EHG6341FOK

Electrolux EHG6341FOK Руководство пользователя

  • Привет! Я прочитал руководство пользователя для индукционной варочной панели Electrolux EHG6341FOK и готов ответить на ваши вопросы. В руководстве описаны функции, такие как индукционный нагрев, сенсорное управление, таймер и блокировка от детей, а также даны советы по уходу и устранению неполадок. Спрашивайте!
  • Как включить и выключить варочную панель?
    Что делать, если на панели управления появились капли воды или жира?
    Как использовать таймер?
    Что означает индикатор остаточного тепла?
    Как активировать функцию блокировки от детей?
МАЗМҰНЫ
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 19
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 20
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 22
4. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 24
5. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 26
6. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 28
7. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 29
8. ОРНАТУ ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛАР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 30
9. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 32
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойғы кәсіби тәжірибе мен
инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық
бұл құрылғыны жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын тамаша нәтижеге
қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет көрсету туралы ақпарат:
www.electrolux.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.electrolux.com/productregistration
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және фирмалық қосалқы
бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА КӨМЕК, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын қамтамасыз етіңіз.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан табуға болады. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі
Ескерту / Абайлаңыз - Қауіпсіздік туралы маңызды мағлұмат.
Жалпы мағлұматтар менен кеңестер
Қорғаған ортаға зиян келдірмей пайдалану туралы нұсқаулар
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
18
www.electrolux.com
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген
нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны дұрыс
орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам жарақат
алса және ақаулық орын алса өндіруші жауапты емес.
Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі
Назарыңызда болсын!
Тұншығып қалу, жарақат алуы немесе мүгедек болып
қалу қаупі бар.
Бұл құрылғыны 8 жасқа толған және одан асқан балалар
және кемтар, сезім немесе ой-қабілетіне нұқсан келген
адамдар немесе тәжірибесі немесе білімі аз адамдар, өз
қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның бақылауында
болса пайдалана алады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Орам материалдарының барлығын балалардан алыс
ұстаңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып тұрғанда,
балалар мен үй жануарларын оған жақындатпаңыз.
Қолжетімді бөлшектері ыстық болады.
Егер құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен жабдықталса,
оны іске қосуды ұсынаыз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын басқаның
бақылауынсыз орындамауға тиіс.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Құрылғы мен оның қол жететін жердегі бөлшектері қолдану
барысында ысып тұрады. Қыздырғыш элементтерін
ұстамаңыз.
Құрылғыны сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан
басқару жүйесімен басқармаңыз.
Май немесе өсімдік майы қосылған тағамды пештің үстіне
қараусыз қалдыру қауіпті және өрт шығуы мүмкін.
ҚАЗАҚ 19
Өртті ешқашан сумен сөндіруге әрекет жасамаңыз, бұндай
жағдайда құрылғыны сөндіріп, содан кейін жалынды қақпақ
немесе өрт басқыш көрпе тәрізді затпен жабыңыз.
Пісіру алаңына зат сақтамаңыз.
Құрылғыны бумен тазалайтын құралмен тазаламаңыз.
Пышақ, шанышқы, қасық және қақпақ тәрізді темір заттарды
пештің үстіне қоймаңыз, себебі ысып кетеді.
Егер шыны керамика бетке сызат түссе, электр қатері пайда
болмас үшін құрылғыны сөндіріңіз.
Пайдаланып болғаннан кейін пеш үстінің элементін, ыдыс
анықтағышқа сүйенбей, оның басқару тетігімен сөндіріңіз.
2.
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
Назарыңызда болсын!
Бұл құрылғыны тек білікті маман ғана
орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың,
заттардың арасындағы ең аз қашықтықты
сақтаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі абай
болыңыз, себебі салмағы ауыр. Әрқашан
қорғаныс қолғабын киіңіз.
Кесілген беттерге ылғал кіріп үлкейтіп
жібермес үшін тығыздағышпен бітеңіз.
Құрылғының астыңғы жағын бу мен
ылғалдан қорғаңыз.
Құрылғыны есікке жақын жерге терезенің
астына қоймаңыз. Бұл есік немесе терезе
ашылған кезде ыстық ыдыс құрылғыдан
құлап кетпеу үшін қажет.
Егер құрылғыны тартпалардың үстіне
орнатсаңыз, құрылғының астыңғы жағы
мен үстіңгі тартпаның арасында ауа
ауысып тұруға жеткілікті орын қалуын
қамтамасыз етіңіз.
Жұмыс алаңы мен оның астыңғы
жағындағы құрылғының алдыңғы жағында
2 мм ауа алмасып тұруға арналған
орынның болуын қамтамасыз етіңіз. Ауа
алмасып тұруға қажетті саңылаудың
жеткіліксіз болуына байланысты орын
алған ақауларға өндіруші жауапты емес.
•Құрылғының астыңғы жағы ысып кетеді.
Құрылғының астыңғы жағын қол жетпейтін
етіп бітеу үшін тұтанбайтын оқшаулағыш
панель орнатуды ұсынамыз.
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын!
Өрт шығу және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Электртоғына қосу жұмыстарының
барлығын білікті электрші ғана іске асыруға
тиіс.
Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау
қажет.
Қандай да бір жұмысты іске асырмай
тұрып, құрылғының электр желісінен
ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
Дұрыс электр сымын пайдаланыңыз.
Электр сымдарының оратылуына жол
бермеңіз.
Құрылғыны жақын тұрған розеткаға
жалғаған кезде электр сымы немесе ашасы
20
www.electrolux.com
(бар болса) ыстық құрылғыға немесе ыстық
ыдысқа тиіп кетпес үшін абай болыңыз
Құрылғының дұрыс орнатылғаныа көз
жеткізіңіз. Босап қалған және дұрыс
жалғанбаған электр сымы немесе ашасы
(бар болса) ағытпаны өте ысытып жіберуі
мүмкін.
Электр қатерінен сақтандыру құралының
орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Сымға деформацияға қарсы қапсырманы
пайдаланыңыз.
Құрылғының сымына немесе ашасына (бар
болса) зақым келтірмеу үшін абай
болыңыз. Зақым келген электр сымын
ауыстырту үшін қызмет көрсету
орталығына немесе электршіге
хабарласыңыз.
Электр жүйесі құрылғыны кез келген
полюсте ажыратуға мүмкіндік беретін
оқшаулағыш құралмен жабықталуға тиіс.
Оқшаулағыш құралдың контакт ара
қашықтығы кем дегенде 3 мм болуға тиіс.
Дұрыс оқшаулағыш құралдарды ғана
қолданыңыз. желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан
қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.
2.2 Қолданылуы
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу, күйіп қалу немесе
электр тоғының қатеріне ұшырау
қаупі бар.
Бұл тұрмыста қолдануға арналған құрылғы.
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
Құрылғыны басқару үшін сыртқы таймерді
немесе бөлек қашықтан басқару жүйесін
қолданбаңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны назардан
тыс қалдырмаңыз.
Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз немесе
суға тиіп тұрған құрылғыны
пайдаланбаңыз.
Пісіру алаңдарына ас құралдарын немесе
кәстрөлдердің қақпақтарын қоймаңыз.
Қызып кетуі мүмкін.
Пісіру алаңын қолданып болған сайын "off"
(сөндіру) қалпына қойыңыз. Ыдыс
анықтағышқа сенбеңіз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
Құрылғының бетіне сызат түссе, электр
қатеріне ұшырамас үшін оны тоқтан
ағытыңыз.
Кардиостимуляторы бар адамдар құрылғы
іске қосылып тұрған кезде индукциялық
пісіру алаңдарынан кем дегенде 30 см
алыс тұруға тиіс.
Назарыңызда болсын!
Өрт немесе жарылыс шығу қаупі бар.
Тоңмайларды немесе майды қыздырған
кезде тұтанғыш бу пайда болады. Тоңмайға
немесе майға тамақ пісірген кезде қызған
заттарды немесе оттың жалынын алыс
ұстаңыз.
Қатты қызған майдан бөлініп шығатын бу,
кенет жарылыстың орын алуына себеп
болады.
Құрамында тағам қалдықтары бар
қолданылған май, бірінші рет қолданылып
отырған майға қарағанда, төмен
температурада өрт пайда болуға әкелуі
мүмкін.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш
зат салынған дымқыл заттарды
құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне
қоймаңыз.
Өртті сумен сөндіруге әрекеттенбеңіз.
Құрылғыны ажыратып, жалынды қақпақпен
немесе көрпемен басыңыз.
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
Басқару панеліне ыстық ыдыс қоймаңыз.
Ыдысты ішіндегісі сарқылғанша
қайнатпаңыз.
Құрылғының үстіне заттарды немесе
ыдыстарды құлатып алмаңыз. Құрылғының
бетіне зақым келуі мүмкін.
Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып немесе
ешбір ыдыс қоймай іске қоспаңыз.
Құрылғының үстіне алюминий жұқалтыр
қоймаңыз.
Құйылған шойын, алюминий немесе астына
нұқсан келген ыдыстар шыны керамика
бетке сызат түсіруі мүмкін. Бұндай
заттарды құрылғының бетінде үнемі көтеріп
жылжыту керек.
ҚАЗАҚ 21
2.3 Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
Құрылғының қаптамасының сапасы түспес
үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және
буды қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш
заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе темір
заттарды пайдаланбаңыз.
2.4 Құрылғыны тастау
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу немесе тұншығып қалу
қаупі бар.
Құрылғыны қоқысқа дұрыс тастауға
қатысты ақпаратты жергілікті әкімшілік
мекемеге хабарласып алыңыз.
Құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
3.1 Жалпы көрінісі
3
5
1 2
4
210 mm
145 mm
145 mm
120/180 mm
1
Пісіру алаңы
2
Пісіру алаңы
3
Индукциялық пісіру алаңы
4
Басқару панелі
5
Индукциялық пісіру алаңы
3.2 Басқару панелінің көрінісі
1 2 4 5 3 6 7
91011 8
22
www.electrolux.com
Құрылғыны іске қосу үшін сенсорлық өрістерді пайдаланыңыз. Бейнебеттер, индикаторлар
мен дыбыстық сигналдар қай функциялардың жұмыс жасайтынын көрсетеді.
Сенсорлық өріс Функция
1
Құрылғыны іске қосуға және сөндіруге
арналған.
2
Басқару панелін құрсаулайды/құрсауын
ағытады.
3
/
Қызу параметрін көбейтуге немесе азайтуға
арналған.
4
Пісіру алаңы таймерінің
индикаторлары
Уақыттың қай пісіру алаңы үшін
орнатылғанын көрсетуге арналған.
5
Таймер бейнебеті Уақытты минут бойынша көрсетуге арналған.
6
Қызу параметрінің бейнебеті Қызу параметрін көрсетуге арналған.
7
Сыртқы шеңберді іске қосуға арналған.
8
Қуат функциясын қосуға арналған.
9
Пісіру алаңын таңдауға арналған.
10
/
Уақытты көбейтуге немесе азайтуға
арналған.
11
STOP+GO функциясын қосады және
сөндіреді.
3.3 Қызу параметрінің бейнебеттері
Бейнебет Сипаттама
Пісіру алаңы сөндірулі.
Жылы ұстау/STOP+GO функциясы іске қосылады.
- / -
Пісіру алаңы жұмыс істейді.
Автоматты түрде қыздыру функциясы жұмыс істейді.
Пісіру алаңына жарамсыз ыдыс немесе тым кішкене ыдыс
қойылған не ешбір ыдыс қойылмаған.
Ақаулық орын алды.
Пісіру алаңы әлі ыстық (қалдық қызу).
Қауіпсіздік құралы/Бала қауіпсіздігі функциясы жұмыс істейді.
Қуат функциясы жұмыс істейді.
Автоматты түрде ажыратқыш қосылады.
3.4 Қалдық қызу индикаторы
Назарыңызда болсын!
Суымаған пешке күйіп қалу қаупі
бар!
Индукциялық пісіру алаңдары тамақты
ыдыстың түбінен тура пісіру үшін қажетті
қызуды қамтамасыз етеді. Ыдыстағы қалдық
қызу пештің шыны керамикасын қыздырады.
ҚАЗАҚ 23
4. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
4.1 Қосу және сөндіру
Құрылғыны қосу немесе сөндіру үшін
белгісін 1 секунд басыңыз.
4.2 Автоматты түрде сөндіру
Функция құрылғыны төмендегі жағдайларда
автоматты түрде тоқтатады:
Пісіру алаңдарының барлығы өшсе (
).
Құрылғыны іске қосқан соң қызу параметрін
орнатпасаңыз.
Басқару панеліне бір нәрсе төгіліп қалса
немесе ол 10 секундтан артық (ыдыс, киім
т.с.с.) жабық қалса. Дыбыстық сигнал біраз
уақыт естіліп тұрады да, құрылғы сөнеді.
Заттарды алыңыз немесе басқару панелін
тазалаңыз.
Құрылғы қатты қызып кетсе (мысалы,
кәстрөлдің ішіндегісі сарқылғанша
қайнаса). Құрылғыны қайта қолданар
алдында пісіру алаңы салқын болуға тиіс.
Егер сай келмейтін ыдыс пайдаланылса.
белгісі жанып, пісіру алаңы 2 минуттан
кейін автоматты түрде сөнеді.
Пісіру алаңын тоқтатпасаңыз немесе қызу
параметрін өзгертпесеңіз. Шамалы
уақыттан кейін
жанады да, құрылғы
жұмысын тоқтатады. Келесі ақпаратты
қараңыз.
Қызу параметрі мен Автоматты түрде
сөндіру функциясы уақыттарының ара
қатынасы:
, - — 6 сағат
- — 5 сағат
— 4 сағат
- — 1.5 сағат
4.3 Қызу параметрі
Қызу параметрі мәнін көбейту үшін
белгісін түртіңіз. Қызу параметрі мәнін азайту
үшін
белгісін түртіңіз. Бейнебетте қыздыру
параметрі көрсетіледі. Пісіру алаңын сөндіру
үшін
және белгісін бір уақытта
басыңыз.
4.4 Сыртқы шеңберді қосу және
сөндіру
Шеңбердің бетін қолданылатын ыдыстың
өлшемдеріне сай келтіре аласыз.
Сыртқы шеңберді іске қосу үшін сенсорлық
өрісті
түртіңіз. Индикатор жанады.
Сыртқы шеңберді сөндіру үшін осы әрекетті
қайта орындаңыз. Индикатор сөнеді.
4.5 Автоматты түрде қыздыру
Автоматты түрде қыздыру функциясын
қоссаңыз, қызу параметрінің қажетті мәніне
жылдамырақ жетуге болады. Бұл функция
біраз уақыт (сызбаны қараңыз) қыздыру
параметрінің ең жоғары мәнін орнатады да,
содан кейін қажетті қыздыру параметріне
дейін түсіреді.
Автоматты түрде қыздыру функциясын бастау
үшін:
1.
түймешігін басыңыз. Бейнебетте
жанады.
2.
түймешігін бейнебетте жанғанша
қайта-қайта басыңыз.
3.
түймешігін қажетті қыздыру параметрі
көрсетілгенше дереу қайта-қайта
басыңыз. 3 секундтан кейін бейнебетте
жанады.
Функцияны тоқтату үшін
түймешігін
басыңыз.
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
0
123456789
4.6 Қуат функциясы
Қуат функциясы индукциялық пісіру
алаңдарына көп қуат береді. Қуат
функциясын шамалы ғана уақыт қосып қоюға
болады (Техникалық ақпарат тарауын
24
www.electrolux.com
қараңыз). Содан кейін индукциялық пісіру
алаңы автоматты түрде ең жоғары қызу
параметріне қойылады. Функцияны іске қосу
үшін
белгісін басыңыз, жанады.
Функцияны тоқтату үшін қызу параметрін
өзгертіңіз.
4.7 Қуатты басқару
Қуатты басқару жүйесі, қуатты жұптасып
тұрған екі пісіру алаңдарына бөліп таратады
(суретке қараңыз). Қуат функциясы жұпқа
кіретін пісіру алаңдарының бірінің қуатын
максимум деңгейге қояды. Екінші пісіру
алаңының қуаты автоматты түрде азаяды.
Қуаты азайған алаңның қуат параметрін
көрсететін бейнебеті екі деңгейді кезек-кезек
көрсетіп тұрады.
4.8 Таймер
Кері санақ таймері
Кері санақ таймерін қолданып пісіру алаңы
осы жолы қанша уақыт жұмыс істейтінін
көрсетіңіз.
Таймерді пісіру алаңын таңдағаннан кейін
орнатыңыз.
Қызу параметрін таймерді орнатпай тұрып
немесе орнатып болғаннан кейін
орнатуыңызға болады.
Пісіру алаңын орнату үшін:
түймешігін
қажетті пісіру алаңының индикаторы
жанғанша, қайта-қайта басыңыз.
Таймерд іске қосу немесе өзгерту үшін:
таймердің
немесе түймешігін басып
уақытты орнатыңыз (
00
-
99
минут).
Пісіру алаңының индикаторы баяу
жыпылықтай бастаған кезде, уақыт кері
санала бастайды.
Таймерді ажырату үшін: пісіру алаңын
арқылы орнатып, таймерді сөндіру үшін
белгісін түртіңіз. Қалған уақыт
00
дейін
кері саналады. Пісіру алаңының
индикаторы сөнеді.
Қалған уақытты қарау үшін: пісіру алаңын
арқылы орнатыңыз. Пісіру алаңының
индикаторы жылдам жыпылықтай
бастайды. Бейнебетте қалған уақыт
көрсетіледі.
Уақыт аяқталған кезде, дыбыстық сигнал
естіліп,
00
жыпылықтайды. Пісіру алаңы
сөндіріледі.
Дыбыстық сигналды тоқтату үшін: түртіңіз:
Минут операторы
Таймерді пісіру алаңдары жұмыс істемей
тұрған кезде Минут операторы ретінде
қолдануға болады.
түймешігін басыңыз.
Уақытты орнату үшін
немесе
түймешігін басыңыз. Уақыт аяқталған кезде,
дыбыстық сигнал естіліп
00
жыпылықтайды
Дыбыстық сигналды тоқтату үшін: түртіңіз:
4.9 STOP+GO
функциясы пісіру алаңдарының барлығын
ең төменгі қыздыру параметріне (
) қояды.
жұмыс істеп тұрғанда, қызу параметрін
өзгерте алмайсыз.
функциясы таймер функциясын
тоқтатпайды.
Осы функцияны іске қосу үшін
түймешігін басыңыз. белгісі жанады.
Осы функцияны ажырату үшін
түймешігін басыңыз. Алдында орнатылған
қызу параметрі жанады.
4.10 Құлып
Қыздыру алаңдары жұмыс істеген кезде
басқару панелін құрсаулауға болады, бірақ
құрсауланбайды. Ол қызу параметрінің
кездейсоқ өзгеруіне жол бермейді.
Әуелі қызу параметрін орнатыңыз.
Осы функцияны бастау үшін
белгішесін
түртіңіз.
белгісі 4 секундқа жанады.
Таймер қосулы күйде қалады.
Осы функцияны тоқтату үшін
белгішесін
түртіңіз. Алдында орнатылған қызу параметрі
жанады.
Құрылғыны тоқтатқан кезде, осы функция да
тоқтайды.
ҚАЗАҚ 25
4.11 Балалар қауіпсіздігі құралы
Бұл функция құрылғы кездейсоқ қосылып
кетуге жол бермейді.
Бала қауіпсіздігі құралын қосу үшін
Құрылғыны
көмегімен іске қосыңыз.
Қызу параметрлерін орнатпаңыз.
белгішесін 4 секунд басыңыз. белгісі
жанады.
Құрылғыны
арқылы сөндіріңіз.
Бала қауіпсіздігі құралын сөндіру үшін
Құрылғыны
көмегімен іске қосыңыз.
Қызу параметрлерін орнатпаңыз.
белгішесін 4 секунд басыңыз. белгісі
жанады.
Құрылғыны
арқылы сөндіріңіз.
Бала қауіпсіздігін сақтау құралын тек бір ғана
пісіру циклі үшін ажырату
Құрылғыны
арқылы іске қосыңыз.
белгісі жанады.
белгішесін 4 секунд басыңыз. Қызу
параметрін 10 секунд ішінде орнатыңыз.
Құрылғыны іске қосуыңызға болады.
Құрылғыны
арқылы сөндірген кезде,
Бала қауіпсіздігінің құралы қайта іске
қосылады.
5. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР
5.1 Ыдыс-аяқ
Ыдыс-аяққа қатысты ақпарат
Ыдыстың түбі барынша қалың әрі
мүмкіндігінше жайпақ болуға тиіс.
Эмальмен қапталған темірден және
алюминий немесе мыстан жасалған
ыдыстар шыны керамика беттің түсін
өзгертуі мүмкін.
ИНДУКЦИЯЛЫҚ ПІСІРУ АЛАҢДАРЫ
Индукциялық пісіру алаңдарында, электр-
магнитті өріс ыдыс ішінде жылдам қызу пайда
болдырады.
5.2 Индукциялық пісіру алаңдарына
арналған ыдыс-аяқ
Индукциялық пісіру алаңына дұрыс
ыдыс қойып пайдаланыңыз.
Ыдыс-аяқтың материалы
жарамды: шойын, темір, эмальмен
қапталған болат, тоттанбайтын темір,
табаны көп қабаттан тұратын ыдыс
(өндіруші тарапынан жарамдылығы
көрсетілген).
жарамсыз: алюминий, мыс, сары мыс,
шыны, керамика, фарфор.
Ыдыс индукциялық пісіру алаңына сай келеді,
егер ...
... жоғары қызу параметрі орнатылған пісіру
алаңына аз су қойылса, жылдам қайнап
кетеді.
... ыдыстың түбіне магнит жабысса.
Ыдыстың табаны барынша қалың,
барынша тегіс болуы керек.
Ыдыс-аяқтің өлшемдері: индукциялық пісіру
алаңдары, ыдыс түбінің өлшеміне белгілі бір
шамада автоматты түрде бейімделеді.
5.3 Ыдыс-аяқ
Ыдыс-аяққа қатысты ақпарат
Ыдыстың түбі барынша қалың әрі
мүмкіндігінше жайпақ болуға тиіс.
Эмальмен қапталған темірден және
алюминий немесе мыстан жасалған
ыдыстар шыны керамика беттің түсін
өзгертуі мүмкін.
5.4 Жұмыс кезіндегі шуыл
Егер
сыртылдаған дыбыс естісеңіз: ыдыс әр
түрлі материалдардан жасалған (көп
қатпарлы құрылма).
ысқырған дыбыс: бір немесе бірнеше пісіру
алаңдарын жоғары қуат деңгейлерінде
пайдаланғансыз және ыдыс әр түрлі
26
www.electrolux.com
материалдардан жасалған (көп қатпарлы
құрылма).
гуілдеу: жоғары қуат деңгейлерін
пайдаланғансыз.
шыртылдау: электр тоғы қосылып-
ажыратылады.
ысылдау, ызыңдау: желдеткіш жұмыс
істейді.
Бұл шуыл түрлері қалыпты жайт және
құрылғының ақаулығына жатпайды.
5.5 Қуат үнемдеу
Қуатты үнемдеу жолдары
Егер мүмкіндік болса, ыдысқа әрқашан
қақпақ жабыңыз.
Пісіру алаңын ыдысты үстіне қойғаннан
кейін ғана іске қосыңыз.
Тағамды жылы ұстау немесе жібіту үшін
қалдық қызуды пайдаланыңыз.
Пісіру алаңының тиімділігі
Пісіру алаңының тиімділігі ыдыстың
диаметріне байланысты. Диаметрі көрсетілген
ең кіші диаметрден кіші ыдыс, пісіру алаңынан
бөлінетін қуаттың бір бөлігін ғана қабылдай
алады. Ең кіші диаметр мәндерін Техникалық
ақпарат тарауынан қараңыз.
5.6 Тағам пісіру үлгілері
Қызу параметрі мен пісіру алаңының қуатты
тұтыну мәні өзара тура байланысты емес.
Қызу параметрінің мәнін көбейткен кезде,
пісіру алаңының қуатты тұтыну мәні
пропорциональды түрде көбеймейді.
Сондықтан да, орташа қызу параметрін
қолданатын пісіру алаңы, өз қуатының
жартысынан азын жұмсайды.
Кестедегі деректер жалпылама
нұсқау ретінде ғана берілген.
Қыз
у
пар
аме
трі
Пайдалану: Уақыт Ақыл-кеңес Қуат
шығысының
номинальды
мәні
1
Піскен тағамды жылы
күйде ұстау
қажетіне
орай
Ыдыстың қақпағын
жабыңыз
3 %
1 - 2 Голланд тұздығы,
балқытылған: сары май,
шоколад, желатин
5 - 25 мин Ара-тұра
араластырыңыз
3 – 5 %
1 - 2 Қойылту: шайқалған
омлет, піскен жұмыртқа
10 - 40 мин Қақпағын жауып пісіру
керек
3 – 5 %
2 - 3 Күріш және сүтке
пісірілген тағамдарды,
дайын тағамдарды
жылыту
25 - 50 мин Күріштен кем дегенде
екі есе артық су
қйыңыз, сүт тағамдарын
арасында
араластырыңыз
5 – 10 %
3 - 4 Буға піскен көкөніс,
балық, ет
20 - 45 мин Бірнеше ас қасық
сұйықтық қосыңыз
10 – 15 %
4 - 5 Буға піскен картоптар 20 - 60 мин 750 г картопқа ең көбі ¼
л су пайдаланыңыз
15 – 21 %
4 - 5 Көп мөлшердегі
тағамдар, бұқтырылған
тағамдар мен көже пісіру
60 - 150 мин 3 литрге дейін су және
құраластар
15 – 21 %
ҚАЗАҚ 27
Қыз
у
пар
аме
трі
Пайдалану: Уақыт Ақыл-кеңес Қуат
шығысының
номинальды
мәні
6 - 7 Сәл қуыру: эскалоп,
"кордон блё" бұзау еті,
риссоль, котлет, шұжық,
бауыр, майға қуырылған
ұн, жұмыртқа, құймақ,
бауырсақ
қажетіне
орай
Орта тұсында
аударыңыз
31 – 45 %
7 - 8 Қатты қуыру, қуырылған
картоп, қоң ет,
бифштекстер
5 - 15 мин Орта тұсында
аударыңыз
45 – 64 %
9 Суды қайнату, макарон пісіру, етті қызартып қуыру (гуляш,
бұқтырып пісіру), фри
100 %
Суды көп мөлшерде қайнатыңыз. Қуатты басқару функциясы іске
қосылады.
Индукциялық пісіру алаңдары дәстүрлі
пештерге қарағанда, жылдам пісіреді және
қуатты барынша үнемдейді.
Акриламидтер бойынша ақпарат
Өте маңызды! Ең соңғы ғылыми мәліметтерге
сәйкес, тағамды (әсіресе құрамында крахмал
бар) қуырған кезде, акриламидтер
денсаулыққа қатер төндіруі мүмкін.Сондықтан,
біз тағамды ең төмен температурада пісіруді
және тым қатты қуырмауды ұсынамыз.
6. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Құрылғыны әр пайдаланғаннан кейін тазалап
отырыңыз.
Ыдысты қолданғанда табаны әрқашан таза
болсын.
Шыны керамикаға түскен сызаттар
немесе қошқыл дақтар құрылғының
жұмысына ешқандай әсер етпейді.
Қоқысты тазалау үшін:
1.
Дереу тазалаңыз: балқыған
пластмасса, пластик фольга және қант
қосылған тағам. Дереу тазаламасаңыз,
құрылғыны бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
Шыныға арналған арнайы қырғышты
қолданыңыз. Қырғышты шыны бетке
сүйір бұрыш жасап қойып, жылжыту
арқылы тазалаңыз.
Құрылғы жеткілікті түрде суыған кезде
алыңыз:әк дақтары, су дақтары, май
дақтары, металдың жылтыраған
дақтары. Шыны керамикаға немесе
тоттанбайтын болатқа арналған
арнайы тазартқыш құралдарды
қолданыңыз.
2.
Құрылғыны дымқыл шүберекпен, шамалы
жуғыш зат қосып тазалаңыз.
3.
Соңында, құрылғыны таза шүберекпен
әбден құрғатыңыз.
28
www.electrolux.com
7. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Құрылғыны қосып, немесе
пайдалана алмайсыз.
Құрылғыны қайта іске
қосыңыз да, қызу
параметрін 10 секундтан аз
уақыт ішінде орнатыңыз.
Бір уақытта 2 немесе одан
да көп сенсорлық өрістерді
басып қойғансыз.
Бір ғана сенсорлық өрісті
басыңыз.
STOP+GO функциясы
жұмыс істейді.
"Күнделікті пайдалану"
тарауын қараңыз.
Басқару панеліне су немесе
май шашыраған.
Басқару панелін тазалаңыз.
Дыбыстық сигнал естіліп,
құрылғы сөнеді.
Құрылғы сөнген кезде
дыбыстық сигнал естіледі.
Бір немесе бірнеше
сенсорлық өріске зат
қойылған.
Сенсорлық өрістердегі
заттарды алыңыз.
Құрылғы сөнеді.
Сенсорлық өріске бір зат
қойылған.
Сенсорлық өрістегі затты
алыңыз.
Қалдық жылу индикаторы
жанбайды.
Пісіру алаңы ыстық емес,
себебі ол аз уақыт ғана
қосылып тұрған.
Егер пісіру алаңы
қызатындай ұзақ жұмыс
істесе, қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Автоматты қыздыру
функциясы іске
қосылмайды.
Пісіру алаңы ыстық. Пісіру алаңын әбден
салқындатып алыңыз.
Қызу параметрінің ең
жоғары мәні орнатылған.
Ең жоғары қызу
параметрінің қуаты,
автоматты түрде қыздыру
функциясының қуатымен
бірдей.
Қызу параметрін мәнінен
азайттыңыз.
Қызу параметрін бастап,
тек ғана жоғарылата беріңіз.
Екі қызу параметрі ауысып
көрсетіледі.
Қуатты басқару функцияы
іске қосылған.
"Қуатты басқару" тарауын
қараңыз.
Сыртқы шеңберді іске қоса
алмадыңыз.
Алдымен ішкі шеңберді іске
қосыңыз.
Сенсорлық өрістер қызып
кетеді.
Тым үлкен ыдыс
қолданылған немесе
ыдыстар басқару
құралдарына тым жақын
қойылған.
Қажет болса, үлкен
ыдыстарды артқы пісіру
алаңдарына қойыңыз.
жанады.
Автоматты түрде
ажыратқыш қосылады.
Құрылғыны ажыратыңыз да,
қайтадан іске қосыңыз.
ҚАЗАҚ 29
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
жанады.
Бала қауіпсіздігінің құралы
немесе Құлып функциясы
іске қосылады.
"Күнделікті пайдалану"
тарауын қараңыз.
жанады.
Пісіру алаңында ешқандай
ыдыс жоқ.
Пісіру алаңына ыдыс
қойыңыз.
Сай келетін ыдыс
қолданылмаған.
Дұрыс ыдысты
пайдаланыңыз.
Ыдыс түбінің диаметрі пісіру
алаңы үшін тым кішкене.
Ыдысты кішірек пісіру
алаңына қойыңыз.
және сан жанады.
Құрылғыда ақау бар. Құрылғыны электр желісінен
біраз уақыт ажырата
тұрыңыз. Сақтандырғышты
электр желісінен ағытып
қойыңыз. Қайта қосыңыз.
Егер
қайта көрініс берсе,
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
жанады
Құрылғыда ақау пайда
болды, себебі ыдыстың
ішіндегісі таусылғанша
қайнайды. Пісіру
алаңдарына арналған,
қатты қызып кетуден
сақтандыру функциясы мен
Автоматты түрде ажырату
функциясы іске қосылған.
Құрылғыны сөндіріңіз.
Ыстық ыдысты алыңыз.
Шамамен 30 секунд
өткеннен кейін пісіру
алаңын қайта іске қосыңыз.
Ақаулық ыдысқа
байланысты болса,
бейнебеттен ақаулыққа
қатысты жазу көрінбей
кетеді де, қалдық қызу
индикаторы жанған қалпы
тұрады. Ыдыс әбден
суығанша күтіңіз де,
ыдыстың осы құрылғыға сай
келетін-келмейтінін тексеру
үшін "Индукциялық пісіру
алаңына арналған ыдыс-
аяқ" тарауын қараңыз.
Егер жоғарыда берілген шешімдерді
қолданып ақаулықты түзете алмасаңыз,
дилеріңізге немесе қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз. Техникалық
ақпарат тақтайшасындағы деректерді, шыны
керамиканың үш саннан тұратын нөмірін,
(шынының бетіндегі бұрышта) және ақаулық
орын алғанда көрсетілген хабарды беріңіз.
Құрылғыны іске дұрыс қосқаныңызға көз
жеткізіңіз. Бұлай істемеген жағдайда, қызмет
көрсету орталығының технигі немесе дилер
көрсеткен қызмет, кепілдік мерзімі кезінде де
ақылы болуы мүмкін. Тұтынушыға қызмет
көрсетуге қатысты нұсқаулар мен кепілдік
шарттары кепілдік кітапшасында берілген.
8. ОРНАТУ ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛАР
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Орнату алдында
30
www.electrolux.com
Құрылғыны орнатуға кіріспей тұрып,
техникалық ақпарат тақтайшасында
көрсетілген келесі деректерді жазып алыңыз.
Техникалық ақпарат тақтайшасы құрылғы
корпусының астыңғы жағында орналасқан.
Үлгі ...........................
Құрылғының нөмірі (PNC) .............................
Сериялық нөмірі ....................
8.1 Кіріктірілген құрылғылар
Кіріктірілген құрылғыларды, аспапты дұрыс
қондырылған құрылғыларға және
стандартты талаптарға сай келетін жұмыс
беттеріне құрастырғаннан кейін ғана
пайдаланыңыз.
8.2 Қосылым сымы
Құрылғы электр қосылымы сымымен
жабдықталған.
Бүлінген қорек сымын арнайы сымға
(H05BB-F Tмакс. 90°C; немесе жоғары)
ауыстырыңыз. Жергілікті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
8.3 Құрастыру
min.
50mm
min.
500mm
min.
2mm
< 20 mm
min. 2 mm
A
B
A
12 mm
28 mm
38 mm
B
57 mm
41 mm
31 mm
min
30 mm
min. 500 mm
> 20 mm
min. 2 mm
A
B
A
12 mm
28 mm
38 mm
B
57 mm
41 mm
31 mm
min. 500 mm
490
+1
mm
560
+1
mm
R 5mm
55mm
min.
12 mm
min.
2 mm
ҚАЗАҚ 31
min.
38 mm
Егер қорғаныс қорабын қолдансаңыз
(қосымша керек-жарақ
1)
), алдыңғы жақтан 2
мм орын қалдыру және құрылғының тура
астында қорғаныс еденінің болуы қажет емес.
Егер құрылғыны тұмшапештің үстіне
орнатсаңыз, қорғағыш қорапты қолдана
алмайсыз.
1)
Керек-жарақ болып есептелетін қорғаныс қорабы кей елдерде берілмеуі мүмкін. Жергілікті
жабдықтаушыға хабарласыңыз.
9. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ
Modell EHG6341FOK Prod.Nr. 949 596 023 01
Typ 58 GAD DA AU 220 - 240 В 50 - 60 Гц
Induction 3.7 кВт Made in Germany
Ser.Nr. .......... 6.6 кВт
ELECTROLUX
Пісіру алаңдарының қуаты
Пісіру алаңы Номинальды
қуат (ең жоғары
қызу параметрі)
[Вт]
Қуат функциясы
қосылған [Вт]
Қуат
функциясының
макс. жұмыс
істеу уақыты
[мин]
Ыдыстың ең
кіші диаметрі
[мм]
Артқы оң жақ —
120 / 180 мм
700 / 1700 Вт
Алдыңғы оң жақ
— 145 мм
1400 Вт 2500 Вт 4 125
Артқы сол жақ
— 145 мм
1200 Вт
32
www.electrolux.com
Пісіру алаңы Номинальды
қуат (ең жоғары
қызу параметрі)
[Вт]
Қуат функциясы
қосылған [Вт]
Қуат
функциясының
макс. жұмыс
істеу уақыты
[мин]
Ыдыстың ең
кіші диаметрі
[мм]
Алдыңғы сол
жақ — 210 мм
2300 Вт 3700 Вт 10 180
Пісіру алаңдарының қуаты мен кестеде
көрсетілген қуат мәндерінің арасында сәл
айырмашылық болуы мүмкін. Ыдыстың
материалы мен өлшемдері пісіру алаңының
қуатына әсер етуі мүмкін.
10. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯН КЕЛДІРМЕУ ТУРАЛЫ
МАҒЛҰМАТТАР
Белгі
салынған материалдарды қайта
өңдеуден өткізуге тапсырыңыз. Орам
материалдарын қайта өңдеуден өткізу үшін
тиісті контейнерлерге салыңыз.
Электрлік және электроникалық
құрылғылардың қалдығын қайта өңдеуден
өткізу арқылы, қоршаған ортаға және
адамның денсаулығына зиын келтіретін
жағдайларға жол бермеуге өз үлесіңізді
қосыңыз. Белгі
салынған құрылғыларды
тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз.
Өнімді жергілікті қайта өңдеу орталығына
өткізіңіз немесе жергілікті мекемеге
хабарласыңыз.
ҚАЗАҚ 33
/