3 Сүзгі себетінің ұстағышын (сурет 10) ашыңыз.
4 Сүзгі себетіне (сурет 11) тұрақты сүзгі немесе қағаз сүзгі (1x4 түрі немесе № 4) салыңыз.
5 Сүзгі себетінің ұстағышын жабыңыз.
6 Қажетті ұнтақтау түрін таңдау үшін түйірлік тұтқасын бұраңыз (ұсақ түйірден ірі түйірге дейін). Тоғыз
ұнтақтау параметрі (сурет 12) бар.
Кеңес: Түйірлік тұтқасы 9 түрлі параметрдің ішінен таңдауға мүмкіндік береді. Белгішелер 3 алдын
ала таңдалған оңтайлы параметрді көрсетеді, бірақ арасынан кез келген параметрді таңдай
аласыз. Өзіңізге ұнайтын параметрді таңдау үшін, әр түрлі үгіту режимдерін қолданып көруді
ұсынамыз.
7 Қоюлық түймесін (сурет 4) басыңыз. Кофе дәні белгішелері жыпылықтай бастайды.
8 Қажетті кофе қоюлығын таңдау үшін, басқару тұтқасын бұраңыз: 1 дән жұмсақ кофеге, 2 дән
орташа күшті кофеге немесе 3 дән күшті кофеге арналған.
9 Қоюлығын (сурет 7) растау үшін басқару тұтқасы ортасын басыңыз.
10 Шыны санын таңдау үшін, қажетті шыны саны дисплейде (сурет 13) жыпылықтағанша басқару
тұтқасын бұраңыз.
Ескертпе: Кофе демдегіш су ыдысындағы барлық суды пайдаланатынын ескеріңіз. Су мөлшерінен
азырақ шыны санын таңдасаңыз, кофе күткендегіден сұйықтау болады.
11 Шыны (сурет 7) санын растау үшін, басқару тұтқасының ортасын басыңыз.
12 Басқару тұтқасы ортасын қайта басыңыз. Құрылғыдан дыбыс шығып, қажетті кофе дәндерінің
мөлшерін ұнтақтауды бастайды. Заттар ұнтақталып болғанда, құрылғы кофені дәмдеуді бастайды
13 Құмыраны шығармай тұрып, кофе демдегіш дыбысы тоқтауын күтіңіз.
Ескертпе: Демдеп болғаннан кейін кофе сүзгі себетінен бірнеше секунд тамшылап тұрады.
14 Құрылғы автоматты өшкенге дейін кофені ыстық күйінде сақтайды. Егер кофені ыстық күйінде
сақтау керек болса, құрылғыны өшіру үшін қосу/өшіру түймесін басыңыз.
Алдын ала ұнтақталған кофені пайдалану
Кофе дәндерінің орнына алдын ала ұнтақталған кофе пайдаланғыңыз келсе, төмендегі қадамдарды
орындаңыз.
1 Су ыдысы қақпағын ашып, су ыдысын талап етілген мөлшердегі суық су (сурет 2) мөлшерімен
толтырыңыз.
2 Сүзгі себетінің ұстағышын (сурет 10) ашыңыз.
3 Сүзгі себетіне тұрақты сүзгі немесе қағаз сүзгі (1x4 түрі немесе № 4) салыңыз.
4 Алдын ала ұнтақталған кофені қағаз сүзгінің немесе тұрақты сүзгінің ішіне салыңыз.
5 Сүзгі себетінің ұстағышын жабыңыз.
6 Құмыраны құралға (сурет 3) орнатыңыз.
7 Қосу/өшіру (сурет 5) түймесін басыңыз. Дисплей жанады.
8 Қоюлығын таңдау түймесін (сурет 4) басыңыз.
9 Алдын ала ұнтақталған кофе параметрін (сурет 6) таңдау үшін басқару тұтқасын бұраңыз. Алдын
ала ұнтақталған кофе белгішесі жанады.
10 Растау (сурет 7) үшін басқару тұтқасы ортасын басыңыз.
11 Одан кейін демдеу процесін бастау үшін, басқару тұтқасының ортасын қайта басыңыз.
12 Құмыраны шығармай тұрып, кофе демдегіш дыбысы тоқтауын күтіңіз.
Ескертпе: Демдеп болғаннан кейін кофе сүзгі себетінен бірнеше секунд тамшылап тұрады.
13 Құрылғы автоматты өшкенге дейін кофені ыстық күйінде сақтайды. Егер кофені ыстық күйінде
сақтау керек болса, құрылғыны өшіру үшін қосу/өшіру түймесін басыңыз.
69
Қазақша