XtraPower функциясын іске қосу
1. Option түймешігін XtraPower индикаторы
жанғанша басыңыз. Бейнебетте
бағдарлама ұзақтығының мәні
жаңартылып көрсетіледі.
• Егер бұл параметр бағдарламада
жұмыс істемесе, тиісті индикатор
жанбайды.
5.5 Multitab
Бұл параметрді аралас жуғыш таблеткаларды
қолданғанда ғана іске қосыңыз.
Бұл параметр шайғыш зат пен тұзды ағызбай
тоқтатады. Тиісті индикаторлар сөніп тұрады.
Бағдарламаның уақыты ұзарады.
Multitab функциясын іске қосу
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру
түймешігін басыңыз.
2. Option түймешігін Multitab индикаторы
жанғанша басыңыз.
Параметр сөндіргенше қосулы тұрады. Option
түймешігін Multitab индикаторы сөнгенше
басыңыз.
Егер аралас таблетканы қолдануды
тоқтатсаңыз, жуғыш зат, шайғыш зат мен
ыдыс жуғыш тұзды жеке-жеке қолданар
алдында мына қадамдарды орындаңыз:
1. Multitab функциясын ажыратыңыз.
2. Су жұмсартқышты ең үлкен мәнге
қойыңыз.
3. Тұз сауыты мен шайғыш зат үлестіргішінің
толы екеніне көз жеткізіңіз.
4. Шаю циклы бар ең қысқа жуу
бағдарламасын, жуғыш зат қолданбай
және ыдыс салмай орындаңыз.
5. Су жұмсартқышты өзіңіз тұратын жердегі
судың кермектігіне лайықтап қойыңыз.
6. Шайғыш заттың қосылатын мөлшерін
реттеңіз.
5.6 Дыбыстық сигналдар
Құрылғыда ақау пайда болған кезде
дыбыстық сигналдар қосылады. Бұл
дыбыстық сигналдарды өшіріп қоюға болады.
Бағдарлама аяқталған кезде де дыбыстық
сигнал естіледі. Әдетте бұл дыбыстық сигнал
сөніп тұрады, бірақ оны қосуға болады.
Бағдарлама аяқталған кезде естілетін
дыбыстық сигналды қалай қосуға болады
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру
түймешігін басыңыз.
2. Reset түймешігін бірнеше секунд басыңыз.
3. Delay және EnergySaver түймешіктерін
, және
индикаторлары жыпылықтай бастағанша
бірге басып ұстап тұрыңыз.
4. Delay түймешігін басыңыз,
•
және
индикаторлары сөнеді.
•
индикаторы жыпылықтауын
жалғастырады.
• Бейнебетте ағымдық параметр
көрсетіледі.
Дыбыстық сигнал қосулы
Дыбыстық сигнал сөндірулі
5. Параметрді өзгерту үшін Delay түймешігін
басыңыз.
6. Құрылғыны сөндіру және параметрді
растау үшін қосу/сөндіру түймешігін
басыңыз.
6. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
1. Су жұмсартқыштың қойылған деңгейі
тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне
сай келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе,
су жұмсартқыштың деңгейін реттеңіз.
Тұратын жеріңіздегі судың кермектігін,
жергілікті сумен жабдықтау мекемесіне
хабарласып біліңіз.
2. Тұз сауытын толтырыңыз.
3. Шайғыш зат үлестіргішін толтырыңыз.
4. Су құятын шүмекті ашыңыз.
5. Құрылғыда өндіру үрдісінің қалдықтары
қалуы мүмкін. Оларды тазалау үшін
бағдарламаны бастаңыз. Жуғыш затты
қолданбаңыз және себеттерді
толтырмаңыз.
Егер аралас жуғыш таблеткаларды
қолдансаңыз, Multitab функциясын
қосыңыз.
10
www.electrolux.com