Zanussi ZOG21411BK Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я — чат-бот, прочитавший инструкцию по эксплуатации духового шкафа Zanussi ZOG21411. Я готов ответить на ваши вопросы о его функциях, использовании, уходе и решении возможных неполадок. В руководстве описаны различные режимы работы (газ, электричество, гриль), использование вертела и других аксессуаров, а также рекомендации по безопасной эксплуатации.
  • Как включить духовой шкаф?
    Как использовать вертел?
    Что делать, если духовка не работает?
    Как очистить духовой шкаф?
KK
Қолдану туралы
нұсқаулары
2
RU
Инструкция по
эксплуатации
21
UK
Інструкція 41
Тұмшапеш
Духовой шкаф
Духова шафа
ZOG21411
KZ
RU
UA
Мазмұны
Сақтық шаралары _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 2
Қауіпсіздік нұсқаулары _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 3
Бұйым сипаттамасы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 6
Бірінші қолданғанға дейін _ _ _ _ _ _ _ _ 6
Əркүндік қолдану _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 7
Сағат фунциялары _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 8
Керек-жарақтарды қолдану _ _ _ _ _ _ _ 8
Қосымша функциялар _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 9
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер _ _ 9
Күту менен тазалау _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 12
Не істерсіңіз, егер... _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 14
Техникалық сиппатама _ _ _ _ _ _ _ _ _ 14
Орнату _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 15
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы
мағлұматтар _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 20
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
Сақтық шаралары
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген
нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны дұрыс
орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нəтижесінде адам жарақат
алса жəне ақаулық орын алса өндіруші жауапты емес.
Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап
қойыңыз.
Балалар мен дəрменсіз адамдардың қауіпсіздігі
Назарыңызда болсын! Тұншығып қалу, жарақат алуы
немесе мүгедек болып қалу қаупі бар.
Бұл құрылғыны 8 жасқа толған жəне одан асқан балалар
жəне кемтар, сезім немесе ой-қабілетіне нұқсан келген
адамдар немесе тəжірибесі немесе білімі аз адамдар, өз
қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның бақылауында
болса пайдалана алады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Орам материалдарының
барлығын балалардан алыс
ұстаңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып тұрғанда,
балалар мен үй жануарларын оған жақындатпаңыз.
Қолжетімді бөлшектері ыстық болады.
Егер құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен жабдықталса,
оны іске қосуды ұсынаыз.
2
www.zanussi.com
Балалар тазалау жəне күтім көрсету жұмыстарын басқаның
бақылауынсыз орындамауға тиіс.
Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Жұмыс істеп тұрған құрылғының ішкі жағы ысып кетеді.
Құрылғының ішіндегі қыздырғыш элементтерге қол
тигізбеңіз. Керек-жарақтарды немесе ыдыстарды алып-
салған кезде үнемі қолғап киіңіз.
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
Күтім көрсетер алдында электр желісінен ажыратыңыз.
Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды немесе
өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз, себебі сызат
түсіп,
шыны шытынап кетуі мүмкін.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Орнату
Назарыңызда болсын! Бұл
құрылғыны тек білікті маман ғана
орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі абай
болыңыз, себебі салмағы ауыр.
Əрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз.
Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың,
заттардың арасындағы
минимум
қашықтықты сақтаңыз.
Құрылғының үсті мен жан-жағын
қоршаған конструкциялардың қауіпсіз
болуын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғының жан-жағын биіктігі осы
құрылғының биіктігімен бірдей
құрылғылармен жанастырып қою керек.
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын! Өрт шығу
жəне электр қатеріне ұшырау қаупі
бар.
Электртоғына қосу жұмыстарын білікті
электрші ғана іске асыруға тиіс.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр
желісіндегі параметрлерге сай
келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе,
электршіге хабарласыңыз.
Əрқашан дұрыс орнатылған, қатерден
сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты
адаптерлер мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына жəне сымына
зақым келтірмеңіз. Зақым келген электр
сымын ауыстырту үшін қызмет көрсету
орталығына немесе электршіге
хабарласыңыз.
3
www.zanussi.com
Электр сымдарын құрылғының есігіне,
əсіресе ыстық тұрған есікке тигізуге
болмайды.
Тоққа қосулы тұрған жəне оқшаулағышы
бар бөлшектердің электр қатерінен
сақтандырғышын, саймансыз
алынбайтын етіп бекітіп қою керек.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін
ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін
ашаның қол жететін жерде тұрғанына
көз жеткізіңіз.
Егер розетка босап тұрса, оған ашаны
сұқпаңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Əрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
Дұрыс оқшаулағыш құралдарды ғана
қолданыңыз. желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан
қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.
Электр жүйесі құрылғыны кез келген
полюсте ажыратуға мүмкіндік беретін
оқшаулағыш құралмен жабықталуға тиіс.
Оқшаулағыш құралдың контакт ара
қашықтығы кем дегенде 3 мм болуға
тиіс.
Газға қосу
Газға қосу жұмыстарының барлығын
білікті маман ғана іске асыруға тиіс.
Құрылғының айналасында ауаның
айналуын қамтамасыз етіңіз.
Газбен жабдықтау туралы ақпарат
техникалық ақпарат тақтайшасында
берілген.
Бұл құрылғы жану өнімдерін тартып
əкететін құрылғыға жалғанбаған.
Құрылғыны ағымдық орнату
ережелеріне сай орнатыңыз. Желдету
талаптарының дұрыс орындалуына көз
жеткізіңіз.
Пайдалану
Назарыңызда болсын! Жарақат алу,
күйіп қалу немесе электр тоғының
қатеріне ұшырау немесе жарылыс шығу
қаупі бар.
Бұл тұрмыста қолдануға арналған
құрылғы.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны назардан
тыс қалдырмаңыз.
Құрылғыны пайдаланып болған сайын
тоқтан ажыратыңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін
ашқан
кезде абай болыңыз. Ыстық ауа
шығуы мүмкін.
Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз
немесе суға тиіп тұрған құрылғыны
пайдаланбаңыз.
Ашық тұрған құрылғы есігіне күш
салмаңыз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін
үнемі жабық ұстаңыз.
Құрылғының есігін абайлап ашыңыз.
Алкоголь қосылған қоспаларды
қолданғанда, ауа мен
алкоголь қоспасы
пайда болуы мүмкін.
Есікті ашқан кезде құрылғыға от
жарқылын немесе ашық отты
жақындатпаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
Назарыңызда болсын! Құрылғыны
бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп
немесе өңі кетпес үшін:
4
www.zanussi.com
пештің ыдыстарын немесе басқа
заттарды құрылғының табанына тура
қоймаңыз.
алюминий жұқалтырды құрылғының
табанына тура қоймаңыз.
ыстық суды құрылғының ішіне тура
қоймаңыз.
тамақ пісіріп болғаннан кейін дымқыл
ыдыстарды жəне тағамды құрылғының
ішінде ұстамаңыз.
керек-жарақтарды алып-салған кезде
абай болыңыз.
Құрылғының эмаль қаптамасының
түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына əсер
етпейді. Бұл кепілдік заңына сəйкес
қарастырылатын
ақаулық емес.
Сұйық қоспадан жасалатын тортты пісіру
үшін шұңғыл табаны қолданыңыз. Жеміс
шырындарынан кетпейтін дақ қалуы
мүмкін.
Назарыңызда болсын! Тағамды
əрқашан тұмшапештің есігін жауып
пісіріңіз.
Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын! Жарақат алу,
өрт қаупі жəне құрылғыны бүлдіріп алу
қаупі бар.
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын розеткадан
суырыңыз.
Құрылғының салқын тұрғанына
көз
жеткізіңіз. Шыны панелі сынып қалуы
мүмкін.
Есіктің шыныларына зақым келсе дереу
ауыстырыңыз. Қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
Құрылғының қаптамасының сапасы
түспес үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
Құрылғының ішінде қалған майдың
немесе тағамның қалдығынан өрт
шығуы мүмкін.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш
заттарды қолданыңыз. Жеміргіш
заттарды, түрпілі жөкені, еріткіштерді
немесе темір заттарды пайдаланбаңыз.
Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз, оның
орамында көрсетілген сақтық
шараларын орындаңыз.
Каталитті эмаль қаптаманы (егер бар
болса) ешбір жуғыш затпен
тазаламаңыз.
Ішкі жарық шамы
Осы құрылғыда тұрмыстық
құрылғыларға ғана арналған жарықтама
шам немесе галоген шамы қолданылған.
Оны
бөлмені жарықтандыру үшін
қолданбаңыз.
Назарыңызда болсын! Электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
Шамды ауыстырар алдында құрылғыны
тоқтан ажыратыңыз.
Техникалық параметрлері сай келетін
шамдарды ғана қолданыңыз.
Құрылғыны тастау
Назарыңызда болсын! Жарақат алу
немесе тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны қоқысқа дұрыс тастауға
қатысты ақпаратты жергілікті əкімшілік
мекемеге хабарласып алыңыз.
Құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
Қуат сымын
кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
Сыртқы газ түтіктерін майыстырыңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін
алыңыз
5
www.zanussi.com
Бұйым сипаттамасы
1
2 3 4 5 6
7
8
9
10
11
12
13
1
1
Басқару панелі
2
Қуат индикаторы
3
Гриль индикаторы
4
Газ пешті басқару тетігі
5
Тұмшапеш функциясын басқару тетігі
6
Минут операторы
7
Желдеткіштің ауа шығатын
саңылаулары
8
Гриль
9
Тұмшапештің шамы
10
Бұрылмалы істіктің тесігі
11
Желдеткіш
12
Тұмшапеш қуысының табанындағы
пластинка
13
Техникалық ақпарат тақташасы
Тұмшапештің керек-жарақтары
Торкөз сөре
Ыдыстарға, торт қалыптарын қоюға,
тағам қуыруға арналған.
Алюминий пісірме табақ
Торттар мен печеньелерге арналған.
Гриль- / Қуыру науасы
Пісіру мен қуыруға немесе май
жинайтын таба ретінде қолдануға
арналған.
Бұрылмалы істік
Ет пен құс етінің ірірек кесектерін
қуыруға арналған.
Бірінші қолданғанға дейін
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.
Алғашқы тазалау
Керек-жарақтарының барлығын жəне
алмалы сөре сырғытпаларын (бар
болса) алыңыз.
Құрылғыны алғаш рет пайдаланар
алдында тазалаңыз.
Өте маңызды! "Күту менен тазалау"
тарауын қараңыз.
Алдын ала қыздыру
Қалған майды күйдіріп жіберу үшін бос
құрылғыны алдын ала қыздырыңыз.
1.
функциясы мен ең үлкен
температураны орнатыңыз
2. Құрылғыны 60 — 90 минут қосып
қойыңыз.
3.
функциясы мен ең үлкен
температураны орнатыңыз.
4. Құрылғыны 5 — 10 минут қосып
қойыңыз.
Керек-жарақтар əдеттегіден қаттырақ
қызуы мүмкін. Құрылғыдан иіс жəне түтін
шығуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай.
Ауаның жеткілікті түрде айналып
тұрғанына көз жеткізіңіз.
6
www.zanussi.com
Тұмшапешті салқындатыңыз. Жұмсақ
матаны шамалы жуғыш зат қосылған
суға батырып, тұмшапештің ішін тазалау
үшін пайдаланыңыз.
Əркүндік қолдану
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.
Тұмшапеш функциялары
Тұмшапеш функциясы Қолданылуы
OFF (сөндірулі)
қалпы
Құрылғы сөндірулі.
Тұмшапештің
шамы
Тұмшапештің шамын пісіру функциясынсыз жарықтандыруға
арналған.
Бұрылмалы істігі
бар электр грилі
Еттен гриль, сондай-ақ, кəуап немесе кішкене еттерден гриль
жасауға арналған.
Температура
мəндерін орнату
Электр грилінің температурасын реттеу (шамамен ең азы 50 ºC
градустан бастап, ең көбі 200 ºC градусқа дейін).
Ыстық желмен
пісіру
Бір мезгілде тұмшапештің бірден көп сөресіне пісіруге арналған.
Тағамды кептіруге арналған. Газ пешінің оттығымен бірге
пайдалануға арналған
Қуат индикаторы
Газ пештің функциясын басқаратын тетікті
орнатқан кезде қуат индикаторы жанады.
Газ пешті басқару тетігі
Белгіш
е
Функция
Тұмшапештің оттығы сөндірулі
мин. -
240
Дəстүрлі жолмен пісіруге арналған
температура мəндері
Газ тұмшапеште тамақ пісіру
Тұмшапештің газ оттығын тұтату:
1. Тұмшапештің есігін ашыңыз.
2. Газ тұмшапешін басқару тетігін басып,
қалпына бұраңыз. Оны бірнеше
секунд басып тұрыңыз, бірақ 15
секундтан артық баспаңыз. Оны жалын
пайда болғанша босатпаңыз.
Қолдан тұтату:
Электр қуаты уақытша үзіліп қалса.
1. Тұмшапештің есігін ашыңыз.
2. Отты тұмшапеш ішінің түбіндегі
тесіктің жанында ұстап тұрыңыз.
3. Сонымен бір мезгілде газ пешін
басқару тетігін басып, сағат тілінің
бағытына қарсы ең жоғары
температураға бұраңыз.
4. Жалын шыққан кезде, газ пешінің
басқару тетігін шамамен 15 секунд
басып ұстап тұрыңыз.
Отты тұмшапештің түбіндегі тесіктер
арқылы бақылаңыз.
Егер тұмшапештің газ оттығы от
алмаса немесе кенет сөніп қалса:
1. Газ
пешінің басқару тетігін босатыңыз
да, “Off” қалпына қойыңыз.
2. Тұмшапештің есігін ашық қалдырыңыз.
3. Бір минуттан кейін тұмшапештің газ
оттығын қайта тұтатып көріңіз.
Жағып болғаннан кейін:
1. Газ пешінің басқару тетігін босатыңыз.
2. Тұмшапештің есігін жабыңыз.
7
www.zanussi.com
3. Газ тұмшапешінің басқару тетігін
қажетті температураға қойыңыз.
Тұмшапеш қауіпсіздігі құралы:
Газ пештің терморелесі бар.. Ол жалын
сөніп қалғанда, газдың берілуін тоқтатады.
Газ пеші мен бұрылмалы істігі бар
электр грилін (бар болса) бір мезгілде
қатар пайдалануға болмайды.
Газ пешінің желдеткішін пайдалану
Назарыңызда болсын! Тағамды
əрқашан тұмшапештің есігін жауып
пісіріңіз.
Газ оттығы тұмшапештің ішіндегі
ауаны қыздырады
. Температураны
біркелкі ұстау үшін желдеткіш ыстық ауаны
таратып тұрады.
1. Тұмшапештің газ оттығын жағу ("Газ
тұмшапеште пісіру").
2. Жаққан кезде тұмшапешті басқару
тетігін
қалпына қойыңыз.
Тұмшапештің желдеткіші тағам пісіре
бастағаннан кейін шамамен 10
минуттан кейін қосылады.
Қақтау
1. Тұмшапештің функциясын басқаратын
тетікті сағат тілінің бағытымен
қалпына бұраңыз.
2. Гриль мен гриль науасының
сырғытпасының деңгейін тағамның əр
түрлі қалыңдығына лайықтап реттеңіз.
Тағамды жылдам пісіру үшін үстіңгі
қыздырғыш элементке жақын, баппен
пісіру үшін одан алыс қойыңыз.
Ауаның барынша жақсы таралуын
қамтамасыз ету жəне тағамды майы мен
сөлінен бөлу үшін тағамның көбін гриль
науасындағы торға салу керек. Егер
қаласаңыз, балық, бауыр жəне бүйрек
тəрізді тағамдарды гриль науасына тура
қоюға болады.
Тағамның май-сөлі
шашырамас үшін
тағамды қақтамас бұрын мұқият кептіру
керек. Пісіру барысында кебір болып
кетпес үшін майсыз еттер мен балыққа
шамалы өсімдік майын немесе сары май
жағыңыз.
Етті қақтаған кезде қызанақ жəне
саңырауқұлақ тəрізді қосымшаларды
тордың астына салуға болады.
Нанды қыздырған кезде үстіңгі
сырғытпаны пайдалану керек.
Тағамды пісіру барысында қажетінше
аударып отыру керек.
Гриль индикаторы
Гриль
индикаторы ("Бұйым сипаттамасы"
тарауын қараңыз) гриль пісіру функциясы
таңдалған кезде жанады. Ол пеш қажетті
температураға дейін қызған кезде өшеді.
Одан соң жанып-сөну арқылы қажетті
температураның реттелгенін көрсетеді.
Сағат фунциялары
Минут операторы
Тұмшапеш функциясының кері санақ
уақытын орнату үшін осы функцияны
пайдаланыңыз.
Бұл функция тұмшапештің жұмысына
ешбір əсер етпейді.
1. Таймердің тетігін шегіне дейін бұрап,
содан кейін қажетті уақыт мерзіміне
бұраңыз.
2. Уақыт аяқталған кезде дыбыстық
сигнал естіледі.
Керек-жарақтарды қолдану
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.
8
www.zanussi.com
Бұрылмалы істік
Назарыңызда болсын! Бұрылмалы
істікті пайдаланған кезде абай
болыңыз. Шанышқылары мен істігі өткір.
Жарақат алу қаупі бар.
Назарыңызда болсын! Бұрылмалы
істікті алған кезде тұмшапеш қолғабын
пайдаланыңыз. Бұрылмалы істік пен гриль
ыстық. Күйіп қалу қатері бар.
1
2
4
3
1
Тұтқасы
2
Істік
3
Шанышқылар
4
Бұрылмалы істіктің жақтауы
1. Бұрылмалы істіктің тұтқасын істікке
салыңыз.
2. Қуыру табағын ең астыңғы сөре
деңгейіне қойыңыз.
3. Бұрылмалы істіктің жақтауын астынан
санағанда екінші деңгейге қойыңыз.
4. Бірінші шанышқыны істікке орнатыңыз
да, содан кейін етті бұрылмалы істікке
салып, екінші шанышқыны орнатыңыз.
5. Шанышқыларды қатайту үшін
бұрандаларды пайдаланыңыз.
6. Істіктің ұшын бұрылмалы істіктің
тесігіне салыңыз. "Бұйым сипаттамасы"
тарауын қараңыз.
7. Істіктің алдыңғы жағын бұрылмалы
істіктің жақтауына салыңыз.
8. Бұрылмалы істіктің тұтқасын алыңыз.
9.
Тұмшапеш функциясының тетігін
қалпына бұраңыз. Бұрылмалы істік
айналады.
10
.
Қажетті температураны орнатыңыз.
Пісіру кестелеріне қараңыз.
Қосымша функциялар
Желдеткіш
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде,
құрылғының беттерін салқын ұстау үшін
желдеткіш автоматты түрде қосылады.
Құрылғыны сөндірсеңіз, желдеткіш
құрылғының температурасы
салқындағанша жұмыс істеп тұра береді.
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
Құрылғының сөре қойылатын төрт
деңгейі бар. Сөренің деңгейлерін
құрылғының астыңғы жағынан бастап
санау керек.
Құрылғы ауа айналдыратын жəне буды
үздіксіз қайта айналдырып отыратын
арнайы жүйемен жабдықталған. Осы
жүйенің көмегімен тағамды булы ортада,
ішін жұмсақ жəне сыртын күтірлек етіп
пісіруге болады. Бұл пісіру уақыты мен
пайдаланылатын қуат мөлшерін
барынша азайтады.
Құрылғының ішіне немесе есіктің шыны
панельдеріне бу жиналуы мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай. Тағам пісіріп жатқанда
құрылғы есігін ашу қажет болса, үнемі
артқа шегініп барып ашыңыз. Конденсат
мөлшерін азайту үшін құрылғыны тағам
пісірер алдында 10 минут қосыңыз.
9
www.zanussi.com
Құрылғыны пайдаланып болған сайын
оның ылғалын тазалаңыз.
Тағам пісірген кезде заттарды
құрылғының табанына қоймаңыз жəне
құрылғының бөлшектеріне алюминий
жұқалтыр жаппаңыз. Бұл пісіру
нəтижесін өзгертіп, эмаль қаптамаға да
нұқсан келтіруі мүмкін.
Торт пісіру
Тұмшапештің есігін орнатылған пісіру
уақытының 3/4 мөлшері өткенше
ашпаңыз.
Егер бір уақытта екі пісіру табағын
пайдалансаңыз, араларына бір бос
деңгей қалдырыңыз.
Ет пен
балық пісіру
Тұмшапешке мүлдем тазаланбайтын дақ
түспес үшін, өте майлы тағамды
пісіргенде шұңғыл табақты
пайдаланыңыз.
Етті кесердің алдында сөлі ағып кетпес
үшін шамамен 15 минут қоя тұрыңыз.
Тағам қуырған кезде тұмшапештің іші
қатты түтіндеп кетпес үшін шұңғыл
табаққа шамалы су құйыңыз. Түтін
жиналып қалмас үшін су таусылған
сайын үстемелеп құйып отырыңыз.
Пісіру уақыттары
Пісіру уақыттары тағамның түріне,
құрамына жəне мөлшеріне байланысты.
Бастапқыда тағам пісірген кезде пісіру
үрдісін бақылап отырыңыз. Осы
құрылғыны пайдаланған кезде
қолданылатын ыдыстарға, рецептілерге
жəне тағамның мөлшеріне сай келетін
параметрлерді (
қызу параметрі, пісіру
уақыты т.с.с.) анықтап алыңыз.
Газ тұмшапеште пісіру
Уақытқа алдын ала қыздыру уақыты
кірмейді.
Бос тұмшапешті əрқашан 10 минут
қыздырыңыз.
Салм
ағы
(кг)
ТАҒАМ ТҮРІ
Газ тұмшапеште
пісіру
Минутқа
шаққанд
ағы
пісіру
уақыты
Ескерімдер
Темп. (°C) деңгейі
ЕТ ЖƏНЕ ҚҰС ЕТІ
1 Сүйегі бар сиыр еті мин.
2 немесе
3
40
1 Сүйексіз сиыр еті 190
2 немесе
3
50
1 Қой еті мин.
2 немесе
3
40 - 50
1 Шошқа еті 175
2 немесе
3
50
1,2 Тауық/Қоян еті 210
2 немесе
3
70 - 80
1 Үйрек еті 190
2 немесе
3
80
1 Күркетауық еті 180
2 немесе
3
60
10
www.zanussi.com
Салм
ағы
(кг)
ТАҒАМ ТҮРІ
Газ тұмшапеште
пісіру
Минутқа
шаққанд
ағы
пісіру
уақыты
Ескерімдер
Темп. (°C) деңгейі
0,5 Бұқтырма тағам мин.
2 немесе
3
150
1 Көкөніс пісірмесі мин. 2
көкөніс түріне қарай əр түрлі
болады
ТОҚАШ ӨНІМДЕРІ
Жеміс бəліштері 165 2 35
Жеміс бəліші мин.
2 немесе
3
35
Шұжық орамалары 180
2 немесе
3
20
Чокс тоқашы 190
2 немесе
3
25 - 30
Воловент тоқашы 175
2 немесе
3
15
Джем қосылған
пирожныйлар
180
2 немесе
3
30 - 40
тор сөреге қойылған 26 см
алюминий қалып
ПУДДИНГ
Бен-мариде
пісірілген
жұмыртқа десерті
мин.
2 немесе
3
60 - 75
ТОРТТАР
Көп жеміс қосылған
торт
мин.
2 немесе
3
150 - 170
тор сөреге қойылған 20 см
алюминий қалып
Жай жеміс торты мин.
2 немесе
3
150
Мадейра торты мин.
2 немесе
3
105 - 120
Кішкене кекстер мин. 3 30 - 40
Зімбір наны мин. 3 35 - 45
НАН
0,5 Нан бөлкелері 190
2 немесе
3
40 - 50 алюминий пісіру науасында
1 Нан бөлкелері 190
2 немесе
3
50 - 60 алюминий пісіру науасында
Орамалар, мейізді
тоқаш
180
2 немесе
3
15 - 20
Печеньелер 180
2 немесе
3
25 - 35
11
www.zanussi.com
Қақтау
Бос тұмшапешті тағам пісірмес бұрын
10 минут алдын ала қыздырыңыз.
Мөлшері Қақтау Пісіру уақыты [мин]
ТАҒАМ ТҮРІ Саны [г] Сөренің
орналасуы
Темп.
[°C]
1-ші жағы 2-ші жағы
Қоң ет стейктері 4 800 4 макс. 12 - 15 12 - 14
Сиыр етінің
стейктері
4 600 4 макс. 10 - 12 6 - 8
Шұжық 8 - 4 макс. 12 - 15 10 - 12
Туралған шошқа еті 4 600 4 макс. 12 - 16 12 - 14
Тауық (2-ге
бөлінген)
2 1000 4 макс. 30 - 35 25 - 30
Кəуап 4 - 4 макс. 10 - 15 10 - 12
Тауықтың төс еті 4 400 4 макс. 12 - 15 12 - 14
Гамбургер 6 600 4 макс. 13 - 15 12 - 14
Балықтың қоң еті 4 400 4 макс. 12 - 14 10 - 12
Тост сэндвичтері 4 - 6 - 4 макс. 5 - 7 -
Қыздырылған нан 4 - 6 - 4 макс. 2 - 4 2 - 3
Бұрылмалы істік
Бос тұмшапешті тағам пісірмес бұрын
10 минут алдын ала қыздырыңыз.
ТАҒАМ ТҮРІ [г] Сөренің
орналасуы
Темп. [°C] Пісіру уақыты
[мин]
Құс еті 1000 2 макс. 50 – 60
Қуырылған тағамдар 800 2 макс. 50 – 60
Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.
Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш зат
қосылған жылы суға батырылған жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз.
Металл беттерді тазалау үшін кəдімгі
жуғыш заттарды пайдаланыңыз.
Тұмшапешті пайдаланып болған сайын
ішкі жағын тазалаңыз. Осылайша
ластықты оңай тазалайсыз, əрі күйіп
кетуіне жол бермейсіз.
Оңай тазаланбайтын қалдықтарды
арнайы пеш тазалағыштармен
тазалаңыз.
Тұмшапештің керек-жарақтарын
пайдаланып болған сайын тазалаңыз
жəне кептіріңіз. Шүберекті, жылы су мен
жуғыш затты пайдаланыңыз.
Тұмшапештің керек-жарағына ластық
тұрмайтын болса, жеміргіш затпен, өткір
қырлы құралмен тазаламаңыз немесе
ыдыс жуғыш машинада жумаңыз. Себебі
12
www.zanussi.com
ластық жабыспайтын қаптаманы
бүлдіруі мүмкін.
Болаттан немесе алюминийден
жасалған құрылғылар:
Тұмшапештің есігін дымқыл жөкемен ғана
тазалаңыз. Жұмсақ шүберекпен
құрғатыңыз.
Жүн мақтаны, қышқылды немесе жеміргіш
материалдарды пайдаланбаңыз, себебі
тұмшапештің бетіне нұқсан келтіруі мүмкін.
Тұмшапештің басқару панелін де осындай
сақтық шараларды орындап тазалаңыз.
Есіктің тығыздағышын тазалау
Есіктің тығыздағышын уақытылы
тексеріңіз. Есіктің тығыздағышы
тұмшапеш жақтауының айналасында
орналасқан. Есіктің тығыздағышына
нұқсан келсе, құрылғыны
пайдаланбаңыз. Қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Есіктің тығыздағышын тазалау үшін
тазалауға қатысты жалпылама
нұсқауларды қараңыз.
Тұмшапештің есігін тазалау
Тұмшапештің есігін алып тазалауға
болады.
1
Есікті шегіне
дейін ашып, есіктің
екі топсасын
ұстаңыз.
2
Екі топсадағы
тетіктерді көтеріңіз
жəне бұраңыз.
3
Тұмшапештің
есігін бірінші ашу
күйіне (жартылай)
қарай жабыңыз.
Есікті алға қарай
тартыңыз да,
ұясынан шығарып
алыңыз. Есікті
жұмсақ мата
төселген орнықты
жерге қойыңыз.
Тұмшапештің есігін сабын сумен
тазалаңыз. Тұмшапештің есігін мұқият
тазалаңыз.
Тазалап болғаннан кейін тұмшапештің
есігін орнына салыңыз. Тұмшапештің есігін
орнына салу үшін жоғарыда айтылған
қадамдарды керісінше орындаңыз.
Тұмшапештің шамы
Назарыңызда болсын! Тұмшапештің
шамын ауыстырған
кезде абай
болыңыз. Электр қатері бар.
Тұмшапештің шамын ауыстырар
алдында:
Тұмшапешті сөндіріңіз.
Сақтандырғыш қорабындағы
сақтандырғыштарды алыңыз немесе
айырып-қосқышты ажыратыңыз.
Тұмшапештің шамына жəне шыны
қақпағына зақым келмес үшін
тұмшапештің табанына шүберек төсеңіз.
1. Шамның қақпағын алу үшін сағат
тілінің бағытына қарсы бұраңыз.
2. Шыны қақпақты тазалаңыз.
13
www.zanussi.com
3. Тұмшапеш шамының орнына 300 °C
градус қызуға төзетін тұмшапеш
шамын салыңыз.
Шамның дəл осындай түрін
пайдаланыңыз.
4. Шыны қақпақты орнатыңыз.
Не істерсіңіз, егер...
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Құрылғы жұмыс істемейді. Құрылғы іске қосылған жоқ. Құрылғыны іске қосыңыз.
"Күнделікті пайдалану"
тарауын қараңыз.
Құрылғы жұмыс істемейді. Сақтандырғыш тарауындағы
сақтандырғыш ағытылған.
Сақтандырғышты тексеріңіз.
Сақтандырғыш бірнеше рет
ағытылып кете берсе, білікті
электршіге хабарласыңыз.
Тұмшапештің шамы жанбайды. Тұмшапештің шамында ақау
бар.
Тұмшапештің шамын
ауыстырыңыз.
Тағамның үстіне жəне
тұмшапештің ішіне бу жəне
конденсат жиналады.
Тұмшапештің ішіне тағам ұзақ
уақытқа қойылған.
Тағамды пісіріп болғаннан
кейін оны тұмшапештің ішінде
15 - 20 минуттан ұзақ уақыт
ұстамаңыз.
Жалын тұтатқан бетте дереу
сөніп қалады.
Қыздырғыш элемент жеткілікті
қызбайды.
От жанғаннан кейін тетікті
шамамен 15 секунд басып
ұстап тұрыңыз.
Ақаулықты өзіңіз шеше алмасаңыз,
дилерге немесе қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Қызмет көрсету орталығына қажетті
ақпарат техникалық ақпарат
тақтайшасында көрсетілген. Техникалық
ақпарат тақтайшасы құрылғы корпусының
алдыңғы жақтауында орналасқан.
Оларды мына жерге жазып қоюды ұсынамыз:
Үлгі (MOD.) .........................................
Өнім нөмірі (PNC) .........................................
Сериялық нөмірі (S.N.) .........................................
Техникалық сиппатама
Жалпы қуат мəні
Электр қуаты: 1700 Вт
Газ: G20 (2H) 20 mbar =
2700 W
G30/G31 (3B/P) 30/30
mbar = 2500 W
G30 (3+) 28-30 mbar
= 2500 W
(Португалияға ғана
арналған)
14
www.zanussi.com
G31 (3+) 37 mbar =
2500 W
(Португалияға ғана
арналған)
G20 (2H) 13 mbar =
2500 W (тек Ресей
үшін)
Электрмен
жабдықтау:
230 В ~ 50 Гц
Санаты: ll2HS3B/P (Ресей мен
Румынияға арналған)
II2H3+ (Португалияға
арналған)
Газбен жабдықтау: G20 (2H) 25 мбар
Құрылғының сыныбы 3
Газ пеші оттығының техникалық параметрлері
Газ түрі
Инжектор
белгісі
Номинал
ьды газ
қуаты
Номиналь
ды газ
ағысы
Газдың
азайтылған
қуаты
Байпас
істікше
Газдың
номинальды
қысымы
1/100 мм кВт
г/сағ (1/100 мм)
(мбар)
Табиғи газ
(G20)
114 2,7
-
1,0 Қал. 20
Сұйылтылғ
ан газ
(G30/G31)
78 2,5
182
1,0 52
20/30
28-30/37
(Португалияғ
а ғана
арналған)
Табиғи газ
(G20) (тек
Ресейге
арналған)
124 2,5
-
1,0 Қал. 13
Орнату
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.
Орнату қауіпсіздігі
Орнатуға қатысты бұл нұсқаулар уəкілетті
мамандарға ғана арналған!
Назарыңызда болсын! Құрылғыны
орнату, электртоғына қосу жəне
жөндеу жұмыстарын уəкілетті мамандарға
ғана (газ жəне электр) тапсырыңыз. Егер
уəкілетті мамандарға тапсырмасаңыз,
зақым келген жағдайда кепілдік заңды
күшінен айырылады. Осы пайдаланушы
нұсқаулығында көрсетілген газ жəне
электр құрылғыларын орнату, пайдалану
жəне күтіп ұстауға
қатысты дұрыс
əрекеттер мен нұсқауларды орындаңыз.
Назарыңызда болсын! Орнатар
алдында жергілікті ресурспен
жабдықтау жағдайларының (газдың түрі
мен қысымы) құрылғының параметрлеріне
сəйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Назарыңызда болсын! Осы
құрылғының параметрлерін реттеу
жағдайлары затбелгіде немесе деректер
тақташасында жазылған.
Назарыңызда болсын! Осы
нұсқаулықта көрсетілген орнату
нұсқауларын орындамау салдарынан орын
алған зақымға өндіруші жауапкершілік
көтермейді.
Орнату жағдайы:
15
www.zanussi.com
Бұл құрылғы жану өнімдерін тартып
əкететін құрылғыға жалғанбаған.
Құрылғыны ауа жеткілікті айналып
тұратын бөлмеге ғана орнату керек.
Табиғи желдеткіш саңылауларды ашық
ұстаңыз немесе пештің ауа тартқышын
орнатыңыз.
Кіріктірілген қаптамада кем дегенде 130
см² орын болуға тиіс.
Газға тамақ пісіру құрылғысын
пайдаланған кезде, осы құрылғы
орнатылған бөлме ысып кетеді жəне ылғал
түзіледі. Ас бөлменің
жақсы желдетілуін
қамтамасыз етіңіз: табиғи жолмен
желдететін саңылауларды ашып қойыңыз
не механикалық желдету құралын
орнатыңыз (механикалық тартқыш
құрылғы). Құрылғыны ұзақ уақыт
пайдаланған кезде қосымша желдету
қажет болуы, мысалы, терезені ашу
немесе барынша тиімді желдету тəсілін
пайдалану қажет болуы мүмкін, егер
механикалық тартқыш бар болса, оның
қарқынын арттыруға болады.
Газға қосу
Газбен жабдықтау бағыттауышы басқару
панелінің артында орналасқан.
Назарыңызда болсын! Резеңке
иілгіш түтіктерді пайдаланбаңыз.
Назарыңызда болсын! Газды
жалғар алдында ашаны розеткадан
ағытыңыз немесе сақтандырғыш
қорапшасындағы сақтандырғышты
сөндіріңіз. Газбен жабдықтауға
арналған негізгі клапанды жабыңыз.
A
B
C
A
B
C
D
E
A) Иілгіш темір
түтік
B) Нығыздағыш
C) Газбен
жабдықтау
бағыттағышы
A) Қатты темір
түтік
B) Гайка
C) Тығыздағыш
D) Шығыс / кіріс
адаптері
E) Газбен
жабдықтау
бағыттағышы
1. Тұмшапешті кіріктірілген ас үй
қаптамасының шегіне (шамамен 30 см)
дейін кіргізбеңіз.
Екі тəсілмен қосуға болады:
a) Темір иілгіш түтікпен қосу (макс.
ұзындығы: 2 м):
Жинақпен келген тығыздағышты
түтік пен газбен жабдықтайтын
бағыттағыштың арасына
салыңыз.
Түтікті 1/2" газбен жабдықтау
бағыттағышына бұраңыз.
b) Қатты
темір түтікпен қосу (жұмсақ
мыс, мин. диаметр: 8 мм):
Гайка мен тығыздағышты газбен
жабдықтау бағыттағышына
орнату үшін шығыс / кіріс
адаптерін (жинаққа кірмейді)
пайдаланыңыз.
Түтікті газбен жабдықтау
бағыттағышына салыңыз.
2. Гайкаларды қатайту үшін 22 мм гайка
кілтін пайдаланыңыз.
Газбен жабдықтау бағыттағышын
дұрыс орында ұстаңыз, газбен
жабдықтау жүйесіне ешбір салмақ
түсірмеңіз.
3. Тұмшапешті ас үй қаптамасының
шегіне дейін жылжытыңыз.
4.
Қосылымды дұрыс тығыздап
орнатыңыз. Газдың ағатын-
ақпайтынын басқару үшін тексергішті
пайдаланыңыз.
16
www.zanussi.com
Назарыңызда болсын! Газдың
ағатын-ақпайтынын тексеру үшін
отты пайдаланбаңыз!
Назарыңызда болсын! Тұмшапешті
ас үй қаптамасының ішіне қарай
жылжытқан кезде газбен жабдықтау
бағыттағышын майыстырып алмаңыз.
Назарыңызда болсын! Тек Ресей
үшін: бұл құрылғы G20 20 мбар
табиғи газбен жұмыс істейді. Газға
қосар алдында параметрді
қолданылатын газдың түріне дұрыс
(G20 13 мбар) реттеп алу маңызды.
"Құрылғыны газдың басқа түрлеріне
лайықтау" тарауындағы
нұсқауларды
қараңыз.
Құрылғыны газдың басқа түрлеріне
лайықтау
Назарыңызда болсын! Құрылғыны
газдың басқа түріне сай лайықтау
жұмысын тек уəкілетті маманға ғана
тапсырыңыз.
Бұл құрылғы табиғи газбен жұмыс
істеуге арналған.
Дұрыс инжекторлар қолданылса,
сұйылтылған газды да қолдануға болады.
Газдың тұтынылатын мөлшерін қажетінше
лайықтауға болады.
Газ оттықтарының инжекторын
ауыстыру:
D
E
F
1. Пеш қуысының астыңғы пластинкасын
(A), тұмшапештің оттығына (B) қол
жеткізу үшін алыңыз.
2. Газ пештің оттығын ұстап тұрған (C) екі
бұранданы ағытыңыз.
3. Газ оттығын инжектор тағанынан (D)
ептеп алыңыз.
Ақырын солға қарай жылжытыңыз. Газ
оттығы шілтерінің оттық аузында
тұрғанына көз жеткізіңіз. Тұтату
ашасының ағытпасының сымына (E)
жəне термореле жалғастырғышына (F)
салмақ салмаңыз.
4. Газ оттығының инжекторын (D) 7 мм
сомын кілттің көмегімен ағытыңыз
жəне алыңыз. Орнына қажетті біреуін
салыңыз ("Газ пеші оттығының
техникалық параметрлері" кестесін
қараңыз).
5. Газ пеші оттығын құрастыру үшін
əрекеттерді кері ретпен орындаңыз.
6. Газбен жабдықтау бағыттағышының
жанында орналасқан газ түрінің
жапсырмасының орнына, жаңа газ
түріне сай жапсырманы жапсырыңыз
(инжектор жинағымен бірге беріледі).
Назарыңызда болсын! Газ
пеші
оттығының бастапқы ауасын реттеудің
қажеті жоқ.
Газ пеші оттығының ең аз деңгейін
реттеу:
1. Ашаны розеткадан ағытыңыз.
2. Басқару тетігін ең аз қалпына бұраңыз
жəне алыңыз.
3. Реттегіш бұранданы (A) жұқа қырлы
бұранда бұрағышпен бұрап реттеңіз.
17
www.zanussi.com
A
Газдың түрін
өзгерту
Реттегіш
бұранданы реттеу
табиғи газдан
сұйылтылған газға
реттегіш
бұранданы шегіне
дейін қатайтып
бұраңыз
сұйылтылған
газдан табиғи газға
реттегіш
бұранданы
шамамен
айналымның 1/2
мөлшеріне дейін
босатыңыз
Тек Ресей үшін:
сұйылтылған
газдан табиғи 13
мбар газға
реттегіш
бұранданы
шамамен
айналымның 3/4
мөлшеріне дейін
босатыңыз
20 мбар табиғи
газдан 13 мбар
табиғи газға
реттегіш
бұранданы
шамамен
айналымның 1/4
мөлшеріне дейін
босатыңыз
4. Газ пешінің басқару тетігін орнына
салыңыз.
5. Ашаны розеткаға сұғыңыз.
Назарыңызда болсын! Ашаны
розеткаға пештің барлық бөлшектерін
өз орындарына қойып болғаннан кейін
ғана сұғыңыз.
6. Газ пешінің оттығын жағыңыз ("Газ
тұмшапеште тамақ пісіру -
Тұмшапештің газ оттығын тұтату"
тарауын қараңыз).
7. Газ пешінің басқару тетігін 240 мəніне
қойыңыз да, тұмшапешті кем дегенде
10 минут қыздырыңыз.
8. Газ пешінің басқару тетігін 240 мəнінен
ең кіші мəнге қойыңыз.
Жалынды бақылаңыз. Жалын сөніп қалса,
1-7-ші қадамдарды қайталаңыз. Газ пеші
оттығының шілтерінен жалын аз мөлшерде
тұрақты шығып тұруға тиіс.
Осы қауіпсіздік шараларын
сақтамасаңыз өндіруші ешбір
жауапкершілік көтермейді.
Кіріктіріп орнату
Кіріктіріп орнату жағдайлары
:
Құрылғыны ас үй ішіне немесе студио ас
үйге ғана орнатыңыз.
Құрылғыны жуынатын немесе дем
алатын бөлмеге орнатпаңыз.
Құрылғыны "ішіне кіріктіріп" немесе
"астына кіріктіріп" орнатуға болады:
570
594
590
560
540
20
2
18
www.zanussi.com
130cm²
min.
550mm
110mm
580mm
560-570mm
65cm²
x2
560-570mm
593mm
min. 4mm
65cm²
x2
110mm
min.
550mm
130cm²
Тиісті суреттерден тұмшапештің жəне ас
үй қаптамасының қажетті өлшемдерін
(мм бойынша) көресіз.
Кіріктірілген ас үй өлшемдері тиісті
суреттерге сай келуі керек.
Құрылғының үстіңгі жағы мен ас үй
қаптамасының ішкі төбесіне дейінгі
қашықтық кем дегенде 4 мм болуы
керек.
Құрылғыны "ішіне кіріктіріп" (пештің
астына) орнатқан кезде, пешті
тұмшапешті орнатпай тұрып орнату
керек.
Материалдар қоршаған ортамен
салыстырғанда кем дегенде 60 °C
градустан бастап жоғарылайтын
температураға төзімді болуы керек.
Тұмшапеш қатты ысып кетпес үшін
тұмшапештің айналасында ауа жеткілікті
айналып тұруға тиіс.
Дұрыс жұмыс істеу үшін тұмшапештің
қаптамасы алдыңғы жағынан немесе
барлық жағынан кем дегенде 130 см²
(кем дегенде жан-жағынан 65 см²)
болуға тиіс. Өндіруші кірпіштен жасалған
қаптаманың алдыңғы жағынан 130
см²,
ағаштан жасалған қаптаманың бүйір
жақтарынан 65 см² ашық орын
қалдыруды ұсынады.
Тұмшапештің үстіне пеш орнатқан кезде,
пеш пен тұмшапешті электртоғына жеке-
жеке қосыңыз.
Қосылымды құрылғыға жіберілетін қуат
параметріне сай кабельді пайдаланып
іске асырыңыз.
Орнатып болғаннан кейін, жөндеу
немесе күтім көрсету жұмыстары
қажет болғанда техник маман тұмшапешке
оңай қол жеткізе алатынына көз жеткізіңіз.
A
B
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын!
Электртоғына білікті маман ғана
қосуға тиіс.
"Қауіпсіздік ақпараты" тарауындағы
сақтық шаралары орындалмаса,
өндіруші жауапкершілік көтермейді.
Бұл құрылғы негізгі қуат сымымен ғана
жабдықталып жеткізіледі.
19
www.zanussi.com
Сым
Орнатуға немесе ауыстыруға болатын
электр сымы қолданылған. H07 RN-F, H05
RN-F, H05 RRF, H05 VV-F, H05 V2V2-F
(T90), H05 BB-F.
Электр сымының көлденең қимасын
жалпы қуат (техникалық ақпарат
тақтайшасында) жəне кестеге қарап
анықтаңыз:
Жалпы қуаты
Электр сымының
көлденең қимасы
ең көбі 1380 Вт 3 x 0.75 мм²
Жалпы қуаты
Электр сымының
көлденең қимасы
ең көбі 2300 Вт 3 x 1 мм²
ең көбі 3680 Вт 3 x 1.5 мм²
Пештің жерге тұйықталатын сымы (жасыл /
сары сым) фаза жəне бейтарап сымдарға
(көк жəне қоңыр сымдар) қарағанда 2 см
ұзынырақ болуға тиіс.
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы мағлұматтар
Бұйымдағы немесе бұйым
қорапшасындағы
белгісі осы бұйым
кəдімгі үй қалдығы емес екенін көрсетіп
білдіреді. Сондықтан оны ескі электр жəне
электроникалық бұйымдарды жинап
утилизация үшін арнайы контейнерлерге
салуыңыз керек. Осы бұйымды дұрыс
түрде утилизация арқылы Сіз қоршаған
орта менен адам денсаулығына түсіп
пайда бола алатын зиянын болдыртпауын
үшін үлес қоса аласыз; осы зиян бұл
бұйымды дұрыс емес қолданғанда пайда
болуы мүмкін
. Осы бұйымның
утилизациясы туралы көбірек білуіңіз үшін
жергілікті əкімшілігіңізбен, қалдықтарды
жинап əкететін мекемеңізбен немесе осы
бұйымды Өзіңізге сатқан дүкенімен
хабарласыңыз.
Орам материалы
Орам материалының қоршаған ортаға
зияны жоқ жəне қайта өңдеуден өткізуге
болады. Пластик бөліктері PE, PS т.с.с.
тəрізді халықаралық белгілермен
белгіленген. Орам материалын жергілікті
қоқысты шығару ұйымы арнайы түрде
бөлген контейнерлерге салыңыз.
20
www.zanussi.com
/