L85370TL

AEG L85370TL Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я прочитал инструкцию по эксплуатации для стиральной машины AEG L585370TL и готов ответить на ваши вопросы. В инструкции подробно описаны все функции и программы, включая настройку температуры, скорости отжима, а также дополнительные опции, такие как предварительная стирка и функция отложенного старта. Я могу помочь вам разобраться в работе вашей стиральной машины и решить возможные проблемы.
  • Как выбрать программу стирки для определенного типа ткани?
    Как установить отложенный старт?
    Что делать, если стиральная машина не сливает воду?
    Как активировать функцию защиты от детей?
KK Қолдану туралы нұсқаулары 2
Кір жуғыш машина
RU Инструкция по эксплуатации 30
Стиральная машина
UK Інструкція 60
Пральна машина
L585370TL
МАЗМҰНЫ
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ....................................................................................... 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 4
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ................................................................................. 6
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ.............................................................................................6
5. БАҒДАРЛАМА КЕСТЕСІ................................................................................... 9
6. ПАЙДАЛАНУ КӨЛЕМІ.....................................................................................14
7. ФУНКЦИЯЛАР.................................................................................................15
8. ПАРАМЕТРЛЕР...............................................................................................16
9. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН.....................................................................16
10. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ....................................................................................16
11. АҚЫЛ-КЕҢЕС................................................................................................ 21
12. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ............................................................................... 22
13. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ...................................................................................26
14. ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМА........................................................................28
ТАМАША НӘТИЖЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҮШІН
AEG өнімін таңдағаныңызға рахмет. Бұл өнімді тұрмыс-тіршілікті жеңілдету
үшін инновациялық технологияны - қатардағы құрылғыларда бола бермейтін
функцияларды қолдана отырып, сізге жылдар бойы мүлтіксіз көмек көрсету
үшін арнайы жасадық. Құрылғының мүмкіндіктерін барынша толық
пайдалану үшін бірнеше минут уақытыңызды бөліп оқып шығыңыз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет
көрсету туралы ақпарат:
www.aeg.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registeraeg.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.aeg.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
www.aeg.com2
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау
нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын
алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты
келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым
келген адамдар не тәжірибесі аз адамдар өз
қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның
қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану
бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс
қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Орам материалдарының барлығын балалардан
алыс ұстаңыз.
Жуғыш заттардың барлығын балалардан алыс
ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй
жануарларын алыс ұстаңыз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
Ең көп салмақ 7 кг көрсетілімін орындаңыз
("Бағдарлама кестесі" тарауын қараңыз).
Судың жұмыс кезіндегі қысымы (ең аз және ең көп)
0,5 бар (0,05 МПа) және 8 бар (0,8 МПа) арасында
болуға тиіс.
Табанындағы желдеткіш саңылауларға (егер бар
болса) кілем кедергі жасамауға тиіс.
ҚАЗАҚ 3
Құрылғыны жаңа түтіктер жинағын пайдаланып, су
жүйесіне қосу керек. Ескі түтіктерді қайта
пайдалануға болмайды.
Егер қуат cымына зақым келсе, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету
орталығы немесе сол сияқты білікті маман
ауыстыруға тиіс.
Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен
ағытып, ашасын розеткадан суырыңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және буды
қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені,
еріткіштерді немесе темір заттарды
пайдаланбаңыз.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
Орам материалдарының және
тасымал тетіктерінің барлығын
алыңыз.
Тасымал тетіктерін сақтап қойыңыз.
Құрылғыны қайта көшірген кезде,
барабанды бұғаттап қою керек.
Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі
абай болыңыз, себебі салмағы
ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын
киіңіз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыны температурасы 0 °C
градустан төмен немесе ауа-райы
әсер ететін жерлерге орнатпаңыз
немесе пайдаланбаңыз.
Құрылғы орнатылатын еденнің
тегіс, орнықты, қызуға төзімді және
таза болуын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғы мен еден арасында
ауаның айналуын қамтамасыз
етіңіз.
Құрылғы мен кілемнің арасында
тиісті орын болуын қамтамасыз ету
үшін өзгермелі тіректерін реттеңіз.
Құрылғыны қақпағы толық
ашылмайтын жерге орнатпаңыз.
2.2 Электртоғына қосу
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Әрқашан дұрыс орнатылған,
қатерден сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы электр
параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз
жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге
хабарласыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына және
сымына зақым келтірмеңіз. Қорек
сымын ауыстыру қажет болса, оны
міндетті түрде қызмет көрсету
орталығы жүзеге асыруға тиіс.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан
кейін ғана жалғаңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
www.aeg.com4
Қорек сымын немесе ашасын су
қолмен ұстамаңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
ҰБ мен Ирландияға ғана арналған:
Құрылғының 13 амперлік қуат
ашасы бар. Егер қуат ашасының
сақтандырғышын ауыстыру қажет
болса 13 амперлік ASTA (BS 1362)
сақтандырғышын пайдаланыңыз.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне
сай келеді.
2.3 Суға қосу
Су қосылымы түтіктеріне ешбір
зақым келтірмеңіз.
Құрылғыны жаңа құбырларға
немесе ұзақ уақыт қолданылмаған
құбырларға жалғамай тұрып, суын
тазарғанша ағызыңыз.
Құрылғыны алғаш рет қолданған
кезде еш жерінен су ақпай
тұрғанына көз жеткізіңіз.
2.4 Пайдалану
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу, электр
қатері, күйіп қалу және өрт
қаупі, құрылғыны бүлдіріп
алу қаупі бар.
Бұл құрылғыны үйде ғана
пайдаланыңыз.
Жуғыш заттың орамында
көрсетілетін нұсқауларды
орындаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
Кірдегі темір заттардың
барлығының алынғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғының астына ағып кетуі
мүмкін суды құю үшін сауыт
қоймаңыз. Қолданылатын керек-
жарақтың түрін уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласып
біліңіз.
2.5 Құрылғыны тастау
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің
бекітпесін алыңыз.
ҚАЗАҚ 5
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
3.1 Құрылғының жалпы көрінісі
2
3
1
5
4
6
7
1
Басқару панелі
2
Қақпақ
3
Қақпақтың тұтқасы
4
Су төгетін сорғының сүзгісі
5
Құрылғыны жылжыту үшін
қолданылатын тетік
6
Құрылғы деңгейін реттеуге
арналған тірек
7
Техникалық ақпарат тақтайшасы
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
4.1 Басқару панелінің сипаттамасы
567891011
1 2 3 4
1
Автоматты түрде өшіру түймешік
2
Бағдарлама түймешесі
3
Бейнебет
4
Сұйық жуғыш зат түймешігі
5
Бастау/Үзіліс түймешігі
6
Кешіктіріп бастау түймешігі
7
Уақытты үнемдеу түймешігі
8
Қосымша шаю түймешігі
www.aeg.com6
9
Дақ/Алдын ала жуу түймешігі
10
Айналдыру түймешігі
11
Температура түймешігі
4.2 Бейнебет
A H
JKL
C D E F GB
I
Бейнебетте төмендегілер
көрсетіледі:
A
Орнатылған бағдарламаның температурасы
Суық су
B
Орнатылған бағдарламаның айналдыру жылдамдығы
Айналдырмау индикаторы
1)
Шаюды кідірту белгішесі
1)
АЙНАЛДЫРУ/СУ ТӨГУ бағдарламасында ғана жұмыс істейді.
C
Цикл белгішелері
Бағдарлама орнатылған кезде, бағдарламаның циклдарына қатысты
белгішелердің барлығы жанады.
Бағдарлама басталғанда, тек орындалып тұрған циклдің ғана белгішесі
жыпылықтайды.
Бағдарлама аяқталғанда, соңғы циклдің белгішесі жанып тұрады.
Алдын ала жуу циклі
Жуу циклы
Шаю циклы
Айналдыру циклы
ҚАЗАҚ 7
D
Бу бағдарламасын орнатқанда, бу белгішесі жанады (егер осы
құрылғыда бар болса).
E
Құрылғы жуғыш заттың тым көп салынғанын анықтаса, циклдің
соңында жуғыш заттың шамадан тыс салынғанын көрсететін
белгі жанады.
F
Белгіше көрсетіліп тұрғанда құрылғының қақпағын аша
алмайсыз. Қақпақты белгіше көрінбей кеткенде ғана аша аласыз.
Бағдарлама аяқталса да, белгіше көрсетіліп тұрса:
«Шаюды кідірту» функциясы қосулы.
Барабанның ішінде су бар.
G
Кешіктіріп бастау функциясын орнатқан кезде, кешіктіріп бастау
белгішесі жанады.
H
Бағдарлама уақыты
Бағдарлама басталған кезде, бағдарламаның уақыты 1 минутқа
кеміп отырады.
Кешіктіріп бастау
Кешіктіріп бастау түймешігін басқан кезде бейнебетте кешіктіріп
бастау уақыты көрсетіледі
Ескерту кодтары
Құрылғыда ақау бар болса, бейнебетте ескерту кодтары
көрсетіледі. «Ақаулықты түзету» тарауын қараңыз.
Келесі жағдайларда бейнебетте мына хабар бірнеше секунд
көрсетіледі:
функцияны жуу бағдарламасымен бірге орната алмаған кезде
жұмыс істеп тұрған бағдарламаны өзгертуге әрекет жасаған
кезде.
Бағдарлама аяқталған кезде.
I
Бала қауіпсіздігі құралының белгішесі, осы құрал іске қосылған
кезде жанады.
Графикалық жолақ
Егер функцияны орнатылған бағдарлама үшін таңдауға болса
ғана бос индикатор жолағы көрсетіледі.
Индикатордың жолағы орнатылған функцияларға қарай тола
бастайды.
Егер теріс функция таңдалса, Err жазуы көрсетіліп, таңдаудың теріс
екенін көрсетеді.
www.aeg.com8
J
Бағдарлама уақыттарының бірін орнатқан кезде уақытты
үнемдеу белгішесі жанады.
Қысқарған уақыт
Өте жылдам
K
Осы функция таңдалған кезде қосымша шаю белгішесі жанады.
Бұл мән шаю циклдерінің жалпы санын көрсетеді.
Шаю циклдерінің ең үлкен санын орнатқан кезде индикатордың
жолағы толық көрсетіледі.
L
функцияны іске қосқан кезде Дақ индикаторы жанады.
Осы функция іске қосылған кезде Алдын ала жуу белгішесі
жанады.
Функциялардың тек біреуін ғана орнатқан кезде индикатор
жолағы толық болмайды.
Екі функцияны орнатқан кезде индикатор жолағы толық болып
көрсетіледі.
5. БАҒДАРЛАМА КЕСТЕСІ
Бағдарлама
Температура
ауқымы
Ең үлкен
салмақ
Ең үлкен
айналдыру
жылдамды
ғы
Бағдарлама сипаттамасы
(Кірдің салмағы және кірлеу дәрежесі)
Жуу бағдарламалары
Мақта мата
95°C- Суық
7 кг
1300
мин/айн
Ақ және түрлі-түсті мақта мата. Қалыпты және
шамалы ластанған кір.
Айрықша жым-жырт
95°C- Суық
7 кг Ақ және түрлі-түсті мақта мата. Қалыпты және
шамалы ластанған кір. Бағдарлама шуылсыз
циклды орындау үшін айналдыру циклдарының
барлығын алып тастайды. Цикл барабан ішіндегі
суды төкпестен тоқтайды.
Синтетика
60° C - Суық
3 кг
1200
мин/айн
Синтетика немесе аралас матадан жасалған
заттар. Қалыпты кірлеген.
ҚАЗАҚ 9
Бағдарлама
Температура
ауқымы
Ең үлкен
салмақ
Ең үлкен
айналдыру
жылдамды
ғы
Бағдарлама сипаттамасы
(Кірдің салмағы және кірлеу дәрежесі)
Оңай үтіктеу
60° C - Суық
1 кг
800 мин/айн
Баппен жуылатын синтетикалық заттар.
Қалыпты және шамалы ластанған кір.
1)
Нәзік мата
40° C - Суық
3 кг
1200
мин/айн
Акрил, вискоза, полиэстер тәрізді биязы
матадан жасалған заттар. Қалыпты кірлеген.
Жүн мата/Жібек
мата
40° C - Суық
1 кг
1200
мин/айн
«Қолмен жуу» белгісі бар нәзік маталар,
машинамен жууға болатын жүн маталар және
қолмен жууға болатын жүн маталар.
2)
Көрпе
60°C - 30° C
2 кг
800 мин/айн
Бір синтетикалық төсек жапқыш, көрпе, төсек
жабдығы т.с.с. заттарды жууға арналған
арнайы бағдарлама.
Аллергияға қарсы
60° C
7 кг
1300
мин/айн
Ақ мақта мата заттар. Бұл бағдарлама 60°C
градуста жуу циклінің көмегімен микро-
ағзаларды жояды және бір шаю циклін қосады.
Осылайша киім барынша тиімді жуылады.
Айналдыру / Су
төгу
3)
7 кг
1300
мин/айн
Кірді айналдыруға және барабандағы суды
төгуге арналған. Барлық маталар.
Шаю
4)
Суық
7 кг
1300
мин/айн
Кірді шаюға және айналдыруға арналған.
Барлық маталар.
Джинс
60°- Суық
3 кг
1200
мин/айн
Джинс және джерсиден жасалған заттар.
Баран түсті заттарға да арналған.
20 мин.-3кг
40°C - 30°C
3 кг
1200
мин/айн
Шамалы кірлеген немесе бір рет ғана киілген
мақта мата және синтетика заттар.
Супер Эко
Суық
3 кг
1200
мин/айн
Аралас маталар (мақта мата және синтетика
заттар).
5)
www.aeg.com10
Бағдарлама
Температура
ауқымы
Ең үлкен
салмақ
Ең үлкен
айналдыру
жылдамды
ғы
Бағдарлама сипаттамасы
(Кірдің салмағы және кірлеу дәрежесі)
Мақта мата Эко
6)
60°C - 40° C
7 кг
1300
мин/айн
Ақ мақта мата және бояуы қанық мақта мата.
Қалыпты кірлеген. Қуатты пайдалану азаяды
және жуу бағдарламасының уақыты ұзарады.
Бу бағдарламалары
7)
Бу циклін кепкен, жуылған немесе бір рет жуылған кір үшін қолдануға болады.
Бұл бағдарламалар кірдің бырысын жазып, иісін азайтып, матаны барынша
тегіс етуге көмектеседі.
Ешбір жуғыш зат қолданбаңыз. Егер қажет болса, дақты жуу немесе жумай
тұрып тазарту арқылы кетіріңіз.
Бу бағдарламалары ешбір зарарсызданыру циклін орындамайды.
Мына заттар үшін Бу бағдарламасын орнатпаңыз:
зат белгісінде кептіргіш машинада кептіруге болады деген жазуы жоқ заттар.
пластик, темір, ағаш немесе сол сияқты заттар тағылған киімдердің барлығы.
Бумен жаңарту
40° C
1 кг Мақта мата және синтетика заттарға арналған
бу бағдарламасы. Бұл цикл кірдің иісін кетіреді.
8)
ҚАЗАҚ 11
Бағдарлама
Температура
ауқымы
Ең үлкен
салмақ
Ең үлкен
айналдыру
жылдамды
ғы
Бағдарлама сипаттамасы
(Кірдің салмағы және кірлеу дәрежесі)
Бумен өңдеу
40° C
1 кг Синтетикалық заттарға арналған бу
бағдарламасы. Бұл цикл кірдің бырысын жазуға
көмектеседі.
1)
Бұл цикл кірлер мыжылып қалмас үшін судың температурасын реттеп, баппен жуады және
сығады. Құрылғы бірнеше шаю циклдарын қосады.
2)
Осы цикл кезінде кірді баппен жуу үшін барабан баяу айналады. Барабан айналмай тұрған
сияқты немесе дұрыс айналмай тұрған сияқты көрінуі мүмкін. Бұл құрылғы үшін қалыпты жағдай.
3)
Айналдыру жылдамдығын орнатыңыз. Оның кірге сай келетініне жақсылап көз жеткізіңіз. Егер
Айналдырмау циклын орнатсаңыз, тек су төгу циклы ғана жұмыс істейді.
4)
Шаю циклдарын іске қосу үшін Қосымша шаю түймешігін басыңыз. Айналдыру жылдамдығы
төмен болған кезде, құрылғы баппен шаяды және аз уақыт айналдырады.
5)
Бұл күнделікті пайдалануға арналған, жақсы жуу нәтижелеріне қол жеткізу үшін су мен қуаттың
пайдаланылатын мөлшерін азайтатын бағдарлама.
6)
Қуат жапсырмасында көрсетілген мәндерге сай келетін стандартты бағдарламалар.
1061/2010 стандарты бойынша бұл бағдарламалар «Стандартты 60°C мақта мата бағдарламасы»
мен «Стандартты 40°C мақта мата бағдарламасына» сай келетін бағдарлама болып табылады.
Бұлар қалыпты кірлеген мақта мата заттарды жуу үшін қуат пен суды бірге пайдалану жағынан ең
тиімді бағдарламалар болып табылады.
Жуу циклы суының температурасы таңдалған бағдарламаға арнап көрсеткен
температурадан өзгеше болуы мүмкін.
7)
Бу бағдарламасын кепкен кір үшін орнатқан кезде, цикл соңында кір дымқыл болуы мүмкін. Кірді
кептіріп алу үшін таза ауаға шамамен 10 минут қою керек. Бағдарлама аяқталған кезде кірді
барабаннан дереу алыңыз. Бу циклі аяқталғаннан кейін, кірді бәрібір үтіктеу керек, бірақ ол жеңіл
үтіктеледі!
8)
Бу киімнен шығатын жануарлардың иісін кетірмейді.
Бағдарлама параметрлерінің
сыйысымдылығы
Бағдарлама
1)
2) 3)
4)
www.aeg.com12
Бағдарлама
1)
2) 3)
5)
4)
6)
1)
Егер сұйық жуғыш затты қолдансаңыз, Алдын ала жуу циклі жоқ бағдарламаны орнатыңыз. Дақ
функциясы 40°C градустан төмен температурада жұмыс істемейді.
2)
Айналдыру жылдамдығы төмен болған кезде, құрылғы баппен шаяды және аз уақыт
айналдырады.
3)
Егер қысқа цикл уақытын орнатсаңыз, кірдің мөлшерін азайтуды ұсынамыз. Құрылғыға кірді
толтыра салуға болады, бірақ жуу нәтижесі төмендейді.
4)
Тек Алдын ала жуу функциясына қол жетімді.
5)
Айналдыру жылдамдығын орнатыңыз. Оның кірге сай келетініне жақсылап көз жеткізіңіз. Егер
Айналдырмау циклын орнатсаңыз, тек су төгу циклы ғана жұмыс істейді.
6)
Осы бағдарламаларда қысқа цикл ғана орнатуға болады.
5.1 Woolmark Apparel Care -
Көк
Woolmark компаниясы бұл машинаның
жүн матаны жуу бағдарламасын
сертификаттаған, дегенмен бұл
компанияның талабы бойынша
«қолмен жуу» деген затбелгісі бар
заттарды, осы кір жуғыш машинаны
өндірушінің нұсқауларын сақтап жуу
керек. Киімді кептіру және басқа
нұсқауларды күтім көрсету белгісінен
қараңыз. M1145
Ұлыбританияда, Ирландияда, Гонконг
пен Индияда Woolmark белгісі -
сертификатталған сауда белгісі болып
табылады.
ҚАЗАҚ 13
6. ПАЙДАЛАНУ КӨЛЕМІ
Осы кестеде жалпылама орташа мәндер көрсетілген. Әр түрлі
себептер деректердің өзгеруіне әкелуі мүмкін: кірдің мөлшері мен
түрі, судың және қоршаған ортаның температурасы.
Бағдарлама басталған кезде бейнебетте кірдің ең көп мөлшеріне
арналған бағдарламаның ұзақтығы көрсетіледі.
Жуу циклы кезінде бағдарлама ұзақтығы автоматты түрде
есептеледі және салынған кірдің салмағы кірдің ең көп мөлшерінен
аз болса барынша азаяды (мысалы, Мақта мата 60°C, кірдің ең көп
мөлшері 7 кг болса, онда бағдарлама ұзақтығы 2 сағаттан асады;
нақты салмақ 1 кг болса, бағдарлама ұзақтығы 1 сағатқа жетпейді).
Құрылғы бағдарламаның нақты уақытын есептеп тұрғанда
бейнебетте нүкте жыпылықтайды.
Бағдарламалар Салмақ
(кг)
Қуат
тұтыну
(кВт/сағ)
Суды
пайдалану
(литр)
Бағдарлам
аның
болжалды
ұзақтығы
(минут)
Қалдық
ылғал (%)
1)
Мақта мата 60 °C 7 1,16 58 185 52
Мақта мата 40 °C 7 0,61 56 176 52
Синтетика 40 °C 3 0,45 45 105 35
Нәзік мата 40 °C 3 0,51 46 74 35
Жүн мата/Қолмен
жуу 30 °C
1 0,33 44 55 30
Стандартты мақта мата бағдарламалары
Стандартты 60 °C
мақта мата
7 0,98 46 247 52
Стандартты 60 °C
мақта мата
3.5 0,66 37 180 52
Стандартты 40 °C
мақта мата
3.5 0,54 37 180 52
1)
Айналдыру циклының соңында.
Сөндіру режимі (Вт) Қосулы режим (Вт)
0,05 0,05
Жоғарыда көрсетілген кестедегі ақпарат 2009/125/EО нұсқауын жүзеге асыру үшін
ЕО Комиссиясының 1015/2010 ережесіне сай берілген.
www.aeg.com14
7. ФУНКЦИЯЛАР
7.1 Температура
Әдепкі температураны өзгерту үшін
осы түймешікті басыңыз. Бейнебетте
және көрсетілсе, құрылғы суды
ысытпайды.
7.2 Айналдыру
Төмендегі әрекеттерді орындау үшін
осы түймешікті басыңыз:
Бағдарламаның айналдыру циклінің
ең үлкен жылдамдығын азайту
үшін.
Бейнебетте тек
орнатылған бағдарлама
үшін таңдауға болатын
айналдыру
жылдамдықтары ғана
көрсетіледі.
Айналдыру циклін ажыратыңыз.
Шаюды кідірту функциясын іске
қосыңыз.
Мата мыжылып қалмас үшін осы
функцияны орнатыңыз. Бағдарлама
аяқталған кезде құрылғы суы
төгілмейді.
7.3 Дақ/Алдын ала жуу
Бағдарламаға дақ және/немесе алдын
ала жуу циклін қосу үшін түймешікті
басыңыз.
Бір немесе екі функцияны іске қосу
үшін түймешікті қайта-қайта басыңыз.
Бейнебетте тиісті белгіше және
индикатор жолағы көрсетіледі.
Дақтар: Дағы оңай кетпейтін
кірлерді жуу үшін осы функцияны
қолданыңыз.
Осы функцияны орнатқан кезде,
дақ кетіргішті бөлігіне салыңыз.
Бұл функция бағдарламаның
уақытын ұзартады.
Бұл параметр 40° C
градустан төмен
температурада жұмыс
істемейді.
Алғашқы жуу: Жуу циклінен бұрын
орындалатын алдын ала жуу циклін
қосу үшін осы параметрді
қолданыңыз.
Қатты кірлеген кірді жуу үшін осы
параметрді қолдануды ұсынамыз.
Осы параметрді
орнатқан кезде
бағдарламаның уақыты
ұзарады.
7.4 Қосымша шаю
Осы параметрдің көмегімен жуу
бағдарламасына бірнеше шаю циклын
қосуға болады.
Бұл функцияны жуғыш заттарға
аллергиясы бар адамдар үшін және
суы тым тұщы жерлерде қолданыңыз.
Тиісті индикатор жанады.
7.5 Уақытты үнемдеу
Осы функция арқылы бағдарламаның
уақытын азайтуға болады.
Күнделікті ластанатын киімдер үшін
«Қысқартылған уақыт» функциясын
осы түймешікті бір басып
орнатыңыз.
Ешбір кірлмеген кір үшін «Өте
жылдам» функциясын осы
түймешікті екі рет басып
орнатыңыз.
Кей бағдарламаларда екі
функцияның тек біреуін
ғана орнатуға болады.
7.6 Тоқтата тұру
Осы параметрдің көмегімен
бағдарламаны 30 минуттан 20 сағатқа
дейін кешіктіріп бастауға болады.
Бейнебетте тиісті индикатор және
кешіктіру уақыты пайда болады.
7.7 Бастау/Үзіліс
Бағдарламаны бастау немесе кідірту
үшін Бастау/Үзіліс түймешігін
басыңыз.
ҚАЗАҚ 15
7.8 Сұйық жуғыш зат
Осы түймешікті сұйық жуғыш затты
қолданғанда циклды соған бейімдеу
үшін басыңыз.
Тиісті индикатор жанады.
8. ПАРАМЕТРЛЕР
8.1 Дыбыстық сигналдар
Дыбыстық сигналдар мына
жағдайларда қосылады:
Құрылғыны іске қосқанда.
Құрылғыны сөндіргенде.
Түймешіктерді басқанда.
Бағдарлама аяқталғанда.
Құрылғыда ақау бар кезде.
Дыбыстық сигналдарды сөндіру/қосу
үшін Дақ/Алдын ала жуу және
Қосымша шаю түймешіктерін 6 секунд
қатар басыңыз.
Егер дыбыстық
сигналдарды сөндірсеңіз,
олар құрылғыда ақау
пайда болған кезде қосыла
береді.
8.2 Бала қауіпсіздігінің
құралы
Осы функцияның көмегімен балалар
басқару панелімен ойнауға жол
бермейсіз.
Осы функцияны іске қосу/ажырату
үшін Temp. және Айналдыру
түймешіктерін индикаторы
жанғанша/сөнгенше қатар
басыңыз.
Мына параметрді қосуға болады:
Бастау/Үзіліс түймешігін басқаннан
кейін: функциялар мен бағдарлама
тетігі бұғатталады.
Бастау/Үзіліс түймешігін баспай
тұрып: құрылғы іске қосылмайды.
8.3 Тұрақты қосымша шаю
Осы функцияның көмегімен жаңа
бағдарлама орнатқан кезде қосымша
шаю циклі тұрақты орнатылып тұрады.
Осы функцияны іске қосу/ажырату
үшін Уақытты үнемдеу және
Тоқтата тұру түймешіктерін
Қосымша шаю индикаторы
жанғанша/сөнгенше қатар
басыңыз.
9. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
1. Жуу циклына арналған бөлікке
шамалы жуғыш зат салыңыз.
2. Мақта матаға арналған
бағдарламаны орнатып, ең жоғары
температураға қойып ешбір кір
салмай жуыңыз.
Бұл цикл барабан мен машинаның
ішінде бар болуы мүмкін кірлердің
барлығын кетіреді.
10. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
10.1 Құрылғыны іске қосу
1. Су құятын шүмекті ашыңыз.
2. Ашаны розеткаға қосыңыз.
3. Құрылғыны іске қосу үшін
Автоматты түрде өшіру түймешігін
басыңыз.
Қысқа дыбыстық сигнал естіледі.
www.aeg.com16
10.2 Кірді салу
1. Құрылғының қақпағын ашыңыз.
2. A түймешігін басыңыз.
Барабан автоматты түрде ашылады.
3. Кірді барабанға бір-бірден
салыңыз.
4. Кірлерді құрылғыға салар алдында
сілкілеңіз.
Барабанға тым көп кір салынбағанына
көз жеткізіңіз.
5. Барабан мен қақпақты жабыңыз.
A
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Құрылғының есігін жабар
алдында, барабанның
дұрыс жабылғанына көз
жеткізіңіз.
10.3 Жуғыш зат пен
үстемелерді пайдалану
Жуғыш зат пен мата жұмсартқышты
өлшеп алыңыз.
10.4 Жуғыш зат салынатын бөліктер
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Кір жуғыш машинаға арнайы жуғыш заттарды ғана пайдаланыңыз.
Жуғыш заттардың орамында көрсетілетін нұсқауларды әрқашан
орындаңыз.
Алдын ала жуу циклына арналған жуғыш зат бөлігі.
MAX белгісі жуғыш заттың (ұнтақ немесе сұйық) ең көп мөлшерін
көрсетеді.
Жуу циклына арналған жуғыш зат бөлігі.
MAX белгісі жуғыш заттың (ұнтақ немесе сұйық) ең көп мөлшерін
көрсетеді.
Сұйық үстемелерге арналған бөлік (мата жұмсартқыш, крахмал).
M
таңбасы құйылатын сұйық үстемелердің ең жоғары деңгейін
көрсетеді.
Ұнтақ немесе сұйық жуғыш затқа арналған бөлгіш.
ҚАЗАҚ 17
10.5 Сұйық немесе ұнтақ
жуғыш зат
1.
CLICK
2.
A
3.
CLICK
4.
B
A қалпы ұнтақ жуғыш затқа арналған (зауыттық бапталым).
B - сұйық жуғыш затқа арналған.
Сұйық жуғыш затты пайдаланған кезде:
Қоймалжың немесе қою сұйық жуғыш заттарды қолданбаңыз.
Сұйық жуғыш затты ең жоғары деңгейден асырып салмаңыз.
10.6 Бағдарламаны орнату
1. Бағдарлама тетігін бұраңыз. Тиісті
бағдарламаның индикаторы
жанады.
Бастау/Үзіліс түймешігінің индикаторы
қызыл түспен жанады.
Бейнебетте әдепкі температура,
айналдыру жылдамдығы және
таңдауға болатын функциялардың бос
индикатор жолақтары көрсетіледі.
2. Температура және/немесе
айналдыру жылдамдығын өзгерту
үшін тиісті түймешіктерді басыңыз.
3. Таңдауға болатын функцияларды
орнатыңыз.
10.7 Кешіктіріп бастау
функциясы жоқ
бағдарламаны бастау
Бағдарламаны бастау үшін Бастау/
Үзіліс түймешігін басыңыз.
Тиісті индикаторы жыпылықтауын
тоқтатып, жанған қалпы тұрады.
Бейнебетте орындалып тұрған цикл
индикаторы жыпылықтай бастайды.
Бағдарлама басталады, қақпақ
бұғатталады. Бейнебетте
индикаторы пайда болады.
Құрылғыға су құйылған
кезде су төгетін сорғы
шамалы уақыт жұмыс
істейді.
www.aeg.com18
10.8 Құрылғының жұмысы
Бағдарлама басталғаннан
кейін шамамен 15
минуттан кейін:
Барынша аз уақыт
ішінде тамаша нәтижеге
қол жеткізу үшін
құрылғы цикл уақытын
барабанға салынған
кірге қарай отырып,
автоматты түрде
реттейді.
Бейнебетте жаңа уақыт
мәні көрсетіледі.
10.9 Кешіктіріп бастау
функциясы бар
бағдарламаны бастау
1. Бейнебетте кешіктірілетін минут
немесе сағат мәндері
көрсетілгенше Тоқтата тұру
түймешігін қайта-қайта басыңыз.
Тиісті индикатор жанады.
2. Бастау/Үзіліс түймешігін басыңыз.
Құрылғы кешіктіріп бастау
функциясының кері санағын бастайды.
Кері санақ аяқталған кезде,
бағдарлама автоматты түрде
басталады.
Құрылғыны іске қосу үшін
Бастау/Үзіліс түймешігін
баспай тұрып, орнатылған
кешіктіріп бастау
функциясын біржола
тоқтатуға немесе өзгертуге
болады.
10.10 «Кешіктіріп бастау»
функциясын болдырмау
Кешіктіріп бастау функциясын
болдырмау үшін:
1. Құрылғыны кідірту үшін Бастау/
Үзіліс түймешігін басыңыз.
Тиісті индикатор жыпылықтайды.
2. Тоқтата тұру түймешігін
бейнебетте пайда болғанша
қайта-қайта басыңыз.
3. Бағдарламаны дереу бастау үшін
Бастау/Үзіліс түймешігін қайта
басыңыз.
10.11 Бағдарламаны кідірту
және функцияны өзгерту
Кей функцияларды ғана басталмай
тұрып өзгертуге болады.
1. Бастау/Үзіліс түймешігін басыңыз.
Тиісті индикатор жыпылықтайды.
2. Орнатылған функцияны өзгертіңіз.
3. Бастау/Үзіліс түймешігін қайта
басыңыз.
Бағдарлама жалғасады.
10.12 Жұмыс істеп тұрған
бағдарламаны болдырмау
1. Бағдарламаны біржола тоқтатып
құрылғыны сөндіру үшін Автоматты
түрде өшіру түймешігін басыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін
Автоматты түрде өшіру түймешігін
қайта басыңыз.
Енді жаңа жуу бағдарламасын
орнатуға болады.
Жаңа бағдарламаны
бастау алдында
құрылғының суы төгіледі.
Бұл жағдайда, жуғыш зат
үлестіргіште жуғыш заттың
әлі бар екеніне көз
жеткізіңіз, егер жоқ болса
қайтадан толтырыңыз.
10.13 Бағдарлама жұмыс
істеп тұрғанда есікті ашу
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Егер барабан ішіндегі
судың температурасы
немесе деңгейі тым
жоғары болса, есік
құлпының индикаторы
көрсетілген қалпы тұрады
және есікті аша алмайсыз.
ҚАЗАҚ 19
Есікті ашу үшін төмендегі әрекетті
орындаңыз:
1. Құрылғыны сөндіру үшін
Автоматты түрде өшіру түймешігін
бірнеше секунд басыңыз.
2. Бірнеше минут күте тұрыңыз да,
содан кейін құрылғының есігін
абайлап ашыңыз.
3. Құрылғы есігін жабыңыз.
4. Құрылғыны іске қосыңыз да,
бағдарламаны қайта орнатыңыз.
10.14 Кешіктіріп бастау
жұмыс істеп тұрғанда есікті
ашу
Кешіктіріп бастау функциясы жұмыс
істеп тұрғанда, құрылғының есігі
құлыпталып тұрады.
Құрылғының есігін ашу үшін:
1. Бастау/Үзіліс түймешігін басыңыз.
Дисплейдегі
есік бұғаттаулы
индикаторы сөнеді.
2. Құрылғының есігін ашыңыз.
3. Есікті жауып, Бастау/Үзіліс
түймешігін басыңыз.
Кешіктіріп бастау функциясы
жалғасады.
10.15 Есікті ашу
Егер барабанның ішіндегі
температура мен судың
деңгейі өте жоғары болса
және барабан әлі айналып
тұрса, есік ашылмайды.
Бағдарлама немесе кешіктіріп бастау
жұмыс істеп тұрғанда, құрылғының
есігі бекітулі тұрады.
1. Бастау/Үзіліс түймешігін басыңыз.
Бейнебеттегі есік бұғатының
индикаторы сөнеді.
2. Құрылғының есігін ашыңыз.
3. Есікті жауып, Бастау/Үзіліс
түймешігін басыңыз.
Бағдарлама немесе кешіктіріп бастау
функциясы жалғасады.
10.16 Циклдың соңы
Бағдарлама аяқталғанда құрылғы
автоматты түрде тоқтайды. Дыбыстық
сигналдар естіледі (егер қосылып
тұрса).
Дисплейде жанады және қақпақ
бұғатының индикаторы сөнеді.
Бастау/Үзіліс түймешігінің индикаторы
сөнеді.
1. Құрылғыны сөндіру үшін
Автоматты түрде өшіру түймешігін
басыңыз.
Бағдарлама аяқталғаннан кейін бес
минут өткеннен кейін, қуат үнемдеу
функциясы құрылғыны автоматты
түрде сөндіреді.
Құрылғыны қайта іске
қосқанда, бейнебетте
соңғы орнатылған
бағдарламаның аяқталуы
көрсетіледі. Жаңа циклді
орнату үшін бағдарлама
тетігін бұраңыз.
2. Құрылғыдан кірді алыңыз.
3. Барабанның бос екеніне көз
жеткізіңіз.
4. Зең және иіс пайда болмас үшін
есікті сәл ашып қойыңыз
5. Судың шүмегін жабыңыз.
10.17 Цикл аяқталғаннан
кейін суды төгу
Жуу бағдарламасы аяқталды, бірақ
барабанда су тұр:
Кір мыжылып қалмас үшін барабан
мезгіл-мезгіл айналып тұрады.
Қақпақ бұғаттаулы индикаторы
жанып тұр. Қақпақ құлыпталып тұрады.
Қақпақты ашу үшін суды төгу керек:
1. Қажет болса, айналдыру
жылдамдығын азайтыңыз.
2. Бастау/Үзіліс түймешігін басыңыз.
Құрылғы суды төгеді де, айналдыру
кезеңін орындайды.
3. Бағдарлама аяқталып, есік
бұғаттаулы индикаторы
көрінбей кеткенде есікті ашуға
болады.
4. Құрылғыны сөндіру үшін
Автоматты түрде өшіру түймешігін
бірнеше секунд басыңыз.
www.aeg.com20
/