EP-TG935

Samsung EP-TG935 Руководство пользователя

  • Привет! Я прочитал инструкцию по технике безопасности от Samsung. Готов ответить на ваши вопросы об использовании устройств Samsung и мерах предосторожности, описанных в руководстве. В инструкции подробно описываются правила безопасной эксплуатации и утилизации, а также меры предосторожности при использовании устройства вблизи медицинских приборов и в экстремальных условиях.
  • Что делать, если мой телефон перегревается?
    Как безопасно утилизировать батарею?
    Можно ли использовать устройство во время грозы?
Қазақ тілі
293
Қауіпсіздік туралы
ақпарат
Құрылғыны пайдалану алдында осы қауіпсіздік туралы
маңызды ақпаратты оқып шығыңыз. Ол құрылғылар
үшін жалпы қауіпсіздік туралы ақпаратты қамтиды және
құрылғыңызға қатысты емес мазмұнды қамтуы мүмкін.
Өзіңізге немесе басқаларға жарақатты болдырмау және
құрылғының зақымдалуын болдырмау үшін ескерту және
сақтандыру ақпаратын ескеріңіз.
«Құрылғы» термині өнімді және оның батареясын,
құлақаспап динамигін, зарядтағышын, өніммен бірге
қамтамасыз етілетін заттарды және құрылғымен бірге
пайдаланылатын Samsung бекіткен қосалқы құралдарды
білдіреді.
Ескерту
Қауіпсіздік ескертулерін және ережелерді
сақтамау ауыр жарақатқа немесе өлімге
әкелуі мүмкін
Зақымдалған электр шнурларын не ашаларын пайдаланбаңыз
немесе электр розеткаларына көп құрылғы қоспаңыз
Қорғалмаған қосылымдар ток соғуына немесе өртке әкелуі мүмкін.
Құрылғыны, қуат кабельдерін, ашаларды немесе электрлік
розеткаларды ылғал қолыңызбен немесе дененің басқа да
ылғал бөліктерімен тимеңіз
Бұлай істеу ток соғуына әкелуі мүмкін.
Қуат кабелін ажыратқанда тым қатты тартпаңыз
Бұлай істеу ток соғуына немесе өртке әкелуі мүмкін.
Қазақ тілі
294
Электр шнурын майыстырмаңыз немесе зақымдамаңыз
Бұлай істеу ток соғуына немесе өртке әкелуі мүмкін.
Құрылғы зарядталып жатқанда құрылғыға ылғалды
қолдармен тимеңіз
Бұлай істеу ток соғуына әкелуі мүмкін.
Зарядтағыштың оң және теріс түйіспелерін тікелей бірге
жалғамаңыз
Бұл өртке немесе ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін.
Найзағай кезінде құрылғыңызды сыртта пайдаланбаңыз
Бұлай істеу ток соғуына немесе құрылғының дұрыс жұмыс істемеуіне
әкелуі мүмкін.
Өнім жасаушысы мақұлдаған батареяларды, зарядтағыштарды,
қосымша құралдарды және жабдықтарды пайдаланыңыз
Әмбебап батареяларды немесе зарядтағыштарды қолдану
құрылғының қызмет ету уақытын кемітуі немесе құрылғының
дұрыс жұмыс істемеуіне себеп болуы мүмкін. Сондай-ақ, бұл өрт
тудыруы немесе батареяның жарылуына әкелуі мүмкін.
Тек өз құрылғыңызға арналған және Samsung мақұлдаған батарея
мен зарядтағышты ғана пайдаланыңыз. Сәйкес емес батарея мен
зарядтағыш едәуір жарақаттануға немесе құрылғыны зақымдауға
себеп болуы мүмкін.
Samsung корпорациясы Samsung бекітпеген аксессуарларды
не керек-жарақтарды пайдаланған кезде пайдаланушының
қауіпсіздігіне жауапты емес.
Құрылғыңызды артқы қалталарда немесе беліңізде ұстамаңыз
Тым көп қысым қолданылса, құрылғы зақымдалуы, жарылуы
немесе өртке әкелуі мүмкін.
Ұрылсаңыз немесе құласаңыз, жарақат алуыңыз мүмкін.
Зарядтағышты немесе құрылғыны түсіріп не соғып алмаңыз
Қазақ тілі
295
Құрылғы мен зарядтағышты абайлап пайдаланыңыз және
тастаңыз
Батареяны немесе құрылғыны ешқашан отқа тастамаңыз.
Батареяны немесе құрылғыны қысқа толқынды пеш, кәдімгі
пештер немесе радиаторлар сияқты қыздыру құрылғыларының
үстінде не ішінде ұстамаңыз. Құрылғы шамадан ысығанда
жарылып кетуі мүмкін. Қолданылған батареяны не құрылғыны
қоқысқа тастағанда, барлық жергілікті ережелерді ұстаныңыз.
Құрылғыны ешқашан сындырып не тесіп алмаңыз.
Құрылғыны жоғарғы сыртқы қысымға ұшыратпаңыз, ол ішкі
қысқа тұйықталуға және шамадан тыс қызуға себеп болуы мүмкін.
Құрылғыны, батареяны және зарядтағышты зақымдаудан
қорғаңыз
Құрылғы мен батареяны өте суық немесе ыстық
температураларға шығармаңыз.
Шамадан тыс температура құрылғыны зақымдап, зарядтау
мүмкіндігінің және құрылғы мен батареяның жұмыс істеу
мерзімін азайтуы мүмкін.
Батареяның оң және теріс түйіспелерін тікелей бірге жалғамаңыз
және олардың металл бұйымдарына тиюіне жол бермеңіз. Бұл
батареяның дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін.
Ешқашан зақымдалған адаптерді немесе батареяны
пайдаланбаңыз.
Құрылғыңызды қыздырғыштардың, қысқа толқынды
пештердің, ысытып пісіретін жабдықтың немесе жоғары
қысымды контейнерлердің жанында не ішінде сақтамаңыз
Батарея ағып кетуі мүмкін.
Құрылғыңыз қатты қызып кетіп, өрт шығаруы мүмкін.
Құрылғыңызды шаң немесе ауадағы заттардың көп жиналатын
жерлерде пайдаланбаңыз немесе сақтамаңыз
Шаң немесе бөгде заттар құрылғыңыздың дұрыс жұмыс істемеуіне
және өртке немесе электр тоғының соғуына себеп болады.
Қазақ тілі
296
Көп мақсатты ұя мен зарядтағыштың шағын ұшын сұйық
заттар, шаң, металл ұнтағы және қарындаш графиті сияқты
өткізгіш заттарға тигізбеңіз
Өткізгіш материалдар жарылысқа немесе өртке әкеп соқтыратын
қысқаша тұйықталуға немесе шіруге себеп болуы мүмкін.
Құрылғыны немесе батареяны тістемеңіз немесе сормаңыз
Бұлай істеу құрылғыны зақымдауы я болмаса жарылыс немесе
өрт туындатуы мүмкін.
Балалар немесе жануарлар шағын бөліктерден шашалуы мүмкін.
Егер балалар құрылғыны пайдаланса, құрылғыны дұрыс
пайдаланып отырғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны немесе онымен бірге берілген қосалқы
құралдарды көзге, құлаққа немесе ауызға салмаңыз
Тұншығып немесе ауыр жарақат алып қалуыңыз мүмкін.
Зақымдалған немесе ағып кеткен литий ион (Li-Ion) батареяны
қолданбаңыз
Литий ионды батареяны қауіпсіз етіп тастау үшін жақын жердегі
өкілетті қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз.
Құрылғыда магниттер бар. Американдық жүрек
қауымдастығы (АҚШ) және дәрілер мен медициналық
тауарлар айналымын бақылау агенттігі (БК) магниттердің
ендірілген кардиостимуляторлардың, кардиовертерлердің,
дефибрилляторлардың, инсулин насостарының немесе басқа
электрлі медициналық құрылғылардың (жалпы алғанда
«Медициналық құрылғы») 15 см ауқымында пайдалануына
әсер етуін ескертеді. Егер сіз осы медициналық құрылғыларды
пайдаланатын болсаңыз, БҰЛ ҚҰРЫЛҒЫНЫ ДӘРІГЕРІҢІЗБЕН
КЕҢЕСПЕСТЕН БҰРЫН ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ.
Қазақ тілі
297
Абайлаңыз
Қауіпсіздік шараларын қолданбау және
ережелерді сақтамау ауыр жарақатқа немесе
меншіктің зақымдалуына әкелуі мүмкін
Құрылғыңызды басқа электрондық құрылғылардың жанында
пайдаланбаңыз
Көптеген электрондық құрылғылар радио жиілік сигналдарын
пайдаланады. Құрылғы басқа электрондық құрылғыларға кедергі
келтіруі мүмкін.
Динамиктер бар құрылғыларға кедергілер әсер етуі мүмкін.
Құрылғыңызды ауруханада, ұшақта немесе радио жиілік
арқылы кедергі келтіруі мүмкін көлік жабдығының жанында
пайдаланбаңыз
Құрылғы электр кардиостимуляторға кедергі келтіретіндіктен,
құрылғыны электр кардиостимуляторға мүмкіндігінше 15 см
ауқымында пайдаланбаңыз.
Кардиостимуляторға жасалатын кедергіні азайту үшін, құрылғыны
тек дененің кардиостимулятор орналасқан жағына қарама-қарсы
жерде ғана пайдаланыңыз.
Медициналық құрылғыны пайдалансаңыз, құрылғыға осы құрал
шығаратын радиотолқындар әсері бар-жоғын анықтау үшін,
құрылғыны қолдану алдында, оны жасаушымен хабарласыңыз.
Ұшақта электрондық құрылғыларды пайдалану ұшақтың
электрондық навигациялық құралдарына кедергі келтіруі мүмкін.
Әуеге көтерілу және жерге қону кезінде құрылғы өшірулі екенін
тексеріңіз.
Көлігіңіздегі электрондық құрал-жабдықтар осы құрылғы
шығаратын радиотолқындар әсерінен дұрыс жұмыс істемеуі
мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін, өнім жасаушымен
хабарласыңыз.
Қазақ тілі
298
Құрылғыға ауыр түтін әсерін тигізбеңіз
Бұлай істеу құрылғының сыртын зақымдауы немесе оның дұрыс
жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін.
Есту құралын пайдалансаңыз, радиотолқын кедергісі туралы
мәліметті өнім жасаушыдан біліңіз
Құрылғы шығаратын радиотолқын кейбір есту құралдарына кедергі
жасауы мүмкін. Құрылғыны пайдаланбас бұрын, есту құралына осы
құрал шығаратын радиотолқындар әсері бар-жоғын анықтау үшін,
оны жасаушымен хабарласыңыз.
Құрылғыны дыбыстық жүйелер немесе радио мұнаралар
сияқты радио жиіліктерді шығаратын құрылғылардың немесе
аппараттардың жанында пайдаланбаңыз
Радио жиіліктер құрылғының дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін.
Құрылғыны жарылыс қаупі бар орталарда сөндіріңіз
Батареяны алғанша, құрылғыңызды жарылыс қаупі бар орталарда
сөндіріңіз.
Жарылысқа қаупі бар орталарды әрқашан ережелерді,
нұсқауларды және белгілерді орындаңыз.
Бұл құрылғыны жанармай құю орындарында (жанармай
станцияларында), сұйық отындар немесе химикаттар не
жарылғыш заттары бар аймақтарда пайдаланбаңыз.
Тез тұтанатын сұйықтықтарды, газдарды немесе жарылғыш
заттарды құрылғы, оның бөлшектері немесе аксессуарлары бар
жерде сақтамаңыз немесе орналастырмаңыз.
Құрылғыдан немесе батареядан оғаш иістер немесе дыбыстар
шығып жатқанын байқасаңыз я болмаса құрылғыдан немесе
батареядан түтін немесе сұйықтықтар шығып жатқанын
көрсеңіз, құрылғыны пайдалануды бірден тоқтатыңыз және
оны Samsung сервис орталығына апарыңыз
Бұлай істемеу өртке немесе жарылысқа әкелуі мүмкін.
Қазақ тілі
299
Көлік жүргізгенде ұялы құрылғыны пайдалануға қатысты
барлық қауіпсіздік ескертулері мен ережелерін сақтаңыз
Автокөлікті қауіпсіз жүргізу бірінші жауапкершілігіңізге жатады.
Заңмен тыйым салынса, көлік жүргізгенде ұялы құрылғыны ешқашан
пайдаланбаңыз. Сіздің және басқалардың қауіпсіздігі үшін, дұрыс
мағынада түсініңіз және мына кеңестерді есте сақтаңыз:
Құрылғыңызды оңай алатын жерге қойыңыз. Жолдан көз алмай
сымсыз құрылғыны қоса алатыныңызға көз жеткізіңіз. Сізге біреу
қолайсыз уақытта қоңырау шалса, сіздің орныңызға дауысты
пошта жауап бере алады.
Жол қозғалысы қиын жерлерде немесе қауіпті ауа райы
жағдайларында сөйлесуді тоқтата тұрыңыз. Жаңбыр, көктайғақ,
қар, мұз және қиын жол қозғалысы қауіпті болуы мүмкін.
Қолайлы кезде теріп, жол қозғалысына өтіңіз. Қозғалмай тұрғанда
немесе орныңыздан қозғалмас бұрын қоңырауларды қойыңыз.
Автокөлік тоқтап тұрған кезде қоңырауларды жоспарлап көріңіз.
Назарыңызды аударуы мүмкін ашулы немесе эмоциялық
әңгімелерден аулақ болыңыз. Сөйлесіп жатқан адамға көлік
жүргізіп келе жатқаныңызды және жолға назар салуға кедергі
келтіретін сөйлесуді тоқтататыныңызды ескертіңіз.
Құрылғыңызды күтіңіз және дұрыстап
пайдаланыңыз
Құрылғыңызды құрғақ ұстаңыз
Ылғалды орта мен сұйықтықтар құрылғының бөлшектерін немесе
электрондық шағын схемаларын зақымдауы мүмкін.
Құрылғыңыз дымқылданса, оны қоспаңыз. Егер құрылғыңыз
қосулы болса, оны өшіріп, батареясын бірден алыңыз (егер
құрылғы өшпесе немесе батареясын шығара алмасаңыз, сол
қалпында қалдырыңыз). Сосын құрылғыңызды орамалмен
кептіріп, оны қызмет көрсету орталығына алып барыңыз.
Бұл құрылғы ішкі сұйықтық индикаторлармен жабдықталған.
Құрылғыңыз сумен зақымдандалған жағдайда өндіруші
кепілдігінің күші жойылуы мүмкін.
Қазақ тілі
300
Құрылғыны тегіс беттерде ғана сақтаңыз
Құрылғыны құлатып алсаңыз, ол зақымдануы мүмкін.
Құрылғыны қоршаған орта температурасы 0 °C және
35 °C аралығындағы орындарда пайдалануға болады.
Құрылғыны -20 °C және 50 °C аралығындағы қоршаған орта
температурасында сақтауға болады. Құрылғыны кеңес етілген
температура ауқымдарынан тыс пайдалану немесе сақтау
құрылғыны зақымдауы немесе батареяның жарамдылық
мерзімін азайтуы мүмкін
Құрылғыны жазғы уақытта көлік ішінде сияқты өте ыстық
аймақтарда сақтамаңыз. Бұлай істеу экранның дұрыс жұмыс
істемеуіне әкеліп, құрылғыны зақымдауы мүмкін немесе батарея
жарылуы мүмкін.
Құрылғыңызды тікелей күн көзі түсетін жерге (мысалы, көлік
басқару панелінде) ұзақ уақыт қалдырмаңыз.
Батареяны қоршаған орта температурасы 0 °C және 45 °C
аралығындағы орындарда бөлек сақтауға болады.
Құрылғыны тиындар, кілттер және алқа сияқты металл
заттармен бірге сақтамаңыз
Құрылғы корпусы сызылуы немесе оның дұрыс жұмыс істемеуі
мүмкін.
Батарея ұштары металл затқа тисе, өрт шығуы мүмкін.
Құрылғыңызды магнитті өрістер жанында сақтамаңыз
Құрылғыңыз істемей қалуы мүмкін немесе батарея магнитті
өрістерден зарядсыздануы мүмкін.
Магнитті жолақты карталар, оның ішінде несие карталары,
телефон карталары, банк есепайырысу кітапшасы және қону
талоны магнитті өрістер әсерінен зақымдалуы мүмкін.
Теріңізге шамадан тыс қызып кеткен құрылғы ұзақ уақыт бойы
әсер етсе, қызыл дақтар немесе пигменттер сияқты төменгі
температура күйігі белгілері пайда болады
Қазақ тілі
301
Құрылғыны артқы қақпағы алынған күйде пайдаланбаңыз
Батарея құрылғыдан түсіп кетіп, зақымдауға немесе дұрыс жұмыс
істемеуге әкелуі мүмкін.
Егер құрылғыңызда камера немесе шам болса, оны
адамдардың немесе жануарлардың көздеріне жақын
пайдаланбаңыз
Жарқылды көзге жақын пайдаланудан уақытша көрмей қалуы
немесе көздеріне зиян келуі мүмкін.
Жарқыраған жарыққа шыққанда сақтық шараларын
пайдалану
Құрылғыңыз пайдаланылғанда, бөлмеде біраз жарық
қалдырыңыз және экранды көзіңізге қатты жақын ұстамаңыз.
Бейнелерді көріп отырғанда немесе жарыққа негізделген
ойындарды ұзақ уақыт ойнағанда жарқыраған жарыққа
шықсаңыз, тұрып қалуы немесе бұлыңғырлануы мүмкін. Егер
қолайсыздықты сезінсеңіз, құрылғыны пайдалануды бірден
тоқтатыңыз.
Егер сізге байланысты біреуде ұқсас құрылғыны пайдаланғанда
ұстамалар немесе есеңгіреулер болған болса, құрылғыны
пайдалану алдында дәрігерден кеңес алыңыз.
Егер бұлшықет спазмасы сияқты ыңғайсыздықты сезінсеңіз
немесе бағыттан адассаңыз, құрылғыны пайдалануды бірден
тоқтатыңыз және дәрігерге хабарласыңыз.
Көз ауырмауы үшін құрылғыны пайдаланғанда жиі үзілістер
жасаңыз.
Қайталама әрекеттерден шығатын жарақаттардың тәуекелін
азайту
Пернелерді басу немесе ойындар ойнау сияқты әрекеттерді
қайталап орындағанда қолдарыңызда, мойныңызда, иықтарыңызда
немесе денеңіздің басқа бөліктерінде ыңғайсыздықты сезінуіңіз
мүмкін. Құрылғыны ұзақ уақыт пайдаланғанда, құрылғыны бос ұстап,
пернелерді ақырын басыңыз, сосын жиі үзіліс жасаңыз. Мұндай
қолданыс барысында немесе одан кейін қолайсыздық жалғасса,
құрылғыны пайдалануды тоқтатып, дәрігерден кеңес алыңыз.
Қазақ тілі
302
Гарнитураны пайдаланған кезде есту мүшеңізді және
құлақтарыңызды қорғаңыз
Шамадан тыс қатты дыбыстар шығару есту
қабілетінің зақымдалуына себеп болуы мүмкін.
Жүріп келе жатқанда қатты дыбыстар шығару
назарыңызды аударып, апатқа алып келуі мүмкін.
Құлақаспапты дыбыс көзіне қосар алдында дыбыс қаттылығын
әрдайым азайтыңыз және сөйлегенін немесе музыканы етуге
қажетті төменгі дыбыс қаттылығы деңгейін пайдаланыңыз.
Құрғақ жерлерде статикалық электр тогы гарнитурада пайда
болуы мүмкін. Құрғақ жерлерде гарнитураларды пайдаланбаңыз
немесе гарнитураны құрылғыға қосардың алдында статикалық
электр тогын зарядсыздандыру үшін металл затқа тигізіңіз.
Жүргізу немесе көлікте болғанда гарнитураны пайдаланбаңыз.
Бұлай істеу алаңдатуы және апатқа әкелуі мүмкін немесе сізідң
аймаққа байланысты заңсыз болуы мүмкін.
Жүріп не қозғалып бара жатқанда құрылғыны пайдалануда
сақтық шараларын пайдаланыңыз
Өзіңізге не басқаларға жарақат түсірмеу үшін әрдайым сыртқы
жағдайларды біліп отырыңыз.
Гарнитура кабелінің қолдарыңызда немесе жақын нысандарда
шатасып қалмайтынына сенімді болыңыз.
Боямаңыз немесе құрылғыңызға жапсырмалар
жабыстырыңыз
Бояу және жапсырмалар қозғалатын бөліктеріне кедергі келтіріп,
дұрыс жұмыс істеуіне жол бермеуі мүмкін.
Құрылғының бояуына немесе бөлшектеріне аллергияңыз болса,
тері қышуы, қышыма пайда болуы немесе ісуі мүмкін. Мұндай
жағдайда құрылғыны пайдалануды тоқтатып, дәрігерден кеңес
алу керек.
Сынған немесе бұзылған болса, құрылғыны пайдаланбаңыз
Сынған әйнек немесе акрил талшық қолдарыңыз бен бетіңізді
жарақаттауы мүмкін. Құрылғыны жөндету үшін Samsung қызмет
көрсету орталығына алып барыңыз.
Қазақ тілі
303
Ұялы құрылғыларды және жабдықты сақтықпен орнатыңыз
Көлігіңізге орнатылған ұялы құрылғыларыңыздың немесе оларға
қатысты жабдықтардың берік бекітілгендігіне көз жеткізіңіз.
Құрылғыны немесе көмекші құралдарды ауа жастық шығатын
аймақтарға орналастырмаңыз. Ауа жастықтары дереу шыққан
кезде, дұрыс орнатылмаған сымсыз құрылғы денеңізді едәуір
жарақаттауы мүмкін.
Құрылғыңызды түсіріп алмаңыз немесе құрылғыңызға соққы
тигізбеңіз
Құрылғы зақымдалуы немесе дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Егер майысса не пішіні өзгерсе, құрылғыңыз зақымдалуы не
бөлшектері істемей қалуы мүмкін.
Батареяның және зарядтағыштың ең жоғарғы
жарамдылығына көз жеткізіңіз
Батареялар ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған кезде дұрыс
жұмыс істемеуі мүмкін.
Кейде пайдаланылмаған құрылғы заряды таусылса, оны
пайдалану алдында зарядтау керек.
Зарядтағыш қолданылмаған кезде, оны қуат көздерінен
ажыратыңыз.
Батареяны тек арнайы мақсаттарында пайдаланыңыз.
Құрылғының және батареяның ең ұзақ қызмет көрсету мерзімін
қамтамасыз ету үшін осы нұсқаулықтағы бүкіл нұсқауларды
орындаңыз. Ескертулер мен нұсқауларды орындамау тудырған
зақымдар немесе нашар өнімділік өндіруші кепілдігінің күшін
жоюы мүмкін.
Құрылғы уақыт өте келе тозады. Кейбір бөлшектер және жөндеу
жарамдылық кезеңінде кепілдікпен қамтылады, бірақ бекітілмеген
қосалқы құралдарды пайдалану тудырған зақымдар немесе
нашарлау қамтылмайды.
Қазақ тілі
304
Құрылғыңызды бөлшектемеңіз, түрін өзгерпеңіз немесе
жөндемеңіз
Құрылғыңызға енгізілген өзгертулер не түрлендірулер өндірушінің
кепілдігін жарамсыз етеді. Құрылғыға қызмет көрсету қажет болса,
құрылғыны Samsung қызмет көрсету орталығына алып барыңыз.
Жарылуға не өрттің шығуына себеп болатындықтан, батареяны
бөлшектемеңіз немесе теспеңіз.
Батареяны алмай тұрып құрылғыны өшіріңіз. Құрылғы қосулы
кезде батареяны алсаңыз, бұл құрылғының дұрыс жұмыс
істемеуіне әкелуі мүмкін.
Құрылғыны тазалағанда мыналарды ескеріңіз
Құрылғыңызды не зарядтағышты сүлгімен не шүберекпен сүртіңіз.
Батарея ұштарын мақта тампонмен немесе орамалмен тазалаңыз.
Химикаттар не тазалағыш құралдар пайдаланбаңыз. Бұлай істеу
құрылғы сыртының түссізденуіне немесе тот басуына әкелуі
мүмкін я болмаса ток соғуына немесе өртке әкелуі мүмкін.
Құрылғыны арналған мақсатына пайдаланудан басқа мақсатқа
пайдаланбаңыз
Құрылғы дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Құрылғыны қоғамда пайдаланған кезде басқаларды
мазаламаңыз
Құрылғыңызды тек білікті мамандар ғана жөндесін
Біліксіз мамандарға құрылғыңызды жөндеттіру салдарынан
құрылғыңыз зақымдануы мүмкін және өндіруші кепілдігі жарамай
қалады.
Авторлық құқықпен қорғалған материалды таратпаңыз
Авторлық құқықпен қорғалған материалдарды мазмұн иесінің
рұқсатынсыз таратпаңыз. Мұны сақтамаудан авторлық құқық туралы
заңдар бұзылуы мүмкін. Өндіруші авторлық құқықпен қорғалған
материалды пайдаланушының заңсыз пайдалануынан туындаған
құқықтық мәселелерге жауапты емес.
Қазақ тілі
305
Осы өнімді тиісті түрде жою
(Электрлік жəне Электроникалық Жабдық қалдықтары)
(Бөлек жинау жүйелері бар елдер үшін қолданылады)
Өнімдегі, қосымша құралдардағы немесе құжаттардағы
осы белгіөнім мен оның электрондық аксессуарларын
(мысалы, зарядтағыш, құлақаспап, USB кабелі) басқа үй
қоқыстарымен тастауға болмайтынын көрсетеді.
Қоршаған ортаға немесе адам денсаулығына зияны тиюі мүмкін
бақылаусыз тасталған қалдықтарды болдырмау үшін осы заттарды
қалдықтардың басқа түрлерінен бөлек айырып алыңыз да,
материал ресурстарын қоршаған ортаға залалы тимейтіндей қайта
қолданысқа түсіруіңізді сұраймыз.
Үй шаруасындағы пайдаланушылар өнімді қауіпсіз қайта өңдеуге
жіберу үшін осы элементтерді қайдан жəне қалай алу жолдарын
оны сатып алған сауда орнына немесе жергілікті басқару кеңсесіне
хабарласуы қажет.
Іскерлік жолындағы пайдаланушылар өздерінің шығарушыларымен
байланысып, сатып алу келісім-шарттарының шарттары мен
ережелерін тексеруі тиіс. Осы өнім және оның электрондық керек-
жарақтары, жоюға арналған басқа коммерциялық қалдықтармен
араласпауы тиіс.
Қазақ тілі
306
Осы өнім батареяларын сәйкесінше жою
(Бөлек жинау жүйелері бар елдер үшін қолданылады)
Батареядағы, нұсқаулықтағы немесе орамдағы
бұл таңба бұл өнімдегі батареяның өз қызмет ету
мерзімінің соңында басқа тұрмыс қалдықтарымен бірге
жойылмауы тиіс екендігін көрсетеді. Белгіленген жердегі
Hg, Cd немесе Pb символдары батареядағы сынап,
кадмий немесе қорғасын мөлшері 2006/66 ЕО Директивасындағы
көрсетілген деңгейден асып түсетіндігін білдіреді.
Бұл өнімдегі батареяны пайдаланушы ауыстыра алмайды. Оны
ауыстыру туралы ақпаратты қызмет жеткізушісінен алыңыз.
Батареяны шығармаңыз және отқа тастамаңыз. Батареяны
бөлшектеуге, жаруға немесе тесуге болмайды. Өнімді тастауды
ұйғарсаңыз, қоқыс жинайтын орын өнім мен батареяны қайта
өңдеуден өткізудің немесе басқаша қолданудың тиісті шараларын
жүргізеді.
Өндіруші: <Самсунг Электроникс Ко. Лтд.>, (Мэтан-донг) 129,
Самсунг-ро, Енгтонг-гу, Сувон қ., Кёнги-до, Корей Республикасы
ҚР аумағында кінарат-талаптарды қабылдаушы ұйым: <Самсунг
Электроникс Центральная Евразия> ЖШС, 050059, Қазақстан
Республикасы, Алматы қ., Әл-Фараби даңғ., 36, AFD” БО, Б-корпусы,
3-қабат
Қазақ тілі
307
Жауапкершіліктен бас тарту
Осы құрылғыда қатынауға болатын кейбір мазмұн мен қызметтер
үшінші тараптардың иелігіне жатады және авторлық құқықтар, сауда
белгісі және/немесе басқа да интеллектуалдық меншік заңдарымен
қорғалады. Осындай мазмұн мен қызметтер тек сізге және
коммерциялық емес мақсатта жеткізіледі. Мазмұн иегері немесе
қызмет провайдері арқылы рұқсат етілмеген қандай да бір мазмұн
немесе қызметтерді қандай да бір дәрежеде қолдана алмайсыз.
Осы бас тартудан Рұқсат етпейінше, жоғарыда көрсетілгендермен
шектелмей, осы құрылғымен көрсетілетін қандай да бір мазмұнды
немесе қызметті қандай да бір дәрежеде түрін өзгерту, көшіру,
қайта басып шығару, жүктеу, жариялау, жіберу, аудару, сату, туынды
еңбектерді жасау, қолдану немесе тарату құқығыңыз жоқ.
ҮШІНШІ ТАРАП МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІ КЕПІЛДІКСІЗ
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ. SAMSUNG МҰНДАЙ БЕРІЛГЕН МАЗМҰН
НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТЕР ҮШІН ҚАНДАЙ ДА БІР МАҚСАТТА АЙҚЫН
НЕМЕСЕ ТҰСПАЛДАНҒАН КЕПІЛДІКТЕР БЕРМЕЙДІ. SAMSUNG САТУҒА
ЖАРАМДЫЛЫҚ ПЕН БЕЛГІЛІ БІР МАҚСАТТА ҚОЛДАНУҒА СӘЙКЕСТІК
КЕПІЛДІКТЕРІН ҚОСА, БІРАҚ ОНЫМЕН ШЕКТЕЛМЕЙ, ҚАНДАЙ ДА
БІР ТҰСПАЛДЫ КЕПІЛДІКТЕР БЕРМЕЙДІ. SAMSUNG ОСЫ ҚҰРЫЛҒЫ
АРҚЫЛЫ ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛЕТІН ҚАНДАЙ ДА БІР МАЗМҰН НЕМЕСЕ
ҚЫЗМЕТТІҢ ДӘЛДІГІНЕ, ЖАРАМДЫЛЫҒЫНА, МЕРЗІМДІЛІГІНЕ,
ЗАҢҒА СӘЙКЕСТІІГІНЕ НЕМЕСЕ ТОЛЫҚТЫҒЫНА КЕПІЛДІК БЕРМЕЙДІ
ЖӘНЕ SAMSUNG ЕШБІР ЖАҒДАЙДА, СОНЫҢ ІШІНДЕ ҰҚЫПСЫЗДЫҚ
ҮШІН ШАРТ НЕМЕСЕ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ БОЙЫНША
ҚАНДАЙ ДА БІР ТІКЕЛЕЙ, ЖАНАМА, КЕЗДЕЙСОҚ, ҚАСАҚАНА
НЕМЕСЕ РЕТТІК ЗАЛАЛДАР, ШЫҒЫНДАР Я БОЛМАСА БАСҚА ДА
ТУЫНДАЙТЫН НЕМЕСЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЗАЛАЛДАР НЕМЕСЕ КЕЗ
КЕЛГЕН ҚАМТЫЛҒАН АҚПАРАТТЫ НЕМЕСЕ МҰНДАЙ ЗАЛАЛДАР
БОЛУЫ МҮМКІНДІГІ ЕСКЕРТІЛГЕНДІГІНЕ ҚАРАМАСТАН, СІЗ
НЕМЕСЕ ҮШІНШІ ТАРАП АРҚЫЛЫ ҚОЛДАНУ НӘТИЖЕСІНДЕ ТУҒАН
ЗАЛАЛДАР ҮШІН ЖАУАПТЫ ЕМЕС.
Қазақ тілі
308
Үшінші тарап кез келген уақытта тоқтатылуы немесе үзілуі мүмкін
және Samsung қандай да бір мазмұнның немесе қызметтің қандай
да бір уақыт кезеңі үшін қол жетімді болатынына кепілдік бермейді.
Мазмұны мен қызметтер үшінші тараптар арқылы Samsung
басқармайтын желілер және беріліс желілері көмегімен беріледі.
Осы бас тартудан толықтығын шектемей, Samsung айқын түрде осы
құрылғы арқылы болатын кез келген мазмұн немесе қызметтің үзілуі
немесе тоқтатылуы үшін айқын түрде бас тартады.
Samsung мазмұн және қызметтерге қатысты сатып алушыларға
қызмет көрсету бойынша жауапкершілік тартпайды немесе жауапты
емес. Сәйкес мазмұн немесе қызметке қатысты қандай да бір
сұрақ немесе сұрау сәйкес мазмұны мен қызметтік провайдерге
бағытталуы тиіс.
Русский
425
Информация о
безопасности
Ознакомьтесь с важной информацией о безопасности перед
использованием устройства. В ней представлены инструкции
по безопасной работе с различными устройствами, а также
информация, которая может быть неприменима к данному
устройству. Следуйте предупреждениям и инструкциям о мерах
предосторожности, чтобы избежать травм, а также повреждения
устройства.
Термин «Устройство» относится к продукту и его
аккумулятору, гарнитуре, внешнему динамику, зарядному
устройству и другим элементам, поставляемым с продуктом,
а также любым аксессуарам, рекомендованным компанией
Samsung, которые используются с продуктом.
Предупреждение
Несоблюдение предупреждений и инструкций
по безопасности может привести к серьезным
травмам или смерти
Не используйте поврежденные сетевые шнуры или штепсельные
вилки, а также непрочно закрепленные на стене розетки
Плохо изолированные провода могут привести к пожару или
поражению электрическим током.
Не касайтесь устройства, кабелей питания, их контактов или
электрической розетки мокрыми руками или другими влажными
частями тела
Это может привести к поражению электрическим током.
Русский
426
Не тяните кабель питания с чрезмерным усилием при его
отключении
Это может привести к пожару или поражению электрическим током.
Избегайте перегибания и повреждения сетевого шнура
Это может привести к пожару или поражению электрическим током.
Во время зарядки аккумулятора не берите устройство влажными
руками.
Это может привести к поражению электрическим током.
Не соединяйте вместе положительные и отрицательные контакты
зарядного устройства
Это может привести к пожару или серьезным травмам.
Не используйте устройство на улице во время грозы
Это может привести к поражению электрическим током или сбоям в
работе устройства.
Используйте только одобренные производителем аккумуляторы,
зарядные устройства, аксессуары и компоненты
• Использование универсальных аккумуляторов и зарядных устройств
может сократить срок службы устройства или привести к сбоям в его
работе. Это также может привести к пожару или взрыву аккумулятора.
• Используйте только одобренные компанией Samsung аккумуляторы
и зарядные устройства, предназначенные специально для вашего
устройства. Несовместимые аккумуляторы и зарядные устройства
могут привести к серьезным травмам или повреждению устройства.
• Компания Samsung не несет ответственности за безопасность
пользователей, которые используют аксессуары и компоненты, не
одобренные компанией Samsung.
Не носите устройство в заднем кармане брюк или на поясе
• При чрезмерном воздействии устройство может быть повреждено, а
также это может привести к пожару или взрыву.
• Вы можете пострадать в случае столкновения или падения.
Не бросайте зарядное и мобильное устройства и не подвергайте их
ударному воздействию
Русский
427
Будьте осторожны при работе с мобильным и зарядным
устройствами и при их утилизации
• Никогда не сжигайте использованные аккумуляторы или устройство.
Никогда не помещайте аккумуляторы или устройство внутрь или на
поверхность нагревательных приборов, например микроволновых
печей, духовок или радиаторов. При перегреве устройство
может взорваться. Соблюдайте все местные правила утилизации
использованных аккумуляторов и устройств.
• Не сдавливайте и не прокалывайте устройство.
• Избегайте сильного внешнего давления на устройство, так как это
может привести к короткому замыканию и перегреву.
Берегите мобильное устройство, аккумуляторы и зарядное
устройство от повреждений
• Берегите устройство и аккумулятор от воздействия экстремальных
температур.
• Перегрев или переохлаждение могут привести к повреждениям
устройства. Кроме того, это оказывает негативное влияние на емкость
и срок службы аккумулятора.
• Не соединяйте вместе положительные и отрицательные
контакты аккумулятора и следите, чтобы они не соприкасались с
металлическими объектами. В противном случае это может привести
к поломке аккумулятора.
• Не используйте поврежденные зарядные устройства или
аккумуляторы.
Не храните устройство рядом с обогревателями, микроволновыми
печами, нагревающимся кухонным оборудованием или в
контейнерах с высоким давлением
• Аккумулятор может дать течь.
• Устройство может перегреться и вызвать пожар.
Русский
428
Не используйте и не храните устройство в местах с высокой
концентрацией пыли или аэрозольных веществ
Пыль или посторонние вещества могут стать причиной неисправности
устройства, а также привести к пожару или поражению электрическим
током.
Избегайте контакта универсального разъема и разъема зарядного
устройства с проводящими материалами, такими как жидкости,
пыль, металлическая пудра и карандашные грифели
Проводящие материалы могут вызвать короткое замыкание или
коррозию разъемов, что в свою очередь может привести к взрыву или
пожару.
Не кусайте и не лижите устройство или аккумулятор
• Это может привести к повреждению, взрыву или возгоранию
устройства.
• Мелкие детали могут попасть в дыхательные пути детей или
животных.
• Если устройством пользуются дети, убедитесь, что они используют
его правильно.
Не вставляйте устройство или не предназначенные для этого
аксессуары в глаза, уши или рот
Это может привести к удушению или серьезным травмам.
Запрещается использовать поврежденные или протекающие
литий-ионные аккумуляторы
Сведения о безопасной утилизации литий-ионных аккумуляторов можно
получить в ближайшем специализированном сервисном центре.
/