MT-1171
МТ-1171 230 V ~ 50 Hz
Room 701, 16 apt, Lane 165, Rainbow North Street , Ningbo, China
Made in China
WARRANTY DOES NOT COVER SUPPLIES (filters, ceramic and non-stick coating, rubber seals, etc.)
Production date is available in the serial number located on the identification sticker on the gift box and/or on sticker on the device. The serial number consists of 13 characters, the 4th and 5th characters
indicate the month, the 6th and 7th indicate the year of device production.
Producer may change the complete set, appearance, country of manufacture, warranty and technical characteristics of the model without notice. Please check when purchasing device.
KAZ ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Аспапты пайдаланар алдында осы нұсқаулықты мұқият оқыңыз және кейін анықтама алу үшін сақтап қойыңыз.
• Алғашқы қосу алдында бұйымның таңбалауында көрсетілген техникалық сиаттамалары жергілікті желіңіздегі электр қоректенуге сәйкес келетінін тексеріңіз.
• Тек тұрмыстық мақсатта пайдаланыңыз. Аспап өнеркәсіәпте қолдануға арналмаған.
• Желілік бауы зақымданған немесе басқа зақымдары бар аспапты пайдаланбаңыз.
• Желілік бау өткір шеттер мен ыстық беттерге тимеуін байқаңыз.
• Желілік бауды аспап корпусының айналасына орамаңыз, бұрамаңыз және тартпаңыз.
• Аспапты қоректену желісінен ажыратқанда желілік бауды тартпай, тек ашадан ұстаңыз.
• Аспапты өз бетімен жөндеуге тырыспаңыз. Ақау туындаған жағдайда жақын орналасқан сервистік орталыққа жолығыңыз.
• Кеңес берілмеген қосымша керек-жарақты пайдалансаңыз, қауіп төнуі немесе аспап зақымдануы мүмкін.
• Аспапты тазалау алдында және оны пайдаланбасаңыз ылғи электр желіден ажыратыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Аспапты су толған ванна, раковина немесе басқа ыдыстардың қасында пайдаланбаңыз.
• Электр тоқ соқпау және тұтанбау үшін аспапты суға немесе басқа сұйықтыққа батырмаңыз. Егер бұл бола қалса, оны бірден электр желіден ажыратып,
тексеру үшін сервистік орталыққа жолығыңыз.
• Аспап физикалық және психикалық шектеулері бар, осы аспапты пайдалану тәжірибесі жоқ адамдармен (соның ішінде балалармен) пайдаланылуға
арналмаған. Бұл жағдайда пайдаланушыны оның қауіпсіздігіне жауап беретін адам алдын ала үйрету керек.
• Бу саптамасында жиналуы мүмкін ыстық су тамшылары бар түйісу қаупінің алдын алу үшін әр пайдаланар алдында, оны өзіңізге қаратып ұстап құрылғыны
тексеріп отырыңыз. Беттерді тек тік қозғалыстармен бумен өңдеңіз (жоғары-төмен). Ешқашан бу саптамасын көлденең күйінде қолданбаңыз және оны
артымен алдыға бұрмаңыз, бұл судың ағуына және күйікке әкеліп соқтыруы мүмкін.
• Ешқашан буды адамдар немесе жануарларға бағыттамаңыз. Ешқашан бу ағынын адамдарға киілген киімді өңдеу үшін пайдаланбаңыз.
• Құрылғы жұмысы кезінде бу шлангын ажыратуға тырыспаңыз, бұл күйікке шалдыруы мүмкін.
• Аспапты электр құрылғыларды, мысалы духовкілер, электр плиталар, тартқыш аспалар, шағын толқынды пештер, теледидарлар, шамдар, фендер, электр
жылытқыштар мен басқаларды тазалау үшін қолдануға болмайды.
• Су резервуарын толтырар немесе босатар алдында аспапты электр желісінен ажыратыңыз
• Аспапты көтермеңіз және бу шлангынан тартпаңыз
• Су резервуарына жуу/тазалау құралдарын қоспаңыз, содан кейін қайтадан құрылғыға салыңыз
АЛҒАШ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА
• Аспапты орамынан шығарып, барлық жапсырманы алып тастаңыз.
• Таразыларды матамен жуып тазала