4
KZ
Кабельдерді ұстағанда қауіпсіздігіңіз үшін қуат айыршаларын
суырып тастаңыз жəне кабельдерге шалынып қалмаңыз.
Теледидар құрылғысында жұмыс істегенде немесе
теледидарды қозғағанда қуат айыршаларын қуат көзінен
суырып тастаңыз.
Қуат айыршаларын ыстықтан аулақ ұстаңыз.
Қуат айыршаларын жиі суырып, тазалап тұрыңыз. Егер
айыршаны шаң басса жəне ол ылғалданса, тоқтан айыратын
қабы бүлініп, нəтижесінде өрт қа
упі туындайды.
Ескертулер
• Қамтамасыз етілген ток сымдарын басқа құралдармен
қолданбаңыз.
• Ток сымдарын жаншып, шамадан тыс бұрамаңыз. Негізгі
өткізгіштері ашылып қалуы немесе бүлінуі мүмкін.
• Ток сымдарын өзгертпеңіз.
• Ток сымдарының үстіне ауыр зат қоймаңыз.
• Тоқтан айырғанда ток сымдарынан тартпаңыз.
• Бір қуат көзіне бірнеше құрал қоспаңыз.
• Өлшемі дəл келмейтін қуат көздерін қолданбаңыз.
Тыйым салынған Қолданыс
Теледидарды төменде берілген орындарда, орталарда жəне
жағдайларда орнатпаңыз/қолданбаңыз, əйтпесе теледидар
құрылғысы бұзылып, өрт, электр шогы, бұзылу жəне/немесе
жарақатқа себеп болады.
Орын:
• Далада (тікелей күн көзі түсетін жерде), су жағасында, кемеде
немесе басқа су көлігінде, көлік ішінде, медициналық
орындарда, орнықсыз жерлерде, су жанында, жауынды,
ылғалды немесе түтінды ортада.
• Егер теледидар көпшіліккке арналған
монша немесе ыстық бұлақ сияқты
жерлерде орнатылса, ауадағы күкірт оның
бұзылуына əкелуі мүмкін.
• Бейне сапалы болу үшін теледидарды тікелей күн кө
зінен
немесе жарықтан сақтаңыз.
• Теледидарды суықтан бірден жылы жерге ауыстырудан сақ
болыңыз. Күтпеген температура өзгерісі ылғал жиналуына
себеп болуы мүмкін. Бұл теледидар бейнесінің жəне/немесе
түсінің сапасының төмендеуіне əкеледі. Бұндай жағдай болып
қалғанда, ылғалдың ұшып кетуіне дейін теледидарды
қоспаңыз.
Бөлмелер:
• Жəндіктер кіріп кетуі мүмкін ыстық, ылғалды немесе қатты шаң
болған бөлме жайларда; теледидар механикалық тербеліске
ұшырауы мүмкін; өрт қауіпті нысандар жанында (майшамдар
жəне т.б.). Теледидарды су тамшылары мен су шашыраудан
сақтау керек, жəне ішінде сұйығы бар ваза сияқты заттарды
теледидардың үстіне қоюға болмайды.
• Теледидарды ылғалды немесе шаң
жерлерге, майлы түті
нге немесе буға
толы бөлмеге (ас пісіретін үстелге
немесе ылғалдатқышқа жақын) қоюға
болмайды. Өртке, электр шогына,
немесе бейнесінің бүлінуіне себеп
болады.
• Теледидарды тікелей күн сəулесі түсетін жоғары
температуралы жерлерге, радиатор немесе жылыту
құралдарының жанына қоюға болмайды. Мұндай ортада
теледидар қызып кетіп, бұл қорабының бұзылуына немесе
зақымдалуына əкеп соғуы мүмкін.
Жағдайлар:
• Теледидарды су қолмен ұстамаңыз; оны қорабын алынған
күйде немесе өндіруші ұсынбаған қосымша керек-жарақтармен
пайдаланбаңыз. Найзағай болған кезде теледидарды электр
қуат ұяшығынан жəне антеннасынан ажырату керек.
• Теледидарды орнату шегінен асырып
орнатпаңыз. Бұл қатерлі жарақаттарға
немесе теледидардың зақымдалуына
əкеп соғуы мүмкін.
Сынған бөлшектер:
• Теледидарға ешнəрсе лақтырмаңыз. Экран əйнегі сынып,
қатты жарақатқа себеп болуы мүмкін.
• Теледидар беті шытынаса, қуат көзінен айырғанша ұстамаңыз.
Əйтпесе электр шогын алуыңыз мүмкін.
Қолданылмағанда
• Егер теледидарды бірнеше күн қолданбасаңыз, қауіпсіздік
жəне қуатты үнемдеу үшін құрылғыны қуат көзінен ажыратып
қойыңыз.
• Теледидар қут көздерінен суырылмай, тек қана өшіріліп тұрса,
қуат көздерінен суырып, толығымен өшіріңіз.
• Алайда, кейбір теледидарлар дұрыс жұмыс істеу үшін күту
күйінде қуат көзіне қосылып тұруы қажет болуы мүмкін.
Балалар үшін
• Балаларға теледидар үстіне шығуға рұқсат бермеңіз.
• Ұсақ жабдықтарын балалардан аулақ ұстаңыз, жұтып
қоймасын.
Егер келесі ақаулықтар орын алса...
Келесі мəселелер орын алса, бірден теледидарды өшіріп, қуат
айыршаларын суырыңыз.
Сатушы немесе Sony қызмет орталығына хабарласып,
маманданған қызметкерлер тексеріп беруін сұраңыз.
Егер:
Қуат сымдары бүлінсе.
Қуат көзіне дəл келмесе.
Теледидар құлап, соғылып немесе үстіне бір нəрсе құлап
бүлінсе.
Жəшігіне сұйық төгілсе немесе қатты зат түсіп кетсе.
Сұйық кристалдық мониторының
температурасы туралы
Сұйық кристалдық монитор ұзақ уақыт пайдаланылған кезде
пенльдің жан-жағы қызады. Сол жерді қолмен ұстағанда,
ыстықты сезінуіңіз мүмкін.
Теледидар қарау
• Теледидарды жеткілікті жарықтакөріңіз, жеткіліксіз жарықта
немесе ұзақ уақыт көру көзіңізді шаршатады.
• Құлаққаптарды қолданғанда, дыбысты аса қатты орнатпаңыз,
құлаққа зақым келеді.
(Тек 3D үйлесімді модельдер)
• Кейбір адамдар 3D видео бейнелерін көруден немесе
стереоскопты 3D ойындарын ойнаудан ыңғайсыздық (көз
қысымы мен талуы, немесе жүрегі айнуы) сезінуі мүмкін. Sony
3D видео бейнелерін көру кезінде немесе стереоскопты 3D
ойындарын ойнау кезінде жиі үзіліс жасауға кеңес береді.
Қажетті үзіліс ұзақтығы мен жиілігі барлығы үшін бірдей
болмайды. Өзіңізге қолайлысына тоқтайсыз. Егер
ыңғайсыздық сезінсеңіз, ыңғайсыздық аяқталғанша 3D ви
део
бейнелерін көруді немесе стереоскопты 3D ойындарын
ойнауды тоқтатуыңыз керек; қажет десеңіз дəрігермен
кеңесуіңіз қажет. Сондай-ақ, бұл теледидармен қолданылатын
құралдар немесе медиа (i) нұсқамаларын қарауыңыз қажет
жəне соңғы ақпарат үшін (ii) біздің сайтымызды
(www.sony.eu/support) қарауыңыз қажет болады. Баларадың
көру қабілеті (əсіресе алты жастан төменгілер) əлі даму
үстінде. Жас балаларға 3D видео бейнелерін көруге немесе
с
тереоскопты 3D ойындарын ойнауға рұқсат бермес бұрын,
дəрігермен (педиатр немесе көз дəрігерімен) кеңесіңіз.
Ересектер балалардың жоғарыда көрсетілген нұсқамаларды
орындауын қадағалауы тиіс.
Сақтық шаралары