг шүмекке бекітілетін бағыттаушының
кӛмегімен ілінеді (жеткізу жиынтығына кіреді) (сур.).
! Су ағызғыш шлангі үшін ұзартқыштарды пайдаланбаған жӛн, қажет болған жағдайда, оны сондай
диаметрлі және ұзындығы 150 см-ден артық емес шлангімен ұзартуға рұқсат етіледі.
Электр желісіне қосу
Назар аударыңыз! Жабдық міндетті түрде жерге қосылуы керек!
1. Машина электр желісіне жерге қосылған түйіспесі бар екі полюсты розетканың кӛмегімен қосылады (розетка
машинамен бірге берілмейді). Фазалық сым желінің 16 А максималды тогына (іске қосылу тогы) есептелген және
іске қосылу уақыты 0,1 с. артық емес қорғаныс автоматы арқылы қосылуы қажет.
2. Машинаны орнататын орынға жақын жерде 1,5 кв. мм-ден кем емес қимасы бар (немесе 2,5 вк. мм-ден кем
емес қималы алюминий тарамы бар) жез тарамды үш сымдық кабелі бар жерге қосылған түйіспелі розетка
болатын болса, электр желісін ӛңдеу қажет етілмейді. Кӛрсетілген розетка мен сым болмаған жағдайда, оларды
монтаждау керек.
3. Жерге жеке сыммен қосуға рұқсат етілмейді.
4. Электр желісін қажетті дәрежеге жеткізу үшін ППВ 3х1,5 380 ГОСТ 6223-79 типті сымдарды пайдалану
ұсынылады. Кабельдердің машинаны пайдалану барысында ӛрт және электр қауіпсіздігімен қамтамасыз ете
алатын басқа да маркаларын пайдалануға рұқсат етіледі.
Машинаны желіге қосар алдында төмендегілерге көз жеткізіңіз:
розетка мен сым нұсқаулықтың осы бӛлімінде кӛрсетілген талаптарға сәйкес келеді;
желі тогының кернеуі мен жиілігі машина деректеріне сәйкес келеді;
розетка мен аша бір типті;
розетка нұсқаулықтың осы бӛлімінде сипатталған қауіпсіздік нормаларына сәйкес жерге қосылған.
Егер аша розеткаға сәйкес келмейтін болса, оны розеткаға сәйкес келетін жаңасына ауыстыру керек, немесе
қоректендіруші кабельді ауыстыру қажет. Кабельді ауыстыруды тек білікті мамандар ғана жүргізу керек.
Ауыстырғыштарды, екілік және одан да кӛптік розеткаларды, ұзартқыштарды пайдалануға тыйым салынады (олар
ӛрт шығу қаупін тудырады. Егер Сіз оларды пайдалану ӛте қажет деп есептейтін болсаңыз, қауіпсіздік талаптарын
қанағаттандыратын бір ғана ұзартқышты пайдаланыңыз.
Осы нұсқаулықта баяндалған, үлкен қуатты тұрмыстық аспаптарға қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзу
арқылы қосылған жабдық потенциалды түрде қауіпті болып табылады. Егер көрсетілген орнату нормаларын
бұзу нәтижесінде денсаулыққа немесе мүлікке залал келтірілетін болса, өндіруші ол үшін жауапкершілік
жүктемейді..
Кір жуудың бірінші циклі
Машинаны орнатып болғаннан кейін, оны пайдаланар алдында кір жуғыш ұнтақ қосып, бірақ кір бұйымдар
салмай, кір жуудың бірінші циклін алдын ала кір жуусыз 90°C программасымен жүргізу керек.
Техникалық сипаттамалары
Моделі IWB 5083
Көлемі ені 59,5 см
биіктігі 85 см
тереңдігі 52,5 см
Толтыру 1 - 5 кг
Электрлік
параметрлері машинадағы электрлік параметрлері кӛрсетілген паспорттық табличканы қараңыз
Гидравликалық
параметрлері max қысым 1 Мпа (10 бар)
min қысым 0,05 Мпа (0,5 бар)
барабанның кӛлемі 40 л
Сығу
жылдамдығы 800 мин/айн дейін
EN 60456
нормативіне сәйкес
бақылау
программалары программа 2; температура 60°C;
5 кг дейін толтырған кезде.
Машина Еуропалық Экономикалық қауымдастықтың мынадай Директиваларына сәйкес келеді:
- 89/336 /ЕЕС, 03.05.89 (электромагниттік үйлесімділік) және келесі модификациялаулар - 2006/95/CE (тӛмен
кернеулі)
Кір жуғыш машинаның және
программаларды іске қосу тәртібінің
сипаттамасы
Кір жуғыш құралдарды бөлгіш: кір жуғыш заттар мен қоспаларды салуға арналған (қара.: «Жуғыш
құралдар және кір бұйымдар типтері»).
ҚОСУ / ӨШІРУ батырмасы кір жуғыш машинаны қосу және ӛшіру үшін пайдаланылады.
Программаларды таңдау тұтқасы программаларды таңдау үшін қызмет етеді.
Программа орындалып жатқан кезде тұтқа қозғалыссыз тұрады.
Қосымша ФУНКЦИЯЛАРДЫҢ индикаторлары бар батырмалар: қол жеткізуге болатын қосымша
функцияларды таңдау үшін қызмет етеді. Таңдалып алынған функция батырмасы қосылып тұрады.
ТЕМПЕРАТУРА реттеуші: температураны бейімдеу немесе кірді суық суда жуу үшін қызмет етеді
(қара.: «Персонализацияланған бейімдеулер»).
ЦИКЛ/ҚОСУ фазаларын тоқтатып орындау индикаторлары: кір жуу программаларының
орындалу кезектілігін кӛрсетеді.
Қосылып тұрған индикатор ағымдағы фазаға сәйкес келеді.
Егер «Кейінге қалдыру» таймері қосылған болса, индикаторлар программаны іске қосуға дейінгі қалған
уақытты кӛрсетеді (бетті бүйірінен қара.).
ЛЮКТІ ТОСҚАУЫЛҒА ҚОЮ индикаторы: люкты ашуға болатын-болмайтындығын кӛрсетеді
(бетті бүйірінен қара.).
ҚОСУ / ПАУЗА индикаторы бар батырма: программаны іске қосу немесе уақытша тоқтату үшін
қызмет етеді.
Басқару панелі
Кір жуғыш құралдарды бөлгіш
ҚОСУ / ӨШІРУ батырмасы
Программаларды
таңдау тұтқасы
Қосымша
функциялардың
индикаторлары бар
батырмалар
ТЕМПЕРАТУРА реттеуші
ЦИКЛ/ҚОСУ фазаларын
тоқтатып орындау
индикаторлары
ҚОСУ / ПАУЗА
индикаторы бар
батырма
ЛЮКТІ ТОСҚАУЫЛҒА
ҚОЮ индикаторы
ЕСКЕРТУ: кір жуудың ағымдағы циклін уақытша тоқтату үшін осы батырманы басыңыз. Сәйкес индикатор
қызыл-сары түспен жанып-ӛше бастайды, ал кір жуудың ағымдағы фазасын кӛрсететін индикатор бір
қалыпты жанып тұрады. Егер ЛЮКТІ ТОСҚАУЫЛҒА ҚОЮ индикаторы ӛшсе, люкты аша беруге болады.
Кір жуу циклін тоқтатылған сәттен бастап қайта қосу үшін ҚОСУ / ПАУЗА батырмасын тағы басыңыз.
Күту режимі
Бұл кір жуғыш машина электр қуатын үнемдеу жӛніндегі жаңа нормативтердің талаптарына жауап береді,
автоматты түрде ӛшірілу жүйесімен жабдықталған (энергияны сақтау режимі), ол машина тоқтағаннан кейін
бірнеше минуттан кейін қосылады. ҚОСУ / ӚШІРУ батырмасын бір рет басыңыз да, машина қайта
қосылғанша күте тұрыңыз.
Индикаторлар
Индикаторлар пайдаланушыға маңызды мәліметтерді хабарлайды.
Индикаторлардың мәні:
Кейінге қалдыру таймері
Егер «Кейінге қалдыру» функциясы қосылған болса (қара.: «Персонализацияланған бейімдеулер»),
программа іске қосылғаннан кейін кейінге қалдырылған уақытқа сәйкес келетін индикатор жанып-ӛше
бастайды:
Уақыт есептелген сайын, сәйкес индикатордың жанып-ӛшуімен бірге қалған уақыт кӛрсетіледі.
Кӛрсетілген уақыт аяқталғаннан кейін берілген программа іске қосылады.
Циклдің ағымдағы фазасының индикаторлары:
Кір жуу циклі таңдалып, іске қосылғаннан кейін индикаторлар программаның орындалу кезектілігін кӛрсете
отырып, бірінен кейін бірі жанады:
Жуу
Шаю
Сығу
Суды ағызу
Циклдің аяғы
Қосымша функциялар батырмалары және сәйкес индикаторлар
Функцияны таңдау кезінде сәйкес батырма жанады..
Егер таңдалып алынған функция берілген программамен үйлеспейтін болса, сәйкес индикатор ӛшіп-жана
бастайды да, мұндай функция іске қосылмайды.
Егер алдында таңдалып алынған функциямен сәйкес келмейтін функция таңдалса, онда алдыңғы таңдалып
алынған функцияның индикаторы ӛшіп-жана бастайды да, екінші қосымша функция ғана қосылады,
қосылған функцияның индикаторы жанады.
Люкті тоқсауылға қою индикаторы:
Жанып тұрған индикатор абайсызда ашып қалмас үшін люктің тосқауылда тұрғанын білдіреді.
Оны бұзып алмас үшін, люкті ашар алдында индикатордың ӛшкенін күту керек (3 минуттай күтесіз). Егер
люкті цикл іске қосылғаннан кейін ашу керек болса, ҚОСУ / ПАУЗА батырмасын басыңыз. ЛЮКТІ
ТОСҚАУЫЛҒА ҚОЮ индикаторы ӛшкеннен кейін есікті ашуға болады.
Программаны іске қосу тәртібі
1. ҚОСУ / ӚШІРУ батырмасын басып, кір жуғыш машинаны қосыңыз. Барлық индикаторлар бірнеше
секундқа қосылып, қайта ӛшеді, ал ҚОСУ / ПАУЗА индикаторы ӛшіп-жана бастайды.
2. Кір бұйымдарды салып, машинаның есігін жабыңыз.
3. ПРОГРАММАЛАРДЫ таңдау тұтқасының кӛмегімен қажетті программаны таңдаңыз.
4. Кір жуу температурасын таңдаңыз (қара.: «Персонализацияланған бейімдеулер»).
5. Бӛлгішке жуғыш құралды және қоспаларды (қара.: «Кір жуғыш заттар және кір бұйымдардың типтері»)
6. Қажетті қосымша функцияларды қосыңыз.
7. ҚОСУ / ПАУЗА батырмасын басып, программаны іске қосыңыз, сәйкес индикатор жасыл түспен жанады.
Іске қосуды тоқтату үшін ҚОСУ / ПАУЗА батырмасын басып, жаңа циклді таңдаңыз.
8. Программа аяқталғаннан кейін END индикаторы жанады. ЛЮКТІ ТОСҚАУЫЛҒА ҚОЮ индикаторы
ӛшкеннен кейін люкті ашуға болады. Бұйымдарды шығарып, барабанды кептіру үшін люктің қақпағын жартылай
ашық қалдырыңыз. ҚОСУ / ӚШІРУ батырмасын басып, кір жуғыш машинаны ӛшіріңіз.
Программалар
Программалар кестесі
Про
гра
мма
лар
Макс.те
мп.
(°C)
Макс.жыл
д.
(айн/мин)
Кір жуғыш құралдар
Макс.жүктеу (кг)
Циклдің ұзақтығы
Алдын
ала
жуу
Жуу
Ағартқ
ыш
Шайғы
ш
Қалыпт
ы
Eco
Time
Қалыпт
ы
Eco
Time
Күнделікті программалар
1
МАҚТА: суға жібітіп
қою арқылы жуу
90°
800
.
.
-
.
5
-
171
-
2
МАҚТА: қатты
кірлеген ақ бұйым
90°
800
-
.
.
.
5
-
155
-
2
МАҚТА (1): қатты
кірлеген ақ және
мықты боялған
түрлі-түсті бұйым
60°
800
-
.
.
.
5
-
153
-
2
МАҚТА (2): қатты
кірлеген ақ және
нәзік түрлі-түсті
бұйым
40°
800
-
.
.
.
5
-
147
-
3
МАҚТА: қатты
кірлеген ақ және
мықты боялған
түрлі-түсті бұйым
60°
800
-
.
.
.
5
2,5
130
104
4
ТҮРЛІ-ТҮСТІ
МАҚТА (3) қатты
кірлемеген ақ және
нәзік түрлі-түсті
бұйым
40°
800
-
.
.
.
5
2,5
92
71
5
СИНЕТЕТИКА:
қатты кірлеген
мықты боялған
түрлі-түсті бұйым
60°
800
-
.
.
.
2,5
1,5
85
72
6
СИНЕТЕТИКА:
қатты кірлемеген
мықты боялған
40°
800
-
.
.
.
2,5
1,5
71
60
түрлі-түсті бұйым
Арнайы программалар.
7
ЖҮН: жүн, кашемир
және т.б. үшін
40°
600
-
.
-
.
1
-
55
-
8
ЖІБЕК /
ПЕРДЕЛЕР: жібек,
вискозадан
жасалған
бұйымдар және іш
киім үшін
30°
0
-
.
-
.
1
-
55
-
9
Джинса
40°
800
-
.
-
.
2,5
-
70
-
10
Экспресс 15': қатты
кірлемеген
киімдерді тез
шайып алу үшін
(жүннен, жібектен
жасалған және
қолмен жуу қажет
бұйымдарға
арналмаған)
30°
800
-
.
-
.
1,5
-
15
-
Спорт программалар
11
Спорт
30°
600
-
.
-
.
2,5
-
78
-
12
Спорт интенсив
30°
600
-
.
-
-
2,5
-
68
-
13
Спорттық аяқ киім
30°
600
-
.
-
-
(макс.
2 жұп)
-
50
-
Қосымша программалар
ри
с
Шаю
-
800
-
-
.
5
-
36
-
ри
с
Сығу
-
800
-
-
-
5
-
16
-
ри
с
Сығусыз суын
ағызу
-
0
-
-
-
5
-
2
-
Барлық тестілеу институттары үшін:
1) EN 60456 Директивасына сәйкес басқару программалары: 60°С температурамен 2-
программаны қосыңыз.
2) М/м бұйымдарына арналған ұзақ программа: 40°С температурамен 2-программаны қосыңыз.
3) М бұйымдарына арналған қысқа программа: 40°С температурамен 4-программаны
қосыңыз.
Арнайы программалар
Экспресс 15' (10-программа): қатты кірлемеген бұйымдарды тез жууға арналған, цикл бар-жоғы 15 минутқа
созылады, бұл уақыт пен электр қуатын үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл программамен (10, 30°С) әр түрлі
матадан тігілген бұйымдарды максималды 1,5 кг жүктей отырып, бірге жууға болады (мұнда жүн мен жібектен
тігілген бұйымдар кірмейді).
Спорт (11-программа): ӛте кір спорт киімдерін жууға арналған (спорттық костюмдер, шұлықтар және т.б.);
жақсырақ нәтижеге қол жеткізу үшін «Программалар кестесінде» кӛрсетілген жүктеу шегінен аспауды ұсынамыз.
Спорт интенсив (12-программа): аса қатты кірлемеген спорт киімдерін (спорттық костюмдер, шұлықтар және т.б.)
жууға арналған; жақсырақ нәтижеге қол жеткізу үшін «Программалар кестесінде» кӛрсетілген жүктеу шегінен
аспауды ұсынамыз. Жартылай жүктеуге сәйкес кӛлемде сұйық жуғыш құралдарды пайдалануды ұсынамыз.
Спорттық аяқ киімдер (13-программа): спорттық аяқ киімдерді жууға арналған; жақсырақ нәтижеге қол жеткізу үшін
бір ретте 2 жұптан артық аяқ киім жумауды ұсынамыз.
Спорттық аяқ киімдер (13-программа): спорттық аяқ киімдерді жууға арналған; жақсырақ нәтижеге қол жеткізу
үшін бір ретте 2 жұптан артық аяқ киім жумауды ұсынамыз.
Спорттық аяқ киім (13-программа): Спорттық аяқ киімдерді жууға арналған; жақсы нәтижелерге қол жетикізу үшін
бір мезгілде екі жұп аяқ киімнен артық жумауды ұсынамыз.
Персонализацияланған бейімдеулер
Температураны реттеу
Кір жуу температурасын реттеу ТЕМПЕРАТУРА реттегіш кӛмегімен жүргізіледі («Программалар кестесін»
қара.)
Температура мәні суық суда жууға дейін тӛмендетілуі мүмкін.
Машина әрбір программа үшін кӛзделген максималды мәннен артық мәнді автоматты түрде жібермейді.
Қосымша функциялар
Машинаның әр алуан кір жуу қызметтері сіздің жуатын бұйымдарыңыздың қалаулы тазалығына және
ақтығына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Қызметтерді таңдау тәртібі:
1. Ӛзіңізге қажетті функцияның батырмасын басыңыз;
2. Сәйкес батырманың іске қосылуы функцияның активтендірілгенін білдіреді.
Ескерту: Батырманың жиі-жиі жанып-ӛшуі бұл функцияның берілген программа үшін таңдала
алмайтындығын білдіреді.
Eco Time
Бұл опцияны таңдау кезінде механикалық қозғалыс, температура және су аса кірлемеген мақта-мата және
синтетикалық бұйымдардың азайтылған жүктемесі үшін іске қосылады («Программалар кестесін» қара.).
«Eco Time» режимінде суды және электр қуатын үнемдей отырып, бұйымдарды қысқа мерзім ішінде жуып
шығуға болады. Сұйық жуғыш құралдың жүктеме кӛлеміне сәйкес келетін дозасын пайдалануды ұсынамыз.
! Бұл функция 1, 2, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, программаларымен сәйкес келмейді.
Ағарту
Сіңіп кеткен кірді кетіруге арналған ағарту циклі. Ағартқышты қосымша 4-бӛлікке құйыңыз («Ағарту»-ды
қара.).
! Бұл функция 1, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, программаларымен сәйкес келмейді.
800-500
Бұл батырманың кӛмегімен сығу жылдамдығын тӛмендетуге болады.
! Бұл функция 8, программаларымен сәйкес келмейді.
Кейінге қалдыру таймері
Циклді қосуды 12 сағатқа дейін тоқтата алады.
Тоқтатудың қажетті мәніне сәйкес келетін индикатор жанғанға дейін батырманы бірнеше рет басыңыз.
Бесінші рет басқанда функция ӛшіріледі.
ЕСКЕРТУ: ҚОСУ / ӚШІРУ батырмасын басу арқылы кейінге қалдыру мәнін азаю жағына қарай ӛзгертуге
болады.
! Бұл функция кез келген программамен сәйкес келмейді.
Жуғыш құралдар және кір
бұйымдардың типі
Жуғыш құралдарды бөлгіш
Кірдің жақсы жуылуы жуғыш құралдарды дұрыс бӛлінуіне де байланысты: оның шектен тыс кӛп болуы кірдің
тиімді жуылуына кепілдік бермейді, керісінше, машинаның ішінде қақ тұрып қалуына, қоршаған ортаның
ластануына әкелуі мүмкін.
! Қолмен жууға арналған жуғыш құралдарды пайдаланбаңыз қатты кӛбіктенуі кір жуу нәтижесін
тӛмендетеді және машинаны қатардан шығаруы мүмкін.
Бӛлгішті тартып шығарып, оны жуғыш құралмен және қоспамен тӛмендегі тәртіппен толтырыңыз:
1-бөлімше: алдын ала жууға арналған жуғыш құрал (ұнтақ)
Кір жуғыш ұнтақты салар алдында ағартқышқа арналған 4-бӛлімшенің орнатылмағанына кӛз жеткізіңіз.
2-бөлімше: кір жууға арналған жуғыш құрал (ұнтақ немесе сұйық)
Кір жууға арналған сұйық құрал машинаны іске қосардың алдында құйылады.
3-бөлімше: Қосындылар (жұмсартқыштар, хош иістендіргіштер және басқа)
Шайғыштарға арналған 3-бӛлімшені торшасынан жоғары толтырмаңыз.
Қосымша 4-бөлімше: Ағартқыш немесе жеңіл ағартқыш.
! Қолмен жууға арналған жуғыш құралдарды пайдаланбаңыз қатты кӛбіктенуі кір жуу нәтижесін
тӛмендетеді және машинаны қатардан шығаруы мүмкін.
Ағарту
! Әдеттегі ағартқышты мықты ақ матадан жасалған бұйымдарды жуғанда пайдаланады; жеңіл ағартқышты
түрлі-түсті, синтетикалық және жүн бұйымдар үшін пайдалануға болады.
Ағартқышқа арналған 4-науа жуғыш құралдарды бӛлгіштің 1-бӛлімшесіне қойылады. 4-науаны max
белгісінен жоғары толтырмаңыз (сур. қара.). Тек қана ағарту жүргізу үшін ағартқышты қосымша 4-науаға
құйыңыз, «Шаю» программасын таңдап, «Ағарту» функциясын іске қосыңыз.
Кір жуу барысында ағарту жүргізу үшін кір жуғыш ұнтақ пен жұмсартушы қосыңыз, қажетті программаны
таңдаңыз және «Ағарту» функциясын іске қосыңыз. Қосымша 4-науаны пайдалану алдын ала жууды
пайдалану мүмкіндігін тоқтатады.
Кір бұйымдарды дайындау
Кір бұйымдарды тӛмендегі белгілері бойынша сұрыптаңыз:
- мата типіне қарай / этикеткадағы белгілеулерге қарай
- түсіне қарай: түрлі-түсті бұйымдарды ақ бұйымдардан ажыратыңыз.
Қалталарынан барлық заттарды шығарыңыз және түймелерінің мықтылығын тексеріңіз.
Барабанды толтырудың құрғақ бұйым үшін кӛрсетілген максималды кӛлемінен аспаңыз:
Қалың маталар: макс. 5 кг
Синтетикалық маталар: макс. 2,5 кг
Нәзік маталар: макс. 2 кг
Жүн маталар: макс. 1 кг
Жібек маталар: макс. 1 кг.
Бұйымдардың салмағы:
1 ақжайма 400 500 г
1 жастық тыс 150 200 г
1 дастархан 400 500 г
1 халат 900 1200 г
1 сүлгі 150 250 г
Абайлап жууды талап ететін бұйымдар
Жүн: Кір жуғыш машинаның 7-программа режимінде кез келген жүн бұйымдарды, соның ішінде «тек қолмен
жуу» этикеткасы бар бұйымдарды да жууға болады. Кір жуу нәтижесі жақсы болу үшін арнайы жуғыш
құралдарды пайдаланыңыз және 1 кг артық бұйым салмаңыз.
Жібек: Барлық жібек бұйымдарды жууға арналған 8-программаны пайдаланыңыз. Нәзік маталарға арналған
арнйаы кір жуғыш заттарды пайдалану ұсынылады.
Перделер: орап, қосымша беріліп отырған қалтаға салыңыз. 8-программаны таңдаңыз.
Джинса: Бұйымды жуар алында теріс айналдырыңыз және сұйық жуғыш құралды пайдаланыңыз. 9-
программаны пайдаланыңыз.
Кір бұйымдарды теңестіру жүйесі
Кірді әрбір сығар алдында шектен тыс діріл болмас үшін машина барабандағы бұйымдарды бір қалыпты
етіп бӛледі. Бұл барабанның кір жуу жылдамдығынан шамалы артатын жылдамдықпен үздіксіз айналуы
есебенен жүргізіледі.
Егер бірнеше рет әрекет еткеннен кейін кір бұйым бір қалыпты болып таралмаса, машина сығуды тӛмен
жылдамдықпен жүргізеді.
Сақтандырулар мен ұсыныстар
! Кір жуғыш машина қауіпсіздіктің халықаралық нормаларына сәйкес жобаланып, жасалған. Сіздің
қауіпсіздігіңіз үшін жасалған мына сақтандырулармен мұқият танысып шығыңыз.
Қауіпсіздікке қойылатын жалпы талаптар
Машинаны пайдаланып болғаннан кейін оны міндетті түрде тоқ желісінен ӛшіріп, су құбыры шүмегін
жабыңыз.
Бұл бұйым тек қана үйде пайдалануға арналған.
Кір жуғыш машинаны осы нұсқаулықта берілген нұсқауларды сақтайтын үлкендер ғана пайдалануы керек.
Бұйымға ылғал қолдармен, жалаң аяқ немесе ылғал киіммен жанаспаңыз.
Ашаны розеткадан шығару үшін қоректендіруші кабельді тартпаңыз: ашадан ұстаңыз.
Машина жұмыс істеп тұрғанда жуғыш құралдарды бӛлгішті ашпаңыз.
Ағызатын суға тимеңіз, оның температурасы ӛте жоғары болуы мүмкін.
Машина тоқтағаннан кейін оның есігі үш минуттан кейін ашылады. Бұл уақыт аралығында есікгін ашуға
тырыспаңыз (сондай-ақ аспап жұмыс істеп тұрғанда!): бұл тосқауыл механизмін зақымдауы мүмкін.
Қандай жағдайда да ақау пайда болғанда оны жӛндеуге әрекет жасап, машинаның ішкі бӛлігіне тиіспеңіз..
Балалардың жұмыс істеп тұрған кір жуғыш машинаға жақындамауын қадағалаңыз.
Кір жуу кезінде кір жуғыш машинаның есігі қызып кетуі мүмкін.
Егер кір жуғыш машинаның орнын ауыстыру керек болса, оны екі-үш адам болып, барынша абайлап жасау
керек. Ешқашан да машинаны жалғыз ӛзіңіз кӛтермеңіз – аспап ӛте ауыр.
Кір жуғыш машинаға кір бұйымдарды салар алдында барабанның бос екеніне кӛз жеткізіп алыңыз.
Кір жуғыш машина физикалық, сезімталдық немесе ақыл-ой қабілеті тӛмен (балаларды қоса алғанда)
немесе ӛмірлік тәжірибесі немесе білімі жоқ адамдардың пайдалануына арналмаған, егер олар бақылауда
болмаса немесе олардың қауіпсіздігіне жауап беретін адам аспапты пайдалану туралы нұсқаулық бермесе.
Балалар кір жуғыш машинамен ойнамас үшін, қадағалауда болулары керек.
Утильдеу
Қаптама материалды утильдеу: қаптама материалдарды қайта пайдалану мақсатында жергілікті
нормативтерді сақтаңыз.
Электрондық және электрлік аспаптарды утильдеуге қатысты Еуропалық 2002/96/СЕ Директивасына
сәйкес, электр аспаптары әдеттегі қалалық қалдықпен бірге тасталмауы керек. Қатардан шыққан аспаптар
олар жасалған материалдарды оңтайландыру, қайта пайдалану және рекуперациялау үшін, сондай-ақ
қоршаған орта мен денсаулық қауіпсіздігі үшін бӛлек жиналуы қажет. Барлық аспаптарда кӛрсетілетін
ортасынан сызылған қалдық жәшігі символы оларды жеке утильдеу керектігін еске салу болып табылады.
Тұрмыстық электр аспаптарын дұрыс утильдеу туралы толық ақпарат алу үшін пайдаланушылар арнайы
мемлекеттік ұйымға немесе дүкенге жүгіне алады.
Техникалық қызмет көрсету және
күтім жасау
Су мен электр қуатын өшіру
- Әрбір кір жуудан кейін су құбырының шүмегін жауып қойыңыз. Сонда кір жуғыш машинаның су
құбыры жүйесінің тозу қарқындылығы азаяды және су тамшылау ықтималдығы болмайды.
- Машинаны жуар және техникалық қызмет кӛрсетер алдында ашасын розеткадан шығарыңыз.
Кір жуғыш машинаға күтім жасау
Машинаның сыртқы және резеңке бӛлшектерін жылы сабын сумен ылғалдандырылған жұмсақ матамен
тазалаңыз. Еріткіштер немесе абразивті тазалау құралдарын пайдаланбаңыз.
Жуғыш құралдарды бөлгішке күтім жасау
-Жуғыш құралдарды бӛлгішті мезгіл сайын жуып отырыңыз. Бӛлгішті шамалы кӛтеріп, ӛзіңізге қарай тартып
шығарыңыз да (сур. қара.), ағын судың астына жуыңыз. Бұл операция тұрақты жүргізіліп тұруы керек.
Люкке және барабанға күтім жасау
- Әрбір кір жуудан кейін барабанда жағымсыз иіс пен кӛгеру пайда болмас үшін машина есігін жартылай
ашық қалдырыңыз.
Насосқа күтім жасау
Кір жуғыш машинаның ӛздігінен тазаланатын типті су ағызушы насосы бар, ол тазалауды немесе
техникалық қызмет кӛрсетуді талап етпейді. Дегенмен ұсақ заттар (тиындар, түймелер және басқа) насосқа
кездейсоқ түсіп кетуі мүмкін.
! Кір жуу циклінің аяқталғанына кӛз жеткізіңіз, содан кейін аспапты тоқ желісінен ӛшіріңіз. «Ұстағышқа» қол
жеткізу үшін:
1. Кір жуғыш машинаның алдыңғы панелін бұрағыштың кӛмегімен ашыңыз (сур. қара.);
2. Сүзгінің қақпағын сағат тіліне қарама-қарсы бұрай отырып, шығарып алыңыз (сур.
қара.): насостан шамалы су ағуы мүмкін бұл қалыпты құбылыс;
3.Сүзгіні ішінен мұқият тазалаңыз;
4. Қақпағын қайтара бұрап жабыңыз;
5. Алдыңғы панельді орнына қойыңыз, барлық ілмектерінің сәйкес тесіктерге кіргеніне алдын ала кӛз
жеткізіп алыңыз.
Су құйғыш шлангіні тексеру
Шлангіні кем дегенде жылына бір рет тексеріп отырыңыз. Кез келген су тамшылау немесе ақау белгілері
пайда болған жағдайда, шлангіні тез арада ауыстырыңыз. Машина жұмыс істеп тұрған кезде су қысымымен
тұрған ақаулы шланг кенеттен жарылып кетуі мүмкін.
! Бұрын пайдалануда болған шлангілерді ешқашан пайдаланбаңыз.
Ақауларды іздеу
және оларды жою тәсілдері
Кір жуу нәтижесі қанағаттандырмаған немесе ақау пайда болған жағдайларда, Авторландырылған қызмет
кӛрсету орталығына жүгінбес бұрын («Сервистік қызмет көрсету»-ді қара.) осы бӛлімді оқып алыңыз.
Кӛптеген жағдайларда туындаған проблемаларды ӛзіңіз шеше аласыз.
Табылған ақау:
Ықтимал себептері / Жою тәсілдері
Кір жуғыш машина іске қосылмайды.
- Аша розеткаға қосылмаған немесе нашар
қосылған, түйісумен қамтамасыз етпейді.
- Үйде электр қуаты жоқ.
-
Кір жуу циклі іске қосылмайды.
- Машинаның есігі нашар жабылған.
- ҚОСУ / ӚШІРУ батырмасы басылған жоқ.
- ҚОСУ / ПАУЗА батырмасы басылмаған.
- Су беру шүмегі жабық.
- Циклді кейінге қалдыру программасы
қосылған.
Кір жуғыш машина су құймайды (кір жуудың
бірінші фазасының индикаторы жиі жанып-
өшеді)
- Су құйғыш шланг шүмекке қосылмаған.
- Шланг қысылып қалған.
- Су беру шүмегі жабық.
- Үйде су жоқ.
- Су құбырындағы қысым тӛмен.
- ҚОСУ / ПАУЗА батырмасы басылмаған.
Кір жуғыш машина суды үздіксіз құйып-төгеді.
- Су ағызу шлангі еденнен 65 см тӛмен
немесе 100 см жоғары орналасқан
(«Орнату»-ды қара.).
- Су ағызу шлангінің ұшы суға батып тұр
(«Орнату»-ды қара.).
- Қабырғалық су ағызудың су ағызу құбыры
жоқ.
Егер осы тексерулерден кейін де машина жұмыс
істемейтін болса, су құбырын жауып, кір жуғыш
машинаны ӛшіріп, Сервистік қызмет кӛрсету
орталығына жүгіну керек.
Егер су ағызу шлангі канализацияға қосылған болса,
онда еісіңізде болсын жоғарғы қабаттарда «сифон
әсері» пайда болуы ықтимал – машина бір мезгілде
суды құйып, тӛгеді. Мұндай әсерді болдырмас үшін
арнайы клапан орнатылады (антисифон).
Кір жуғыш машина суды ағызу мен сығуды
орындамайды.
- Таңдалып алынған программада суды ағызу
қарастырылмаған – кейбір программалар
үшін суды ағызуды қолмен қосу керек.
- Су ағызу шлангі қысылып қалған немесе
бітелген.
- Канализация бітелген.
Сыққан кезде қатты дірілдейді.
- Кір жуғыш машинаны орнату кезінде
барабан тосқауылдан дұрыс шешілмеген
(«Орнату»-ды қара.).
- Кір жуғыш машина тегіс тұрған жоқ
(«Орнату»-ды қара.).
- Машина мен жиһаз/қабырға арасындағы
саңылау жеткілікті емес («Орнату»-ды қара.).
Кір жуғыш машинадан су ағады.
- Су құятын шланг нашар бекітілген
(«Орнату»-ды қара.).
- Жуғыш құралдарды бӛлгіш жуғыш
құралдардың қалдықтарына толып қалған
(бӛлгішті тазалау туралы «Техникалық
қызмет кӛрсету және күтім»-ді қара.)
- Су ағызу шлангі нашар бекітілген («Орнату»-
ды қара.).
Қосымша функциялар индикаторлары мен қосу /
пауза индикаторы және «ағымдағы фаза»
индикаторларының бірі және ЛЮК ТОСҚАУЫЛДА
ТҰР индикаторы жанып тұр.
- Машинаны ӛшіріп, штепсель ашасын электр
розеткасынан шығарыңыз, 1 минуттай күтіп,
машинаны қайта қосыңыз. Егер ақау
жойылмаса, Авторландырылған қызмет
кӛрсету орталығына хабарласыңыз.
Шектен тыс көбіктену
- Фронталды жүктелетін автомат кір жуғыш
машиналарға сәйкес келмейтін жуғыш құрал
пайдаланылған.
- Кір жуғыш құрал артық салынған.
Сервистік қызмет көрсету
Авторландырылған қызмет көрсету орталығына жүгінбес бұрын:
Ақауды ӛз бетіңізбен жоя алмайтындығыңызға кӛз жеткізіңіз («Ақауларды іздеу және оларды жою
тәсілдері» қара.).
Машинаның дұрыс жұмыс істеп тұрғандығына кӛз жеткізу үшін программаны қайтара қосыңыз.
Керісінше жағдайда, кепілдік құжатында кӛрсетілген телефон арқылы Авторландырылған қызмет кӛрсету
орталығына хабарласыңыз.
! Авторландырылмаған қызмет көрсету орталықтарына ешқашан жүгінбеңіз.
Авторландырылған қызмет көрсету орталығына хабарласу кезінде мынаны хабарлаңыз:
ақаудың түрі;
бұйымның моделі (Мод.);
техникалық құжаттың номері (сериялық №);
Сериялық номері мен моделі кір жуғыш машинаның артқы панелінде және люк алдында орналасқан
ақпараттық табличкада кӛрсетіледі.
195089559.00
11/2010 - Xerox Fabriano
/