Indesit BAAN 40 FNF SD Kühl-gefrierkombination, BAAN 40 FNF D (1), BAAN 40 FNF SD Инструкция по применению

  • Здравствуйте! Я — чат-бот, который ознакомился с инструкцией по эксплуатации комбинированных холодильников Indesit моделей BAN 40 FNF, BAAN 40 FNF и BAAAN 40 FNF. Я могу ответить на ваши вопросы об установке, использовании, функциях, таких как Super Cool, Super Freeze, Holiday и других особенностях этой техники. Задавайте свои вопросы!
  • Как изменить направление открывания дверей?
    Что такое функция Super Cool?
    Что такое функция Super Freeze?
    Как использовать контейнер Flex Cool Box?
    Что делает функция Holiday?
Ελληνικά
Οδηγίες για τη χρήση
ΨΥΓΕΊΟ-ΚΑΤΑΨΎΚΤΗΣ
Περιεχόμενα
Οδηγίες για τη χρήση, 2
Τεχνική Υποστήριξη, 4
Περιγραφή της συσκευής, 8
Περιγραφή της συσκευής, 13
Αντιστρεψιμότητα ανοίγματος θυρών, 16
Εγκατάσταση, 42
Αξεσουάρ, 43
Εκκίνηση και χρήση, 44
Συντήρηση και φροντίδα, 44
Προφυλάξεις και συμβουλές, 45
Ανωμαλίες και λύσεις, 46
Contents
Operating Instructions,2
Assistance,5
Description of the appliance, 9
Description of the appliance, 13
Reversible doors, 14
Installation, 52
Start-up and use, 53
Maintenance and care, 54
Precautions and tips,55
Troubleshooting, 56
English
Operating Instructions
REFRIGERATOR/FREEZER COMBINATION

 


   
  
  
  4
  6
 47
 48
   48
    4
   0
     
  
 
Қазақша
Пайдалану бойынша нұсқаулық
ЕКІ КАМЕРАЛЫ ТОҢАЗЫТҚЫШ
Мазмұны
Пайдалану бойынша нұсқаулық ,2
Қолдау5
Сипаттамасы ,10
Сипатммасы, 15
Аударып орнатуға болатын есіктер, 16
Орнату, 57
Қосу,58
Техникалық қызмет және күтіп ұстау,59
Сақтандыру шаралары ,60
Ақауларын жою ,61
KZ
،یسراف
یسراف


10
1
2
3
4
9
11
12
10
6
5
7
8
386eps
KZ
Сипаты
Құрылғының сипаттамасы
1. ON/OFF (Қосу/өшіру)
Құрылғыны толығымен (тоңазытқыш және мұздатқыш
камералары) осы түймешікті басу арқылы қосуға болады. Қызыл
LED индикаторы өнімнің өшірулі екенін білдіреді, ал жасыл LED
индикаторы өнімнің жұмыс істеп тұрғанын білдіреді. Құрылғыны
өшіру үшін ON/ OFF түймешігін ең аз екі секундтай басыңыз.
2. ECO (Эко) функциясы
Бұл ECO функциясын (қуат үнемдеу деңгейлерінің оңтайлы
температурасы) қосу және өшіру үшін пайдаланылады.
Іске қосылған кезде, AUTO LED индикаторы мен ECO LED
индикаторы бір уақытта жанады.
3. ALARMS (Дабылдар)
Бұл құрылғының жұмысына байланысты барлық дабыл
сигналдарын басқарады.
4. CHILD LOCK (Балалардан қорғау құлпы)
Балалардың әртүрлі функцияларды байқаусызда іске қосып
қалмауы үшін басқару тақтасы түймешігінің құлпын іске қосады
немесе ажыратады.
5. REFRIGERATOR - and +Temperature Adjustment
ТОҢАЗЫТҚЫШ – және + температура реттеулері)
Дисплейде көрсетілген таңдалған температура растауына
қатысты өзгертілетін мұздатқыштың температура параметрлерін
қосады. Оған қоса, тоңазытқыш камерасын ғана ажырату үшін
осы түймешіктерді пайдалануға болады.
6. FREEZER - and + Temperature adjustment (МҰЗДАТҚЫШ -
және + температура реттеулері)
Дисплейде көрсетілген таңдалған температура растауына
қатысты өзгертілетін мұздатқыштың температура параметрлерін
қосады.
7. ТОҢАЗЫТҚЫШТЫҢ күй жолағы
Тоңазытқыш камерасына қатысты
орнатылған температураны көрсетеді
немесе оның ажыратылғанын көрсетеді
(бұл жағдайда, күй жолағы ажыратылады).
8. МҰЗДАТҚЫШТЫҢ күй жолағы
Мұздатқыш камерасына қатысты
орнатылған температурасын көрсетеді.
9. SUPER COOL (Супер салқындату)
SUPER COOL функциясын (жылдам
салқындату) іске қосады және ажыратады.
SUPER COOL LED индикаторы жанады.
10. SUPER FREEZE (Супер қатыру)
SUPER FREEZE функциясын (жылдам
қатыру) іске қосады және ажыратады.
SUPER FREEZELED индикаторы жанады.
11. HOLIDAY (Демалыс)
HOLIDAY функциясын (AUTO LED және
HOLIDAY LED индикаторы жанады) іске
қосады немесе ажыратады.
12. BOTTLE CHILL (Бөтелке салқындату)
BOTTLE CHILL функциясын (Бөтелкені
салқындатуға қажетті уақыт мерзімінде
мұздатқыштың температурасын азайтады)
іске қосады немесе ажыратады. BOTTLE
CHILL индикаторы жанады)
15
11
10
1
5
6
8
9
13
7
12
3
2
4
675eps
KZ
Сипаты
Жалпы түрі
Осы брошюрадағы нұсқаулық тоңазытқыштың әртүрлі
модельдеріне қатысты қолданылады. Суреттер сіз сатып
алған модельге сәйкес келе бермеуі де мүмкін. Барынша
нақты сипаттаманы келесі беттерден таба аласыз. .
1 Түзулеу АЯҚТАРЫ
2 САҚТАУ бөлігі
3 МҰЗДАТҚЫШ және САҚТАУ бөлігі
4 Ice3 мұз науасы
*
5 ЖЕМІС пен КӨКӨНІС жәшігі
6 ЖАҢА ТАҒАМ ЖӘШІГІ бөлігі*
7 WINE RACK*
8 СӨРЕЛЕР
*
9 ШАМ («Жөндеу» тарауын қараңыз).
10 Басқару тақтасы
11 Алынбалы бірнеше функциялы СӨРЕЛЕР
*
12 CAN RACKshelvesï
13 БӨТЕЛКЕ тартпасы
әрбір моделде ғана саны және/немесе орналасу орны
әртүрлі болады.
*саны және/немесе орналасу орны әртүрлі болады.
16
Reversibilità apertura porte
Nelcasosianecessariocambiareilversodiaperturadelle
porte,rivolgersialserviziodiAssistenzaTecnica.
Reversibilidad de la apertura de las
puertas
Cuandoseanecesariocambiarelsentidodeaperturadelas
puertas,llamealserviciodeAsistenciaTécnica.
Reversibilidade da abertura das
portas
Nocasoemquesetornenecessárioinverterosentidode
aberturadasportas,contacteoserviçodeAssistência
Técnica.
Wechsel des Türanschlags
SollteeinWechseldesTüranschlagserforderlichsein,dann
wendenSiesichbitteandieKundendienststelle.
Reversibilitate deschidere uşi
Dacă doriţi să schimbaţi sensul de deschidere a uşilor, adresaţi-
vă centrului de Asistenţă tehnică.
Αντιστρεψιμότητα ανοίγματος
θυρών
Στην περίπτωση που χρειαστεί να αλλάξετε τη φορά ανοίγματος
των θυρών, απευθυνθείτε στην υπηρεσία Τεχνικής Υποστήριξης.
 
     
  
Reversible doors
Ifitisnecessarytochangethedirectioninwhichthedoors
open,pleasecontacttheTechnicalAssistanceCentre.
KZ
Аударып орнатуға болатын
есіктер
әрбір моделде ғана саны және/немесе орналасу орны
әртүрлі болады.
KZ
57
Орнату
! Тоңазытқышты тоққа қоспас бұрын, алдымен
нұсқаулықтармен мұқият танысып алыңыз. Оларда
тоңазытқышты пайдалану, орнату және күтіп ұстау жөнінде
маңызды ақпараттар болады.
! Бұл нұсқаулықты сақтаңыз, өйткені болашақта пайдалану
барысында ол сізге қажет болады.
Орнату және қосу
Орнату
1.Тоңазытқышты құрғақ және жақсы желдетілетін бөлмеге
орналастырыңыз.
2.Артқы бетінде орналасқан желдеткіш тесіктерді бекітпеңіз:
компрессор және конденсатор өзінен жылу бөледі және
жақсы қызмет атқару үшін желдетіліп тұруды талап етеді, ол
тоңазытқыштың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және
электр қуатын тұтунуды азайтады.
3.Тоңазытқышты жылу көзінен алысырақ орналастырыңыз
(күн сәулесінің тура түсуінен сақтаңыз, сонымен қатар
электр ас үй пешіне жақын орналастырмаңыз).
Электр желісіне жалғау
Тоңазытқышты тасымалдағаннан кейін тік күйінде орналастырыңыз
және электр тогына қоспас бұрын кем дегенде 3 сағаттай күтіңіз.
Тоңазытқышты электр тогына қоспас бұрын, мыналарды тексеріп
алыңыз:
розетка заңға сәйкес жерге тұйықталып тұруы керек;
розетка тоңазытқыш камерасының ішіндегі төменгі оң жақ
бетінде орналасқан ақпараттық кестеде көрсетілген
бұйымның максималдық қуатына сәйкес келуі керек
(мысалы: 150 Ватт);
тораптың кернеуі астыңғы сол жақ шетінде орналасқан
ақпараттық кестеде көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі керек
(мысалы: 220-240 Вольт)
розетка бұйымның вилкасына сәйкес келуі керек.
сәйкес келмеген жағдайда, вилканы білікті маманның көмегімен
ауыстыру керек («Қолдау» бөлімін қара); ұзартқыш пен көп көзді
тоқты пайдалануға болмайды.
! Тоңазытқыш үнемі розеткаға оңай қол жеткізе алатындай етіп
орналасуы керек.
! Кабель майысқан немесе мыжылған күйде болмауы керек.
! Кабельдің дұрыс орналасуы үнемі тексеріліп тұруы керек,
және қажет болған жағдайда тек уәкілетті техник көмегімен
ауыстырылуы керек («Қолдау» бөлімін қара).
! Жоғарыда аталған техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтамаған
жағдайда өндіруші ешқандай жауапкершілік көтермейді.
Қосу
Бұйымды пайдалануға іске қосу
Құрылғыны тасымалдағаннан кейін, құрылғы тиісті түрде
жұмыс істеуіне көз жеткізу үшін оны тік күйде қойыңыз және
қуат көзіне қосудан бұрын ең кемінде 3 сағат күтіңіз.
• Тоңазытқышқа азық-түлік салудан бұрын оның ішкі жағын
жылы сумен және содамен тазалаңыз.
• Құрылғы моторды қорғауды басқару жүйесімен
жабдықталған, бұл жүйе тоңазытқыш қосылғаннан кейін
компрессорды шамамен 8 минуттан кейін іске қосады. Оған
қоса, компрессор қуат көзі ерікті немесе еріксіз (жарықтың
сөнуі) өшірілген сайын іске қосылады.
Мұздатқыш камерасы
Құрылғы қосылған кезде мұздатқыш камерасы өзінің
әдепкі мәніне -18°C орнатылады. Камераның салқындату
үрдісін жылдамдату үшін біз SUPER FREEZE функциясын
(мұздатқыштың күй жолағы орнатылған мәнді көрсетуін
жалғастырады) орнатуды ұсынамыз; камераның ішкі жағы
қолайлы температураға жеткен кезде, функция өшіріледі
және азық-түлікті ішіне салуға болады.
Тоңазытқыш камерасы
Құрылғы қосылған кезде тоңазытқыш камерасы өзінің әдепкі
мәніне +5C орнатылады.
Камераның салқындату үрдісін жылдамдату үшін біз SUPER
COOL функциясын (тоңазытқыштың күй жолағы орнатылған
мәнді көрсетуін жалғастырады) орнатуды ұсынамыз.
Бірнеше сағаттан кейін жеткілікті салқындайды, сөйтіп, ішіне
азық-түлікті салуға болады.
Дисплейді қалай басқаруға болады
Температураны белгілеу:
Егер құрал қосылса, тоңазытқыш пен мұздатқыштың
дисплейі осы уақытта белгіленген температураны көрсетіп
тұрса, оларды өзгерту үшін тек камерадағы өзіңізге қажетті
температураны белгілеп түймені бассаңыз жетіп жатыр.
температураға қатысты түймені басқан сайын температура
1 ° С градусқа азаяды немесе көбейеді. Тоңазытқыш
камерасына қажет болатын температура мағынасы: +12°
С, +7° С, +6° С, +5° С, +4° С, +3° С, +2° С; мұздатқыш
камерасында қойылатын температура: -18° С, -19° С, -20° С,
-21° С, -22° С, -24° С, -26°С.
Тоңазытқыш камерасы үшін температура +5°C мәніне және
мұздатқыш камерасы үшін -18°C мәніне автоматты түрде
орнатылады (бұл стандартты азық сақтау мәндері болып
табылады).
“ECO” функциясы белсенді болған кезде, құрылғы
температураларды тоңазытқыштың ішкі және сыртқы
жағдайына сәйкес автоматты түрде реттейді; бұл
функцияның іске қосылғанын “AUTO” мәтіні арқылы білуге
болады.
«ECO» функциясын стандартты сақтау мәндерінен
басқа температураларда іске қосқан кезде, «ECO»
түймешігін функция іске қосылған бойда басу және
- және + түймешіктері арқылы жаңа температуралар
орнату барысында басып тұру керек. Осы жағдайларда,
температура тоңазытқыш камерасы үшін 4°C, 5°C және 6°C
және мұздатқыш камерасы үшін -18°C, -19°C және -20°C
мәніне орнатылуы мүмкін.
HOLIDAY функциясы белсенді болған кезде, температура
реттелмеуі мүмкін, дегенмен құрылғы өздігінен автоматты
түрде реттейді, сөйтіп, жағдайға қарай қолайлы параметр
пайдаланылады: тоңазытқыш камерасы үшін +12°C және
мұздатқыш камерасы үшін -18°C. Бұл функция “AUTO” мәтіні
арқылы көрсетіледі.
Функцияларды іске қосу және өшіру үшін жай ғана тиісті
түймешіктерді басыңыз және функцияның күйін тиісті LED
индикаторының қосылуы немесе өшірілуі арқылы білуге
болады.
Бірнеше функциялар (SUPER COOL, SUPER FREEZE,
BOTTLE CHILL, ECO) басқа функциялармен (HOLIDAY,...)
үйлесімді емес; өнімді ең жақсы жолмен пайдалану үшін
көмектесетін алдын ала орнатылған кезектілік бар екенін
есте сақтаңыз.
BOTTLE CHILL функциясы аяқталған кезде, тиісті LED
индикаторының жыпылықтауын тоқтату және дыбыс
сигналын басу үшін BOTTLE CHILL түймешігін басыңыз. Бұл
жыпылықтау және дыбыс сигналы функцияның аяқталғанын
және бөтелкені мұздатқыш камерасынан алып тастау
керектігін білдіреді.
58
KZ
Child Lock (Балалардан қорғау құлпы)
Child Lock функциясын іске қосу үшін Child Lock түймешігін
2 секундтай басу керек; түймешік құлпының іске қосылуы
қысқа сигналмен және тиісті LED индикаторының жануымен
расталады.
Функцияны өшіру үшін Child Lock түймешігін 2 секундтай
басыңыз; өшірілу қысқа сигналмен және тиісті LED
индикаторының өшуімен расталады.
ИІС СҮЗГІСІ*: Кейбір үлгілер тоңазытқыш ішіндегі
ауаның жоғары сапасын қамтамасыз ететін, құрамында
белсендірілген көмірлер бар жаңа иіс сүзгісімен
жабдықталған. Сүзгі ЖЕМІС пен КӨКӨНІС бөлігінің ішінде,
төменгі сол жақта орналасқан.
СӨРЕЛЕР: тормен және торсыз.
Арнайы бағдарлар көмегімен сөрелердің биіктігін алып
тастауға және өзгертуге болады (суретті қара), ол ішінде
азығы бар үлкен контейнерлерді сақтауға мүмкіндік береді.
Биіктігін сөрені толығымен жылжытпай-ақ өзгертуге болады.
СУСЫН БАНКАСЫ сөрелері.
Ішкі есіктегі банка тартпасы тек банкаларды емес, оған
қоса, йогурт, май және басқа ыдыстарды қажетінше сақтауға
мүмкіндік береді.
Салқындатқыш жүйе
ҚЫРАУСЫЗ
Қыраусыз жүйе салқын ауаны үздіксіз айналдырып, ылғалдылықты
жинап алады және мұз бен қыраудың пайда болуына жол
бермейді. Бұл жүйе камерада оңтайлы ылғалдылық деңгейін
қамтамасыз ете отырып, тағамның бастапқы сапасын сақтайды,
тағамдардың бір-біріне жабысуына жол бермейді және жібітуді
өткен шақ ісіне айналдырады. ! Тоңазытқыштың артқы панеліне
тікелей тағам немесе ыдыс тигізіп қойып, ауа өтетін ұяшықтарды
жауып тастамаңыз.
! Бөтелкелерді жауып, тағамды жақсылап ораңыз.
БАЛҒЫНДЫҚТЫ САҚТАУҒА арналған КОНТЕЙНЕР *
Бұл жаңа қосымша құрал, ол әртүрлі өнімдерді (мысалы
ірімшік және суық ет) балғын күйінде ұзақ сақтауға арналған.
Егер ол керек жоқ болса, оны алып тастауға болады.
Бөтелкеде тұратын өнімдерге арналған сөре болған
жағдайда Балғындықты сақтауға
Мұздатқыш камерасы
МҰЗ науасы
Олар мұздатқыш тартпалардың жоғарғы жағында
орналасқандықтан тазалық қамтамасыз етіледі: мұз енді
мұздатқыш камерада қойылған тағамға тимейді; оған қоса,
су құйған кезде су тамшыламайды (су құйғаннан кейін тесікті
жабатын қақпақ та бар).
1. Науаны тартып шығарып алыңыз.
Науа толығымен бос екенін тексеріп, берілген саңылау
арқылы оған су құйыңыз.
2. Көрсетілген деңгейден асырып жібермеңіз (MAX WATER
LEVEL (ЕҢ ЖОҒАРЫ СУ ДЕҢГЕЙІ)) Артық су мұз
текшелерінің түсуіне кедергі жасайды (мұндай жағдай
орын алса, мұздың еруін күтіп, науаны босатыңыз).
3. Науаны 90°-қа бұрыңыз: бөліктердің өзара байланысты
болуынан әрбір форма суға толады (сызбаны қараңыз).
4. Саңылауды қақпақпен жауып, науаны орнына қойыңыз.
5. Мұз жасалған кезде (ең азы шамамен 8 сағат керек)
науаны қатты бір нәрсеге соққылап, сыртқы жағын
сулаңыз, сонда мұз текшелері босайды да, оларды
саңылау арқылы шығарып алуға болады.
KZ
59
Тоңазытқыш мүмкіндіктерін толық
пайдалану
• Температураны реттеу үшін ТОҢАЗЫТҚЫШ ЖҰМЫСЫ
тұтқасын пайдаланыңыз (Сипаттама бөлімін қараңыз).
Температураны жылдам төмендету үшін SUPER
COOL (АСА САЛҚЫН) (жылдам салқындату) түймесін
басыңыз. Мысалы, тоңазытқышқа жаңадан көптеген зат
салсаңыз, ішкі температура сәл өсуі мүмкін. Бұл функция
температураны оңтайлы деңгейге жеткенше уақытша
төмендету арқылы азық-түлікті жылдам салқындатады.
Камераға салқын немесе жылы тағамдарды салыңыз,
ыстық тағам салмаңыз (Сақтандырулар мен кеңестер
бөлімін қараңыз).
Пісірілген тағамдар пісірілмеген тағамдардан ұзақ
сақталмайтынын есте сақтаңыз.
Сұйық заттарды ашық ыдыста сақтамаңыз. Әйтпесе,
тоңазытқыш ішіндегі ылғалдылық өсіп, конденсация
түзіледі.
Тағамға қатысты гигиена
1. Тағамды сатып алғаннан кейін, тоңазытқыш ішіне
бактерия немесе кір әкелуі мүмкін қағаз, картон я басқа
орауыштардан жасалған сыртқы қаптаманы алып
тастаңыз.
2. Тағамдарды бір-біріне тигізбей, микроб немесе бактерия
таралуына, сондай-ақ өткір иістердің тоңазытқыш ішіне
сіңіп кетуіне жол бермеу үшін тағамдарды ораңыз
(әсіресе, тез бұзылатын және иісі өткір тағамдар).
3. Тағамдарды ауа айналымына кедергі жасамайтын түрде
сақтаңыз.
4. Тоңазытқыш ішін таза ұстаңыз, бірақ тотықтандырғыш
немесе абразивтік өнімдерді қолданбаңыз.
5. Жарамдылық мерзімі аяқталған тағамдарды
тоңазытқыштан шығарып отырыңыз.
6. Тағам дұрыс сақталуы үшін тез бұзылатын заттарды
(жұмсақ сырлар, шикі балық, ет, т.б.) тоңазытқыш
камерасының ең салқын жерінде, яғни салат бөлігінен
сәл жоғары, температура индикаторы орналасқан жерде
сақтау керек.
Мұздатқыш мүмкіндіктерін толық
пайдалану
• Температураны реттеу үшін МҰЗДАТҚЫШ ЖҰМЫСЫ
тұтқасын пайдаланыңыз (Сипаттама бөлімін қараңыз).
Жіби бастаған немесе жібіген тағамды қайта
мұздатпаңыз. Бұл тағамдарды пісіріп, жеп қойған жөн (24
сағат ішінде).
Мұздатылатын жаңа тағам жібітілген тағамға тимеуі тиіс.
Жаңа тағамды МҰЗДАТҚЫШ және САҚТАУ бөлігінде
сақтау керек, себебі ол жерде температура -18 °С-тан
төмен болады, яғни тағам жылдам мұздатылады.
Тығынмен немесе ауа кірмейтіндей жабылған, ішінде
сұйықтық бар шыны бөтелкелерді мұздатқышқа
салмаңыз, себебі олар сынып кетуі мүмкін.
Бір күнде мұздатуға болатын тағам мөлшері тоңазытқыш
камерасының төменгі сол жағындағы техникалық
сипаттар тақтасында көрсетілген (мысалы: кг/24 сағат: 4).
Мұздату (мұздатқыш қосылып тұрған болса): жылдам
мұздату SUPER FREEZE түймесін басыңыз (тиісті сары
индикатор шамы жанады), одан кейін тағамды салып,
есікті жабыңыз. Функция 24 сағаттан кейін немесе
оңтайлы температураға жеткенде (индикатор шамы
сөнеді) автоматты түрде өшіріледі;
! Мұздатқыш камерада ауа айналымына кедергі жасамау
үшін ауа кіретін тесіктерді тағаммен немесе ыдыстармен
жаппаған жөн.
! Мұздату кезінде есікті ашпаңыз.
! Ток өшіп қалса немесе ақаулық болса, мұздатқыш есігін
ашпаңыз. Осылайша, мұздатқыш ішінде температура бір
қалыпта болып, тағамдардың кем дегенде 9-14 сағат бойы
сақталуы қамтамасыз етіледі.
Техникалық қызмет және
күтіп ұстау
Құрылғыны өшіру
Тазалау және жөндеу кезінде құрылғыны токтан ажырату керек:
1. МҰЗДАТҚЫШ ЖҰМЫСЫ тұтқасын қалпына
орнатыңыз.
2. айырды розеткадан суырып алыңыз
! Бұл процедура орындалмаса, дабыс берілуі мүмкін. Бұл
дабыл ақаулықтың бар екенін білдірмейді. Әдеттегі жұмысты
қалпына келтіру үшін МҰЗДАТҚЫШ ЖҰМЫСЫ тұтқасын
қажетті мәнге орнату жеткілікті. Құрылғыны ажырату үшін 1-
және 2-қадамдарды орындаңыз.
Бұйымды тазалау
• Бұйымның ішкі және сыртқы бетін, сонымен қатар каучук
төсемдерін тазалау үшін ас содасы немесе бейтарап
сабын салынған жылу суға малынған губканы пайдалану
керек. Еріткіш заттарды, түрпі, хлор және аммиак
қосылған заттарды пайдалануға болмайды.
• Алынатын заттарды сабынды ыстық суға немесе ыдыс
жууға арналған құрал құйылған суға жібітіп қою керек.
Осыдан кейін оларды шайып, мұқият құрғату керек.
• Тоңазытқыштың артқы қабырғасына шаң тұрып қалуы
мүмкін, оны орташа қуатпен жұмыс істейтін шаңсорғыш
көмегімен сорып алуға болады. Бұл ретте тоңазытқышты
жуар алдында розеткадан ажыратып алу керек.
Сүңгі және жағымсыз иістерді
болдырмау бойынша іс-әрекеттер
• Осы бұйым гигиеналық материалдардан жасалған,
олардың
иісі болмайды. Осы сипаттарды сақтау үшін азық-
түліктерді
мұқият салып бетін жауып қою керек. Осы процедура
арқылы сүңгіні болдырмауға жағдай жасайсыз.
• егер сіз ұзақ уақыт бұйымыңызды өшіріп қойсаңыз, онда
бұйымтың ішкі бетін тиісті түрде тазалау керек және
есіктерін ашық күйде қалдырып кету керек.
l иіс сүзгісін ауыстыру
Сүзгіні қосқаннан бері шамамен 6-8 ай өткеннен кейін
ауыстыру қажет. Бұл мерзім сақталған тағам түріне қарай
әр түрлі болуы мүмкін. Жаңа сүзгі сатып алуға болатын
жер туралы мәліметті Көмек көрсету орталығынан алыңыз
(Көмек бөлімін қараңыз). Сүзгіні ауыстыру үшін нұсқауларды
орындаңыз (A және B сызбаларын қараңыз).

60
KZ
Демалыс кезінде қолданылатын
функция
Демалыста болған кезде қуат тұтыну мөлшерін азайту үшін
құрылғыны өшірудің қажеті жоқ. Құрылғыда тоңазытқыш
температурасын шамамен 12 °С-та ұстап тұруға мүмкіндік
беретін функция бар (бұл температурада макияж бен
сұлулық өнімдерін сақтауға болады). Тағам сақтау үшін
тоңазытқыш температурасын ең төменгі мәнге орнату керек.
Функцияны қосу үшін: ТОҢАЗЫТҚЫШ ЖҰМЫСЫ тұтқасын
қалпына орнатыңыз.
Ол қосылған кезде екі рет дыбыстық сигнал беріледі. Ол
өшірілген кезде бір рет дыбыстық сигнал беріледі.
Лампочканы ауыстыру *
Тоңазытқыштағы лампочканы ауыстыру үшін, оны
розеткадан ажыратыңыз. Бұдан кейінгі нұсқаулықтарды
ұстаныңыз. Лампочкаға жету үшін, суретте көрсеілгендей
қақпақты алып тастаңыз. Оны тура сондай басқасымен
алмастырыңыз.
1
2
Сақтандыру шаралары
! Бұл тоңазытқыш дүниежүзілік техникалық қауіпсіздік
ережелеріне сәйкес әзірленген және шығарылған. Төменде
келтірілген кеңестер қауіпсіздік техникасын сақтау мақсатында
келтірілген және олармен мұқият танысу қажет.
Бұл бұйым Еуропалық Қауымдастықтың келесі
Директиваларына сәйкес шығарылған:
- 73/23/CEE шыққан уақыты 19/02/73 (Төмен кернеу) және оның
келесі өзгерістерімен;
- 89/339/ CEE шыққан уақыты 03/05/89 (электромагниттік
сәйкестігі) және оның келесі өзгерістерімен;
- 2002/96/СЕ.
Жалпы қауіпсіздік ережелері
Бұл бұйым жай ішінде үй шарттарында пайдалануға
арналған коммерциялық немесе өндірістік тұрғыда
пайдалануға болмайды.
Тоңазытқыш үй жағдайында мұздатылған және
салқындатылған тағамдарды осы нұсқаулыққа сәйкес
мұздату үшін ересек адамдар ғана пайдаланылуы қажет.
Тоңазытқыш көшеге, бастырма астында орнатуға тыйым
салынады, өйткені оған жаңбыр және нажағайдың әсері
өте қауіпті болып саналады.
Бұйымға су қолмен, жалаңаяқ немесе дымқыл аяқпен
жақындамаңыз.
Тоңазытқыштың ішін суытатын беткейлерін ұстамаңыз,
өйткені сізді аяз үсігі шалып немесе зақымдалуыңыз
мүмкін.
Бұйымның вилкасын розеткадан ажырату үшін ешқашан
өтізгіштен тартпаңыз.
Бұйымды тазаламас бұрын вилканы міндетті түрде
розеткадан ажырату керек, токпен байланыс болмау керек.
Тоңазытқышты толық өшіру үшін тұтқаны ӨШІРУ (OFF)
бұрау арқылы өшіру жеткіліксіз.
Ақаулар болған жағдайда, ешқашан механикалық
бөлшектерге ақауларды жою мақсатында өз бетінше
әрекет етпеңіз. Тәжірибесі жоқ адам жүргізген жөндеу
жұмысы арқылы зақымдалу немесе құрал жұмысында
күрделі ақаулар орын алуы мүмкін.
Қатырылған азық-түліктерді сақтауға арналған бөлімше
ішіне үшкір және кесетін заттарды, сонымен қатар өндіруші
рұқсат бергендерін қоспағанда электр құралдарын
салмаңыздар.
Мұздатқыштан жаңадан алынған мұз бөліктерін ауызға
салмаңыздар. Бұл бұйымды физикалық, сезімталдық
немесе ақыл-есінде кемістігі бар (балаларды қоса
алғанда), тәжірибесіз тұлғалар немесе тәжірибесіз
тұлғалардың бұйымды олардың қауіпсіздіктері үшін немесе
бұйымды пайдалануды үйретуге жауапты тұлғаның
бақылауысыз пайдалануына рұқсат берілмейді.
Балаларға бұйыммен ойнауға рұқсат бермеңіздер. Оларға
жәшіктерге отыруға және есіктерге сүйкеніп тұруға рұқсат
бермеңіздер.
Қоршаған ортаны қорғау ережелерін сақтау
• Тоңазытқышты салқын жақсы желдетілетін жайға сақтаңыз,
тіке күн сәулелерінің түсуінен сақтаңыздар, сонымен
қатар бұйымды жылу шығаратын заттың жанына
орналастырмаңыз.
• Азық-түліктерді қажет болған жағдайда ғана алуға, салуға
тырысыңыздар.
• Ыстық тағамдарды қоймаңыздар, өйткені ол камераның
ішіндегі температураның артуына әкеледі, ол
компрессордың
артық жұмыс істеуін талап етеді, оған электр энергиясы да
көп жұмсалады.
• Бұйымды мұз пайда бола салысымен үнемі ерітіп
отырыңыздар («Техникалық қызмет көрсету» бөлімін қара);
мұздың қалың қабаты азық-түлікке суықтың берілуін
қиындатады, сонымен қатар электр энергиясының
тұтынылуын арттырады.
Ақауларды жою
Егер тоңазытқышыңыз жұмыс істемей қалса, қолдау
қызметіне («Қолдау» бөлімін қара) қоңырау шалмас бұрын
төмендегілерді тексеріп алыңыз:
Дисплей толық өшіп тұрса.
• Вилка электр розеткасына қосылмаған немесе толық
байланыс жоқ, болмаса үйде электр энергиясы жоқ.
Мотор іске қосылмайды.
• Тоңазытқыш мотордың қорғаныс жүйесімен жабдықталған
(«Қосу» бөлімін қара)
Дисплей қосулы, бірақ дұрыс жанбайды.
• Вилканы шығарыңыз, оны бұраңыз және оны қайтадан
розеткаға қойыңыз.
Қауіптілік дабылы естілсе және дисплейде АШЫҚ
ЕСІК ДАБЫЛЫ жыпылықтаған болса (ТОҢАЗЫТҚЫШ
температурасының орнына “d” жанып тұр).
• Тоңазытқыш есігі 2 минуттан артық ашық. Есік жабылса
немесе тоңазытқышты өшіріп қайтадан қосқан
кезде қауіптілік дабылы өшеді.
Қауіптілік дабылы естілсе және дисплейде
ТЕМПЕРАТУРА ДАБЫЛЫ жыпылықтаған болса
KZ
61
(МҰЗДАТҚЫШ температурасының орнына “А1” жанып
тұр).
• Мұздатқыш ішіндегі температура тым жоғары. Мұздатқыш
ішіндегі азық-түлік қатып қалмас үшін шамамен 0°C
температураны ұстап тұрады, ол сізге 24 сағат ішінде
оларды
тұтынуға немесе қайтадан қатыруға мүмкіндік береді.
Зуммерді өшіру үшін, есікті ашыңыз және жабыңыз немесе
мұздатқыштың температура реттегішіндегі + және
түймелерін
бір уақытта басыңыз. Содан кейін оларды дисплейде сізге
қажетті температура мағынасы пайда болу үшін қайтадан
басыңыз, ТЕМПЕРАТУРАНЫҢ ДАБЫЛ СВЕТОДИОДЫН
өшіріңіз және тоңазытқыштың қалыпты жұмысын қайтадан
қалпына келтіріңіз.
Қауіптілік дабылы естілсе және дисплейде
ТЕМПЕРАТУРА ДАБЫЛЫ жыпылықтаған болса
(МҰЗДАТҚЫШ температурасының орнына “А2” жанып
тұр).
• Мұздатқыш ішіндегі температура аса қауіпті жоғары:
ішіндегі
азық-түлікті жеуге болмайды. Мұздатқыш шамамен -18°C
температураны сақтап тұрады.
Зуммерді өшіру үшін, есікті ашыңыз және жабыңыз немесе
мұздатқыштың температура реттегішіндегі + және
түймелерін
бір уақытта басыңыз. Содан кейін оларды дисплейде сізге
қажетті температура мағынасы пайда болу үшін қайтадан
басыңыз, ТЕМПЕРАТУРАНЫҢ ДАБЫЛ СВЕТОДИОДЫН
өшіріңіз және тоңазытқыштың қалыпты жұмысын қайтадан
қалпына келтіріңіз.
Тоңазытқыш немесе мұздатқыш суытпайды.
• Есік дұрыс жабылмаған немесе нығыздағыштары
зақымдалған.
• Есіктер жиі ашылады.
• Аса жоғары температура тапсырылған («Қосу» бөлімін
қара).
• Тоңазытқыш және мұздатқыш бөлімдері толып тұр.
• Тоңазытқыш айналасындағы температура 14°C төмен.
Тоңазытқыш ішіндегі тағам қатып қалады.
• Аса төмен температура тапсырылған («Қосу» бөлімін
қара).
Мотор үнемі жұмыс істеп тұрады.
• СУПЕР ҚАТЫРУ (жылдам қатыру) түймесі басылған:
СУПЕР
ҚАТЫРУ сары лампасы қосылған немесе жыпылықтап тұр
(«Сипаты» бөлімін қара).
• Есік дұрыс жабылмаған немесе үнемі ашылады.
• Қоршаған орта температурасы өте жоғары.
Тоңазытқыш қатты шулайды.
• Тоңазытқыш вибрация беретін және шу жасайтын
шкафтардың
ортасына қойылған.
• Ішкі хладагент өшірулі компрессордың өзінде аздап
шуылдап
тұрады. Бұл қалыпты жағдай.
Тоңазытқыш түбінде су пайда болды.
• Суды ағызу тесігі бітеліп қалған («Техникалық қызмет
көрсету»
бөлімін қара).
/