Zanussi ZOB483W Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я прочитал инструкцию по эксплуатации для духового шкафа Zanussi ZOB483 и готов ответить на ваши вопросы. В инструкции подробно описаны функции, режимы работы, советы по приготовлению различных блюд, а также рекомендации по уходу и устранению неполадок. Спрашивайте!
  • Как установить время на часах духового шкафа?
    Как использовать функцию гриля?
    Как очистить духовку?
    Что делать, если духовка не нагревается?
KK
Қолдану туралы
нұсқаулары
2
RO
Informaţii pentru
utilizator
22
RU
Инструкция по
эксплуатации
40
UK
Інструкція 61
Тұмшапеш
Cuptor
Духовой шкаф
Духова шафа
ZOB483
Мазмұны
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар _ _ _ _ _ 2
Бұйым сипаттамасы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 5
Бірінші қолданғанға дейін _ _ _ _ _ _ _ _ 6
Əркүндік қолдану _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 7
Сағат фунциялары _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 8
Керек-жарақтарды қолдану _ _ _ _ _ _ _ 9
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер _ _ 10
Күту менен тазалау _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 16
Не істерсіңіз, егер... _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 18
Техникалық сиппатама _ _ _ _ _ _ _ _ _ 19
Орнату _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 19
Электртоғына қосу _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 20
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы
мағлұматтар _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 21
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Құрылғыны орнатып, іске қосардың
алдында осы нұсқаулықты мұқият оқып
шығыңыз:
Өз қауіпсіздігіңіз бен мүлкіңіздің
қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін
Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін
Құрылғының дұрыс жұмыс істеуі үшін.
Осы нұсқаулықты əрқашан, тіпті
құрылғыны сатсаңыз да, көшірсеңіз де,
онымен бірге қалдырыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс
пайдаланбау нəтижесінде орын алған
ақаулықтар үшін өндіруші жауапты
емес.
Балалар мен дəрменсіз
адамдардың қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар
мен денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-
есіне зақым келген адамдар не
тəжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін
қамтамасыз ететін адамның қадағалауы
немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану
бойынша берген нұсқауына сүйеніп,
дұрыс қолданбау салдарын түсінсе
қолдануына болады. Балалар
құрылғымен ойнамауға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
балалардан алыс ұстаңыз. Тұншығып
қалу немесе жарақат алу
қаупі бар.
Балалар мен үй жануарларын есігі ашық
тұрған немесе жұмыс істеп тұрған
құрылғыдан алыс ұстаңыз, себебі
құрылғы ысып тұрады. Жарақат алу
немесе мүгедек болып қалу қаупі бар.
Құрылғының бала қауіпсіздігі құралы не
түймешікті құрсаулау (Басқару
құралдарын құрсаулау) функциясы
болса, соны қолданыңыз. Бұл құрал
балалар мен үй жануарларының
құрылғыны байқаусызда іске қосуына
жол бермейді.
Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамаларын өзгертпеңіз. Жарақат
алу немесе құрылғыны бүлдіріп алу
қаупі бар.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны назардан
тыс қалдырмаңыз.
Пайдаланып болғаннан кейін əрдайым
құрылғыны өшіріңіз.
Орнату
Құрылғыны тек білікті электрик орнатып,
электр желісіне қосуға тиіс. Уəкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Бұл құрылғының
бөлшектерінің бүлінуіне немесе
адамның жарақаттануына жол бермейді.
Құрылғының тасымалдау кезінде
бүлінбегеніне көз жеткізіңіз. Бүлінген
құрылғыны іске қоспаңыз. Қажет болса,
сатушыға хабарласыңыз.
Құрылғыны бірінші рет пайдаланардан
бұрын барлық орамдарын,
жапсырмалары мен төсемдерін алып
тастаңыз. Техникалық ақпарат
тақтайшасын алмаңыз. Бұл
кепілдікті
заңды күшінен айырады.
2
Құрылғы қолданылатын елдегі заң
күшіне ие заңдар, қаулылар, ережелер
мен стандарттарды (қауіпсіздік
нұсқаулары, қалдықтарды қайта өңдеу
бойынша ережелер, электр не газ
қауіпсіздігі ережелері т.с.с.) мұқият
орындаңыз.
Құрылғыны орнатардың алдында,
ашасының розеткадан ағытылып
тұрғанын тексеріңіз.
Құрылғыны жылжытқан кезде абай
болыңыз. Бұл құрылғының салмағы
ауыр. Əрқашан қорғаныс қолғабын
киіңіз. Құрылғыны ешқашан тұтқасынан
тартпаңыз.
Электрлік
қондырғыда оқшаулағыш
құрылғы болуға тиіс, ол құрылғыны
барлық полюстерде желіден ажыратуға
мүмкіндік береді. Оқшаулағыш
құрылғының ені кем дегенде 3 мм
түйіспе саңылауы болуға тиіс.
Сізде дұрыс оқшаулағыш құралдар
болуға тиіс: желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан
қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.
Электр қатерінен сақтандыратын
құралдарды, инструмент көмегінсіз
алынбайтын етіп бекітіңіз.
Орнатардың алдында ас
үй жиһазы мен
құрылғы орнатылатын ұяның
өлшемдерінің, құрылғыға сай
келетіндігін тексеріп алыңыз.
Құрылғының үсті мен жан-жағын
қоршаған конструкциялардың қауіпсіз
болуын қамтамасыз етіңіз.
Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың,
заттардың арасындағы минимум
арақашықтықты сақтаңыз.
Құрылғының арт жағы мен бір жақ
жанын, биігірек құрылғыға жанастырып
орнатыңыз. Керісінше екінші жағын,
биіктігі бірдей құрылғыға қатарластыра
орнату қажет.
Бұл құрылғыны тағанның үстіне орнатуға
болмайды.
Кіріктірілген пештер мен пештің үсті,
арнаулы қосылым жүйелерінің көмегімен
орнатылады. Құрылғыға нұқсан келмес
үшін, тек бір өндіруші өндірген
құрылғыларды ғана бірге пайдаланыңыз.
Электр қосылымы
Құрылғыны міндетті түрде жерге қосу
қажет.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр
желісіндегі параметрлерге сай
келетініне көз жеткізіңіз.
Кернеу туралы ақпарат техникалық
ақпарат тақтайшасында көрсетілген.
Əрқашан дұрыс орнатылған, электр
қатерінен сақтандырылған розетканы
қолданыңыз.
Электр құрылғыларын розеткаларға
қосқан кезде, қорек сымдарын
құрылғының ыстық есігіне тигізбеңіз
немесе жақындатпаңыз.
Көп істікшелі ашаларды,
жалғастырғыштар мен ұзартқыш
сымдарды
қолданбаңыз. Өрт шығу қаупі
бар.
Қорек сымын ауыстырмаңыз немесе
өзгертпеңіз. Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Құрылғының арт жағындағы электр
ашасы (егер қолданылса) мен қорек
сымының жаншылып немесе бүлініп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Орнатып болғаннан кейін электр
розеткасының қол жететін жерде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны ажырату үшін қорек
сымынан тартпаңыз. Əрқашан
ашасынан (егер болса) тартып
ажыратыңыз.
Қолданылуы
Бұл тек үйде қолдануға арналған
құрылғы. Құрылғыны коммерциялық
немесе өндірістік мақсатта қолданбаңыз.
Құрылғыны тек үйде тамақ пісіру үшін
ғана пайдаланыңыз. Бұл адам
3
жарақаттанып, мүлікке зиян келудің
алдын алу үшін қажет.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды жəне/немесе балқығыш
заттарды (пластмасса немесе
алюминийден жасалған) заттарды
құрылғының қасына немесе үстіне, ішіне
қоймаңыз. Жарылыс немесе өрт шығу
қаупі бар.
Құрылғыны пайдаланған кезде оның іші
ысып кетеді.
Күйіп қалу қаупі бар.
Құрылғының ішіндегі қыздырғыш
элементтерге қол тигізбеңіз. Керек-
жарақтары мен кəстрөлдерді алып-
салған кезде қолғап киіңіз.
Пештің эмаль қаптамасын бүлдіріп
алмас алмас үшін оның керек-
жарақтарын салып, не алып жатқан
кезде абай болыңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін,
əрқашан құрылғыдан алыс тұрып
ашыңыз. Ыстық бу шығуы мүмкін. Теріні
күйдіріп
алу қаупі бар.
Эмаль қаптаманың түсінің кетуі
құрылғының жұмысына еш əсер етпейді,
сондықтан да бұл кепілдік заңы
бойынша қарастырылатын жағдай емес.
Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп
немесе өңі кетпес үшін:
құрылғының табанына ешбір затты
тура қоймаңыз жəне оны алюминий
фольгамен жаппаңыз;
құрылғының ішіне ыстық суды тура
қоймаңыз;
тамақ пісіріп болғаннан кейін дымқыл
ыдыс
пен тағамды құрылғының ішінде
ұстамаңыз.
Бұл құрылғыны суға тиіп тұрса
пайдаланбаңыз. Құрылғыны су қолмен
іске қоспаңыз.
Ашық тұрған құрылғы есігіне күш
салмаңыз.
Тағамды пісіргенде, тіпті гриль жасаған
кезде де құрылғы есігін əрқашан жауып
отыру қажет.
Күту менен тазалау
Құрылғыны жөндердің алдында сөндіріп,
электр желісінен ағытыңыз.
Жөндердің алдында құрылғының салқын
тұрғандығына көз жеткізіңіз. Күйіп қалу
қаупі бар. Шыны панелі сынып қалуы
мүмкін.
Құрылғыны əрқашан таза ұстаңыз.
Жиналып қалған май не тағам
қалдықтары өрт қатерін тудыруы мүмкін.
Құрылғыны мерзімді түрде тазаласаңыз,
оның бетінің сапасы түспейді.
Өте сұйық қоспадан жасалған торттарды
пісірген
кезде, жеміс шырыны кетпейтін
дақ қалдырмас үшін терең пісіру
науаларын қолданыңыз.
Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету жəне
мүлікке зиян келтірмеу үшін, құрылғыны
тек су мен сабынды қолданып
тазалаңыз. Тұтанғыш заттар немесе тот
бастыратын заттарды қолданбаңыз.
Құрылғыны бу құрылғылары, жоғары
қысыммен тазалайтын құралдар, өткір,
түрпілі тазалағыш заттар, түрпілі жөке
жəне дақ кетіргіштермен тазаламаңыз
Пеш бүріккішін
қолдансаңыз, оны
өндірушінің нұсқауларын орындаңыз.
Шыны есікті жеміргіш заттармен немесе
металл қырғышпен тазаламаңыз. Ішкі
шыны панельдің қызуға төзімді беті
сынып, жарылып кетуі мүмкін.
Есіктің шыны панельдеріне нұқсан
келсе, босап, сынып қалуы мүмкін.
Оларды міндетті түрде ауыстыру керек.
Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
Каталитті эмальды
тазаламаңыз (егер
бар болса).
4
Өрт қатері
Есікті абайлап ашыңыз. Алкоголь
қосылған қоспаларды қолданғанда, ауа
мен алкоголь қоспасы пайда болуы
мүмкін. Өрт шығу қаупі бар.
Есікті ашқан кезде жарқыл немесе ашық
отты құрылғыға жақындатпаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды жəне/немесе балқығыш
заттарды (пластмасса немесе
алюминийден жасалған) заттарды
құрылғының қасына немесе үстіне, ішіне
қоймаңыз.
Тұмшапештің шамы
Осы құрылғыда тек тұрмыстық
құрылғыларда пайдалануға арналған
арнайы шамдар ғана қолданылған.
Оларды бөлмені жартылай немесе
толықтай жарықтандыру үшін қолдануға
болмайды.
Егер шамды ауыстыру қажет болса,
қуаты дəл осындай, тұрмыстық
құрылғыларға арналған шамды ғана
қолданыңыз.
Тұмшапештің шамын ауыстырар
алдында құрылғыны электр желісінен
ағытыңыз. Электр тоғына түсу қаупі бар.
Қызмет көрсету орталығы
Тек уəкілетті техниктің ғана құрылғыны
жөндеуіне немесе оған қатысты
жұмысты орындауына болады. Уəкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Тек фирмалық қосалқы бөлшектерді
ғана қолданыңыз.
Құрылғыны тастау
Адам жарақаттанып немесе мүлікке зиян
келмес үшін
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қорек сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
Есіктің бекітпесін ағытып алыңыз. Бұл
кішкене балалар немесе үй
жануарлары құрылғының ішіне кіріп,
қамалып қалуына жол бермеу үшін
қажет. Тұншығып кету қатері бар.
Бұйым сипаттамасы
Жалпы шолу
1
2 3 4 5 6
7
8
9
11
12
10
1 Басқару панелі
2 Температура индикаторы
3 Температура тетігі
4 Электрондық бағдарламалағыш
5 Тұмшапеш функцияларының тетігі
6 Қуат индикаторы
7 Желдеткіш саңылаулары
8 Гриль
9 Тұмшапештің шамы
10 Бұрылмалы істіктің тесігі
11 Техникалық ақпарат тақтайшасы
12 Желдеткіш
5
Пеш жабдықтары
Тұмшапеш сөресі
Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам
қуыруға арналған.
Тегіс пісіру науасы
Торттар мен печеньелерге арналған.
Қуыруға арналған шұңғыл таба
Пісіру жəне қуыру үшін немесе май
жинайтын таба ретінде қолданылады.
Бұрылмалы істік
Еттің үлкен кесектері мен құс етін
қуыруға арналған.
Бірінші қолданғанға дейін
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы ақпарат" тарауын қараңыз.
Құрылғыны пайдаланар алдында
тұмшапештің ішіндегі жəне
сыртындағы орам материалдарының
барлығын алыңыз. Техникалық ақпарат
тақтайшасын алмаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Тұмшапештің есігін ашу үшін,
тұтқасын əрқашан ортасынан ұстаңыз.
Уақытты орнату
Тұмшапеш тек уақыт қойылған соң
ғана жұмыс жасайды.
Құрылғыны электр желісіне қосқанда не
электр қуаты өшіп қалған кезде уақыт
индикаторы автоматты түрде жыпылықтай
бастайды.
Ағымдық уақытты орнату үшін " + " не " - "
түймешігін қолданыңыз.
5 секундтай уақыт өткеннен кейін
жыпылықтау тоқтап, бейнебетте
орнатылған тəулік уақыты көрсетіледі.
Уақытты өзгерту үшін автоматты
функцияны (Ұзақтық
немесе Аяқтау
) қатар орнатпау керек.
Алғашқы тазалау
Құрылғы ішіндегі керек-жарақтардың
барлығын алыңыз.
Құрылғыны алғаш рет пайдаланар
алдында тазалаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Жеміргіш жуғыш заттарды
қолданбаңыз! Құрылғының бетіне нұқсан
келтіруі мүмкін. "Күтіп ұстау жəне тазалау"
тарауын қараңыз.
Алдын ала қыздыру
1.
Функцияны
жəне ең үлкен
температураны орнатыңыз.
2. Пешті шамамен 1 сағат тағам қоймай
іске қосып қойыңыз.
3.
Функцияны
жəне ең үлкен
температураны орнатыңыз.
4. Пешті шамамен 10 минут тағам қоймай
іске қосып қойыңыз.
5.
Функцияны
жəне ең үлкен
температураны орнатыңыз.
6. Пешті шамамен 10 минут тағам қоймай
іске қосып қойыңыз.
Бұл құрылғының ішіндегі қалдықтарды
жағу үшін керек. Керек-жарақтар
əдеттегіден ыстығырақ болады.
Құрылғыны бірінші рет алдын ала
қыздырған кезде, одан иіс пен түтін шығуы
мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Ауа
айналымының жеткілікті екенін тексеріңіз.
6
Əркүндік қолдану
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы ақпарат" тарауын қараңыз.
Пешті қолдану үшін түймешікті басу
керек. Түймешік өз қалпына келеді.
Пешті қосу жəне өшіру
1. Пештің функциясын басқаратын
түймешесін пеш функциясына қойыңыз.
2. Температура түймешесін температурға
қойыңыз.
Пеш жұмыс жасап тұрған кезде қуат
шамы жанады.
Температура шамы пештің
температурасы көбейе бастаған кезде
жанады.
3. Пешті өшіру үшін пештің функцияларын
басқаратын түймеше мен температура
түймешесін Off қалпына қойыңыз.
Желдеткіш
Құрылғының беттерін салқын ұстау үшін
желдеткіш автоматты түрде іске қосылады.
Егер құрылғыны өшірсеңіз, желдеткіш
құрылғы салқындағанша жұмыс жасап тұра
береді.
Қауіпсіздік терморелесі
Бұл пеш(дұрыс пайдаланбау не
элементтерінің бірінің ақаулығына
байланысты)шамадан тыс қызып кету
тəрізді қатерлі жағдайдың алдын алу үшін
қуатты үзіп тастайтын қауіпсіздік
терморелесімен жабдықталған.
Температурасы төмендеген кезде пеш
автоматты түрде қайта қосылады.
Тұмшапеш функциялары
Тұмшапеш функциясы Қолданылуы
OFF (сөндірулі)
қалпы
Құрылғы сөніп тұр.
Жібіту
Мұздатылған тағамды жібітеді. Температураны басқару тетігі
"сөндірулі" қалпына қойылуы керек
Ауамен желпіп
пісіру
Бірнеше сөрені пайдалана отырып, бірдей температурада
пісірілуге тиіс тағамдарды иістерін бір-біріне сіңірмей қуыруға
немесе қуырып-пісіруге арналған.
Бүтін қақтама
Бүтін қақтама элементі қосылады. Жалпақ етіп дайындалған
тағамдардан көп мөлшерде гриль дайындауға арналған.
Тост жасау үшін.
Бұрылмалы істік
Қуырылатын етті немесе кішкене ет кесегін шаншуға
арналған.
Ішкі гриль
Жайпақ тағамның шағын мөлшерін сөренің ортасында
қуыруға арналған. Тост жасау үшін
Астыңғы
қыздырғыш
элемент
Қызу тек тұмшапештің астыңғы жағынан келеді. Күртілдек,
əрі қыртысы қатты торттарды пісіру үшін.
Үстіңгі қыздырғыш
элемент
Қызу тек тұмшапештің үстіңгі жағынан келеді. Тағам пісіруді
аяқтау үшін қолданылады.
7
Тұмшапеш функциясы Қолданылуы
Дəстүрлі пісіру
Жоғарғы жəне төменгі элементтен бірдей қыздырады.
Тұмшапештің бір деңгейінде пісіру жəне қуыру үшін.
Тұмшапештің
шамы
Ешқандай пісіру функциясынсыз жанып тұрады.
Бейнебет
1 2 3
456
1 Функция индикаторлары
2 Уақыт бейнебеті
3 Функция индикаторлары
4 "+" түймешігі
5 Функция таңдау тетігі
6 "-" түймешігі
Сағат фунциялары
Сағат функциясы Қолданылуы
Тəулік уақыты Уақытты көрсетеді. Уақытты орнатуға, өзгертуге немесе
тексеруге арналған.
Минут операторы Кері санақ уақытын орнатуға арналған.
Уақыт біткен кезде дыбыстық сигнал естіледі.
Бұл функция пештің қызметіне əсер етпейді.
Ұзақтығы Пештің қаншалықты ұзақ жұмыс істеуге тиіс екенін
көрсетуге арналған.
Соңы Пеш функциясын өшіру уақытын орнатуға арналған.
Ұзақтық пен Соңы функциясын,
пеш кейінірек автоматты түрде
қосылып не ажыратылуға тиіс болса қатар
пайдалануға болады. Бұндай жағдайда
алдымен Ұзақтық
параметрін, содан
кейін Соңы
параметрін орнатыңыз.
Сағат функцияларын орнату
1. Тұмшапештің функциясы мен
температурасын орнатыңыз (минут
операторы үшін қажет емес).
2. Таңдау түймешігін қажетті сағат
функциясының индикатор шамы
жыпылықтағанша қайта-қайта басыңыз.
8
3.
Минут операторының уақытын
,
Ұзақтық
немесе Аяқтау
функциясын орнату үшін, "+" немесе "-"
түймешігін басыңыз.
Тиісті сағат функциясының индикаторы
жанады.
Уақыт аяқталған кезде, сағат
функциясының индикаторы
жыпылықтайды да, дыбыстық сигнал 2
минут естіледі.
Ұзақтық жəне Аяқтау
функциялары орнатылғанда, құрылғы
автоматты түрде сөнеді.
4. Сигналды тоқтату үшін кез-келген
түймешікті басыңыз.
5. Тұмшапеш функциясының тетігін жəне
температура тетігін "Off" (сөндірулі)
қалпына қойыңыз.
Сағат функцияларын біржола
тоқтату
1. Таңдағыш түймешікті қажетті
функцияның шамы жыпылықтағанша
қайта-қайта басыңыз.
2. "-" түймешігін басып ұстап тұрыңыз.
Бірнеше секундтан кейін сағат
функциясы өшеді.
Керек-жарақтарды қолдану
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы ақпарат" тарауын қараңыз.
Бұрылмалы істік
1
2
4
3
1 Ұстағыш
2 Істік
3 Шанышқылар
4 Бұрылмалы істік жақтауы
Назарыңызда болсын! Шанышқылар
мен бұрылмалы істіктің істігі (жинақта
бар болса) өткір болады. Оны іске
қосқанда абай болыңыз.
1. Тағам қуыруға арналған табаны
астынан санағанда бірінші деңгейге
қойыңыз.
2. Бұрылмалы істіктің жақтауын астынан
санағанда екінші деңгейге қойыңыз.
3. Бұрылмалы істікке бірінші шанышқыны
орнатыңыз.
4. Гриль жасағыңыз келген тағамды
салыңыз.
5. Екінші шанышқыны салыңыз.
Шанышқыларды бұрандалармен
қатайтыңыз.
6. Істіктің ұштығын бұрылмалы істікке
арналған саңылауға орнатыңыз ("Өнім
сипаттамасы" тарауына қараңыз).
7. Істіктің алдыңғы бөлігін істіктің
жақтауына қойыңыз.
8. Ұстағышты алыңыз.
9. Тұмшапештің функциясы мен
температурасын орнатыңыз ("Пісіру
кестелері" тарауын қараңыз).
9
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы ақпарат" тарауын қараңыз.
Пештің сөре қойылатын төрт қатары
бар. Сөре қатарлары құрылғының
астыңғы жағынан бастап саналады.
Түрлі тағамдарды пештің екі қатарына
қойып, бір мезгілде пісіруіңізге болады.
Сөрелерді 1-ші жəне 3-ші қатарға
қойыңыз.
Құрылғы ауаны үздіксіз айдап жəне буды
тұрақты айналдырып отыратын арнайы
жүйемен жабдықталған. Бұл жүйенің
көмегімен тамақты булы
ортада пісіріп,
тағамдардың ішін жұмсақ, сыртын
кітірлек етіп пісіруге болады. Бұл жүйе
тамақ пісіретін уақыт пен қуат шығынын
барынша азайтады.
Құрылғының ішіне немесе есігінің
шынысына бу тұруы мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай. Тағам пісірген кезде
құрылғы есігін əрқашан артқа шегініп
барып ашыңыз. Бу аз жиналуы үшін
құрылғыны тағам пісірмей тұрып 10
минуттай қыздырып алыңыз.
Құрылғыны
пайдаланып болған сайын
ылғал жерлерін сүртіп отырыңыз.
Заттарды құрылғының табанына тура
қоймаңыз жəне тағам пісіріп жатқан
кезде құрылғының ешбір бөлшектерін
алюминий фольгамен жаппаңыз. Бұл
пісіру нəтижесіне əсер етіп, пештің
эмаль қаптамасын бүлдіруі мүмкін.
Торттарды пісіру
Торт пісіруге 150°C мен 200°C
аралығындағы температура тамаша сай
келеді.
Пісіруді бастамай тұрып пешті 10 минут
қыздырып алыңыз.
Пісіру уақытының 3/4 мөлшері өтпейінше
пештің есігін ашпаңыз.
Бір уақытта екі пісіру сөресін
пайдалансаңыз, олардың арасындағы
бір қатарды ашық қалдырыңыз.
Балық пен етті пісіру
Салмағы 1 кг-нан аз болатын етті
пісірмеңіз. Тым аз етті пісіргенде ет өте
кебір болып піседі.
Қызыл еттің сырт жағын əбден, ішін
сөлімен пісіру үшін температураны 200
°C-250 °C аралығында орнатыңыз.
Үй құсының еті не балық тəрізді ақ етті
пісіру үшін температураны 150°C - 175
°C аралығында орнатыңыз.
10
Өте майлы тағам пісірген кезде, пеште
кетпейтін дақ қалып қоймас үшін май
жинайтын табаны қолданыңыз.
Еттің сөлі ағып кетпес үшін, оны турамай
тұрып 15 минуттай қоя тұрыңыз.
Тағам қуырған кезде пештің іші қатты
түтіндеп кетпес үшін, май жинағыш
табаға аздап су құйыңыз. Түтін жиналып
қалмас үшін, су кеуіп кеткен сайын
қосымшалап су құйыңыз.
Пісіру уақыттары
Пісіру уақыты тағамның түріне,
құрылымына жəне мөлшеріне
байланысты.
Бастапқы кезде, тағамның қалай
пісірілетініне назар аударыңыз. Осы
құрылғыны қолданған кезде, ыдысқа,
рецептілерге жəне тағамның мөлшеріне
барынша сай келетін параметрлерді (қызу
параметрі, пісіру уақыты т.с.с.) табыңыз.
Пісіру жəне қуыру кестесі
ТОРТТАР
ТАҒАМ ТҮРІ
Дəстүрлі
пісіру
Ауамен желпіп
пісіру
Пісіру
уақыты
[мин]
Ескерімдер
Деңге
й
Темп.
[°C]
Деңге
й
Темп.
[°C]
Шайқап пісіру
рецептері
2 170 2 (1
жəне
3)
160 45-60 Тортқа арналған
қалыпта
Үгілмелі
қамыр
2 170 2 (1
жəне
3)
160 24-34 Тортқа арналған
қалыпта
Майсу
қосылған
сүзбелі торт
1 170 2 160 60-80 Тортқа арналған 26 см-
лік қалыпта
Алма торты
(Алма бəліші)
1 170 2 (1
жəне
3)
160 100-120 Сөреге қойылған 20 см-
лік 2 торт қалыбы
Штрудель 2 175 2 150 60-80 Пісіру табағында
Джем
қосылған
пирожныйлар
2 170 2 160 30-40 Тортқа арналған 26 см-
лік қалыпта
Жеміс торты 2 170 2 155 60-70 Тортқа арналған 26 см-
лік қалыпта
Бисквит торт
(майсыз
бисквит торт)
2 170 2 160 35-45 Тортқа арналған 26 см-
лік қалыпта
11
ТАҒАМ ТҮРІ
Дəстүрлі
пісіру
Ауамен желпіп
пісіру
Пісіру
уақыты
[мин]
Ескерімдер
Деңге
й
Темп.
[°C]
Деңге
й
Темп.
[°C]
Рождество
торты/
шырынды
жеміс-жидек
торты
2 170 2 160 50-60 Тортқа арналған 20 см-
лік қалыпта
Қара өрік
торты
2 170 2 160 50-60
Нан қалыбында
1)
Кішкене
кекстер
3 170 3 (1
жəне
3)
160 20-30 Жайпақ пісіру
табағында
Печеньелер 3 150 3 150 20-30 Жайпақ пісіру
табағында
1)
Меренга 3 100 3 100 90-120 Жайпақ пісіру
табағында
Мейізді тоқаш 3 190 3 180 15-20 Жайпақ пісіру
табағында
1)
Кремді
пирожный
3 190 3 180 25-35 Жайпақ пісіру
табағында
1)
Тарталетка 3 180 2 170 45-70 Тортқа арналған 20 см-
лік қалыпта
Виктория
сэндвичі
1 не 2 180 2 170 40-55 20 см-лік торт
қалыбының сол + оң
жағында
1) Алдын ала 10 минут қыздырыңыз.
НАН ЖƏНЕ ПИЦЦА
ТАҒАМ ТҮРІ
Дəстүрлі
пісіру
Ауамен желпіп
пісіру
Пісіру
уақыты
[мин]
Ескерімдер
Деңге
й
Темп.
[°C]
Деңге
й
Темп.
[°C]
Ақ нан 1 190 1 190 60-70 1-2 бөлке, бір бөлкесі
500 г
1)
Қарабидай
наны
1 190 1 180 30-45 Нан пісіретін қалбырда
Булочка 2 190 2 (1
жəне
3)
180 25-40 6-8 тоқаш, жайпақ пісіру
табағында
1)
12
ТАҒАМ ТҮРІ
Дəстүрлі
пісіру
Ауамен желпіп
пісіру
Пісіру
уақыты
[мин]
Ескерімдер
Деңге
й
Темп.
[°C]
Деңге
й
Темп.
[°C]
Пицца 1 190 1 190 20-30 Қуыруға арналған
шұңғыл табада
1)
Шелпек 3 200 2 190 10~20 Жайпақ пісіру
табағында
1)
1) Алдын ала 10 минут қыздырыңыз.
АШЫҚ БƏЛІШ
ТАҒАМ ТҮРІ
Дəстүрлі
пісіру
Ауамен желпіп
пісіру
Пісіру
уақыты
[мин]
Ескерімдер
Деңге
й
Темп.
[°C]
Деңге
й
Темп.
[°C]
Макаронды
ашық бəліш
2 180 2 180 40-50 Қалып қолданылады
Көкөністі
ашық бəліш
2 200 2 175 45-60 Қалып қолданылады
Киш лорен 1 190 1 190 40-50 Қалып қолданылады
Лазанья 2 200 2 200 25-40 Қалып қолданылады
Каннелони 2 200 2 190 25-40 Қалып қолданылады
Йоркшир
пуддингі
2 220 2 210 20-30
6 пуддинг қалыбы
1)
1) Алдын ала 10 минут қыздырыңыз.
ЕТ
ТАҒАМ ТҮРІ
Дəстүрлі
пісіру
Ауамен
желпіп пісіру
Пісіру
уақыты
[мин]
Ескерімдер
Деңге
й
Темп.
[°C]
Деңге
й
Темп.
[°C]
Сиыр еті 2 200 2 190 50-70 Пеш сөресі мен
қуыруға арналған
шұңғыл табада
Шошқа еті 2 180 2 180 90-120 Пеш сөресі мен
қуыруға арналған
шұңғыл табада
Бұзау еті 2 190 2 175 90-120 Пеш сөресі мен
қуыруға арналған
шұңғыл табада
13
ТАҒАМ ТҮРІ
Дəстүрлі
пісіру
Ауамен
желпіп пісіру
Пісіру
уақыты
[мин]
Ескерімдер
Деңге
й
Темп.
[°C]
Деңге
й
Темп.
[°C]
Шала
қуырылған
ағылшын
ростбифі
2 210 2 200 44-50 Пеш сөресі мен
қуыруға арналған
шұңғыл табада
Орташа
қуырылған
ағылшын
ростбифі
2 210 2 200 51-55 Пеш сөресі мен
қуыруға арналған
шұңғыл табада
Жақсы
қуырылған
ағылшын
ростбифі
2 210 2 200 55-60 Пеш сөресі мен
қуыруға арналған
шұңғыл табада
Шошқаның
қол
омыртқасы
2 180 2 170 120-150 Қуыруға арналған
шұңғыл табада
Шошқаның
жіліншігі
2 180 2 160 100-120 2 кесек, қуыруға
арналған шұңғыл
табада
Қой еті 2 190 2 190 110-130 Қол еті
Тауық еті 2 200 2 200 70-85 Тұтас пісірілген,
қуыруға арналған
шұңғыл табада
Күркетауық
еті
1 180 1 160 210-240 Тұтас пісірілген,
қуыруға арналған
шұңғыл табада
Үйрек еті 2 175 2 160 120-150 Тұтас пісірілген,
қуыруға арналған
шұңғыл табада
Қаз еті 1 175 1 160 150-200 Тұтас пісірілген,
қуыруға арналған
шұңғыл табада
Қоян еті 2 190 2 175 60-80 Кесектеп туралған
Қоян еті 2 190 2 175 150-200 Кесектеп туралған
Қырғауыл 2 190 2 175 90-120 Тұтас пісірілген,
қуыруға арналған
шұңғыл табада
14
БАЛЫҚ ЕТІ
ТАҒАМ ТҮРІ
Дəстүрлі
пісіру
Ауамен желпіп
пісіру
Пісіру
уақыты
[мин]
Ескерімдер
Деңге
й
Темп.
[°C]
Деңге
й
Темп.
[°C]
Бақтақ/Теңіз
мөңкесі
2 190 2 (1
жəне
3)
175 40-55 3-4 балық
Тунец/Албырт
балық
2 190 2 (1
жəне
3)
175 35-60 4-6 филе
Грильдеу
Пісіруді бастамай тұрып, бос пешті 10
минут қыздырып алыңыз.
Мөлшері Грильдеу Минутқа шаққандағы
пісіру уақыты
ТАҒАМ ТҮРІ Бөлікт
ер
г
деңгейі
Темпера
тура
(°C)
1-ші жағы 2-ші жағы
Филе стейкі 4 800 3 250 12-15 12-14
Сиыр еті стейкі 4 600 3 250 10-12 6-8
Шұжықтар 8 / 3 250 12-15 10-12
Шошқа етінің
бөлігі
4 600 3 250 12-16 12-14
Тауық еті (2-ге
бөлінген)
2 1000 3 250 30-35 25-30
Кебаб 4 / 3 250 10-15 10-12
Тауықтың кеудесі 4 400 3 250 12-15 12-14
Гамбургер 6 600 3 250 20-30
Балық филесі 4 400 3 250 12-14 10-12
Қызартылған
сендвич
4-6 / 3 250 5-7 /
Тост 4-6 / 3 250 2-4 2-3
Бұрылмалы істік
Пісіруді бастамай тұрып, бос пешті 10
минут қыздырып алыңыз.
15
ТАҒАМ ТҮРІ Мөлшері темп.°C Пісіру уақыты,
минут
Құс еті 1000 2 250 50-60
Қуырма
тағамдар
800 2 250 50-60
Акриламидтер бойынша ақпарат
Өте маңызды! Ең соңғы ғылыми
мəліметтерге сəйкес, тағамды (əсіресе
құрамында крахмал бар) қуырған кезде,
акриламидтер денсаулыққа қатер төндіруі
мүмкін.Сондықтан, біз тағамды ең төмен
температурада пісіруді жəне тым қатты
қуырмауды ұсынамыз.
Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы ақпарат" тарауын қараңыз.
Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш
сұйық қосылған жылы суға батырылған
жұмсақ шүберекпен тазалаңыз.
Құрылғының металл беттерін əдетте
қолданылатын жуғыш заттармен
тазалаңыз
Тұмшапештің ішін əр пайдаланып
болған сайын тазалап отырыңыз.
Осылайша ластықты оңай тазалайсыз,
əрі күйіп кетуіне жол бермейсіз.
Оңай тазаланбайтын қалдықтарды
арнайы пеш тазалағыштармен
тазалаңыз.
Тұмшапештің
керек-жарақтарының
(жуғыш зат қосылған жылы суға
батырылған шүберекпен) бəрін əр
пайдаланып болған сайын тазалаңыз
да, құрғатыңыз.
Тұмшапештің керек-жарағына ластық
тұрмайтын болса, жеміргіш затпен, өткір
қырлы құралмен тазаламаңыз немесе
ыдыс жуғыш машинада жумаңыз. Бұл
оның ластық тұрмайтын қаптамасын
бүлдіреді!
Есіктің тығыздағышын тазалау
Есіктің тығыздағышын уақытылы
тазалаңыз. Есіктің тығыздағышы
тұмшапештің жақтауын айнала
орналасқан. Есіктің тығыздағышына
нұқсан келген жағдайда құрылғыны іске
қоспаңыз. Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Есіктің тығыздағышын тазалау үшін
тазалауға қатысты жалпы ақпаратты
қараңыз.
Сөренің сырғытпа жолдары
Қабырғаларды тазалау үшін сырғытпа
жолдарды алып қоюға болады.
Сырғытпа жолдарды алу
1
Сырғытпа
жолдардың
алдыңғы жағын
қабырғадан тартып
шығарыңыз.
1
2
2
Сөренің
сырғытпа
жолдарын алу үшін
сырғытпа
жолдарды бүйір
қабырғаның артқы
жағынан тартыңыз.
Сырғытпа жолдарды салу
Сырғытпа жолдарды кері реттілікпен
салыңыз.
16
Өте маңызды! Сырғытпа сөрелеріндегі
білікшелер алға қарап тұруға тиіс.
Пештің төбесі
Пештің төбесін оңай тазалау үшін, оның
төбесіндегі қыздырғыш элементті алып
қоюға болады.
Назарыңызда болсын! Қыздырғыш
элементті алардың алдында
құрылғыны өшіріңіз. Құрылғының
суығанына көз жеткізіп алыңыз. Күйіп қалу
қаупі бар!
1
Қыздырғыш
элементті бекітіп
тұрған
бұрандаларды
босатыңыз.
Алдымен бұранда
бұрағышпен
босатып алыңыз.
2
Қыздырғыш
элементті еппен
төмен қарай жиып
қойыңыз.
Пештің төбесі
тазалауға дайын
тұр.
Пештің төбесін жылы сабынды су мен
шүберекті пайдаланып тазалаңыз да,
кепкенше қоя тұрыңыз.
Қыздырғыш элементті орнату
1. Қыздырғыш элементті əрекеттерді
керісінше орындай отырып орнатыңыз.
Назарыңызда болсын! Қыздырғыш
элементтің дұрыс орнатылғанын,
орнынан құлап кетпейтіндігін тексеріңіз.
Тұмшапештің есігін тазалау
Тұмшапештің есігі екі шыны қабаттан
тұрады. Тұмшапештің есігін жəне ішкі
шыны панелін алып тазалауыңызға
болады.
Тұмшапештің есігін орнынан алмай
тұрып, ішкі шыны панельді алғыңыз
келсе, тұмшапештің есігі жабылып қалуы
мүмкін.
1
Есікті толық
ашып, есіктің екі
топсасын ұстап
тұрыңыз.
2
Екі топсадағы
тетіктерді көтеріп,
бұраңыз.
3
Тұмшапештің
есігін бірінші ашу
күйіне (жартылай)
қарай жабыңыз.
Содан кейін алға
қарай тартып, есікті
ұясынан шығарып
алыңыз.
4
Есікті жұмсақ
мата төселген
орнықты жерге
қойыңыз.
5
Ішкі шыны
панельді алу үшін
бекіту жүйесін
босатыңыз.
90°
6
Екі бекіткіш
тетікті 90° градусқа
бұраңыз да, ағытып
алыңыз.
17
1
2
7
Шыны панельді
еппен көтеріп (1-ші
қадам) орнынан (2-
ші қадам) алыңыз.
Шыны панельді сабын сумен жуыңыз.
Шыны панельді жақсылап құрғатыңыз.
Есік пен шыны панельді орнату
Жиегі безендірілген панельді орнатқан
кезде, безендірілген жағы есіктің ішкі
жағына қарап тұрғанына көз жеткізіңіз.
Орнатып болғаннан кейін, шыны панельдің
жақтауының беткі жағы қолмен ұстағанда
бұдыр болмауға тиіс.
Ішкі шыны
панельді орнына дұрыс
қойғаныңызды тексеріңіз (суретке
қараңыз).
Тот баспайтын болаттан не
алюминийден жасалған
құрылғылар:
Пештің есігін тек дымқыл жөкемен ғана
тазалаңыз. Оны жұмсақ шүберекпен
құрғатыңыз.
Темір жүн жөке, қышқыл не тазалағыш
құралдарды ешқашан пайдаланбаңыз,
себебі олар пештің бетін бүлдіреді. Пештің
басқару панелін де осы сақтық шараларын
қолдана отырып тазалаңыз
Тұмшапештің шамы
Назарыңызда болсын! Абай
болыңыз! Электр тоғына түсу қаупі
бар!
Тұмшапештің шамын ауыстырар
алдында:
Тұмшапешті сөндіріңіз.
Сақтандырғыш қорабындағы
сақтандырғыштарды алыңыз немесе
айырып-қосқышты ажыратыңыз.
Тұмшапештің шамы мен шыны
қақпағын қорғау үшін тұмшапештің
табанына шүберек төсеңіз.
1. Шыны қақпақты алу үшін оны сағат
тілінің бағытына қарсы бұраңыз.
2. Шыны қақпақты тазалаңыз.
3. Тұмшапеш шамын 300°C қызуға
төзімді, параметрлері
дəл келетін
тұмшапеш шамымен ауыстырыңыз.
Тұмшапештің шамындай шамды
қолданыңыз.
4. Шыны қақпақты орнатыңыз.
Не істерсіңіз, егер...
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Тұмшапеш қызбай тұр Тұмшапеш тоққа
қосылмаған
Тұмшапешті тоққа қосыңыз
Тұмшапеш қызбай тұр Сағат орнатылмаған Сағатты орнатыңыз
18
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Тұмшапеш қызбай тұр Қажетті параметрлер
орнатылмаған
Параметрлерді
қадағалаңыз
Тұмшапеш қызбай тұр Сақтандырғыш блогындағы
сақтандырғыш босап
кеткен
Сақтандырғышты
тексеріңіз. Сақтандырғыш
бірнеше рет ағытылып
қалса, білікті электрші
маманға хабарласыңыз.
Тұмшапештің шамы жанбай
тұр
Тұмшапештің шамында
ақау бар
Тұмшапештің шамын
ауыстырыңыз
Бу мен конденсат тағамның
үстіне жəне тұмшапештің
ішіне жиналады
Тағам тұмшапеш ішінде
ұзақ уақыт қалып қойған
Тағамды пісіріп болғаннан
кейін тұмшапеш ішінде
15-20 минуттан артық
қалдырмаңыз
Бейнебетте “12.00” жəне
"LED" көрсетіледі
Электр қуатының үзілуі Сағатты қайта қойыңыз
Ақаулықты түзету шешімін өзіңіз таба
алмасаңыз, дилеріңізге не қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Қызмет көрсету орталығына қажетті
ақпарат техникалық ақпарат
тақтайшасында көрсетілген. Техникалық
ақпарат тақтайшасы пеш корпусының
алдыңғы жақтауында орналасқан.
Оларды мына жерге жазып қоюды ұсынамыз:
Үлгі (MOD.) .........................................
Өнім нөмірі (PNC) .........................................
Сериялық нөмірі (S.N.) .........................................
Техникалық сиппатама
Кернеу 230 В
Жиілік 50 Гц
Орнату
Кіріктіру
Назарыңызда болсын! Құрылғыны
тек уəкілетті қызметкер не білікті
маман ғана орнатуға тиіс. Уəкілетті
қызметкерді не білікті маманды
шақырмасаңыз, ақаулық орын алған кезде
құрылғы кепілдігі жарамсыз болып қалады.
Құрылғыны ас үй жиһазына орнатпай
тұрып, оның өлшемдерінің құрылғыға
сай келетінін тексеріңіз.
Орнатқан кезде электр қатерінен
сақтандырғыш құрал бар екеніне көз
жеткізіңіз.
Қолданыстағы ережелерге сəйкес,
электр қатерінен сақтандыратын
19
бөлшектердің барлығын сайманның
көмегінсіз ағытылмайтын етіп бекіту
қажет.
Пештің кейбір бөліктерінде электр
кернеуі болуы мүмкін. Құрылғыны
жиһазға кіргізіп жауып, бос жерлері жоқ
екенін тексеріңіз. Бұл құрылғының
қатерлі бөлшектеріне кездейсоқ қол тиіп
кетіп, электр тоғы соғуына жол бермейді.
Құрылғының арты мен бір бүйірін одан
биігірек құрылғыға не қабырғаға
жапсарлас орнатуға болады. Екінші
жанын керісінше биіктігі бірдей
жиһазға
қатарлас орнату қажет.
Кіріктірілген пештер мен пештің үсті
арнаулы қосылым жүйелерімен
жабдықталған. Қауіпсіздік мақсатында
тек бір өндіруші шығарған
құрылғыларды бірге пайдалану керек.
594
2
20
570
590
540
560
50
580
550 min
560÷570
550 min
593
560-570
80÷100
A
B
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын! Құрылғыны
тек уəкілетті қызметкер не білікті
маман ғана электр желісіне қосуға тиіс.
Бұл сақтық шаралары орындалмаған
жағдайда, өндіруші өз мойнына еш
жауапкершілік алмайды.
Құрылғыны қауіпсіздік ережелеріне сай
жерге қосыңыз.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
атаулы кернеу мен электрмен
жабдықтау түрінің жергілікті кернеу мен
қуатпен жабдықтау мəндеріне сай
келетініне көз жеткізіңіз.
Құрылғы ашасы жоқ
қорек сымымен
бірге жеткізіледі.
Электр компоненттерінің кез келгенін тек
қызмет көрсету орталығының қызметкері
не білікті маман ғана орнатуға не
ауыстыруға тиіс.
Əрқашан дұрыс орнатылған, электр
қатерінен сақтандырылған розетканы
ғана қолданыңыз.
Көп тармақты ашаларды, қосқыштарды
жəне ұзартқыш кабельдерді
қолданбаңыз. Өрт шығу қатері бар.
Құрылғыны орнатып болған соң да қорек
сымының ашасына қол жететіндігін
тексеріңіз.
Құрылғыны сымынан тартып ағытпаңыз
.
Əрқашан сымының ашасынан ұстап
ағытыңыз.
20
/