- Құралдарды тек 5-35 °C температурада зарядтауға, қолдануға
және сақтауға болады.
- Тек берілген қосалқы құралдарды пайдаланыңыз.
- Құрылғылар мен қосалқы құралдарды қолданар алдында әрдайым
тексеріңіз. Құрылғылар немесе олардың қандай да бір бөлшектері
зақымданса, оларды пайдаланбаңыз, себебі бұл жарақаттауы
мүмкін. зақымданған бөлшектерді түпнұсқа түрімен ауыстырыңыз.
- Сумен шайған кезде электр ұстараның төменгі жағындағы
тесіктен су ағуы мүмкін. Бұл — қалыпты жағдай және қауіпті емес,
себебі бүкіл электрондық бөлшектер электр ұстараның ішіндегі су
өткізбейтін қуат бөлігінде орналасқан.
- RQ12xx сериясы: Шу деңгейі: Lc = 65 дБ [A]
- RQ11xx сериясы: Шу деңгейі: Lc = 67 дБ [A]
- Сақал стайлері қосымшасын тек беттегі түкті (сақал, мұрт және
жақ сақалы) түзету үшін қолданыңыз. Оны мойыннан төмен дене
мүшелеріндегі түктерді түзету үшін қолданбаңыз.
- Сақал стайлері қосымшасын тек мына ұстара түрлерімен бірге
қолданыңыз: RQ12xx, RQ11xx, RQ10xx.
- Сақал стайлері қосымшасы ыдыс жуғышта жууға жарамайды.
- Сақал стайлері қосымшасы зақымданса, оны қолданбаңыз.
- Jet Clean жүйесін суға батырмаңыз.
- Jet Clean жүйесін тек түпнұсқа HQ200 тазалау сұйықтығымен
қолданыңыз.
- Сұйықтықтың ағып кетуін болдырмау үшін, Jet Clean жүйесін тек
тұрақты, тегіс және көлденең бетке қойыңыз.
- 15 күн сайын тазалау орнының ішін босатып, ыстық ағынды сумен
шаю арқылы жақсылап тазалап тұрыңыз.
30