Ағартқышқа арналған 4-науа жуғыш құралдарды бӛлгіштің 1-бӛлімшесіне қойылады. 4-науаны max
белгісінен жоғары толтырмаңыз (сур. қара.). Тек қана ағарту жүргізу үшін ағартқышты қосымша 4-науаға
құйыңыз, «Шаю» программасын таңдап, «Ағарту» функциясын іске қосыңыз.
Кір жуу барысында ағарту жүргізу үшін кір жуғыш ұнтақ пен жұмсартушы қосыңыз, қажетті программаны
таңдаңыз және «Ағарту» функциясын іске қосыңыз. Қосымша 4-науаны пайдалану алдын ала жууды
пайдалану мүмкіндігін тоқтатады.
Кір бұйымдарды дайындау
• Кір бұйымдарды тӛмендегі белгілері бойынша сұрыптаңыз:
- мата типіне қарай / этикеткадағы белгілеулерге қарай
- түсіне қарай: түрлі-түсті бұйымдарды ақ бұйымдардан ажыратыңыз.
• Қалталарынан барлық заттарды шығарыңыз және түймелерінің мықтылығын тексеріңіз.
• Барабанды толтырудың құрғақ бұйым үшін кӛрсетілген максималды кӛлемінен аспаңыз:
Қалың маталар: макс. 5 кг
Синтетикалық маталар: макс. 2,5 кг
Нәзік маталар: макс. 2 кг
Жүн маталар: макс. 1 кг
Жібек маталар: макс. 1 кг.
Бұйымдардың салмағы:
1 ақжайма 400 – 500 г
1 жастық тыс 150 – 200 г
1 дастархан 400 – 500 г
1 халат 900 – 1200 г
1 сүлгі 150 – 250 г
Абайлап жууды талап ететін бұйымдар
Жүн: Кір жуғыш машинаның 7-программа режимінде кез келген жүн бұйымдарды, соның ішінде «тек қолмен
жуу» этикеткасы бар бұйымдарды да жууға болады. Кір жуу нәтижесі жақсы болу үшін арнайы жуғыш
құралдарды пайдаланыңыз және 1 кг артық бұйым салмаңыз.
Жібек: Барлық жібек бұйымдарды жууға арналған 8-программаны пайдаланыңыз. Нәзік маталарға арналған
арнйаы кір жуғыш заттарды пайдалану ұсынылады.
Перделер: орап, қосымша беріліп отырған қалтаға салыңыз. 8-программаны таңдаңыз.
Джинса: Бұйымды жуар алында теріс айналдырыңыз және сұйық жуғыш құралды пайдаланыңыз. 9-
программаны пайдаланыңыз.
Кір бұйымдарды теңестіру жүйесі
Кірді әрбір сығар алдында шектен тыс діріл болмас үшін машина барабандағы бұйымдарды бір қалыпты
етіп бӛледі. Бұл барабанның кір жуу жылдамдығынан шамалы артатын жылдамдықпен үздіксіз айналуы
есебенен жүргізіледі.
Егер бірнеше рет әрекет еткеннен кейін кір бұйым бір қалыпты болып таралмаса, машина сығуды тӛмен
жылдамдықпен жүргізеді.
Сақтандырулар мен ұсыныстар
! Кір жуғыш машина қауіпсіздіктің халықаралық нормаларына сәйкес жобаланып, жасалған. Сіздің
қауіпсіздігіңіз үшін жасалған мына сақтандырулармен мұқият танысып шығыңыз.
Қауіпсіздікке қойылатын жалпы талаптар
• Машинаны пайдаланып болғаннан кейін оны міндетті түрде тоқ желісінен ӛшіріп, су құбыры шүмегін
жабыңыз.
• Бұл бұйым тек қана үйде пайдалануға арналған.
• Кір жуғыш машинаны осы нұсқаулықта берілген нұсқауларды сақтайтын үлкендер ғана пайдалануы керек.
• Бұйымға ылғал қолдармен, жалаң аяқ немесе ылғал киіммен жанаспаңыз.
• Ашаны розеткадан шығару үшін қоректендіруші кабельді тартпаңыз: ашадан ұстаңыз.
• Машина жұмыс істеп тұрғанда жуғыш құралдарды бӛлгішті ашпаңыз.
• Ағызатын суға тимеңіз, оның температурасы ӛте жоғары болуы мүмкін.