5.4 EnergySaver
Бұл функция соңғы шаю циклының
температурасын азайтады.
Осы функцияны пайдаланған кезде қуат
мөлшері (25% пайызға дейін) азайып,
бағдарламаның уақыты қысқарады.
Бағдарламаның соңында ыдыстар дымқыл
болуы мүмкін.
EnergySaver функциясын іске қосу
1. EnergySaver түймешігін басыңыз. Тиісті
индикатор жанады. Бейнебетте
бағдарлама ұзақтығының мәні
жаңартылып көрсетіледі.
• Егер бұл параметр бағдарламада
жұмыс істемесе, тиісті индикатор 3 рет
жылдам жыпылықтайды да, содан кейін
сөнеді.
5.5 Дыбыстық сигналдар
Құрылғыда ақау пайда болған кезде немесе
су жұмсартқыштың деңгейін реттеген кезде
дыбыстық сигнал естіледі. Бұл дыбыстық
сигналдарды өшіріп қоюға болады.
Бағдарлама аяқталған кезде де дыбыстық
сигнал естіледі. Әдетте бұл дыбыстық сигнал
сөніп тұрады, бірақ оны қосуға болады.
Бағдарлама аяқталған кезде естілетін
дыбыстық сигналды қалай қосуға болады
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру
түймешігін басыңыз. Құрылғының
параметрлерді орнату режимінде
тұрғанына көз жеткізіңіз, "Бағдарламаны
орнату және бастау" тарауын қараңыз.
2. Program және MyFavourite түймешігін
Delay, Program, MyFavourite және
TimeSaver индикаторлары жыпылықтай
бастағанша бірге басып ұстап тұрыңыз.
3. MyFavourite түймешігін басыңыз.
• Delay, Program және TimeSaver
индикаторлары сөнеді.
• MyFavourite индикаторы жыпылықтауын
жалғастырады.
• Бейнебетте ағымдық параметр
көрсетіледі.
Дыбыстық сигнал қосулы.
Дыбыстық сигнал сөндірулі.
4. Параметрді өзгерту үшін MyFavourite
түймешігін басыңыз.
5. Құрылғыны сөндіру және параметрді
растау үшін қосу/сөндіру түймешігін
басыңыз.
5.6 TimeBeam түсін қалай орнатуға
болады
TimeBeam түсін ас үй еденінің түсімен түстес
ету үшін өзгертуге болады. 9 әр түрлі түс бар.
Сондай-ақ, TimeBeam құралын сөндіріп қоюға
да болады.
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру
түймешігін басыңыз. Құрылғының
параметрлерді орнату режимінде
тұрғанына көз жеткізіңіз, "Бағдарламаны
орнату және бастау" тарауын қараңыз.
2. Program және MyFavourite түймешігін
Delay, Program, MyFavourite және
TimeSaver индикаторлары жыпылықтай
бастағанша бірге басып ұстап тұрыңыз.
3. TimeSaver түймешігін басыңыз.
• Delay, Program және MyFavourite
индикаторлары сөнеді.
• Timesaver индикаторы жыпылықтауын
жалғастырады.
• Бейнебетте сан және C әрпі
көрсетіледі. Әр сан басқа түсті
көрсетеді (0C = TimeBeam сөндірілген).
4. Түсті таңдау үшін TimeSaver түймешігін
қайта-қайта басып, түс мәзірлерін
шарлаңыз. Ас үй еденінің үстінде әр түрлі
түстер көрсетіледі.
5. Құрылғыны сөндіру және параметрді
растау үшін қосу/сөндіру түймешігін
басыңыз.
6. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
1. Су жұмсартқыштың қойылған деңгейі
тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне
сай келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе,
су жұмсартқыштың деңгейін реттеңіз.
Тұратын жеріңіздегі судың кермектігін,
жергілікті сумен жабдықтау мекемесіне
хабарласып біліңіз.
2. Тұз сауытын толтырыңыз.
3. Шайғыш зат үлестіргішін толтырыңыз.
ҚАЗАҚ 9