13
келтірмейтіндігіне көз жеткізіңіз - өрт шығуы немесе
электр тоғы соғу қатері. Құрылғыны тек орнату
жұмысы аяқталған соң ғана іске қосыңыз.
Егер ыдыс жуғыш машинаны құрылғылар қатарының
шетіне, бүйір қабырғасына қол жететін етіп орнатсаңыз,
жарақат алуға жол бермес үшін топсасын жабу
керек. Кіріс су температурасы ыдыс жуғыш үлгісіне
байланысты. Егер орнатылған кіріс шлангіде „25°C
max” белгісі болса, судың рұқсат етілген ең үлкен
температурасы 25°C болады. Барлық басқа үлгілер
үшін максималдық рұқсат етілген температура 60°C
болады. Шлангілерді кеспеңіз және құрылғылар су
тоқтату жүйесімен жабдықталған болса, кіріс шлангіні
қамтитын пластик корпусты суға батырмаңыз. Егер
шлангілердің ұзындығы жеткіліксіз болса, жергілікті
дилермен хабарласыңыз. Кіріс және су шығару
клангілерінің бүгіліп және жыртылып қалмағанына көз
жеткізіңіз. Осы құрылғыны бірінші рет пайдаланбас
бұрын, су кіру және шығару шлангілерінен су ағып
тұрмағанын тексеріңіз. Төрт тіреуішін қажетінше
реттеу арқылы олардың орнықты болып, еденге
тиіп тұруын қамтамасыз етіңіз және ватерпастың
көмегімен ыдыс жуғыш машинаның деңгейінің дұрыс
қойылғанын тексеріңіз.
ЭЛЕКТРИКАЛЫҚ ЕСКЕРТУЛЕР
Ыдыс жуғыш машина есігінің жиегіндегі деректер
тақтайшасы (есік ашылған кезде көрінеді).
Құрылғының ашасына қол жеткізу мүмкін
болған жағдайда, розеткадан суыру арқылы
немесе розеткадан жоғары орнатылған көп полюсті
қосқыштың көмегімен ол қуат көзінен ажыратыла
алатын болуы керек және ұлттық электр қауіпсіздігі
стандарттарына сәйкес құрылғыны жерге тұйықтау
қажет.
Ұзартқыштарды, бірнеше розетканы немесе
адаптерлерді пайдаланбаңыз. Электр құрамдастары
орнатудан кейін пайдаланушы қатынаса алатындай
болуы қажет. Аяғыңыз су болса немесе жалаң аяқ
болсаңыз, құрылғыны пайдалануға болмайды.
Құрылғының қуат сымы немесе ашасы бүлінген
болса, дұрыс жұмыс істемесе немесе бұзылған
немесе құлаған болса, оны пайдаланбаңыз.
Егер ұзартқыштар зақымдалса, қатерді
болдырмау мақсатында, өндіруші, оның қызмет
көрсетуші персоналы немесе сондай білікті маманы
соған ұқсас ұзартқышпен алмастыруы тиіс – электр
тоғымен зақымдану қаупі бар.
Салынған ашасы штепсельді розеткаға сәйкес
келмесе, білікті маманға хабарласыңыз. Қуат көзі
кабелін тартпаңыз. Қуат сымын немесе ашаны
суға матырмаңыз. Сымды ыстық беттерден аулақ
ұстаңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
ЕСКЕРТУ: Тазалау немесе техникалық
қызмет көрсету жұмыстарын жүргізерден бұрын
құрылғының өшіріліп, қуат көзінен ажыратылғанына
көз жеткізіңіз - электр тоғымен зақымдану қаупі бар.
Бумен тазалау жабдығын ешқашан пайдаланбаңыз.
Пайдаланушы нұсқаулығында ерекше белгіленген
болмаса, құрылғының ешбір бөлшегін жөндемеңіз
не ауыстырмаңыз. Тек авторландырылған қызмет
көрсету орталығына жүгініңіз. Өз бетінше немесе
кәсіби емес жөндеу жұмыстары жүргізілген
жағдайда, денсаулыққа немесе адам өміріне қауіп
келтіретін және/немесе едәуір материалдық зиянға
соқтыратын қатерлі оқиға орын алуы мүмкін.
ОРАМ МАТЕРИАЛДАРЫН ТАСТАУ
Орауыш материал 100% қайта өңделеді және ол
қайта өңдеу белгісімен таңбаланған . Орамның
әр түрлі бөліктері қоқысты тастауға рұқсат беретін
жергілікті орган ережелеріне толығымен сәйкес
және жауапкершілікпен өткізілуі қажет.
ПАЙДАЛАНЫЛЫП БОЛҒАН ТҰРМЫСТЫҚ
ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ ҚОҚЫСҚА ТАСТАУ
Бұл құрылғы қайта өңделмелі немесе қайта
қолданбалы материалдармен жасалған. Оны
жергілікті қалдықты тастау ережелеріне сәйкес
тастаңыз. Тұрмыстық электр құрылғыларын
қолдану, қалпына келтіру және қайта пайдалануға
тапсыру бойынша қосымша ақпарат алу үшін
құзыретті жергілікті билік органына, тұрмыстық
қалдықтарды жинау қызметіне немесе құрылғы
сатып алынған дүкенге хабарласыңыз. Бұл
құрылғы электрлік және электрондық жабдықты
қоқысқа тастау (WEEE) бойынша 2012/19/EC
Еуропалық директивасына сай белгіленген.
Бұл өнімнен дұрыс арылу арқылы қоршаған
ортаға және адамдардың денсаулығына теріс
әсердің салдарының алдын алуға көмектесесіз.
Құрылғыдағы немесе онымен бірге берілген
құжаттамадағы белгісі бұл құрылғы тұрмыстық
қоқыс болып есептелмеуі керек және электрлік
және электрондық жабдықты қайта өңдеуге
арналған арнайы жинау орталығына өткізілуі тиіс
екендігін көрсетеді.
ҚУАТ ҮНЕМДЕУ ТУРАЛЫ КЕҢЕСТЕР
Eco бағдарламасы орташа ластанған ыдыс-аяқтарды
жууға арналған, әрі ол су мен энергияны қатар
қолдану тұрғысынан өте тиімді бағдарлама болып
табылады, сондай-ақ бұл бағдарлама ЕО экодизайн
заңнамасына сәйкестікті бағалау үшін қолданылады.
Тұрмыстық ыдыс жуғыш машина сыйымдылығы
өндіруші көрсеткен деңгейге дейін ғана
толтырылса, су мен энергия үнемдеуге септігін
тиеді. Ыдыстарды алдын ала қолмен шаю арқылы
су мен энергия тұтыну көлемі артатындықтан,
ондай тәсілді қолдануға кеңес бермейміз.
Өндірушінің нұсқаулықтарын сақтай отырып,
тұрмыстық ыдыс жуғыш машинада ыдыс жуу
барысында ыдысты қолмен жуғанға қарағанда су
мен энергия аз шығындалады.