Zanussi ZOB21301LR Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя

Это руководство также подходит для

GETTING
STARTED?
EASY.
User Manual
ZOB21301CR
ZOB21301LR
KK Қолдану туралы нұсқаулары 2
Тұмшапеш
RU Инструкция по эксплуатации 21
Духовой шкаф
ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Дұрыс
орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде орын алған
жарақат немесе зақымдарға өндіруші жауапты емес.
Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру үшін әрқашан қауіпсіз
және қол жетімді жерде сақтаңыз.
БАЛАЛАР МЕН ДӘРМЕНСІЗ АДАМДАРДЫҢ
ҚАУІПСІЗДІГІ
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен денесіне,
сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым келген не тәжірибесі
аз адамдар өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін
адамның қадағалауы не құрылғыны қауіпсіз қолдану
бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау
салдарын түсінсе, онда қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Барлық орам материалдарын балалардан алыс ұстап,
қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып тұрғанда,
балалар мен үй жануарларын оған жақындатпаңыз. Қол
жететін бөлшектері ыстық.
Құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен жабдықталса,
оны қосу керек.
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау жұмыстарын
бақылаусыз орындамауы керек.
3 жастағы және бұл жасқа толмаған балаларды жұмыс
істеп тұрған құрылғыдан әрқашан алыс ұстау керек.
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
Білікті маман ғана осы құрылғыны орнатып, сымын
ауыстыруға тиіс.
ЕСКЕРТУ: Құрылғы мен оның қол жететін жердегі
бөлшектері қолдану барысында ысып тұрады.
Қыздырғыш элементтерге тиіп кетпеу үшін абайлау
2
керек. 8 жасқа толмаған балаларды үнемі бақылап
отырмаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
Керек-жарақтарды немесе ыдыстарды алып-салған кезде
үнемі қолғап киіңіз.
Күтім көрсетер алдында электр желісінен ажыратыңыз.
Электр қатеріне ұшырамау үшін шамды ауыстырар
алдында құрылғыны сөндіріп қойыңыз.
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды
немесе өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз, себебі
сызат түсіп, шыны шытынап кетуі мүмкін.
Қуат cымына зақым келсе, электр қатерінен сақтандыру
үшін оны өндіруші немесе оның уәкілетті қызмет көрсету
орталығы немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға
тиіс.
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
ОРНАТУ
ЕСКЕРТУ! Бұл құрылғыны тек
білікті маман ғана орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге жеткізілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғы ауыр болғандықтан, орнынан
жылжытқан кезде әрқашан абай болыңыз.
Әрқашан қауіпсіздік қолғабы мен бітеу аяқ
киім киіңіз.
Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың,
заттардың арасындағы минимум
қашықтықты сақтаңыз.
Құрылғының үсті мен жан-жағын қоршаған
конструкциялардың қауіпсіз болуын
қамтамасыз етіңіз.
Құрылғының жан-жағын биіктігі осы
құрылғының биіктігімен бірдей
құрылғылармен жанастырып қою керек.
Құрылғы электрлі салқындату жүйесімен
жабдықталған. Ол электр қуатымен жұмыс
істеуге тиіс.
ЭЛЕКТРТОҒЫНА ҚОСУ
ЕСКЕРТУ! Өрт шығу және электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
Электртоғына қосу жұмыстарын білікті
электрші ғана іске асыруға тиіс.
Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау
қажет.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз.
Сай келмесе, электршіге хабарласыңыз.
Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден
сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына және сымына зақым
келтірмеңіз. Қорек сымын ауыстыру қажет
болса, оны міндетті түрде қызмет көрсету
орталығы жүзеге асыруға тиіс.
Электр сымдарына қол тигізуге немесе
құрылғының есігіне жақындауға, әсіресе
ыстық тұрған есікке жақындауға болмайды.
Тоққа қосулы тұрған және оқшаулағышы
бар бөлшектердің электр қатерінен
сақтандырғышын, саймансыз алынбайтын
етіп бекітіп қою керек.
3
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана
жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін
ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Егер розетка босап тұрса, оған ашаны
сұқпаңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан
тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып
суырыңыз.
Дұрыс оқшаулағыш құралдарды ғана
қолданыңыз. желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан
қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.
Электр жүйесі құрылғыны кез келген
полюсте ажыратуға мүмкіндік беретін
оқшаулағыш құралмен жабықталуға тиіс.
Оқшаулағыш құралдың контакт ара
қашықтығы кем дегенде 3 мм болуға тиіс.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай
келеді.
ПАЙДАЛАНУ
ЕСКЕРТУ! Жарақат алу, күйіп қалу
және электр қатеріне ұшырау не
жарылыс шығу қаупі бар.
Бұл үйде ғана қолдануға арналған құрылғы.
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны назардан
тыс қалдырмаңыз.
Құрылғыны пайдаланып болған сайын
тоқтан ажыратыңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін
ашқан кезде абай болыңыз. Ыстық ауа
шығуы мүмкін.
Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз немесе
суға тиіп тұрған құрылғыны
пайдаланбаңыз.
Ашық тұрған құрылғы есігіне күш салмаңыз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
Құрылғының есігін абайлап ашыңыз.
Алкоголь қосылған қоспаларды
қолданғанда, ауа мен алкоголь қоспасы
пайда болуы мүмкін.
Есікті ашқан кезде құрылғыға от жарқылын
немесе ашық отты жақындатпаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш
зат салынған дымқыл заттарды
құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне
қоймаңыз.
ЕСКЕРТУ! Құрылғыны бүлдіріп
алуыңыз мүмкін.
Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп
немесе өңі кетпес үшін:
пештің ыдыстарын немесе басқа
заттарды құрылғының табанына тура
қоймаңыз.
алюминий жұқалтырды құрылғының
табанына тура қоймаңыз.
суды ыстық құрылғыға тура қоймаңыз.
тамақ пісіріп болғаннан кейін дымқыл
ыдыс пен тағамды құрылғының ішінде
ұстамаңыз.
керек-жарақтарды алғанда немесе
орнатқанда абай болыңыз.
Құрылғының эмаль қаптамасының түсінің
өзгеруі құрылғы жұмысына әсер етпейді.
Сұйық қоспадан жасалатын тортты пісіру
үшін шұңғыл табаны қолданыңыз. Жеміс
шырындарынан кетпейтін дақ қалуы
мүмкін.
Бұл тек тағам пісіруге арналған құрылғы.
Басқа мақсатта, мысалы бөлмені қыздыру
үшін қолдануға болмайды.
Тағамды әрқашан тұмшапештің есігін
жауып пісіріңіз.
Егер құрылғы жиһаз панелінің (мысалы,
есіктің) артына орналастырылса, онда
құрылғы жұмыс істеп тұрғанда есіктің
ешқашан жабылмайтынына көз жеткізіңіз.
Жиһаздың жабық панеліне жиналған жылу
мен ылғал келешекте құрылғының,
қаптаманың немесе еденнің бүлінуіне
әкелуі мүмкін. Құрылғыны қолданғаннан
кейін толық суығанша жиһаздың панелін
жаппаңыз.
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
ЕСКЕРТУ! Жарақат алу, өрт қаупі
немесе құрылғыны бүлдіріп алу
қаупі бар.
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын розеткадан
суырыңыз.
Құрылғының салқын тұрғанына көз
жеткізіңіз. Шыны панелі сынып қалуы
мүмкін.
Есіктің шыныларына зақым келсе дереу
ауыстырыңыз. Уәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
Құрылғының қаптамасының сапасы түспес
үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
4
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш
заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкелерді, еріткіштерді немесе
металл заттарды пайдаланбаңыз.
Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз, оның
орамында көрсетілген сақтық шараларын
орындаңыз.
Каталитті эмаль қаптаманы (егер бар
болса) ешбір жуғыш затпен тазаламаңыз.
ІШКІ ЖАРЫҚ ШАМЫ
Осы құрылғыда тек тұрмыстық
құрылғыларға ғана арналған жарықтама
шам немесе галоген шамы қолданылған.
Оны бөлмені жарықтандыру үшін
қолданбаңыз.
ЕСКЕРТУ! Электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Шамды ауыстырар алдында құрылғыны
тоқтан ажыратыңыз.
Техникалық параметрлері сай келетін
шамдарды ғана қолданыңыз.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАСТАУ
ЕСКЕРТУ! Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
Құрылғыға жақын орналасқан электр
сымын кесіп, қоқысқа тастаңыз.
Балалар немесе үй жануарлары барабанға
қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін
алыңыз.
СЕРВИС
Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Тек ғана фирмалық қосалқы бөлшектерді
қолданыңыз.
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
ЖАЛПЫ КӨРІНІСІ
5
4
3
2
1
321 64 5
8
7
9
10
11
1
Басқару панелі
2
Қуат шамы/белгішесі
3
Тұмшапеш функцияларының тетігі
4
Таймер тетігі
5
Температура тетігі
6
Температура индикаторы / белгісі
7
Қыздырғыш элемент
8
Жарықтандырғыш шам
9
Желдеткіш
10
Сумен тазалауға арналған сауыт
11
Сөре деңгейлері
КЕРЕК-ЖАРАҚТАРЫ
Торкөз сөре
Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам қуыруға
арналған.
Алюминий пісірме табақ
Торттар мен печеньелерге арналған.
БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
ЕСКЕРТУ! Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
АЛҒАШҚЫ ТАЗАЛАУ
Құрылғы ішіндегі керек-жарақтардың
барлығын алыңыз.
5
"Күту менен тазалау" тарауын
қараңыз.
Құрылғыны және керек-жарақтарды алғаш рет
пайдаланар алдында тазалаңыз.
Керек-жарақтарды өз орындарына қойыңыз.
АЛДЫН АЛА ҚЫЗДЫРУ
Қалған майды күйдіріп жіберу үшін бос
құрылғыны алдын ала қыздырыңыз.
1. функциясы мен ең үлкен
температураны орнатыңыз.
2. Құрылғыны 1 сағат қосып қойыңыз.
3.
түймесін басып, ең үлкен
температураны орнатыңыз.
4. Құрылғыны 15 минут қосып қойыңыз.
Керек-жарақтар бұрыңғыдан да ыстық болып
кетеді. Құрылғыдан иіс және түтін шығады.
Бұл қалыпты жағдай. Бөлме ішіндегі ауаның
жеткілікті түрде ауысып тұрғанына көз
жеткізіңіз.
ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
ЕСКЕРТУ! Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ІСКЕ ҚОСУ ЖӘНЕ СӨНДІРУ
Құрылғыда шамдардың, қосқыш
белгілерінің немесе
индикаторлардың бар не жоқ
болуы құрылғының үлгісіне
байланысты:
Құрылғы іске қосылғанда шам
жанады.
Белгіше арқылы тетіктің
тұмшапеш функцияларын
немесе температураны
басқаратыны көрсетіледі.
Тұмшапеш қызғанда индикатор
жанады.
1. Тұмшапеш функциясын таңдау үшін
тұмшапеш функцияларының тетігін
бұраңыз.
2. Температураны таңдау үшін температура
тетігін бұраңыз.
3. Құрылғыны сөндіру үшін, тұмшапеш
функциялары мен температура тетіктерін
"сөндіру" қалпына қойыңыз.
ТҰМШАПЕШ ФУНКЦИЯЛАРЫ
Тұмшапеш функциясы Қолдану
Сөндіру қалпы Құрылғы сөндірулі.
Шам Шамды пісіру функциясынсыз жарықтандыруға
арналған.
Үстіңгі /
Астыңғы қызу/
Сумен тазалау
Тұмшапештің бір сөресінде пісіру мен қуыруға
арналған.
Сумен тазалау функциясына қатысты толық ақпаратты
"Күту менен тазалау" тарауынан қараңыз.
6
Тұмшапеш функциясы Қолдану
Желдеткішпен
пісіру
Пісіру температуралары бірдей тағамды бір емес,
бірнеше сөреге қойып, иістерін сіңірмей қуыруға немесе
қуырып-пісіруге арналған.
Гриль жасау Тост және жалпақ тағамдарды грильмен дайындау
үшін.
САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ
МИНУТ ОПЕРАТОРЫ
Тұмшапеш функциясының кері санақ уақытын
орнату үшін пайдаланыңыз.
Бұл функция құрылғының
жұмысына әсер етпейді.
1. Тұмшапештің функциясы мен
температурасын орнатыңыз.
2. Таймердің тетігін шегіне дейін бұраңыз да,
содан кейін қажетті уақытқа бұраңыз.
Уақыт аяқталған кезде дыбыстық сигнал
естіледі.
КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ
ЕСКЕРТУ! Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ САЛУ
Торкөз сөре:
Сөре сырғытпасының бағыттағыштарының
арасына салып итеріп, тіректерінің төмен
қарап тұрғанына көз жеткізіңіз.
Пісірме табақ:
Пісірме табақты сөре сырғытпасының
бағыттағыштарының арасына салып итеріңіз.
ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР
ЖЕЛДЕТКІШ
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде,
құрылғының беттерін салқын ұстау үшін
желдеткіш автоматты түрде қосылады.
Құрылғыны сөндірсеңіз, желдеткіш құрылғы
салқындағанша жұмыс істеп тұра береді.
ҚАУІПСІЗДІК ТЕРМОСТАТЫ
Құрылғы дұрыс жұмыс істемесе немесе
бөлшектерінде ақау бар болса, қатты қызып
кету қаупі бар. Бұндай жағдайдың алдын алу
үшін тұмшапеш тоқты кідіртуге арналған
термостатпен жабдықталған. Температура
төмендеген кезде тұмшапеш қайта автоматты
түрде қосылады.
7
АҚЫЛ-КЕҢЕС
ЕСКЕРТУ! Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
Кестелердегі температура мен
пісіру уақыттары тек нұсқау
ретінде беріледі. Олар рецептерге,
олардың құрамының сапасы мен
мөлшеріне байланысты болады.
ЖАЛПЫЛАМА АҚПАРАТ
Құрылғының сөре қоюға арналған бес
деңгейі бар. Сөренің деңгейлерін
құрылғының астыңғы жағынан бастап
санаңыз.
Құрылғы ауа айналдыратын және буды
үздіксіз қайта айналдырып отыратын
арнайы жүйемен жабдықталған. Бұл
жүйенің көмегімен тағамды булы ортада,
ішін жұмсақ, сыртын кітірлек етіп пісіруге
болады. Бұл пісіру уақыты мен
пайдаланылатын қуат мөлшерін барынша
азайтады.
Құрылғының ішіне немесе есігінің шыны
панельдеріне бу тұруы мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай. Тағам пісіріп жатқанда
құрылғының есігін ашу қажет болса,
әрқашан артқа шегініңіз. Буды азайту үшін
құрылғыны тағам пісіру алдында 10 минут
қыздырыңыз.
Құрылғыны пайдаланып болған сайын
ылғалды жерлерін тазалаңыз.
Заттарды құрылғының табанына тура
қоймаңыз және тағам пісіріп жатқан кезде
құрылғының ешбір бөлшектерін алюминий
жұқалтырмен жаппаңыз. Себебі пісіру
нәтижесіне әсер етіп, пештің эмаль
қаптамасын бүлдіруі мүмкін.
ТОРТ ПІСІРУ
Тұмшапештің есігін орнатылған пісіру
уақытының 3/4 мөлшері өткенше ашпаңыз.
Егер бір уақытта екі пісіру сөресін
пайдалансаңыз, олардың арасына бір
ашық қатар қалдырыңыз.
ЕТ ПЕН БАЛЫҚ ПІСІРУ
Тұмшапешке мүлдем тазаланбайтын дақ
түспес үшін, өте майлы тағамды пісіргенде
шұңғыл табақты пайдаланыңыз.
Етті кесердің алдында сөлі ағып кетпес
үшін шамамен 15 минут қоя тұрыңыз.
Тағам қуырған кезде тұмшапештің іші қатты
түтіндеп кетпес үшін шұңғыл табаққа
шамалы су құйыңыз. Түтін жиналып қалмас
үшін су таусылған сайын үстемелеп құйып
отырыңыз.
ПІСІРУ УАҚЫТТАРЫ
Пісіру уақыттары тағамның түріне, құрамына
және мөлшеріне байланысты.
Бастапқыда тағам пісірген кезде пісіру үрдісін
бақылап отырыңыз. Осы құрылғыны
пайдаланған кезде қолданылатын ыдыстарға,
рецептілерге және тағамның мөлшеріне сай
келетін параметрлерді (қызу параметрі, пісіру
уақыты т.с.с.) анықтап алыңыз.
ПІСІРУ ЖӘНЕ ҚУЫРУ КЕСТЕСІ
Торттар
Тағам
Үстіңгі/Астыңғы қызу Желдеткішпен пісіру
Уақыт (мин.) Түсіндірме
Температура
(°C)
Сөренің
орналасуы
Температура
(°C)
Сөренің
орналасуы
Көпіршіті
лген
тағам
рецептіле
рі
170 2 160 3 45 - 60 Тортқа
арналған
қалыпта
8
Тағам
Үстіңгі/Астыңғы қызу Желдеткішпен пісіру
Уақыт (мин.) Түсіндірме
Температура
(°C)
Сөренің
орналасуы
Температура
(°C)
Сөренің
орналасуы
Ашыған
қамыр
170 2 160 3 20 - 30 Тортқа
арналған
қалыпта
Сарысу
қосылған
чизкейк
170 1 160 1 70 - 80 Торкөз
сөреге
қойылған
26 см
торт
қалыбы
Алма
торты
(Алма
бәліші)
1)
170 2 160 2 (сол
және оң)
80 - 100 Тор
сөреге
қойылған
екі 20 см
торт
қалыбын
да
Штрудель 175 3 150 2 60 - 80 Пісірме
табақта
Джем
тарталетк
асы
170 2 165 2 (сол
және оң)
30 - 40 26 см
торт
қалыбын
да
Бисквит
торт
170 2 160 2 50 - 60 26 см
торт
қалыбын
да
Кристмас
торты /
Көп жеміс
қосылған
торт
1)
160 2 150 2 90 - 120 20 см
торт
қалыбын
да
Қара өрік
торты
1)
175 1 160 2 50 - 60 Нан
қалыбын
да
Кішкене
кекстер -
бір
деңгейде
170 3 140 - 150 3 20 - 30 Пісірме
табақта
9
Тағам
Үстіңгі/Астыңғы қызу Желдеткішпен пісіру
Уақыт (мин.) Түсіндірме
Температура
(°C)
Сөренің
орналасуы
Температура
(°C)
Сөренің
орналасуы
Кішкене
кекстер -
екі
деңгейде
- - 140 - 150 2 және 4 25 - 35 Пісірме
табақта
Печенье /
тәтті
таспалар
- бір
деңгейде
140 3 140 - 150 3 30 - 35 Пісірме
табақта
Печенье /
тәтті
таспалар
- екі
деңгейде
- - 140 - 150 2 және 4 35 - 40 Пісірме
табақта
Меренга 120 3 120 3 80 - 100 Пісірме
табақта
Тоқашта
р
1)
190 3 180 3 15 - 20 Пісірме
табақта
Эклер 190 3 170 3 25 - 35 Пісірме
табақта
Тарталет
ка
180 2 170 2 45 - 70 20 см
торт
қалыбын
да
Көп жеміс
қосылған
торт
160 1 150 2 110 - 120 24 см
торт
қалыбын
да
Виктория
сэндвичі
1)
170 1 160 1 50 - 60 20 см
торт
қалыбын
да
1) Тұмшапешті алдын ала 10 минут қыздырыңыз.
10
Нан және пицца
Тағам
Үстіңгі/Астыңғы қызу Желдеткішпен пісіру
Уақыт (мин.) Түсіндірме
Температура
(°C)
Сөренің
орналасуы
Температура
(°C)
Сөренің
орналасуы
Ақ нан
1)
190 1 190 1 60 - 70 1 - 2
бөлке,
біреуі 500
г
Қарабида
й наны
190 1 180 1 30 - 45 Нан
қалыбын
да
Пицца
1)
230 - 250 1 230 - 250 1 10 - 20 Пісірме
табақта
немесе
шұңғыл
табақта
Шелпек
1)
200 3 190 3 10 - 20 Пісірме
табақта
1) Тұмшапешті алдын ала 10 минут қыздырыңыз.
Ашық бәліштер
Тағам
Үстіңгі/Астыңғы қызу Желдеткішпен пісіру
Уақыт (мин.) Түсіндірме
Температура
(°C)
Сөренің
орналасуы
Температура
(°C)
Сөренің
орналасуы
Паста
фланы
200 2 180 2 40 - 50 Қалып
Көкөніс
фланы
200 2 175 2 45 - 60 Қалып
Киш
1)
180 1 180 1 50 - 60 Қалып
Лазанья
1)
180 - 190 2 180 - 190 2 25 - 40 Қалып
Каннелон
и
1)
180 - 190 2 180 - 190 2 25 - 40 Қалып
1) Тұмшапешті алдын ала 10 минут қыздырыңыз.
11
Ет
Тағам
Үстіңгі/Астыңғы қызу Желдеткішпен пісіру
Уақыт (мин.) Түсіндірме
Температура
(°C)
Сөренің
орналасуы
Температура
(°C)
Сөренің
орналасуы
Сиыр еті 200 2 190 2 50 - 70 Торкөз
сөреде
Шошқа
еті
180 2 180 2 90 - 120 Торкөз
сөреде
Бұзау еті 190 2 175 2 90 - 120 Торкөз
сөреде
Шала
қуырылға
н
ағылшын
ростбифі
210 2 200 2 50 - 60 Торкөз
сөреде
Орташа
қуырылға
н
ағылшын
ростбифі
210 2 200 2 60 - 70 Торкөз
сөреде
Жақсы
қуырылға
н
ағылшын
ростбифі
210 2 200 2 70 - 75 Торкөз
сөреде
Шошқаны
ң қол
омыртқас
ы
180 2 170 2 120 - 150 Терісі
алынбаға
н
Шошқаны
ң
жіліншігі
180 2 160 2 100 - 120 Екі кесек
Қой еті 190 2 175 2 110 - 130 Сирақ
Тауық еті 220 2 200 2 70 - 85 Тұтас
Күркетау
ық еті
180 2 160 2 210 - 240 Тұтас
Үйрек еті 175 2 220 2 120 - 150 Тұтас
Қаз еті 175 2 160 1 150 - 200 Тұтас
Үй
қоянының
еті
190 2 175 2 60 - 80 Кесектеп
туралған
12
Тағам
Үстіңгі/Астыңғы қызу Желдеткішпен пісіру
Уақыт (мин.) Түсіндірме
Температура
(°C)
Сөренің
орналасуы
Температура
(°C)
Сөренің
орналасуы
Қоян еті 190 2 175 2 150 - 200 Кесектеп
туралған
Қырғауыл 190 2 175 2 90 - 120 Тұтас
Балық
Тағам
Үстіңгі/Астыңғы қызу Желдеткішпен пісіру
Уақыт (мин.) Түсіндірме
Температура
(°C)
Сөренің
орналасуы
Температура
(°C)
Сөренің
орналасуы
Бақтақ /
Теңіз
мөңкесі
190 2 175 2 40 - 55 3 - 4
балық
Тунец/
Албырт
балық
190 2 175 2 35 - 60 4 - 6
филе
ГРИЛЬ ЖАСАУ
Бос тұмшапешті тағам пісірер
алдында 3 минут алдын ала
қыздырыңыз.
Тағам
Мөлшері
Температура
(°C)
Уақыт (мин.)
Сөренің
орналасуы
Саны (г) 1-ші жағы 2-ші жағы
Қоң ет
стейктері
4 800 макс. 12 - 15 12 - 14 4
Сиыр
етінің
стейктері
4 600 макс. 10 - 12 6 - 8 4
Шұжықта
р
8 - макс. 12 - 15 10 - 12 4
Туралған
шошқа еті
4 600 макс. 12 - 16 12 - 14 4
13
Тағам
Мөлшері
Температура
(°C)
Уақыт (мин.)
Сөренің
орналасуы
Саны (г) 1-ші жағы 2-ші жағы
Тауық (2-
ге
бөлінген)
2 1000 макс. 30 - 35 25 - 30 4
Кәуап 4 - макс. 10 - 15 10 - 12 4
Тауықтың
төс еті
4 400 макс. 12 - 15 12 - 14 4
Гамбурге
р
6 600 макс. 20 - 30 - 4
Балықтың
қоң еті
4 400 макс. 12 - 14 10 - 12 4
Тост
сэндвичт
ері
4 - 6 - макс. 5 - 7 - 4
Қыздыры
лған нан
4 - 6 - макс. 2 - 4 2 - 3 4
КЕПТІРУ - ЖЕЛДЕТКІШПЕН ПІСІРУ
Табақтарды май өткізбейтін немесе пісіруге
арналған қағазға салыңыз.
Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін кептіру
уақытының жартысы өткен кезде
тұмшапешті тоқтатып, есікті ашып, кептіруді
аяқтау үшін бір түн ашық қалдырыңыз.
Көкөністер
Тағам Температура (°C) Уақыт (сағ)
Сөренің орналасуы
1-ші деңгей 2-ші деңгей
Бұршақ 60 - 70 6 - 8 3 1 / 4
Бұрыш 60 - 70 5 - 6 3 1 / 4
Тұздықталатын
көкөніс
60 - 70 5 - 6 3 1 / 4
Саңырауқұлақ 50 - 60 6 - 8 3 1 / 4
Шөптер 40 - 50 2 - 3 3 1 / 4
14
Жеміс-жидек
Тағам Температура (°C) Уақыт (сағ)
Сөренің орналасуы
1-ші деңгей 2-ші деңгей
Қара өрік 60 - 70 8 - 10 3 1 / 4
Сары өрік 60 - 70 8 - 10 3 1 / 4
Алма тілімдері 60 - 70 6 - 8 3 1 / 4
Алмұрт 60 - 70 6 - 9 3 1 / 4
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
ЕСКЕРТУ! Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
ТАЗАЛАУҒА ҚАТЫСТЫ ЕСКЕРІМ
Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш зат
қосылған жылы суға батырылған жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз.
Металл беттерін тазалау үшін арнайы
жуғыш затты пайдаланыңыз.
Құрылғының ішкі жағын пайдаланып болған
сайын тазалап отырыңыз. Май жиналғанда
немесе басқа тағам қалдығы жиналса, өрт
шығуы мүмкін.
Оңай тазаланбайтын қалдықтарды арнайы
пеш тазалағыштармен тазалаңыз.
Керек-жарақтарды әр қолданып болған
сайын тазалап, құрғатып отырыңыз.
Шүберекті, жылы су мен жуғыш затты
пайдаланыңыз.
Тұмшапештің керек-жарағына ластық
тұрмайтын болса, жеміргіш затпен, өткір
қырлы құралмен тазаламаңыз немесе
ыдыс жуғыш машинада жумаңыз. Зат
жабыспайтын қаптаманы бүлдіруі мүмкін.
ТОТ БАСПАЙТЫН БОЛАТТАН НЕ
АЛЮМИНИЙДЕН ЖАСАЛҒАН ҚҰРЫЛҒЫЛАР
Тұмшапештің есігін дымқыл
шүберекпен немесе жөкемен ғана
тазалаңыз. Жұмсақ шүберекпен
құрғатыңыз.
Темір жүн, қышқыл немесе түрпілі
материалдарды қолданбаңыз,
себебі бұндай заттар тұмшапештің
бетіне нұқсан келтіруі мүмкін.
Тұмшапештің басқару панелін де
осындай сақтық шараларды
орындап тазалаңыз.
ЕСІКТІҢ ТЫҒЫЗДАҒЫШЫН ТАЗАЛАУ
Есіктің тығыздағышын уақытылы тексеріңіз.
Есіктің тығыздағышы тұмшапеш
жақтауының айналасында орналасқан.
Есіктің тығыздағышына нұқсан келсе,
құрылғыны пайдаланбаңыз. Уәкілетті
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Есіктің тығыздағышын тазалау үшін
тазалауға қатысты жапы ақпаратты
қараңыз.
СУМЕН ТАЗАЛАУ
Сумен тазалау функциясы тағамның
қалдықтары мен қалдық майларды
тұмшапештен бумен тазалайды.
1. Тұмшапештің астыңғы жағындағы сумен
тазалауға арналған сауытқа 300 мл
құйыңыз.
2. функциясын орнатыңыз.
3. 90 °C градус температураны орнатыңыз.
4. Құрылғыны 30 минут қосып қойыңыз.
5. Құрылғыны сөндіріп, суығанша қойыңыз.
15
6. Құрылғы суыған кезде, тұмшапештің ішін
жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
ЕСКЕРТУ! Құрылғыны ұстамай
тұрып, оның суығанына көз
жеткізіңіз. Күйіп қалу қатері
бар.
ТҰМШАПЕШТІҢ ЕСІГІН ТАЗАЛАУ
Тұмшапештің есігі екі шыны панельден
тұрады. Тұмшапештің есігі мен ішкі шыны
панелін алып тазалауға болады.
Ішкі шыны панельді тұмшапештің
есігін алмай тұрып алғыңыз келсе,
тұмшапештің есігі жабылып қалуы
мүмкін.
АБАЙЛАҢЫЗ Құрылғыны ішкі
шыны панельсіз пайдаланбаңыз.
1 2 3
Есікті шегіне дейін ашып, есіктің екі топсасын ұстаңыз.1
Қос топсадағы тетіктерді көтеріңіз де бұраңыз.2
Тұмшапештің есігін бірінші ашу күйіне жартылай жабыңыз. Есікті алға қарай тартыңыз да,
ұясынан шығарып алыңыз.
3
Есікті жұмсақ мата төселген орнықты жерге қойыңыз.4
2
B
1
Есік жақтаушасының (B) жоғарғы жағын қос
қолмен екі жағынан ұстаңыз да, ысырманы
босату үшін ішке қарай басыңыз. Есікті босату
үшін оның жақтаушасын алға қарай тартыңыз.
Есіктің шыны панелін үстіңгі шетінен ұстап
тұрып, абайлап тартып шығарыңыз. Шынының
тіректерден толығымен босап шыққанына көз
жеткізіңіз.
Шыны панельді сабын сумен жуыңыз. Шыны
панельді жақсылап құрғатыңыз.
Тазалап болғаннан кейін шыны панельді және
тұмшапештің есігін орнатыңыз. Жоғарыдағы
қадамдарды кері ретпен орындаңыз.
Панельдің бедері бар жағы есіктің ішкі жағына
қарап тұруға тиіс. Орнатып болғаннан кейін
шыны панельдің безендірілген жағын ұстап
16
көрген кезде қолға оның бұдыры сезілмеуге
тиіс.
Ішкі шыны панельді ұяларына дұрыс
қойғаныңызды тексеріңіз.
A
ШАМДЫ АУЫСТЫРУ
Құрылғының ішкі табанына шүберек төсеңіз.
Бұл шамның шыны қақпағы мен құрылғының
ішіне нұқсан келмес үшін қажет.
ЕСКЕРТУ! Электр қатеріне
ұшырау қаупі бар!
Сақтандырғышты шамды
ауыстыру алдында ағытыңыз.
Шам және шамның қақпағы ыстық
болуы мүмкін.
АБАЙЛАҢЫЗ Шамға майдың
қалдығы жұғып күймес үшін,
галоген шамды үнемі шүберекпен
ұстаңыз.
1. Құрылғыны сөндіріңіз.
2. Сақтандырғыш қорабындағы
сақтандырғыштарды алыңыз немесе
айырып-қоқышты ажыратыңыз.
Артқы шам
1. Шамның қақпағын алу үшін сағат тілінің
бағытына қарсы бұраңыз.
2. Шыны қақпақты тазалаңыз.
3. Шамды қызуға төзімділігі 300 °C шамға
ауыстырыңыз.
4. Шыны қақпақты орнатыңыз.
АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
ЕСКЕРТУ! Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Тұмшапеш қызбайды. Тұмшапеш сөндірулі. Тұмшапешті іске қосыңыз.
Тұмшапеш қызбайды. Сақтандырғыш жанып
кеткен.
Ақаулыққа
сақтандырғыштың себеп
болғанына көз жеткізіңіз.
Сақтандырғыш қайта-қайта
жанып кетсе, білікті
электршіге хабарласыңыз.
Шам жанбайды. Шамда ақаулық бар. Шамды ауыстырыңыз.
Бу мен конденсат тағамның
үстіне және тұмшапештің
корпусына жиналады.
Тұмшапештің ішіне тағам
ұзақ уақытқа қойылған.
Тағамды пісіргеннен кейін
тұмшапеш ішінде 15 - 20
минуттан артық
қалдырмаңыз.
17
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ДЕРЕГІ
Ақаулықты түзету шешімін өзіңіз таба
алмасаңыз, дилеріңізге не уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Қызмет көрсету орталығына қажетті ақпарат
техникалық ақпарат тақтайшасында
көрсетілген. Техникалық ақпарат тақтайшасы
құрылғы корпусының алдыңғы жақтауында
орналасқан. Құрылғының ішіндегі техникалық
ақпарат тақтайшасын алмаңыз.
Оларды мына жерге жазып қоюды ұсынамыз:
Үлгі (MOD.) .........................................
Өнім нөмірі (PNC) .........................................
Сериялық нөмірі (S.N.) .........................................
ОРНАТУ
ЕСКЕРТУ! Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
КІРІКТІРІП ОРНАТУ
3
6
589
594
114
16
21
548
573
min. 550
20
6
600
558
min. 560
min. 550
20
589
594
114
16
21
548
573
580
min. 560
558
9
18
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ШКАФ ІШІНЕ ОРНАТУ
A
B
ЭЛЕКТРТОҒЫНА ҚОСУ
«Қауіпсіздік ақпараты»
тарауындағы сақтық шаралары
орындалмаса, өндіруші
жауапкершілік көтермейді.
Бұл құрылғы негізгі қуат сымымен ғана
жабдықталған.
СЫМ
Орнатуға немесе ауыстырғанда пайдалануға
болатын сымдардың түрлері:
H07 RN-F, H05 RN-F, H05 RRF, H05 VV-F, H05
V2V2-F (T90), H05 BB-F
Сымды техникалық ақпарат тақтайшасындағы
жалпы қуат мәніне қарап таңдаңыз. Кестеге
назар аударуыңызға болады:
Жалпы қуат (Вт)
Сымның көлденең
қимасы (мм²)
ең көбі 1380 3 x 0.75
ең көбі 2300 3 x 1
ең көбі 3680 3 x 1.5
Пештің жерге тұйықталатын сымы (жасыл /
сары сым) фаза және бейтарап сымдарға (көк
және қоңыр сымдар) қарағанда 2 см ұзынырақ
болуға тиіс.
ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕК
ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕК
Кернеу 230 В
Жиілік 50 / 60 Гц
ҚУАТ ТИІМДІЛІГІ
ӨНІМНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТ ПАРАҚШАСЫ МЕН АҚПАРАТЫ ЕО 65-66/2014
Жабдықтаушының атауы Zanussi
Үлгінің техникалық параметрлері
ZOB21301CR
ZOB21301LR
Қуат тиімділігі индексі 104.8
Қуат тиімділігі санаты A
Дәстүрлі режимдегі стандартты жүктеме үшін
пайдаланылатын қуат
0.89кВт-сағ/цикл
19
Желдеткіш қосылатын режимде стандартты
жүктемені есепке алған кездегі пайдаланылатын қуат
мөлшері
0.88кВт-сағ/цикл
Камералар саны 1
Жылу көзі Электртоғы
Дыбысы 68 l
Тұмшапештің түрі Кіріктірілген тұмшапеш
Салмағы
ZOB21301CR 27.2 кг
ZOB21301LR 26.9 кг
EN 60350-1 - Тұрмыстық тағам пісіретін электр
құрылғылары - 1-ші бөлім: Бұған жататындар:
тұмшапештер, бу пештері және гриль
құрылғылары - жұмыс қарқынын өлшеу
тәсілдері.
ҚУАТ ҮНЕМДЕУ
Құрылғының күнделікті тамақ пісіру
кезінде қуат үнемдеуге
көмектесетін мүмкіндіктері бар.
Жалпылама кеңес
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда тұмшапеш
есігінің жабық тұрғанына көз жеткізіңіз және
тағам пісіріп жатқанда есікті мүмкіндігінше
ашпауға тырысыңыз.
Қуатты үнемдеуді жақсарту үшін темір
ыдыстарды пайдаланыңыз.
Егер мүмкін болса, тағамды салмай тұрып
пешті алдын ала қыздырмаңыз.
Пісіретін уақыт 30 минуттан көп болғанда,
пісіру уақыты аяқталмай тұрып, пісіру
уақытының ұзақтығына байланысты пеш
температурасын 3-10 минутқа азайтыңыз.
Тұмшапештің ішіндегі қалдық қызу тағам
пісіруді жалғастыра береді.
Басқа тағамдарды жылыту үшін қалдық
қызуды пайдаланыңыз.
Желдеткішпен пісіру
Егер мүмкін болса, қуатты үнемдеу үшін
желдеткіші бар пісіру функцияларын
пайдаланыңыз.
Тағамды жылы ұстау
Қалдық қызуды таңдап, тағамды жылы ұстау
үшін ең төменгі ықтимал температураны
таңдаңыз.
ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫСТЫ ЖАҒДАЙЛАР
Белгі салынған материалдарды қайта
өңдеуден өткізуге тапсырыңыз. Орам
материалдарын қайта өңдеуден өткізу үшін
тиісті контейнерлерге салыңыз. Электрлік
және электроникалық құрылғылардың
қалдығын қайта өңдеуден өткізу арқылы,
қоршаған ортаға және адамның денсаулығына
зиын келтіретін жағдайларға жол бермеуге өз
үлесіңізді қосыңыз. Белгі салынған
құрылғыларды тұрмыстық қалдықтармен бірге
тастамаңыз. Өнімді жергілікті қайта өңдеу
орталығына өткізіңіз немесе жергілікті
мекемеге хабарласыңыз.
20
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44

Zanussi ZOB21301LR Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя
Это руководство также подходит для

Задайте вопрос, и я найду ответ в документе

Поиск информации в документе стал проще с помощью ИИ