KZ
53
Орнату
! Тоңазытқышты тоққа қоспас бұрын, алдымен нұсқаулықтармен
мұқият танысып алыңыз. Оларда тоңазытқышты пайдалану,
орнату және күтіп ұстау жөнінде маңызды ақпараттар болады.
! Бұл нұсқаулықты сақтаңыз, өйткені болашақта пайдалану
барысында ол сізге қажет болады.
Орнату және қосу
Орнату
1.Тоңазытқышты құрғақ және жақсы желдетілетін бөлмеге
орналастырыңыз.
2.Артқы бетінде орналасқан желдеткіш тесіктерді бекітпеңіз:
компрессор және конденсатор өзінен жылу бөледі және
жақсы қызмет атқару үшін желдетіліп тұруды талап етеді, ол
тоңазытқыштың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және
электр қуатын тұтунуды азайтады.
3. Құрылғының үсті мен одан жоғары орналасқан кез келген
жиһаз арасында кем дегенде 10 см, ал бүйірлері мен кез
келген жиһаз/қабырғалар арасында кем дегенде 5 см бос
орын қалдырыңыз.
4.Тоңазытқышты жылу көзінен алысырақ орналастырыңыз
(күн сәулесінің тура түсуінен сақтаңыз, сонымен қатар
электр ас үй пешіне жақын орналастырмаңыз).
5. Құрылғы мен қабырға арасында тиісті аралықты сақтау
үшін орнату жинағында берілген төсемдерді нұсқауларға
сәйкес қойыңыз.
Электр желісіне жалғау
Тоңазытқышты тасымалдағаннан кейін тік күйінде орналастырыңыз
және электр тогына қоспас бұрын кем дегенде 3 сағаттай күтіңіз.
Тоңазытқышты электр тогына қоспас бұрын, мыналарды тексеріп
алыңыз:
• розетка заңға сәйкес жерге тұйықталып тұруы керек;
• розетка тоңазытқыш камерасының ішіндегі төменгі оң жақ
бетінде орналасқан ақпараттық кестеде көрсетілген
бұйымның максималдық қуатына сәйкес келуі керек
(мысалы: 150 Ватт);
• тораптың кернеуі астыңғы сол жақ шетінде орналасқан
ақпараттық кестеде көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі керек
(мысалы: 220-240 Вольт)
• розетка бұйымның вилкасына сәйкес келуі керек.
• сәйкес келмеген жағдайда, вилканы білікті маманның көмегімен
ауыстыру керек («Қолдау» бөлімін қара); ұзартқыш пен көп көзді
тоқты пайдалануға болмайды.
! Тоңазытқыш үнемі розеткаға оңай қол жеткізе алатындай етіп
орналасуы керек.
! Кабель майысқан немесе мыжылған күйде болмауы керек.
! Кабельдің дұрыс орналасуы үнемі тексеріліп тұруы керек,
және қажет болған жағдайда тек уәкілетті техник көмегімен
ауыстырылуы керек («Қолдау» бөлімін қара).
! Жоғарыда аталған техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтамаған
жағдайда өндіруші ешқандай жауапкершілік көтермейді.
Қосу
Бұйымды пайдалануға іске қосу
! Бұйымды қоспас бұрын барлық нұсқаулықтардың тиісті
дәрежеде сақталуын тексеріп алыңыз («Орнату» бөлімін қара).
! Бұйымды электр желісіне қоспас бұрын барлық бөлімшелерін
және қрсымша заттарын ас содасы қосылған жылы сумен
жуып алыңыздар.
! Тоңазытқыш бақылау қорғаныс жүйесімен жабдықталған,
осыған байланысты бұйым іске қосылғаннан кейін
компрессор шамамен 8 минут өткеннен кейін ғана қосылады.
Компрессор әрқашанда электр энергиясы сөніп қалғанда
(энергияны үнемдеу үзілісінде) іске қосылады.
Қатыруға арналған бөлімше
Бұйымды алғаш рет қосқан жағдайда, қажетті
температураны орнатқаннан кейін бөлімді барынша жылдам
салқындату үшін SUPER FREEZE қызметін іске қосуға
кеңес береміз. Азық-түлікті SUPER FREEZE функциясы
аяқталғаннан кейін жүктеуге кеңес береміз.
Салқындатуға арналған бөлімше
Бұйымды алғаш рет қосқан жағдайда, қажетті
температураны орнатқаннан кейін бөлімді барынша жылдам
салқындату үшін SUPER COOL қызметін іске қосуға кеңес
береміз. Азық-түлікті SUPER COOL функциясы аяқталғаннан
кейін жүктеуге кеңес береміз.
Дисплейді қалай басқаруға болады
Температураны белгілеу:
Егер құрал қосылса, тоңазытқыш пен мұздатқыштың
дисплейі осы уақытта белгіленген температураны көрсетіп
тұрса, оларды өзгерту үшін тек камерадағы өзіңізге қажетті
температураны белгілеп түймені бассаңыз жетіп жатыр.
температураға қатысты түймені басқан сайын температура
1 ° С градусқа азаяды немесе көбейеді. Тоңазытқыш
камерасына қажет болатын температура мағынасы: +12°
С, +7° С, +6° С, +5° С, +4° С, +3° С, +2° С; мұздатқыш
камерасында қойылатын температура: -18° С, -19° С, -20° С,
-21° С, -22° С, -24° С, -26°С.
«I-CARE» функциясы белсенді болған кезде, құрылғы
температураларды тұтынылатын қуат мөлшерін азайту үшін
тоңазытқыштың ішіндегі және сыртындағы жағдайларға
сәйкес автоматты түрде реттейді; бұл функцияның іске
қосылғаны пернетақтадағы I-CARE LED индикаторының
жануы арқылы көрсетіледі.
HOLIDAY функциясы белсенді болған кезде, температура
реттелмеуі мүмкін, дегенмен құрылғы өздігінен автоматты
түрде реттейді, сөйтіп, жағдайға қарай қолайлы параметр
пайдаланылады: тоңазытқыш камерасы үшін +12°C және
мұздатқыш камерасы үшін -18°C. Бұл функцияның іске
қосылғанын HOLIDAY LED индикаторының жануы арқылы
білуге болады..
Функцияларды іске қосу және өшіру үшін жай ғана тиісті
түймешіктерді басыңыз; функцияның күйін пернетақтадағы
сәйкес LED индикаторының қосылуы немесе өшірілуі
арқылы білуге болады.
Бірнеше функциялар ((SUPER COOL, SUPER FREEZE,
ICE PARTY, I-CARE) басқа функциялармен (HOLIDAY,...)
үйлесімді емес; өнімді ең жақсы жолмен пайдалану үшін
көмектесетін алдын ала орнатылған кезектілік бар екенін
есте сақтаңыз
ICE PARTY функциясы аяқталған кезде, тиісті LED
индикаторының жыпылықтауын тоқтату және дыбыс
сигналын басу үшін ICE PARTY түймешігін басыңыз. Бұл
жыпылықтау және дыбыс сигналы функцияның аяқталғанын
және бөтелкені мұздатқыш камерасынан алып тастау
керектігін білдіреді.
Child Lock (Балалардан қорғау құлпы)
Child Lock функциясын іске қосу үшін Child Lock түймешігін
2 секундтай басу керек; түймешік құлпының іске қосылуы
қысқа сигналмен және тиісті LED индикаторының жануымен
расталады.
Функцияны өшіру үшін Child Lock түймешігін 2 секундтай
басыңыз; өшірілу қысқа сигналмен және тиісті LED
индикаторының өшуімен расталады.
Салқындатқыш жүйе
ҚЫРАУСЫЗ