- Құралды қоспас бұрын, онда көрсетілген кернеудің жергілікті желі кернеуіне сәйкес
келетінін тексеріп алыңыз.
- Штепсельдік ұшы, қуат сымы немесе өзі зақымданған болса, құралды қолданбаңыз.
- Қуат сымы зақымданған болса, қауіпті жағдай орын алмауы үшін, оны тек Philips
компаниясында, Philips мақұлдаған қызмет орталығында немесе білікті мамандар ауыстыруы
керек.
- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны пайдалану
нұсқауларынсыз, физикалық және ойлау қабілеті шектеулі, сезімталдығы төмен, сондай-ақ
білімі мен тәжірибесі аз адамдар (соның ішінде балалар) бұл құрылғыны қолданбауы керек.
- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.
- Шлангты, түтікті немесе басқа жабдықты көзге, құлаққа бағыттамаңыз, сондай-ақ
шаңсорғыш қосулы, ал шланг шаңсорғышқа тағылып тұрғанда, ауызға салмаңыз.
- Сіз шаң сорғышты күлді, ұсақ құмды, әкті, цемент шаңын және осы тәріздес заттарды сору
үшін қолданған кезде, шаңмен шаң дорба тесікшелері бітіп қалады. Осының
нәтижесінде, шаң дорбасы толып кетті деген көрсеткіш шаң дорбасы толды деп ескертеді.
Бір рет ғана қолданылатын шаң дорбасын алмастырыңыз, ал қайта қолданылатын шаң
дорбасын босатыңыз, тіпті ол әлі де болса толы емес болса да («Шаң дорбасын алмастыру/
босату» тармағын қараңыз).
- Моторды қорғайтын сүзгіні орнатпастан, құрылғыны қолданбаңыз. Моторға зақым келуі,
сондай-ақ құрылғының қызмет мерзімі қысқаруы мүмкін.
- Тек қосымша берілген Philips s-bag™ синтетикалық шаң дорбаларын немесе қайта
қолданылатын шаң дорбаларын пайдаланыңыз (тек кейбір елдерде).
- Мөлдір шыны көрсеткіш панелі қайта өңделген поликарбонаттан жасалған (>PC<).
- Шаңсорғышпен тазалау барысында, әсіресе ауа ылғалдығы төмен бөлмеде, шаңсорғышта
статикалық ток жиналады. Осыған байланысты түтікті немесе шаңсорғыштың басқа темір
жерін ұстағанда, ток соғуы мүмкін. Бұндай токтың соғуы зиянды емес және құралды
зақымдамайды. Бұл қолайсыздықты жою үшін, мына әрекеттерді орындаған жөн:
1 түтікті бөлмедегі басқа темір заттарға жиі тигізіп, зарядсыздандыру (мысалы, үстелдің,
орындықтың аяқтарына, радиаторға т.б.); (Cурет 2)
2 бөлмеге су қойып, ауа ылғалдылығын арттыру. Мысалы, радиатордан алынған суды
ыдыстарға құйып, бөлмеге қоюға немесе тостағандарға су құйып, радиатордың үстіне
немесе жанына қоюға болады (Cурет 3).
- Шу деңгейі: Lc = 77 дБ(А)
Осы Philips құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық стандарттарға сәйкес
келеді. Осы пайдаланушы нұсқаулығы бойынша дұрыс қолданылса, бүгінгі таңдағы ғылыми
дәлелдерге сәйкес, құрал пайдалану үшін қауіпсіз болып табылады.
1
2
50