13
4. АСПАПТЫ БАСҚАРУ
ҚОЛМЕН ІСКЕ ҚОСУ ФУНКЦИЯСЫ
Егер қашықтан басқару тетігі жоғалып қалса немесе батареялары
отырып қалса, Сіз қолмен іске қосу батырмасын қолдана аласыз.
Ол үшін ішкі блоктың алдыңғы панелін көтеріңіз және қолмен іске
қосу батырмасын (3) қысқаша уақытқа басасыз. Сплит-жүйе ав-
томатты режимде (AUTO) жұмыс істей бастайды. Қолмен іске қосу
батырмасын қайтадан басқан кезде, аспап сөндіріледі.
ҚБТ ПАЙДАЛАНУ
1. «ҚОСУ/ӨШІРУ» БАТЫРМАСЫ (ON/OFF)
Бұл батырманы басқанда кондиционер қосылып, тетіктің
дисплейінде ON ин дикаторы жанады, қайта бас қан кезде кондици-
онер айырылып, те тік дисплейінде OFF индикаторы жар қыл дайды.
Конди ционерді қосқан кезде ал дыңғы жұмыс реттемелері орнаты-
лады.
2. «СКОРОСТЬ» (ЖЫЛДАМДЫҒЫ) БАТЫРМАСЫ (SPEED)
Батырманы басқан сайын ішкі блоктың желдеткішінің айналу
жылдамдығы (шы ғат ын ауаның жылдамдығы) келе сідей түр-
де өзгереді: «Автоматты» / «Төмен» / «Ор таша» / «Жоғары». Тетік
дис плейінде жел деткіштің тиісті жылдамдығының инди кациясы
жар қылдайды: AUTO («Автоматты»), LOW («Төмен»), MID («Орта-
ша»), HIGH («Жоғары»). Автоматты түрде қой ылатын желдеткіш
жылдамдығы берілген мақсаттық температура мен қоршаған ауа
температурасының ара лығындағы айыр маға тәуелді. Желдету
режимінде жел деткіштің автоматты жылдамдығына қой ылмайды.
3. «ЖАЛЮЗИ» (ЖАЛЮЗИ БАҒЫТЫ) БАТЫРМАСЫ (SWING)
Батырманы басқан кезде шығатын ауаның бағытын тігінен
өзгертетін ішкі блоктың көлденең жалюзиінің тербелісі туындап,
тетік дисплейінде SWING инди каторы жарқылдайды. Жалюзи қа-
жет ті орнына орныққанша күтіп, тер белі сті тоқтату үшін батырманы
қайта басы ңыз.
Жалюзиде конденсат түзілуіне жол бермес үшін, ауа ағынының
салқындату жә не құрғату режимдерінде төмен қарай ұзақ
бағытталуына жол бермеу керек. Жалюзи бұзылып қалмас үшін,
оның қалпын қолмен реттемелеуге болмайды.
4. «ТУРБО» (ТУРБОРЕЖИМ) БАТЫРМАСЫ (TURBO)
Кондиционердің салқындату немесе жылыту режимдеріндегі
жұмысы кезінде ба тыр маны басқанда кондиционердің қар қынды
жұмыс режимі қосылады. Ішкі блок тың желдеткіші белгіленген
мақсаттық тем ператураға тез жетуі үшін, бөлмежайды мейлінше тез
салқындату немесе жылытуды қамтамасыз ете отырып, ең үлкен
жылдамдықпен айналған кезде, тетік дис плейінде TURBO инди-
каторы жанып тұ рады. Жұмыс режим дерін ауыстырғанда, жел-
деткіштің айналу жылдамдығы өзгер генде немесе TURBO батырма-
сы қайта басылғанда, қар қынды жұмыс режимі өшіріледі.
5. «ТАЙМЕР» БАТЫРМАСЫ (TIMER)
Кондиционерді қосу таймерін (TIMER ON) реттемелеу Қашықтан
басқару тетігі өшірілген кезде ТІMER батырмасын басу арқылы
кондиционерді қосу таймері қо сылып, дисплейде TIMER ON инди-
каторы және таймер уақыты жарқылдап көрінеді. Уақыт белгілеу
диапазоны 0,5 са ғаттан (30 минут) 24 сағатқа дейін. Кон диционерді
қосу таймерінің тиісті уақы тын реттемелеу үшін, жоғары/төмен
батырмаларын басыңыз. Бұл батырмаларды басқан сайын уақыт
0,5 сағатқа (30 минутқа) ұлғаяды немесе азаяды. Таймер мәні 10
сағатқа жеткен кезде, бұл батырмаларды басқан сайын уақыт 1
сағатқа ұлғаяды немесе азаяды. Кондиционерді қосу таймерін іске
қосу үшін TIMER батырмасын қайта басыңыз. Тетік дисплейінде
таймер бойынша қосыл ғаннан кейін кондиционердің жұ мы сының
реттемелерін көрсетіледі. Қа жет болғанда, оларды өзгертуге бола-
ды. Берілген уақыттан соң кондиционер берілген реттемелерімен
автомат ты түрде қосылады. Кондиционерді өші ру таймерін (TIMER
OFF) реттемелеу Қашықтан басқару тетігі қосулы кезде TIMER ба-
тырмасын басқанда конди ционерді өшіру таймері қосылып, дис-
плейде TIMER OFF индикаторы және таймер уақыты көрсетіледі.
Уақыт бел гілеу диапазоны 0,5 сағаттан (30 минут) 24 сағатқа дейін.
Кондиционерді қосу таймерінің тиісті уақытын реттемелегеннен
кейін, «Жоғары/төмен» батырмаларын басыңыз. Бұл батырмаларды
басқан сайын уақыт 0,5 сағатқа (30 минутқа) ұлғаяды немесе азая-
ды. Таймер мәні 10 сағатқа жеткен кезде, бұл батырмаларды басқан
сайын уақыт 1 сағатқа ұлғаяды немесе азаяды. Кондиционерді
өшіру таймерін белсендіру үшін TIMER батырмасын қайта басыңыз.
Берілген уақыт тан соң кондиционер автоматты түрде өшіріледі.
6. «МОИ НАСТРОЙКИ» (СҮЙІКТІ РЕТТЕМЕЛЕР) БАТЫРМАСЫ (IFAVOR)
Кондиционердің жұмысы кезінде бұл батырманы басу арқылы
пайдаланушының алдын-ала орнатқан жұмыс реттемелері күшіне
еніп, тетік дисплейінде iFAVOR индикаторы жарқылдайды. Батыр-
маны қай та басқан кезде осы режим қо сыл ғанға дейін берілген
реттемелер қай тарылады.
Жұмыстың пайдаланушылық реттеме ле рін беру үшін, алдымен та-
лап етілетін па ра метрлердің мәндерін орнатып, iFAVOR батырмасын
3 секундтан артық ұс тап тұ ру қажет. Пайдаланушылық ре жимнің
пара метрлерін жазу тетік дис плейінде iFAVOR индикаторының үш
мәрте жар қылдауымен расталады.
7. IFEEL БАТЫРМАСЫ (ROOM)
Батырманы басу кондиционердің өнім ділігін қашықтан басқару
тетігінің ішіне кі рі ктірілген температура хабаршысы бой ынша реттеу
режимін қосады. Тетік дисплейі ROOM индикаторымен бірге тетіктің
орналасқан жерінде ауа ның бөлме температурасының мәнін көр-
сетеді. Кондиционер өшірілген немесе батырма қайта басылған
жағдайда, режим өшіріледі.
8. SMART БАТЫРМАСЫ (HEALTH)
«Денсаулық» режимі қосылған кезде сплит-жүйе қоршаған орта
темпера тура сына қарай, автоматты түрде сал қындату немесе жы-
лыту режимінде жұмыс істеуді бастап, бөлмежай ішінде пайдалану-
шы үшін қолайлы жағдайлар туғызады.
9. «СОН» (ҰЙҚЫ) БАТЫРМАСЫ (SLEEP)
Түнгі жұмыс режимі батырмасы басылған кезде тетік дисплейінде
SLEEP индикаторы жарқылдап, ал ішкі блоктың сыр тқы панеліндегі
дисплей өшіп қала ды. Бұл режимде ішкі блок жел деткіші тө мен
жылдамдықпен айналып, ал кондиционерде қолданылатын темпе-
ратура келесідей түрде өзгереді.
10. «ОЧИСТКА» (ТАЗАРТУ) БАТЫРМАСЫ (ICLEAN)
Кондиционер өшірулі кезде батырманы басқанда, ішкі блокты та-
зарту режимі қосылып, тетік дисплейінде iCLEAN индикаторы мен CL
символдары жарқылдап көрініп, ішкі блоктың сыртқы панеліндегі
дисплейде CL сим волдары көрінеді. Тазарту блоктың буландырғышы
мен ішкі қуыстарының бетіндегі ылғалды кетіру үшін қажет.
Ылғалды кетіру бактериялардың пайда болып, өсуінің, сондай-
ақ блок ішінде көгістің түзілуінің алдын алады. Тазарту режимінің
ұзақтығы 35 минутқа созылады. Кондиционерді өшіргенде немесе
батырманы қайта басқанда режимі айрылып қалады.
11. «ОЧИСТКА+» (ТАЗАРТУ) БАТЫРМАСЫ (ANTI-FUNGUS)
Қашықтан басқару тетігі мен кондиционер өшірулі кезде батыр-
маны басу кондиционер өшірілгеннен кейін ішкі блокты автоматты
үрлеу режимін қосып, тетік дисплейінде Anti-FUNGUS индикаторы
жарқылдайды. Режимнің қосылғаны пәр мендердің қабылданғанын
растайтын алғашқы бес сигналдан соң шығатын ды быстық сигнал-
дар сериясымен расталады. Бұл функция белсендірілгенде, кон-
диционер әр қосылған сайын ол айырылып қалғанға дейін, ішкі
блоктың жел деткіші қосымша үш минут бойы тө мен жылдамдықпен
жұмыс істейді.